ВЕРНУТЬСЯ

 
   Не заңсыз өзі,  
Не заңды?
Алады сұрақ мазамды.
Жек көрем
сондай,
Жек көрем,
Жек көрем сондай
тозаңды!
Көненің басты қасабы
Уақыттан бәрі сасады.
Қолдарда жиі
жүрмесе,
Кітапты тозаң
басады.
Тіршілік қанша жасады?
Заманнан заман асады.
Мереке күтіп,
Тығылған
Туларды тозаң
басады.
Байлығың бекер тасады,
Байлық ол - өмір фасады.
Перғауын жатқан саркофак,
Оны да тозаң басады.
Түбіңе жетер мас
әні,
Паналай берме тасаны!
Қалғумен өткен
халықтың
Тарихын тозаң
басады.
Құя бер
мейлі бозанды.
Айтады боза өзі әнді.
Бозамен шая
алмайсың
Көңілді басқан
тозаңды!
Не заңсыз өзі,
Не заңды?
Алады әбден мазамды.
Ерте ме,
Кеш пе?
Басатын
Жек көрем сондай тозаңды!