ВЕРНУТЬСЯ

Білмеппін таж бен таққа тамсануды,
Қайғы емес қалтаның да тапшылығы.
Іздемен өмірде өзге мансабыңды,
Жүректің тұрса болды хатшылығы.
Бір күні сұр топырақ жасырғанмен,
Құдайдың өзі демей, мен кім дейсің,
Қыздардың күлкісіне бас ұрғанмен,
Жай отын жарқылдаған менсінбейтін?!
Көзім бар күнді құйып алатындай,
Сөзім бар өткен күшке өңгерілмей,
Нәп - нәзік көбелектің қанатындай,
Қап-қатты қаршығаның шеңгеліндей.
Аспанның кіндігінен түртіп тұрған
Асқар шың асқақтаған - менің басым.
Күз болса, күнде ертемен бүркіп тұрған
Мөлдір шық мөлтеңдеген - менің жасым.
Білмеппін таж бен таққа тамсануды,
Қайғы емес қалтаның да тапшылығы.
Іздемен өмірде өзге мансабыңды,
Жүректің тұрса болды хатшылығы.
                                                       1962.