ВЕРНУТЬСЯ

Ақмаржан Таубаева - ақын, журналист. 1958 жылы туған.2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті - 2000» байқауы қорытындысы бойынша «Күміс күйме» жинағына кіргізілген.1983 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы.1958 ж.17 қараша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық аулында  дүниеге келген.1976-1979 жылы Орал педагогикалық училищесінде оқыған.1979-81 жылдары Қандық негізгі орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі.1985 жылы Орал пединститутын бітірген.1981-1990 жылдары  Ақжайық аудандық, облыстық  "Орал өңірі" газеттерінің қызметкері.1990-94 жылдары Алматы қаласындағы  Жоғары партия  мектебінің  тыңдаушысы. Қазақстан Жастар Одағында баспасөз хатшысы.1994-1996 жж. Алматы қаласы Бостандық аудандық "Қазақ тілі" қоғамының жауапты хатшысы.1994-1996, 1998-2001 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.  2002 жылдан  "Жайық ұстазы" газетінің  бас редакторы.1998 жылы "Нұр - апасы Жайықтың"2001 жылы "Жайықтың ақ самалы"2001 жылы "Сорос-Қазақстан" қоры ұйымдастырған "Қазақстан әдебиеті - 2000" байқауының қорытындысы бойынша  шығарылған "Күміс күйме" жинағына енді. 2004 жылы облыстық "Үздік аудармашы"  байқауының бас жүлдегері.2004 жылы Халықаралық әйелдер форумына қатысушы.2005 жылы "Қанатты әйел - 2" республикалық идеялар мен тауарлар  жәрмеңкесіне "Жайықтың мөлдір сырлары" жинағын құрастырып апарды.2008 жылы "Ұстаздар әлемі" сұхбаттар мен очерктер жинағы.

Ақмаржан