ВЕРНУТЬСЯ

Өзге емес ел атаған Ақкетігім,Соны айтқанда басқа ой жапты есігін.Ақкетік уақыт өзі ойып салған,Басқа емес өзіңе сай сәтті есігің. Сұлулық еккен сенің келбетіңе,Көк теңіз бір бүйірде тербетіле,Талай асыл өзіңде күн кешіптіСәулесі түсер бүкіл жер бетіне. Айналайын Ақкетік келбетіңнен,Еңбегінен халқымның жерге сіңген.Бақ егіп көк майсалы айнаалғаСонымен  өзгелерден дербес іргең. Ақкетік Адайымның мекені бұл,Ал кәне тарихты жете ұғын.Зерделі Есбол-аға тұрғын болған,Жерлестер ұмытпас-ау бекем ұлын.Кітап жазған тарихи қаласына,Арнаған соны баланың баласына.Өткен өмір ертеңгі сара жол-деп.Құйып өткен солардың санасына. Білмедік кім келгенін сонда мұнда,Әміршілдер болған ғой соңдарында.Новопетровск атанса алғашындаЕсте ғой Форт-Александровск болғаны да. Білмедім қоса алам-деп өзге нені,Ол форттың рас көпке төзбегені.Тарасқа 125 жыл болған шақтаШевченко Форты болып өзгереді. Келеді басып бәрін Ақкетігім,Ақкетік деген сенің жақсы есімің.Тербелсін деймін сенің нақ төсіңдеАналар аялаған ақ бесігің.Дәл саған өкпелемес Тарас атам,Атты ғой жер бетінде жаңаша таң.Лүпіл қаққан  жүректер шырқасыншыКүй келген көңіл менен парасатты ән. Болмасын мәңгі есімдер солар ғайып,Мақтануға ісімен  болар ылайық.Орден алса Мұхан аға, НесібеліЕңбек ері Із-аға Оразбаев. Тітіркене қозғалып ой-арманда,Дүние алтын нұрға боялғанда,Сәуле шашып тұрмайма айналаға,«Ұйқыдағы аруы» оянғанда. Барлығы-барлығы бар сұрағаның,Майлығы, сулығы да бұл араның.Айналды өр еңбектің ортасынаСөзіндей Әбіш-аға Ғұламаның.Не болмады өлкеде бұрын мынау,Болса да бірде мұздақ, бірде қырау.Қырымның 40 ерін үзбей жырлап,Тауыса алмаған жер Мұрын жырау. Шебер қолды Зейнепті білесің бе?Сан өрнекті әшекей үлесінде.Серігі оның Тілеген Өрісбаев,Сәйгүліктер орден мен тұр есімде. Жарқырап жақындады қиядағы,Көп нәрсе құшағына сыя алады.Шат өмір, шалқар көңіл болған жерде,Көбеймей ме бақыттың ұялары. Айналаға қозғалыс жарсап ішкі,Шығармауға сыртқа түк жар салысты.Бүкіл әлем көз салып байлығына,Қызығын тамашалап тамсаныпты.Жыр еткен төскейіңде әнші бабам,Көрінеді қайың сапты қамшы маған.Уақыттың сабалаған ауыр сыны,Бақыттан бал ағызды тамшылаған. Ежелден әйгілі елге Ақкетігім,Келеді тербетумен Ақ бесігін.Төрің дайын,Төсегің салулы боп,Бұйырса деймін ылғи бақ несібің. Көк теңіз күндіз-түні иіскеген,Жағалау жазды өзіңе тиісті өлең.Ибаш-апа басшы боп бұл қаладаХалқына тіршілікте сый істеген. Жүретін еңбек десе дабыл қағып,Кететін мал соңынан «сан ұрланып»,Мемлекетік сыйлықтың иегеріЕл есінде Ер-аға Табылғанов.Туса егер топырағында арда құлын,Бағы бар-дейді ғой жұрт бармағының.Сенде бар Шахта атты орта мектепҰшырған Әбіш атты саңлақ ұлын. Аймағым айналайын кең мекенім,Сенемін еңбегімнің сенде екенін.Сенің күнің мәңгілік туып келеді,Жаңалық болмақ емес елде тегін. Ойласам көз алдымда тұрады олар,Жандай-ақ менен келіп сұрақ алар,Айқыш-ұйқыш кемелер жүзіп жүрген,Теңізде елестейді мұнаралар. Қаласы көз тартатын қарағанда,Өзгерген өзгеше пәк балаларда.Айнала жаңаша күй, жаңа ортаДейтіндей өлеңіңді маған арна.Таңырқайды, қарайды бар адамдар,Қабылданып жатқандай жаңа заңдар.Танысыңдар дегендей жаңа күнде,Бәрін көріп қуана аралаңдар. Форт-Шевченко атаған қалаларын,Ұмытпасын-деп кейін балаларым.Әлі де бізбен бірге Ұлы КобзарьСуретші, ақын ол дана дарын. Форт пенен Черкаск бауырластарБарғанмын кездескен-ді тәуір достар.Тілейміз бар жақсылық екі елге-деЗамандастар, таныстар, қауымдастар. Он бес жыл біз барғалы орманды елге,Көз тастап тамсанғанбыз қорған белге.Қонаққа шақырғанбыз таныстардыҰлы ақын ғұмыр кешіп болған жерге.Кез келді десек егер басты нықтар,Сен оған шашуыңды шаштырып қал.Шахталық Зейнолла бар, Жұмат та бар,Хайролла, Ләззат пен Жақсылықтар. Тұрғандар риза боп кеңдігіне,Ғажап-ау ақыл-парасат кеңдігі де.Серік пен Айкүмістің жүзі жарқын,Жел еседі айдарынан енді міне. Күн туды, жаңа кезең, жаңа заман,Ұл менен қызда туды жан анадан.ХХІ ғасырдың бастауы бұл,Жаңылғандай есептен санамаған. Үйімде отыр мадым ұйып менде,Сыйлығым осы болды сүйікті елге.Арайлы Ақкетікке ақ тілегімШырқай бер, биіктерден биіктергеШырқай бер, биіктерден биіктерге!