ВЕРНУТЬСЯ

Енді сөзбен шаршатпай

Хайуанаттар қақында,

- Бір микроб моншақтай

Көрдім,- деді ол жақында.

- Алма аузыңа ондайды! -

Деді кейіп Кәрібай,-

Бір микроб болмайды,

Моншақ түгіл тарыдай!

- Сенбеді деп сөзіме,-

Деді Бөсер,- мен сөкпен.

Моншақтай ғып көзіме

Микроскоп көрсеткен!