ВЕРНУТЬСЯ

    Қайраулы ма?
Түгел ме 
Қырдың
қару-жарағы?
Қай патша да бұл
елге
Қаһарлана қарады.
Жігіттері жұлқынып,
Жесірлері
сыңсыды.
Сырым болып
сілкініп,
Сосын біраз
тыншыды.
Дегендейін:
Кеңірек
Келгендерге орын
бер!
Ойдағы қос
зеңбірек
Орал менен
Орынбор.
Тасқа тиіп
талабы,
Тағдырға бас иді
алап.
Алды патша даланы
Атанындай бұйдалап.
Ауды жылдар
азаппен,
Арман болып азат
күн.
Басты патша қазақпен
Ұйқы безін
қазақтың.
Қарусыз-ақ иілді
Кеуек басы
жаманның.
Жымпиты боп
түйілді
Жұдырығы
заманның.
Ақ патшаның жарлығын
Аттап өткен
оңбайды.
Басұрманның
барлығын
Шоқындырмай
болмайды!
Түсінгісі
келмесе,
Табу керек
бірдеңе.
Шоқынуға көнбесе,
Шірітеміз
түрмеде!
Тарпаң халық
жөнімен
Тағы да бір
ашынды.
Жымпитыға сонымен
Қызыл кірпіш
тасылды.
Кереметтің жақ шамын,
Керек болса
мүсіркеу...
Бар салғаны
патшаның:
Бір түрме мен Бір
шіркеу!