ВЕРНУТЬСЯ

Үшінші бөлім

Арбасу 

Бак, ңараған жігіттің
Басында болар айласы.
«Қобыланды батыр» жырынан.

Көсенің иегіндей көк сүрланып жатқан жылмағай тегістік біресе күміс қылшықтанып тұратын боз селеулі далаға, біресе тырбиып сораң, жапақ өскен сортаңыт жазықтарға кезек ұрынып, жер реңі өзгерейін деді. Көз ұшында көгеріп тұрып алып, маңына жуытпай жігеріңді құм қылатын мұнар таулар енді жолдың екі бетінен кезек ұшырасып, зорыққан нар қоспақтай сұлай жығылып қалып жатыр. Алыстан аспанмен тайталасып айбынды көрінгенмен, қасына келсең - бір-бірімен жалғаспай әр жер-әр жерге сәңкиіп-сәңкиіп оқшау біткен кертік-кертік кемер биіктер екен. Ешқайсысының бауырынан өсіп тұрған көгеріс, жорытқан аң, жайылған мал, қыбырлап-қимылдап жүрген тіршілік белгісі білінбейді. Кейбіреу осынау алатағанақ тегістікке дірілдеп-дірілдеп қата қалған бауыздау қандай қарақошқылданып қатпарланып қалыпты, ал екінші біреулері баяғы ертегі дүниенің таусоғар алыптарының бірі ұшан даланың пұшпақ-пұшпағында отырған ауылдардың барлық күлін жиып әкеп бір жерге үйіп кеткендей күп-күлгін. Шынында да, мынау белуардан шалғын кешіп, көкке бойлаған қара орманның арасында өскен бейтаныс жолаушылар үшін төңірегіндегі көл-көсір кеңістік бір ғаламат өрттің орнында қалған айлапат өртеңдей еді. Қайда қараса да, көретіндері - сол қара қошқыл қатпар-қатпар төбешіктер мен күл шашып тастағандай сұп-сұр алқап.
«Таң атқалы көздерің қажыған шығар. Бір ауық маған қарай қойыңдаршы!» - дегендей кейде жыландай ирелеңдеп Ырғыз арнасы жарқ ете қалады да, артынша-ақ қайқаңдап қайта қаша жөнеледі. Өзен жарқ ете қалғанда шолп етіп балық секіреді, қалың қүрақты сытыр еткізіп қүс үшады. Манадан бері қалғып келе жатқан сүлесоқ керуенге де жан бітеді. Гүрс-гүрс мылтық атылып, кеу-кеу әңгіме, кеңк-кеңк күлкі естіледі.
Ырғыздың тағы да сондай бір жер түбінен орағытып келер үлкен иініне енді жақындай бергенде алда кетіп бара жатқан сары ала күйменің қасындағы нөкердің бірі шауып кеп:
- Мылтық атылмасын. Енді көп үзамай өткел болады. Өткел аузында бізді күтіп ханзада тұр, - деді.
Жұрт мылтықтарын жалма-жан қаптарына салды. Алдарынан тағы да бір қайқаң дөң кезікті. Қайқаң дөңнің басына кетеріліп еді, Ырғыз ирелеңдеп тағы да алдарынан шықты.
Сары ала шатырдың ішінде салтанат киімін киіп, бүгінгі кездесудің жөн-жосығын ойлап отырған Тевкелев бір сәт басын көтеріп ілгері қарады. Сүйіндік батыр айтып келген мың атты қара шоғыр көзіне тусе қоймады. Сосын тағы да басын бауырына алып Сыртқы істер коллегиясының нүсқауында айтылған ресми сөзді әуелі татаршалады. Орысша жазылғанда етікшінің қаққан шегесіндей ез орынында қадалып түрған мығым сездер татаршалағанда сәл солқылдақтау шыға ма қалай? Ал өзі шала-пұла білетін қазақшаға аударып керіп еді, бет-бетіне қашып пышырады да кетті. Бірақ, амалы қайсы, келіссе де, келіспесе де айтады ғой.
Елші тағы да басын кетеріп алға қарады. Керуен өткелге келіпті. Өткелден алдымен сары ала күйме өтті. Ханзада қай жақтан шығар екен деп төңірегіне көз салып еді, дәл қарсы алдарындағы қыраңның басында қақшиып тұрған төрт-бес атты қимылдайын деді. «Бар болғандары осы-ақ па?» - деп ойлап еді, қыраңның ар жағынан қылтиған-қылтиған шошақ бөріктер самсап қоя берді. Қайдан мың болсын, айналасы екі жүз-үш жүзден асар-аспас. Тевкелевтің көңілі бір түрлі ортайып сала берді. Пәлен күннен бергі жол соқты жүріс енді білінейін деді. Кенет белі кілт ете қалып, екі қолымен бүйірін таянып, мықшиып біраз отырды. Қарсы алдынан қаптай қыбырлап келе жатқан қара шоғырға тісі ауырғандай тыржия қарайды. Бірақ есіне тағы да нұсқау қағаз түсті. «Келіссөз кезінде өзіңді ұлы император ағзамның атағына лайық еңсеңді жықпай кербез ұстауың керек, қандай қиын жағдайда әдептен аттамай сыпайы бола білуге міндеттісің».
Аттарын аяңдатып жақындап келе жатқан айғыр топтың қақ алдындағы мына бір құндыз бөрік, дәу де болса, ханзада шығар. Жер түбінен тісі ақсиып күліп келеді. Қалғандары ханзададан бір ат бойы кейін келеді. Шеттерінен паң. Ханзададан басқа езу жиырған ешқайсысы жоқ.
Ханзада сары ала күймеге жиырма адымдай қалғанда атынан түсті. Оны көріп қасындағылар да жапа-тармағай аттарынан түсе бастады. Бұларына да шүкір. Елші-ліктегілер мұны сыртынан сынап-мінеп келеді ғой. «Патша апайымыздың жер түбінен елші жіберіц отырған елі қандай екен, кәні, көрейікші!» - деп сыпсыңдасып келе жатқан шығар-ау. Мынау бейтаныс елдің ханза-дасы жол үстінде хабар сұрай жолыққан жолаушыдай қасына тасыраңдап шауып жетіп келсе, қайтер еді... Қайта өздерінің жөн-жоралғыдан хабарлары жоқ емес екен...
Аттарын жетелеп жаяу келе жатқан қазақтарды көріп, бұның да күймесінен түсе салғаны дүрыс болмас. Қанша дегенмен, ол ертең боданың боламын деп отырған көшпенді жұрттың ханзадасы да, бүл атағы жер тітіреткен іргелі империяның елшісі ғой. Олар әлі де жақынырақ келсін. Екі арада бес қадамдай жер қалғанда барып күймесін тоқтатты. Бала сұлтанмен қүшақтаспай да, қол алыспай да, иығынан қағып амандасты.
- Күллі қырғыз-қайсақ ордасының бас ханы Әбілқайыр Ғазы баһадүр хан, оның қол астындағы күллі қырғыз-қайсақ жұрты мен күллі қырғыз-қайсақ ғаскері, қадірмен ру басы билер мен батырлар тегіс сау-саламат па?! - деді даусын созып, ханзаданың қасындағы нөкерлері де тегіс естісін деғен оймен.
- Рақмет. Шүкір, алдияр ханымыз да, күллі қазақ жұрты да тегіс аманшылықта. Ұлы мәртебелі һәм шарапатты, һәм ержүрек, һәм кемеңгер Ресей елінің алдияр патшасы Анна һиуан қызы ағзамның қадірменді елшісі Құтлұқ Мәмбет мырза, біздің елімізге қош келіпсіз! - деді Нұралы бала болса да орнықты сөйлеп.
- Қүдайға шүкір, - деді Тевкелев.
- «Қанша дегенмен жол ұзақ, шаршаған шығар. Бейтаныс жердің ой-шүқыры көп, алдынан барып өзің бастап әкел!» - деп алдияр хан жіберіп еді, - деді
Нұралы.
- Көп-көп рақмет! Орда бүл арадан алыс па?
- Біз шыққалы төрт күн болды.
Тевкелев ханзаданы күймесіне шақырды. Ханзада қипақтап төңірегіне қарады. Елшінің Нұралыға таяу тұрған отыз шақты ру басыларына сонда барып көзі түсті. Ханзаданың оң жақ иығында құлағалы тұрған қара шоқыдай тұнжырап бір дөңгелек жүз етжеңді қара сүр кісі тұрды. Шойыннан құйғандай шомбал кісі. Қас-қабағынан сәл болса да, жылы шырай, ықылас табы көрінсейші, сірә. Бет-ауызына бес батпан зіл жиып алғандай. Тырысқан маңдайының әжім екеш әжімі де білем-білем. Түксиген жүндес қабағы, екі танауы делдиген етті мұрыны, томсырайған қап-қалың еріндері өз салмақтарын өздері көтере алмай тұрғандай салбырап-салбырап кеткен. Сол бір шетінен салбырап, шетінен тұнжырап тұрған зіл-батпан бет әлпеттің бар салмағы соған түсіп әбден болдыртқандай кіржиген ала көз кісіге түспей, айдалаға кілгіре қарайды. Одан бір адым кейін қаз-қатар тізіліп тұрған сусар беріктілер тілдеріне теріскен шықңандай томсара-томсара қапты. Елші басын иіп сәлем мезірет жасады. Ру басылары оған, қапелімде, қандай жауап берерлерін білмей сасқалақтап қалғандай бір-біріне қарасты. Тевкелев күймесіне беттеді. Ру басылар екі бөлініп, күйменің екі жақ қапталына шықты. Қалған нөкерлер де олардың істегенін істеп, арттары керуеннің екі жақ қапталын ала жүрді.
Бір-біріне сынай қарасқан сыпайы екі қара шоғыр сол үн-түнсіз қалыптары Ырғызды жағалап ілгері тартты.
Нұралы сұлтанның соңына ергесін де үшінші күні түс ауа жолбарыс жонданып жатқан құмақ жалдың қыр арқасына шыққан жалғыз өркештей оқшау біткен Маңтөбенің қарасы көрінді. Оқшау төбені шыр айнала қоршап ақ жұмыртқа үйлер тігіліпті. Көлеңке біткен ығы-жығы адам. Бәрінің де көзі мынау кербез аяңдап келе жатқан өзгеше керуенде.
Ауылға екі шақырымдай жер қалғанда өңкей ақ боз ат мінген елу шақты егде кісілер алдарыннан шығып, домалақ төбенің күнгей бетіне қарай бастап жүрді.
Алдарынан былайғы ауылдың бәрінен бөлектеп тігілген төрт-бес үй шықты. Сол ала-бөтен төрт-бес үйдің желкесіне қолдарына ширатыла оралған бірдеңелерді ұстап сыптай-сыптай сымбатты жігіттер тізіле қалыпты. Күйме солардың тұсына жете беріп тоқтады. Жігіттер қолдарындағы ораулы нәрсені жайып жіберіп еді - қызылды-жасылды қалы кілемдер жарқ ете қалды. Бір-біріне жалғастырыла жайылған қалы кілемдердің бір шеті ортадағы ақ жүмыртқа үйдің табалдырығына тіреліп, екінші жақ шеті күйменің есігінің алдына жетті.
Күймедегі елшіні сойдауылдай-сойдауылдай екі жігіт екі жақ шынтағынан кеп көтеріп алды.
Еңгезердей екі жігіттің иығында кетіп бара жатқан елшіге өз нөкері ауыздарын ашып қарап қалыпты. Үй-үйдің көлеңкесінде де жабыр-жүбыр әңгіме. Маңтөбенің күнгей тұсында моншақтай тізіліп жатқан оймақ көлдердің ортасына орналасқан сәнді ауылдың желкесіндегі үстеріне оқа, қамқа жамылып, күнге шағылысып жалт-жұлт етіп тұрған оқшау топ бұлар жаққа иектерін сілтесіп бірдеңе деп қояды.
Елші өзіне арнап тігілген күмбіреген ақ орданың қақ төріне кеп жайғасты. Босағадан төрге дейін түп-түтас қалы кілем төселіпті. Жоғары қарасаң - шаңырақтың қарынан, қаз-қатар уықтардан ұзынды-қысқалы, қызылды-жасылды күлтелер төгіліп түр. Жан-жағының бәрі бірінен-бірі өткен түкті кілем.
Тевкелевке мынау отау үнап отыр. «Қалмақтардан гөрі мыналар үйлерін әлекей-күлекейлеуге көбірек мән береді екен-ау», - деп қойды ішінен.
Үйге ханзада мен бір топ нөкер жігіт кірді. Жігіттердің бірі сол қол жақтағы арнайы аспаға ілінген көш қүлаш қара сабаны піспектей бастады. Үй ішін мұрныңды қытықтар күмілжі қышқыл иіс жайлап барады.
Саба пісіп түрған жігіт шүпілдете толтырып берген сары қымызды ханзада алақанына салып әкеп елшіге үсынды.
- Сусап келген шығарсыз, сусын алыңыз.
Тевкелев зереңнің бетінде шүпірлеп жүрген қозының құмалағындай қап-қара майлақы домалақтардан тіксініп, ерніне әзер апарды. Бірақ, дәм татып көріп еді. Мейілі тартып барады. Маңдайына суық тердің қалай шып еткенін білмей қалды. «Қымыздары да қалмақтардікінен өзгешелеу», - деп ойлады, көрген-білгенінің бәрін іштей жіпке тізе бастаған елші.
- Ал, енді, елші мырза, мынау өзіңізге арнап тігілген үй. Демала беріңіз. Хабар өзімізден болар, - деп Нұралы орнынан тұрды.
Абажадай ақ отау құлазып бос қалды. Тевкелев ірге жағындағы құс жастыққа шалқалай жығылып, ашық қалған сықырлауық есіктің арасынан қылаңытып тұрған күнгей беттегі ауылға көз тастады. Әлгінде ғана бұдан шыққан ханзада манағы түксиген-түксиген отыз шақты ру басшыларының қоршауында көл ортасындағы ауылға қарай беттеп барады. Көл жақтағы ауылдың қақ ортасындағы күмбіреген ақ үй хан ордасы болса керек. Желкесінде сыптиған-сыптиған сыптығыр жігіттер қаздай тізіліп тұр. Әлгі сары ала топтың анадайдан алдарынан шығып, қолтықтарынан демеп түсіріп алып, аттарын әлдеқайда жетелеп ала жөнелісті. Дуадақтай-дуадақтай семіз билер омыраулары жарқылдап ақ орданың күнгей бетіне айналып кетті.
Жүріс соқты Тевкелев хан орда жаққа қарап жатып, көзінің қалай ілініп кеткенін де білмей қапты. Бір уақытта әлдекімнің қасына кеп үсті-үстіне тамақ кенегенінен оянып кетті. Қасына келіп тұрған башқұрт Таймас екен.
- Елші мырза, хан малдарын ұры-қары алып кетіп жүрер, біздің бақташыларға қосып қойсын депті.
Тевкелев онша ойланған жоқ. Басын изей салды. Бірақ, сосын қайтып кезі іліне қоймады. Үй маңында жапыр-жұпыр дауыстар кебейді. Шамасы, елшілік адамдарының бұдан басқасы түгел сыртта жүрсе керек. Солдаттарға шатыр тігіп жатыр ма, арбадағы заттарды үйлерге кіргізіп жатыр ма - әйтеуір абыр-сабыр.
Ол күні хан орда жақтан кешқүрым ауызы-мүрынынан шығарып үйме табақтар көтеріп әкелген даяшы жігіттерден басқа ешкім аяқ ізін салмады.
Елші тамақтанып алғасын салқындайын деп сыртқа шығып еді. Түн орнап қалған екен. Шаршысына әбден толған жарық ай жер мен көктің арасын манағы шара толы сары қымыздай жұп-жұмсақ нұрға малыныпты. Айнала түгел аппақ. Күндіз жарықта қара шағыр мен қара жусан мол өсіп қарауытып көрінген Маңтөбе қазір сілтіден шыққан сүйектей бозарытып кетіпті. Оның қақ төбесіндегі кек найзалы сақшы да ақ мәрмәрдан қашап шығарған тас мүсіндей. Сақшыдан анадай жерге барып, жан-жағына көз салып еді, төңірегі шүпірлеген от. Үйді-үйдің алдында лыпылдап жанып жатқан жалпылдақ оттың қасында ерең-серең қимылдап қатын-қалаш, бала-шағалар жүр. Бар маңайға жарқылдатып жақұт моншақ тізіп тастағандай. Кез ұшында балқыған қорғасындай мөлтеңдеп ойдық-ойдық көлдер көлкиді. Су ортасынан әлденелер жарқ етіп көкке қарғып шығады да, қайтадан шолп етіп көлге күмп береді. Аспандағы ай шатынай сынып жерге түскендей айналаға жарқ-жұрқ от шашырайды. Ол мынау саумал көл, айлы түн, маужыраған тыныштыққа рақаттанып шоршып ойнап жүрген балықтар еді. Су еркесінің әлгі қылығына мәз болғандай көл жағасындағы қарауытқан қалың құрақтың арасынан бақа шулайды, шілделік шырылдайды. Әлдебір мақұлық сақ-сақ тіс қайрайды. Желсіз түнде жым-жырт мүлгіп тұрған көк құрақ кенет біреулер ұмар-жұмар алысқандай ез-өзінен булқынып қоя береді. Сол саумал көлдердегі түн ішінде тыным таппай жатқан мігірсіз тіршілік үніне еліккендей жайылып жүрген жылқылар үсті-үстіне пысқырады. Желі басынан құлын кісінеп, үй сыртынан бота ыңырсиды. Жер түбінен: «балам, абыржыма, мен мұндамын» дегендей енесі әндете боздайды.
Тевкелев мынау айдын кәлдерді жағалай қонған айлы түнгі ауылды неге теңерін біле алмай түр. Әйтеуір бұл түп түйсігімен түгел түсініп, таусыла елігіп тұрған әдемі көрініс. Басқалар қайтып тұр екен деп, қасындағы серіктеріне қарап еді, олардың да ауыздары ашылып қапты. Осынау айлы түнгі жайбарақат тіршілік, мынау ұлан-асыр дүние тек делсал рақатқа, көңіліне қанағат пен рақымның нұрын дарытқан маужыр тыныштыққа жаратылған, оның үстіндегі бір-біріне сұқтанған найза, бір-біріне шытынған қабақ, бірін-бірі аяқтан шалмақ айла-шарғы, құлта-бопса - бәрі-бәрі күпірлік, тек жүмыр басты пенделердің өздеріне ғана емес, жасаған ие жаппар хақтың езі аса зор шабытпен, махаббатпен, мейіріммен жаратқан мұншалықты мінсіз, мұншалықты көркем ғажайып дүниеге де кесірі тиетін кешірімсіз қиянат деп тұрғандай.
Судағы, құрылықтағы барша мақұлық өзіне біткен тіл-түйсікпен мынандай бейбіт түнге рақаттана алғыс айтып, бір-бірімен тіл қатысып жатқан маужыр түнде тек адамдардың ғана не ойлап, не істеп жүргендері белгісіз. Мынандай тымық кешке көрік қосқан кеп үннің ішінде тек солардың ғана үні естілмейді.
Шынында да, мынау жыпырлай қонған көп ауылдың адамдары неге тып-тыныш? Бәрі де әлдебіреулерді көз жазбай бақылап, әлденеге құлақтарын түріп тың тыңдап жатқандай. Бәлкім олардың аңдығаны бұлар шығар, мынау жер бетінен самсап жетіп келген жат өң, ?кат тіл бейтаныс жандар не істеп, не қояр екен деп бағып отырған болар. Ұлан-асыр табиғаттың қалған бөлігінің бір-бірімен үғысып-түсінісіп, бір тұтас жарастықты әлемге айналып кете қоюы қаншалықты оңай болса, мынау түрі алуан, түсі алуан, тілі алуан, мүддесі алуан екі аяқты пенделердің таныса, табыса, түсінісе кетуі соншалықты қиын шығар. Сондықтан да кунде өз қызығы езінде мәз-мәйрам абыр-сабыр болып жататын мынау қазақ ауылы да бүгін бөтен көзден сыр сақтап, бүйтіп жым-жырт бұйыға қалған шығар.
Тевкелев қарауыл төбеден түсіп баурайдағы өзіне тігілген үйге беттеді.
Пәлен уақыттан бергі селкіл жүріс пе, әлде алдында түрған әлі беймәлім, әлі дүдамал ертеңгі күн бе, жоқ мынау барша жан иесінің бәрінің бойына әлдебір елегізу мен елігудің сиқырын шым-шым дарытып тұрған айлы түн бе - елші ол күні таң атқанша төңбекшіп ұйықтай алмай шықты.
Ертеңіне таң жарқырап атты. Күн шықпай жатып үй-үйден бір-бір келін тұрды. Желектерін желкілдетіп барып серпіп түндік ашты. Білектерін жарқырата жүріп жуынды. Сосын үйге кіріп, қолдарына көнек ұстап барып түйе сауды. Үй алдындағы жер ошақтан ирелеңдеп тағы да түтін ұшты. Сол бір мамыр айының көбелегіндей ошақ басы мен үй арасында көлбеңдеп жүрген жас әйелдердің қай қимылы да бипаз, паң, әдемі.
Енді бір уақытта үйді-үйден қолдарына бір-бір жез қуман ұстаған кәриялар шығып, ауыл сыртына қарай маң-маң басып ұзап барады. Барып-барып жалп етіп отыра кетеді. Арқаларына жамылған мол шапан-дарының астында екі иықтары бүлкілдеп біраз отырады да, қайта түрегеледі. Маң-маң басып үйлеріне беттейді. Олардың қимылы әлгіндегі келіншектерден де кербез, паң. Асығыс қимылдап, аптығып жүрген ешкім жоқ. Осынша бойкүйез тіршілікте дау болуы, далаба болуы еш мүмкін емес сияқты. Мынау маң-маң басқан маңғаз адамдар біреуге қанжар ала жүгіреді, біреудің жағасынан жармасып, аяғынан шалады дегенге сенш болмастай. «Дүниеде қойдан қоңыр момын халық болса, осылар шығар деп ойлап қалатындай екенсің», - деді Тевкелев ішінен, таңғы самалға төсін тосып төбенің басында тұрып.
Күн шыға басталған мимырт қимыл әлі сол қыбыр-қыбыр қалпы. Мандымайды да, тоқтамайды да. Әне бір еркек бір жаққа жол жүргелі жиналса керек, үйіне қырық кіріп, қырық шықты. Сонда да бірдеңесін үмытыпты. Анадай жерге үзап шыға беріп қайтып келді. Үйінің көк желкесіне тоқтап, атынан түспей, дауыстап әйелін шақырды. Үйден үстіне малынтып шүбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді. Сөйтсе - шақшасы екен. Жігіт шақшасын ерінің қасына тықылдатып, шетінен алақанына насыбай төгіп, аузына апарып, тілінің астына басты да, аяң бүлкекпен кете барды.
Тевкелев мынау жайбарақат елдің іш пыстырар тіршілігінен жалығып кеткендей, жалт бұрылып үйіне беттеді.
Үйде де бастан асып жатқан шаруасы шамалы еді. Қақ төрде қүс жастыққа шалқалап біраз жатты. Одан жастықты шынтағына басып біраз жамбастап көрді. Одан ашық түрған есіктен хан ордаға қарап біраз түрегеліп отырды. Бүлай қарай аяқ басқан ешкім көрінбеді. Бүгін кешегідей емес, хан орданың қасы қаңырап бос түр. Кермедегі аттар сиреген.
Тевкелев үйдің оң жағына әкеліп қойған темір сандығына барды. Қалтасынан кілт шығарып, қүлпын қоңыраулата сыңғыратып төрт бұрап ашты. Ішінен сыртын былғарымен тыстаған екі түтікше суырды. Сосын олардан гөрі әшекейі аз қара былғары түтікшені алып, ішінен шиыршықтап оралған сары қағазды суырып, көзіне көзілдірігін киіп, бажайлап оқи бастады. Ол - Сыртқы істер коллегиясының оған мына жабайы өлкеде қырғыз-қайсақтармен қалай келіссөз жүргізу керектігі жайында берген нұсқаулары еді. Аяғына канцлер граф Головкин сойдақтатып, вице-канцлер Андрей Остерман үсақ шиырып қол қойған осынау ширатылған жіңішке қағаздар оған жат өлкеде қалай түшкіріп, ңалай түкіруден басқаның бәрі тәптіштеліп көрсетілген екен. Ең алдымен, бүл өзімен бірге келе жатқан қазақ елшілерінен Әбілқайырдың бүндай хиешімге неге тәуекел еткенін, оған өзге қазақ билеушілерінің қалай қарайтынын сүрастырып әбден бажайлап біліп алуға тиісті. Ол немелер Мәскеуде не айтса, жолда да соны айтты.
«Әбілқайыр қазақтардың ең басты ханы. Ол бүл жағдайды барша қазақ ру басшыларымен ақылдасып шешті». Енді ол, нүсқау бойынша, қазақ ордасына жеткен бойында, бөгде ешкімді қатыстырмай ханның өзімен кездесіп, патшаға хатта жазған, елшілерінен ауыз екі айтып жіберген үсыныстарын қайта бір пысықтап шығуы керек. Сосын жұрт көзінше хан ордаға барып, Әбілқайырға және басқа да сұлтандар мен ру басшыларына патша алдиярдың Құттымбет Қоштаев және Сейітқүл Құдайқұловтан беріп жіберген хаттарын өз қолына алып оқып, айтып жіберген сәлемдерін өз құлағынан естігенін, Әбілқайырды өз қаруындағы ұлысы мен ұлы орыс империясының қол астына алуға келісім білдіргенін, осыған байланысты Әбілқайыр ханға, басқа да сұлтандар мен ру басыларына, күллі қазақ ғаскеріне арнайы хат жолдап, мына өзін, Сыртқы істер коллегиясының шығыс елдері жөніндегі тілмашы Алексей Иванович Тевкелев мырзаны елшілікке жібергенін мәлімдейді. Ханға және жиналған жұртқа ұлы мәртебелі патша ағзамның жаңа боданы - қазақ ханына, қазақ сұлтандары мен ру басыларына, күллі қазақ ғаскеріне өзінің нұр сипатты алдиярлық шапағатын ешқашан аямайтынын, бірақ тек өз сөздерінде тұрып, сенімді де адал қызмет атқаруларын талап ететінін айтады. Сол үшін де ол, елші Тевкелев мырза, қазақ ханынан, сұлтандар мен ру басыларынан орыс патшасының қол астына өз еркімізбен кіреміз, оның алдында бодандық парызымызды адал атқарамыз деп, қолдарына құран ұстатып, ант алуға келгенін баян етеді. Россияның қол астындағы Аюке хан да, өзге қалмақ тайшылары да, башқұрт ру басылары да осылай еткенін ақ патша өз мәртебесіне бағышталған бұндай ықыласты әрдайым аяқ асты қалдырмағанын және қалдырмай-тынын, ант берген адамдарға үлы мәртебелі ағзамның беріп жіберген сәлем-сауқаты таратылатынын естеріне салады. Тевкелев хан ордаға жиналғандарға қолдарына қүран ұстап, ант қағазына мөрлерін басқасын, әрқайсысына ел алдындағы қызметі, абырой-атағына лайық тарту-таралғы таратады. Сосын барып елші ант бергендерге манадан бергі ішінде тұрған және бір шартты - қазақтардың да Россияның қол астына қараған башқұрттар секілді салық төлейтінін және текті тұқым өкілдерінен аманат беріп тұратындарын естеріне салады. Егер хан мен ру басылары бүл айтқанға келісім берсе, ант қағазының әлгі шарт жазылған тұсына арнайы қол қойдырып алады. Ал егер олар бүл шартқа онша құлық көрсете қоймай жатса, қайталап айтып жатып ауызын ауыртпайды. Әбілқайырдың анада өз елшілерінен айтып жіберуге үлгермеген, жадына кейін түскен жаңа талап, жаңа шарттар болса, оны Тевкелев келісім шартқа өзі кіргізіп, қазақ ханына арнайы қолхат береді. Хан келісім шартқа қол қойғасын орыс елшісі оған патша сарайына езімен бірге жаңа елшілік жөнелту керек екендігін, оларға Москвада барлық жағдай жасалатынын айтуы керек. Әбілқайыр ақ патшаның қол астына өз еркімен бағынғанын айғақтайтын елшілігін жібергесін екі жақ та қолға түскен тұтқындарды елдеріне қайтарады.
Тевкелев қазақ еліне бара жатып та, келе жатып та қойын дәптерін жан қалтасынан тастамауға міндетті. Оған былайғы кісілерге көрсетпей көрген-білгендерін түгел жазып отырады. Әсіресе, қазақ елінің жер-суына, онда қандай табиғи және қазба байлықтары бар екеніне, қай ұлыстың қайда орналасқанына, жаудан қорғанатын қалалары мен қамалдарының қандай екеніне, өзендері мен өткелдеріне, хан мен ру басыларының қайсысында қанша мал, қанша өріс бар екеніне, олардың Әбілқайырға қайсысының бағынып, қайсысының бағынбайтынына, ханның сайланып қойылатынына, әлде мүрагерлік жолмен тағайындалатынына, өз бағыныштарынан қандай алым-салық жинап тұратындығына, діндерінің қандай екеніне, сауда-саттыққа қалай қарайтындарына, қандай кәсіппен шұғылданатындарына, қару-жарақты қалай табатындарына, зеңбірек, мылтық, оқ-дәріні ездері жасайтынына жоқ біреулерден сатып алатынына, егер сатып алса, қандай нәрсеге айырбастайтындарынына, қандай елдермен шектесетіндіктеріне, олармен қазір ара-қатынастарының қандай екендігіне, Россияның қай қаласынан қандай төте жол бара алатындығына, баспаналарының жағдайына, әдет-ғұрып, тұрмыс-салттарына айырықша назар аудару өте-мөте тапсырылды. Мүмкіндігінше, кәрген нәрселерін суретке салғызып, картаға түсіріп бағуға, ол үшін екі геодезисті ала кетуге әмір етілді. Бірақ, барлау жұмыстары бұратаналардың өздері байқай алмайтындай құпия жүргізілуі керек. Егер хан аманат беріп ясатса, оларды Уфаға әкеліп ұстай түрады. Қазақтардан босатылған тұтқындарды Уфа воеводасына әкеп тапсырады. Ондай жағдайда орыс қолындағы тұтқындарды босатып ұлыс-ұлыстарына жібереді. Осының бәрін ойдағыдай орындап шыққасын Москваға оралып, Сыртқы істер коллегиясына не істеп, не қойғандығы жөнінде жазбаша есеп беріп, езі алып кеткен қаражат пен мүлікті қайда жұмсағаны, кімге бергені туралы алушылардың қолдары қойылған ведомость тапсыруы қажет.
Бәрі де мың қайтара айтылып, мың қайтара оқылған үйреншікті сөздер. Бірақ бүгінгідей жауапты шаруаның алдында әр әрпіне дейін қағыс қалдырмай, қайталап оқымай болмайды. Оған не тапсырылғанын осы қосында өзінен басқа біреудің де біліп, мынау шала орыс, шала мұсылманның қайсысын қалай орындайтынын көз жазбай бақылап отыруы да ғажап емес қой. Оның кім екенін біліп қойған да теріс болмас еді. Жә, оны уақытында көре жатар...
Бәрін айт та, бірін айт - мына хан орданың осы уақытқа дейін тым-тырыс жатып алғанын айт. Бүгін кешегідей піскен тамақ әкелмей, елшіғе қонақасыға соғым мал айдатып, саба көтеріп жіберіпті. Ал, шығыс жұрттары мен шығыс тілдерінің күллі Россиядағы алдына жан салмайтын білгірі Құтлұқ Мәмет Мамашев мырза, түсінгіш болсаң, қазақ ханының дәл осы қылығына түсініп көрші! Уыздай аппақ төрт отау, жан-жағың жалтылдаған қалы кілем, құс мамық төсек, жиырма қой, төрт үйге күніне төрт саба қымыз және не істеп, не қоям десең де ешкім қолыңнан қақпайтын еркіндік пен жым-жырт тыныштық - қазақ жұртының бас билеушісі Әбілқайыр ханның әзірғе көрсетіп отырған құрметі осы ғана! Ең болмаса, кешегі жылмаңтөс ханзаданың көзіне бір көрінбей қойғанын қарашы! Әлде бұлар жіберген елшілері Москвадан қайтып оралғанша райларынан айнып қалды ма екен?! Жоқ, оның да қисыны жоқ. Осы жуырда ғана Уфада жатқан бұған хан қайын атасы Сүйіндік батырдан хат жіберіп еді ғой. Онда таққа отырған Анна Ивановна патшаға құтты болсын айтып, орыс империясының қол астына тек өзі ғана бағынып қоймай, басқаларды да бағындыруға жан сала әрекет жасап жатқанын айтқан-ды. «Бүхар ханы Әбілпейіз, Хиуа ханы өз бауырым Жолбарыс, Хожа-Шенет өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген Ақбатыр бек менің айтқаныма құлақ асты, қарауында төрт мың адам және Ташкент, Сайрам, Түркістан қалалары бар Барақ хан біздің жағымызға шықты» деген-ді. Сол хатында хан ақ патшаның керуендері келсе, құшақ жая қарсы аламыз деп көрсеткен-ді. Ендеше, бүлардың құшақ жая қарсы алғаны осылай тым-тырыс жатып алу болғаны ғой...
Қанша телміріп қараса да, хан орданың ақ үзігі бүлк етпей қойды. Бүгін тіпті кешегі үй-үйдің көлеңкесіне шығып ап, бұлар жаққа шүпірлеп қарап отыратын қызықтаушылар да көрінбейді. Әлде бәрі бұларды іргеден тым-тырыс бағып жатыр ма екен?
Тевкелев хан орда жаққа қарай-қарай көзі талып кеткен соң, тағы да сандық ақтара бастады. Бүл жолы қолына мұқият оралған ең құнды, екі құпия документ ілікті. Елші көзілдірігін киіп, императрица ағзамның біреуі көк жасыл, біреуі нарт қызыл сафиян түтікше қорапқа салынған шиыршықтаулы грамоталарының беліндегі атлас ленталарын шешіп, орауын жазып оқи бастады.
Екеуі де бір күні - үстіміздегі 1731 жылдың 19 февралі күні жазылыпты. Екеуі де күллі қырғыз-қайсақ жұртының бас ханы Әбілқайырға бағышталыпты. Екеуіне де алдияр тақсыр Анна Иоан қызы ағзам қол қойыпты. Бірақ екеуіндегі жазу бірдей емес. Біреуі ұзақ, біреуі қысқа. Көк-жасыл сафиян түтікшедегі грамотада патша Әбілқайырға елшілері Құттымбет Қоштаев, Сейітқұл Құдайқұлов арқылы жіберген өтінішін шын жүректен қабыл алып, бұдан былай оның өзін, қол астындағы күллі қырғыз-қайсақ жұрты мен қырғыз-қайсақ ғаскерін өз боданым деп танитынын, соның күәсі ретінде өз елшісін, тілмаш Мәмет Тевкелев мырзаны жіберіп отырғанын, оның ұлы мәртебелі патша ағзамның алдиярлық атынан айтатын тапсырмаларының қай-қайсысын да екі етпей орындап, өзін аман-есен елге қайтаруға пәрмен ететінін, ханға ұлы мәртебелі императрица ағзамның алдиярлық мархабатының белгісі болсын деп оқалатқан шапан, бөрік, қылыш, асыл шүға және жеке тізбе қағазда атап көрсетілген басқа да бүйымдардан тұратын тарту-таралғы жіберіліп отырғанын жазыпты. Ал нарт қызыл сафиянмен тысталған түтікшедегі грамотаның ұлы жобасы көкжасыл түтікшедегі грамотаға келгенмен онда әлгі «екі етпей орындалуға тиісті» «тілмаш Тевкелевтің ұлы мәртебелі патша ағзамның алдиярлық атынан айтатын тапсырмаларының» қандай тапсырмалар екендігі егжей-тегжейлі атап көрсетіліпті. Ол тапсырмалардың төртеуі Әбілқайыр ханның Құттымбет пен Сейітқұлдан айтып жіберген ауыз екі шарттарынан туындайды екен. Біріншіден - қазақтар ақ патшаға адал қызмет көрсетіп, башқұрт сияқты уақтылы жасақ (салық) төлеп тұрады; екіншіден - орыс мемлекетіне бағынатын өзге жұрттар тарапынан жәбір-жапа шекпейді және өздері де оларға жәбір-жапа көрсетпейді; үшіншіден - Россияға бағынышты жұрт болғандықтан да, бөгде мемлекеттер мен жұрттар тарапынан қысымшылық көре қалған күнде қазақтар ұлы мәртебелі патша ағзамның өзінен ғана қорғаныс іздейді; төртіншіден - қазақтар Россияға боданындағы башқұрт және басқа жұрттардан түскен тұтқындарын өздеріне қайтарып беріп, олардың қолындағы өз тұтқындарын қайтарып ала алады. Патша ағзам қазақ ханы айтып жіберген бұл төрт шарттың төртеуін де қабыл ала отырып, олардың сыртында өз шарттарын да айтады. Ол қазақ жұрты мен қазақ ғаскерінен патша ағзам мен оның мұрагерлерінің бұйрығы бойынша, қалмақ, башқұрт, басқа да бағынышты жұрттардың ғаскерлері сияқты керек жағдайда ұлы Россия империясының мүддесі үшін қан төгуге тура келетін шайқастарға сақадай сай тұруды, патша ағзамның қол астындағы елдердің ешқайсысына ешқандай қиянат келтірмеуді, орыс көпестері мен сауда керуендерін өз жерінде ешбір қауіп-қатерге ұшыратпауды талап етеді.
Қазақ ру басыларының жиынында бұл екі грамотаның қайсысын оқу керек екендігін жағдайға қарап Тевкелев өзі шешеді. Егер ақ патшаға бодан болуды барша билер мен сұлтандар түгел жақтайтын болса, онда әлгі нарт қызыл сафиян түтікшедегі соңғы грамота жарияланады, ал олай болмаған күнде елші аш құлақтан тыныш құлақ деп көкжасыл сафиян түтікшедегі алдыңғы грамотаны оқиды. Ол мәселенің басы түпкілікті тек ханмен алдын ала ақылдасып, қазақ ордасының бүгін таңдағы ішкі жағдайына толық қанығып алғасын ғана ашылмақшы.
Бірақ мынау күллі бір халықтың түп-түгел тілі кесіліп қалғандай жым-жырт тыныштықтан талай елдің дәмін татып, талай келіссөздердің шырғалаңдарын бастан кешірген Тевкелевтің көңіліне бір түрлі түсініксіз секем қашты. Түске дейін хан ордадан біреу болмаса, біреу аяқ ізін салатын шығар деп көп дәметіп еді, түс қайта ол күдерін үзе бастады. Қазақ ұлыстарының хал-жағдайы мынау хан ордасының маңындағы қатықтай ұйып тұрған жым-жырт жайбарақат тіршілікке ұқсай қоймайтынын бейтаныс мейман енді-енді сезейін деді. Сөйтсе, мынау домалақ төбені шыр айнала қонған монтаны ауылдарда айқай-ұйқай үлы сүргін болмағанмен, қыбыр-жыбыр жүрістер жеткілікті екен. Әсіресе, желке тұстағы ұлы шоғырда топтанбай, қару асынбай, қалай болса солай киінген бір жүдеубас жүргіншілер көбейіп кетіпті. Олар шет жақтағы үйлерге кеп топ етіп түсе қалады да, көп кідіріп отырмайды. Кейбіреулері тіпті аттан түспейді, сыртта тұрып амандық-саулық сұрасады да, ілбіп басып қайта тайып тұрады. Көкжиекке барып жым-жылас сіңіп жатқан сол бір бейсауат жүргіншілердің неге келгені, неге кеткенінің бәрі жұмбақ. Хан орда жақ қыбырсыз. Ол маңайдан келіп жатқан да, кетіп жатқан да ешкім көрінбейді. Соған қарағанда, сонау көз ұшындағы жолбарыс жонданып, дөңкиіп-дөңкиіп тұрған сарғыш жалдардың ар жағында не больгп, не қойып жатқанын білсе, бір құдайдың өзі ғана білетін шығар.
Тевкелев төңіректі іргеден бағып, тың тыңдап түс ауғанша жатты. Қасындағы башқұрт билері олай өткен, былай өткен жүргінші қазақтардан, төбе басындағы сақшылардан ештеңе біліп жарымады.
Бұлардың келгеніне де, міне, бір тәулік болып барады. Бірақ сол екі ортада селт еткізердей ештеңе болған жоқ. Сол баяғы жым-жырт жатыс. Тевкелев оңаша үйдің қақ төрінде күнделік дәптерін қолына алып көп ойланды. Қанша ойланса да, жадына мардымды ештеңе түсе қоймады.
«Бесінші октябрь күні Ырғыз өзенінің бойында Маңтөбе деген жерге келіп жеттік. Сол күні тілмаш Тевкелевтің Әбілқайыр ханның ордасына жақындап келіп қалғанын көріп, Әбілқайыр хан оны, Тевкелевті екі шақырымдай жерден алдынан шығып қарсы алуға тапсырма беріпті... Оған әзірленген киіз үй ханның киіз үйінен онша алыста емес екен. Әбілқайыр хан Тевкелевтің аттары мен түйелерін, атап айтқанда 200 ат пен 12 түйені, өз бақташыларының қарауына алып бағып-қағуға бұйырды».
«Тағы да не жазсам екен?» - деп біраз ойланды. Талай жерде байқап жүр, орысша жазғаны ойлағанындай жатық шықпайды. Онысын бұрын тегінде бір шыпа барлығынан көретін. Сөйтсе, Сыртқы істер коллегиясының іс қағаздарын ақтарып отырып байқады: басқалардың да жазғандары ойқы-шойқы шығады екен. Оның сыры әкімшілік үрдісте кімнің, қашан, кімге не істеп, не қойғанын әбден бажайлап, қырық қайталап ежіктей жазуды талап ететіндігінде болар. Мәселен, мына күнделігіне: «Тевкелевтің өз ордасына жақындап қалғанын көріп, Әбілқайыр хан екі шақырымдай жерден алдынан шығып қарсы алуға тапсырма беріпті» - деп жазса, қандай жатық, қандай түсінікті. Бірақ, біраз басын қатырыңқырап түсінбесе, ештеңені оңай ұққысы келмейтін патша әкімшілігі «Кім-кімнің ордасына жақындап қалғанын көріп, кім екі шақырымдай жерден кімді алдынан шығып қарсы алуға тапсырма бергенін» егжей-тегжейлі жазуды талап етеді. Сөйтіп, егжей-тегжейлеймін деп отырғанда әр сөзді әр жаққа бытыраған әлгіндей әжептарқы сөйлем шығады.
Қолы арапша жазуға да, орысша жазуға да бірдей дағдыланғандықтан ба, әріптері соншалықты ұсақ түсті. Неге екені белгісіз, қай әрпіне қараса да, шеттерінен тазы иттің құйрығындай шиыршық атып тұрады екен. Ол өз жазуын бүгін көріп отырғандай көз алмай қарап көп отырды. Сосын біреу-міреу көріп қалмасын дегендей қалың дәптерді тарс жауып темір сандықтың ішіне ытқытып жіберді. Күн батқанша шалқасынан түсіп ап, төбесінен күлтеленіп төгіліп тұрған қызылды-жасыл уық баулар мен жел баулардың шашағын санап жатты да қойды.
Түн ортасында есікті мысық құсап ұрланып ашып бір қара кісі кіріп келді. Ешкім естіп қалмасын дегендей сыбырлай сөйлейді.
- Елші, мырза, - деді ол. - Мені сізге хан жіберді. Не өзі маған келсін, не мен барайын дейді. Екеумізге бүгін түнде кездеспей болмайды дейді. Ру басылары қашан патшадан келген жарлықты жұрт алдында жария қылғанша екеуміз оңаша жолықпасын деп сыртымыздан аңдушылар қойды дейді. Біз соларға байқатпай жасырын кездесуіміз керек дейді.
Тевкелев оның қасына Таймас деген башқұрт пен Юмаш деген башқұрт та емес, татар да емес, орыс та емес, бірақ үшеуінің тілін білетін әсіреңкі біреуді ертіп жіберді. Бір уақытта екі иінінен дем алып Юмаш қайтып келді.
- Елші мырза, маған сізді жарлы-жақыбай қазақтардың бірі қып киіндіріп ертіп әкел деді. Хан өзі бізді ауылының сыртындағы қалың жыңғылдың арасында күтіп тұрмақшы.
Тевкелев Юмаш қолтығына қысып әкелген жыртық шекпен мен жыртық тымақты киіп сыртқа шықты. Ай сүттей жарық. Екеуі енді қастарындағы ауылға хабар сұрай бара жатқан боп күн шығысқа қарай жүрді. Ши арасына кіргесін жып беріп басқа жаққа бұлтарды. Бұқпақтай-бұқпақтай қалың жыңғылдың да арасына жетті. Әлдебір күмілжі қышқыл иіс мүңкиіп қоя берді. Әлдеқайдан шілделік шырылдады. Юмаш солай қарай бастады. Сөйтсе - шілделік боп шырылдап тұрған Таймас екен. Жыңғылдың қалың өскен бір тұсында айдың жарығымен аруақтай ағараңдап, үстіне құп-қу түйе жүн шекпен киген хан тұр. Мынадай бозалаң түнде оның адам екенін де, бұта екенін де, қапелімде, аңғара қоймайтындайсың. Екеуі құшақтасып көрісті. Сосын анадай жерге төсеп қойған бозғыл бөстектің үстіне барып отырды. Таймас пен Юмаш қалың жыңғылдың арасына сіңіп жоғалды.
Екеуі оңаша қалғасын хан сөз бастады.
- Ал аман-есен жеттіңіз бе? Жол-жөнекей қиындық
көрген жоқсыз ба?
- Шүкір. Өз жағдайыңыз қалай? Есендік пе?
- Қалай болары әлі белгісіз. Ертең ру басыларының жиынына шақырмас бұрын өзіңізбен оңаша сөйлесіп алғым келді. Олар Сейітқұл мен Құттымбет орыс патшасынан жоңғарға қарсы бірге соғысатын әскер сұрай кетті деп ойлап жүр еді. Елшілік келе жатыр деген хабарды естіп, көңілдеріне бір секем қашып, менің әр адымымды аңди бастады. Кеше сіздің қасыңызда ғаскер адамдары барын өз көздерімен көріп келғен билер маған келіп, сізбен оңаша кездесуге тыйым салып, тек біздердің көзімізше ғана сөйлесесің деп шарт қойып кетті. Содан бері ешқайсысы қараларын кәрсеткен жоқ.
Өзара не деп пәтуа байласып жатқанын бір алла біледі. Бірақ, оларға бодан болу жайындағы әңгімені абайлап айтпай болмайтыны белгілі болады.
Тевкелев мынаны естігенде тамағына тас тығылғандай қылғынып қалды. Қапелімде не айтарын да білмеді. Сонымен манағы ойлаған күмәнінің рас болып щыққаны ғой. Асқар таудай боп келген көңілі аяқ астынан жер болып жеміріліп жүре берді. Ай астында бордай боп қуарып томсырайып отырған бейтаныс ханның сұп-сүр жүзіне тесіле қарап қатыпты да қалыпты.
Елшінің ойын айтпай түсінген Әбілқайыр:
- Сіз бүйтіп абыржымаңыз. Әлі де үміт бар, - деді.
- Ру басыларының қолдамайтынын біле тұрып, ақ патшаға елші салғаныңыз қалай?
Хан жайбарақат жымиып қойды. Тевкелев одан сайын аң-таң.
- Мәмбет мырза, - деді. - Енді екеуміз, не де болса, бір қамытқа жегілдік. Бір-бірімізді кұстаналағаннан екеумізге де пайда шамалы. Одан да мына жағдайда не істеп, не қойғанымыз дұрыс болатынын ақылдасайық. Жарайды, сұрап қалған екенсіз, айтайын. Менің бұдан басқа ешқандай амалым жоқ еді. Бір кезде ата-бабамыз сонау Қаратау бойын жайлапты. Ташкент, Сайрам, Түркістан шаһарларын билепті. Енді, міне, ол өлке түп-түгелімен қонтайшының қолында. Жау алған жерде менің әйелім мен өгей шешем қалды. Маған мынау жапан түзге қоныс аударуға тура келді. Атамекенінен көтеріле көшкен жұрттың қоңсыларына тынышсыз келетін әдеті ғой. Мен де, міне, бұхаралықтармен, башқұрттармен, қалмақтармен жүз шайысып отырмын. Қазір Бұқар мен Хиуаны бірдеңе етіп иліктірген сияқтымыз. Ал Оралдағы башқұрттар мен Еділдегі қалмақтардың сол баяғы қырбайы қалыптары. Қалмақ тайшылары әуелден де баянсыз жұрт. Бүгін тіл табысса, ертең тағы атысып-шабысып шыға келеді. Ал башқұрттар алдияр патшаның әзі айтпаса, келісімге келмейміз деп кергиді. Сосын мен ақ патшаның қол астына етсем,қалмақ пен башқұрттан іргем тынышталып, қонтайшымен армансыз алысуға жағдай туа ма деп ойлап едім. Оның үстіне, көзіміз көріп отыр, қалмақтар мен башқұрттарға біреу-міреу жолап кетсе болды, ақ патшаның ғаскері дікендеп жетіп келеді. Боданында болсаң, кім біліпті бізге де сөйтетін шығар.
Әбілқайыр: «Бұл айтып отырғаным дұрыс па?» - дегендей сөзін үзіп, Тевкелевке көз тастады.
- Жарайды, бұныңыз түсінікті. Бірақ, оған қол астыңыздағы ру басылары қарсы болып отырса, ол ойыңызды қайтып жүзеге асырмақшысыз. Әбілқайыр мырс етіп күліп жіберді.
- Ғафу етіңіз, елші мырза. Сіз әлі біздің жұртымызбен сыралғы бола қойған жоқсыз. Атының сыры иесіне мәлім дейді ғой. Егер сіз боп, біз боп бірігіп қайрат қылатын болсақ, әлгі айтқаным тым онша үміт үзе қоярлық қиын шаруа емес.
- Сонда қалай?
- Елші мырза, біздің жұртымыздың арда екенін естуіңіз бар шығар.
Тевкелев тамағын кенеді.
- Ендеше арда малдың асау келетінін білесіз ғой. Асауды күшпен емес айламен алады. Күш көрсетсеңіз, күшігенді де иліктіре алмайсыз, ал айламен арыстанды да ноқталауға болады емес пе? Біздің халқымыз қазір арыстан сияқты. Әлсізге тап келсе, мерт қылады. Әлдіге тап келсе, өзі мерт болады. Екі жақтан да қайраты асқан әулеттілер қамап тұрғанда мен оны көз апара қайтып мерт қып қоймақпын. Әрі ойладым, бері ойладым, екі мықтының әупірімімен арпалысып мерт болғанша, сабырлысымен арбасып тірі жүргенді жөн көрдім. Өзіңіз айтыңызшы, менде бұдан басқа амал бар ма еді? Жұрт бұл қылығымды не деп ойласа, о деп ойласын, ал өзім тек бір басымның ғана емес, бүкіл елдің мүддесін ойлағанда тапқан жалғыз амалым деп білем. Сондықтан мені жұртты жер түбінен босқа сабылтып жүрген жәй әншейін суайт қой деп ойлап қалмаңыз.
Тевкелев тағы да тамағын кенеді.
- О не дегеніңіз? Белгілі бір қорытындыға келуге әлі ерте ғой.
- Дұрыс айтасыз. Әлі ерте. Сондықтан да, елші мырза, біз бүгін сол жетегімізге ермей, басын алып қашып отырған асау жұртқа қандай айла жасайтынымызды ақылдасайық. Бүрын олармен жападан-жаңғыз алысу маған өте-мөте қиынға түсіп жүрген. Енді, міне, сіз келдіңіз. Екеулеп алыссақ, еншалла, бірдеңе шығаратынымызға сенімім кәміл.
Тевкелев үндеген жоқ. Хан сөзін қайта жалғастырды.
- Біздің жұртымыздың «жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» - деген мақалы бар. Ол оның ықылас-ілтипатты бәрінен жоғары санайтынын көрсетеді. Сіз де оларға бірден «ант беріңіз» демеңіз.
Онда үркітіп аласыз. Әуелі әрқайсысына ілтипат білдіріп, сый-сияпат үсынып ауыздарын алыңыз.
Тевкелевтің ойына мана өзі оқып шыққан нұсқау қағаз түсті. Онда «Әуелі ант ал, сый-сияпатты әрқайсысы ант қағазға қолдарын қойғасын тізім бойынша үлестір және ол тізімді кейін Сыртқы істер коллегиясына тапсыр», - деп жазылған-ды. Ал мына хан «ант жағын ауызға алма, әуелі әрқайсысына алапа үлестір», - дейді.
- Игі жақсыларының ауызын алып алсаңыз, қазақ деген қыңқ етпейді. Айтқаныңызға жүріп, айдағаныңызға көнеді. Сондықтан бар гәп ру басы билерде. Сондағы жанына жағатын қошаметтің түрі «өздеріңіз білесіз», «бұған не дейсіз», «осы дұрыс шығар» секілді ізет мезірет те, сый-сияпатының түрі - ертең әйтеуір жұрттың алдында бір мақтанып қалуға жарайтын жылтырақ киім, таңсық бірдеңе.
Тевкелев жиырылыңқырап отыр. «Мынаның аузынан айладан, сый-сияпаттан басқа сөз шықпайды екен. Осының өзі менен бірдеңе дәметіп отырғаннан сау ма!» - дегендей көзінің астымен бір қарап қойды. Ханның сол сұп-сұр қалпы. Елшінің қозғалақтап қалғанын байқап сөзін тия қойды.
Тевкелев ренішті дауыспен:
- Сіздің елшілеріңіз Мәскеуде де, жолда Уфада тоқтағанымызда да қайталап сұрағанымызда бұл әбден ақылдасып-мақұлдасқан басы ашық мәселе деп еді, артының бұлай болып шыққанын қарашы, - деді.
Ханды абыржытам ба деп айтып еді, ол мүны мүсіркеп тұрғандай мұртынан күліп:
- Оның жай-жапсарын жасырғам жоқ, жаңа ғана айтып бердім. Егер «бодан боламыз» деп айтсам, билер маған ақ патшаға елшілік жіберуге рұқсат бермес еді, ал «бодан боламыз» деп айтпасам, ақ патша да маған елші жібермес еді. Елшілік келмесе, мен мына жұртты өз дегеніме көндіре алмас едім. Енді, міне, сіз келдіңіз.
іМенің өз дегеніме жетуге аз да болса, жағдай туып отыр. Сіз екеуміз елді ақ патшаның боданы болуға үгіттеп көреміз. Ол ойымыздан шықсақ, ақ патша менің еңбегімді ескерусіз қалдырмайды деп білем. Мынандай әрпіл-тәрпіл жағдайда әрқайсысы әр жаққа қашып тұрған өз жұртымның бас ноқтасын бір өзімнің қолыма ұстатып, басқа хан-сұлтандардан абыройымды асырып берсе, мен алдияр тақсырға да, қазаққа да опық жегізбес едім. Қазір қазақтың қамын мендей ойлай алатын кісі жоқ. Оған талай жерде көзім жетті. Бірақ, оң мен солын бірде біліп, бірде білмей қалатын аңғал жұрт соны әлі түптеп түсінбей келеді. Құдайдан жасырмағанда сізден несіне жасырайын. Бұл істі іс қылып шығара алсақ, патшаның да, қазақтың да, менің де табар пайдамыз шаш етектен, - деді.
Тевкелев тағы да тергей қарады. «Мынауы шыны ма, жоқ көлгірсігені ме?» - десе керек. «Қалай түсінсең, олай түсін» - деп Әбілқайыр да мізбақпады.
- Ал, еліңіз ол айтқаныңызға бәрібір көнбей қойса қайтер едіңіз?
Ханның қиылған сұлу мұрты тағы да бір бүлк етті. Тевкелев, қапелімде, сасқалақтап қалды.
- Егер әлгі әрекетімізден ештеңе шықпаса, олар маған, ақ патшаның елшілігіне қастандық ойлап жүрмей ме? Ондай қиын жағдай тап бола қалса, сіз қандай қолқабыс бере аласыз?
Әбілқайыр сол қырындай қараған қалпы самарқау тіл қатты.
- Егер қазақ шонжарларына көңілдерінен шығатын сыйлық тауып бере алсақ, олар ешқандай да қастандық жасамайды, ақ патшаның боданы болуға да көнеді. Бәрі енді сіз бен бізге байланысты.
Хан қайтқысы келгенін білдіріп қалың жыңғылдың арасында қылт-қылт төбе көрсетіп түрған қызмет-шілеріне қарады.
Тевкелев соны аңғарып:
- Ал, алдияр патшаның жіберген грамотасын қашан алмақшысыз? - деп сүрады.
Хан:
- Хабар өзімнен болады. Әуелі мынау ірі-ірі билердің бір қатарының ауыз-ләмін байқап көрейін, - деп орнынан көтерілді.
Бұнымен қол ұстасып қоштасты да, күлтеленіп тұрған қалың жыңғылдың арасына сіңіп жоғалды. Жолда Таймас пен Юмаш қарсы жолыққан екен.
- Сен мені шығарып сал, - депті хан Юмашқа. Таймас мұны ертіп Маңтөбеге қарай беттеді. Ай батып, жұлдыз бозарып жаңа таңның хабары білініп қалыпты.
«Бәсе, қайдан түскен батпан құйрық деп едім-ау. Нағыз шырғалаң енді басталатын шығар», - деп ойлады Тевкелев құланиектеніп қалған күншығыс жаққа бір қарап қойып.
Ертеңіне, шынында да, таң атпай жатып шырғалаң басталды да кетті. Түнде Әбілқайырды үйіне шығарып салуға кеткен Юмаш сиыр сәскеге оралмай қойды. Елшіліктегі башқұрттар дүрліге жөнелді. «Орыс елшісінің келгенін башқұрттардан көріп жатқан болды. Әлгі Юмаш аман болса жарар еді», - деп Таймас жүз келіп, жүз кеткен шығар. Сәскеден аса бере Юмаш келді. Сөйтсе, түнде Әбілқайырды шығарып салып, қайтып келе жатса, жолда бір сойыл көтерген адамдар тап болып, таң атқанша аяқ-қолын байлап, сай бойында ұстап отырыпты. Таң атқасын бір үй толы ақсақалдардың алдына алып барыпты. Ызғар шаша қарап иін тіресіп отырып алған қазақ билері бірінен соң бірі сүрақты қарша жаудырып, Юмашты тергеп-тексере бастапты.
- Түн ортасында неғып жүрсің?
- Ханның ас үйіне барып келе жатыр ем.
- Онда не бітіріп жүрсің?
- Ет жей барғанмын.
- Немене, өздеріңде тамақ жоқ па?
- Бар. Бірақ елден шыққалы жас ет жегем жоқ еді, ет жегім келіп кетті.
Ін түбіндегі тышқандай сығалай қараған тіміскі көздер оның бүл сөзіне онша илана қоймаса керек, бастарьш шайқап бір-біріне қарапты.
- Әй, естек, - депті бір шеке тамыры білеуленіп тұрған қызыл сары еркек өндіршегін созып өңмеңдей тіл қатып. - Сенің әлгі былшылыңа сенетіндей бұл арада есектің миын жеген ешкім жоқ. Онан да шыныңды айтсайшы. Әйтпесе, сен секілді қаңғырманың құны бес-ақ тиын екенін білмейсің бе? Қол-аяғыңды байлап ана көлдің ар жағындағы жұтпаға тастай саламыз. Түні бойы ел адақтап жүрген су аяқ есектің қайда құрығанын кім біледі? Құныңды даулап әлгі қатын патшанын өзі келсе де, бір жіліншігіңді таба алмай арманда қайтады. Кәне, айт, түнде қайда болдың?
Юмаш әлгі айтқанын қайталап айтыпты. Одыраңдаған екі-үш жігіт бұзаубас дойырларын салақтатып қасына кеп тұра қалыпты. Біреуі қамшысының сабымен желкесінен нұқып түрып:
- Соқпа өтірікті! Сен әлгі шоқыншық елшіні ханға апарып оңашалап жолықтырып қайттың ғой! - деп гүр ете түсіпті.
Юмаш сонда да мізбақпай:
- Ал, алар жанымды ала қойыңдар. Мен айтарымды айттым. Түнде мен елшіні де, ханды да көруден аманмын. Олар бір-бірімен жолықты ма, жолықпады ма, одан да бейхабармын. Бірақ, ит те болсақ мұсылманбыз ғой. Қапы қалып жүрмеңдер. Орыстар сендерге бүгін бату, ертең тату болып итырқылжың боп жүре беретін башқұрт пен қалмақ емес. Кісісін өлтірмек түгіл, сынық бұрауын белдеріңе қыстырсаңдар, жез зеңбірегін сары үлектей желкеңе шәгеріп, жатып алады. Сендерге бодан бол деп зорлық жасаған ешкім жоқ. Болсаң болатындарыңды, болмасаң болмайтындарыңды ашып айтыңдар. Бірақ әлім-жеттік жасаймыз деп, сау бастарыңа сақина тілеп алмаңдар, - депті.
Үй толы еркектердің бірсыпырасы оның бұл сөзіне мұрттарынан күлсе, бір тобы көздерінің астымен бір-біріне қарасыпты. Манағы шеке тамыры бадырайған өжеңбай қазақ итініп тағы ілгері шығыпты.
- Сен өйтіп кеп былшылдама! Орыстың жәйінен біз де құр құлақ емеспіз. Ак, патшаның ондай мықтылығы бар екен, онда баяғы Дәулеткереймен бірге өлетін көп орысына неге құн сұрамайды? Хиуаны шауып алатын болса, баяғыдан бері қолына бүйен байланып қалып па, неғып отыр?
- Сол Хиуадан ауызы күйгесін де енді ол аяушылық жасамайды. Өзің бір өжеңдеген неме екенсің? Кәні батыр екеніңді білейін, өлтірмек түгілі тұла бойымнан бір қылшығымды орынсыз шығындап көрші, не болғаныңды білейін! - деп Юмаш қарсы ақырыпты.
Манадан бері қақ төрде үнсіз отырған қаба сақал қара қолын көтеріпті.
- Жә, жәйіне жіберіңдер. Бірақ әлгі қожайыныңа айта бар, біздің сыртымыздан ханмен жолығысар болса, екеуіне де жақсылық жасамаймыз. Ақ патшаның не айтып жібергенін бәріміз түгел отырған жерде айтатын болсын. Біз сені осы сәлемдемемізді елші мырзаға айтып барсын деп әдейі ұстап алдық, - деп қол-аяғын шештіріпті.
Тевкелев кешегі ханмен болған әңгімеден екі түрлі ойда қайтып еді. Оған ханның Мәскеуге елші шаптырып жүргені әншейін ақ патшаның көңілін аулап, сый-сияпат киюді ойлаған қулық сияқты көрінген-ді. Қазір төбесіне қарлы Қаратау құлап кететіндей сары уайымды сапырып сөйлегенмен отырысы, жүріс-тұрысы, бет-әлпетіне қарағанда тап онша алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ, әншейін елшіні алдын ала зәресін алып қорқытып қойып, ертең өз дегеніне жүргізу үшін әдейі істеліп отырған айла-шарғы секілді көрінген-ді. Таң атқанша көз ілмей ойланып шықса да, сол алданып қалмаудан басқа, көңіліне ешқандай қауіп-қатер кірмеген-ді. Енді, мынау әңгімеге қарағанда ханның кешегі сөзінің жаны бар сияқты. Хан мен екі араға кісі аттатпауға қауқарлары жеткеніне қарағанда мана Юмашты тергейтін айғыр топ би онша оңай жау бола қоймаса керек. Бірақ бұл қоқан-лоқыға ханның өзінің араласы жоқ па екен? Сол неме осының бәрін артынып-тартынып келген елшінің бар дүние-мүлкін тартып алып, өзін еліне құр қол қайтару үшін әдейі істеп отырған жоқ па! Кім біліпті, бұл немелерден ол да шығар. Көз алдында түнде керген Әбілқайырдың бордан қашағандай құп-қу жүзі елестеп кетті. Сазарған түрі жаман екен! Қулығына найза бойламайтын сұм кісінің сойы сияқты.
Енді ол мынау төңірегіне үн-түнсіз торып отырған жым-жырт ауылдың әр қимыл-қыбырын көз жазбай аңдып бақты. Мана Юмаштың тергеліп шыққан үйінің тұсында ат көбейді. Жан-жақтан шоқ-шоқ жүргінші келіп жатыр. Кешегідей бұқпақтауды, жасыруды қойған. Ауыл сыртына төртеу-бесеуден оңашаланып барып, әлгі үйдің қасындағы бес-алты үйге топырлап кіріп жатыр. Мынау, сірә, тегін жиын болмас. Хан орда жаққа кез салып еді. Ол жақта қара-құраң аз. Бірақ, орда маңында жүргендердің бар назары әлгі топылып кісі жиналып жатқан шеткергі ауылда отырғаны байқалып-ақ тұр.
Тевкелев басы дал болып ойланып отыр. Сонда ханның түндегі айтқаны шын болғаны ма!
Орыс елшісінің не ойлап тұрғанын сезіп қалғандай әлгі ауыл шетіндегі айғыр топ аттарына мініп хан ордаға қарай беттеді. Хан орданың тұсына жете бере аттарынан түсті. Мұндайда аттан көтеріп түсіріп ап, қауқылдасып жататын әдеттің ешқайсысы істелмеді. Состиып-состиып хан ордаға кіре бастады. Әншейінде қолды-аяққа тұрмайтын хан қызметшілерінің аяқ алыстары самарқау. Елбек қағып жүгірмей, тың тыңдап орда маңынан шықпай жұр.
Қасында тұрған Таймас.
- Әлгілер бір пәлені бастамаса жарар еді. Хан орданың төңірегі сілтідей тынып қалды ғой. Кезге шыққан суйелдей боп бұл арада тұрып алмайық. Үйлерімізге барып ақырын күтейік, - деді.
Бұлар үйлеріне кіре сала хан ордадан төрт-бес төлеңгіт шығып елшілікке беттеді. Біреуі Тевкелев отырған үйге кірді де, қалғандары сыртта тұрып қалды.
- Елші мырза, - деді үйге кірген төлеңгіт. - Хан билерге тиесілі сый-сияпатты тезірек беріп жіберсін, қазір таратып бермесек, істің насырға шабар түрі бар дейді.
- Хан құран ұстап ант бергенше, ақ патшаның сәлем-сауқаты ешкімге тартылмайды, - деді Тевкелев.
Төлеңгіт иығын бір қиқаңдатты да шығып кетті. Содан бесін ауғанша елшіні ешкім мазалаған жоқ. Хан ордадағы жиын да тараған жоқ. Бесін ауып кеткесін ханның манағы төлеңгіті тағы келді. Бұл жолы өңі тіптен қату.
- Елші мырза, - деді төлеңгіт нығарлай сөйлеп. - Хан мені тағы да жіберді. Егер осыдан бар дүние-мүлкін осы қазір беріп жібермейтін болса, мына билердің екеумізді де түтіп жейтін түрлері бар деді. Маған тиесілі сый-сияпатты ант алғасын тапсыра жатар, қалғандарын дәл қазір жіберсін, бастарымыз аман тұрғанда қызылкөз пәлелерден құтылайық деді.
- Ендеше, - деді Тевкелев. - Мен әуелі сый-сияпат үлестіретін жайым жоқ. Сәлем-сауқаттарын қазір алғылары келсе, ақ патшаның жіберген грамота қағазын да қазір қабылдайтын болсын.
Төлеңгіт тағы да құр қол қайтты. Хан ордада тағы да мәжіліс қызса керек, біраздан кейін ақ ордадан тағы біреу шықты. Бұл, бірақ, жаңағы төлеңгіт емес, басқа адам болып шықты.
- Мені сізге, елші мырза, хан емес, билер жіберіп отыр. Осы қазір ақ патшаның хатын алып хан ордаға келсін, - деді.
- Жарайды, барамын деп айтты де, - деп оны кері қайтарып жіберді.
Міне, қызық, билер бұдан сый-сияпат емес, ақ патшаның хатын талап етіпті. Сонда қалай болғаны. Хан қайта-қайта дүние сұрағанша, билерге не керек екенін бірден неге айтпаған...
Тевкелев әрі ойланып, бері ойланып, әбден қас қарайып, түн болғасын қасына екі геодезист, жеті башқұрт биін ертіп, патша жіберген көк сафиян қапты түтікшеге салынған хатпен біраз сый-сияпат алып хан ордаға беттеді. Орта жолда алдарынан төрт жасауыл шықты. Хан орданың қасынан екі би қарсы алып, алдарына түсіп бастап жүрді.
Айлапат ақ орданың іші ала көлеңке. Екі жақ босағадан бастап иін тіресіп отырған билердің өңі қарауытып көрінді. Қақ төрдегі Әбілқайыр хан мен қасындағы екі би орындарынан түрегелді. Тевкелев патшаның хатын ханның қолына тапсырды. Хан оны маңдайына тигізіп алдына қойды. Елшіге ысырылып сол жағынан орын берді. Жайғасып болғасын Тевкелев сөз бастады.
- Сен, Әбілқайыр хан, күллі Ресейдің ұлы мәртебелі императоры, біздің нұр сипатты алдияр падишамыз Анна Иоан қызына өзіңнің елшілерің Құттымбет Қоштаев пен Сейтқұл Құдайқұловты жолдап, алдияр тақсыр патша ағзамнан қол астыңдағы жұртыңмен Ресейдің қарамағына алуды өтініп, Ресейдің басқа бағыныштыларымен тату-тәтті қарым-қатынас орнат-қың келетінін айтып хат берген екенсің. Ұлы мәртебелі император, нұр сипатты һәм шарапатты алдияр тақсыр патшамыз Сізді, Әбілқайыр хан, билеріңіз бен күллі қырғыз-қайсақ ғаскерін мейірімі түсіп, өз үмбетім деп танитынын білдіріп, мені арнайы хатымен осы сапарға аттандырды және Әбілқайыр хан, сізден және күллі қырғыз-қайсақ ғаскерінен әрдайым өзінің қамқорлығы мен шапағатын аямайтынына сөз беріп, хан мен қырғыз-қайсақ ғаскері өз уәделерінде тұрып, ұлы мәртебелі патша ағзамның алдында адал қызмет атқарады деп сенетінін мәлімдеуді тапсырды. Хатыңызда айтылған шарт бойынша, мен сіздердің ұлы мәртебелі патша ағзамның мейірбанды қол астына бағынатындарыңызды өз ауыздарыңыздан естіп, өз қолдарыңызбен куәландыруға келдім.
Патша жолдаған екінші грамотадағы шарттарды әдейі айтпай қалды. Онсыз да сазарып отырған билердің шаптарына шоқ тастап шоршытып алмайын деп ойлады.
Үй-ішіндегілер оның сөзін үн-түнсіз тыңдады.
Елші сөзін бітіріп, жан-жағына көз тастап еді, ханның оң қолында отырған би:
- Елші мырза, үйіңізге бара беріңіз. Кейін өзіміз хабарласармыз, - деді.
Тевкелев ауырлап басып сыртқа шықты. Қасына еріп барған кісілер ере шықты. Оларды ауыл сыртына шығарып салған төлеңгіттерге қарап еді, біреуінің өңі таныс сияқтанды да тұрды. Ол қазақша киініп алған жансыз башқұрт еді.
Бұлар ұзай бере ақ ордадан әжептарқы айқай-ұйқай дауыс шықты. Әлденелер сарт-сұрт ете қалғандай болды.
- Жанжал енді басталды! - деді Таймас хан орда жаққа қүлағын түріп.
Сөйтсе, бұлар шыққан бойда айқай дау басталыпты. Бұның тастап кеткен сый-сияпатын ортаға үйіп, таласып-тармасып бөлісе жөнеліпті. Бір-біріне қамшы сілтесіпті. Қызыл кеңірдек топ бұл елшіні еліне аман жіберуге болмайды, өзін өлтіріп, дүние-мүлкін талап алу керек деп шешіпті. «Қайдағыны қайдан шығарып жүрсің?» - деп ханның өзіне тап-тап беріпті.
Әлгі төлеңгіт боп киініп үй сыртында қалған башқұрт хан ордада сол түні не болып, не қойғанын аудармай-төңкермей айтып келді. Долырып алған бидер орыс елшісіне жол басшы боп келген башқұрт билерінің де бірін қалдырмай түгел қырып тастау керек депті. Башқұрт билері мұны естіп, Тевкелевтің үйіне кіріп келді. Содан таң атқанша мәслихат болды.
- Е, бәсе, қазақтар неғып бір дүрлікпей көне салады деп едім-ау! - деді елшінің оң тізесін баса отырған Алдарбай Есеке ұлы.
- Алдияр аға-ау, оны білсеңіз, баяғыда елшілерін Уфаға ертіп әкелген өзіңіз едіңіз ғой. Әуелден басын ашып алмадыңыз ба? - деді Таймас Шәйім ұлы.
- Ханға ноқтасын ұстатпай отырған қазақтар Алдияр-ағаға қайдан бола қойсын, - деді Ақмолла ақын.
Нарттай қызыл Шима батыр мынандай қысылтаяң жағдайда қызыл тілге дес беріп отырған үш серігіне жақтырмағандай жалбыр қабағының астынан сазара бір қарап қойды.
- Одан да не істеуіміз керек, соны ақылдасайық та, - деді тәпелтек бойлы төртпақ Кесемше Бекқожа ұлы.
Сұйық қас қолағаш мұрын бұжыр кісі Отжаш Разманқұл ұлы қамшысының сабымен қолын сабалап отырып:
- Не де болса, тезірек бір шешімге келмесек болмайды. Таң атқанша олардың тағы қандай зобалаң шығаратынын кім біліпті, - деді.
- Баяғыда осы қазақ ұлыстарына талай елшілікке келіп едің ғой. Сенің не ойың бар, Таймас, айтсаңшы? - деді манадан бері үнсіз отырған жарғақ құлақ жарғанат бет Оразбай Абазынұлы.
Таймастың орнына аққұба таразы жігіт Қыдрияс Молақаев сәйледі:
- Бұл топалаңды бір тоқтатса, Бөкенбай тоқтата алады. Немере інісі Құдайназар мырза, күйеуі Есет батыр үшеуі бұл өлкедегі ең дәулетті, ең беделді адамдар. Оларға көңілдерінен шығатындай сый-сияпат беріп, өз жағымызға шығара алсақ, мынау есер тобырға бір қайран табуға болады. Ал, олар кенбесе, онда үмітті үзе бергеніміз жөн.
- Сонда ол Бөкенбайға қалай хабар бере аламыз.
- Мына Таймас екеуі көптен сыралғы достар ғой. Бозала таңда боз ат мінген Таймас батыр Бөкенбайдың ауылын іздеуге аттанды.
Араға екі күн салып қасына Бөкенбайды ертіп Таймас батыр қайтып оралды.
Қақ төрге Бөкенбай кеп отыра кеткенде елшінің құлазып тұрған кең үйі аяқ астынан толып кеткендей болды.
Тевкелев мынау еңгезердей кісі бүл әңгімеме қалай қарар екен дегендей, жалтақ-жалтақ қарап қойып сөз бастады.
- Батыр, Таймастан жол-жөнекей өзіңіз де естіген шығарсыз. Мен Әбілқайыр ханның ақ патшаға жазған хаты бойынша ант алуға келгенмін. Сәйтсем, мұнда жұрт іри-тіри екен. Енді, міне, қайдан келдікке түсіп, пұшайман болып отырғанымыз. Қазақты орыс патшасының қол астына зорлап кіргізгісі келіп отырған ешкім жоқ. Әңгіме жоқ жерден әңгіме бастаған әздері. Енді кеп ақ патшаның елшісіне қол көтергілері келеді деп естиміз. Ақ патша әздігінен ешкімге тимейді, ал өздері тигенді оңдырмайды да. Егер қырғыз-қайсақ жұртының көңіліне ондай қара қашар болса, шектес тұрған ез ғаскерін, сондай-ақ өзіне бағынышты башқұрт, қалмақ ғаскерін қара құрттай қаптатады да жібереді. Орыс өкіметі өз елшісінің қанын сұраусыз қалдырмайды. Қазақтар одан да патшаның қол астына кіргіміз келмейді деп, ашып айтсын да, мені аман-сау жөніме жіберсін.
Бөкенбай елшінің бетіне бұрылып бір қарады да, байсалды дауыспен:
- Осы ана жолғы орыс елшісін өлтірген хиуалықтарға ақ патша қандай жаза қолданды? - деп сұрады.
Нар түйедей маңқиған батырдың аңқаусып айта салған мына сұрағы Тевкелевтің шымбайына батып кетті.
- Хиуалықтар адам көрмеген хайуандық істеді. Ақжолтай елшіні өлтіргенді ешбір ел, ешбір дін қолдамайды. Ондай кісәпірлықтың арты ақыры жақсылыққа соқтырмайды. Князь Бекович опасыздықпен қаза тапқанда орыс патшасы терістік елдерімен соғысып жатқан-ды. Сондықтан Хиуа өкіметінен өш қайтарып жатуға ол кезде мұршасы болмады. Әлгі соғыс аяқталған кезде Хиуа ханы ақ патшаға «әке-көкелеп» елші салып, баяғы білместіктеріне кешірім сұрады. Ол екі ортада Хиуаның тағына басқа хан отырған екен. Патша соны ескеріп бір жолға кешірім жасады, бірақ бұдан былай ол өз елшісіне қол көтерген елге ешқандай аяушылық жасамауға шешім қабылдады.
Бөкенбай: «Әлбетте!» - дегендей бас изеп қойды. Манадан бері оның қасы мен қабағына қарап қыбыжықтап отырған елші тілінің тиегі енді ағытылайын деді.
- Батыр, сізді осы аймақтағы қазақтың ең беделді кісісі дейді. Сіз қостамасаңыз ханның өзі де аттап баса алмайды дейді. Халқыңыздың алдындағы зор беделіңізді пайдалансаңыз, бір пайдаланатын жеріңіз осы. Ол жақсылығыңызды ақ патша өле-өлгенше ұмытпайды. Өз басыңызды бүкіл жұртыңызды ұлы мәртебелі патша ағзамның мейірбаншылығы бөлеуді мен өз мойныма аламын. Тек мынау тар жерде қол ұшыңызды берсеңіз болғаны. Еңбегім зая кетеді деп ойламаңыз. Алдияр патшаның қазақ жұртының сіздей ізгілікті адамдарына тарту-таралығы қып тарт деп жіберген азғантай сый-сияпаты да бар.
Саулап сөйлеп отырған елші осы араға әдейі кідірді. Бөкенбай сол тұнжыраған қалпы қабағын ашпады.
- Сонда олар сізден не талап етіп жүр? - деп сұрады.
- Өзіме ештеңе деген жоқ. Бірақ, мен кеткесін орыс елшісінің өзін өлтіріп, дүние-мүлкін талап аламыз, оған жол бастаушы болып келген башқұрттарды бірін қалдырмай қырып тастаймыз, - депті.
Бөкенбай біраз ойланып отырды да:
- Пәтшу! - деді. - Уайымдамай тұра тұрыңыз. Олармен өзім сөйлесіп көрейін. Тевкелев батырмен жарыса түрегеліп:
- Батыр, қызметіңізге алла риза болсын. Ақ патшаның арнайы жолдаған сәлем-сауқатын алсаңыз қайтеді. Сіздей жақсыдан ештеңе аяма деген. Әзірге жарты мың сомның затын бере тұрайын, - деп сандыққа ұмтылып еді.
Бөкенбай қайырылып тұра қалды.
- Әуре болмаңыз. Мен тарту-таралғыға бола қызмет қылады екен деп ойламаңыз!
Тевкелев есікті серпіп ашып шығып кеткен батырдың артынан аң-таң боп тұрып қалды. «Ренжітіп алдым ба?» - деп уайымдады.
Бөкенбай батыр қол ұшын беруге уәде қылғанмен Тевкелевтің жаны жай таба алмады. Олай-былай боп кетіп жүрсек, бәріміз түгел қырылып қалмайық деп бес кісі дворян, бес кісі қазақ жүз башқұртты Уфаға аттандырып, қолдарына воеводаға апарып тапсыр деп хат беріп жіберді. Олар Уфаға аттанып кеткен күні кешқұрым Бәкенбай келді. Ол ертең билер жиыны болатынын, оған Тевкелевтің де шақырылатынын айтты.
- Бірақ, топ алдында қысылып-қымтырылмай батыл сөйлеңіз. Біздің халқымыз сыпайы адамдардан гөрі әжет адамдардың сөзіне көбірек ден қояды. Ешқандай қам жемеңіз. Орталарында өзім боламын, - деді.
Тевкелев сонда да сене қоймай:
- Батыр, осы айтқан сезіңізге осы қазір оңаша ант берсеңіз қайтеді, - деді.
Бөкенбай сәл аңырып тұрып:
- Жарайды! - деді.
Тевкелев жалма-жан сандығын ашып ішінен құран суырып Бөкенбайға ұстатты. Бөкенбай құранды алып:
- Ақ патшаға және елшісіне бар қар-қадарымша адал қызметімді аямаймын, - деп маңдайына бір тигізіп, қайтарып берді.
Тевкелев көлдей ала қағазды алдына төсеп еді. Оң жақ ортан қолындағы жүзігін алып мөрін басты.
Ертеңіне күндіз билер шақыртып жатыр дегенге хан ордаға барып еді, табалдырықтан енді аттай берген Тевкелевке жан-жақтан алара қарасты. Тевкелев тәкаппар басып төрге озды. Ашудан жарылып кете жаздап отырған билер оған дүрсе қоя берді.
- Сені мұнда кім шақырды? Біздің жұртымызға неге келдің?
Тевкелев аспай-саспай сөз бастады.
- Мені мұнда өздерің шақырдыңдар. Ақ патша елші жіберіңдер деп сендерді қыстаған ешкім жоқ. Орыстың қол астына өз еркімізбен бағынамыз деген өздерің. Сол уәделерің бойынша мені осында жұмсап жіберді. Қалған хабарды анау Құттымбет пен Сейтқұлдан сұраңдар. Ақ патшаға бағынышты болғандардан не талап етілетіні соларға айтылған.
Мына естіген билер енді Әбілқайырға жабылды.
- Билермен ақылдаспай тұрып, хан ешқандай шешім қабылдамайды деген ата-баба жолы қайда? Орысқа бағынамыз деген сөз біздің ауызымыздан қашан шығып еді? Ата дәстурін аттап, қарауындағы жұртпен ақылдаспай, басқаға бодан болғысы келген ханның қандай жазаға бұйырылатынын неғып білмейсің?
Ханның онсыз да сұп-сұр жүзі сілтіге салған сүйектей қурап кетті. Жартылай жүмсақ көздерін жарқыратып ашып алды. Жанарында қылыштың жүзіндей суық жылт оянды.
- Жә, шуылдамаңдар, түге! - деді зекіре тіл қатып.
- Ел басына күн туса, хансың ғой, алдымызға түс деп жағалағанда жақсысыңдар. Ал хан екенмін деп бірдеңе істей қалсаң болды, өстіп әрқайсың әр шалғайымнан тістелеп шыға келесіңдер. Сонда менің хан болғаным қайсы? Хан екенім рас болса, қол астымдағы жұрттың қамын қайтып ойлаймын! Көздерің көрмей ме, иесі бар жылқының басы бағулы, жемі салулы, сусыны қанулы, күн суытса - сауырына жабу жабылады, балшыққа батса - үсті-басы жуылады. Ал, иесі жоқ, түзде жүрген тарпаң ше? Оның қай жәйі болып жатыр? Адам көрсе атып алғысы кеп тұрады, аң көрсе - тарпа бас салғысы келеді де тұрады. Мені мен менің қол астымдағы халықтың көрген күнінің сол тарпаңнан несі артық?
Тарпаңмын деп беталды құла түзге тасырлап жүргеннен бір халықтың ауызы күйсе, қазақтың ауызы күйетін болған шығар деп ойладым да, ашықсам жем, тоңсам жабу салатын ие іздедім. Ондай иені таптым. Ол - анау ақ патша. Айтқанымды қабыл алып, елшісін жіберіп отыр. Мен міндетімнен құтылдым. Басқалардай басымызға пана, иінімізге ық, арқамызға сүйеу керек дейтін болсаңдар - маған еріп, мына келіп отырған елшіге ант бересіңдер, ал сол баяғы өз құйрығымызды өзіміз тепкілеп жүргенімізге мәз бола береміз десеңдер, бір борбайымызды бөрі тістеп, бір борбайымызды жаудың тұзағы қармап, сол баяғы сүрген дәурендеріңді сүре бересіңдер. Өз басым ондай тірліктен мезі болып біттім. Өлтірсеңдер өлтіріңдер. Аңмен аң болып арпалысып өткеннен гөрі қара жердің астында аяғымды еркін созып тыныш жатқаным жақсы.
Ханның шамына тигендеріне масарап отырған билер тағы да Тевкелевке бұрылды.
- Біз ханға орыспен тату-тәтті тұрайық, одақтас болайық деп елші жібер дедік, бірақ бағынамыз, басыбайлы бодан боламыз деген жоқпыз. Оны шығарып жүрген өзі. Енді, міне, сен келіпсің. Қазақтардың қандай жұрт екенін, ғаскерінің қандай екенін біліп алуға келгенің бірден сезіліп тұр. Жансыз екеніңді айтпай көріп отырып, еліңе қайдан аман-есен жібере салайық?!
Саған қандай жаза қолданылатынын мына бүгінгі жиын шешеді. Үй толы жұрттың біразы бастарын изесіп қауқылдасып қалды. Тевкелевтің екі жауырынының арасынан мұздай тер шыққандай болды. Екі шықшыты солқылдап қоя берді. Көзі Бөкенбайға түсіп кетіп еді, батырдың беті қабарытып буырқанып отыр екен.
Тевкелев енді, не де болса, тайынбасқа бел буды.
- Ағайын, - деді жұртқа көзін бір-бір қыдыртып. - Жаңылмасам, сендердің халқыңның «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл», - деген сөзі бар сияқты еді. Сол өздерің шығарған мақалды өздерің ұмытып қалғандарыңа қайран қалып отырмын. Сендер орыс мемлекетін кім деп ойлайсыңдар. Құлмен де, құтанмен де одақтас болып оған не көрініпті? Ресейдей ай астын тітіретердей айбынды елге одақтас бол деуге ауыздарың қалай барады? Жапан түзде аңмен аң боп жортып жүрген жабайы халықты ақ патша одақтас қып қайтеді?
Ондай елмен тату-тәтті тұрамын деп уәде де бере алмайды. Өйтіп алтын басын қор қылмайды. Өйтетіндей, қырғыз-қайсақ Ресейге не істей алады деп қорықсын. Ал, Ресейге келсек, оның өзі түгілі қол астындағы бағынышты халықтардың өздері-ақ қырғыз-қайсақтардың төбелерінен жай түскендей жайратып кете алады. Бір жағыңда - қалмақ, бір жағыңда - башқұрт, бір жағыңда - сібір қалалары, бір жағыңда - Жайық казактары. Қауқарларың кімге жетеді деп кергисіңдер.
Өз еріктеріңмен бағынғыларың келмейді екен, бағына көр деп сендерге жалынып отырған ешкім жоқ. Ал, бірақ сендермен одақтас боламыз деп келісім шартқа отырып қасиетті Ресейдің атағына дақ салатұғын жәйім жоқ. Ресей сендерсіз де одақтас таба алады, сендерсіз де бағыныштылар таба алады. Сендер сияқты ысқырса желдің алдында, қуса аңның алдында жөңкіліп жүрген жабайы халық түгілі анау грузиннің патшасы, қалмақтың ханы, маңғұлдың Әліқұл ханы, қалпақтың Өсмей ханы, кабардиннің, құмықтың, тердің, бара-ғұнның, ақсайдың дербес князьдері ақ патшаның шарапатты қол астында болуды өздеріне зор бақыт санап отыр. Олардың қасында сендер кім болыпсыңдар?! Ресейдің қол астына кірсеңдер кіретіндеріңді айтыңдар, кірмесеңдер - жолымнан қалдырмай жайыма жіберің-дер!
Орнынан тізерлей көтеріліп сөйлеген Тевкелев қайтадан басылып отырды. Үй-ішіндегілер бір-біріне қарап дүрліге бастады. Шамасы, баяғы Юмашты тергеген би болса керек, бір шеке тамыры бадырайған қызыл қазақ:
- Ау, мына шоқыніиықты жер-жебірімізге жеткізіп қоямыз ба? - деп ілгері итініп шыға беріп еді, төр жақтан Бөкенбай гүр ете қалды.
- Бұл әңгіменің енді саудаға салатын несі қалды? Қазақтың басына түскен қай ауыртпалықта да тартынып қалған жерім жоқ. Ағайын, бір кісіге риза болсаңдар, маған риза болатын жөндерің бар. Әлі де тартысатын жаумен тартысуға, айтысатын жаумен айтысуға дайынмын. Бірақ қызыл тілде буын жоқ екен деп жөнге тоқтамау ата-бабаның салтында жоқ. Қазақтың қара көшінің қара бұлттың айтқанымен көшіп, ала қиқудың айтқанымен босып жүре бермей, ертеңін ойлап, белгілі бір тұрақ табатын кезі болды дегеннің түсінбейтін несі бар? Алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысудың жөні осы екен деп төрт тарабыңмен түгел теке көзденіп отырмай, бір жағымызды желге ұстасақ, бір жағымызды ыққа ұстайық, бір қолымыз болмаса, бір қолымызды жау жағасынан бос ұстайық, өйтпесе көк ит боламыз деп жүріп, көп иттің талауында кетпейік дегеннің түсінбейтін несі бар? Әбілқайырға жау іздегенде ұстатқан ноқтамыз, дос іздегенде ұстатпайтын жәйім жоқ. Қол астымдағы рулы еліммен ақ патшаның боданында боламын деп алдымен мына мен айтам. Сол үшін алланың атымен пайғамбарым ұстаған киелі кітапқа маңдайымды тигізіп ант беруге дайынмын. Ал, осымен қызылкеңірдек дауды қояйық. Ант бергілерің келмейтіндерге зорлық жоқ. Ант беретіндердің бері шығыңдар. Ал, алдияр хан, жол сіздікі! Алдымен ант беріңіз!
Жаңа ғана қайнаған қазандай буырқанып отырған үй іші сілтідей тына қалды. Әбілқайыр хан ортаға озды. Ақ атылас орамалдың үстіндегі құранды қолына алып:
- Ақ патшаның алдында айтқан сөзімді алла алдында да айтамын. Сөзім сөз, уәдем уәде! - деп маңдайына тигізді.
Сосын тілмаш ұсынған шиыршық қағазға мойнындағы дөңгелек күміс мөрін алып, бір түкіріп: «Бісміллә!» - деп баса салды. Дөңгеленіп түскен арапша жазудың қасына Тевкелев орыс әрпімен бадырайтып: «Әбілқайыр ханның мөрі», - деп жазды. Ханнан кейін құранға Бөкенбай батыр қол апарды. Бөкенбай батырдан кейін, Есет батыр қол қойды. Есеттің орнына Құдайназар мырза барып тұрды. Олардан кейін Кіші жүз бен Орта жүздің кейбір руларының жиырма жеті биі ант берді.
Қалған билер ант беріп жатқандарға тістене қарап біраз тұрды да, сол тоң-торыс қалыптары аттарына мініп аттанып кетті. Бір жағынан ант қағазға қол қойғызып, екінші жағынан ант бергендерге сый-сияпат үлестіріп тұрған Тевкелев іштей сынық тиынға дейін шашау шығармай санап тұр. Бүгін небәрі 110 сом 60 тиынға тарту-таралғы тарапты. Ал бұны мен ханды, құран ұстап ант беріп жатқан билерді ала көздерімен атып атқа қонғандардың саны тіпті көп. Аяқ астынан үн-түнсіз қалғандарына, басқандарынан жер ойылардай боп нығыз аттағандарына, ерге қонғанда аттарының бүйірі солқ ете қалғандарына қарағанда әбден қандарына қарайып, іштерінен: «Қап, бәлем, сендерді ме!» - деп зіл жиып кеткендері белгілі болып тұр.
Осыншама көп атты шұбырып шыққан үлкен ауыл өлік шыққан үйдей болып жым-жырт тыныштықтың құшағында мүлгіп қала берді.
Иығынан жүк түскендей болып қоналқы үйіне көңілді келген Тевкелев есікті енді аша беріп, артына қарап еді, мойындарын омырауына алып асықпай аяңдап бара жатқандар көкжиекті түгел көміп кетіпті. Арасына ат сіңе алмастай тығыз кетіп барады екен. Елшінің жүрегі мүздап қоя берді. Мынандай көп, мынандай айбарлы топ оны аман қоймаса, аман қоймайтыны рас та шығар.
Содан бір күн бойы ешқандай хабар шыққан жоқ. Екі күн бойы ешқандай хабар шыққан жоқ. Үш күн бойы ешқандай хабар шыққан жоқ. Төртінші күн де солай, ал құлақтан тыныш құлақ өтті. Ал, бесінші, күні, октябрьдің он бесі күні...
Таң атпай жатып хан ордадан баяғы бір орақ мұрын төлеңгіттің жалаңдап тағы жетіп келгені. Жалмаңдап біресе ол жағынан, біресе бұл жағынан шығады. Өзі өзге қазақтарға ұқсамайды. Кавказдықтарға келіңкірей ме қалай? Аты жөні де қызық екен: Бәйбек Ағлұқ.
Жылмаңтөс неме есіктен аттай сала сайрап қоя берді.
- Ойбай, елші мырза, анау күнгі көрместей болып кеткен қыңыр билердің қатары күн сайын көбейіп келеді. Олар біреуді қорқытып, біреуді үркітіп өз жақтарына шығарып жатыр. Хан айтады, біз де қол қусырып отырмайық деді. Олар жұртты қорқытып көндірсе, біз сый-сияпат тартып көңілдерін аулап бағайық дейді. Сосын сізге алпыс аршын шүға, елу аршын қырмызы, жиырма мәлін, қырық құндыз, жиырма иленген қызыл тері, бес құлаш қамқа, бес түлкі, үш құлаш қытай жібек беріп жіберсін деп сәлем айтты.
Төлеңгіттің аузы-аузына жұқпайды. Тевкелевтің жыны келіп отыр.
- Ханға сәлем айта бар, - деді. - Сұрағандарын бере алмаймын. Өйткені соншалықты қыруар дүние менің өзімде де жоқ.
Содан тағы да екі күн бойы айналадан тас саңырау бейхабар боп жатып алды. Хан орда да тым-тырыс. Ең болмаса, мата сүрап төлеңгіт те келмейді.
Үшінші күні кешқұрым Бөкенбай батыр келіп елшінің қасына қонып шықты. «Өңшең шуылдақтардың өлтіреміз дегеніне қорықпа, олар тулап-тулап әлі-ақ көнеді», - деді. Тевкелев оған тар күнде қол үшін бергені үшін алғыс айтып, ұлы мәртебелі патша ағзамның алдындағы адал қызметі туралы тиісті орындарға жеткізуге уәде берді.
- Қазақтардан несіне қорқайын. Маған жамандық жасаса, орыстарды қойып, қалмақтар мен башқұрттардың өздері-ақ оларды тігерге тұяқ тастамай қырып тастайды, - деп салды.
Бөкенбай үндеген жоқ. Күлді де қойды. Ертеңіне ол өз ұлысына жүріп кетті. Бөкенбай кеткесін елшіліктің іргесінен тыныштық кетейін деді. Тападай тал түсте әлдекімдер айқай сап шауып кеп жүктеулі тұрған арбаларын сарт-сұрт сабап кетеді. Түн болды-ақ тұстарынан дүрсілдетіп олай шауып өтіп, бұлай шауып өтіп ұйқы бермейді. Таңертең қараса - бір-екі жылқысы жоқ болып шығады.
Тевкелев кешқұрым қоңыраулатқан темір сандығын ашып, қойын дәптерін алып, көрген-білгенін жазып қояды.
Октябрьдің жиырмасы күні Байбек төлеңгіт тағы келді. Хан баяғы сұрағанын тағы сұрапты. «Бізге қарсы билер әбден өшігіп алды. Ол қызыл көз пәлелерді көзінің жауын алар қызылды-жасыл дүниемен ғана тоқтатуға болады. Егер осы жолы айтқанымды екі етер болсаңдар, онда дүние-мүлкіңізді өзім барып шауып аламын. Ол үшін алдияр патша маған ешқандай айып таға алмайды. Өйткені мен жұртымды ақ патшаның қол астында көндіру үшін жанталасып жатырмын», - депті.
Тевкелевке ханның сұраған дүние-мүлкін беріп жіберуден басқа амал қалмады. Өзі алып баруға әрі намыстанды, әрі әрдайым дымы ішінде болып, мелшиіп отыратын үндемес ханның тағы не ойлағаны бар екенін кім біліпті деп қорықты. Беретін нәрселерінің бәрін Таймасқа ұстатты. Не де болса, қас-қабағы түсініксіз қазақ ханының ық жағын ала беруге бел буды. Онсыз да таң атқан сайын төрт-бес аттан айырылып, әбден қара жаяу қалатын түрі бар. Елшінің аттарын қуып бара жатқан екі жігітті Әбілқайыр ұстап алып, қол-аяғына кісен салып байлатып тастапты.
Тевкелевтің түн баласы аузынан түспейтіні: «тәуба!» Күн баласы ойынан кетпейтіні: «Тәуба!» Қасындағы нөкерлерінің де мойындары ырғайдай боп әбден арықтады.
Сүйтіп қаралай жаны қара тырнағаның ұшында жүргенде октябрьдің дәл жиырма екісі кешкі сағат алтының шамаларында хан ордадан екі етек боп жүгіріп келе жатқан біреуді көрді. Төбе құйқасы шымырлап қоя берді.
Қорықса, қорыққандай да екен. Әнеугүнгі Әбілқайырдың ұстап алып кісендеп қойған екі жігіті жаппас руының адамдары болып шығыпты. Оны естіген Баймұрат қаһарына әбден мініпті. Алдымыздағы түнде қол жиып кеп елшіні де, ханды да, шауып алмақ керінеді.
Хабаршы жігіт хабарын айтып болғанша ханның өзі де жетті.
- Ал, елші мырза естідіңіз ғой. Енді не істейміз?
Сол екі ортада башқұрт билері де жиылып қалды.
- Бөкенбайдың ұлысы бұл арадан алыс па?
- Үш күндік жер.
- Ойбай, соған хабаршы жіберу керек.
- Ол хабаршы барып келгенше, мұнда болары болып, бояуы сіңіп қоймаса...
Хан Бөкенбайға хабаршы шаптырды. Өзі хан ордаға қайтып кетіп, елшілікті ордаға қарай көшіре бастады. Бірқ үлгере алмады. Қас қарайып ымырт үйіріле күн шығыс жақ түгел қауқылдасып қоя берді. Даурыға сөйлескен адамдардың дауысына дүсірлеген түяқ дыбысы қосылды. Бейуақтағы мынау жортуылдан қара жердің өзі қаралай тітіркеніп жатқандай. Жан-жақ жапыр-жұпыр үнге толып кетті,
Көп ұзамай күн шығыс жақтағы дөңбек жалдардың басына орнаған ымырт ала бәтен қалыңдап кеткендей қара түнек боп түнеріп қоя берді. Ол - Баймүрт еді. Соңына ерткен қолы, шынында да, қарақұрым екен. Әлгінде ғана Әбілқайыр айтып тұрғандай, Тосын құмын жайлайтын жаппастар тайлы-таяғымен түгел келе жатса керек, Маңтөбенің маңындағы ауыл әп-сәтте ақ шаңыттың астында қалды.
Тевкелев қарауындағыларды жиып алып:
Ал енді басымызға қандай қиындық түссе де, ұлы мәртебелі патша ағзамның атын, киелі Россияның абыройын аяққа бастырмайық. Өліспей беріспейік, - деді.
Қолдарына мылтық, қылыш найза ұстаған орыс солдаттары мен башқұрттар елшінің мекен жайын шыр айнала қоршап тұрып алды. Жаппастар хан орданы да қамап алып айқайды сальш жатыр. Ақ сұр ат мінген шаңқылдақ кісі әрлі-берлі шапқылап жүр. Баймұрат сол екен. Баяғы шеке тамыры бадырайған қызыл сары би боп шықты. Біресе хан орданың тұсына барып шаңқылдайды. Біресе елшіліктің тұсына келіп шаңқылдайды.
- Кісендеулі екі жігітімді ат-шапан айыптармен қайтармайтын болсаңдар, менен жақсылық күтпеңдер. Түн ортасы ауғанша мұрсат берем. Сол екі ортада талабым орындалмайтын болса, обалдарың өздеріңе. Ордаңды шағып, отын етіп жағам. Елшіңді мойнына к,ыл түзақ салып сүйретіп әкетем. Жауабын патшаның алдында мен емес, сен бересің, Әбілқайыр!
Оның мына ащы даусынан қаймыққандай ай да сол күні шағырмақтанып туды.
Түн ортасынан енді ауа бергенде Баймұраттың жігіттері лақтырған қыл тұзақ Тевкелев отырған үйді белдеуінен орап ап сытырлатып ырғай бастап еді, ханның бір адамы шауып келді.
- Тоқта батыр, екі жігітің босатылды. Бір жолға ашуыңды қи! - деді.
- Пәлем, солай ма екен! - деп Баймұрат тістенді. Соңындағы қалың қол қарқылдап күліп, дүсірлетіп шауып ала жөнелді. Ертеңіне тәңертең тұрып санаса - тағы да он бес жылқысы жоқ боп шықты. Шамасы, Баймұраттың әнеугүннен бері кісенде жатқан екі жігітіне алған «ат-шапан айыбы» болса керек.
Жаппастар кеткен бойда елшілік хан ордасының қасына көшіп келді. Сол күні түнде Тевкелев Уфа кәпесі Иван Кормщиковті бірқатар товарымен кері қайтарды. Қасына бірнеше башқұрт ере кетті. Оны тіпті ханның әзі де білмей қалды.
Тағы да бір апта тым-тырыс өтті. Мынау беймезғіл тыныштықтан сескенген Тевкелев кісілері сыртқа аттап шығудан қалды. Күндіз үйықтап, түн баласы тістері тістеріне тимей үй айнала күзетіп шығады. Сөйтіп жүргенде ноябрь туды. Ноябрьдің үші күні тағы да бір топ адам келіп таң атқанша қамап тұрып алды. Қарап тұрмай оқ атып елшілікке тігілген үйлердің үзіктерінің дал-дұлын шығарды. Енді болмағанда елшілік қараптан-қарап жебе оғына жем болар түрі бар. Тевкелев адамдары мылтық атуға мәжбүр болды. Сол-ақ екен, шырқ айнала қоршап алып, қауқылдасып тұрған қазақтардың бірі ат үстінен гүрс етіп құлап түсті. Таң атып қалған кез еді. Оққа ұшқан кісіні алдарына өңгеріп алған қазақтар: «Ойбай, бауырым» - деп дауыс қылып, әлдеқайда ызы-қиқы қым-қуыт жөнелді. Өздері сүйтіп жүріп, он жеті жылқы, үш түйені алдарына сап қуа кетуді ұмытпапты.
Ноябрьдің бесі күні Бекенбай батырдың ұлысы жақын жерге көшіп қонды. Көштерін қондыра сала қасына немере інісі Құдайназарды ертіп Тевкелевтің қосына келді. Екі ескі көзтаныс қүшақтасып көрісті.
Бөкенбай:
- Қапа болма. Қасық қаным қалғанша өзім қорғаймын. Енді олар тиіп көрсін, - деді.
Тевкелев көзіне жас алардай болып алғыс айтып, қадірлі меймандарына тоқсан сомның дүниесін сыйға тартты.
Енді бұрынғыдай емес арқасы кеңиін деді. Бүгежектеп үйден шықпайтынды қойып қайтадан қарауыл төбенің басына шығып жан-жағына көз салатынды шығарды. Дала баяғыдағы бүл келгеніндей емес құлазиын депті. Тойған қозының бүйіріндей томпиған жалдардың бәрі сарғыш тартыпты. Күні кеше күнге шағылысып күлің-күлің етіп жататын күміс көлдер қарауытып көрінеді. Көл жағасындағы қалың құрақтың да базары тарайын деген бе, бүрынғы ызы-қиқы үндер естілмейді. Қарашаның да аяқталып қалғанын сездірейін деп терістіктен түстікке қарай үшкіл-үшкіл шеру тартып құстар ұша бастапты. Әнеу күнгі ақ жұмыртқа ауылдың киіздері ылғал тартып қоңыраяйын депті. Күн ашылса болды, жұрт үйлерін қып-қызыл қып жалаңаштап киіз жамайды. Әйелдер топ-топ болып жиылып білектерін сыбанып ап шуылдасады да жүреді. Біреулері үйлерінің ық жағына екі ашаға ақ бақанды асып салып, үстіне жіпке тас байлап жыпырлатып іліп қойды: оған анадай жердегі Қара ойдағы еркектердің беліне орап-орап күрт-күрт тартып әкелетін құшақ-құшақ шиді бір талдап салып, әлгі жіп байлаған тастардың біреуін әрі, біреуін бері жып-жып алмастырып ши тоқиды. Қолдарына көз ілеспейді. Түске дейін бір құлаш шыптаны бір-ақ тоқып тастайды. Енді біреулері әлгіндей ши шыптаны төсеп тастап үстіне қап-қап жүн әкеліп жүқалап жая бастайды. Әбден жайып болғасын бірнешеуі бірнеше жерден түрып алып сапты аяққа қүйып әкелген суды ұрттап ап, алдарындағы бүрқырап жатқан мамық жүннің үстіне бүркіп шаша бастайды. Сосын әлгі шиді ішіндегі су бүрккен жүнмен қосып шиыршықтап орап екі-үш жерден арқан салып, екі жақтан екі топ болып тұрып алып, әрі-бері домалатып бағады. Бір уақытта домалатқандарын қоя қойып, ораулы шиді қайта жазады. Манағы бұрқырап жатқан жүн енді бір-бірімен ұстасып, талдырғыға айналыпты. Енді әйелдер оны бір шетінен шымырып бүктеп шиыршықтап орай бастайды. Ораған жерлерін жапа-тармағай жата қап шынтақтарымен жаныштап, тағы да орайды, тағы да орап, тағы да жаныштайды. Бір уақытта әбден шанышталып сілікпесі шыққан жүн киіз боп шығады. Киізді күн жаққа апарып жайып қояды. Ауылдың тағы да бір жақ шетіне көзің түссе, тағы да сондай шуылдасып жатқан көп әйелді көресің. Сөйтсе, олар киізін сыпырып тастаған ашық керегеден шірене тартып арқан ширатып жатады. Кемпірлер жағы қолдары шошаңдап ұршық иіреді. Қыздары жағы алдарын қызылды-жасылды боялған жүнді шашып тастап ши орайды.
Күнде қарасаң, күнде көретінің осы. Шамасы, мынау аспандағы бұлтқа әкесіндей телмірген қазақтар қыс қамына кіріссе керек. Жат елдің ызғарына енді жат жердің қысының ызғары қосылмақ. Мынау бөтен өлкеде тап болатын суық күз бұларға қандай сый-сияпат тартпақ? Бүл алып келген ант қағазына анадағы жиырма тоғыз биден кейін бір тірі пенде қол тигізбепті. Сонда бүл ертең не істемекші? Мынау кежегелері кейің тартқан жұрттан біржола күдерін үзіп, қолда қалған азын-аулақ көлікке тақым артып түн жамылып тайып түра ма... Өйткенде де мынау ұланғайыр далада шұбырып жүрген көшпенділер аман-есен жібере қояр дейсің бе? Жал аса бергенде жалпита бір соғып ауызыңды бақадай ашыратын болар. Тіпті ол қандыбалақтардан құтылып шыққан күннің өзінде қолын мұрнына тығып құр қол оралған жұтаяқ елшіні кім құшақ жайып қарсы ала қояр дейсің... Мынау ызғырық жел ескен ызғындай дала бұның талай бұралаңнан өткен бұралқы тағдырының жеткен жері, таусылар шегі болып жүрмесін! Бүл да сол баяғы Бекович-Черкасскийдің кебін киетін шығар. Оның қайта соңында жер қайысқан қалың қолы болды ғой. Ал бұл ше? Бұл оған қарағанда өз үйірінен адасып өзге үйірге қосылып кеткен қотыр тай сияқты іздеусіз-сұраусыз емес пе? Ондай құдай айдап келген олжа тайды мынау жан-жақтан жалақтап отырған қырық пышақ жұрт тірі де тегін қояр ма! Қуана-қуана жайратып тастайтын шығар...
Бұл өзі де бір кезде дәл мыналар сияқты қонарын жел, ұшарын сай біліп, беталды лағып жүрген көшпенді жұраттан шықса да, қазір мынау құла далада не істеп не қоярын білмей жападан-жалғыз құлазып тұр. Анадағы Уфаға кеткендерден де хабар жоқ. Олар, бірақ, жете қойды дейсің бе? Жолда кетіп бара жатқан шығар. Тек әйтеуір бір жерде қара сойыл барымташыларға қолды кетпей, аман-есен барса екен. Олар аман-есен жетсе, мына жақта қандай ала топалаңның болып жатқанын естісе, орыс әкімшілігі қарап отырар дейсің бе, бір шарасын жасар. Тек соған дейін бұлар сайда саны, қырда ізі табылмай қырылып қалып жүрмесе! Қазіргі бар үміті әлгі Бөкенбайда. Үш күндік жерден ұлысын көшіріп әкелгеніне қарағанда, расында да жан аянбай қорғап бағар. Бірақ, ол неге бүйтеді? Жер түбіндегі патшадан пайда табам деп, іргесіндегі ағайын-жұртынан неге шығысады? Бәлкім, бұның бәрі әлгі әккі ханның бір арам есебінен тауып жүрген айла-шарғы ғана емес, қазақтардың біразының арғы пиғылында бар ортақ ниет шығар. Ендеше, олар неге анау күнгідей ашық тайталаста неге бой көрсетпейді? Тап бұл далада бірінен-бірі қорқып бүгежектеп отырған ешкім жоқ сияқты ғой. Бәрі өзіміздікі дұрыс деп өңмеңдеген өңшең бір қызыл көз сияқты ғой. Кісіні белден аттатар, кісі сөзін басынан асыртар сықпыттары көрінбейді. Ендеше, ақ патшаға бағынуға көңілі ауып тұратындардың да бары рас болса, олардың ауызына құм құйып тастайтын қайрат кім-кімде де жоқ сияқты. Әне әлгі жиырма тоғыз би ешкімге жалтақтамай қолдарын қойды емес пе! Былай қарасаң, бас қатырар түгі жоқ, бәрі белгілі, бәрі түсінікті жағдай сияқты. Ал, бірақ, білмеген жердің ой-шұқыры көп деген. Қазақтар бүл көріп жүрген жұрттардың ешқайсысына ұқсамайды. Шеттерінен тәкаппар, қараң түгілі ханыңның бетінен тырнап, шабалаңдап жатқаны. Шынында да, бұлардың ханының тек хан деген атынан басқа ештеңесі жоқ сияқты. Ендеше, бұларға хан неге керек? Ханның да қит етсе, Бөкенбайға елші шаптырғанына қарағанда, бүл елде ықпалыңды өткізу үшін ақ сүйек болуың, төре болуың шарт бола қоймас. Дәулетің мен күшің асып жатса, ханды да жалтақтатып қояр түрің бар секілді. Сонда, бұлардың Бөкенбай сияқты кімдері бар екен? «Ықпалды билердің ауызын алсақ, қалғандары өздері-ақ еріп кетеді», - деп Әбілқайыр зар қақсайды. Бірақ, судан шыққан суыр құсап жымпиып отырған сол немеге бұл сене алмай-ақ келеді. Әуелі ыңғайын біл, теріс емес сияқты болса, сый-сияпат тартып, құрметтеп бақ деудің орнына әуелі тарту-таралғы тартып, ауызын алып ал, қалауыңды сосын айт дейді. Патша ұлықтары соқыр тиынына дейін санап беріп, ертең ежіктеп есебін сұрайтын қып-қызыл дүниені қырық пышақ қызыл-көз қазақтардың көңілін аулаймын деп бостан-босқа желге шашып жіберсе, Мәскеуге не бетімен барады? Не де болса, бұларын қызыл көрсе, кенедей жабысатын дүниеқор халық екені рас болды.
Қарашаның қара суығының алдын алып үйреншікті күйбеңмен жатқан күздігүнгі ауылға қарап тұрып қай-қайдағы ойлардың соңына түсіп лағып кеткен елшінің қасына Таймас келіп тамағын кенеп қойды.
- Елші мырза, - деді. - Жүріңіз, қонақтар келді.
- А! Не дейсің? - деді Тевкелев ұйқыдан оянғандай. Үйіне оралса - қақ төрде Әбілқайыр отыр. Оң қолында - Бөкенбай мен Құдайназар. Сол қолында - бұрын бұл көре қоймаған еңгезердей-еңгезердей үш кісі. Бәрі де ала көз, дөң мұрын, түріңкі ерін. Ағайынды кісілер екендері бірден көрініп тұр. Ханға таман отырғанды Қара батыр деп таныстырды. Қалған екеуінің есімін естігенмен құлағында қалмады. Әйтеуір, Қара батырдың інілері екенін ұқты. Олар асықпай отырып түстік жеді.
Әбілқайыр үндеген жоқ. Ал, Бөкенбай ішінен бұрыш қосып, қант қосып пісірген кеудірек тәтті нанды қатырлата шайнап:
- Орысыңның да қолынан келмейтін нәрсе аз білем, - деп қояды.
Ал, өз шоғы өзінде, бұрқырап самауыр келгенде, хан шыдай алмай:
- Мәмбет мырза, мынауыңды ертең еліңе қайтарда
бізге тастап кетерсің, көзіңдей көріп ұстап жүрейік, - деді.
Сары самауырдың қою шайы сіңген сайын қазақтардың тілі ағытыла түсті. Олардың тілі ағытыла түскен сайын Тевкелевтің де.арқасы кеңи түсті.
Меймандар оған:
- Біздің жұртымыз әлі де бала мінезді. Қапелімде, дұрыс пен бұрысты бірден ұға алмай, біраз дүрлігіп барып жөнге түсетін әуелден де әдеті. Сол әдетінен де талайларға есесі кетіп жүр. Қүдай әрқайсысының аз күндік нәсібесі мен аз күндік мәпақасын өз үй, өз іргесіне иіріп қойғасын, былайғының ақылына құлақ аса қоймай, өзі қожа болып қалған немелер ғой. Бірден ығымызға жығыла салмайды деп мұқамайық. Аңысын аңдап, ақылмен іс қылайық. Бала мінезді жұрт ақырғаннан гөрі алдағанға оңай түседі. Тәтті сөз, жылы қабаққа салмақты салыңқырайық. Ал, біз болсақ, әрқашан қасыңнан табылып, сезіңді сөйлеп, сойылыңды соғамыз. Ауызымыз бір, амалымыз ортақ болса, қазір шідеріне қол апартпаи ішренш тұрған тентектердің ертең өздері-ақ илігеді. Соны айтқалы келдік. Біздің жұртымыздан күдерін үзбесін деп келдік, - деді. Оған Тевкелев:
- Мен өздеріңнің өтініштерің бойынша келдім. Өз еркімен патшаға бағынам деп келген кісі болса, бетінен қақпаймын. Оның ықыласы мен еңбегі ұлы мәртебелі әм шарапатты ақ патшаның мейір-пейілінен қағыс қалмайды. Ал, енді көнбеймін де, көрмеймін де дейтіндер болса, оларға соңдарынан екі етек боп жүгіріп, жалынып-жалпайып жүрер жәйім жоқ, - деді.
Аз-маз үнсіздіктен кейін Әбілқайыр тіл қатты:
- Елшілікті шақырған мен екенімді ешкімнен жасырған жоқпын. Бірақ елге шарапаты, шапағаты тиеді деп шақырдым. Ол үшін өкінбеймін. Қалған қазақтың бәрі менен теріс айналып кетсе де, алған бетімнен қайтпаймын. Қазір кеп, мойыныма ала арқан салып, жанымды алатын болса да, осы айтқаным айтқан.
Тевкелев ханның соңғы сөзін естіп орнынан түрды. Сыңғырауық сандықты ашып, ішінен қүндыз тон, құндыз бөрік, қылыш суырды. Сосын Әбілқайырдың алдына кеп:
- Бұны ұлы мәртебелі патша ағзам Анна Иоан қызы саған өзінің ұлы императорға лайық шапағатты қолынан көрсеткен қызметіңіз бен артқан сеніміңіз үшін аса зор ризашылықпен үсынады, - деді.
Хан орнынан түрегеліп қүндыз тонды иығына жамылды. Құндыз бөрікті басына киді. Күміс қынап алмасты беліне іліп:
- Алдияр тақсыр патша ағзамға алланың нұры жаусын! Басым жерге жеткенше риза боп өтемін, -деді.
Серіктері орындарынан түрегеліп ханға құтты болсын айтты. Меймандар көңілдене күлісіп шығып кетті. Көп ұзамай Бөкенбай қайтып келді.
- Ханның әлгі айтқандары дұрыс. Шалқайғандармен шалқайыса бермеу керек. Олар қайбір ақылы жеткеннен істеп жүр дейсің. Ақылсыз бен ақылсыз болғаннан ақылды ұтылмаса, ақымақ ұтылмайды. Әуелі жылы сөйлеп беттерін бері қаратуға тырысып бағайық. Болмай бара жатса, басқа амалын қарастырармыз, - деді.
- Оны енді өздеріңіз білесіз ғой, - деді Тевкелев. Бөкенбайды хан әдейі қайта жүмсап отырғанын ұқты. Әлгінде өзі түгел айта алмай кеткен сөзін батырдың ауызымен қайталап пысықтатып отыр.
Тевкелев Бөкенбайды шығарып салып тұрып, хан орда жаққа қарап басын шайқады. «Мына даланың бар жұмбағын шамалыда шешіп тауыса алмассың».
Дегенмен, ол күні Тевкелев жастыққа басы тиген бойда қор етіп үйықтап кетті.
Ал Әбілқайыр қырық төңбекшіп көзін жұма алмады. Ақ патшаның жіберген сиының бәрі қақ төрде, адал бақанға ілулі. Бірақ, келіп, көріп, қызықтап жатқан ешкім жоқ. Пәлен уақыттан бері бола ма, болмай ма деген оқиға болып, келе ме, келмей ме деген қонағы келіп, дегеніне жетіп отырса да, осы өткен айдың ішінде көңілі бір селт еткен емес. Мана ақ патшаның жіберген сый-сияпатын киіп тұрғанда да, әншейінде өрекпіп, ауызына келіп тығылатын жүрегі бүлк етпестен жатып алды. Қайта көңіліне қаяу түсті. Мына қазақ менің қай дәуірлегеніме де қуанбай, бәрінің артын қой болдыға айналдырып жіберді де отырды-ау деп ойлады. Ордабасындағы жиын көрген түстей, мәңгінің қиялындай болып ол өшті. Аңырақайдағы жеңіс арты төбелеске айналған тойдай тырым-тырағайлап бұл бітті. Енді, міне, ауылыма ақ патшадан елші түсіріп айбынымды асырам ба деп едім, бұ да жетім қыздың тойындай іри-тіри боп барады. Билер, ең болмаса, алыстан келе жатқан сый мейманның алдынан шығып қарсы алуға жарамай, ауыл-ауылдарында бұғып-бұғып жатып алды. Төре тұқымы төбе көрсетпей қойды. Ондағы ойлары да мынау жер түбінен келген елшінің алдында мұны жансыз-жақсыз, халық тарапынан ешқандай қолдау таппайтын беделсіз, ақ патшаға жұртпен ақылдаспай өтірік уәде беріп, ыңғайсыз шаруаға ұрындырып отырған пәтуасыз суайт біреу қылып көрсету. Соның бәрін көріп отырып ол баяғы ескі досы айладан басқа одақтас таба алмады. Жарайды, ақ патшаның елшісін алдынан Нұралыны, Ералыны, Бөкенбайды, Есетті жер қайысқан қалың нөкермен шығарьш қарсылап-ақ алсын делік. Бірақ, артынан ол елші ордаға келгесін ханның айналасының ақ тақыр екенін бәрібір көреді ғой. Одан да елші алдында не күтіп тұрғанын ептеп-септеп сезе берсін деп Нұралыны аз нөкермен шығарды. Бөкенбай мен Есетті жақын жерге көшіріп алмай, әдейі өз қоныстарына отырғызып қойды. Егер әуелден басы бірігіп жүретін бүл жолы да жұбы жазылмай отырғанын керсе, қалған шонжарлар илікпей шалқаиып кетер деп, оларға аңыс аңдатып қойды. Мүмкіндігінше басқалардың ауызымен сөйлеп, бас-қалардың қолымен әрекет қылуға тырысты. Сондағы тапқаны Батыр болды. Ақ патшадан елші келе жатыр дегелі ат ізін салмай, тым-тырыс жатып алған күйеу баласының өзінен хабар тосып біраз жатты. Бірақ, оның өз аяғынан келмесіне әбден көзі жеткесін Нияз сұлтанды жұмсады. Қанша дегенмен қайын атасы ғой, бір иліксе, соған илігер деп ойлады. Иліккенде де Ниязды сыйлағаннан емес, ертең ақ патшаның алдында бедел алып қалу керек екендігін түсініп илігер деп ойлады. «Петр патшамен хат жазысқан Қайып ханның баласысың. Орыс үкіметі сенің әкеңді жақсы біледі. Ертең елшінің алдынан қарауыңдағы билеріңді ертіп Нұралы екеуіңнің шыққандарың жөн шығар», - деп сәлем айтып жіберді. Батыр сұлтан арада Ниязға тіс жарып ешқандай жауап бермепті. Бірақ, Нұралы елшінің алдынан енді аттанғалы отырғанда, оның да қарасы көрінді. Шамасы, ақ патшаның елшісі келгенде, қайнағасымен иық тіресіп қатар отырып келіссөз жүргізетін болармын деп дәметкен шығар. Оған Тевкелевтің тек Нұралы сұлтанмен ғана амандасып, оны қалған ру басыларымен бірдей санап, салғырт бас изей салғаны себепші болған сияқты. Елшінің керенау сәлемінен орнаған сәлдекендей зіл елғе жеткенше әбден Қап тауындай қағынды өкпеге айналыпты. Ол өкпесін, әрине, орыс елшісіне емес, қайын ағасы Әбілқайырға бағыштады. Оның қабағына орнаған ренішті қасындағылар да айтпай түсінді. Әрқайсысы дербес ықылас дәметіп барған билер күйме мініп кекірейген ұлықтың шыбандаған жылқыдай бір бас изей салғанына қайдан қанағат қыла қойсын! Оны орыс елшісінің білместігі деп түсінген жоқ, Әбілқайырдың әдейі істеп отырған астамшылығы деп ұқты. Уфада жатқан елшіге үсті-үстіне хат жазып, хабаршы жөнелткенде қол астындағы ұлыстың жақсысы мен жайсаңын неге алдын ала хабардар қып, алдын ала ескертіп қоймады. Бұның бәрін былайғыны кемсітіп, өзінің ғана басын оздыру үшін әдейі істеліп отырған сасық қулық деп санады. Бозбала сұлтан сары ала күймеге кіріп кеткесін:
- Мына Өсеке балаларының да көздерінің еті өсейін депті-ау, - деп күбір ете қалысты.
Онсыз да лапылдай ала жөнелгелі түрған қау шөпке сол бір әлсіз тамызықтың өзі-ақ жеткілікті еді. Ырғыз жағасында тұтанған от Маңтөбеге келгенде гүр ете қалар өртке айналған-ды. Елшіні арнайы тігілген ақ отауға кіргізе сала бәрі дүр көтеріліп, хан ордаға келді. Өрт сөндіргендей қабырытып кірді.
- Ал, жолаушыларыңыз қалай жетіпті? - деп хабар сұраған ханға да:
- Жетті ғой! - деп кіржің ете қалысты.
Әккі хан әрі қарай сұрақ қойса, істі насырға шаптырып алатынын бірден ұқты да, үндемеді. Сол екі ортада билер:
- Өздері елші емес, бүтін бір бексауытты қол ғой. Әлгі ноғайы да мәмлегер елшіден гөрі үйірге енді түскен сөуірік айғырға көбірек ұқсайды. Шікірейіп кісіге кезі түспейді. Ел бар, жұрт бар деген ойында да жоқ.
Ханзададан басқамызға пысқырмайды да. Ал, ханзаданы да іргелі елдің сұлтаны көріп, терезесін тең санамады. Құдды елші емес, ақ патшаның өзі құсап арқасынан қақты. Ақ патша ондайды басыбайлы боданына істер. Ал, біз, құдайға шүкір өз тізгініміз өзіміздегі басы еркін жұртпыз ғой, - деп салды.
Хан:
- Біздің еліміздің әдет-ғұрпынан бейхабарлықтан кеткен ағаттық шығар. Сыпайылап есіне салармыз, - дей беріп еді, күжілдеген билер жолын кескестеді.
- Жоқ, оған кімнің-кім екенін білгізу керек. Аяғын тарта жүретін болсын. Тақсыр хан, онымен біз жоқ жерде кездесіп, келіссөз жүргізуіңзге рұқсатымыз жоқ. Қандай әңгіме болса да біздің көзімізше айтылуы керек. Сондақтан ол мырзаны қай күні қабылдайтынымызды ақылдасып-кеңесіп өзіміз айтамыз.
Әбілқайыр билерден басқаны күтсе де, тап бүны күтпеп еді. Мына ақылдың кімнен шыққанын біле алмай дал болды. Жиырма тоғыз бидің қамшыларын ортаға тастап қойған шарты әлгі. Бәрін естіп отырған Батыр дәмим үндеген жоқ.
- Айтқандарың болсын, - деді Әбілқайыр онсыз да қиуы қашқан әңгімені одан әрі ұшықтырғысы келмей. Билер бір шаруа бітіргендей көздері жылтылдап кеңілді кетті. Әсіресе, есікке қапталып тұрып алған Батырдың жалпақ жауырыны кез алдында. Күйеу баласының бірдеңеге әбден разы болғанда не ойындағысы орындалып, көңілін бірлегенде осылай екі иығын қомдап, онсыз да көлкөсір жауырыны одан сайын далиып кетуші еді. Демек, ол бұл жолы да әлденеге әбден разы болып, бұл жолы да ойындағысын орындап көңілін бірлеп бара жатқаны ғой. Демек, әлгі билерді осынша сұңқылдатып отырған да сол болғаны ғой. Иә, оның бұл жолы айызы әбден қанып барады. Өткен жолы Аңырақай соғысында хан оның да сөзін жоққа шығарып келеке қылған. Намысқой сұлтан соған ерегесіп өр-шелене соғысып көзге түскен. Бірақ, бас қолбасшының қарайған жұрттың көзінше ештеңені біліп жарытпайтын маубас біреудей тойтарып тастағанын ол өлсе де кешіре алмақшы емес. Аңырақай шайқасынан ол өз қолымен бөлек қайтты. Кейінгі кезде Орта жүздегі қандастарымен көбірек араласып-құраласып жүргенін естіген. Әбілқайыр кеше оны елшінің алдынан шығарғанда да баққұмар сұлтан әкесі Қайыптың баяғыдағы орыстармен көже тамырлығы есіне түсіп, бұл шаруаға елігіп, белсене кірісер деп, өйтпесе кейінгі кезде қайтадан ауыз жаласып жүрген өз қандастарымен екі араларына қайтадан сына ңағылар деп әдейі істеп еді. Елші ноғайдың ноғайлығы ол ойының быт-шытын шығарды. Енді, міне, ол бүнда көптен кетіп жүрген есесін қайтарып мәз боп барады. Даңғой мақтаншақ неме осы отырғызғанына қанағат қылып, осынысымен тоқтаса да шүкірлік. Әй, бірақ тоқтай қояр дейсің бе... Қымызға өкпелеген қазақтың өзі жыл он екі ай тоңторыс жүрмей қабағын жылытпайды. Бұның да бұл кергуі біразға созылатын шығар. Бірақ сол тасырлап жүріп, таңқылдап сөйлегеннен басқаға зердесі жетпейтін таңқы көкірек неме кергігенде не бітіре қояр дейсің... Жә, оны ит біліп пе? Одан бүгінгі мына сұмдықты күткен кім бар еді? Біреудің қолын кескестеп кесір тигізуге көп ақылдың қажеті қанша? Ондай азғын ақыл Батырдың өзінен де табылмас. Бірақ, Батырдың бүгінгі істеп кеткенін ондай арзан қулыққа жатқызуға бола ма? Жер түбінен өліп-талып енді жетіп отырған елшімен өзімізден хабар болмай кездеспейсің де, сөйлеспейсің де дегені тап онша анау айтқан таңқы қулық емес. Жат жұрттық елші кімнің кім екенін әу бастан біліп, аяғын тарта жүрсін деген салқын сөздің бар ызғары, түптеп келгенде, бұған, Әбілқайырға бағышталған. Сенің біздің ықтиярымызсыз елші шығаруға да, келіссөз жүргізуге де қақың жоқ дегені. Елшіні біздің ықтиярымызбен шақырғансың, енді онымен келіссөзді де біз жүргіземіз дегендері. Қандай әңгіме болса да, біздің көзімізше айтылсын дегені - бұның ақ патшаға айтып жіберген сәлемінің мазмұнына күмандана бастағаны. Елші Нұралымен терезесі тең мәмлегерлікке келген кісіше амандаспай, болары болып, бояуы сіңіп қойған боданындай амандасты дегені де, бұның арғы ойын анық түсіне қоймағандарымен, секем ала бастағандарын аңғартады. Бәрінен де өзі сөйлемей, билерді сөйлеткені Әбілқайырдың жанына қатты батып барады. Бір кезде Тәуке бәсекелестеріне әкелері Есім хан мен салқам Жәңгірдің абыройымен қоса билердің сөзінің дауасын қару қылып пайдаланғаны сияқты Әбілқайыр да мынау екіталай жылдарда өзіне жылы қабақ таныта қоймаған арқар ұрандының қысастығына алаш ұрандының мақұлдастығын қарсы қойып келе жатыр еді. Сондықтан да ол алаш ұрандының еті пысықтарының абыройын асырып бағуға тырысатын-ды. Қазір алдына бес жүз бас пысқырып түскен шаруаның бәрін бай атандырып, бес ауылдың басын құрап, сөзін ұстанған кісінің бәрін би атандырып, жүз қара сойылды соңына ертіп шыға алғандардың бәрін батыр атандырып, талай май тымақтан көзін жерге түспестей қылып еді. Онысына Жәдік тұқымы қаралай ыза боп, «қарашымен қарашы боп кеткен хансымақ» деп кекететін. Не істесе де, безбеннің басын билер мен батырларға аударып, солардың сөзін сөз қылып шыға келетін. Бұл жолы да ол әлі көзі көрмей түрса, айдаладағы ақ патшаға өр еркімізбен бағынайық десем, мақұлдай қоймас, бірақ қақырайтып елшісін жіберіп, сый-сияпатын беріп жатса, кісілікке қолы енді жетіп жүрген немелер соның өзіне-ақ қаралай мәз болып, дегенімен шыға қоймас деп жүр еді. Мынау таңқ-таңқ сөйлейтін тасыр сұлтанның алдын орап кетіп, сол өз қаруын өзіне қарсы салып отырғаны. Бұл оның күтпеген сұмдығы еді. Жәдік тұқымы билерді өз жағына тап бүлай оңай шығарып ала қояр деп ойламап еді. Мұндай ақыл бұл тасырға қайдан бітіп жүр?! Осының бәрі, шынында да, содан шығып жүрген шаруа ма?
Әбілқайыр осыны ойлап жегені желім болды. Жарайды, енді-енді қатарға іліккен немелердің соншама баққұмар, соншама атаққұмар, соншама намысқой, соншама кіді келетін әдеттері. Батыр султан елшінің әлгіндей білместігін пайдаланып, шамшыл немелердің шабынан түртіп, әлгіндей сөйлетсін делік. Сосын не істей алады? Елші мен бүл ондай кер ауыз кергімелерді ақ патшаның сарайынан жіберілген тарту-таралғылар беріп әлгі райларынан қайтара алады, ал Батыр сұлтан сонда оларды немен алдарқатып, немен ұстап тұрмақшы? Әбілқайыр әлгі бір өз буларына өзі пісіп бара жатқан немелердін олқы жерін енді тапқандай масаттанып қалған-ды. Жиырма тоғыз бидің тиырымына қарамай елшімен астыртын кездесуге бел буған. Оған ішіне құлта сақтамай ашық сөйлескен. Онысы елші мынау бейтаныс өлкенің шын жағдайынан мейлінше толық хабардар болса, бұның айтқанына бірден құлақ асып, тізе қосысып әрекет қылар деген ой еді. Бірақ, шығыс жұрттарының мінез-құлқын мейлінше жақсы біледі дейтін тілмаш мырза әп дегеннен сыр беріп алды. Бір тізгін, бір ноқтадан қашып, бет-бетіне кісімсіп жүрген кергіме халықтың алдында кекірейіп сөйлеп жындарын келтірді. Қошамет құмар, сый-сияпат десе әкесінің атын ұмытып қала жаздайтын мақтаншақ халықтың қақ ортасына қызылды-жасыл қыруар дүниемен келіп отырып, тиын санап іштарлық жасады. Қазақтың сый-сияпатқа әуестігін мақтанқұмарлық деп ұқпай малқұмарлық, дүниеқұмарлық деп ұқты. Дүниеқұмардың аларын алып, дегеніне жеткесін де танымай кететінін жақсы білетін елші мақтанқұмар кісілердің жұрт алдында басын оздырып, мәртебесін асырған сәл қылығына бола астындағы атын түсіп беріп, айтқаныңа екі етпейтін мәрттігінен атымен бейхабар боп шықты. Тиын санап қалған елшінің мынау орынсыз сараңдығы күні кеше ақ патшаның елшісінен қошамет көреміз деп тамағы ісіп отырған игі-жақсылардың өкпе-бопсасын бірте-бірте нағыз өшпенділікке айналдырды. Астамсыған елшінің қолынан бермегенін жолынан аламыз деген жаубасарлық көбейді. Бірақ, әзір қайрат көрсетіп жатқандар тек ру басы билер ғана. Төрелер мен сұлтандардан хабар жоқ, тым-тырыс. Олардың не ойлағандары бар? Ол арасы бұған жұмбақ. Орысқа бағынбаймыз деп туласа қарашылар тулар. Бірақ, мынау екі оттың ортасында қалып, өз жұртының алдында абыройдан әбден айырылып болуға айналған төре тұқымының қарсы болуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Орыс патшасымен ауыз жаласуды әуелден де қазақтың қарашасының ойлап шығарған ештеңесі жоқ, төрелері ойлап шығарған-ды. Олардың қай-қайсысының да ындынын құртып жүрген нәрсеге Әбілқайырдың қолы бұрын жетіп қоя ма деген қорқыныш қана оларды мынау қыңыр билердің одақтасы қылып отыр. Орыс елшісі Әбілқайырдың ауылына түспей, олардың ауылына түссе, тастай қатпағанын көрер едін! Олар қазір орыс елшісін Әбілқайырдың ұлысынан басымен қайғы ғып бездіріп алып, артынан өлім аузынан әзер құтылған елшіге жақсылық жасаған боп, алдияр патшаның шарапатына өздері ие бола қойғысы кеп құлқындары құрып жүрген шығар. Ендеше, ол найсаптардың бұл арам пиғылдарын қайткенде жүзеге асыртқызбайды?
Әбілқайырдың басына ендігі туып тұрған қарлы Қаратау мәселе сол. Ол үшін, әлі де болса, өз құйрығын өзі теуіп тулап жүрген асау билерді жылы-жылы сөйлеп райдан қайтарып көрейік деп елшіге барып еді, Бөкенбай болып, Қара батыр болып қанша айтса да, ол неменің сол баяғы кергіген қалпы. Екі арба қоқыр-соқырын жұмыртқа басқан тауықтай бауырына басып алып: «Ант беруге келген кісі болса, сый-сияпат тартуға мен дайынмын, ал шалқайған кісіге мен де шалқайдым», - деп шақ-шақ етеді. Манағы елшінің үйінен түстеніп шыққасын да бұлар біраз кеңескен. Елші бұрынғы райынан қайта қояды деген дәмеден Әбілқайыр күдерін біржола үзіп шыққанмен, Бөкенбай әлі үзбепті. Тағы да барып айтам, алдынан өтем деп тағы да кеткен. Бірақ, не шығара қойды дейсің. Егер бір беткей сыңаржақ елші дегенге бүл жолы да иліктіре алмайтын болса, онда басқа бір амалдар қарастыруға тура келеді. Ондай ой анада Тевкелевпен жыңғыл арасында кездескенде-ақ басына келіп еді. Бірақ, аңысын аңдай тұрайық деп ойлаған. Бақташы жігіттері Баймұрат бидің екі көз баушы ұрысын ұстап әкелгенде бұл жағынан қуанған. Кекірейген елшінің зәресін бір алса, кеудесінен ешкімді аттап өткізе қоймайтын осы асау би алар деп, екі тұтқынның аяқ-қолына кісен салып, ауылдарына астыртын хабар бергізген-ді. Дүлей неме орыс елшісінің ғана емес өзінің де шаңырағын ортасына түсіріп кете жаздады. Соны естіген шектінің қызыл шеке, қызыл көзі Бәби бидің жігіттерінің киген кебі анау. Бірақ бұл жолы орыс елшілігінің басына, шыннан да, үлкен зобалаң туды. Кикілжіңге қан араласқасын-ақ, істің арты насырға шабары белгілі емес пе? «Қанша өр, қанша асау болса да, бір иліксе, илігер тұсы осы ғой», - деп ауыз-ләмін байқайын деп барғандағы көргендері манағы. Қыр тұрмысының қиырман-шиырмандарынан атымен бейхабар елші біреу иегінің астына темір қазық қағып қойғандай әлі кекірейіп отыр. Әумесер топ ат қызуымен елшінің басына қауып төндірсе де - сазға отырып қалатын Әбілқайыр. Олардың ар жағында жел беріп тұрған жымысқы топ, айлаларын өзгертіп, Кіші жүзге кім түртті бола бастаған орыс елшісіне қол үшың беріп, өз жақтарына шығарып алса да - сазға отырып қалатын Әбілқайыр. Сондықтанда оған істі бүлай сез бұйдаға сала бермей, бір нәрсеге белді бекем бууға тура келеді. Оның алдында, бірақ Тевкелевке тағы бір барып жолығып шығуы керек. Бұл жолы оған бұрынғы айтып жүргендерін айтпайды.
Ол күні Әбілқайыр көрер таңды көзімен атқызды. Ертеңіне түс қайта Тевкелевке қайта барды. Күн батқанша әр нәрсені бір әңгіме қылып отырып, кенет:
- Мәмбет мырза, мынау қиқар жұрт менің айтқанымды тыңдамай, ақ патшаға бағынбай қойып жүрсе, онда нүр сипатты падиша мені өз қамқорлығына алып, мынау бөрідей талағалы тұрған тағы жұрттан қорғай ала ма, оларды сөзбен иліктіре алмасам, күшпен иліктіруге әскер бере ме? - деп сұрады.
Тевкелев шоқ басқандай кілт тынып қалды. Бірақ көп ойланып жатпастан:
- Әрине. Ак, патша өзіне сенім артқан қай үмбетін де тағдырдың тәлкегіне тастамайды. Өзіңізді де, үрім-бұтағыңызды да мейірбанды падиша өз қамқорлығына алады, - деді.
Әбілқайыр «мына сығыр алдарқатып отырған жоқ па» дегендей елшінің бетіне тағы да көз жүгіртіп еді. Тевкелев оның жүзіне тайсалмай тура қарады.
- Бұл жайында маған ақ патшаның арнайы айтқан тапсырмасы бар. Ханның өз тарапынан қояр шарттары болса, айтсын, қысылмасын деген. Ол шалғай шеттегі билеушілердің қай-қайсысына да қалаған кезде әскери кемек бере алады.
Әбілқайырдың сұп-сұр жүзі мына сөзді естігенде біртүрлі лып-лып қан ойнап нұрланып кеткендей болды.
- Ендеше, ақ патшаның жолында жаным пида. Өзім не болсам, ол болайын. Әйтеуір, артымдағы ұрпағым қорлық көрмесе болғаны! - деді.
Тевкелев ханның мына сөзін естігенде әуелі елп етіп қуана түсті де, артынша көгілдір көзінде жылт ете қалған от лезде сөніп, орынына әлдеқандай бір тымырсық уайым тұнып шыға келгендей болды. Шамасы: «Мына ханның сонда өз халқынан күдерін біржолата үзгені ме, ендеше менің күнім не болмақ?» - деп ойлап отырған тәрізді. Ойласа, ойласын... Бұған да керегі сол еді.
Ертеңіне таң атар-атпаста ақ жұмыртқадай тізіліп отырған ханның ауылы үйлерін жыға бастады. Есік алдында қаз-қатар шегіп жатқан кәтепті қара нарлар мен жазылы сары атандарға жүк артыла бастады. Ұйқысынан енді оянған елші бүны көріп қатты таңырқаса керек, үйінің күн жағында бүлай қарай телміре қарап көп тұрды.
Әбілқайыр оған Байбекті жұмсады;- Бар, анау елшіге айт. Үйін жығып, жүгін тиесін. Бірге кешеміз, - деді.
Содан мынау жүзген мен сексеуіл өскен қара бұйрат құмдарды белуардан кешіп түстікке тартқан ала шұбар көш қайтқан құстай тізіліп мігірсіз шеру тартқалы бірнеше күн өтті.
Көстеңдей басып көсіле аяңдаған ұзын сирақ қара нарлардың ізімен келе жатқан сары ала күйменің қиқалаң жүрісі Тевкелевтің әбден ит зықысын кетірді. Бірінен ассаң, бірі қарауытып тұрып алатын дөңкиген бұйрат жалдардың да шамалыда таусыла қоятын түрлері көрінбейді.
Бұл жақтың құмы Тевкелевтің бұрынғы көрген құмдарына атымен ұқсамайды екен. Тыр жалаңаш еспе қызыл шағыл жоқ. Дөңесі - майқара жусан мен қара шағыр қалың өскен бұйрат жалдар да, еңісі - ну жыныс тоғай. Оқтын-оқтын сексеуілден өріп шеген салған құдықтар кездеседі. Суыр көш оларға да тоқтап жарымайды. Бір астау су бір-ақ сыйып кететін көп қауғамен су тартып, түйелерді сырп-сырп суарып алады да, тағы да ілгері тартады.
Хан қасына бір топ салт атты ертіп анадай жерде оқшау кетіп барады. Алдарынан жүзген, сексеуіл, шағыр қалың өскен қара түйелер кезіккенде бірнеше жігіт қатар тұра қап көнек даңғырлатады. Қара түлейдің ішінде қаптап жүрген аң біткен безіп шығады. Қолына қаршыға ұстаған саятшылардың, садақтарын кере тартқан мергендердің құдайлары береді де қалады. Хан төңірегі соған мәз бе, әлде көңілдерінің басқа да бір желігі бар ма - жыртақтап көп күле береді. Тек Әбілқайыр ғана үнсіз. Оның анау жанынан қалмай тырағайлап шауып бара жатқан жандайшаптарының неге көңілді екенінде, сол жыртақтаған көп жандайшаптың орталарында қақыраиып келе жатқан ханның неге көңілсіз екендігінде ешқандай шаруасы жоқ сияқты. Әркім өзімен-өзі.
Әсіресе көш қапталында бір бөлек келе жатқан орыс елшісінің қабағы қатыңқы. Онсыз да аяқ қолы бір тұтам тығыншықтай кісі абажадай кең күйменің бір бұрышында бүрісе қапты. Айналасына қарай-қарай әбден мезі болғандай, борпылдақ құмақ жолға малтыға жорғалаған қос торының ақ сабын боп терлеген сауырына тесіле қапты. Мынау пәлен күнгі жайсыз жүрістен әбден мәңгіріп қалғанға ұқсайды. Тек жартылай жұмық көзінің бір қиығында қашқан түлкідей тығылып жатқан көкшіл жылт қана мынау арбаның жүрісіне былқ-сылқ ырғалып келе жатқан болбыр дененің әлдебір жерінде әлдебір тіршілік нышаны бар екенін сездіргендей. Көзінің жауын қамап алған қоянның жымындай көк шиыр осынау үн-түнсіз кісінің көкірегін торлап жатқан көп уайымның ізіндей.
Уайымдамай да қайтсын. Ар жағында не жатқаны белгісіз, қараған сайын жігеріңді құм қылатын мына бір бытқылдың шамалыда таусыла қояр түрі көрінбейді. Ол таусылғанмен, бұл мұратына жете қоя ма? Алдында қандай күннің күтіп түрғанын кім біліпті? Хан: «Көш! деді - көшті. «Ер!» деді - ерді. Қайда келе жатыр, неге келе жатыр? Түсінсе бұйырмасын! Оны келіп түсіндіріп жатқан хан жоқ.
Құйрық жалы шұбалған сары аттың үстінде сазарып кетіп барады. Тұмшаланған сары күйменің ішінде түн-жырап бұл келе жатыр. Құдай салды, біз көндікпен әлі келеді. Көнбегенде қайтеді. Аюдай ақырған ақ патшаның ақжолтай елшісі екеніңді кім құлағына қыстырып жатыр! Енді анау алдыңда кетіп бара жатқан сыз қабақ, сұр кісінің етегінен тас қып ұстап алмаса, күні қараң... Соны біле ме, хан үндемейді. Мынау шетсіз-шексіз құмды өлкеге сүйрей жөнелуге не себеп болғанын да айтқан жоқ. Ал, бүл бетімен қалған қазақтардан алыс кеткенде келген шаруасының не күйге ұшырайтынын да ақылдасқан жоқ.
Не ренжірін, не қорқарын, не өкпелерін біле алмай пұшайман болып Тевкелев келеді. Ана жақта, жау да болса, ызғындай ел-жұрттың көз алдында еді. Біреуі болмаса, біреуі хабарын жеткізер еді. Ал, мынау тау-тау шағылдың арасында оның не күйге ұшырағанын кім естіп, кім көреді? Уфа болса, бір жақта бұру қалды. Одан барған сайын алыстап барады. Алдында баяғы Бековичтің түбіне жететін Хиуа көп онша қашық емес дейді. Сонда мынау ішінде ит еліп жатса да байқатпайтын сыз қабақ хан елші боп келген бұны оп-оңай тұтқынға айналдырып алғаннан сау ма? Соңында қарайған адам бар? Жоқты бардай, барды дардай қылып ақ патшаны алдап, жер түбінен елші шақырып, әуре-сарсаңға салып жүрген су аяқ неме, кім біліпті, артындағы екі арба толы дүние-мүлікті былай қойғанда, қасындағы солдаттары мен башқұрттарын әлгі Хиуаға апарып сатып жіберсе, не істей аласың? Сосын ақ патшаңмен ат құйрығын үзіседі де, Персияға ма, Ауғанға ма, Индияға ма бодан бола салады. Бұларға кімге бодан болғанда ңе? Мынау құлазыған қу далаға кеп, кім бұлардың бастарына ноқта, аяқтарына тұсау сала алады? Ондай қолынан келсе тек Жоңғарияның ғана қолынан келер еді. Соны біліп те, бұлар одан зыр-зыр қашып жүр ғой!
Тевкелев пәлен күннен бері осыны ойлап уәйімнің ұшы-қиырына жете алмай қойды.
Ал, Әбілқайырдың онымен еш шаруасы жоқ. Әне, мұның жүрегін зырқ еткізіп, тағы да бір айғыр жал қызыл шағылдың құйрығына ілікті.
Бұл мынау түсініксіз сапардың таусылатынынан әбден күдерін үзіп көзін тарс жұмып алды. Көз алдына сол бұйрат-бұйрат шағылдар, бытқыл-бытқыл ну жыныс, көсіле аяңдаған қу аяқ түйелер, көнек сабалаған саятшы жігіттер, сары аттың үстінде сазара шаншылған хан мен екі жегін торының терге малшынған су-су сауырлары елестеді. Ол үшін дүние осы бір езара еш байланысы жоқ үзік-үзік көріністермен шектелетін сияқты. Уфаны, воевада Бутурлиннің үйінде емес тостағанға құйып ішкен Сібір арағы мен тұздалған қозықұйрықты көз алдына елестеткісі келіп еді, одан ештеңе шықпады. Бірауық астананы кез алдына елестеткісі келіп еді, одан да ештеңе шықпады. Күнде барсаң да, құлазып тұратын Сенат залын, көлдей қағазды жайып салып, екі білегін түрініп сызу сызып жатқан Кирилловты көз алдына елестеткісі келіп еді, одан да ештеңе шықпады. Қылқан мойнына дейін түбіт орамалға оранып ап сығырая қарап отырған Андрей Остерманды көз алдына елестеткісі келіп еді, одан да ештеңе шықпады. Шалшық кешіп бара жатқан көк құтандай аннан бір, мыннан бір басатын Петр патшаны көз алдына елестеткісі келш еді, одан да ештеңе шықпады. Өмір бақи Россияда болмағандай. Россияны қүлағы естігенмен, көзі көрмегендей. Көз алдынан қайдағы бір сидиған сексеуілдер, ұйысқан шағырлар, теңкиген қу томарлар, сырп-сырп су сораптаған жырық ерін түйелер кетпей қойды.
- Анау көгеретін не болды екен?
- Теңіз ғой!
- Оттапсың, қу далаға біткен неғылған теңіз!
- Қайдағы бір сор балшық бірдеңе шығар.
Жан-жағындағы жабыр-жұбыр дыбыстан көзін ашып алып еді - анадай жерде, шынында да, кемеріне шырп-шырп соғып теңіз жатыр. Көзін қайта жұмып, қайта ашты. Екі қолымен бірдей уқалап тағы қарады. Теңіз. Күзгі салқын желмен қарын жарып, ақ жалданып жатыр. Мұрынына күңірсіген таныс иіс келді. Ерініне тұздың дәмі келді. «Шыннан да бүл теңіз... Сенбесеңдер, міне, бізге қараңдар!» - дегендей ақ жал толқындарға шүйіле құлап, қайта самғап шығып шағалалар шарқ ұрып жүр.
Неге екенін білмейді, өз-өзінен көңілденіп кетті. Бұрын хан қасындағы нөкердің әр қылығы жынына тиіп зығырданын қайнатып келе жатыр еді. Бұл жолы олардың көз ұшында қылт-қылт зымырап бара жатқан әлденені көре сап, қолдарындағы қаршығаны жалп-жалп ұшырып жайраңдап шаба жөнелгеніне де мәз болып қана келеді. Олар бес шақырымдай ұзап кетті. Өзді-өздері қиқуласып барады. Сол-ақ екен қапталдағы ақ тұмсықтың тасасынан жүзден астам салт атты сау етіп шыға кеп бұған беттеді. Бұл қасында садақ асынған он башқұрт, Бөкенбайдың мылтық асынған алты жігіті, екі Уфа казагі бар оңаша келе жатыр еді. Қалған адамдары артта қалып қойған жүктің қасында-тұғын.
- Ойбай, жүкке қарай шабыңыз. Сізді ұстап алса, бәріміз құрыдық. Ал сіз аман болсаңыз, бізге зақым жасай алмайды, - деп башқұрттар шу ете түсті.
Бұл күйменің алдына көлденең тоса берғен салт атқа қарғып мініп, қасына екі казак пен бір башқұртты ертіп ап кейін шапты.
Тевкелевтің кейін қарай шауып бара жатқанын көріп қалған қазақтар аттарын борбайлатып қуа жөнелді. Күйменің қасында қалған башқұрттар оларға қапталдан тиісіп жолдарын бөгеді. Сол екі ортада Тевкелев жүкке де жетті. Жеткен бойда арбаның артында келе жатқан башқұрттарды шайқасып жатқандарға жұмсады.
Өздеріне қарай қаптағайлап шауып келе жатқан башқұрттарды көріп қап, аң қуып келе жатқан хан нөкерінің де кері бүрылғанын көріп, әлгі қапталдан тиген қазақтар Таймас Шайым ұлының қол-аяғын буып, байлап алып зытып берді.
Тевкелев төңірегіндегілер жүз қаралы салт аттының соңынан қуып барып Таймасты арашалап алып қалуға жүрегі дауаламады.
Улап-шулап қалған үлкен көш бұрқ-сарқ шырпынып жатқан көк теңізді айналып өтіп, оның күн батыс жақ қапталынан іреп кіріп жатқан қара түбекке сұғына түсті.
Қара түпке қонған хан ордасынан дауыс естім жерге елшілік жайғасты. Қара түпке қонған күні таң атпай жатып бозғыл тұман түсті. Тұманның арты жібіскі жаңбырға айналды. Еңсеңді езіп бара жатқан осы бір бұлыңғыр күн жан біткенді өз баспаналарына қуып тыққандай. Бөтен өлкенің бүрын көз көріп, қүлақ естімеген жаңа бір пұшпағына кеп аяқ басқалы Тевкелевтің қасындағылардың назары тым сынық. Оның үстіне кеше жолды белгісіз салт аттылардың қапияда тиісіп Таймасты алып кеткені онсыз да май ішкендей болып жүрген жүректі одан сайын шошытып тастады. Көрер көзге бір кісіден жырып алып кете берсе, бұлардың ертең-ақ сайда саны, қырда ізі қалмай тозып кетуі мүмкін ғой. Ол жаубасарлар кім? Ондай жол торушылар алып кеткен Таймастың артынан жоқшы шығармай хан неге үн-түнсіз жатыр?.. Бәрі жұмбақ...
Тевкелевтің де ойлай-ойлай басы қатты. Ойланған сайын мынау үшан далаға келгелі көріп жатқаны, естіп жатқаны бұрынғысынан гөрі де шым-шытырық шырғалаңға шешуі табылмас шытырман жұмбаққа айнала түседі. Бір сауалыңның ізін тауып, жауабына енді жеттім бе деп тұрғаныңда, ойда жоқта жаңағыдан да жұмбақ, жаңағыдан да шытырман жаңа бір жұмбақ килігеді де, манағыдан бергі бас қатырып ойлап отырғаныңның бәрі бос әуреге, түбіне жетіп болмас, түсініп болмас мағынасыздыққа айналып шыға келеді.
Әбілқайыр ханның бір сөзі көңіліңе болмашы үміттің әлсіз нұрын сеуіп кеткендей болады да, артынан істеген ісі әлгі айтқанына қырық қайнаса сорпасы қосылмай, онсыз да дал болып отырған басыңды одан сайын дал қылады. Хан әдейі істей ме, әлде қолы тимей ме, бірнеше күн қатарынан хабар алмай тып-тыныш жатып алды. Өстіп жатады-жатады да, бір күні салпақтатып төлеңгітін жіберді, не бүты салақтап өзі шауып келеді. Бірақ оларынан шығып жатқан еш пәтуа жоқ. Қайда басыңның бұрынғы шырғалаңы аздай, жаңа бір шырғалаң, жаңа бір жұмбақ қосып кетеді.
Әне хан ауылында тағы біреу атқа қонды. Атының басын қалай қарай бүрар екен... Шоқырақтап ауыл сыртына шықты. Қырға көтеріліп жан-жағына қарап алды. Сосын бері салды. Ал, тағы да бір жұмбақ, тағы да бір шырғалаң келе жатыр. Келсін, келсін, келмей жүр ме? Салар шырғалаңын салсын, бәрібір салмай жүр ме?
Ол ханның немере ағасы Нияз сұлтан болып шықты. Хандай емес ойқы-шойқылау қара кісі. Атқа отырғанда екі тізесі аттың алдыңғы екі тірсегін-қағып келе жатады. Ерге отырысы да қолқ-қолқ. Сөйлегенде де қоңқылдап сөйлейді. Сонысынан ба, жұрт оны төре тұқымы екендігіне қарамастан басынып, қомсынып бағады. «Әй, сол Ниязды қойшы... Соның қолында не түр дейсің. Оның айтқаны не, менің айтқаным не?» дейді. Ел ішінде елеусіз осы сұлтан аяғы салақтап ауыл аралайды да жүреді.
Міне, дүрс етіп, үй іргесіне түсе қалды. «Ассалаумағалейкүм!» деп есікті мойнына іліп алып біраз түрады. «Әликісалам!» -демесең, кері қайтып кететін кісі құсап, кірмейді. «Әликісәлем, төрге шықты» естігесін барып қамшысы салаңдап ішке озады.
Міне, айтқанындай, есіктен бас сүқты. Міне, кеқірдегін кере созып «Ассалаумағалейкүм!» - деді. Міне, естір жауабын естіп ішке кірді. Етігін шешпестен төрге озды. Екі құлағы салақтаған далбайын алып, ішіндегі көк барқыт телпегімен қыр мұрынды, сопақ бетін бір сыдыра сүртіп шықты.
- Ал, халдарың қалай, елші мырза? - деді сосын.
- Хал, езің естіп жатқандай, сұлтан.
- Мен олардың кім екенін біліп отырмын. Дәуде болса шекті Сырлыбайдың жігіттері. Анадағы түндегі атыста өлетін соның немере іңісі ғой. Бәрі де Жақайым шектінің Тоқбурасынан. Бердіқүлдың төрт ұлының бел балалары. Кешегі Таймасты соған өтеу қып әкетті. Көп ұзамай, тағы келеді. Өлген бауырына құн сұрайды. Кәр де түр. Тап сөйтеді. Қызылкеңірдек пәлекет мына сіздің үйдің іргесінде тұрған қызылды-жасылды дүниеден, ең болмаса, өлген бауырының борбайын сатып болса да, бос қалғысы келмейді ғой. Қой, бұл дүние шіркін жаман ғой. Оның үстіне қазір жұрттың шүберектен әбден жұтап отырған кезі. Баяғыдай базарға бара алмайтын болды. Төбенің астына апарып талапайлап әкететін керуендердің де аяғына жем түсті. Енді қайтсін. Қатын-балаңның абыройын қайтіп аңғал-саңғал ашып қоярсың. Сосын ғой, мынау, езіңізден қалмай қуып келіп отырғаны.
- Дүние керек кісіге ақ патшаның сый-сияпатын қайтып алу қажеттігі айтылды ғой. Жөнімен келмей ме?
- Пәтшу, - деп күлді Нияз сұлтан. - Мына заман жөніңді тыңдап тұр ма? Бұл қазақты қойсайшы. Әбілқайырдың ауылына ақ патшадан елші келгенінің өзін кере алмай, қырып бара жатқан жоқ па? Сол тулап жүргендердің өздеріне ақ патшадан елші келсінші, бетегеден биік, жусаннан аласа боп, құрдай жорғаласын. «Мен көнгенде, сендер неге көнбейсіңдер! - деп қамшы үйіріп шыға келсін. Барлық пәле сол іштарлықта болып тұр ғой.
Қазаққа амандық-саулық сұрасқасын қалтасынан шақша суырудан басқа шаруа қала ма? Нияз да сөйтті. Енді аузына насыбай салып ап, екі ұртын бұлтылдатып шүлжіңдеп сөйледі.
- Бүл Сырлыбай - Әбілқайыржан мен мына сіздің іргеңізге жүгіртіп жатқан қара таяқтың ұшы ғана. Сабы әзір көріне қоймас. Бірақ, қашанғы шыдар дейсің. Көрінер.
«Елші мырза бұныма не дер екен?» - деп кідіріп еді, Тевкелев, қапелімде, не дейтінін де білмеді. Бұл қазақтармен сөйлесу кім-кімге де оңай болмас. Өңкей бір жұмбақ. Бірдеңенің шекесін шығарады да, «өзі не дер екен?» деп аузыңа қарайды. Үндемесең - «жә, оны қойшы» деп, басқа бір әңгімеге аунап түседі. «Әй, сол Ниязды қойшы» деп жүрген Нияздың езі, міне, мұның көмейін білгісі кеп кәлгірсіп отыр. Былайғыларынан не жөн сұрайсың?!
- Ойбүй, - деп Нияз орнынан көтеріле бастады. - Бүйтіп отырғанда әлгі бара жатқан ауылыма жарық барында жете алмаспын.
- Кімнің ауылына бара жатыр едіңіз?
- Мына Кіші Борсыққа биыл қандай ауылдар қыстайын деп жатыр екен, біле қайтайын деп едім?
- Сырлыбайлардың ауылы қай тұста?
- Олар да сол маңда шығар. Қазір баяғы Қызылқұмның ен шағылы қолды боп кетті, Кіші жүздің таласып-тармасып қыстайтыны кешегі өткен Қарақұм мен осы Борсыққұм ғой. Бүл араның да жетісіп тұрғаны шамалы. Бір жағың - түрікпен, бір жағың - қалмақ.
- Сонда Сырлыбайдың ауылына да соғасыз ба?
- Шаруа шығып жатса, соғып қайтуға болады.
- Кешегі Таймас не күйде екен, біле келмейсіз бе?
- Жарайды. Барсам, оны білмегенде не бітірем?!
- Ендеше, әлгі бізге қарсы топтың қарасы қазір қандай екен? Не істемек ойлары бар екен? Оған да құлақдар боларсыз.
- Әлбетте.
- Ой, көп-көп рақмет сұлтан. Жолыңыз болсын! Қаңқиған-саңқиған солбыр неме еріне басып есікке беттеп еді, Тевкелев табалдырықтың алдынан тағы да тоқтатты.
- Айтпақшы, сұлтан, мен осы сіздің иығыңызға ештеңе жаппаған сияқтымын. Сәл кідіре түрыңызшы. Барып сандығын ашып, ішінен бір бума көк шұға алып шықты.
- Мынадан шапан тігіп киерсіз. Амандық болса, сыбағаңыз әлі алда. Тек осылай бізге де тілдес, құлақтас болғайсыз. Ел арасына көп жүріп-тұрасыз. Мына жұрттың ақ патшаға пиғылы қалай аунап тұр екен. Біле жүрерсіз.
- О не дегенің, мырза. Бұнсыз да жолыңызға гүл бітсін деп тілейтіннің бірі менмін. Әбілқайыржан екеуіңіздің бұл шаруаларың ақыр түбі қайырлы боп шығып жатса, маған жаман бола ма?
Сұлтанның сопақ бетіне бір шырай жүгірді.
- Апырай, орыстың шұғасы мықты болады дейтін еді. Жарықтық осы сендердің маталарыңның бояуы оңбай тұр-ау, ал мына Бұхардың шүберегі бүгін кисең, қыздың тамағындай үлбіреп тұрады да, ертеңіне көрсең - ақ айранданып шыға келеді.
- Ал, сау түр, мырза.
- Жолың болсын, сұлтан!
«Бұл бір оңынан оралған шаруа болды», - деп ойлады Тевкелев, кімге қандай сый-сияпат тартқанын тіркейтін журналға «Нияз сұлтанға 12 сом 05 тиын» деп жазып жатып.
Нияз сұлтан келіп кеткен күннің ертеңіне қасында Әбілқайыр хан бар, Есет бар, Құдайназар мырза бар,
Бөкенбай батыр келді. Тағы да түс ауғанша отырып мәслихаттасты. Тағы да әлгі Таймасты алып кеткендермен сөйлес жайы әңгіме болды. Бұл жолы да оларға ашу жұмсамай, ақыл жұмсап: «Тұтқынды қайтып беріңдер», - деп алдарынан өткен дұрыс, - деп шешілді. Ол шаруаға Құдайназар мырза баратын болды,
Қазақтар өздері айтқан шешімге өздері пәтуа байласып, тағы да тарап кетті. Бірақ одан Тевкелевтің көңіліндегі күдік көбейе түспесе, азайған жоқ. Бұл қазақтардың түзік жағы ылғи бітуажада жүреді де, бұзық жағы әрекетте жүреді білем. Әйтпесе, ел ұстаған хан отырып, қол бастаған батыр отырып, қайдағы бір бұта торыған бұқпа тентектерге қайрат қыла алмайды деген не сұмдық! Мына халық қызыл тілге салғанда сай-сүйегіңді, сырқырататын кемеңгер сөздерін осындай кергіме дау, керауыз бітуажаға тәрк қылып, атысып-шабысумен өтетін шығар. Бұларға бұғалықты сол бір қапталдан шеттен біреу кеп салмаса, өздері біліп жөнге көшер түрлері жоқ екен! Мынандай ұлан-асыр жерді қайдағы бір қаңғыма арда халыққа кім жайлатып қояды? Мына жағында орманның талындай балалап өсіп орыс жатыр. Мына жағында қауызына сыймай асып-төгіліп Кытай отыр.
Өздері жер-көкке сыймай жандары мұрындарының ұшында отырғанда бұлардың бұтқа толғанын, ардалығын, асаулығын қайтсін! Қыл тұзақты біреуі болмаса біреуі бәрі-бір әкеп салады. Бұлар қайта әлгі өздері көп айта беретін жылы-жылы сөйлегеннің қадірін білмей отыр ғой. Үндінің алтынына ындыны құрып отырған ақ патша ертең жоңғар олай-бұлай боп кетіп, қалың қытай бері ойысса, бүйтіп, «қүраныңды үстай ғой», «антыңды бере ғой», «шен-шекпеніңді ала ғой», - деп жалынып отырмас, жез зеңбіректі желкеңе шөгеріп мылтықтың дүмі мен қылыштың жүзімен сөйлесер. Бұлардың мықтылығын сонда көрерсіз. Бұлар еңкейгеннің қадірін білмейді, еңкейген сайын шалқая түседі. Кешегі көшке тиіп жүрген бүзықтарға да бекер енкейеді. Олар онан сайын асқақтай түсетін шығар. Бүл Әбілқайыр неге бүгежектей береді. Қол астындағы халқының сырын білмей ме? Әлгі Сырлыбай, анау айтқан, ірі шонжар болмаса, онымен осынша саудаласпай-ақ, қасындағы қара тұяқтарын жауып жібермей ме? Әй, осының өзінің түбі шикі болып жүрмесін. Жұртын ақ патшаға еркімен көндіретін ойынан ештеңе шықпағасын, бұғалығынан шығып бара жатқан халқының қайткенде қайтадан көңілін табам деп жанталасып жүрген болмасын? Елшіні Уфадан алыстатып, мынау көз көрмеске алып келді. Жол-жөнекей қарақшыларына тонатып, қолдарына тұтқын апарып берді. Ертең Таймас әлен-пәлен болып кетсе, бұрынғы бұрынғы ма? Орыс елшілігімен ат құйрығы біржола үзіледі. Жұрт мынау сұмпайы елшіліктің түбіне жетуді талап етеді. Хан қол астындағы халқының дегеніне көнген болады. Одан бұл хабар сонау ақ патшаға жеткенше қашан! Оған дейін, кім бар, кім жоқ, Бұл немелердің ойлап жүргені осы болмасын!
Тевкелев өз ойынан өзі шошып орнынан атып тұрды. Сыртқа шықса - терістік беттен есек мінген кісідей етегі жер сызып Нияз сұлтан келеді. Сонадайдан ырсиып күледі. Бұның бір жоғын тауып келе жатқандай пәлденіп атынан түсті, пәлденіп тізгінін белдеуге байлады, пәлденіп шымыраулы ши есікте біраз тұрды, үйдің іші қаңырап бос тұрғасын, амандасар кісісі өзіне ілесіп келе жатқасын аңырайып ашылған ауызы сол ашулы қалпы табалдырықтан аттады. Талтаңдап төрге озды. Алшайып келіп отырды. Елшінің оң тізесіне барып отырғанын күтті. Сосын барып сөз бастады. «Жаман» десең табан астында жақсартып жіберетіндей.
- Ал, халдерің қалай? - деп қояды.
- Сол өзің көрғен.
- Манағы ауылдан шыққалы аузыма насыбай салмаппын-ау! - дейді, айтқалы отырған хабарынан гөрі сол маңыздырақтай, тері шалбарының қалтасынан шақша суырып.
Алақанына төккен насыбайын бас бармағымен үгіп жатып:
- Қой, биыл Борсықтың әр бұтасының түбінде бір-бір ауыл отыр. Бүл мал дегеніңде пәтуа жоқ мақұлық екен ғой. Осыдан сегіз жыл бұрын жоңғар қырғанда қойдың өзі түгілі келеңкесін кере алмай қалып едік. Ал, бүгін Борсықтың қай жақпылында да бықып жатқан отар. Тіл-аузым тасқа, ыңып кетіпті-ау, ыңып кетіпті. Алдағы қыс сиыр ма осы? Ол өзі бір ауызы былшыраған жайлы мал ғой. Аман болсақ, келесі көктемде, елші мырза, мына қазақтың даласында қой дегенің қоңыздай өріп кететін шығар, - деп бір қойды.
Тевкелев ішінен «қойда басың қалғыр, сенен оны кім сұрады», - деп тызалақтап отыр.
Нияз соны аңғарды ма:
- Айтпақшы, - деді. - Әлгі Сырлыбайдың ауылыньш да тамырын басып білдім. Бейшара Таймастың кеудесінде жаны бар демесең, әйтеуір, енді санатқа қосыла қоймас дейді. Күніне бес-алты рет барып бақыртып сабайды дейді. Ит аяққа құйып ас апарады дейді. «Бұ да дінін сатқан арсыз. Көзі кек, шашы жирен, көрмейсіңдер ме? Жирен кісінің қылшығы тіл-көзден бірден-бір ем. Мынаның тұла бойынан түк қоймай бәрін жұлып алыңдар! - деп уыстап шашын жұлады дейді.
«Бұл итің сүндеттелді дейсің бе? Сүндеттелмесе, бұның сіңірін затың ұрланғанда отқа тастасаң, ұрлықшының сол бойда бар сіңірі тартылып, тобан аяқ болып қалады», - деп киімін шешіп көрсе, пақыр молданың алдын көрген екен. Жаны бір жолға қалыпты.
Мынау сарсық сұлтанның «Мың бір туннің» хиссасындай ауызының суы құрып рақаттана айтып отырған әңгімесін тыңдағанда Тевкелевтің қараптан-қарап тұла бойы тітіреп кетті.
Бұлар қанша сарсық болғанмен тыңдаушысын көз жазбай бағып отырады. Әне, қарашы, әңгімесін қалай кілт бұрды.
- Бүл ит те болса, бір кезде мұсылманшылық құрды ғой. Ал әлгі шоқыншық ноғайға бұдан да еткізіп, көзіне көк шыбынды үймелетеміз депті. Ол найсаптың тұла бойына пышақ дарытпай инемен шаншып алып таусамыз. Өзін тірі қойып, терісін бармақтайдан сыдырып алып түйенің қара санына жапсырамыз.
Қағынды келмейтін болады. Өзінің екі көзін ойып, тілін кесіп, анау Арал теңізінің ішінде бір алапес арал дейтін арал бар. Соған апарып тастаймыз. Енін сылып алып, қасындағы бір солдаттан қатын патшаға беріп жібереміз. «Мұндай бізге емес саған керек шығар», - деп хат жазып жібереміз дейтін көрінеді. Ал, дүние-мүлкі мен қалған нөкерін талап аламыз, - деп желпініп отыр шетінен.
Бұрынғы бұрынғы ма, қазір өздері қара құрым көбейіп кетіпті. Башқұрттарды бұдан былай елші ертіп әкелмек түгілі өздері аяқ баспайтындай қып, қол жиып барып шауып аламыз деп қоқаңдайды. Құдай көрсетпесін, әлгі жаман Сырлыбайдың мұрынынан ақ сары бас құрт ыршиды. Күні кеше қазақ пен Басқаланың арасына ат қатынатпай отырған қандыбалақ неме әбден қанасына толып апты. Маған айтады: «Ағаңа айт, есі барда, елін тапсын. Әйтпесе, бір шүлжің шүршіт өлді екен деп бұл қазақтың ештеңесі кетпейді. Төре түгел қырылып қалса да, қазекеңнің қылы қисаймайды», - деді. Ол ол ғой, оның әлгі Бәби деген інісі тура жараған бурадай. Аузынан ақ көбік атады. Өлген Байқара әкесі Қожастан ерте қалып, соның қолында өсіп еді. Таймас егер соған тап болғанда, ендігі қарақұсына құзғын қонып отыратын еді. Қайта Сырлыбайға тап болып, құдай сақтаған десейші!
Ақыр заманды орнатып Нияз да жөніне тайып тұрды. Пәтшағар, осынша сұмдықты айтып отырғанда бет-ауызы бір бүлк еткен жоқ. Ертегі айтып отырған кісідей екі көзі жылт-жылт етеді.
Ол түні Тевкелев көрер таңды көзінен атқызды. Ертеңіне күні бойы хан ауылы жағынан олай қарай ешкім аяқ басқан жоқ. Қарай-қарай көзі төрт болды. Кешегі айтқан хазарларын қасындағыларға айтқан жоқ. Олар қаннен-қаперсіз. Орыс жағы «Волга, Волга матушка...» деп ыңырсып, башқұрт жағы керегенің сынған сағанағынан сырнай жонып әлек.
Күн ұясына қонуға бет алғанда хан ауылынан атқа мініп төрт-бес жігіт шықты. Тарс-тұрс шауып келді де, көк желкеге түсе қалды. Біреуі сол баяғы мысық мұрт Байбек...
- Е, елші мырза, аманшылық па... Мал-жан, бала-шаға, дені-қарын, қол-аяқ түгел аман ба? - деп жалпылдай кетті. «Барып кел, шауып келде», - көп жүріп жылпылдап сөйлеп, жымия күліп үйренген әдеті болса керек. Әкең өліп отырса да, есіктен осылай масайрап аттайды.
- Ал, елші мырза, тағы да көнбейтініңізді, тағы да ашуланатыныңызды біліп тұрмын. Хан тапсырғасын, айтпай болмайды, Мынау дүние-мүлкіңізден ештеңе тастамай түгел беріп жіберсін дейді.
Тевкелевтің жүрегі зірк ете қалды. «Кешегі ойлағаның аумай-төкпей келді де қойды ғой», - дейді ішінен. Жалма-жан башқұрт билерін шақыртты. Алдарбай, Қожаш, Қадрияс, Юмаш келгесін ханның әлгі әңгімесін айтып ақылдаса бастады.
Бұны естігенде башқұрттар да үрпиісіп қалысты.
- Ой, мынауы сұмдық қой.
- Сонда енді өзі зорлық жасайын дегені ме?
- Жоқ, дүние-мүлікті беруге болмайды. Одан айырылғасын біз кімге керекпіз. Біздің айтқанымызды кім тыңдайды.
- Бермейік. Тартып ала алмас. Күш көрсетіп жатса, біз де тірі жанбыз ғой.
- Иә, бұға беруге болмайды.
- Күші тасып бара жатса, өзінің тентегі мен телісін тыйып алмай ма?..
Тевкелев ойланып қалды. Ханмен жанжалдасқанда да күні не болмақ? Одан да аңысын аңдып көргені дүрыс. Ен болмаса, Бөкенбайдың алдынан өтпей ханмен кетісуге болмайды. Жандәрмен тапқан ақылы сол болды.
- Жоқ, әзір ханмен ат қүйрығын үзіспейік. Онда мынау қүла дүзде басымызға қандай зобалаң туатынын кім біліп тұр. Одан да қазір оған дүние-мүлкімізді бере алмаймыз дейік. Тартып алып жатса, әзінен қалсын. Көп ұзамай Бөкенбай келуге тиісті. Сосын ханға Бөкенбайды салып керерміз.
Хан адамдары тағы да құр қол қайтты. Бірақ, көп ұзамай тасырлаған төрт атты қайта қайтып келді. Бұл жолы хан:
- Елшіге айт, екі тай шүберегімен қабырғамды бүтіндейін деп отырған мен жоқ. Сол бір екі арбасы мына жалаңдаған жұрттың ындынын құртқан көздің құрты болды. Айтқанға көнбей ауыздығымен алысып жүрген асау топ оны бәрібір алмай тынбайды. Қолдан алмай, жолдан алғасын, оны да, мені де аямайды, екеумізді өлтіріп, қасындағы нөкерін құл қылып таратып әкетпек.
Одан да, бәрібір айырылатын дүниені сол қызылкөл пәлелерге өз қолымыздан беріп, көңілдерін аулап керейік, Кім біліпті, үмітсіз сайтан деген. Тірі жүрсе, талай боқша табылар. Ал, ертең келіп әңгір таяқ ойнатар көп тентектің тақымында кетсе, дүние түгілі басымен қайғы болар, - депті.
Тевкелевке одан әрі сөз таластырып жатуға жағдай қалмады. Екі сандық, екі тай жүкті, оның ішінде өзінің киім-кешегін де түп-түгел беріп жіберді.
Көрген-білгенін көзінен тізіп жүретін журналының «19 ноябрь» деп белгі соғылған бетіне Әбілқайыр ханға сегіз жүз сексен жеті сом он бес тиынның дүниесін беріп жібергенін қолы қалтырап зорға жазды.
Ол күні елшіліктің қосында ешкім ұйықтаған жоқ. Әбілқайыр алар дүниесін алды. Енді не езі адам жібереді, не анау әзіне қарсы боп жүргендерге хабар шаптырады. Сөйтіп, мынау елшіліктің ертеңгі таңды көрер-көрмесі белгісіз. Жұрт бір-бірінен қағаз сұрап алып хат жазды. Тевкелев мына қия шеттен Уфаға қалай хабар жіберерін білмей састы. Қасындағы нөкерінің қайсысын мына түннен қалдырмай қашырып жіберуді ойлады. Бірақ, жан-жағына құрылар тор құрылып қалған шығар. Аттап бастырар дейсің бе? Дегенмен, Қыдриясты шақырып алып, қалған нөкер ұйықтағасын, бір жүйрікті мініп, бір жүйрікті жетелеп Бөкенбайдың ауылын іздеп кетуге тапсырма берді.
Ертеңіне тәңертең Тевкелев өз көзіне өзі сенбеді. Үстіндегі үйі орынында, астындағы төсегі орынында. Аяқ-қолы бәрі аман. Тек таң алдында ғана көзі ілініп, ұйқысы қанбай оянғандықтан ба, басы ғана зіп-зілдей. Дегенмен, әлі де сене алмай сыртқа шықты. Елшілік қосы орынында.
Елші бұл таңды да аман-есен көріп тұрғанына енді сенейін деді. Әлде кешегісі жәй әншейін бір көрген түс болды ма екен! Қырық күдіктің ортасында шөре-шөре үрейдің үшып жүргенде олай да болуы мүмкін-ау!
Үйіне кіріп күнделік дәптерін алды. Жазылған парақтың ең соңғысының шекесінде «19 ноябрь» деген жазу тұр. Бүгін әлі ештеңе жазған жоқ. Сонда кеше не көріп, не қойғаны мына соңғы парақта болса керек. Тұр ғой, міне... Хан кеше бұдан сегіз жүз сексен жеті сом он бес тиынның затын әкетіпті. Демек, шындық. Демек, бүгін аман өргені, шынында да, таң қаларлық оқиға! Алайда олардың сені күндіз емес, түнде келіп шабам деп алдын ала серттесіп қойған несі бар? Анада Таймасты тал түсте-ақ әкеткен жоқ па? Күші жетсе, күндіз-түніңді не қылсын! Тал түсте-ақ салар ойрандарын салады.
Бірақ... Кешеден бері есіне келсе, не дейсің! Ол сұмпайылар елшілікке шауып не қылады! Олардың өлтірмегі бұның нөкері емес, өзі ғой. Оларға керегі - мұның артып келген дүниесі. Оны түнде алып кетті. Енді, мұның құзғын қара басы ғана қалды емес пе! Қалған башқұрттар мен орыстардың бір қылын түсірмей аман-есен күйлерінде ауыл-ауылға құл қып таратып аламыз деп жүрген көрінеді. Ендеше, олардың көрер жарығы әлі таусылған жоқ. Таусылса, тек бұның ғана жарығы таусылады. Бүл үшін тал түсте елшілікке тиіп не қылсын! Қазір хан бір төлеңгітін жіберіп, шақыртады. Алдына барғасын, аспанға асып қоя ма, бауыздап сала ма, кешегі мылжың сұлтан айтып келгендей шабақтап өлтіре ме, жоқ алапестердің арасына апартып тастай ма - өзі біледі. Әне, қазан басында түрған тығырық бөрікті төлеңгіт хан ордаға қарай емпеңдей жөнелді. Дәу де болса, оны осында жұмсайды. Елшіні шақырып кел дейді. Әне, хан ордадан ол ұры тазыдай жылмың етіп қайта шықты. Әне, бері беттеді. Емпеңдей басады. Сонша неге асығады екен! Бірақ, ол бейбақ өзінің қандай шаруамен келе жатқанын біледі дейсің бе? Білгенде не істейді? Бар деген жерге барып, істе дегенді істеп қайтудан басқа қолынан не келеді? Жүрттың бәрі солай. Жұрттың бәрі өз дегенін істеп жүрген жоқ. Ақ патша екеш ақ патша да ез ақылымен істемей, қойынындағы Биронның айтқанын істейді деседі ғой. Ал Биронның кімнің айтқанын істеп жүргенін кім біліпті! Сонда жұрттың бәрі де әйтеуір біреудің басыбайлы төлеңгіті екен де! Ендеше, құлақкесті құлдан қандай пәтуа сұрап, қандай айып таппақсыз! Ендеше, бәріміз де мына дүниеде не істеп, не қойсақ та айыпсыз екенбіз ғой. Ендеше, ханда да айып жоқ. Ол да біреулердің айтқанын істейді. Ол біреулерде біреулердің айтқанын істейді. Сонда мынау тал түстегі қара ниет қастандықтың еш айыбы болмағаны ма? Әрине... С олай... Солай болмағанда ше... Сонда мынау адамның атынан, ханның атынан, патшаның атынан, тіпті құдайдың атынан істеліп жатқанның бәрі қылмыс болғаны ма? Сондықтан не істесең де, осыным зорлық емес пе, осыным қиянат емес пе деп қылпылдап отыруың керек екен ғой. Ол ой, ол ниет езіңнен шыққанда зорлық-зомбылық екенін білерсің. Ал, біреуден шықса ше... Онда қайдан білесің? Онда білсең де, обал-сауабын арқалайтын басқа біреу ғой деп өзіңді-өзің алдарқатпайсың ба? Құдай біледі, мына төлеңгіт те осы тапсырманың артында бір пәле жатқанын біледі, бірақ обал-сауабын көтеретін басқа адам бар ғой деп ойлап келеді... Тап солай, әнеукүнгі жылмаңтөс төлеңгіт... Бәйбек... Жер түбінен ырсиып күліп келеді. Қазір де қасына жете беріп «Елші мырза, хал қалай, мал-жан, қатын-бала, аяқ-қол, дені-қарын сау ма!» - дейді. Әне, сенбесең, қарап тұр. Мысық мұрт жыбыр ете түсті.
- Қайырлы күн, елші мырза, ал хал қалай? Мал-жан, қатын-бала, аяқ-қол, дені-қарын сау ма?
Амал қайсы, күліп келген ажалға күле амандасу керек шығар.
- Сау, тамыр, сау!
- Ұйқыңыз шала болған ба, бет-аузыңыз домбығып кетіпті ғой.
Бұл енді мазақтағаны. Мазақтаса, мазақтай берсін! Енді кімнің не айтып, не қойғанында не тұр!
- Сізді хан шақырып жатыр.
Айтпады ма!
- Сескенбеңіз! Елшіге бар, шақырып кел, бірге отырып тамақтансын деді!
«Сескенбеңіз» - дейді! Қандай кесепатпен келгенін біліп кеп тұр. Демек, мұңы тірілей шабақтамайтын болғаны. Демек, алапестерге де апармайтын болғаны. Демек, мұның етінен ет те кесіп, алмайтын болғаны! Ол үшін тамақтанудың қажеті қанша! У беріп қатыра қоймақ қой...
- Тоқтай тұр. Қазір барам. Мына үйге кіріп шығуым керек еді.
Башқұрттар отырған үйге кірді. Бұл кіріп келгенде бәрі орындарынан түрегелді. Шамасы, мұның өңіне қарап бір сұмдықты сезген шығар. Тек ауызы қиысып бірдеңе айта алса жарар еді.
- Мені хан шақырып жатыр!
- Ойбай, ол итке тағы не керек болды екен! Кеше алар дүниесін алды емес пе!
- Бармаңыз. Жақсы пиғылмен шақыртып жатпаған шығар.
- Жібермейміз! Не көрсек те бірге көрейік!
Тевкелев жалт қарады. Мына дүниеде жүргелі бұдан ыстық, бұдан қымбат сөз естімеген секілді. Көзі жасаурап кетті.
- Дегенмен, барайын. Өлтірсе, тал түсте өлтіріп қайтеді. Жұрт көзінен жасырын, ешқандай айғақ-куәсіз де өлтіре алады емес пе!
Бірақ өзі айтып тұрғанмен, өз сөзіне өзі сенген жоқ.
- Бармай қалсам, кешегі сандықтарына бола өкпелеп келмей қалды дер. Одан да барайын. Ештеңе болмаған сияқты боп, ойнап-күліп барайын. Жаман ойласа, өз ниеті өзіне жолдас болсын. Осыншама орнықты, осыншама ақылды сөйлеп тұрғанына өзі қатты қайран қалды.
Башқұрт байғұстар сыртқа шықты. Бәйбекке еріп кетіп бара жатқан елші мырзаға қылар қайрандары болмай қала берді.
Тевкелев жолда келе жатып ханның қазір өзін қалай қарсы алатынын ойлады. Бұл кіріп барғанда жымсия күліп орнынан тұрады. Қол беріп амандасады. Оң қолына отырғызады.
Міне, хан орда да жақын қалды. Бұл жолы олар анада екі рет есігінен аттаған ат шаптырым ақ орданың тұсынан өтіп кетті. Одан арғы бүйірлі ақ боз үйге жақындай беріп Бәйбек бұған қарап:
- Елші мырза, осы арада сәл тоқтай тұрыңыз, - деді де, өзі жып беріп кіріп кетті. Біраздан соң қайта шығып, ши есікті иығына салып көтеріп тұрып:
- Кіріңіз, елші мырза, - деді.
Табалдырығына дейін жеткізіп масаты кілем төсеген ақ боз үйдің қақ төрінде бұқары пүліш бөстектің үстінде Әбілқайыр хан отыр екен. Оның үстінде ақ, сары, қызыл селдір жібектен шымылдық ұсталыпты. Ханның сол қол жағында дәл сондай жібек шымылдықтың ішінде үш ханым иін тіресе жайғасыпты. Ханға таман отырған бәйбішесі түп-түгел қызыл торғынға малынып апты. Басында алтын зерден кесте тігілген биік сәукеле киіпті. Қалған екі әйелі қызыл көйлек пен қызыл мақпал бешпет киіпті, бастарына малынтып ақ жібек жаулық тартыпты. Тевкелев қапелімде төрге оза алмай босағада бөгеліп қалды.
- Ә, елші мырза, хош келіпсіңіз, төрге шығыңыз!
Хан орынынан тұрды. Жымсия күліп қарсы ұмсынып қолын алып амандасты. Оң жағынан орын ұсынды. Өзі бүл отырғасын барып отырды. Жаңа бір сәтке абыржып қалған Тевкелев бойын лезде жиып ала қойды. Бәрі де манағы езі ойлағанындай. Тек бүл жолы хан оны ханымдар үйіне дастарқанға шақырыпты. Ақырет алдында хан орданың бар салтанатын армансыз көріп алсын дегені болар.
- Қалай ұйықтап тұрдыңыз?
Сыр алдырғың келмесе, алдыртпайтын тұсың нағыз осы! Ал, күле сөйлеуге тырыс. Ерні құрғыры қорғасын құйғандай ауырлап кеткен бе қайткен?! Неге қимыл-дамайды?!
- Жаман емес. Шүкір, ұйқым дұрыс.
- Мен бүгін жайсыз жаттым ба, денем ауырлап, зорға тұрдым.
Әңгімені қашқақтата бастауын қарашы! Анадай сұмдықтың алдында кісінің аузына пәтуалы сөз түседі дейсің бе! Әншейін тек пейіл мезірет қой!
- Ас алыңыз! Мен шәйға Басқаланың қалампір, талшын, зәнзәбілі салып дәрмектеп ішкенді жақсы көрем. Дәмі ұнамаса айтыңыз. Сізге басқа дүмшеден құйсын!
Бәсе, нағыз әңгіме енді басталған шығар. Мына шәй ақ патшаның елшісінің мына дүниеден ақырғы рет тататын атау асы боп жүрмесін...
- Ештеңе етпейді, сіздің ішкеніңізді іше берем ғой!
- Бәрекелде!
Әңгіме тағы да үзіліп қалды. Тевкелев алдына келген шыны аяққа енді қол соза бергенде:
- Осы орыстар да шәйқор жұрт білем, - деді Әбілқайыр.
- Иә, шәйді жақсы көреді.
- Сонда ғой олардың жері біздің жерімізден ыстық емес, шөлдемейді, неге ішеді?
- Тоңбасқа ішетін шығар.
Хан кеңк-кеңк күлді. Бұл да күлді. Шіркін, босағада айна болар ма еді! Бет-ауызының қалай болып отырғанын байқар еді.
- Шәй алмадыңыз ғой.
- А... Солай екен ғой.
Сыр алдырса осы арада алдырған шығар.
Шәйді аузына апарды. Сораптап жұта бастады. Бір өткір иісті қышқыл дәмі бар. Бірақ, таңдайына жағып барады. Удың да тәттісі болатын шығар. Арман тәтті ме, ажал тәтті ме деп неге айтты дейсіз! О да адамды еліктіре келетін шығар.
Хан бірдеңеге қиналып отыр. Әңгімесі шырқ айналып тамақтың төңірегінен шықпай қойды.
- Азықтарың қалай болып жатыр? Таусылып қалған жоқ па?
- Рақмет. Әзір бар.
- Енді бірер аптада Басқалаға қала шығарайын деп жатырмын. Астықтарың азайған шығар.
- Шүкір. Әзір жетерлік.
Тевкелевтің алдына шыны аяқ бірнеше рет келіп-кетті. Әзір аман. Бірақ, бұл үй шәйден де басқа тамақ бермес дейсің бе...
Шәйдің дастарқаны жиылды. Хан малдас құрып қақшиып отыр.
- Елші мырза, беліңіз ауырар, - деп жастық ұсынды.
- Рақмет.
Хан қыбықжықтап сөз бастады.
- Кеше жігіттерді жібергеніме ренжіп қалған жоқсыз ба? Тевкелев ханның бетіне күле қарады.
- Неге олай деп ойладыңыз?
- Қайдан білейін, бұрын қанша рет жігіт жұмсасам да, сан рет жүгіртпей ештеңе татырмайтын едіңіз.
- Әуелден қолым қатыңқылау еді. Әйелім сөйдейді,
- деді Тевкелев күле тіл қатып. Әбілқайыр бұл жолы рақаттанып күлді. - Әй, сол жеңгеміз бірдеңе білетін шығар. Оныңызды байқадық. Сосын да бәрібір осы қазақтың тізгін ұстарларына бұйырмас нәрсе ғой деп, ұятты қойып алдыртыпалдым. Әйтпесе, қолтығына бірдеңе кыстырып, ауыз лебін түзетіп алар кісі келген сайын сізге ат шаптырып саудаласып жатамыз ба? Оның үстіне бұл өлкеде қай кісімен қалай сөйлесу керектігіне сіз менен гөрі әзір шорқақтаусыз. Екеуміздің де илейтініміз бір терінің пұшпағы болғасын әдейі осылай істедім. Маған өңін жылытқан адам, ақ патшаға да өңін жылытқан адам. Аз-мұз сияпаны сіз таратқаныңыз не, мен таратқаным не? Бәрібір, бұл маталарды менің бәйбішемнің өрмек құрып тоқып жатпағанын біледі. Бұл жолы Тевкелев те рақаттанып күлді.
Сөйтіп отырғанда табақ келді. Тевкелевтің көңіліндегі ұры уайым тағы да қыңсылай бастады. Хан өзіне арнап салынып алдына әкеліп қойылған табақшаны қонақтың сый табағы келгенше қозғамады. Сый табақ келгесін қолын созып:
- Мәмбет мырза, сіз осы қаражоңқалау етті ұнататын сияқтысыз. Сіздің табағыңыз шұбарала болып кеткен екен, ол мына біз құсаған түздің кісісіне лайық. Табақ алмасайық, - деді.
«Бұл менің секем алып отырғанымды сезіп қойды-ау» - деп ойлады Тевкелев.
Хан табағы шынында да дәмді болады екен. Онша етқұмар емес Тевкелев өзі алдындағы табақты біраз еңсеріп тастады. Сорпадан да бөтен ештеңенің дәмін байқай қоймады.
Ортадағы айлапат дастарқан жиналған соң екі қызметші жігіт екі иір мойын жез құманмен хан екеуінің қолына шылапшын әкеп су құйды.
Олар сыртқа шығып кеткен бойда ішке басқа бір қызметшілер ұзынша емен күбіні әкеп қақ ортаға орнатты. Қасына жалтыраған дөңгелек сарытегеш пен бес-алты сары зерең әкеп қойды. Сосын барып ақ жібекке малынған бір көрікті келіншек имене кіріп, емен күбінің қасына келіп, сары тегешті тақ толтырып қымыз сапыра бастады. Үйдің ішін тәбет оятар таныс иіс жайлап ала жөнелді. Тевкелевтің жүрегі тағы да шаншып қоя берді. Сырттан тағы да сыптиған-сыптиған екі қызметші жігіт келіп, көрікті келіншек мөлтектете толтырған қысырақтың қымызын алдарына әкеп қойды. Сосын барып оң жақ босағаға бір тізерлеп отыра-отыра кетісті. Тағы да есік ашылды. Қолында домалақ бас домбыра ұстаған бір бала жігіт пен скрипкаға ұқсайтын тағы бір бүкірейген күй аспап ұстаған ақ сақалды шал кірді. Хан қымыз толы зереңді қолына ұстап:
- Елші мырза, сусын алып отырыңыз, - деді.
Сол-ақ екен ақ орданың ішін бір сай-сүйегіңді сырқыратқан зарлы әуез кернеп қоя береді. Малдасын құра жайғасқан ақ сақалды шал қолындағы күй аспабын сол жақ санына шанши қондырып, оң қолындағы жіңішке таяқпен ышқынта ыспалап бақты. Құлағыңа бұрын-соңды келе қоймаған таңсық үн болса да, ет жүрегіңді елжіретіп, өн бойыңды алып барады. Қараптан қарап жүйкең талмаурап, жүрегіңнің басы қабынып ісіне түскендей. Көзіңнің маңы жыбырлап қоя бергендей мынау, апырау, азаның сазы ғой. Мынандай сәнді дастарқаннан кейін мынандай ықылық атқан өксік күйді бекерден-бекер тартқызып отыр дейсің бе? Шамасы, мынау бал татыған сары қымызға анау шұбалаң жең келіншектің қолынан не тамып, не төгіліп кеткенін кім біліпті. Әлде мана сырлы зереңді әкеп қойғанда тубіне бірдеңе сала келді ме екен? Тевкелев босағада жер тізерлеп отырған екі қызметші жігітке қарады. Олар күйге ұйып қалғандай қыбыр етер емес. Қымыз сапырып отырған ақ келіншекке қарап еді, сыр алдыра қояр түрі көрінбейді. Бұлтиған етті ерінінің бір қиығын қымқыра тістеп қырын қарап кетіпті. Баяғы сол именшек қалпы. Ханнан, бейтаныс қонақтан ұялып отырғанын, бір шыпалы істі іші сезіп қысылып отырғанын түсініп көр. Ақсақалды кәрі күйші жалбыр қабағын түгел жауып жіберіп қыл ішектен шығып жатқан ызғырық сазды шекелей тыңдап мүлгіген де қалған. Домбырашы жігіт сарнаған қыл інектің бойымен бүйе жорғалап бара жатқандай одырая қарап отыр. Ақ сүр шал оң қолындағы қыл таяқшаны ышқына ыспалап, қыл шекті бармағымен қағып-қағып қалып күйін бітірді.
- Мына кісі қобызшы Қойсары деген кісі, - деді хан. Қобызшы шал сый қонаққа қарап оң қолымен көкірегін басып тағзым етті. Әбілқайыр:
- Рақмет, - дегендей басын изеп әңгімесін жалғастырды. - Әлгі тартқан Қорқыт сазы дейтін күй. Қорқыт деген ертеректе өткен әулие кісі екен. Моласы мынау Сырдарияның бойында. Кәш жөнекей талай көріп жүрміз. Дария беттен жел шыққанда жар басындағы жаңғыз мола әлгі қобыздың сазындай зарлы үн шығарып, сарнап қоя береді. Жарықтық жасы ұлғайған шағында ажалдан қорқып шартарапты түгел шарлап шығыпты. Қайда барса да - алдынан тұқшыңдап жер қазып жатқан адамдарға жолығыпты. «Ау, кімсіңдер?» - дейді Қорқыт. «Қабыршылармыз», - дейді әлгі мүскіндер. «Не істеп жатырсыңдар?» - деп сұрайды Қорқыт. «Қорқыт деген біреудің көрін қазып жатырмыз», - дейді. Содан Қорқыт ажалдан қашып құтылам деген дәмесінен біржола күдер үзіп мынау өткінші дүниенің опасыздығына налып қарағайдан ойып, сыртын түйенің көнімен қаптап, шегіне жылқының қылын тағып осы қыл қобызды жасап, әлгі бір сазды шалған екен. Біздің қазақтардың қиыны кеткен қыңыр іске тап болғанда «Қайда барсаң да - Қорқыттың көрі» дейтіні сондықтан. Ажал айтып келе ме! Айтып келмейтін ажалдан қайта қашып құтыла аларсың. Мәмбет мырза, қымыз алмадыңыз ғой. Алсаңызшы, нағыз бабында тұр екен.
Тевкелев аңырайып қарап қалыпты. Ханның мына сөзі дәу де болса тұспал әңгіме! «Келіп тұрған ажалдан қашқанмен құтыла алмайсың. Онан да алдыңдағы зереңді таусып, кереңді іш», - дегені шығар. Маңдайы шып-шып терлеп қоя бергендей болды. Үй толы жан бұның ауызына қарап қалғандай. Тевкелев қанша сабырлы болам дегенмен сол арада бір сыр алдырған сияқты. Алдындағы зереңге қинала көз салып:
- Тамаша күй, тамаша аңыз екен! - деді шалдың әнеріне риза болғансып дауысын соза сөйлеп. Қолындағы зереңді әрең көтергендей, жайлап ерініне апарды. Әлі ақырып аши қоймаған бабындағы қымыз. Таңдайында майша еріп сіңіп барады. Кері қайтарсам, «ішуге қорқып отыр» деп ойлар деп, бүйірлі зеренді бөксеріп барып тоқтады.
Сол-ақ екен манадан бері кезек тосып отырған домбырашы жігіт безілдете жөнелді. Бұл жаңағыдай емес бір ойнақы саз. Әлгінде ғана санаңды шамырықтырып, денеңді салқындатқан самарқау сезімді қуып шыққысы келгендей дедектетіп алып барады. Көктемнің нөсеріндей тасыр-тұсыр төгіп жатыр. Асыр салып ойнаған тай-құлындай тапыр-тұпыр дурлігіп, көңіліңді еліктіріп барады. Арқаң, қас-қабағың, маңдайың еріксіз жазылып барады. Манадан бергі уайымың да ұмыт болғандай. Имендеген қара жігіт бауырындағы қара домбыраның асты-үстіне түсіп, емініп өліп барады. Найза ұстауға жаралған көшқұлаш ұзын қолы жыландай ирелеңдеп сілтеп отыр, сілтеп отыр. Күйші жігіттің маңдайына шып-шып тер шығыпты. Екі бетінің ұшына албырап қан ойнапты. Манағы жасқаншақтау тұнжыр көзі жарқ-жұрқ от шашады. Қашқан құландай зулай аққан екпінді күй бірер бет арғып-қарғып барып басылды.
- Ой, пәлі! Жарайсың, - деді хан күйшіні мақтап.
- Рақмет. Көңілді күй екен, - деді мейман.
Мейман жүруге ыңғайланды. Хан ере түрегелді.
Біраз жерге дейін өзі жаяу шығарып салды. Елшіліктегі адамдар да ол қашан шығар екен деп абыржып тұрса керек. Бәрі сексиіп-сексиіп сыртқа шығыпты. Хан екеуінің күле қоштасқандарын көріп, олар да тістері жарқылдап бір-біріне бірдеңе десіп жатты. Тевкелевтің мойынынан таң атқалы бері зілдей боп басып келе жатқан қара тас сусып түсіп қалғандай болды.
Қосына қарай шалқақ басып, сергек адымдап келеді.
Ол күні Әбілқайырдың мойынынан да бір ауыр жүк түскендей болды. Басында ақ патшаньщ елшісі кешегі қылығыма өкпелеп қалды ма деп, ренішін басқалы шақырып еді. Сол үшін де дастарқанын Бопай ханымның отауында жайдырған-ды. Біраздан бері жат жерде, от басының қызуын көрмей, қоңторғайсып жүрген немеге дәм татырып, пейіл көрсетіп, көңілінің құрыс-тырысын жазып жіберейін деп ойлаған-ды. Тевкелевтің бұл келісі Әбідқайырдың ойлағанынан гөрі де орындырақ болып шықты. Оны хан елшінің дәм үстіндегі қылығынан байқады. «Осынын өзі бірдеңеден сескеніп отырған жоқ па!» - деп ойлап еді, келе-келе көзі айқын жете түсті. Ет пен сорпаның түсында елшінің көгілдір көзі қараптан-қарап лайытып қоя берді. Ал қымыздың түсында: «Біткен жерім осы екен!» деп зәре қүты қалмағаны бірден белгілі болды. Ол кезде Әбілқайыр алдыңғы тағамдардың тұсындағыдай көңіл басытңы әңгіме де айтпады. Қайта сол жанынан түңіле түссін деді. Қобызшы шадды шақырғаны да дұрыс бопты.
Онсыз да иненің ұшында отырған неменің төбе құйқасын шымырлатайын деп Қорқыт жайлы аңызды әдейі айтты. Домбырашы бала тартқан шалқыманы тыңдағанда байғұс өлген әкесі тіріліп келгендей есі қалмады. Дүниеде ол тап бүгінгідей, бүл үйден аман шық-қанындай қатты қуанып көрген жоқ шығар. Ендеше, ол әлі де талай нәрсені қуантқан да ешкім жоқ. Ендеше, ол әлі де талай нәрсені ұмытқанмен тап бүгінгі күнді, тап Әбілқайырды ұмыта алмас. Бүгін ол дүниеге қайта туғандай болған шығар. Бұған керегі де осы еді!
Анада ақ патшаның алдындағы еңбегіңді алдыңнан қайтарамын деген күні-ақ орыс елшісін басыбайлы өз жағына шығарып алуды ойлаған-ды. Ол үшін әлі де аспанға түкіріп отырған асау елшінің асқақтаған көңілін баса түсу керек болды. Ол мақсатына сол жақта жүріп те жете алатын еді. Күн батса болды, шырқ айнала қамап, таң атқанша көрер таңды көзімен атқыздыратын барымташылардың өзі-ақ ақ патшаның адамдарының әу бастағы аптыққан көңілін басып, көкіректерін жердей қып жентектей бастап еді. Біраздан бері тонап алар керуен таба алмай, бір-біріне шабуға онсыз да жоңғардың қыспағында отырғанда құдайдан ұялып, көрші қарақалпақ, қалмақ, естектерге найза шошаңдатуға да жолдары жабылып, қолдары қышып отырған жаубасарларға қызылды-жасыл дүние малмен құдай айдап келе қалған жат жерлік елші нағыз іздегенге сүраған еді. Оны сөйтіп біраз төмпештетіп, қашан әке-көке дегенше, айтқаныңды істейін дегенше, оң қабақ танытпай отырып алуға болар еді, парықсыз бөрі басарлар жазып жасап алып, ақ патшаның алдында қараптан-қарап құныкер болып қалам ба деп бір қорықса, елшінің төмпеш жегенінен гөрі бұның төмпеш жегенін көбірек тілеп отырған өзге сұлтандар оны «мынау күн бермей отырған бұзақы» ұлыстан өздерінің «маңдайларын шыбынға шерткізбейтін» «бейбіт», «тәртіпті» ұлыстарына көшіріп әкетіп, екі ортада өзін сазға отырғызып кете ме деп екі қорықты. Әсіресе, Бәби бидің ақикөз жігіттері боздақтарынан айырылатын әне бір кесір түннен кейін тіпті зәре-құты қалмады. Тентек бидің қара сойылдарыныа тым-тырыс жатып алғанынан қорықты. «Өзіне салғанда қылышын жалаңдатып, ертесіне-ақ жетіп келер еді, тым-тырыс бола қалғанына қарағанда, бұдан да өткен бір сұмдықты құлағына құйып жатқан әзәзіл біреу бар шығар» - деп сескенді.
Бәрінен де, мынау қанды оқиғаны пайдаланып Жәдік тұқымы елшіні «бұл Әбілқайыр саған қазақты көндіріп бермек түгілі, қара басыңның амандығына қамқор бола алмайды» - деп азғырып жүре ме деп қорықты. Сондықтан да мынау кілең қорқаудың ортасындағы жаңғыз қорғаушы өзі болып көрінуге тырысты. «Нендей қатер көрсе де, ақ патшаның жолында басын пидаға шалып, оның ақ жолтай елшісін қорғаған болып, бір күні түнде үдере көшіп, мынау шалғай өлкеге жылысып кетті. Жылдағы қыстауларына қонбай, бір жағын теңіз, қалған жағын қалмақ, түрікпен, хиуалықтар қоршап алған мына бір түпкірге жетіп ірге басты. Бұл араға Жәдік тұқымы өкшелеп келе алмайды. Бұрынғы қыстауына қонбай, бұның соңынан ере көшкен Батыр сұлтанның бір өзіне бұл бәрібір дес бермейді. Ол неменің бұған әзір жасаған қастығының түрі - анада Сырлыбайдың жігіттеріне көш женекей Таймасты тартып алып қашқызғаны. Қайта онысына да шүкір. Егер оны Бәби алып кеткен болса, Таймастың бұл күнге дейін тірі жетер-жетпесі неғайбыл еді. Өз бауыры үшін қан төккен Бәбиді ешбір қазақ жазғыра алмас еді. Ақ патшаның алдында да, алаштың алдында да бұл қарабет боп қалар еді. Құдай бір оңдағанда, Батырға ондай ақыл бермепті. Ал, Сырлыбай қанша ағайынға жан тартқанмен де ақ патшаның алдында, бұның алдында да қолын қандап құныкер бола алмасы хақ. Бір жағынан, інісі өлгенде бой көрсетіп шыққан жалғыз бауыры боп Бәбиді алдарқатса, екінші жағынан, ақ патшаның елшісі мен Әбілқайырды аз күнге болса да, бас игізіп кіріптар қып алдына әкеп, ел жұрттың алдында абыройын асырып алмақшы. Өткендегі Нияздың барып қайтқан сапарынан бұның ұққаны сол. Егер жылы-жылы сөйлесе, інінен шыққысы кеп басын қылтитып отырған нағыз сұр жылан сол Сырлыбай. Бірақ, оған оның икемі жеткенмен мынау орыс елшісінің икемі жете қоймасына күмәнданғасын Бөкенбай мен Құдайназарды шақырып ақылдасып еді, олар Тевкелевтің алдынан тағы да бір өтіп алғанды жөн көрді.
Таймасты мәмлегерлік жолмен босатып алуға күш салатындарын, бірақ ол үшін елшінің ез тарапынан да ықлас керектігін қанша сездіріп баққанмен, ол баяғы «бәрі өздеріне байланысты», «мен тек қол жайып келгендермен ғана сөйлесемін» деген үйреншікті әніне басты. Елшіден шыққан соң Бөкенбай, Құдайназар үшеуі тағы да ақылдасып, патшаның қазақ шонжарларына жіберген сый-сияпатын өз қолдарына түсіріп алмай турып, ру басыларымен жасалатын келіссөздерінен еш нәтиже шықпасына көздері жетті, Құдайназар шектілердің ауылына барып қайтқанша бұл елшідегі дүние-мүлікті өз қолына алып алуға уәде берді. Елшінің барып шағым айта алар кісісі - Бөкенбай. Ол елшіге мұндай озбырлық жасаудан басқа жол қалмағанын айтып түсіндіреді. Түсінбесе, жартылай тұтқынға айналып болғаы елші бұлардың тұтамынан енді қайда қашып құтыла алады. Астарындағы көлік талапайға түсіп, әр қазақтың алдында кетті. Қолындағы мүлік бұлардың қарауына көшеді. Сонда елшің қанша асау болғанда да ноқталы тайлақтай жетелеген жағына еріп жүре бермей ме!
Үшеуінің келіскен пәтуасы сол болған-ды. Сәйтсе, сол есептері дұрыс боп шықты. Тевкелев бұған сенбейді ғана емес, қорқады да екен. Жылдағы жерін қыстағанда оның ендігі Жәдік тұқымының жағына шығып кетуі әбден мүмкін еді. Ал, мына арада оның Бөкенбай мен Құдайназардан басқа барар жер, басар тауы қалмайды. Ол бұдан қорыққан сайын Бөкенбай мен Құдайназарға бауыр баса түседі, ал оларға бауыр басқан сайын бұған тәуелді бола түседі.
Тевкелев елшілігінің тізгіні өз қолына біржола өткеніне Әбілқайырдың тек бүгін ғана көзі жетіп отыр. Енді тек: «Іске сәт!» - де! Құдайназар осыдан шектілерден бірдеңе шығарып келсін де! Таймастың басына бостандық алып бере алса, патша елшілігінің алдында бетіндегі шіркеуінен құтылып, қалған қазақтардың алдында абыройы бір көтеріліп қалар еді. Жалына қол апартпай кеткен қиқар топ та басын сеңге ұрған балықтай бір мәңгіріп қалар еді.
Құдай оңдағанда, Құдайназар ол жақта көп кідірмеді. Бір күні қасында Дәумбай би бастаған отыз ақсақалды ертіп жетіп келді. Әбілқайыр ол күні баяғы Аңырақайдағысынан кем қуанбаған шығар. Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы кездерге сыр алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сүр қалпына түсіп алды.
Дәуімбай би нарт қызыл жүзі одан сайын албырап, көкірегіне түскен ұзын сақалын оң қолымен салалай отырып сөз бастады. Баяғыдан бері талай қиында қасынан табылып жүріп, мына бір тосын оқиғаның тұсында сырмінез емес елді тосырқады ма, әлде елшіні тосырқады ма, жоқ жаманды-жақсылы басы бостан өмірді қимады ма, қабырғаларымен көп кеңесіп, ұзақ уақыт толқып жүріп алғандарына кешірім сұрады. Бірақ, бәрібір мына заман жұт жылдың қысындай арқаңнан аяздай қысып, ық іздемесіне, пана іздемесіңе қоятын түрі жоқ. Әр ру, әр ата бөлек-бөлек қамсау іздеп не қарқ қылар дейсің. Одан да, біздің тапқан панамыз өзіңсің. Кіммен одақ болам, кімнен ық дәметем десең өзің біл, біздің ештенеге анық көзіміз жетіп тұрған жоқ, не де болса, етегіңнен ұстадық; ендігі обал-сауабымызды арқалайтын бір өзіңсің деуге келдік деді.
Әбілқайыр мына сөзді естігенде қатты қозғалып кетті. Көзінің астына лып ете қалған ащы жасты сырт айнала беріп ішіне жұтты. Сосын біраз отырыңқырап, өзіне-өзі келгесін барып тіл қатты.
- Дәке, рақмет. Әуелден де ақсақал едіңіз. Ақсақалдығыңызды істедіңіз. У ішсең руыңмен деген ғой. Енді адассақ та, жөн тапсақ та күллі жұртымыз боп қимылдамасақ, қараптан-қарап арам қататын уақытқа кез келдік. Мықты түгілі өзіміз секілді дегелшіктердің өзі сырт айналып сейлеспейтінді шығарды. Әйтпесе, анау башқұрттар екі жылдан бері екі көздерін төрт қылып елге жібермей ұстап отырған бір-бір боздақтарыңды баяғы заман болса, ендігі не сөздің, не қарудың күшімен босатып алар едік қой. Қазір олар: «Біз ақ патшаның боданымыз. Бізге жасаған зорлықтарың ақ патшаға істеген қиянаттарың. Өзіне қиянат жасаған қай халықпен қалай сөйлесу керек екенін біз білмейміз, ақ патша біледі», - деп бет бақтырмай отырып алды емес пе! Енді мынау шаруадан бірдеңе шықса, ең болмаса, сол жігіттерімізді дау-далбасыз босатып аламыз ғой. Бостанбыз, бостанбыз дейміз, анау ел ардақтап садақа сұрап жүрген қайыршы да, бостанмын деп ойлайды. Қай сайдың бойында арам қататынын білмей отырған оның бостандығында тұрған не пәтуа бар? Ойлап қарасам, біздің тіршілігіміздің де пәтуасы азайып барады. Қай жағыма қарасам да, бір-бір мықтыға арқа сүйеп алған бір-бір жұрт. Асық ойнағанда «ағама айтам»деп әлім-жеттік жасайтын аусар бала сияқты. Сенің ғана ағаң жоқ, сенің ғана арқа сүйерің жоқ. Әрқайсысы бір-бір жылы баспанаға басын тығып ап қызара бөртіп отырған өңшең бір жайбарақат жұрттың ортасында жел өтінде сирағы қызарып, панасыз қалған қайыршыдай қаңғырып жүрген тек бізбіз. Өйтіп кім көрінгенге көз түрткі қылып қойған бостандықтың да дәурені қашанға барар дейсің, ең болмаса, әзіміз құралпылардан таяқ жегізе қоймайтын қамқоры бар бодан болғанды жөн көрдім. Обал-сауаптарыңды маған артсаңдар, менін айтарым сол. Ақ патшаның қай уақытта қайтып жарылқайтынын әзір езім де біліп отырған жоқпын. Ал, әйтеуір, башқұрттағы балаларыңның мына елші Уфаға қалай аман-есен жетсе, солай бостандық алатынына сенімім кәміл, - деді.
- Ой, рақмет! Аузыңа май! Сол айналайындарды бір көргенімізден артық не жақсылық керек! - деп манадан бері үнсіз отырған былайғы шалдар да бір қозғалақтап қалды.
Әбілқайыр орнынан тұрып:
- Мынау ақ патшаның қазақтың өздерің сияқты игі жақсыларына жіберген сый-сияпаты көрінеді. Шамасы ықыласым жерде қала қоймас деп ойлаған болар, - деп әрқайсысының алдына кешегі Тевкелевтен алынған дүниенің шетінен бір-бір шекпендік мата тастады. - Енді мына Құдайназар елшіге ертіп барар. Ықылас пейілдеріңізді оған өз ауыздарыңнан айтарсыздар.
Үй толы билер ханға рақмет айтып орындарынан көтерілді. Орданың іргесінен қауқылдасып атқа қонып жатқан отыз бидің даусы ханға пейіштің үніндей естіліп, құлағына майдай жағып барады. Кейіндеп шыққан Құдайназарға:
- Әлгі шоқыншыққа оңашалап айт. Бұларды жақсы қабылдап, жылы сейлессін. Сірескен көк мұзға алғаш қызыл су жүгіртетін осылар болады де, - деп жіберді.
Ол неменің де миына бірдеңе барайын десе керек. Отыз биді құшақ жая қарсы алып, әрқайсысына бір-бір шапандык, мата ұстатып, маңдайларын құранға тигізіп, ант қағазға қолдарын қойғызып апты. Аузына құдай салды ма, кім білсін оларға: «Ертең тағы да осында кеп, түстік жеп кетіңдер. Кең отырып сәйлесейік», - депті.
Ертеңіне бүл қасына Бөкенбайды, Құдайназарды, жаңадан ант берген отыз биді ертіп, Тевкелевке қонаққа барды.
Елшінің ат шаптырым ақ боз үйінің қақ ортасына көл-көсір дастарқан жайыпты. Дастарқанда түз қазақтары көре бермейтін башқұрттың сары балы, татардың сүт қосып, қаймақ қосып, қант қосып, пісірген не бір қытырлақ тәтті наны, орыстың ақ тоқашы, сыртынан қарасаң су тас секілді қап-қатты, аузыңа салсаң болды, өзінен-өзі шырын боп еріп жүре беретін не бір тәттілері жал-жал боп үйіліп жатыр.
Бір башқұрт алабажақ жайпақ табаққа салып көк мұздай боп сіресе қатқан семіз еділбай қойдың құйрығындай төңкерілген бас қант әкелгенде жұрт тіпті қайран қалды.
- Мынаның бәрі қант па?
- Енді не деп едің?
- Сонда бұны қайтып жейміз?
- Жан-жағынан жата қалып жарысып жалаймыз.
- Мынауыңды бүкіл бір ауыл бір қыс жалап тауса алмас.
Қазақтарды таңғалдыра түскісі келгендей елші сандығының түбіндегі бар таңсық асын шығарып бағыпты. Дүр тасындай қап-қатты, сап-сары науат, кептірген жеміс, тұздаған балық, жемістен қайнатқан неше түрлі қақтар, қатты, қоймалжың, шұбатылған сан қилы тәттілер үсті-үстіне шығып жатыр.
Үйдің ішін жұпар атқан иран бақтың ішінде жүргендей бір әдемі хош иіс жайлап барады. Сол иістің өзі-ақ талай қазақтың көңілінің құрыс-тырысып жазып, дендерін жая түсті.
- Жарықтық мынау әлгі ақ құйрық шәйдің исі ғой!
- Бұл орысыңда да не жоқтың бәрі бар екен-ау.
Әбілқайырдың құдайы беріп отыр. Жан-жағындағы қауқылдасқан мақтау әңгімеге бір ауыз сөз қыстырмай, масаттанып мұртынан күліп отыр. Мынау ажырықты жерге тап болған аш жылқыдай естері кете қаужаңдасып жатқан қазақстарға: «Қап, бәлем, қалай екен!» - дегендей көзінің астымен қыдырта қарап қояды. Ара-арасында елші жаққа көзін тастап, оның екі езуі екі құлағына жетіп мәз болып отырғанын көріп: «Бұлар дегенің, міне, осындай ғой. Баяғыдан бері неге қақсап жүр дейсің», - дегендей белін жазып, иығын тіктеп, «а құдая» деп алақанымен бет-аузын сипап қояды. Тәуба, тәуба... Тек осы бағытыңнан жазба! Мына дастарқанды қазір отырған отыз ауыз отыз есе асыра мақтап, отыз есе асыра сырлап, аңыз қылып айта кетеді ғой. Қазақтың тізгіні қашан да қаңқу сөздің қолында емес пе! Баяғыдан бері қабағың осылай жазылып, қолың осылай ашылғанда ғой, ендігі мына отырған май тымақтардың талай жүзі алдыңнан өткен болар еді.
Жаңадан ант берген билердің Тевкелевтің дастарқанына риза болғаны сонша, Дәуімбай би жүріп бара жатьш, елшінің қолын қайта-қайта қысып:
- Таймастың жағдайын уайымдама. Барғасын Сырлыбаймен дұрыстап сөйлесетін шығармыз, іншәлле құлақ асар, босатар, босаттырармыз, - деп кетті.
Содан-ақ Тевкелев арқасын тамға сүйегендей болып, жоқтан өзге нәрсеге шықылықтап күле бастады. Дәу де бодса, бұл отыз, кешегі Құдайназар айтқандай ертең алдына келіп, жүгініп отырып, құранды маңдайына тигізіп, ала қағазға не мөрін, не бармағын басып, азды-көпті алапа алып аттанатын талай май тымақтың басы екеніне оның да түсінген түрі бар. Башқұрттарды жиып алып:
- Сендер тіл білесіңдер ғой. Маңайдағы ауылдарға барып, аңыстарын аңдап қайтсаңдаршы, - деді. Ырғай мойын, селеу шаш Сергей Костюков Юмашқа: Мені де ерте кетші, - деп жата қалып жабысты.
Юмаш ол ерең-серең немені ерткісі келмеді. Қай ауылға апарса да, жұрттың көзі бірден соған түсіп, қолдарын шошайтып күлетінін білді. Жоғалған тайлақ құсаған неме жәйіне қарап жүрмейді. Не болса, соны сұрап мазасын алады. Қасындағы Сидор Цапаевтың шақшадай басын шарадай қылып бітіп, енді Юмашқа жабысып отыр. Мына пәледен қалай құтыларын білмеген Юмаш елшіге барды. Артынан мойыны сорайып Костюков та жетті.
- Алексей Иванович, әбден ішім пысты. Мен бұл жаққа қазақтарды көрем, тұрмыс-салттарын зерттеймін деп келгенмін. Сіз болсаңыз, үйден шығармай жатқыздыңыз да қойдыңыз.
Елші мынандай сартабай даудан сасайын деді.
- Әзір орыс адамдарының ешқайда шықпағаны дұрыс. Жаман айтпай жақсы жоқ. Анадағы Таймас құсатып алып кетіп жүрсе, артының немен тынарын кім біліпті.
- Жоқ, қазақтар Таймасты анадағы өлғен жігіті үшін ұстап отырған жоқ па? Біз одан басқа ешкімге жазым салған емеспіз. Ал, егер құн даулайтын болса, баяғы нағашы атамның құны қайтарусыз. Соны естеріне салсаңыз билер өзі-ақ жым болады.
- Ол марқұм да осы пұшмайшылығынан қазақтардың көзіне түсіп қалыпты деп еді. Сен де сол нағашы атаңның жолын қуып жүрмесең.
- Онда патша алдында сізге сөз келмейтіндей қып, қолхат беріп кетейін...
Қаршадайынан Тобыл әкімінің қасындағы азғантай орыс оқығандарының ортасында өскен бір жағы швед, бір жағы поляк, бір жағы орыс шата неме әншейінде аяқ-қолына әзер ие боп, ерең-серең қимылдайтын икемсіз неме сөзге келгенде есесін жібере қоймайтын түрі бар екен. Қапелімде Тевкелев оған қандай жауап берерін білмеді.
- Жарайды, ала кет! -деді Юмашқа.
Юмаш оған:
- Жүр, - деді, - көзін алартып.
Әлгінде елшінің алдында тілімен тас сындырып тұрған пысық неме сыртқа шыққасын, қабағынан қар жауып түксиіп алған Юмаштың пысы басты ма, қайтадан болбырап сала берді. Атын ерттей алмай бір шәй ішім уақыт жіберді. Іші пысып кеткен Юмаш өзі ерттеп берді. Сосын: «Не болсаң, о бол!» - деп атына қарғып мініп, шоқырақтай ала жөнелді. Артында ат үстінен ауып түсе жаздап, қомпаң-қомпаң етіп Костюков кетіп бара жатты.
Көптен бері езулерін жиырмаған елшілік адамдары шек-сілелері қатқанша күліп мәз болысты.
Борсықтың қалыңына әлі бойламай түрып күнгей жақ шетіндегі жайпуат шағылдардың арасындағы бір шұқыр ойда отырған ауылдың үстерінен шықты. Анадайдан ауыл көрінгесін-ақ екеуі бір шағылдың тасасына барып киім алмастырды. Юмаш Костюковтың басындағы былғары тысты құлақшынды өзі алып, оған басындағы екі құлағы шұбалған түлкі бөркін кигізді, үстіндегі қара тонын өзі алып, оған өзінің томар бояуға боялған сары тонын кигізді. Енді желкілдеген селеу шашы жалпылдаған түлкі тымақтың астына кіргесін қыр мұрын, қой көз, ырғай мойын, ерең-серең ұзын жігіттің қапелімде орыс екенін аңғара қою қиын еді. Сонда да екеуі қорқа басып ауыл шетіне келіп кірді. Шеткергі үйдің тұсына тоқтап, Юмаш:
- Хабарласқандай кім бар? - деп дауыстады.
- Кім болсаң де есік ашық, кіре бер! - деді іштен бір күңкілдек дауыс.
Екеуі аттарын тұсап, қаңтарып, есіктен бас сұқты. Үйдің іші бықсыған түтін екен.
- Терлеңдер, - деді түтіннің ішінен біреу.
Юмаш терге озды. Оның қасына барып Костюков ерең-серең аяғын әзер жиып тізе бүкті.
- Бұл кімнің ауылы? - деп сұрады Юмаш.
- Бұл - масқар Телебай сақаудың ауылы.
- Ал өзіңіз кімсіңіз?
- Мен - бүл ауылдың табан нәсілінен емес, кірмемін. Зердебай зергер деген кісі болам.
- Ендеше бүл ауылда неғып жүрсіз?
- Біздің шаруамыздың сиқы - мынау қара керік.
Осыдан басқа қырға жабар қойымыз, көлге жабар ясылқымыз жоқ. Қолыңды қарап отырғызбайтын жер болса, бірге көшіп жүре береміз. Биыл мына алаша Байсау би сары жетім арғынға қыз ұзатам деп ала жаздай қасында ұстады. Соның қызына ерткен кешін кәріп, енді мынау Төлебай сақау қасына көшіріп алып отыр. Оның бір қызына мына кіші шектідегі Мойнақ батыр құда түсіп жүрген. Аманшылық болса, келесі жазда ел жайлауға шыға той жасамақ түрлері бар. Соған қызымның жасауын жасаулас дейді. Қызды жасаулағанда көк ала жылқыны жауып жіберіп, Хиуа, Бұқар, Сайрамның базарын бір өзің көтеріп әкетер баяғы заман жоқ. Қазір қанша бай болсаң да, біз құсаған ауыл арасының күлді-көмеш ісмерлеріне күнің түсетін кез. Би қызыма алты қанат ақ отаудың сүйегін жасап, түсап, ішін жасаулап бер, алтын, күмістен білезік, сырға. алқа соғып бер дейді. Соған, міне, күн жаумай су болып, үйдің ішін түтіндетіп отырғанымыз.
Костюковтың екі көзі зергерде, қозының қарынындай кішкене көріктің ауызында; лып-лып жанып жатқан сексеуілдің шоғында, шоқ үстінде жылт-жылт балқьш жатқан күміс құюлы кішкене бақырашта; жылқының тобығыңдай томпиған төс пен кішкентай ағаш балғада.
Сол екі ортада ауыл шетінен әлдене шу ете қалды. Ауыл-үйдің иті, бала-шағасы, қатын-қалашы айқайлап-ұйқайлап солай қарай жүгірді.
- Не боп қалды? - деп сұрады Юмаш үстадан.
- Бидің Жәдік деген үлкен баласы былтыр жазда Уфаға базаршылап барып жүргенде, баяғыда бізге барымта жасағансың деп башқүрттар ұстап қалған. Ол әлі сол жақта жатыр. Артындағы әйелі екі қабат еді. Сол пақыр бес күн бойы толғатып ақ бағанға асылулы түр.
Ауыл арасының бақсы-құшынаштарының ем-домынан ештеңе шықпады. Содан мынау Батыр сұлтанның ұлысына біреулер Хиуадан дейді, біреулер Бұқардан дейді, біреулер Ғираттан дейді, әйтеуір жеті жұрттың тілін білетін бір ғұлама келіп жүрген көрінеді. Ауру кісіге зікір салады, бала пішетін, кітап ашатын, бал жоритын - әйтеуір қолынан келмейтіні жоқ кісі деседі. Осы төңіректегі ғұзырлы, құсалы кісінің бәр солай қарай ағылып жатыр. Батыр сұлтанның үйінен аттап шықпайды деседі. Төлебай би үш күн қатарынан ат шаптырып алдыра алмаған. Талай жұртты: «Бойыңда бір шалық бар, не жын, не кәпір азғырып жүр. Әлде жуық маңда теріс оқулы біреу-міреумен табақтас болып па ең. Әлде соның аяқ ізі түскен жерге не табаныңның, не етегіңнің тигені бар ма? Не де болса, бойыңдағы шалық алладан емес, адамнан болған», - деп қарамай қайтарыпты. Әсіресе, осы байүлы мен жеті ру ауылдарынан барғандарға: «Сендердің қоныстарыңды бір кесепат жайлап келеді. Адамдарыңа ғана емес, малдарыңа да қауіп. Биыл бір сиыр дейтін жайлы жыл еді. Тоңың қатпай, тоғың басылмай шығатын жақсы жыл еді. Бірақ, соның да шырқы бүзылайын деп түр ғой. Тұманы мен тұмау-сүзегі көп бола ма қалай? Қотандарыңа жұт емес індет тиеді ме, қалай?» - деп кергитін көрінеді. Жұрт:-«Ойбай, жарықтық, көріп-тұрып қырасыз ба, ем-дом, дұға ішірткіңіз жоқ па?» - деп жалынса: «Бұл бір теріс оқудан болып тұрған пәлекет. Теріс оқудың дұғасын қайыру оңай емес. Не маған, не өзіңе қауіп болуы мүмкін. Теріс оқудың кесірі адал малдың қанынан кетпейді. Садақа шалып әуре болмаңдар. Ол үшін көне қабір көрсеңдер, соның шашы мен тырнағын қуырып, не қанын тамызып ішірткі жасап ішіңдер. Бір дауа болса, содан болады», - дейді екен. Телебайға да ауылыңның маңында аруағымды құрыстырып тастайтын ібіліс ұялаған жер бар-ау деймін, кіріп келгеніңде-ақ екі жауырыным билеп қоя берді деп, теріс қарап кеткен екен, дегенмен мына азапқа түсіп жатқан бейшараны аяған шығар, келіпті ғой.
Юмаштың іші қылп ете қалды. Тобыл мен Уфа маңында өсіп, татаршадан аз-маз хабары бар Костюковтың да зергердің әңгімесін тыңдаған сайын ылғи қызарып тұратын жіпсік көзі одан сайын әпірейе түсті. Бірақ, мына хабарға қорқып емес, қызығып отырса керек, «барайық, көрейік» дегендей, серігінің тақымын шымшылам бітті.
- Зердеке, онда біз де барып көрейік, - деді Юмаш.
- Көрік басып, күміс соққан кісіге ондай жерге баруға болмайды, өздерің бара беріңдер, - деді зергер.
Жан-жағы жал-жал шағыл шүқыр ойды ауызы-мұрынынан шығара шүпілдей қонған үлкен ауылдың күн шығыс жақ шетінде оңашалау тігілген Төлебай бидің отауларының қасы ығы-жығы адам. Бір жақтарынан кимелеп бұл екеуі де келді. Толғақ әйел отырған үй ішіне жүз сиырды қатар жіберіп сүзгілетіп қойғандай өз-өзінен бүлкілдеп тулап тұр. Біресе оң жақ керегесі, біресе сол жақ керегесі шатыр ете қалады, біресе шымырулы ши есігі, біресе түндігі желп-желп көтеріліп барып басылады. Біресе оң жақ үзігі, біресе сол жақ үзігі ырсиып сыпырылып келе жатып, қайтадан жалп етіп орынына түседі. Жұрттың бұл екеуімен ешқандай ісі жоқ, бәрінің көзі әлгінде ғана әулие адам кіріп кеткен ақ отауда. Соған еріп келген біреу болса керек, еңгезердей бүжыр қара ауызы жалпылдап әңгіме соғып тұр:
- Жарықтық кеше бидің шабарманы кеткен бойда орынынан қарғып түрып, жер-кекке сыйып отыра алмады. Кешке дейін өзімен-өзі күбірлеп сенделіп жүрді де қойды, күннің қызылы бата сарнағаннан таң атқанша сарнап шықты. Мана сары таңнан тұрып алып: «Кешегі толғатып жатқан әйелдің қасында бұрын-соңды мен жолықпаған бір жаңа албасты тұр деседі. Шашы сары, көзі көк деседі, өзі ыржаңдап жәй күліп тұрып-ақ жұрттың қол-аяғын шырмап алады деседі. Менің перілерім кеше бесінде құлағыма сыбырлады: «Барма, барсаң қауіп», - деді. Бірақ, бармайын десем, аруағым қозып, сүйек-сүйегімді сырқыратып, отырғыздырмай барады. Не әлгі бейбақтың, не менің сорым шығар, барайын», - деді. Ауылдан енді үзап шыға бергенде, құбыла бетке қарап: «Қайт, қайт!» - деп ақырды, жалынды, жылады, біраздан кейін басын шайқап: «Әй, осы сапарымнан аман қайтсам жарар еді, екі түмен перім бар еді, біреуі оң қолымда, біреуі сол қолымда жүретін еді. Оң қолымдағы түменді Әлбет деғен пері басқарады. Ол айтқанын тыңдасам да, тыңдамасам да, қандай қауыпта да қасымнан табылады. Ал сол қолымдағы түменді Албат деген пері басқарады. Ол Әлбеттен гөрі қайраттырақ. Бірақ қайсар айтқанын тыңдамасаң «Шу, Қарақұйрық» деп тайып түрады. Сонау қүбыла беттегі қара жолдың басындағы ақ тозаңды кердің бе, сол түменін шұбыртып, шақырғаныма қарамай, кетіп бара жатқан Албат, - деді. - Енді, бірақ, не де болса, шығып қалдық қой, барайық», - деді. Жолда қараптан-қарап ақ тер, көк тер боп терлеп келе жатты, мына бейбақты буып тұрған албасты да тегін бола қоймас. «Бейшараның перзент жолын шынашағымен басып тұр екен, соған Әлбеттің әлі жете қойса, болар еді», - деп уайымдап келе жатты.
Ақ отаудың ішінен арсы-гүрсі дауыс шығады. Әйелде, бірақ, үн жоқ.
- Бейшараны албасты әлі буып түр. Тіпті үні де шықпай қалды ғой, - дейді бір топ кемпір күндіктерін ысырып құлақтарын түріп.
Сол-ақ екен үйден басын маңдайшаға ұрып әлгі әулие адам атып шықты. Бет-ауызын тер жуып кетіпті. Басындағы сәлдесі шешіліп кеткен. Екі шалғайы ашылып кеткен. Орақ мұрынын жерге тіреп гүрс етіп жығылғанда қолындағы аса таяғы анандай жерге ұшып кетті. Бір қолында сүйек сапты ақ қанжар. Жығылғанда ұшып кетіп еді. Дәл қасына шаншылып кеп тұра қалды.
Жүрт жарыла жол беріп кері ығысып кетті. Әулие адам қара жерді қос қолымен бірдей төмпештеп әлі жатыр.
- Албат! Албат! - деп айқайлайды да, қара топырақты қарс-қарс асап шайнай жөнеледі.
Жүрт жағасын ұстап, кәлималарын қайырып тұр. Кенет әулие адам орынынан атып тұрды. Соңындағы құлаштай шұбалып жатқан сәлдесін лақтырып, әлдебір мақұлқаттардың кішкентай жіліктерін жыпырлатып тізе қадаған дөңгелек телпекпен қалды. Сосын кіршіксіз аппақ шұбалған матаны басына қайта орай бастады. Әр ораған сайын: «Мұнымен, сабырсыздық сенің аяқ-қолыңды матадым», «мұнымен, іштарлық сенің аяқ-қолыңды матадым», «мүнымен, көрсеқызарлық, сенің аяқ-қолыңды матадым», «мұнымен, дүниеқоңыздық, сенің аяқ-қолыңды матадым», - деп күбірлеп қояды. Костюков ішінен санап тұр. Мына кісінің бір басында алпыс құлаштай мата жүрген болды. Сосын ол тіктеліп отырып үстіндегі шапанын түзеді. Беліндегі кемер белбеуін алып: «мұнымен менмендіктің жолын кесіп, мейірімділіктің жолын ашам», - «мұнымен ашудың жолын кесіп, сабырдың жолын ашам», «мұнымен сараңдықтың жолын кесіп, салиқалықтың жолын ашам», «мұнымен надандықтың жолын кесіп, діндарлықтың жолын ашам», «мұнымен нәпсінің жолын кесіп, құдайға құлшылықтың жолын ашам», «мұнымен ашқарақтықтын жолын кесіп, қанағаттың жолын ашам», «Мұнымен әзәзілдің жолын кесіп, әулиенің жолын ашам», - деп жеті рет буып, жеті рет шешті.
Әлгінде ғана бақсы-құшынаш секілді алба-жұлба кісі қайтадан перуайлы пірәдарға айналды. Мойынындағы тоқсан тоғыз жиде тасынан өрілген таспиығын алып санай бастады. Әрқайсысына қолы тиген сайын бірдеңе сыбырлап қояды.
- Жарықтықтың молдалығы да мықты екен-ау!
Алланың тоқсан тоғыз атын түгел біледі екен, - дейді бір шал қасындағы шалдың құлағына.
Қақ ортадағы бейтаныс кісі шарта жүгініп мүлгіп қалған. Сояудай ұзын кірпіктері кілгіріп, қаймыжық еріндері сып-сып етеді. Қолындағы дестенің шетіне шыға бастағанда кең танауы қусырылып, іші-бауыры тартылып әндете бастады.
- Иә ил-аллаһ ил аллаһ! - дейді ол күңіреніп.
- Иә ил алла! ил алла - дейді жұрт жапа-тармағай қосылып.
- Иә аллаһ, - дейді ол күңіренте сарнап.
- Иә алла! - дейді жұрт қойдай маңырап.
- йә һу! - дейді ол даусын созыгг.
- Иә ху! - дейді жұрт та ілесіп.
- Иә хақ! - дейді ол көзін ашып.
- Иә қак,! - дейді жұрт та жамырап.
- Иә һай! - дейді ол көзін ежірейтіп.
- Иә қай! - дейді жұрт басын иіп.
- Иә кәюм! - дейді ол жан-жағына алақтап.
- Иә кәюм! - дейді жұрт мүлгіп.
- Иә қаһһар! - дейді ол мойынын тіктеп.
- Иә қаһһар! - дейді жұрт көкіректеріне қолдарын апарып.
Әлгінде ғана жер тізерлеп мүлгіп отырған пірәдер бірте-бірте тіктеліп, жан-жағына жалтақ-жұлтақ қарай бастады. Қараған сайын бойы тіктеле түседі. Бойын тіктей түскен сайын жан-жағына алақтай бұрылғанын көбейтті. Мойыны көз ілеспес жылдамдықпен бұлғақтай бастады. Бүкіл тұла бойы қалтырап-дірілдеп қоя берді. Әлгінде ғана орталарында отырған қойдан қоңыр тақуа қайтадан қақшаңдаған құдіретке айнала бастады. Мойыны қалт-құлт еткен сайын қос қолын жұлып алып көзіне апарады, қайтадан жұлып алып тізесіне қояды. Екі көзі аларып, ойнақтап, тыным табар емес. Қаумалай қоршап тұрған жұртты шетінен ішіп-жеп барады. Сол көзін алартқан күйі орынынан ұшып тұрды. Өз-өзінен шырқ айналып билеп кетті. Тұла бойы, үстіндегі киімі, басындағы сәлдесі түгел дірілдеп кетті. Қарсы тұрған жұртқа жер мен көк шыркөбелек айналып билеп жүргендей. Ортадағы кісінің басы айналар емес, ұршықтай үйіріледі. Ұршықтай үйірілген сайын әлгінде ғана сықитып ораған сәлдесі біртіндеп шешіле бастады. Шешіле-шешіле шұбалып жерге түсті. Сосын беліндегі белбеуі қараптан-қарап сарт етіп ағытылып жерге түсті. Үстіндегі жеңсізі желбірей-желбірей әуелі оң қолынан, сосын сол қолынан сыпырылып тусе бастады. Сосын анадай жерде шаншулы тұрған алмас қанжарды жұлып алды. Сол селк-селк билеген күйі аларған көзінің алдына апарып қатты да қалды. Ол тесіліп қараған сайын алмас қанжар оттың табына ұстағандай әуелі қарайды, сосын көгерді, сосын қызара бастады, бір уақытта әбден балқып тегіліп кететіндей болған кезде «пүп» деп түкіріп жіберіп еді, қызыл болат быж ете қалды. Сол шыжғырылып тұрған ыстық болатты далаңдаған шапанының бір шалғайына апарып тигізіп еді, бықсып күйе бастады. Күйген шүберектің исі мүңкіп қоя берді. Енді ол қып-қызыл қанжарға қайта-қайта тілін тигізіп жалай бастады. Ол ыстық қанжарға тілін тигізген сайын жұрт бір ышқынып қалады. Әулие қолындағы қанжар-ды ақ алмасынан аузына тістеп алды да, ақ боз үйдің шаңырағына бір-ақ қарғыды. Аузындағы қанжарды қайтадан қолына алып, күнге білеп, бақырып-шақырып біраз тұрды да, сарнай бастады. Өз сарнауына өзі қосылып билей жөнелді. Ол билеген кезде аяғы тиіп кеткен киіздің бәрі өз-өзінен сыпырылып түсе бастады. Ол болса қолындағы қанжарды ештеңеге тигізбей күнге білеп тұр. Ал ақ жұмыртқадай ақ отаудың барлық бауы қиылып түсіп қызыл ағашы жалаңаштанды да қалды.
- Албат! Албат! - деп билеген әулие әлі шаңырақта тұрды.
Ақ бақанға асылған боп-боз әйелде үн жоқ, екі көзі кекте.
- Албат! Албат! - деп әулие құбылаға қарай айқай салды.
Жұрттың бәрі құбылаға қарады. Ештеңе көрінбеді. Сол екі ортада шаңырақта тұрған кісі топтың ортасына қарғып түсіп, ауызы аңырайып тұрған Юмашты ортаға қарай сүйрелей женелді. Еңгезердей Юмаш қаңбақтай ұшып толғатып тұрған әйелдің алдынан бір-ақ шықты.
Әулие қолындағы қып-қызыл қанжармен Юмашты көк желкеден бір-ақ қойғанда шашын тықырлап алған ақ сары бас қара былғарымен қаптаған орыс құлақшынның соңынан жерге домалап бара жатты...
Ақ бақанға асылып тұрған әйел шыңғырып жіберді де іңгәлаған баланың дауысы шықты. Сол-ақ екен, енді болмағанда топыраққа томп етіп түсе жаздаған бас ырсиып тұрған ауыз омыртқаға сарт етіп қайта орнай қалды.
Әулие адам сыртқа атып шықты да, белдеудегі атына қарғып мініп, қанжарын жалаңдатып:
- Айналайын Албат, айналайын Албат. Құлдығың болайын Албат! - деп бірдеменің соңынан қуып бара жатқандай, құйғытып шауып ала жөнелді.
Аңтарылып қалған жұрттың әйелдер жағы жаңа босанған келіншекке жүгірді, еркектердің бір қатары: «Шүйіншілеп!» Телебайдың ақ боз үйіне қарай атанақтап барады, енді бір қатары Юмашты қаумалап алды.
- Апырай, аман қалдың ба?
- Аман болмай, маған не болыпты?
- Желкеңнен қанжармен шауып жібергенде қайттың?
- Оның бет-аузыма жақтырмай тыржиып қарағанын білем, желкемнен қолының қырымен қойып қалғанын білем, басымды бұғып қалғанда, қасымда тұрған оның күңірсіген тер исінің танауымды жарып кете жаздағанын білем, әйелдің шыңғырған даусы мен сәбидің шыр еткен дауысын естідім, басқа ештеңе сезген жоқпын. Тек мойыным әлі үйып тұр, - деді Юмаш.
Жұрт оның сөзіне сенер-сенбесін білмей, жалт-жалт қарап тарай бастады.
Бейсаубат екеу ауылдың шет жағындағы зергердің үйінің белдеуінде қалған аттарына мініп қостарына қайтты.
Өз көздеріне өздері сенбеген аң-таң ауыл соңдарынан аңырайып қарап қалды.
Юмаш пен Костюковтың айтып келген хабарына орыс елшілігі қатты дүрлігісті. Башқұрттар мен орыс солдаттары екеуіне көрген білгендерін қайталап айтқызып, бастарын шайқасумен болды. Сол екі ортада-ақ Әбілқайырға шабарман келіп жетті. Хан елшілікке барып екі жігіттің хабарын өз құлағынан естіді. Екеуі де кездері атыздай болып әбден қорқып Қалыпты. Әсіресе, елшіде зәре жоқ. Сонда бұл қалай болғаны? - деп бұған жалтақ-жалтақ қара й береді. Бүл не десін, басын бір шайқады да шығып кетті. Анадағы Нияз айтып келген әңгіменің астары енді белгілі болды. Орыс елшісінің терісін тірідей сыпырып алып, қанын инемен шабақтап сорып алу керек деген әңгіменің де қайдан тарап жүргені енді белгілі болды. Әлгі қаңғырманың сәлде орауына, жүріс-тұрысына қарағанда Хиуадан келген дәруіш сияқты. Хиуаның Бекташ дәруштері ғана әрі пірәдар, әрі бақсы болып келуші еді. Ендеше, оны Хиуаның ханы жіберіп отыр. Анада бұның жіберген едшісіне «мақұл» деп еді, онысы, әншейін, шығарып салма әңгіме болды. Бірақ, оны істеп отырған өзі дейсің бе? Әлгі инактары шығар. Сол пәлелер-ақ бұның арғы пиғылын алдын ала біліп қойғандай, қай айласының да күл-талқанын шығарып келеді. Көңіліне осындай ой қашқаннан Хиуаны да өз ықпалында ұстайын деп, баяғы орыстың елшісін өлтіретін Шерғазы ханды ғұламдары у беріп өлтіргесін, орнына інісі Мамайды апарып таққа отырғыздырып еді, дәл сол күні жұма намазға бара жатқанда аты тулап, өлтіріп кетіпті. Қаңғалақтаған неме қандай ат мініп келе жатқанымен де шаруасы болмаса керек. Қайғылы хабарды естірте келғен Ешмұхамбет биге айтып, осы Батыр сұлтанды хан қылып сайлатқызып еді, жарты жылдың ішінде қол астындағы халықтың көңілінен шыға алмасын біліп, басы аманда құтылайын деп, бір күн түнде қорғаннан арқан ұстап салбырап түсіп, елге қашып келді. Оның артынан хан қоюға қазақ арасынан төре іздеп келген Ешмұхамбет би мен Жұмақұл аталыққа осы күнгі Жолбарысты ертіп жіберген-ді. Жолбарыстың қызы бұның екінші баласы Ералыға айттырулытұғын. Енді, міне, Хиуаны ашса алақандарында, жұмса жұдырықтарында ұстайтын инактар мен ғұламдар бұның құдасын да қолға ала бастағаны ғой. Иә, олар орыстың жақындағанынан қорқады. Бүгін қазақ даласына кеп ат басын тіресе, ертең Хиуадан бір-ақ шығарын біледі. Хиуадан шықса, баяғы Дәулеткерей бектің кегін өліп қалған Шерғазы ханнан емес, оның қолымен от көсеп, әлі тірі жүрген өздерінен қайтарарын біледі. Сондықтан да, қазақ ханының патшаға өз еркімен бағынам деген әңгімесін олар қайдан жақтыра қойсын. Бір кезде өздері былғанған қара қанға енді қазақтардың қолын малмақ қой. Сонда тапқандары Батыр сұлтан боп шықты. Сұлтанның сонда бір кезде өзі қашып кеткен таққа қайтадан жемсауы бүлкілдей бастағаны ма? Әлде... Әлде... Батырды айдап салып жүрген хиуалық тар емес, оларды айдап салып жүрген осы Батырдың өзі болмасын. Оған қазір Әбілқайырдың тасының өрге домаламағанынан басқа не керек! Арам пәле Әбілқайырдың биыл неге бұлай қарай жылысып кеткенін байқап қалған болды-ау. Егер қазақ арасы бүйтіп ырсия берсе, Хиуа ханы мен қарақалпақ ханын азғырып, ант қағазға қол қойғызып, ақ патшаның елшісін аман-есенінде қалмақ ұлысына жеткізіп салмақ еді. Сөйтіп, өзінің ақ патшаға деген пейілінің дұрыс екенін білдіріп, оның болашақ шапағатынан бір өзі ғана дәметпек еді. Егер орыс мемлекеті ақыр түбі мынау өзіне қоңсы жерлерге бәрібір қол салатын болса, оның алдында көшкен Батыр сол ойын біліп қап: «Мына орыстар сендерден өш алғалы келе жатыр» - деп хиуалықтардың шабынан түртіп жүрген болды ғой. Хорезмдегі көп хазірет: «Олай болса, атасы мұсылман ғой, қазақтардың өзін айдап салайық!» - деп әлгі ала бүлігін осында жұмсаған ғой. Оның бүл жарапазанынан бірдеңе шығар-шықпас, бірақ, бүйтіп аңыс аңдып тым-тырыс жүре беруге болмайды екен. Ол немелер ертең қарақалпақтың да ауызын теріс айналдырып қойса, істің арты насыра шабады емес пе?! Ол үшін не істеу керек?
Батыр орысқа бағынуға қарсымын деп те, жақпын деп те айтқан жоқ қой. Ендеше соның өзіне күш салу керек. Ақ патшаның елшісі: «Бір кезде Петр патшаға хат жазған Қайып ханның баласы бар деп еді, қайда жүр?» - деп сұрап жатыр десе, баққұмар неменің аяғы салақтап өзі-ақ жетіп баруы мүмкін-ау! Өйтсе, аузынан қағынып, қазіргі одақтастарының алдында бетіне шіркеу түседі. Ал, оған илікпей қойса, ақ патшаның елшісінің алдында өз бетін өзі ашып алады. Әбілқайыр үшін оның екеуі де пайда? Егер ақ патшаға ант беріп жатса, қарақалпақтардың қолындағы тұтқын башқұрттарды босатып әкелуге соны жұмсатады; орыс мемлекетіне адал қызмет атқарар, атқармасы сонда белгілі болады. Өйтіп Батырдың өз қолымен өзін матаудың сәті түссе, мынау Кіші жүз арасындағы толқудың да ініне езінен езі су қүйылар еді. Орта жүздегі Жәдік тұқымына да «неміз кетіп бара жатыр» деп ат шаптырып керуге болар еді. Не де болса, көңілі ыңғайлас билерді тағы бір жиып ақылдаспаса болмайды екен? Анадағы Дәуімбай биден хабар болмай кетті. Таймасты көп ұзатпай босатып алмаса, орыс елшісінің ана жолғы райынан айнып кетер түрі бар.
Әбілқайыр дереу Бөкенбайға, Есетке, Құдайназарға, өзіне жақтас билерге ат шаптырды.
Араға бірер күн салып шақырылған билердің бәрі жиылды. Әбілқайыр оларға Батырдың ауылында Хиуа адамы бар екенін, оның ел арасына уағыз таратып жүргенін айтып берді. Оны билердің көбі біледі екен. Көпшілік Әбілқайырдың айтқанын қостады. «Бұған елші қалай қарайды?» - екен деп, Бөкенбайды сөйлестіріп көріп еді: «Өздерің білесіңдер ғой!» - депті. Жұрт Батырға Бөкенбай мен Нұралы сұлтанды жұмсайтын болып келісті.
Бөкенбай мен Нұралы Батырдың ауылындағы әулиені қоңсы ауылдардан біреу-міреу шақырта қоймас па екен деп хабар тосты. Батыр сұлтанның үйінде отырған мейманның дегенінен шыға алмай қалуы әбден мүмкін еді. Ал, ол жок, болса, ақ патшаның елшісі Қайып ханның баласын іздетіп жатыр деген хабарға қолқ ете қалуы ғажап емес-ті. Бұл іске Әбілқайырдың араласы барын сездірмей, оның еркінен тыс болып жатқан шаруа қып көрсеткендері жөн. Сонда ол: «Қап, бәлем, солай ма екен? Сендер қанша көз тасаға тықпалап баққанмен, ақ алмастың сынығы қап түбінде жата ма!» - деп, Әбілқайырды мұқату үшін-ақ атқа қонады.
Бір апта бойы шектілер ауылынан хабар тосқан Бөкенбай батыр мен Нұралы сұлтан келген пірәдарды шөмекей ауылдары шақыртып кетті дегенді естіп, сол бойда салып ұрып жетіп барып сұлтанның үйіне түсе қалды. Нұралының дымы ішінде боп, Бөкенбай сөйледі.
- Ал, сұлтан бізден бір ағаттық болыпты. Ақ патшаның елшісі Әбілқайыр ханның маңында баяғы Петр патшаға хат жазатын Қайып ханның баласы жайлайды деп еді. Оған хабар тимей жатыр ма, неге ат ізін салмайды деп сұрағаны. Біз: «Ойбай, ол сұлтан баяғыда алдыңыздан шықты ғой!» - деп едік. Ендеше, неге жөндеп таныстырмадыңыздар. Мен білмей қалдым ғой!» - деп ренжіді.
Мәмбет мырза күнде-күнде құлағымызды қажай берген соң, мына сұлтан екеуміз соның «келіп кетсін» деген сәлемін әкеліп отырмыз.
Алпамсадай қара торы сұлтанның дөң маңдайы жалтырап қоя берді. Бірақ, бет-ауызы белдей неме алақандаи ала көзш жарға өскен қарағандаи қалың біткен жүндес қабақтың астына жасырып томсырайып отырып алды.
- Қайыпты керек қылмаған ақ патшаға Батыр керегіпті дейсін бе? Сондай бір сұлтан бар еді, шақырып сөйлессеңіз қайтеді деп жүрген өздерің шығар.
- Жоқ, елші тек бізге ғана емес, сізге де өкпелеп жатыр. Орыстың талай елшісін қабылдаған аталы тұқымның ұрпағы бола тұрып, өздерің талай сый-сияпатькөрген ақ патша сарайының алыстан келген өкіліне арнайы кіріп сәлемдесіп шығуға да жарамағаны ма деп әлденеше рет айтты. Енді бармасаңыз не ойлап қалатынын кім біліпті. Әңгімесіне қарағанда сіз оның ат басын тіреп келген екі кісісінің бірі сияқтысыз.
Сұлтан біраз сазарып отырып:
- Жарайды, ол мырзаға да өкпеміз жоқ емес. Бірақ барып айтайын, - деп атына мініпті.
Түс қайта елшінің үйінің іргесіне ат байлап, есігінен аттамай жатып:
- Ақ патша біздің қазақтай ұлы табан іргелі жұртқа жөн білмейтін, жосық білмейтін ноқай кісіні елшілікке жұмсамайтын шығар деуші едік. Әлде ауыл арасының ақ сайтаны араласты ма екен? Сіз келгелі қостың сыртына шығып, ат мініп, мал қарап жүрген кез келген май тымақты қол бүлғап шақырып алып, иығына шапан жауып, қолтығына сыбаға қыстырып жіберіп жатыр деп естиміз. Мына Кіші жүздегі тізгін ұстап отырған екі «Арқар» ұрандарының біреуі ғой деп, өзімді сыйламаса да, Петр ағзаммен хат алысып түрған әкем Қайып ханның аруағын сыйлап, мені де шақырып, ықлас білдіретін шығар деп біраз тостым. Мәмбет мырзаның, ең болмаса, өлі-тірімізді білгісі келетін сыңайы көріне қоймады. Сосыи мына балдызым мен Бөкенбай батырға:
«Соның өзі неғылған неме. Әуселесін көрейік, апарыңдаршы!» - деп әдейі өзім еріп келіп отырмын, - депті.
Бұндай сөз орыстың елшісінің көңілінен онша шыға қоймаса керек. Ол да жүзін жылытпай тымсырая сөйлепті.
- Сұлтан, жөн білместіктің қайдан болып жатқаны, кімнен болып жатқаны бір тәңірдің өзіне аян шығар. Әлгі сіз айтқандай іздеп келіп алапа алып жатса, қара алып жатқан шығар. Ал өздеріндей жөн көрген, жосық көрген ақ сүйектер алыстан келген өзіміздей асыл нәсіл алтын таждың өкілі ғой деп өздері ықылас білдіріп, төрлерін көрсетіп жатыр. Содан да ма, Батыр сұлтан осы ұлыстағы ханнан кейінгі жолы сыйлы кісі еді, іргесіне келіп айлап жатқанда, кіріп-шықпағаны тегін емес шығар, бірақ, өзім іздеп барсам, алтын тажды падишаның басын кішірейткен болармын, алдыма шақырып ап, сый тартсам, асыл сүйек сұлтанның басын кішірейткенім болар, әлі күнге келмегені не менің өзімді, не мені елші қып жұмсап отырған алтын тақты менсінбей, әдейі көзге ілмей отырғаны шығар деп, қолға ұстай келген азғантай сый-сияпатымды жұмсап қойып едім. Қап, ыңғайсыз боп қалғанын қарашы, -депті.
Батыр сұлтан қанша атасын бұлдап, астамсып сөйлегенімен тап осы арада аяғынан шалдырыпты. Ата-баба, аруақ, тек деген де алысқа қыстатып қойған малың сияқты ғой. Санын айтып, айбарымен қорқытпасаң, керек кезінде табыла бермейді. Ал, ақыл деген жарықтық, керек жерінде орынымен жұмсай қоятын, қолға ұстап отырған қоңыр қошақаның секілді. Бірақ, батыр сұлтанның ол жағынан іргесі тым жүтаңдау еді. Соны бірден сездіріп алыпты.
- Бәлкім, басқа жұрттардың салты солай болса солай шығар. Бізде ондай салт жоқ. Мейман кісі келе жатқан адамының көңілін елеп, өзі кәделей келетін еді, - депті.
Ұялған тек түрмастың кері ғой. Соны түсініп қалған елші көзінің астымен Бөкенбайға қарапты. Бөкенбай мен Нұралы желкелерін қасыпты.
- Ақ патшаның өзін сыйлаған кісіге сыйы да, қошаметі де, тарту-таралғысы да жетеді. Бірақ, жер-аяғы алыс. Қыстың көзі қырау. Көп ештеңе әкеле алмап едім, - деп, Тевкелев сандығын ашып, елу сомға мөлшерлеп, алдын ала өлшеп-кесіп қойған бір бума матаны сұлтанның алдына тастайды. Батыр оған еңкейе қоймайды. Мейманының қабағын байқаған елші тағы да сондай бір бума тастайды. Сұлтан сонда барып еңкейіп:
- Әбілқайырдың үйіндегі ханымға ақ патшаның өзі киетін қамқадан көйлек әкеліпті деп естідік. Ол төренің қатыны болса, біздің әйеліміз төренің қызы, мынаның ішінде оның неғып сыбағасы жоқ, - депті.
Елші тағы да сандығына еңкейіп бір көйлектік қамқа тастапты. Сосын Нұралы сұлтанға қарап, оған да елу сомның матасы мен бір көйлектік қамқа тастапты. Жас сұлтан оң қолын кеудесіне апарып, басын иеді.
Екі сұлтан жер тізерлеп құранға жүғініп, ант қағазға қол қояды. Батыр сұлтан патшаға жылына мың түлкі, мың қарсақ, ханзада - мың түлкі жасақ төлеп тұратын болып уәде береді.
Батырдың елшіге барғанынан, елшінің Батырдың келгенінен қандай қанағат алғаны белгісіз, ал әлгі хабарды естігенде Әбілқайырдың арқасы бір жазылып қалды. Баяғыдан бері мына даладағы талай жұрт «ол қайтер екен» деп жалтақтап қарап отырған бір адамы Батыр орыс елшісіне өз аяғынан барып ант беріпті деген хабар тек Кіші жүзге ғана емес, күллі қазаққа тарап кетеді. Күні кеше ақ патшаның елшісіне илікпестей болып отырған талай-талай ру басыларының көңіліне ой түседі. Басқаны қойғанда, осы уақытқа дейін Қара мен Бәйімбеттен басқасы тырп етпей отырған алты шектінің мына хабарды естігесін қайтетінін көру керек. Анадағы Дәуімбек байдан да хабар шықпай кетіп еді. Сырлыбай мықты болса, енді шыдап көрсін. Ұлыс бегінің өзі кеп ант бергенін көріп-біліп отырып, қалай тырп етпей қалар екен. Бұрын тек батырдың қас-қабағына аңдап қолы байланып отырған алты шекті енді Сырлыбай мен Бәбиге бола ошарылып қала қояр дейсің бе?
Тевкелев үшін бүған дейін Батыр сұлтанның келмей жатқаны қандай жұмбақ болса, мына келіп-кеткені де сондай жұмбақ күйінде қала берді. Сонда пәлен айдан бері қырын қарап жүріп алғанда не бітірді? Енді өз аяғынан салақтап келіп ант бергенде не бітірді?
Елші Батыр сұлтан ант беріп кеткесін үш күн бойы ойланып осы бір қарапайым сұрақтың жауабын таба алмады. Қанша ойланса да тіліне:
- Қызық жұрт! - дегеннен басқа сөз түспей қойды.
Ант қағаздағы күміс мөрлердің күйелеш-күйелеш іздері мен бармақтардың табына қарап отырып күліп қойды. Қойылған қолдың саны жетпіске жақындап қалыпты. Бір-ақ, мынау бүгін күлкі, ертең түлкі болып сынаптай сусып отырған халықтың қай қылығынан пәтуа табарсың. Олардың өздерінде не пәтуа тұр, сөздерінде не пәтуа тұр...
Осындай бір дүдамал ойлардың құшағында отырып басы қатып кеткесін бір ауық сыртқа шығып таза ауа жүтып қайтайын деп табалдырықтан енді аттай бергенде... Өз көзіне өзі сенбеді. Анадай жерде қауқылдасып он шақты атты келеді. Алдыңғы жақтарындағы екі баран аттың бірі жуырда ғана келіп кеткен Дәуімбай да, қасындағы... Таймас. Алпамсадай Таймас қу таяқтай болып қалыпты. Анадайдан ырсиып күліп келеді. Екеуінің соңында он шақты атты. Бәрі де таралғыларын үзіп жіберетіндей шірене тебініп-тебініп алыпты. Қақ ортадағы көк ала аттың үстінде дөңкиіп отырған әлгі аты шулы Сырлыбай болмасын. Қалған жұрттың бөріне төбелерінен төніп шекелеуі жаман екен. Басында құлағы салпақтаған түлкі тымақ. Үстінде бурадай қасқыр ішік. Желсоқты томпақ жүзі қызыл мақпалдай боп күреңітіп түр. Томаға көзі өңменіңнен өте қарайды. Қайта, ат үстінде жинақы отырама, еңгезердей денесі тап онша көзге шалына қоймап еді. Үйінің желкесіне кеп дүңк етіп түсе қалғанда қол-аяғы серейген көк сұр ат оның емшегіне зорға жетіп тұрды.
Тевкелев әшейін сәлем мезірет жасап салқын амандасты. Меймандар үйге кіріп төрге озды. Таймас елшімен құшақтасып көрісіп, көрші үйдегі серіктеріне кетті.
Жұрт жайғасып болғасын Дәуімбай сөз бастап меймандармен таныстырды.
Тевкелев Таймасты өздері біліп босатқандарына рақмет айтып, келген кісілерге бір-бір орам көк шұға сыйға тартты.
Манадан бері қақ төрде мұрыны қолақпандай боп қақырайып отырған Сырлыбай шаңқ ете қалды.
- Әй, Дәуімбай, - деді ол. - айт мына ноғайыңа... Бұл неме біз келгенде неғып тауыққа жем шашқандай шөпектей қалған. Ана сандығына қолын батыра түссе, түбінде шаян жатқан жоқ шығар, шағып алмас. Қасындағы мынау жуынды ішіп семіріп, есірген башқұрттардың бұдан үш жұма бұрын немере інімді өлтіргенін ұмытып қала қойды дейсің бе? Қазақтың санда жоқ жаны, санатта жоқ азаматы болмайды. Қанға қан, жанға жан деп бір башқүртын ұстап алып, ертең қырқын беретін күні қаралы ошақтың басына апарып, маңдайын құбылаға қаратып, кеңірдегінен шалып, қара қанын шашайын деп едім, бәрің кеп «әке-көкелеп» қолыма жабыстыңдар. «Шырық бұзса, солар-ақ бұзсын, біз ертең елдің бетіне шіркеу салмайық», - дедіңдер. Ағайын ғой, жаман болсын деп тұрған жоқ шығар деп айтқан-дарыңды қылдым. Сондағы жасаған жақсылығымның қиуазы мынау бес елі көк шүберек болғаны ма! Қазақтың бетіне шіркеу түсірмеймін деп, қағынды алып ңарайған жүрегімнің жарты қанын жерге төгіп, қолыма түсіп тұрған қандықол қарақшыға кешірім жасап, кеңпейіл болғанымда, ертең, ең болмаса, иығым жарқырап бармайтын болса, елге не бетімді айтам, Ойбай-ау, ағайын екен десем, өңшең жау ма едіңдер, түге! Бүйтіп жерге қаратып шығаратын жерге бастап әкеліп, Дәуімбай, менде немене, ала алмай жүрген өшің, қайтпай жүрген кегің бар ма еді! Тілінді алдыра алмайтының бар, шарғаң жетпейтін жердің дау-шарына неге араласасың?! Тевкелев ләмим үндеген жоқ. Сырлыбайдың алдына тағы да елу сомның матасын тастады. Дәукес бидің әлгіден гөрі жүзі жылиын деді. Бірақ әлі де көңілінің бір ортасы бардай мырс етіп қойды.
- Пәлі, бұларыңды мен ана жақта қанды қол қарақшыны аяғынан тік бастырып апарып, он екі жілігін, отыз омыртқасын, қырық қабырғасын саудыратып түгел санап бергенде қолтығына не қыстырып қайтар екен деп жалаңдап жолыма қарап отырғандарға таратып берем ғой! Сонда менің өзім ше... От төсеп, оқ көсеп жүргенде иінім қурап құр қол барам ба? Маған берсең, ана үстіңдегідей асыл жағаңнан бер. Көк ала шүберекті жұрт сенен туғанынан айырлып бауыры күймей-ақ «ассалаумағалейкүм» - деп алдыңа кіріп шыққаны үшін де киіп жатырған кәрінеді ғой...
Елші үн-түнсіз орынынан түрды. Беліндегі деңмент белбеуін шешіп бидің алдына тастады. Сосын алқызыл мауыты шекпенін шешіп, иінінен бір сілкіп, әлгі белбеудің үстіне тастады. Сосын күрең барқыт бешпетін шешіп ұсынды.
- Пәлі, баяғыдан бері осылай істемедің бе? - деді Сырлыбай алдындағы үйіліп жатқан дүниенің бәрін өзіне қарай ысыра тартып.
Сақал-мұрты селтиген дәукес бидің қызара берткен жалпақ беті біреу майлап кеткендей аяқ астынан жылтырап қоя берді.
- Иә, деймін-ау, мұндай мәрттік жасап тұрып, не қара айдап қайтпасам, не жаға киіп қайтпасам, ертең кім көрінген көзіме шұқып жүргізбейді ғой.
Сол екі ортада есік түріле ашылып:
- Ассалаумағалайкүм, - деп бір топ кісі сау ете қалды.
Қақ алдарында - Әбілқайыр хан, орталарында қалмақ тымақты қысық көз біреу, он бес шақты ақсақал-қарасақал кіріп жетіп келді.
Төрде отырғандар оң жаққа қарай ысырылып кейін келгендерге орын ығысты. Амандық-саулық сүраса келгенде ханның қасындағы Шерін Дөндіктің елшісі болып шықты. Орта жүздегі Сәмеке ханға барады екен. Жолдағы байұлы ауылдарына қонған екен, олар орыстың елшісі келіп жатыр деп, Әбілқайырға әкеліпті. Әбілқайыр мынау дәукес билер аттанып кетпей тұрғанда, үстерінен басайын деп осында ертіп келіпті.
Мынау бейсаубат қонақ қалмақтың елшісі дегенге жұрт ошарыла түсті. Мейманның шешініп, амандық-саулық сұрағанына да мұрша бермей, жан-жақтан сүрақ жаудыра жөнелді. Бәрінің білгісі келетіні - қалмақтарға орыс патшасының қандай жақсылық жасап отырғаны. Шерін Дөндіктің елшісі бар өнерін салып бақты. Оның айтып отырғандарының мынау Әбілқайыр мен Бөкенбайдың айтып жүргендерімен дәл келгеніне көбісі-ақ таңғалып отыр. Әңгіменің бас кезінде қалмақ елшісінің сөзінен өтірік тапқысы келіп, аяқтан шалып мұқатып, кекеп-мошқап баққан кер ауыздардың да бірте-бірте мысқылшыл мысық мұрттары салбырап, көздеріне жылт қаша бастады.
- Не десеңдер де, өздерің біліңдер. Бәріннің де естіп-көрген жерлеріңдегі екі үлкен сулы дарияның көк шалғынын ар жағындағы шеркестер мен ноғайлар, бер жағындағы башқұрт, қазақ, түрікпендер ақ патшаның айбынынан ықпаса, бір уыс қалмаққа бір күн жайлатар ма, - деді ІІІерін Дөндіктің елшісі.
Мынандай аталы сөзге манадан бері саудырап отырған қазақ билері ештеңе тауып айта алмады. Оған Әбілқайыр мен Тевкелевтің айызы қанып отыр.
Қазақ билері үйден үн-түнсіз шығып, аттарына үн-түнсіз мінді. Аттарының сауыры бұлт-бұлт етіп ауылдың сыртындағы қара жалдан асып кеткенше уй сыртында түрған Тевкелев сол бір жиектен әрі асып жоғалып жатқан көп елеске қарап талай ойдың басын шалды.
Әлгінде ғана өз төрінде болған оқиға көз алдында тұр. Сонда бүл дәукес Таймасты осынша уақыт әлгі қос уыс шүберекке бола үстағаны ма? Әлде, қанша дегенмен, ақ патшаның кісісіне қол көтеруге жүрегі дауаламады ма екен? Ендеше, оны тапа тал түсте көшке тиіп неге тартып әкетеді? Бүның бәрі ар жағында ешқандай есеп, ешқандай астар жоқ, ойына не келсе, соны істейтін пәтуасыз жұрттың әншейін бір шөлдуарлығы ма?
Талайды көрген тарланбоз елші басымен осы жұрттың-ақ құлқына түсіне алмай қойды. Сонда бүлар мұндай қиқарлықты нелеріне сеніп істейді? Әлде бұнымен де, елшілікпен де ешқандай шарусы жоқ, тек Әбілқайырдың беделін түсіру үшін істей ме? Не де болса, бұлар тап баяғыларындай шалқая алмай тұр-ау! Анадағы қызыл көз сұлтан да тегіннен-тегін келді дейсің бе? Орыс патшасынан қоқан-лоқымен ештеңе шығара алмасын білген шығар. Бір айдан бері ақ патшаның адамын тұтқын қып ұстап отырған әлгі қиқардың да оп-оңай иліге қалуының ар жағында бір сыр бар ғой. Не де болса, мұның бәрінің төңіректен тосын хабар іздеп, елеңдесіп отырған құрқұлақ жұртты бір шайқалтып етері хақ. «Істің бағыты тап анау айтқандай жаман емес қой», - деп түйді Тевкелев ішінен. Іс бір оңалайын десе осы-ау! Әлгі дәукес бидің үстіне қаңғалақтап мына қалмақтың келе қалғаны қандай жақсы болды? Өзі бір бедірейіп айтқанынан қайтпайтын пәле екен! Оның жаңағы сөздері ертең-ақ талай жалба тымақтың ауызында жүреді ғой...
Тевкелев анау дөңкиген-дөңкиген қара жалдардың ар жағында не болып, не қойып жатқанын енді ұғайын деді. Бақса, әнеукүнгі Құдайназарға еріп келген отыз бидің де, бүгінгі Сырлыбайдың да келісі тегін келіс болмады. Қазір билердің көкірегіне анадағыдай емес бір күмән орнай бастағандай. Екі жақ құлақтарынан екі түрлі уағыз айтып сарнаған кереқар екі топтың қайсысына иланарларын біле алмай жүр екен ғой. Әбілқайыр мен Бөкенбайдың «жылы сөйлейік», «көңідін аулайық» деп неге қақсай беретіндерінде де бір мән бар боп шықты. Иә, мұндай жағдайда «ант берсеңдер бергендерің, берсеңдер, бере көріңдер деп жалынбаймын», - деп қол қусырып қарап отырып алуға болмайды екен. Мынау ұшан даладан Россияға қазақтардың бағынамыз деп қол қойған сары ала қағазы ғана қайтара алатыңына кәзі енді жете бастады. Сол қағаз қолға түскенше, не керсе де, шыдап бағуы керек.
Түні бойы Шерін Дөндіктің елшісімен сөйлесіп шықты. Сөйтсе, Әбілқайыр төңірегінің қазір бүйтіп селдіреп қалуы тегін емес көрінеді. Кейінгі жылдарда талай шайқастарда жеңіске жетіп, үлкен абыройға ие болып жүрген бұл ханға қазақ сұлтандарының атарға оқтары жоқ дейді. Әсіресе, Жәдік тұқымы сұлтандарының жұлдызы қарсы екен. Олар Әбілқайыр ұлысында отырған Батыр сұлтанды да өз жақтарына шығарып алуға жанталасып жатса керек. «Батыр сұлтан Әбілқайырдың немере қарындасын алып отырғанмен, жеті бабасынан жауласып келе жатқан тұқымдар ғой, іштері жыли қояр дейсің бе?» - дейді.
Қалмақ елшісінің әлгі сөзінен кейін Әбілқайырдың сұп-сұр маңдайындай боп сазарып жатып алған мынау салхар сахарадағы саясат деп аталатын көзге көп көріне бермейтін қан тамырларының лүп-лүп соғысын анық аңғара бастағандай.
Мына қалмақтың келгені бұның біраз нәрсеге көзін ашып берді. Ханның мынау итарқасы қиянға неге әкеліп отырғанына да енді түсінгендей. Арал теңізінің шығыс бетіндегі жылдағы қоныстарына қыстаса, көршілес Батыр ұлысына ат құрғатпай қатынасып түратын Жәдік әулеті төрелерінен ши шығып қала ма деп қорыққан ғой. Бірақ, Батыр да ханның сол ойын байқап қалып, үйреншікті қонысына қонбай теңіздің теріс бетіне қыстап отырған көрінеді. Әбілқайырдың тағы бір ойлағаны - егер істің арты насырға шауып бара жатса, елшіні Уфа арқылы қайтармай, Бөкенбай, Есет ұлыстары арқылы қалмақ асырып жібермек екен.
Әй, бұл күлмес ханның білмейтін пәлесі бар дейсің бе? Қалған сұлтандар осындай найза бойламас сұмдығына бола жек көреді ғой, - дейді қалмақ елшісі.
Ол Тевкелевтің көптен бергі бір уәйімсіз тыныш ұйықтаған түні болды.
Желтоқсан ортасынан ауып барады. Күз бойғы тері былау жіпсік жауыннан дымқыл жатқан қара жер екі-үш күн қатарынан күн батыстан қадалып тұрып алған шымыр желден дыңылдап қатты да қалды. Хан ауылы іргелеріне белуардан топырақ үйіп кемді. Оны көріп елшілік те үйлерінің іргесін көме бастады. Жұрт түйе жығып, тай жығып теңкитіп-теңкитіп қой үйтіп әбігер. Қан-жынға тойған иттер ауыл айналып шапқылайды да жүреді. Бастарына шаңырақтай ғып ақ жаулық ораған, қақырайтып сәукеле киген бәйбішелер атан түйеге жазы салып, сыртын ак, шаңқан өре киізбен қоршап, жасы үлкен, жолы үлкен ауылдарға соғым сыбаға тасып, табандарынан таусылып бақты. Әсіресе, хан ауылы күні-түні жиын. Тай жетелеп, үйіткен қой әңгеріп келіп жатқан бір жұрт.
Иығына түлкі ішік жамылып қақ төрде шаншылып отырған хан ант берген ауылдардың адамдары келгенде:
- Биыл ортамызда мына сый қонақ бар. Сол соғым сыбағадан құр қалып жүрмесін, - деп ескертіп бақты.
Тай жетелегендер мен қой өңгергендер елшілікке де шұбыра бастады.
Әбілқайыр жылы тонға оранып ап көп ойланатынды шығарды. Кейінғі кезде жер бетіне қатқан тоң ептеп жіби бастаған сияқты. Анадағы Хиуадан келетін қақсауықтың да үні әшкен. Батыр сұлтан ұлысына қайтып барғасын тұяқ серіппей жатып алды. Қарындасының жылда осы уақытта әкесі мен ағасына сыбаға жіберетіні бар еді. Биыл ондай мезірет көрсете қойған жоқ. Анадағы Бекенбай мен Нұралының барғаны оңай тимесе керек. Егер елші үн-түнсіз жатып алса, ол не айтып, не көкісе де айыбы жоқ ауызыңа да, қолына да ешкім тыйым сала алмас еді. Ал, енді «Патшаның елшісі сізді іздеп жатыр», - деп барғанда тырп етпей жатып алуға сабыры да, тәуекелі де жете қоймасы белгілі. Сабыры жетпейтіні. - шүлен тартатын жерден құр қалып кермеген сорлы басы кім көрінгенге кек мандала шекпен таратып жатқан сахи елшінің сыбағасынан қалай бас тарта алсын! Оның үстіне әкесі Қайып ханның аты аталғасын даңғой неме ондай иығың есіп қалар жерді неге қаза жіберсін! Тәуекелі жетпейтіні - ақ патшаның елшісі өзі ілтипат білдіріп отырғанда илікпей қойса, ел ішіндеғі бүліктің бәріне өзі мұрындық болып отырғанын мойынына алғаны болып шығады. Батыр өйтіп ақ патшамен ашықтан-ашық жауласып өле алмай жүрген жоқ. Ол жұртты айдап салып, сырттан қызықтап, әзір аңыс аңди түрғысы келіп еді. Бөкенбай мен Нұралының алдарынан өткені ол ойын да күл-талқан етті. Енді ол езі айдай жұрттың алдында ақ патшасының елшісіне барып, қолын алып, қүран ұстап ант беріп отырып, былайғы жұрттын бүрынғыдай құлағына салып жүрген қызылкөздердің тентектеу жағы: «Бұдан мал шықпас», - деп күдерлерін үзсе, солқылдақтау жағына: «Өзің ант бердің ғой, бізге не қыл дейсің», - деп аунап шыға келуге жақсы болды.
Ақ патшаның елшісінің алдында қадірлі екенімді көрсетіп, айбынымды асырып қалам деген дәмесінің де күлі көкке ұшты. Мәмбет мырзаның салқын қабылдап, қырыс сөйлегені іргеден тың тыңдап отырған қазақтың құлағына жетпей жатыр дейсің бе?
Кекірейіп жүрген Батыр қалай сазға отырғанын аңғара да алмай қалды. Жақтастарының алдында бетіне шіркеу түсірді, бұрынғы дұшпандарының алдында табаға ұшырады. Оның ант берген хабарын кешегі қалмақ елшісі Орта жүзге де жаяды, бұл көрші қарақалпақтарға да, аралдықтарға да, хиуалықтарға да сәл нәрсені сылтау қып үсті-үстіне ат шаптырып бақты. Бөкенбай мен Есетке айтып түйе жоғалтып, жылқы жоғалтып жүрген жоқ қараушыларды кебейтті. Бәрінің де ауызындағы хабары - Батыр сұлтанның орыс елшісіне өзі барып ант бергені. Бұрын ірит-соқпен тұрған екі жақтың қай жағына шығарын білмей май ішкендей боп қобалжып жүргендердің әуселелері енді белгілі болмақшы.
Әбілқайырдың қуанышында шек жоқ. Енді мына жақсы хабардың ізін суытпай тұрып тағы да бір топтан ант алдырса, ақ патшаның елшісінің алдында түсіп кеткен еңсесі біржола тіктелер еді. Қазақ ру басылары әлгіндей аяқ асты өзгерістің алды-артына түсіне алмай ой үстінде жүр. Орта жүздің төрелеріне осы кезде елші жіберткізу керек. Олар да беттерін ашып көрсін. Ақ патшаның елшісінің ғана емес, өзінің де атынан хабаршы жөнелткені жөн. Сонда олар қитықтанып бірден қолқ ете де қалмайды, патша елшісінің тауын да шаға алмайды. Шөре-шөреге түседі. Әйтпесе, мынау кергіген елші әлгінің бәрін өз беделіне теліп, қайтадан ноқтасын ұстатпай шалқақтап кетуі мүмкін. Әрі Жәдік тұқымының төрелері бірден қолқ ете қалса, кім біліпті, ақ патша келіссөзді әуелден осылардан бастамаған екенмін деп өкініп жүрер. Сондықтан да Жәдік тұқымының бұл мәселеде онша құлықты емес екендігін байқатпай болмайды. Ол үшін патшаның елшісінің шабарманынан бұрын өз адамын шаптырып, хат жібереді. Онсыз да көкке қарғып отырған асау тұқым бұның хатын оқып шалқасынан түседі. Бұған керегі де сол. Оған дейін қарақалпақ жағынан пәтуа шығарып алса, тіпті қатып кетер еді. Сонда Жәдік төрелеріне, қанша кереметпіз деп кеуделері аяқ қаптай болса да, Кіші жүзден, қарақалпақтан ант алып үлгерген, Батыр сұлтанның езін де иліктірген Мәмбет мырзаның меселін қайтара салу оңайға түсе қоймас. Көне салғанмен, ақ патшаның алдында бәрібір бедел ала алмайды. Оларды ез қүрығына іліктірудің қаншалықты күшке түскенін Тевкелев бәрібір ұмыта алмайды.
Әбілқайыр енді Аралдың арғы бетіндегі қарақалпақ ауылдарынан қандай хабар шығар екен деп елеңдеп бітті. Олар да екі жарылып отыр еді. Бір қатары баяғы ақтабан шұбырынды кезінен-ақ бұған иек артса, екіншілері бұл дегенде ер-тоқымдарын бауырына алып, жондарына қол апартпай тулай жөнелетін. Бірақ, бірін-бірі аңдыған бәсекешіл екі топтың бірі иліксе, екіншісін иліктіру қиынға түспейді. Бірінің керіп жатқан қошеметінен екіншісі құралақан қалып, қайтып отырсын! «Сен Мәмбет мырзадан бес шапан кисең, мен он шапан кидім» деу үшін-ақ жандарын салып бағады. Тек оған дейін қарақалпақтарға «бірден қолқ ете қалмаңдар» деп ескертіп қойған жөн. Ақ патшаның алдында ешкім бұдан құлықты, бұдан кәп еңбек сіңірген боп көрінбеуі керек. Кейінгілердің оңай көнгені - Ресей алдындағы Әбілқайыр еңсесінің аласара түскені. Олар кекірейген сайын ақ патша бұның қадірін біліңкірей түседі. Бірақ, «кекірей, кекірей» деп атымен шалқайтып алуға тағы болмайды. Алдын ала Тевкелев мырзамен сөйлесіп «Жұртты ант беруге көндіру үшін ақ патшаның аитып жіберген барлық шартына бағын дей бермеу керек, өз еркіммен бодан болам деген сөз ауыздарынан бір шықты-ақ, кейін иліктіріп алу қиын емес қой», - деп құлағына құйып баққаны дұрыс. Асау елші баяғыдай еадес, қазір тезге түсіп келеді. Мына даладан құр қол қайтпау үшін ондай икеміңе келсе, келіп қалуы да ғажап емес.
Әбілқайыр Мырзатайды Қара батырдың ауылына шаптырды.
- Патшаның елшісі келгелі хан ордадан басқа қазақ шаңырағын керген жоқ. Үйіне шақырып дәм татырмай ма екен, - деді.
Қара батыр сол бойда-ақ атына мініп, елшілікке барыпты. Ертеңіне Қара батырдың ауылына бүл да барды. Қызыл қуырдақ тәтті шайдың үстінде Әбілқайыр:
- Көп ұзамай қарақалпақтардан елші келмек көрінеді. Бірақ олар сол жасақ пен аманат беру жағын ауырсынатын сияқты, - деп бастай түскен әңгімесін үзіп тастады. Көзінің астымен Тевкелевке қарап қойды.
Алдындағы үйме табаққа керенау қол созып отырған елші мына хабарды естігенде құлағын түре қалды. Соны байқаған хан:
- Бұл асаулықтары қашанғы созылар дейсің. Ауыздарынан «бодан боламыз» деген сөзді бір шығартып алсақ, артынан тулап қайда барады, - деп бір қойды.
Елші ләмим ауыз ашпады. Бірақ, баяғыдай «өзі келмеген адамға келе көр» деп жалынбаймын деп кергіген жоқ.
Расында да, арада бес күн өтер-өтпесте, Әбілқайырдың ауылына бір топ дудыраған сеңсең бөрікті сау етіп түсе қалды. Олар әуелден бұған иек артып жүретін қарақалпақ ханы Қайып пен бас пірлері Мұратшайқының елшілері Сейіт қожа, Халует шайқы,Сүлеймен шайқы, Оразақ батыр, Төлеш батыр, Өтеген батыр, Базарбай би, Моллақара би боп шықты. Қолдарында «Ұлы мәртебелі император ағзамның ғазиз да абзал елшісі Мәмбет мырза, біз, қарақалпақ ханы Қайып хан мен бас пірі Мұрат шайқы қазақ хандары мен сұлтандары Ресейдің қол астына өтіпті деген хабарды естіп, біз де ұлы император ағзамның қол астында болғымыз келетінін білдіріп, елшілерімізді жолдап отырмыз», - деген хаттары бар екен. Хан да, пір де: «Келіссөздің шарттары жайында Әбілқайырмен ақылдасыңдар. Олар қандай шартқа көнсе, біз де сондай шартқа көнеміз. Бірақ, біздерге қазақтарға қойған шарттарынан асырып қатал шарт қойып жүрмесін», - депті.
Мына хабарды естігенде Әбілқайырдың мұрты жылтырап қоя берді.
- Біз бірінші болып ант беріп, біраз жәйді байқай алмай қалыппыз. Ақ патшаға жасақ төлейміз, аманат беріп тұрамыз демей-ақ, бодан боламыз десек те, тақиясына тар келмейтін түрі бар екен. Бірақ, оны кейін біліп қапы соғып қалып отырмыз. Сондықтан сендер әуелі мына хаттарыңды көрсетіңдер, сосын бодан болудың шарттарын сұраңдар. Оны естігесін, бірден біз құсап ант бере салмай, қабырғамызбен кеңесейік деп бір күнге пұрсат алыңдар, - деді.
Ертеңіне қарақалпақ елшілері Тевкелевке барып, қолдарындағы хатты тапсырды. Тевкелев оларға Әбілқайыр ханның, Батыр сұлтанның, Нұралы сұлтанның ақ патшаның қол астына өз еркімізбен бағынамыз деп ант беріп, жасақ төлейміз деп, аманат береміз деп, ант қағазындағы әрбір шарттың тұсына қолдарын қойып, мөрлерін басқандарын айтыпты.
- Ендеше, сол шарттарыңды бізге де оқы, - депті Сейіт қожа.
Тевкелев оқып береді. Қарақалпақтар бір-біріне қарап:
- Ертеңге дейін пұрсат беріңіз. Қабырғамызбен кеңесіп, жауабымызды таңертең келіп айтамыз, - дейді.
Кешкісін ымырт үйіріле қарақалпақтардың бір кісісі орыс елшісінен жасырып Әбілқайырға келді. Оған хан:
- Ертең барып бодан болуға келісеміз, бірақ қалған шарттарды қабылдай алмаймыз деңдер, -деді.
Елшілер ертеңіне Тевкелевке барып; - Ақ патшаның қол астында болып, адал қызмет еткіміз келеді. Ол үшін ант беруге әзірміз. Ал, бірақ, жасақ төлеуге, аманат беруге, қолымыздағы Ресей бағыныштыларын ақшасыз-пұлсыз тегін қайырып бере салуға келісе алмаймыз, - дейді.
Ендеше, ол үш шартты орындамайтын болсаңдар, мен сендердің ақ патшаның ырқына өз еркіңізбен көніп, адал қызмет ететіндеріңізді қайтып куәландыра алам? - дейді Тевкелев.
Қарақалпақ елшілері бұл жолы да бір-біріне қарасып, ертеңге дейін пұрсат сұрайды.
Кешкісін ымырт үйіріле тағы да бір қарақалпақ елшісі Әбілқайырға жетіп келді:
- Ертең тағы да барып кешегі айтқандарыңды айтыңдар. Көнсе көнгені, көнбесе тағы бір күнге пұрсат сұрап, «жарайды, біз келістік» дерсіңдер. Бірақ ол қайда қашар дейсің, әуелі әлгі өз шарттарыңды өткізіп көруге тырысыңдар, - деді.
Олар ертеңіне Тевкелевтің алдына тағы барады. Бұл жолы да кешегі айтқандарын айтады. Мәмбет мырза одан әрі қыстай қоймайды. Осы жолы анттарын алып қалмасам, біржола уысымнан шығарып алармын деп қорықса керек, жалма-жан ант қағазын алдарына жайып салып, темір сандыққа қолын сала бастайды.
Бұны естігенде Әбілқайыр иығындағы қынаға боялған сары тонының жағасын бір тартып, ешкімнің көзіне көзін түсірмей, маңдайшаға қарап бір мырс етті.
Қарақалпақтардың алдында сыр алдыра қоймағанмен олардың өздері іздеп келіп ант бергеніне Тевкелев қуанып қалды. «Бұл мынау әлі күнге дейін сіресіп отырған кейбір қазақ руларына әсер етуі мүмкін ғой, - деп ойлады. Бүл іске Әбілқайырдың да араласы жоқ емесін байқады. Қарақалпақтардың келген күні хан ауылына қонып шыққанын көріп біліп отыр. Ертесіне елшілік пен хан орданың арасына өз қостарын тігіп ап, жарық барында екі жаққа да аттап баспай тым-тырс жатып алған немелердің ымырт үйіріле бұқпақтап қазақ ауылына барып қайтып жүргенінен де хабары жоқ емес. Мұның қарауындағы иненің көзінен өтетін башқұрт жігіттері хан орда маңының қойшы-қойманшысымен майлы қасықтай араласып үлгергенді. Бірақ хан мен қарақалпақтар арасында қандай әңгіме болғанын анық біле алмады. Әлгі шарттарды қарақалпақ елшілері әу бастан пәтуаласып келді ме, жоқ орта жолда Әбілқайыр қүлақтарына сыбырлады ма - ол арасы белгісіз. Егер оны Әбілқайыр айтып жүрсе, онда бұл ханның көрші халықтарға ықпалының сорлы болмағаны. Онда ол бүны мына құладүзге қазақтар айтқанына илікпей қойған күнде көрші қарақалпақтар мен хиуалықтарды көндіріп беру үшін әдейі көшіріп әкелген болды.
Енді Тевкелев бұрынғыдай емес Әбілқайырдың әр сөз, әр адымына байыптырақ зер сала бастады. Әбілқайыр мен ұлы Нұралы сұлтан, Қайып хан ұлы Батыр сұлтан, Қарақалпақ ханы Қайып пен Мұрат шайқы ант берді. Бұрынғыдай құр қанжыға емес. Ақ патшаның алдына да ұялмай бара алатындай болды. Бірақ оған әлі қанағаттана қояр түрі жоқ. Әбілқайыр енді не ойлап табар екен? Біразға дейін бүйдасын соған беріп айтқанына көне бергені жөн шығар.
Қарақалпақтар елдеріне аттанып кеткесін үш күннен кейін Әбілқайыр хан мен Бөкенбай батыр келді. Екеуі Орта жүздегі Сәмеке ханға: «Біздер бүкіл ұлысымызбен ақ патшаның қол астына өтіп, жасақ төлеп тұруға ант бердік, сені де ақ патшаға өз еркіңмен бағынып, қол астыңдағы руларды да соған көндіруге шақырамыз: ондай еңбегің ақ патша тарапынан ескерусіз қалмайды; Ресейге арқа сүйесек, жұртымыздың басына тыныштық орнатар едік», - деп елші шаптырмақ екен. Соған «сіз де өз адамыңызды қосыңыз», - деп келіпті.
Тевкелев Әбілқайыр мен Бөкенбайдың адамдарының қасына өз елшісі Таймас пен тағы да екі башқұрт қосты. Қоржындарына Сәмекеге апарып бер деп, әрқайсысы төрт аршыннан үш түрлі түстен қырмызы, бір көйлектік қызыл қамқа, қызыл шүға тон, алты бас иленген қызыл шегірен, бес күзен, екі құндыз, екі сусар, Қазбек биге апарып бер деп төрт аршын қызыл қырмызы, бір қүндыз, бір сусар, бір бас иленген қызыл шегірен сыйлық салды.
Орта жүзге аттанатын елшілерді жолға салып жібергесін Әбілқайыр ордасына кетті де, Бөкенбай батыр қонып шығуға қалып қойды. Тевкелев көптен көңілінде жүрген көп түйткілдің шетін бүгін шығармақшы. Ортадағы темір астауға үйіліп әкелінген сексеуілдің шоғына маңдайларын төсеп, ұзынсонар әңгімеге кірісті. Бөкенбай бұның сұрақтарын тыңдады. Бүрынғыдай емес, қажыңқы. Көзінің айналасы қазыла түскендей. Нардай денесін ілгері ұмсынып, үн-түнсіз тыңдап қалған. Біраз уақыт ойланып отырды. Сосын шоққа қақтаған қос алақанымен бет-ауызын бір сипап өтіп, жағын кере есінеп алды.
- Ендеше, Мәмбет мырза, біздің қазақ жұртымыз Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген үш ортаға бөлінеді. Ұлы жүз қазір алыста, сонау Бұқар жағында. Оны Жолбарыс деген хан билейді. Әбілқайыр ханның туған бауыры. Екеуі Абдолла сұлтанның екі әйелден туған екі баласы, Абдолланың ол екеуінен басқа Нияз, Мамай, Қылыш-Мұхамбет деген үш баласы бар. Мамайы Хиуаға хан болып тұрған жерінде өлді. Қалған екеуі ешқандай ұлыс билемейді. Сөйтіп, Өсеке балаларының қолында қазір Ұлы жүз бен Кіші жүздің билігі бар. Ал, Жәдік балалары негізінен Орта жүзді билейді. Орта жүз сан жағынан да, дәулет жағынан да қазақтың ең мол ордасы. Оны Сәмеке, Күшік деген екі хан, Барақ, Әбілмәмбет деген екі сұлтан билейді. Мынау Кіші жүздің шекті руын билеп отырған Батыр сұлтан да сол Жәдік тұқымынан. Ол Әбілқайырдың немере қарындасы, Нияз сұлтанның қызын алып отыр.
Қазақ сұлтандары бұрын Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын билеп, ондағы егін салып отыратын жұрттан алым-салық алып тұратын. Астыққа, киім-кешекке деген мұқтаждарын ел сол қалалардан айырып тұратын. Олардың қонтайшыға қолды болып кеткеніне біраз болып қалды. Олар барда қазақтар қазіргідей бет-бетіне шашырап кетпей қоян-қолтық араласып, бірге қыстап, бірге көшіп жүретін. Жыл сайын екі рет үш орданың түгел бас қосқан жиындары болып тұратын. Қазір Ұлы жүзбен атымен байланысымыз жоқ. Ал Орта жүз бен Кіші жүз әлі де бірге бас қосып, жиын өткізіп тұрады. Кейінгі жылдарғы Бұланты бойындағы, Жайық бойындағы Аңырақай даласындағы ұрыстарда екі орда бас қосысып бірге ақылдасып, тізе қосысып бірге шайқасты. Аңырақай даласындағы шайқастан кейінгі сұлтандар арасындағы ырың-жырың болмаса, екі орданың халқының ауызы әлі де бір, жиын-асы, той-томалағы бірге өтеді. Бұрын жігіттің нағашысы Ұлы жүз болса, қайыны Орта жүз болып, кіндіктен матасып жатушы ек. Жақында Әлім мен байұлы екі алшын бір-бірінен қыз алған тойда адай Көшке би: «Алашты қойып, алшын деген елім болды, Қаратау қалып, Қарақұм деген жерім болды, арысты қойып, рудан ру қыз алып, қарындасым келін болды, бұл не деген керім болды?» - деп қымыз ішіп, қызара бөртіп отырған жұрттың есіне баяғы өткен дәуренді салып, бір толқытып алған-ды. Халқымыздың жайы, міне, осындай.
- Хан сонда қазақтардың өзінен ешқандай алым-салық алып тұрмай ма?
- Қазақтардан дауларын шешкенде алатын хандық, осындай соғым тұсындағы сыбаға, бір жаққа жорыққа шығардағы лау, ауылыңның үстіне келіп қалғанда беріп түратын қонағасы болмаса, жылма-жыл түтін басына, жан басына алып тұратын басыбайлы салығы жоқ. Олардың бас асау болып жүргені де сондықтан ғой. Әркім өзінің азғантай мал-дәулетіне, мәпақасьша ие. Сосын сенің хандығыңды неғылам, билігіңді неғылам деп бет-бетіне кететін тентектер де аз емес.
- Қазақтың саны қазір қай шамада екен?
- Сол сексен мың үйден аса қоймас.
- Әбілқайырдың қазақ арасындағы беделі қандай?
Анада елшілері қазақтардың бас ханы деп еді, сол рас па? Бас хан дейін десең, қасында көшіп-қонып жүрген ұлысы аз ғой. Бөкенбай ала көзін жарқ еткізіп бір бұрып қойды.
- Қазақтың бас ханы бұрын Түркістанда отыратын. Үш жүздің бас қосқан жиынын өткізіп, ел басындағы жағдайларды талқыға салатын. Ондай ханның соңы - бұдан ои бес жыл бүрын өлген Тәуке. Сол Тәуке ханнан кейін қазақта әзір Әбілқайырдан беделі аса қойған төре жоқ. Ол Тәуке ханның тұсында-ақ хан атанып көзге түскен. Қазақтың қазіргі ханмын, сұлтанмын деп жүрген төрелерінің ешқайсысының елге Әбілқайырдай еңбегі сіңген емес. Ол үш арыстың басын қосқаң талай-талай іргелі шайқастарды басқарды. Жоңғар мен қалмақтан абырой алған соғыстардың бәрінде де тізгін соның қолында болды. Тәуке түсында да қол басқарды. Оны жұрт осыдан екі жыл бұрын ақ киізге көтеріп бас сардар сайлаған. Қазақ ғаскері оның алдына шыға алмайды. Ал төрелерге, сұлтандарға келетін болсақ, баққа, таққа таласу қай халықта да бар шығар. Әбілқайырдың ақылын, абыройын көре алмайтындар қазақта да бар. Сондай қырбай төрелердің азғырынды әңгімесінің қырсығынан да жұрт қазір ханға тоң-торыс болып жүр. Бұрын ешқандай елдің иегінің астында жүріп көрмеген асау халық ақ патшадан емес, бодан деген сөзден қорқып жүр. Бірақ қайда кетер дейсің! Ертең ақ патшаның қол астына қарап, ата дүшпаннан кек алатын күн туса, бәрібір алдымызға шығарып, ту ұстатарымыз басқа ешкім де емес осы Әбілқайыр болады.
Тевкелев Бөкенбай батырдың онша ағыл-тегіл ақтарыла қоймай, бір астарын қалтарыс салып салғырт сөйлеп отырғанын іші сезіп, арты сүйылып кетуі мүмкін әңгіменің бұйдасынан айырылмай, қайта-қайта, сұрақ қойып, шым-шымдап сыр тарта бастады.
- Анада Уфаға хазған хатында Батыр сұлтанды күйеу балам, Хиуа ханы Жолбарысты інім деп еді.
Әбілқайыр мынау төрелердің көбімен ілік-шатыс қой деймін.
- Батырдың немере қарындасын алып отырған күйеу баласы екені рас. Оның үстіне сұлтанның Қайып деген баласына Мамайдың бойжетіп отырған қызын атастырып сүйек жаңғыртпақ.
Хиуаны билеп отырған Жолбарыс інісі емес, құдасы. Жолбарыстың қызы - ханның екінші баласы Ералының қалыңдығы. Ұлы жүзді билеп отырған Абдолла баласы Жолбарыстың ханның туған бауыры екенін әлгінде айттым. Қалың найманды билейтін Күшік ханмен де құдандалығы бар. Ол - Нұралы сүлтаңның қайыны. Күшікпен құдандалы болса, оның інісі Барақпен де құдандал болғаны.
Елші батырдың ауызынан шыққан әр сөзді көңіліне тоқи отыра, оның бет-әлпетін де көз жазбай бақты да отырды. Барақ пен Күшік туралы айтқанда шықшыт сүйегі бүлк ете қалды. Әбілқайырға жаны ашитыны, жақсы көретіні байқалып тұр.
- Батыр, хан екеуіңіздің араңызда қандай туысқандық бар?
- Хан нағашым, анам Құттыбикенің туған ағасының баласы.
- Сонда қалай болғаны?
Батыр табадағы шоқты бір көсеп қойып әңгімеге кірісті.
- Қазақтар аталастықтан өрбитін туысқандықты ағайын дейді, құдандалдықтан өрбитін туысқандықты жекжат дейді. Ағайындықтан өрбіген ұрпақты әулет дейді, жекжаттықтан өрбіген ұрпақты жұрағат дейді, Өзіннен туған бала - бел бала, одан туған бала - немере, немереден - шөбере, шөбереден - шөпшек, шөпшектен - жүрежат, жүрежаттан - туажат туады. Туажаттан әріден табысатын ағайын әншейін аталас саналады. Ал жүрағатқа қосылатын мыналар: қыз алысып, қыз беріскен жерің - құдаларың; құданың әйелі - құдағиың, құданың ұлы - құда балаң, қызы - құдашаң. Қазақ құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық дейді. Онысы құдандалдықты ел ұйтқысын ұстар мықты тірек санағаны. Ұзатылған қызыңнан туған бала - жиенің; жиеннен туған бала - жиеншарын, шешеңнің тумалары - нағашы жұртың, әйеліңнің тумалары - қайын жұртың болып есептеледі, Әйеліңнің әкесін - қайын ата, шешесін - қайын ене, апасын - қайынбике, ағасын - қайын аға, інісі мен сіңлісін - балдыз санайсың. Ал нағашы жұртыңның үлкенін де, кішісін де, әйелін де, еркегін де нағашы ата, нағашы шеше, нағашы апа, нағашы аға дей бересің. Бір кісінің ұлдарынан өрбіген ұрпақ бір-бірін ағайын атаса, қыздарынан өрбіген ұрпақ бір-бірін беле тұтады. Сонда Әбілқайыр екеуміз ата жағынан біріміз - тере, біріміз - қара боп, қырық қайнаса, сорпамыз қосылмаса да, шеше жағынан бір кісінің ұлы мен қызынан тараған туған нағашы, жиен боп шығамыз.
Тевкелев қанша сүңғыла болса да, Бөкенбай батырдың мына айтып отырған шым-шытырығы миына бірден орнай қоймай, қатты қиналды. Қайталап сұрауға қысылды. Не де болса, жекжаттық пен туысқандықтың әлгі бір шым-шытырық ара жігі онсызда жүмбақ жұртты одан сайын жұмбаңтандыра түсті. Мынау ен далада бет-бетіне бытырай кеткен ызғындай жұртты бір-біріне қарайлатып жүрген де хан-төренің қолындағы билік емес, әу баста бір ата, бір енеден жаралдық деген ұғым, тамырларында бірдей ағып жатқан ортақ қан, ағайын-жекжаттықтың қимас көңілі мен таусылмас парызы ғана екен. Ол қандай халыққа да ұлтаны сетінемей, бір жұрт, бір қонысында бейбіт отырғанда берекелі дәнекер бола білгенімен, мынандай ел басына зобалаң туған қысталаң замандарда тым осалдық көрсетпес пе екен. Тіршілік күйттеп бет-бетіне кеткен жұрттың туысқандық күйттеп қайтадан бастары қосыла қоймағы екі талай-ау! Бірақ, Әбілқайыр хан өз мақсатына жетпек үшін билік пен өктемдіктің қыл арқанымен қоса ағайын-жекжаттықтың тал жібектің суыртпағындай нәзік желісін де мықтап пайдаланбақшы екен ғой.
Елшінің көз алдына қазақ ханының қашан көрсең де, бір қалпында тұратын сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап отырған ішмерездік қана сияқты кәрінуші еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-тапырық кеңілін байқатқысы келмеген ерекше бір үстам, сабыр екен ғой.
Ертеңіне Тевкелев мейманын ауылына аттандырып салып, күнделігінің жаңа парағына «16 декабрь» деп жазып, Бөкенбай батырдан түнде естіп алғандарын қағазға түсіріп отыр еді, Әбілқайыр хан кіріп келді. Төрге шығып отырғасын онша ділмар болмаса да, ширақ қимылдап, ширақ сейлейтін шапшаңшыл хан көп сөз бұйдаға салмай, келгөн шаруасын қысқа қайырды. Ол Нұралы сұлтанды қол астыңдағы халқыңмен Ресейдің қол астына өт деп айтуға Хиуаны билеп отырған Жолбарыс ханға жібермек екен. Ондағы ойы Бүқара мен Хиуаның Ресейге баратын керуендерін өз ұлысының үстімен өткіздіріп тұру көрінеді.
Тевкелев сыз қабақ ханның бет-ауызына бір қарап қойды. Сол баяғы түнжыраңқы қалпы. «Бұныма қалай қарайсың?» - дегендей, үн-түнсіз жауап тосып отыр. Орыс елшісі мынау сұп-сұр ханның бүлк етпей жатқан сазарыңқы бетінен ар жағындағы астарлы ойдың сүрлеуін таба алмай біраз дағдарып қалды. Бүл тек қазақ ұлыстары ғана емес, көршілес хандықтарды да өз уысында ұстаудан кет әрі емес екен-ау! Басты күн көрісі сауда болып есептелетін Бұқара мен Хиуаның ерсілі-қарсылы шұбырып жатар шұбар ала керуенінің ноқтасынан езі ұстайтын болса, ар жағында ақ сарайларына кіріп, тақтарына мінбеген несі қалды? Ақ патшаның айбарымен қорқытып жоңғардан басқа жұрттың бәрінің тізгінін бір уысына жиып алмақ қой. Жоңғар бұнымен сосын сөйлесіп көрсін! Мынау айдаладағы алақандай оқшау теңіздің бір уыс шалғай түбегіне тығылып бас сауғалап отырған кішкене билеушінің дәмесі қандай үлкен! Бет-ауызында ешқандай қысылу-қымтырылу жоқ. Тас түйін. Сәл жағдай туды-ақ, әлгі ойын жүзеге асырып шыға келетініне күмәнданбасаң да болатындай. Неткен жұлын жұтқан жан! Ақ патша шарапатына алса, ертең-ақ мынау қиқар қазақтарды ақ семсердің ұшымен өз бауырына қуып тықпақ, бүгін базарына жолатпай отырған Хиуа мен Бұқарды да мұрындықтап алмақ. Ар жағында жоңғардың да жұлынына жармасып, Жайық пен Алтай екі ортаға екі борбайын созып сап, алшысынан түсіп жатып алмақ. Сонда Ресейге ақ патшадан кейінгі ең ірі билеуші өзі болып шыға келмей ме! Оған Россия да, қазақтың ауыз бірлігі де, жоңғардың жеңілгені де, Хиуа мен Бұқардың саудасының гүрлеп өскені де - тек сол үшін, астындағы тақтың биіктей, өз қолындағы биліктің үлкейе түсуі үшін ғана керек! Неткен батылдық! Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты! Бірақ мынау қыр мұрын, ашаң өң, сұңғақ бойлы дала сұлтанының тал бойында не есерліктен, аңқаулықтан сәл жұқанақ таба алмайсың! Шынында да ак, патша ертең Әбілқайырды күллі қазақ жұртының бас ханы деп таныса, әлгі ойларын жүзеге асыру да тап онша қиынға түсе қоймас. Шығыс билеушісінің жымысқы ойына орыс зеңбірегінің күркірі қосылғанда мына далада талай нәрсе істеуге болады. Әбілқайырдың да ойлап отырғаны осы. Әлі аң патшаның шарапатына сеніміне ие болмай жатып, тек өз ордасына орыс елшісінің келгенінің өзін пайдаланып, қоңсықарақалпақ, хиуа жұрттарына ықпалын нығайтып ала қоймақшы. Мұндай түп ниетін біліп қалған күнде ертең патша сарайы қалай қарар екен? Ақ патшаның маңында өзіне шен келетін күшті билеушінің болғанын жақтырмайтыны белгілі. Ал, енді қол астындағы билеушілердің ондай әсіре дәмелерін аямасы сөзсіз. Ай, сұлтаным-ай, мына қалпыңмен сенің ертең ақ патшаның қол астында да айдарыңнан жел есе қоймас түрі бар ғой! Оған сендей өркөкірек, баққұмар, пысық бағынышты емес, қой аузынан шөп алмайтын, құдай мен ақ патша қатар келе жатса, алдымен ақ патшаға бөркін алатын, айтқанын екі етпейтін салпы етек, салыңқы иін момын билеуші керек-ау! Ақ патшаға ұлысыңның бас бостандығын бердің екен, ойыңның да тізгінін ұстатқаның жөн еді ғой. Онсыз тағы да сол екі қошқардың басы бір табаққа сыймайдының кебін киесіндер ғой. Жә, оны әзір сенің білмей-ақ қойғаның жақсы. Бұл үшін сенің әзір осал емес, осылай мықты болғаның керек. Сенің осылай біреуден айланды асырып, біреуді айбыныңмен ықтырып, бұның темір сандығындағы сары ала қағаздағы шатпақ-шимай жазулардың санын көбейтіп бергенің керек. Сосын сенімен қалай сөйлесетінін ақ патша өзі шеше жатар. Дәл қазір мынау таудай талабыңды тойтарып тастауға болмайды. Бірақ, құптаймын деп те айтуға болмайды. Егер ауызымнан қайыптан тайып ондай сөз шыға қалса, сен осыны қағазға түсіріп, қолхат бер деуден де тайынбассың. Қолыңа ондай қағаз түссе, ертең онымен не істейтініңді кім білген! Сондықтан да сенің мына үмітіңнің көзіне біржола су құймағанмен, әзірге тежей тұруға тура келер. Ол үшін қандай сылтау ойлап тапсам екен. Жарайды, сен қулық ойлағанда мен неге ойламаймын! Сен өзіңе керек жылы-жұмсаққа осы күннен қолыңды батырыңқылап қойғың келсе, ондай ой менде де жоқ емес!
Көз алдына анада Уфадан келе жатқанда көрген бір жері келді. Жайық пен Ор өзені қосылатын кішкентай аша түбектің екі жағы су екен де, бір жағы тау екен. Соны көргенде Тевкелевтің көзі шоқтай жайнап қоя берген. Бірақ, көңіліне не қашқанын қасындағы башқұрттар біліп қалмасын деп отыз тісін бірдей тістеніп, дымы ішінде болған. Бір Уфаның өзін ауырсынып әлі күнге тулап келе жатқан башқұрттар мүның әлгі ойын біліп қалса, бір бұтаның түбінде өздері-ақ бауыздап кетуі ғажап емес еді.
Қазір де Тевкелев оңаша үйде екеуді-екеу отырса да жан-жағына алақтап бір қарап алды.
- Қазақ даласы арқылы сауда-саттық жасау дәл қазір біз үшін онша сенімді емес, - деп бастады әңгімесін Тевкелев. - Кез келген сойыл үстаған содырдың соңында жүрген мынандай көп тентектің ортасына қандай жүрегіне жүн байлаған саудагер келсін. Одан олар да, сіз де абырой таба алмайсыз. Әуелі мына халықты өз ханының дегеніне жүретіндей қып тәртіпке көндіріп алайық. Анада келе жатып көрдім, Ор өзенінің Жайыққа құятын сағасы нағыз қорғаныс қала салуға таптырмайтын жер екен. Сіз ұлы мәртебелі император ағзамнан сол араға бекініс қала салып бер деп сұраңыз. Сол шаһардан өзіңізге қора-жай салып ап, ылғи сонда қыстап, қасыңызға әр рудан кезек-кезек бір-бір би қазы ұстап отырар болсаңыз, қол астыңыздағы халқыңыз да дегеніңізден шыға алмайды. Басыңызға қатер төнсе, орыс қаруы өз панасына алады. Әне, әлгі айтқан сауда-саттықты да сонда өркендетуге болады.
Елшінің мына сөзін естігенде ханның қиылған қара мұрты жылтырап қоя берді. Шамасы, Тевкелев оның көкірегінде көптен жатқан қызыл құрттың төбесінен дәл түссе керек.
- Мына сөзіңіздің жаны бар екен. Бұған билер де көп қарсы бола қоймас. Дегенмен, үмітсіз шайтан деген ғой. Нұралы Хиуаға жүремін деп жиналып қалып еді, барып қайтсын.
Хан үйден көңілденіп шықты. Қолымдағы қыл тізгінді орыстың тас қорғанының ішінде жайлы төсекте жайғасып отырып алып, қос ауыз қара мылтықтың көк сүңгісіне шие байлап тастар болсам, қай қазақ қыңқ ете алады. Қыңқ етсе, әумесер асаулардың көк желкесінен көк ала түтінді бүрк, еткізбей ме...
Тевкелев те масаттанып қалды. Қазақ жерінің шекарасынан әскери қамал салу мәселесін оп-оңай шешіп алды. Қажет десеңіз, бұл Сыртқы істер коллегиясының да ойында болмаған шаруа.
Нұралы сұлтан 19 декабрь күні Хиуаға аттанып кетіпті.
Әбілқайырдың әлгі хабарын естіді ме, жоқ ойына бір ой қашты ма екен, декабрьдің жиырма төрті күні, кешқұрым ала көбеңде Бөкенбай батыр кіріп келді. Бұрынғысындай емес қабағы салбырап тұнжырай кірді. Төрге шыққасын да біраз түнеріп отырып барып сөз бастады.
- Мәмбет мырза, мынау пәтуасыз жұрт жігерімді әбден қүм қылып бітті. Ел шетіне жау келеді-ақ: «Ойбай батыр, қайтеміз», - деп қаумалай кетеді. Ал, артынан сәл тыныштық орнады-ақ, кешегі еңкек бастары аяқ астынан шалқайып шыға келеді. Солардың айтқанын тыңдаймын деп, кешегі қонтайшымен шайқаста төрт бірдей бауырымнан айырылдым. Бұрын да біреу бірдеңе десе, екі етегі далақтап шаба женелетін жел әкпе халық еді. Енді мынау Әбілқайыр ханның ақ патшаға бодан болам деген хабарын естігелі жалдарына қол апартпай тайрақтап кетті. Ақ патшамен айбын салыстырғылары келеді. Осы бір диуана жұртпен алыса-алыса қажыдым.
Енді орталарынан біржола кетіп, өз алдыма бір тыныш өмір сүрейін деп едім. Бостан жүріп бастарына мүйіз шықсын. Ақ патшаның қол астында болам деп, осылардан іргемді түпкілікті ажыратып кетсем, алдияр тақсыр маған Жайық бойынан қоныс берер ме екен?
Тевкелев, қапелімде, не дерін білмей қалды. Бірақ, әккі неме Бөкенбай батырдың баяғыдан бері бұл дегенде неге екі етек болып жүргеніне енді түсінейін деді. Алайда, Бөкенбай бұндай сөзді бүрын айтпай, кейінірек айтпай, бүгін неге айтып отыр? Әлдебір күні күлік, бір күні бүлік болып отыратын қазақ арасында тағы да бір шатақ шыққаны ма...
- Бұл қолқаңызды барған бойда ақ патшаның құлағына салайын, -деді.
Батырдың мұншама түнеріп келгеніне қарағанда қазақ арасы бүрынғыдан да бетер іри-тіри боп кетті ме екен деп ойлаған Тевкелев, ондай жағдайда өз басына төнетін қауыптан тек осы Бөкенбай қүсаған кісілердің етегінен мықтап ұстағанда ғана аман құтыла аларын сезді. Оның ақ патшаға артып отырған әлгіндей үмітін одан сайын өршіте түскенді жөн көрді.
- Патша ағзам мынандай қиын-қыстау кезде керсеткен қызметіңізді өте жоғары бағалап, сіздің қандай қолқаңызға да айырықша мән беретініне менің сенімім кәміл.
Батыр кеңілденейін деді.
- Егер мынау бізге қарсы болып жүрген қиқарлар бұл тулағандарын қоймаса, ақ патша маған башқұрттар мен Жайық казактарынан көмек берсе, мен қазақ ордасын екі жылдың ішінде-ақ қылыштың жүзімен, найзаның үшымен Ресейдің қол астына бағындырып берер ем.
- Міне, бұл ойыңыз өте дұрыс. Бүны естісе, ақ патшаның да қуанары сөзсіз. Сондықтан да, батыр, қазақ жұрты бағынсын мейлі, бағынбасын мейлі, өз басыңыздың ұлы император ағзамға ақтық қаныңыз қалғанша адал қызмет ететініңізге қайтара ант беріңіз. Оған күйеу балаңыз бен ініңізді, Әбілқайыр ханды да кендіріңіз. Ол қылықтарыңыз ертең қазақ жұрты Ресейге түгел бағынған күнде де ақ патшаның сендерге былайғы шонжарлардан өзгешерек қарауына жағдай жасайды.
Екі иығы түсіп тұнжырап келген Бөкенбай қуанып аттанды. Тевкелев те мынау жаңа қатқан солқылдақ мұздың үстінде тұрғандай дүдамал жағдайда сәл де болса, үміт сәулесін көргендей болып көңілденіп қалды. Бірақ, батырдың мұнша неге үнжырғасы түсіп кеткеиіне түсіне алмады. Әлде Орта жүзге кеткен елшілерден жайсыз хабар естіді ме екен...
Әрі-сәрі боп қалған Тевкелев тағы да айналаға құлақ түрді. Ештеңе естіле қоймады. Бір күні таңертең арсалаңдап жетіп келген ханның төленгітінің ауызына аңтарыла қарады. Бірақ, о да: «Хан қыз ұзатар тойға шақырып жатыр», - дегеннен басқа бөтен хабар айтқан жоқ. Той үстінде де әркімнің ауызын бақты да отырды. Онда да ерсі ештеңе байқай алмады. Үйіне келген соң күнделігіне: «Декабрьдің жиырма екісі күні Әбілқайыр хан немере қарындасын Батыр сұлтанның баласы Қайып ханға ұзатты; өзін жақтайтын ру басылары жиылған бұл тойға ол Тевкелевті де шақырды; онда биенің сүтінің ашымалынан басқа ешқандай ішімдік, туралған еттен басқа ешқандай тамақ болғаы жоқ; етті олар қасықиен емес, қолмен жеді, Тевкелев олардың арасында үш сағаттай болып, қосына қайтып кетті», - дегеннен басқа жазатын ештеңе таба алмады.
Бірақ, жүрегі өз-өзінен алабүртып тыншыр емес. Бұнысының қуанышқа не қорқынышқа көрінерін біле алмай дал болды.
Декабрьдің жиырма бесі күні Сәмеке ханға кеткен елшілер келді. Астарындағы аттарын аямай-ақ сабылтқандары көрініп тұр. Әншейінде айшылық жол жүретін жерге айналасы он күнде барып келіпті. Сәмеке ханның ордасына декабрьдің он тоғызы күні жетіпті.
Таймас:
- Ардақты хан, Тевкелев мырза сізге айрықша сәлем айтты. Жер алыс, қыстың көзі қырау болып өзі келе алмағанына көп-көп кешірім сұрайды, - деген екен, хан:
- Онысына көп-көп рақмет. Елші мырзаға ешқандай өкпем жоқ. Ұлы император ағзамның атынан келіп отырған ақ жолтай елшіге өзім барып сәлем берсем де болатын еді. Бірақ, ел алдымен ебелек ұшады деп, ешқайсымыздың алдымыздан өтпей, мұндай маңызды істі жұрттан жасырып, ұры қылғандай оңаша істеғен Әбілқайыр ханға өкпем қара қазандай. Сондықтан да бармай қалдым. Таймас мырза, елші мырза қыстың көзі қырау болғасын келе алмады дегенің де жәй әншейін әңгіме екенін біліп отырмын. Мәмбет мырза Уфадан алып шыққан көлігінің бәрінен айырылып қалып құр тақым отырса, иттің өлген жеріне қайдан келе алсын.
Ақылдаспай істеген асығыс шаруаның арты оңушы ма еді! Егер елшілік күллі қазақ халқының ақылдасып-мақұлдасқан қалауымен келген болса, ондай жағдайға душар болар ма еді! Енді, міне бәрін қойғанда Мәмбет мырзаның өз қара басына қауіп төніп тұрған жоқ па! Әбілқайырдың бәрімізден жолы үлкен екені рас. Бірақ, ол үшін емес, патша алдиярдың аруағын сыйлағандықтан әлгі өкпемді ұмытып, Ресейдің қол астына өтуге ант берейін. Әбілқайырдың айтқанын істеп отыр деп ойлап қалмаңдар, өзімнің адал көңілім осы, -депті.
Сол бойда ант қағазына мөрін басып, жыл сайын Москваға өз адамдарын жіберіп, екі мың түлкі, мың қарсақ жасақ төлеп тұратынын, бірақ аманат бере алмайтынын айтып хат жазып беріпті. Ертеңіне Құдайназар мен Таймасты шақырып алып, қолдарына ұлы император ағзамның атына жазылған хатты ұстатып:
- Май айында бүкіл Орта жүз бас қосқан жиын болады. Оған барлық ұлыстың бас көтерерлері келеді. Тевкелев мырзаны соған шақырамыз. Оған дейін де қарап жатпаспыз. Билермен, батырлармен жеке-жеке сейлесермін, - деді.
Таймас Сәмеке хан, Барақ сұлтан, Әбілмәмбет сұлтан және бір Жәнібек батыр деген беделді адамның алты мың әскермен қонтайшыға қарсы жорыққа шыққалы жатқанын айтып келді.
Елшілердің хабарына Тевкелев қуанғанмен Әбілқайыр қуана қоймады. Сәмеке бәрін біліп, бәрін естіп отырған болды. Ендеше Кіші жүздегі мынау бүліншілікке күллі Жәдік тұқымы түгел араласып отырғаны! Барған елшілерге жауабының дәл бүлай дайын тұрғаны да кісі тіксінетін жәйт екен. Орыс елшісі мен бұның сәлемі ол үшін төбеден түскендей төтен оқиға болмады. Бәріне де алдын-ала сақадай-сай отырған болды. Ендеше, оның мына хаты да, Батырдың анада келіп ант бере салғаны да әншейін шығарып салма әңгіме екен. Іштерін бере қоймапты. «Ақылдаспай істеген шаруаның арты оңушы ма еді!» «Мәмбет мырзаның өз қара басына қауіп төніп тұрған жоқ па!» - деген сөздер де тегін айтыла салмаған. Бүның артында бір зілі түр. Олар ақ патшаның алдында ант берген парыздарынан құтылды. Бірақ, ел арасына іріткі салудан, елшіге қастандық жасаудан тыйылмайды. Қайта обал-сауабьш Әбілқайыр көтеретін болғасын, бүрынғыдан бетер күшейте түсуі мүмкін. «Біз өз антымызды бердік. Кіші жүздегі оқиғаларға ешқандай араласымыз жоқ», - деп ертең ауыздарын қу шөппен сүртіп шыға келмек.
Әбілқайырдың анадағыдан бері арқасынан тау түскендей болып жүрген бойы қайтадан ауырлайын деді. Қарсыластарының біраздан бері сілтідей тынып қалғанынан да енді сескенейін деді. Сәмеке Құдайназар мен Таймасты аттандырып салған бойда оларға да кісі шаптырған шығар. Аман болса, енді бір-екі күнде Батырдың ұлысынан да бір хабар келмес дейсің бе? Ендеше, ол жуықта мұның ауылындағы қалыңдықтарын алып кетуге неге асықты? Бұл анада ант бергесін, енді барар жер, басар тауы қалмағасын, орыс елшісі мен мұның жүзін біржолата жылытып алғысы келді ғой деп ойлап еді. Олай болмай шықты ғой. Сонда бұлардың не ойлағандары бар.
Хан тағы да түн баласы төңбекшіп шығатын болды. Сүйтіп жүргенде сау етіп шекті ауылының билері жетіп келді. Ақ орданың керегесінен көз тастамай тізіле жайғасып алғасын:
- Орыс елшісімен бірер ауыз сөзіміз бар еді.
Шақырып бермейсің бе? - деді.
Хан мынау аяқ астынан сау ете қалған топтың бірдеңеге қитықтанып келіп отырғанын байқады.
- Елші шақыртылады ғой, қайда кетер дейсің?
Алдымен ондағы шаруаларыңызды айтыңдар, - деді.
Ай маңдай, торсық шеке, бурыл сақал Жантума би сөз бастады. Тостаған көз көрікті кісі сақырлаған сары аязда жүріп келгендіктен бе, әлде ашу буып отыр ма тұла бойындағы бар қаны бетіне шауып күреңітіп апты.
- Әбілқайыр, былтыр осы уақытта Бекболатты төрт жігіт серігімен Тобыл шаһарына өзің аттандырдың. Содан бері олар үштігөйлі жоқ. Мына ноғайыңнан өзің бір хабарын шығарып бере ме деп, әне тостық, міне тостық. Ауыздарына су толтырып қойғандай не әлгі шоқыншығың үндемейді, не өзің үндемейсің. Енді, міне, сол жігіттердің тағдырын елшісісымағынан өз аузынан естиік деп келіп отырмыз.
Әбілқайыр Бәйбекті шақырып Тевкелевке жүмсады. Елші есіктен аттар-аттамастан-ақ үй ішінде отырғандар ала көздерімен ата қарап, бірінен соң бірі кимелей сөйлеп, жан алқымға алып берді.
- Осында келген кейбір орыстар елдеріне қазақтарды жерден алып, жерден салып жамандап баратын көрінеді. Ондайлар ақ патшаның алдында өзінің бәсін асыру үшін: «Ойбай, ол жақта көрмеген қорлығымыз жоқ. Дүние-мүлкімізді тонап алды. Өзімізді тұтқын қылып қамап қойды», - деп бөседі дейді. Міне, келгеніңізге үш айдай уақыт боп қалыпты. Өлген-жіткен ештеңеңіз жоқ қой. Ал, ана жақтағы әкімдеріңіз сіздердің сондай ғайбат сөздеріңізге сеніп, біздің адамдарымызды жазықсыз ұстап алып жібермей жатыр. Былтыр осы уақытта қасында төрт кісі жолдасымен Тобыл қаласына кеткен Бекболат деген елшімізден әлі күнге хабар жоқ, Өлі-тірісін біле алмай отырмыз. Сізді бұл жаққа жұмсағанда бастықтарыңыз ол жайында ештеңе демеді ме?
Тевкелев мынау ежіреңдеген қазақтарды дауласып жеңе алмасын білді. Сондықтан да өз басын арашалай сөйледі.
- Ресейде елшіге қысым көрсету, оның дүние-мүлкін тонап алып, басына қауіп-қатер төндіру сияқты бүзақы қылық ешқашан орын алып көрген емес. Ондай бассыздыққа болашақта да жол берілмейді. Ал Бекболат елшінің Тобыл қаласынан неге қайтарылмай отырғанынан мен атымен хабарсызбын. Тіпті Ресейде қазақтың ондай елшісі жүр деп те естіген емеспін. Сондықтан да бүл мәселеге менің ешқандай араласым жоғы өз-өзінен түсінікті. Ал, былтыр кеткен елшінің биылға дейін оралмай қоюына келетін болсақ, әрине, бұл арада бір гәп бар. Шамасы, орыс әкімдеріне елші аттандырып, олардың аман-есен оралып келгенін күтпей, патшаға бағынышты ұлыстарға жортуыл жасап, малдарын адамдарын алып кететін шығарсыңдар. Сосын олар, әрине сіздерден барған кісілерді барымталап әкеткен мал-мүлік пен тұтқындарды қайтарғанша аманат қып ұстай тұруға еріксіз мәжбүр болады. Түптеп келгенде, әуелден өздеріңнің түптерің шикі. Әйтпесе, орыс әкімшілігі тыныш елге өздігінен ұрынбайды. Бірақ Бекболатқа бола уайым жемеңдер. Орыс үкіметі қолындағы аманатқа тұтқын деп қарамайды. Жұмыс істетпейді, зорлық-зомбылық көрсетпейді. Барлық жайын жасайды. Мен Сендерге Бекболатты Ресейге барған бойда босаттырып жіберткізем деп уәде бере алам.
Ешкім ештеңе дей алмай қалды. Жұрттың мына мінезіне риза болмаған бір би:
- Сендерде Шам мырзаның баласы Шәмамбет би тұтқында жатыр. Оны да босаттырып бере аласыз ба? - деп сұрады.
- Алдымен, оның неге түтқындалғанын білу керек.
Тұтқындардың босатылу-босатылмауы да өз қолдарыңдағы нәрсе. Ұлы императрица ағзамға өз еріктеріңізбен бағынып, өз ұлыстарыңыздағы орыс бағынышталары түгел қайтарып берсеңдер, Ресей де өзіндегі қазақ тұтқындарын түгел елдеріне қайтарады.
- Құнын төлемесе, жұрт қолындағы құлынан тірі де айырылар ма? - деді әлгінде ғана сұрақ берген би. Тевкелев иығын қиқаңдатты.
- Елші мырза, сіз боссыз, - деді Әбілқайыр. Елші қосына кеткесін хан:
- Мәмбет мырзаның жауаптарын өз құлақтарыңнан естідіңдер ғой. Ресейдегі тұтқындар аман қайтсын десеңдер, бұларға қол тигізуге болмайды, - деді.
Билер сол тұнжыраған қалыптары атқа қонды. Қыс ызғары әбден қайратына мініп апты. Күн тағы да суыта түседі дегендей аспан тым шағырмақтанып кеткен екен.
Жал асып ауыл-ауылдарына тарап бара жатқан билердің соңынан қарап тұрған Әбілқайырдың іші өз-өзінен қалтырап қоя берді.
«Бұлар, әрине, тегіннен-тегін жоқ. Бекболат та жәй әншейін сылтау. Ілік іздеп келіп еді, таба алмады. Бірақ бүгін таппағанмен бір күні табады ғой», - деп ойлады ол.
Тевкелев журналын ашып, осында келгелі не жазғанын қайта бір қарап шықты. Неткен шырғалаң жол, шытырман оқиғалар, шатақ жұрт еді! Бірақ, әйтеуір, көңілге медет етері - қазақтың екі арысының ханы ант беріпті. Қарақалпақ жұртының да ақ патшаға берген анты мен сәлем хаты бар. Осыдан үш ай бұрын ант алмақты былай қойғанда байтал түгілі бас қайғы бола жаздап еді ғой. Уфадан шыққандағы екі жүз ат, он екі түйенің орынын сипап қалды. Екі арба дүниеден жарты арбадай бірдеңе қалды. Бірақ оның есесіне мынау сары ала қағазға түскен күйелеш таңбалар бар. Сол - мұның ертең елге оралғанда алдына ұстап барар бет жүздігі.
Сүйтіп 1731 жыл да өтіп барады. Енді бір-екі күнде жаңа 1732 жыл келеді. Ақ патшаның елшілігі оны мынау жып-жылмағай қар басып жатқан қазақ даласында қарсы алады.
Қаратүптің үш жағы жазда - өкірген теңіз, қыста - еңіреген мұз. Тек бір жағында ғана құрлықтан келер тар саңылау жол бар. Оның аузында қазір Есет батырдың қол астындағы тама ауылдары отыр. Азу тістерін сықыр-сақыр қайраған қарсыластарынан қаймыққан Әбілқайыр биыл қыстаққа бұл араны әдейі таңдап алғандай.
Елшілік пен хан орданың отырған жері - жан-жақтарын тырбық бұталар өскен қара бұйраттар қоршаған екі егіз шұқыр ой. Солдаттар мен башқұрттардың үйден шыға келсең, күліңнің басына көкжиек шөгіп шатқан мынау тығырық тар қамашаудан ара-тұра қатты қамығып кететіндері бар. Ондайда олар жағалай жал-жалдың басына шығып төңірекке көз салады. Зиновьев пен Писарев әлдебір ылдырмақ-шылдырмақтарын алып жер шолады. Көргендерін қағазға сызады. Анадайдан қылт еткен қара көрінсе болды, аспаптарының бәрін қазақтардың байтаба қаптарына сала сап, томар шауып, отын алып жүрген бола салады. Әлгі қарайған көкжиектен қайта құрығасын барып өз шаруаларына қайта кіріседі. Елшілік адамдары сол екеуіне еріп көмек беруге әуес. Бәрі де басыр болып отыра бермей таза ауаға шығып, жарық жалғанға құмардан шыққанша қарап алғылары келеді.
Сондағы көретіндері - сол баяғы шетсіз-шексіз кеңістік. Қарасаң - көзіңді қажытар, ойласаң - кәңіліңді қажытар тұлдыр дала. Көз ұшында - сіресіп қатып қалған шалқар айдын. Алатағанақ аппақ сордай сұрқай. Мынау бір жері қар, бір жері қара ала шабыр дала сол бір ұлан-асыр кеңістікке барып ұстасып жатыр.
Ашық даланың ызғырық желінен ала қаншық борасын борап әлгінде ғана түскен әлсіз ізіңді жып-жылдам, жым-жылас қып шығарады. Мынандай тұлдыр кеңістіктің із атаулыға, белгі атаулыға, тұрақтылық пен баяндылық атаулыға әуелден-ақ жұлдызы қарсы болса керек. Кеше үйіліп күртік жатқан жер бүгін жып-жылмағай тақыр. Кеше дыңылдап қатқақ жатқан жер бүгін белшеңнен кіріп кетер күртік.
Жан-жағың өз-өзінен жиралаңдай қозғалып, мың-мың жылан жарыса жорғалап келе жатқандай бір өңкей, бір қалып қимыл-қыбыр. Шалқыған дала әлдебір құдірет аппақ қып сүт төгіп ақ шалап қып жіберген жаяу борасын білем-білем майда толқындар сияқты. Кейде өзіңді осындай ақ саумалданып жатқан айдын теңіз төрінде дауылға ұшырап, бір елсіз аралдан келіп шыққан бейбақ теңізшідей сезінесің. Шалқар мұхитқа қайта шығып шарлай жүріп кетейін десең - астыңдағы кемең күл-талқаны шығып күйреген. Әр таң сайын бір орынынан атып, әр кеш сайын бір орынынан бататын күн көзінен басқа мынау тұлдыр уақыттың қаншасы өтіп, қаншасы қалғанын өлшейтін мөлшерің де жоқ, мынау тұлдыр кеңістіктің қай жерінде жүріп, қай жерінде тұрғаныңды байқайтын бағдарың да жоқ. Ертелі-кеш есеңгіреп сол күнге қарайсың. Ертеңіңнің не болатынын сол айтып, сол сездіретіндей. Бірақ, ол неме ештеңе де аңғартпайды. Күлімдеп атады, күлімдеп батады. Аяр кісінің бетіне қарағандай одан да көңілің қалады екен.
Бұлардың жағдайының сол пақырана теңізшілерден несі артық! Мынау қанша білгің кеп, түсінгің кеп үңілген сайын қымтана, құпиялана түсетін сыз қабақ бөтен жұрттың күн сайын жұмбақ тартып бара жатқан шытырман қылықтары абайсыз аттап бастың-ақ құрдымнан бір-ақ шығаратын өгей мұхиттан кем тұңғиық, кем қатерлі ме...
Міне, күн сайын көкжиекке тесіліп, үміт желкенін іздегендеріне үш айдың жүзі ауыпты. Сол баяғы неғайбыл мен дүдамалдан басқа ештеңе көре алмай келеді. Қасындағы орыс солдаттары мен казактардың сақалдары қауғадай боп өсіп кетіпті. Башқұрттардың шегір көздері үңірейіп інге кіріп алған. Тевкелев қазақтардың ызы-қиқы ит жығыс тіршілігінің сырына қанығам деп, серіктерінің де не күйде жүргеніне көп мән бере қоймапты. Оның мұндайдағы бас ақылшысы Таймас еді. Соны шақырып алды.
- Ертең ғой жаңа жыл! Орыс адамына қазір көк шыршаның түбінде шайыр исін құныға жұтып, қызара бөртіп дуылдасып отырғаннан асқан рақат жоқ. Петр патша соған үйретпеп пе еді. Кәні, жігіттердің бір көңілін көтерелік. Әйтпесе, бәрі су тимей ылғал боп, ұнжырғалары түсіп кетіпті ғой.
Юмаш Есеттің ауылына кетті. Жаңа жылдың алдында тай жықтырып, қой үйттіріп әкелмек. Таймас қалған-құтқан шишаларды санап шықты. Екі кеспек самогонның ауызы ашылмапты. Тевкелевтің мына шаруаның арты қайырлы боп жатса, қазақ шонжарларын шақырып дәм татырам ба деп жүрген бір сандық қымбат шарабы бар. Уфа воеводасынан жалынып-жалпайып әзер алған, Француз шампаны. Кілті өз қалтасында. Үмітсіз шайтан деген ғой. Асыл сандыққа әлі ешкімді жолатқан емес.
Солдаттар жан-жақтағы құмақ бұйраттарды аралап жүріп кісі бойынан асатын сексеуіл тауып әкелді. Оған уш-төрт күпіні сөгіп, ішіндегі мақтасын алып, майдалап түтіп, сидиған бұталарға ұп-ұлпа ақша қар қып ілді. Қостағы темір-терсектің бәрінен ойыншық жасалды. Мүндай шаруаға бүты қисайып жүріп Сергей Костюков шебер екен. Қауға сақал Цапаевты Аяз ата қып киіндіріп әлек. Цапаевтың көкірегіне түскен жирен сақалын жасыру үшін жарты қап мақта жұмсалды. Насыбай атса, танауы жыбырлап, тыныш тұра алмайтын неме таңқ етіп түшкіріп қалған сайын өліп-талып зорға жасалған сақал-мұрт бет-бетіне ұшып кетеді. Қар ханшайым болуға Сергей Костюковтан басқа ешкім келіспеді. Малынтып ақ көйлек, ақ қалпақ кигенде ұзын тұра жігіт әжептарқы бірдеңе болып шыға келді. Қылжаңбас Цапаевтың құдайы берді де қалды.
- Мынандай қалыңдықтың біреуі ерініне, біреуі етегіне жабысар екі күйеу тауып бермесең, өмір бойы пұшпағы қанамай еткені ғой, - деп еді, көптен бері үйлерін кермей, ошақ басы тіршілікті сағынып жүрген жігіттер көздерінен жас аққанша күлді.
Ертең жаңа жыл күні елшілік қосы таң атқанша думандатып шықты. Орыстардың тойын көруге келген Есет ауылының, хан ауылының адамдары мынау үсті-үстіне қарқылдап күліп, ауызы жабылмайтын адамдарға қайран қалысты. Әсіресе, аппақ қап арқалап, ақ киім киіп шыққан қауға сақал шалдың сақилығына қатты тәнті болды. Үйлерінде қалған балаларының аттарын атап барған сайын бір уыс шақпақ қант пен тәтті нанды ұстата салады.
Әншейінде түстері суық елшілік адамдары дастарқан басында қандай кеңілді! Әне бір көк шөлмектен сылқ-сылқ құйылып жатқан мөлдір судың мүңкіген иісінен маңына ашып кеткен қымыран ішкендей ашырқанса не дейсің! Тартып салады да, жұдырықтарын бір иіскеп, шылқыған қызыл қуырдаққа бас салады.
Елші түн орталай бере:
- Ал, жаңа жыл! - деп еді.
Бәрі өрт тигендей айқайлап-ұйқайлап орындарынан атып тұрды. Мауыздай-мауыздай еркек адамдар бас салып бірін-бірі құшақтап, шылп-шылп сүйісе бастады.
Елші ту сыртындағы темір сандықтан төрт-бес жалтырақ шөлмек суырып, жігіттердің қолына ұстатты. Олар әлгі жалтырақ шөлмектің мойнындағы темір ноқтаны босатып еді, үсті-үстіне гүрс-гүрс ете қалды. Қазақтар құлақтарын тас қып басып алған. Орыстар күліп мәз-мәйрам болысты. Жараған бураның езуіндей ақ көбік атып тұрған ақ мойнақ шөлмек тостағанға қыж-қыж тамған тентек шарапты толтырып қүйып, қазақтарға ұсынып еді, ешқайсысы қол апара алмады.
- Мына келген жаңа жыл бәрімізге жақсылык, әкелетін жыл болсын, алып қойыңыз! - деп елші қайта-қайта қиылғасын Нияз сұлтан шыдай алмады.
- Орыстың наурыз көжесінен де бір дәм татып көрейікші! - деп аузына апарып, жалма-жан қайта қоя салды.
Орыстар қарқ-қарқ күліп, мәз болысты. Қазақтар бір-біріне қарап:
- Не болып қалды, сұлтан? - деп үрейлене сұрады.
- Мынауың былай қарағанда су сияқты ғой, ал енді аузыңа апардың-ақ көмейіңе бір уыс бүрге шашып жібергендей дуылдатып қоя береді екен.
Енді қазақтар қарқ-қарқ күліп, орыстар: «Апырау, мыналарға не болды?» - деп үрпиісе қалысты.
Таймас Нияз сұлтанның не айтқанын түсіндірді. Орысы, қазағы, башқұрты, үй іші түп-түгел қыран-топан күлкіге батты.
Тойдан қайтып келе жатып Нияз сұлтан үсті-үстіне сүрініп жүре алмады. Шамасы, манағы ерініне тигізе беріп қайта қойған тентек судан мас болып қалдым екен деп ойласа керек.
Думандата келген жаңа жыл жым-жырт өтіп жатыр. Міне, январьдың он бес күні.артта қалыпты. Тевкелевтің журналына жарты бетке толар-толмас қана жазу түсіпті.
«1732 жылғы январьдың бесі күні тілмаш Тевкелев Арал теңізінен Уфа дворяны Кирил Барабанщиков пен Қыдрияс Маллақаев арқылы Мемлекеттік сыртқы істер коллегиясына почта жіберді, олардың қасында арнаулы хаттар, атап айтқанда, Әбілқайыр ханның хатын, Сәмеке ханның хатын, Батыр сұлтанның хатын, қарақалпақ ханының тілмаш Тевкелевке жазған хатын, қарақалпақ ру басылары мен дін басыларының хатын альш қазақ елшілері еріп кетті».
Бары осы-ақ. Содан басқа ақ қағаздың бетін күйелеуге тұратындай ештеңе табыла қоймапты. Январьдың алғашқы аптасында жер бетіне күрпітіп кәбік қар түсті. Іле-шала шыңылтыр аяз тұрып, жердің беті ақ мамыққа оранды да жатты. Хан қансонарда түлкі аулап қайтуға шақырды. Былтырғы Таймастан айырылып қалатын оқиғадан ауызы күйген елші: «Рақмет, зауқым соқпай тұр», - деп бармай қалды.
Қазіргі бар ермегі - омбылап қыр басына шығады. Аппақ қарға көміліп жатқан ұлан байтақ өлкеге қарайды. Үн шашып тастағандай жылмиған аппақ жазық. Не ағаш, не тау-тас жоқ. Әншейіндегі ой-шұңқырдың бәрін омбы қар бітеп тастаған. Көк шыңылтырланып қатып қалған киіз күртіктің бетінен, ең болмаса, із де көрінбейді. Сонадай-сонадайдан жер теуіп тебіндеп жатқан жылқылар қарауытады. Қойларын Қарақұм мен Қызылқұмның арасына тастаған хан бұл өңірге тек жылқы ғана ұстап отыр. Жалдарын желге таратып, жер сабалаған қыл құйрықтардан басқа жан иесінің бәрі бір-бір жайлы баспана тауып тығылып алған. Қараларын көрсетпейді. Жыландай жиралаңдап жатқан борасын, шөлмектей шақырайып тұрған ашық аспан, ойпаңдағы ауылдың ирелеңдей кәтерілген қарақошқыл түтіні, қарға аунап, асыр салып жүрген тоқ иттердің ойыны - қыр басына қашан шықсаң да, қанша шықсаң да - керетінің тек осы. Әрине, мұндай өлкеден ішің пысады. Анада Сыртқы істер коллегиясына жолданған почтаны алып кеткен Кирил Барабанщиков пен Қыдрияс Маллақаевтың қуаныштары қойынына сыймай аттанған шығар. Мынандай кісенсіз тұтқын өмірден құтылғанға кім қуанбайды дейсің! Жұрттың бәрі елдегі қатын-балаларына хат жазып, бір жағынан қуанып, бір жағынан құлазып қалды. Тіпті өзіне салса да, тап осы қазір жаяу-жалпылап жүре бер десе, жүре берер еді. Онысы әншейін мәңгінің қиялы ғой. Оны мына даладан кім аттап шығартсын!
Тевкелев бүгінде қазақ сахарасында қыбырлап жер басып жүрген екі аяқтыларды «хан партиясы», «қарсы партия» деп екі топқа бөледі. «Қарсы патияның» да үні өшкелі біраз боп барады. Анадағы хан ордадағі жиыннан кейін ешқандай хабар жоқ. Уфаға жөнелтілгеі почтаның әңгімесі оларға әлі күнге жетпей жатыр дейсіі бе! Әбілқайырдың Бақа батырды, Сәмекенің Қүлеке батыр мен Жайылмысты, Батыр сұлтанның Мұхамбет қожаны, Нұралы сұлтанның Шаханы елшілікке жұмсағандары ел ішінде неше саққа жүгіріп жатқанын кім біліпті?!
Мынандай тас керең тыныштықтан қызыл көз дәукестердің айқай-ұйқайын естіп отырудың өзі ғанибет екен ғой.
Күні бойы күртік кешіп қаңғырып-қаңғырып келіп, сары қидың шоғына таптанып маужырап бара жатқан соң, жылы төсекке енді кіре берген елші үйдің ту сыртынан дүсірлей шыққан тұяқ дыбысынан басын көтеріп алды.
Түн ортасында біреу:
- Хабарласқандай қайсың бар? - деп дауыстады.
Дауысынан тани кетті. Жуықта ғана кеп, бір түстеніп кеткен Балтабек деген ру басы. Мынандай бейуақта келгеніне қарағанда тегін жүрмеген болар.
- Атыңнан түс, үйге кір!
Түнгі аяздан бар қаны бетіне шығып қызарып кеткен Балтабек аптыға сөйледі. Бәби мен Жантума қарайған қол жиып Әбілқайыр мен Тевкелевті шауып алмақшы көрінеді. Елші Балтабекке жанашырлық қызметі үшін рақмет айтты. Башқұрттар жатқан көрші үйге қоналқыға жіберді.
Ертеңіне теңертең ханға хабаршы жүгіртті.
- Әй, бәсе!
Елшінің шабарманының айтып келген хабарын естігенде Әбілқайырдың ауызына алдымен түскен сөз осы болды.
- Бара бер! Келеді деп айт!
Шабарман шығып кеткесін де, хан, қапелімде, орынынан тұра алмай қалғандай, ошарылып біраз отырды. Орынынан қинала көтерілді. Жолда келе жатып та: «Әй, бәсе!» - деп қайта-қайта басын шайқап қояды. Анада Сәмекеге кеткен елші теп-тез оралғанда-ақ ойына түскен қауып осы еді ғой. Енді Жәдік тұқымы орыс елшісінің күллі жауап-сауабын бұның мойынан арта салмақ. Өшіккен қызылкөздерді айдап салып, өздері тың тыңдап отырмақ. Бірінші болып ант беретін абыройдан айырылып қалғандарын түсінді. Енді, не де болса, өздері ие бола алмаған абыройды Әбілқайырға да бұйыртпау. Ол үшін орыс елшісіне неше түрлі қауіп-қатерді төндіріп бақпақшы. Тевкелевке бір жаманат бола қалса: «Берер антымызды бердік. Ұлысымызға кел деп шақырып едік, келмеді», - деп ауыздарын қу шөппен сүртіп шыға келмекші. Сонда елшіге жасалған қастандық үшін ақ патшаның алдында Әбілқайырдан басқа кім жауапкер болмақшы?!
Соны сезген Әбілқайыр анада Батырға адам шаптырған. «Мына ақ патшаның елшісі қара-қалпақтардың қолындағы башқұрт тұтқындарының жағдайын қатты уайымдап отыр. Соларды өзің барып қайтарып алып қайтсаң қайтеді. Ақ патшаға берген антың бар. Соның жолында істелген бір қызметің болсын», - деген. Мынандай алмағайып тұста ол алысырақта жүрсе, ел арасы тыныш болар ма екен деп ойлаған. Оның үстіне орыс елшісіне Жәдік тұқымының ақ патшаның жолында адал қызмет етуге қаншалықты құлықты екенін көрсеткісі келген. Еғер сұлтан анада берген анты есіне түсіп, өз сөзінен өзі тая алмай, қарақалпаққа аттанып кетер болса, мына жақтағы соңына еріп жүрген көп шуылдақтың алдында абыройы айрандай төгілер еді. Сұлтан: «Әбілқайыр мені, қарап жүрмей, қарақалпақтармен араздастырмақ қой. Башқұрттарға жаны ашып бара жатса, барып өзі қүтқарып әкелмей ме!» - деп талағы тарс айрылыпты. Ол шаруаға Есет пен Бөкенбай батыр аттанды. Міне, Батыр сұлтан мына бүлікті де сол екеуі жоқта әдейі шығарып отыр.
Тевкелев көзі атыздай болып отыр екен. Бүл кіріп келгенде, орнынан атып түрды. Сұп-сұр ханның сабырлы жүзін көріп орнына қайта отырды. Түнде естіген хабарын айтты.
- Әлгі Балтабектің өзі қайда? - деп сүрады Әбілқайыр.
Көрші үйдегі Балтабек ханға өзі кеп, көрген-білгенін баян қылды. Әбілқайыр сол бойда екі кісіні Есет пен Бөкенбайға, тағы бір жігітті осы маңайда қыстап отырған Мойнақ батырға шаптырды. Мойнақ түс ауа жетіп келді.
- Батыр, осы сенің Жантуманың ауылында туған бажаң бар емес пе? Соған сәлемдескелі соққан боп, барып қайтпайсың ба?
Мойнақ батыр қауқиған сары ала тонының белін де шешпестен атына қайта қонды.
Әбілқайырдан да жәй кетті. Елшінің қосына күніне қырық барып, қырық қайтады. Бірақ, онсыз да астына ине шаншып қойғандай үргелектеп отырған немені үркіте бермейін деп ештене демейді. Қайткенде мына қатердің алдын ала алады? Ойына тағы да шырқ айналып сол Батыр түседі. Сонымен солай жасырынбақ ойнай бере ме? Қайдан шықса, одан шықсын: «Ақ патшаға екеуміз де ант бердік. Оның елшісі екеуміздің де қонағымыз. Елшінің басына төнген қауіп-қатер екеумізге де абырой әпермейді. Ендеше, ана қарауыңдағы тентегің мен теліңді тый. Мәмбет мырзаға қоқаңдағанын қойсын!» - деп неге айтпайды?! Даңғой кісілер қорқақ келуші еді ғой. Оны бір тоқтатса, осындай дөң айбат әңгіме тоқтатады. Тек анадағы Мойнақ батыр келсін. Балтабектің айтқаны рас болып щықса, бұл бір күнде кідірмейді. Батыр сұлтанға кісі шаптырады. Бірақ, бүл жайында Тевкелевке ештеңе сездірмеуі керек. Мына қылығын қорыққанға жорып, өзғе төрелермен бармақ басты, көз қыстыға түсіп кетіп жүрмесін.
Мойнақтан ешқандай сыбыс шықпады. Бірақ, үрейлі хабар күннен-күнге дүңк-дүңк күшейе түсті. Мойнақ батыр кеткесін үш күннен кейін екі етегі далақтап бір жалба тымақ хан ордаға шауып келді. Сөйтсе қайын атасы Сүйіндік жіберіпті. Есіктен елпі-селпі боп алақтай аттады.
- Е, балдық, белдеуге жеткенше шауып жын қуып келе ме? - деп еді, әншейінде әр сөзіңе жармаса кететін қылжақбас тұқым әзіліне жауап бермеді.
- Батыр жіберді. Кеше жоқ қарап жүрген кісі боп бір танысы келіп айтып кетіпті. Әлгі шектінің тентектері ертең осында қол жиып келіп, хан мен елшіні ұрып өлтіреміз, ханшаңы бұрымынан сүйреп ат құйрығына байлап көкпар қып тартамыз деп алақандарына түкіріп отыр дейді. Сыңайлары жаман көрінеді. Неден болса да, тайынатын түрлері жоқ сияқты.
Ол күні елшіліктегілер де, хан ордадағылар да көрер таңды көздерімен атқызды. Әбілқайыр Батыр сұлтанға жасырын кісі аттандырды.
Хан мен елшіде көз қырлары бары бұрыннан белгілі. Ал, Бопай ханшаға нағып осынша кәрлерін тіккенін бір алла білсін! Әлде анадағы почтамен орыс патшасына оның да хат жазып жібергенін естіп қалды ма екен? Ханша Анна патшаға: «Сіздің ұлы императорлық мәртебеңізден көп-көп өтінішім «алдиярлық шарапатыныздан мына біздерді, өзіңіздің үмбеттеріңізді, ешқашан құр қалдыра көрмесеңіз екен. Өйткені, қазір дұшпандарымыз тіпті көбейіп кетті. Бірақ өзіңіздің ұлы императорлық мархабатыңызға сеніп, олардан етіміз сескеніп отырған жоқ», - деп жазып еді. Соны естіген қызылкөз немелер: «Қап, жүзіқара, сенің ол батырлығыңды ертең бұрымыңнан сүйреп ат құйрығына байлағанда көрерміз!» - деп кіжінбейді дейсің бе!
Өліп-талып күткен күндері де келді. Күн айқұлақтанып шатынап шықты. Лүп еткен леп жоқ. Сақырлаған сары аяз. Аузы-мүрныңнан шыққан леп сол бойда-ақ сақал-мұртыңа ақ қырау боп қонақтап үлгереді. Әншейіндегі ойыншыл иттер ыққа тығылып шықпай қойды.
Қыстың күнінің бұлай аяқ астынан қақшаңдап кеткеніне Әбілқайыр қуанбаса, ренжіген жоқ. Бір көзі малында жүретін қазақ мынандай ақ шұнақ аязда сойыл ұстап атқа қона қоймас. О да құдайдың қарасқаны шығар. Түске таман күн батыстан жалаулары желкілдеп қол көрінді. Мылтықтарын оқтап сақадай-сай тұрған елшілік, қапелімде, кімдер екенін білмей қап, атыс шығарып жүре ме деп қорықса керек, анадайдан бір аттыны ілгері жіберді. Дедектеп шауып келе жатқан жалғыз атты анада өздері жұмсаған шабарман екен.
- Апырай, амандасыңдар ма? - деп қуана амандасты.
- Аналарың кім?
- Бөкенбай мен Есет.
Жұрт «Уһ!» деп бір дем алды. Башқұрттарды босатып аламыз деп қарақалпақта жүрген Бөкенбай мен Есет ханның шабарманы барған бойда-ақ, кері салыпты. Қарақалпақ рулары тұтқын башқұрттарды қайтарып беруге келісіпті. Құдайназар мырза оларды көшіріп әкелетін болып сонда қалыпты.
Ол күні әлғі батырсынған билер қараларын көрсетпей қойды. Шамасы, Бөкенбай мен Есеттің қарақалпақтан қайтып оралғанын біліп қалса керек.
Ертеңіне Батырға кеткен жігіт те келді. Сөйтсе, ол дәл бұл баратын күні Борсық құмнан соңына мың жарымдай қол ертіп Қараған түптің түрікпендерін шауып алуға кетіпті. Кеме қатынайтын көктем емес, не күз емес, қыстың көзі қыраудағы бүл не жорық екенін өзі білсін! Әдетте қазақтар Маңғыстаудың үш қиян түбегінде отырған түрікпендерге Үнді мен Иранның Ресейге баратын саудагерлері Қараған мен Қабақтыға жиылатын мамыр айында, не олар Астрахань мен Қазанға барып қайтатын қара күзде шабатын. Ондай жорықтар тұсында түрікпендердің орыс кемелерінен алған астықтарын тартып алып бір қарқ болса, жол-жөнекей шет жұрт керуендерінің дүние-мүлкін тонап екі қарқ болатын. Ал, мынау ақырған дәлудің күнінде ызғыған Үстірт пен бықсыған Маңғыстаудан қандай олжаға қарық болатындарын ит білсін!
- Әй, ол қу тегін кетті дейсің бе, бір ойлағаны бар ғой, - деді Есет.
- Ендеше, мындағыларына бір дүрбелең шығартқызып, оған өзінің ешқандай қатысы жоқ болып көріну үшін жер түбіне әдейі кетіп бара жатқан шығар, - деді
Бөкенбай.
Әбілқайыр хан сазарып біраз түрды да, үндеген жоқ.
Айналаға алақтап қараумен тағы да бір апта өтті. «Шауып аламыз» - деп қорқытып жатқандар көріне қоймады. Бөкенбай мен Есет елшілік пен хан ордадан бір елі аттап шыққан емес. Мынандай суық хабарды естіген тілеулес билер мен батырлар шұбырып келіп жатты. Қорқынышты көк найзалар қай жалдың басынан қаптағайлап шыға келер екен деп, жандары тыр-нақтарының ұшында жүргендердің бүрынғы үрейі басылайын деді.
Сондай күндердің бірінде Бопай бәйбіше:
- Елші мырза, барған жұрт сіздің дастарқаныңызды кәп мақтайды. Туғалы татып көрмеген тәтті тағамдар жедік деп шеттерінен таңдайқата болып келеді. Біздің де тамағымыз ісуі мүмкін-ау деп ойламадыңыз ба? - деді
Тевкелевке, ақ сары жүзіне қан шапшып,
Әзіл-шынды қып айтқан ңылықты бәйбішенің мына қолқасы елшінің жанына батайын деді:
- Ғафу етіңіз, ханым. Сіздей аруға бойдақ солдаттардың пісірген ботқасынан дәм татқызып үшынтып алам ба деп сескеніп жүр едім. Егер өзіңіз қаласаңыз, онда сөз бар ма, қуана-қуана қарсы аламыз. Бүгін мына ауылдарыңыздағы меймандарыңызбен түгел біздің қосқа келіп түстеніп кетіңіздер, - деді.
Хан, ханым, ханның балалары, Бөкенбай батыр бастаған бір топ ру басылары елшілікке барып түстік жеді. Шынында да, орыс тағамы Бопай ханымға қатты ұнады.
- Бұл ештеңе емес қой, - деді Тевкелев. - Іс оңға басып, дәм тартып астанаға бара қалсаңыз, орыс аспаздарының қолынан не келіп, не қоятынын ақ патшаның қонақасында көрерсіз.
Ақылды бәйбіше ду етіп бір қызарды да үндеген жоқ. Бір тәтті қиялға батқандай еркектердің ду-ду әңгімесін тыңдап үнсіз отырды.
Елшіліктегі қонақасыдан кейін жиналған ру басылардың бір тобы әңгіме бір жақты болғанша осында қала тұратын болды да, Бөкенбай батыр бастаған бір тобы ауылдарына қайтты. Дәл соны бағып тұрғанындай, ертеңіне масқар биі Төлебай батыр келді. Қарсылар қара қүрым қол жиып алыпты. Ертең Аралдың күн батыс шығанағынан айналып өтерде, ұрымталдан тосып тұрып, елшіні соққыға жығып, қасындағы адамдарын үлыс-үлысқа таратып әкетеміз дейтін көрінеді. Қарақалпақтан көле жатқан башқұрттарды Тевкелевке жеткізбей талап әкетеміз деп жаланып отыр дейді.
Әбілқайыр өз ордасында жиналып жатқан тілеулес билердің біреуін Бөкенбай батырға жүмсады.
Бөкенбай ертеңіне қас қарая хан ордаға жетті. Алакөбеңде екеуі елшіге барып ақылдасты. Тұтқыннан босап келе жатқан башқұрттарды қарсы жақ атқа қонбай түрып тезірек жеткізіп алу үшін қарақалпақтарға қайтадан кісі шаптырылды. Ертең шығанақтан айналып өтерде тілеулес рулардан қол жиып, ұрымтал түстарға алдын ала қарауыл қойылып, аса сақтанып көшу керек деп шешілді. Қарсы жақтың тағы қандай ойлары бар екенін біліп келуге Төлебай батыр қайта жұмсалды.
Арада тағы да жылдай ұзақ төрт күн өтті. Әбілқайыр тағы да ойға батты. Қарсы жақтың шабамыз деп түрып шаппай қалғанын не деп түсінуге болады! Батырдың аяқ астынан түрікпенге аттанып кеткенін не деп түсінуге болады? Ертең Арал айналып көшерде бұрынғыдай ханды да өлтіреміз деп қорқытпай, елшіні ғана өлтіреміз дегендерін не деп түсінуге болады? Осы бір әзәзіл үш сауалдың түбіне тереңдеп бойлаған сайын Батыр сұлтанның бұрын-соңды өзі байқамаған ақылдылығына қайран қалды. Хан екеуін сабап, ханымды көкпарға тартып өлтіреміз десе, ел алдында Әбілқайырға деген өшпенділікті күшейткісі келгені, ертең Арал айналып өтерде елшіні ғана өлтіреміз десе, хан екеуінің арасына сенімсіздік түсіргісі келгені. Ел ішінде дүрбелең шығарды да, өзі ит арқасы қиянға кетіп қалды. Енді мұнда не болып, не қойса да, оның ешқандай қатысы жоқ. Осы батырдың ойынан шығар ақыл, қолынан келер іс пе? Бұның бәрін Батыр ойламаса, орайластырып отырған кісі кім? Қасындағылар да өңшең өзі сияқты ұрдажықтар еді ғой. Әлде бұның бәрін орайластырып отырған сонау Сарыарқаның сары аязында жатқан Жәдік әулеті ме? Әрине, алты шекті осы қияңқылықты анада Сәмеке елшілері келгенше істесе, көрмей жүріп пе?
Осыны ойлай-ойлай Әбілқайырдың шақшадай басы шарадай болды. Арада төрт күн өткесін масқар Төлебай қайтып келді. Қарсы топтағы ру басылары жиын құрып, өзара ақылдасыпты. «Патшаның елшісін қайтеміз?» - деп кеңесіпті. Пікір екі жарылыпты. Біреулері: «Елшіні екі арыстың елі де жақсы қабылдап жатыр. Жұрттың көбі патшаға бағынсақ, тыныштық табамыз деп ант бере бастады. Соның бәрін көріп-біліп отырып, Мәмбет мырзаға қол көтерер болсақ, ертең ел мамыр айыңдағы жиында орыспен екі ортаға араздық отын тұтаттыңдар деп бізді жазғырып жүрмей ме? Осы райдан қайтсақ қайтеді?» - десе, біреулері: «Ол сенің қазағыңа жаны ашып келіп отырған адам емес, еліңді-жеріңді көріп қайтуға келіп отырған жансыз. Одан айрылып қалуға болмайды. Ертең Арал айналып Ресей бетке өтерде ұстап алып, өз ұлысымызға апарып өлтіруіміз керек», - деп бет бақтырмапты. Төлебайдың айтуынша, қасарысып тұрғандар, көбінесе, бүрын санатта жоқ ұсақ аталардан қамшы ұстап шыққандар көрінеді, ал іргелі рулардың билері баяғыдай емес, қастандық жасау ниеттерінен айнып қалған секілді.
Тағы да сол дүдамал хал. Тағы да сол екі ұдай жүмбақ. Үрей мен үміт қосарласқан әуре-сарсаң тіршілік. Әсіресе Тевкелевтің басы бауырына түсіп кетті.
Соны байқаған Әбілқайыр оны ешқашан оңаша қалдырмауға тырысты. Бопайды ертіп барып түн ортасына дейін әңгіме-дүкен қүрып отырады.
Бір күні Дәлудің аяқ жағында елшімен сөйтіп оңаша мәжілістесіп отырғанда қасында алты жігіті бар Бәбидің баласы Ақша кіріп келгені. Бұлар аң-таң. Сойдауылдай-сойдауылдай жеті жігіт бүл екеуін одан сайын танқалдыра түскілері келгендей оң жақта кеп қаздай тізіліп монтиып-монтиып отыра кетті. Үйдегілер жөн сұрап еді, ортасындағы құс мұрын, томаға көз, ақ сары жігіт сөз бастады. Бидің өзі жібереді. «Біз райымыздан қайттық. Маңымызға жиналған қолды елді-еліне тараттық. Хан мен елшіні қайдағы бір тар қолтыққа тығылып алмай, ортамызға көшіп келуге шақырамыз», - депті.
Жұмбақтың үлкені мынау болды. Үш ай күз, үш ай қыс, «әне шауып алам, міне, шауып алам» деп, алты қырдың астынан айқай салып жатқан ақикөз ақыр аяғында өзі келіп қол ұсынды. Бұнысы қалай? Бұрын келмеген ақыл, бүгін неге келе қалған? Әлде анадағы жиында алты шектінің ру басыларының пікірі екі жарылғаны әсер етті ме? Ештеңе өндіре алмастарын біліп, баяғы дәмелерінен баз кешті ме екен? Әлде күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасауды қойып, айлаға көшкені ме? О да мүмкін ғой. Бүрынғы одақтастардың жартысы ниеттерінен айнып қалса, қол жиып кеп шауып алудың қиынға түсетіні рас. Не де болса, ағайын боп ақылдасар мәселе. Хан сол бойда-ақ Бөкенбай батыр мен жақтастарына кісі шаптырып, мәслихатқа шақырды. Мәслихат басталмас бүрын ол Бөкенбаймен оңаша сөйлесті. Ол да Бәбидің бұнысы айла, хан мен елшіні алдап қолға түсірмек деп ойлайды. Билер алдында жауапты Бөкенбай беретін боп келісті. Әбілқайырдың бұл тұста үндемей қалғаны жән. Қарсы жақ ханның не ойлағаны бар екен деп күпті жүрсін.
Ақша келген күннің ертеңіне-ақ билер хан ордаға түгел жиылды. Хан жұртқа Бәби бидің сәлемін айтты. Бірінші болып Бөкенбай сез бастады:
- Хан егер ол үлысқа көшем деп жатса, өз еркі. Менің оған билігім жүрмейді. Ал, бірақ, елші мырзаны қасымнан жіберіп, ертең ел-жұрттың алдында обалын көтерер жағдайым жоқ. Мамыр орталағанша өз қасымда болады. Мамыр айында болатын жиынға өзім алып барамын. Оғанға дейін тартып әкеткісі келетіндер табыльш жатса, қасық қаным қалғанша шайқасамын.
Жұрттың бәрі одан асып ештеңе айта алмады. Ақшаңың әкесіне айтып барар жауабы осы болды.
Дуылдасқан жұрт жөн-жөніне тарасты. Ертеңіне қарақалпақ тұтқынынан босаған жүз алпыс үй башқүрт ауылы көшіп келді. Енді ақ патша елшілігі бір қауым елге айналды. Олай-бүлай күн туса, атқа мінер үш жүздей жігіт Мәмбет мырзаның өз қасынан да табылады. Содан да Тевкелевтің соңғы күндері қарс жабылып алған қабағы ашылайын деді.
Нұр үстіне нұр деген ғой. Ант берушілердің біраздан бері аяқтары сиреп кетіп еді. Үт туа қарақалпақ жұртының ірі шонжары Оразақ батыр келді. Ол Тевкелевке барып:
- Арал теңізінің жағасында Хиуадан екі күншілік жерде Сәтемір ханның ордасы бар. Оның қол астындағы жұрт біраздан бері Хиуамен жауласып келеді. Сол елді Ресейдің қол астына өтуге көндірсем, алдияр патша оған қалай қарар екен? - депті.
Елші батырға әлгіндей ықыласы үшін төрт аршын шүға мен бір түлкіні сыйға тартты.
Ол жалдан аса бергенде қарақалпақтың белгілі биі Сүйіндік бастаған тоғыз кісі сау етіп түсе қалды. Олардың ант беруден гөрі сыйлық алғылары келіп құлқындары құрып отырғандарын көре тұрса да, Мәмбет мырза құшақ жая қарсы алып, қонақасы қылыш, ант қағазға қолдарын қойғызып алып қалды.
Оларды жолға салып тұрғанда Орта жүзден қасында бір серігі бар Алшақ батырдың ат арытып, тон тоздырып жетіп келгені. Елші олардың да бармағын бастырып, қолтықтарына азын-аулақ сәлем-сауқат қыстырды.
Оларды да белдеуден енді аттандырып тұрғанда қара жалдың басынан тағы бір тайпала басқан қара жорға көрінді. Дәу де болса, ант беруге келе жатқандардың бірі ғой деп ойлаған елші темір сандығында қанша мата қалғанын қарап тұрғанда жүргінші үй іргесіне жетіп, белдеуге ат байлады. Сөйтсе - Құдайназар мырза екен. Бәкенбай мен Есет жіберіпті.
Әбілқайырдың ана жолғы күмәні бүл жолы да рас болып шықты. - Қарсы топ та елшінің көшіп-қонғанына көмектескенсіп, жүз түйе, жүз ат жібереді. Хан мен елшіні алдап қолдарына түсірмек, абай болсын, - депті.
Сол арада үшеуі отырып ақылдасты. Үттің екі жаңасында Қаратүптен әуелі ханның ауылы көшіп шығады. Сосын араға сәл уақыт салып елші көшіп шығады. Елшіні көшіруге көлікті Бөкенбай жібереді. Құдайназар көш өтетін жерлерді жігіттерін ертіп кегі өзі торып тұрады. Пәтуа осылай байласылды.
Ол жылғы үт кұрт жұмсақ түсті. Дәлуде апшыңды куырып тұрған ақ шұнақ қыс кенет сынды. Жылтырап күн көзі көрінді. Күн көрініп еді - қар тесілді. Қар тесіліп еді - бықсық тұман көбейді. Сәске болмай жатып бу көтеріліп, сыртқа шықтың-ақ, лақтың түбітіндей селдір ақ тұман көз шолаңды қамап алады. Мал баққан жұрт мұндай тұманға қуана қоймайды. Арты тұтас жылынып кетсе жақсы, ал жылынбай қойса, қыстан қажып шыққан әлжуаз малдың түбіне осындай бықсып-бықсып тұрып күрт қатаятын көктем алды әзәзіл борандар жетеді. Сондықтан да олар Үтке сенбейді. Түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып тұратын аунақшыма ай жер соқтырып кете ме деп қорқады. «Үт - жақсы болса сүт, жаман болса жұт», - дейтін сөз де осыдан қалған-ды.
Әбілқайырдың биылғы үттен қорқынышы тек қана ол емес-ті. Хан болғанмен оның да малдан басқа сенері жоқ. Малға тәуелді кісінің малшы болмасқа жағдайы жоқ. Малшы кісі малдың жайын күйттемей отыра алмайды. Биыл мынау ақырған теңіздің елсіз қолтығына қыстап шыққан хан күн жылтырады-ақ құм арасындағы малын ойлап жәйі кете бастады. Қазір бәрінің де бауырымен жер сызып желіні ағарып қалған кезі. Мұндай тұста қасында бас-көз болып отырмасаң, ұйтқыма жел бір үйіріп кетсе, сақал сипап қалуың оп-оңай. Малдан айырылғасын ханның бәсі де соқыр теңгешік. Онсыз да мынау қайтып кетері белгісіз алмағайып заманда құдай ондай ноқтаңды ұстап қалар қараң күннің бетін әрі қылсын. Соның бәрін бес саусағындай білетін хан мынау қиян қолтықта бұдан әрі қайтып отыра алсын! Оның үстіне мынау өкірген теңіздің ертең сең жүріп, көктемнің ескек желі қайратына мінген кезде тоқымдай түбекке топан қаптап кетуі ғажап емес. Сондықтан да, қазір кеңге шығып, құм арасына кіріп алғаны дұрыс. Бірақ, өйтейін десе, кеңде бұларды қайбір кеңшілік күтіп тұр!
Биыл ұйтқыма үттің қаупына ұйтқыма жұрттың қаупі қосылып тұр. Қарсы топтың бірде бату, бірде тату боп қырық құйқылжып тұрғаны әлгі. Бәби бидің анадағы әңгімесінің де көмейі белгілі. Қарақұрым қол жиып кеп шауып алуға ағайынның ауызы ала боп кеткесін енді айламенен қолға түсірмек. Ол Сырлыбайдай емес, қасарған жерінен қан алмай қоймайтын қасарыспа еді. Шаш қараған кемпірдей ерінін жымқырып ап бір тиісіп кетсе, сөзге де дес бермейді. Оның үстіне Байқараның үйелмелі-сүйелмелі екі баласы Әділ мен Жанкелді соның панасында қалды. Байқараның әйелі де бір еріні қайқаңдаған ділмартұғын. Былтыр күзде Байқараның өлігін салақтатып» Ой, бауырымдап!» шауып барып, бытырлатып үйін сабай жөнелген жолсыз қолдың алдынан қолына шырақ алып жүгіре шығып, өз шаңырағын өзі бірге өртесетін долы қатын ала қыстай: «Айдаладан қаңғып келген естекке арысын алдырып шектінің әлі де елмін деп отыр-ау, еркектері де бір ат пен қатынның белінің обалына қалып еркекпін деп жүр-ау», - деп зарлайды дейді. Құлақтарының түбінен құзғындай сүңқылдап отырған қақсауық қатыннан қалай құтыларын білмеген жұрт ереуіл атқа талай тақым сала жаздапты. Бірақ, алты шекті түгел көтерілмегесін талай жерде тәуекелдері судан қайтыпты. Анадағы Ақшаның келісі - амалсыздықтың келісі болар. Енді айламен алдап қолға түсіріп, кек алудан басқа амал қалмағаны шығар.
Әбілқайыр сол қызыл оттың ортасына қарай жыл-жып қонуға қанша дегенмен жүрегі дауалай алмады. Биыл Бөкенбай, Есет үш ұлыс жұп жазбай қатар көшіп жүруге бел байласты. Бірақ, дұшпанның көкейін анық білмегесін қиын екен. Үттің екі жаңасында ақ тұманмен араласып жұрттарынан көтерілгенде сабырлы ханның ат үстінде тізесі дірілдегендей болды. Суық шық-шыламнан ба, тұла бойы инедей шаншып қоя берді. Ердің құны да - қазақ үрдісінің бір талма тұсы. Осыдан Байқараның өлімі үшін елші мен хан мерт тауып жүрсе, даңғой қазақтар Бәбиді батыр деп мадақтамаса, жазғыра қоймас. Сырлыбайдай даңғой емес Бәби бұл екі ортаны қалай салмақтайтынын кім біліпті. Ауыл арасының бір барымташысының кегін қуам деп, күллі жұртын онсыз да аранын ашып тұрған арыстанның аузына өзі апарып түсіре ме, жоқ болса бір жолмен бітім табуға ақылы жете ме - ол арасы беймәлім. Бөкенбай елшіні өз панама алам деп тұрса, Бәби, ақылы болса, тап бұрынғысынша тепсініп отырып алмас деп ойлағанды. Бөкенбайға: «Егер хан барам десе, өзі білсін», - деген сөзді де әдейі айтқызған. Күндердің күнінде жылы сөз, жұмсақ рай кергіп жатар күн болса, бір қолымыз бос тұрсын деген есеп еді. Енді, міне, «иә, сәт» деп көштерінің басын кеңге бұрды. Көз көрсетпес соқыр тұманның арасында бір-екі жерде қарауытқан-қарауытқан қатулы шоғыр кезігіп еді. Олар ұрымтал тұстарға алдын ала қойылған Құдайназардың жігіттері болып шықты.
Олар үйлерін тігіп үлгергенше сылбыр жауын себелеп қоя берді. Сол ақ жауын ертеңіне таң атқанша басылмады. Күллі дүниенің иінінен су кеткендей. Төңірек сілтідей тына қапты. Жаңбыр сытырынан басқа үн естілмейді. Кавказ буркасына оранып алған Тевкелев таң атқанша көз ілмеді. Бұрын Қаратүпте отырғанда терістікке қарай жүрсе де, шығысқа қарай жүрсе де, түстікке қарай журсе де, өкіріп жатқан кек теңізге тірелетінін, ал күн батысқа қарай жүрсе - ызғындай боп иін тіресіп отырған Есет ұлысына тірелетінін білетін. Ал, қазір батысында да, шығысында да, терістігінде де, күнгейінде де ауызын арандай ашып қауып түр. Үстіндегі тоғыз қабат кіреукесін сыпырып шешіп тастап, қардай борап тұрған оқ өтіне жалаңаш тұра қалғандай тұла бойы түгел түршігіп, қанша сабырлы болғысы келгенмен тағат таба алар емес. Мынау сырт-сырт себелеген көп тамшы кейде жан-жақтан түн жамылып арғымағын жебелеп үн-түнсіз қоршап келе жатқан қалың дүшпанның түяқ тысырына үқсап кетеді. Ондайда басың жастықтан көтеріп алып айналаға құлақ түреді, Сол сытыр-сытыр жаңбыр уні... Шылп-шылп тамшы дыбысы. Аңылжыған дүниеден сыз исі, салқын леп аңқып қоя береді. Денең тітіркеніп кайтадан жылы төсекке тығыла түсесің. Бірақ, бәрібір көзің ілінбейді. Тағы да жан-жағыңа құлак, тәсеп, тосын үн, тосын сыбдыр іздейсің. Бірақ бәрібір сол шетсіз-шексіз сытыр-сытыр, тысыр-тысырдан басқа ештеңе естілмейді. Сол бір қалыпты тысыр-тысыр дүниеден іші пысқандай таң алдында көзі ілініп барады екен, дәл түндіктің төбесіне қонып ап байғыз шақырғаны. Көшпенділердің арасында кеп жүрген Тевкелев осы бір жексұрын үнді естісе болды, төбе шашы тікірейіп қоя берді. Мынау құзғын қүс үсті-үстіне шықылықтап қуанышқа шақырып тұрған жоқ, үзіп-үзіп қорқынышқа шақырып тұр.
Тевкелев сосын қайтып басын жастыққа сала алмады. Бір тұрды, бір отырды, шынтақтап қисайды, әйтеуір көз ілмеді. Бір уақытта жаңбыр басылды. Ол далаңдаған буркасының екі өңірін қаусыра ұстап сыртқа шықты. Таң атыпты. Жан-жақтың бәрі су өтіп қоңырайып көрінеді. Шәп басы мөлтеңдеген шық. Жым-жырт. Құлақ селт етердей сыбдыр-сыбыс жоқ. Дөңкиген-дөңкиген құм шағылдардың ту сырттарына не жасырып тұрғаны белгісіз. Бұл кешеден бері қап-қараңғы киіз үйдің ішінде бүркеніп басыр болып жатып-жатып қай жақтың шығыс, қай жақтың батыс екенін де ұмытып қалыпты. Кенет бір деңбек шағылдың жалпақ сауыры бірте-бірте қызара түсті. Көп ұзамай сол шағылдың үстінен дөңгеленіп күн көтерілді. Қостағылар ояна бастады. Бұдан кейін екінші боп сыртқа шыққан Юмаш Минаев болды. Үйде отыра алмайтын кезбе. Ермегі таусылғанда төңіректі шарлап тышқан аулап кетеді. Қазір де, міне, мынау бұрын аяқ баспаған бөтен қоныстың жан-жағын бір шарлап қайтқысы кеп жаланып түр. Бір кезде солдаттықтан қашып қазақ арасында көп жүрген. Қазақша сөйлегенде судай ағады. Сонысынан ба мынау жан-жақтан тұзақ құрып жалақтап отырған көшпенділердің арасына тез сіңісіп кетеді. Нағыз су жұқпас. Талай күдеріңді үзіп отырған жерден дым көрмегендей боп аман келеді. Бірақ, қасына кісі ерткенді қаламайды. Жаңғыз жүргенді ұнатады. Жаңа қонысқа қонған елшінің маңайдан хабар білмей тыныш отыра алмасын біліп бүгін де әдейі тұрып тұр. Басқа біреуді емес, өзін жүмсар ма екен деп, таң атпай жатып ербиіп қасында тұр.
- Юмаш, - деді Тевкелев. - Бүгін маңайдағы қазақ ауылдарының біріне соғып хабар біліп келмейсің бе? Бірақ, алысқа ұзап кетіп жүрме! Мал қайтарған, жоқ қараған біреу-міреуіне жолық та, дереу кері қайт. Бұл қазақтарға сенім жоқ екенін білесің ғой...
Тевкелев үйге кіріп, төсегін жинай бастап еді, сырттан сытыр-сытыр дыбыс шықты. Ол атына мініп, күн шығыс жақтағы қызыл шағылға беттеп бара жатқан Минаев еді. «Бұл атын түнде ерттеп қойған ба, қашан үлгерген?!» - деп ойлады елші.
Юмаштың аттануы қандай тез болса, оралуы да сондай тез болды. Сол күні бесін ауа үй желкесіне кеп дүрс етіп түсе қалды. Жылдам басып кіргенінен, көзіндегі жылтылынан, басындағы - далбайын тез сыпырып алғанынан, не де болса, ауыз толтырып айтарлықтай маңызды хабармен келгенін сезе қойды.
- Мына күн шығыс жақ шетімізде Ожырай кетелердің ауылы отыр екен. Біздің осы араға келіп қонып жатқанымызды кешеден бері естіп-біліп жатыпты. Сол ауылдан естідім: бүл өңірге тағы да бір үлкен пірәдар келіпті. Баяғы кісідей бақсы-құшынаштығы жоқ дейді.
Сәлдесі дағарадай инабатты адам көрінеді. Шамасы, Бұхарадан келген түрі бар. Осы маңайдағы аузы дуалылардың үйінен үй тастамай аралап: «Орталарыңдағы кәпірдщ елшісін еліне тірі қайтарушы болмаңдар. Онда өз бастарыңа өздерің пәле тілеп алғандарың. Ол сендерді ертең қалай жаулап алу керек екенін білейін деп жер барлап келіп жүр. Сендер де баяғы Хиуаның істегенін істеңдер. Хиуаға ештеңе істей алмаған орыс сендерге не істей алушы еді?! Ертең әскерін бастап әкелетін жол көрсетушісінен айырылғасын, ақ патша қарға адым жер мұң болып отырады да қалады. Әбілқайыр мен Бөкенбайдың айтқанын тыңдамаңдар. Орыстар мен башқұрттар іргемізге тыныш бермейді деп қорықсаңыздар, Бадахшанға қарай көшіп алыңыздар. Егер осыдан орыстың елшісін аман-есен кері қайтаратын болсаңдар, сендерғе күллі мұсылман жұрты қарғыс айтатын болады. Жерлеріне адамдарың түгілі жоғалған малдарыңды аттатпайды, - деп уағыз таратып жүр дейді.
- Келгеніне ңанша болыпты?
- Осы жуық арада.
- Қазақтар ол әңгімесіне қалай қарап жатыр екен.
- Әр қилы. Біреулері онша елп ете қалмай салғырттық көрсетсе, кейбіреуі бүл Әбілқайыр бізді мүсылмандықтан да қалдырар-ау деп тулайтын көрінеді.
Тевкелев Юмашты сол бойда Әбілқайырға жұмсады. Әбілқайыр оның табалдырығынан тұнжырап аттады. Анадағы Хиуаға кеткен Нұралы кеше түнде оралыпты. Хиуалықтар айтқанын тыңдамақ түгілі өзін басымен қайғы қып зорға босатыпты. Хан алақанына түкіріп отыр.
- Жыланның қырық кескенде де, кесірткелік әлі бар деген. Сол немелерді осы барып шауып алсам ба екен, - деп қояды.
Тевкелев Юмаштың айтып келгеніне тап онша сескене қоймап еді, ханның мына хабары қабырғасына батайын деді. Қазақтың өз арасындағы қызыл көздері ғана емес, жанжаңтағы айдап салушылардың да көбейе түскені ғой. Өткен жолы Хиуа азғырса, енді Бүхара қосылып мынау көшпенді мұсылмандардың қолға түскелі тұрған бұйдасын бұл түгілі Әбілқайырдың өзіне ұстатпайын дегені ғой. Мына Юмаш Бұхара пірәдары қазақ дін басыларына: «Құдай жолына, құран жолына қол көтерген хан басындағы бақ пен астындағы тақты өз еркімен мансұқ еткен хан», - деп жүрген көрінеді деп айтып келіп еді.
Қабағы түсіп, қабарытып отырған ханның бетіне мүсіркей қарады. Ол кейінгі кезде қатты жүдепті. Онсыз да ұзын мойыны ырғайдай боп жіңішкеріп кеткен. Тостағандай көзі аларып, маңдайдағы әжімі қазыла түсіпті. Қап-қара мұрты мен ерінінің қызылы болмаса, алдында отырған қырықтардағы жігіт ағасы кісі емес, қаусаған шал деп қалатындайсың. Хиуаның хабарына алдына ұстаған, қол бастаған азаматы болды дегенге ешкім сенер еместей, соққыны жей-жей өн бойында соқыр ызадан басқа ештеңе қалмағандай. Уысын босатса, өзінен-өзі үгітіліп күйреп кетердей, қолындағы қамшысын сығымдап қыса түседі.
Тевкелев Әбілқайырға қараған сайын осы бір сызқабақ адаммен өз арасында бір жақындық барын сезінеді. Оларды соншама етене жақын қылып тұрған не? Мына екеуінің басына бірге туып тұрған зобалаң ба? Әрине, әлгі Бұхардың қаңғырмасының дегені болып жатса, екеуінің қара құсына бір қара балта төніп, екеуінің мойынын бір қыл арқан қылғындырмақ. Шынында да, мынау ай астында дәл бұл күндері бұдан жақын, бұдан тағдырлас ешкімі жоқ екен.
Оны бүл, міне, дәл осы жолы сезіп отыр. Оны аяғаны сонша, жаңа ғана Юмаштан естіген хабарын айтуға да жүрегі дауаламады. Онсыз да көкірегі әлем-жәлем болып отырған ханның жанын жарақаттағысы келмеді. Минаевтан не естігенін егжей-тегжейлеп жатпай:
- Балтыр күздегідей тағы бір қақсауық шығып ел арасына іріткі салып жүр дейді ғой.
Хан алара бір қарады да үндеген жоқ. Мүдіріп қалған Тевкелев әңгімесін қайта жалғады:
- Бөкенбайға, Есетке айтып, ел арасына сондай азғырынды әңгімеге ермеңдер деп кісілер жіберу керек шығар.
Хан үн-түнсіз басын изеді. Қамшысына таянып орынынан әзер тұрды. Жерге төселген қалы кілемнің қамшының ұшына жаншылып, жапырылып қалған түгіне қарап, елші Әбілқайыр екеуінің басына төніп тұрған қауіп пен қатердің шын салмағын сезінгендей болды.
Хан атының тыпыр-тыпыр тұяқ дүрісі әлсірей-әлсірей ақыры жым-жырт жоғалды. Төңірекке құлаққа ұрған танадай тылсым тыныштық орнады. Сол тыныш-тық аттай бес күнге созылды. Суық жауыннан соң тұманға ұрынып, онсыз да берекесі кетіп отырған елші қосындағылардың еңсесін одан сайын езе түсті.
Бір күні іңірді жамылып ағалы-інілі Қара батыр, мен Бәйімбет батыр кеп аттарынан түсе қалды. Жақайымның маңдайға үстар екі биінің түн жамылып жүргендері тегіннен-тегін емес екен. Қарсы топтағы Бәби би, Бөтжан, Жантума би, Еспембет би, Өтегүл би, Байжан би, Малынбай би, Өтеп батыр, Ақша батыр, Сартай батыр ат жалынан тартып мінер азаматтың бәрін жинап дүрлігіп жатқан көрінеді. Не істемек ойлары барын бұлар білмейтін боп шықты. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ деп, елшіні алдын-ала ескертуге келіпті.
Бұл хабар Бөкенбай мен Есеттің де құлақтарына тиіпті. Ертеңіне айғыр топ адаммен олар да жетті. Бәрі елшіні ортаға алып хан ордаға барды. Әбілқайыр Мойнақ батырды шектілердің ауылына жұмсады. Түн жамылып кеткен Мойнақ ертеңіне түн жамылып қайтып оралды. Бәби төңірегі: «Байқараның артын құр жібермейміз, не былтыр күзде оны атқан башқұртты таптырып алып қанын төгеміз, не құн төлетеміз» - деп пәтуаласыпты.
Мойнақтың мына хабарын естігесін Әбілқайыр ордасында таң атқанша мәжіліс қызды. Хан елшінің қүн төдеп құтылғанын жөн көріп еді, елші: «Қайдағы бір қарақшы үшін қүн төлейтін жәйім жоқ. Құн төлесем, айыпты өз мойныма алғаным. Мына тағы далада мойыныма айып алсам, әңгіменің арты ұшығып, өз басыма зобалаң тууы мүмкін», - деп келіспей қойды. Бөкенбай мен Есет өз пікірлерін айтпай әліптің артын бақты.
Хан ордадағы мәжіліс бір тоқтамға келіп үлгермей жатып, Бәби мен Жантума бастаған қалың қол елшілік қосының көк желкесіне топталып тұрып алды. Араларынан екі кісіні бөліп елшіге жіберді. Елші олардың талабын тыңдады. Кешегі сол Мойнақтың айтып келгені: «Не былтыр күзде Байқараны атқан башқұртты
түскені ғой. Өткен жолы Хиуа азғырса, енді Бұхара қосылып мынау көшпенді мұсылмандардың қолға түскелі тұрған бұйдасын бұл түгілі Әбілқайырдың өзіне ұстатпайын дегені ғой. Мына Юмаш Бұхара пірәдары қазақ дін басыларына: «Құдай жолына, құран жолына қол көтерген хан басындағы бақ пен астындағы тақты өз еркімен мансұқ еткен хан», - деп жүрген көрінеді деп айтып келіп еді.
Қабағы түсіп, қабарытып отырған ханның бетіне мүсіркей қарады. Ол кейінгі кезде қатты жүдепті. Онсыз да ұзын мойыны ырғайдай боп жіңішкеріп кеткен. Тостағандай көзі аларып, маңдайдағы әжімі қазыла түсіпті. Қап-қара мұрты мен ерінінің қызылы болмаса, алдында отырған қырықтардағы жігіт ағасы кісі емес, қаусаған шал деп қалатындайсың. Хиуаның хабарына алдына ұстаған, қол бастаған азаматы болды дегенге ешкім сенер еместей, соққыны жей-жей өн бойында соқыр ызадан басқа ештеңе қалмағандай. Уысын босатса, өзінен-өзі үгітіліп күйреп кетердей, қолындағы қамшысын сығымдап қыса түседі.
Тевкелев Әбілқайырға қараған сайын осы бір сызқабақ адаммен ез арасында бір жақындық барын сезінеді. Оларды соншама етене жақын қылып тұрған не? Мына екеуінің басына бірге туып тұрған зобалаң ба? Әрине, әлгі Бұхардың қаңғырмасының дегені болып жатса, екеуінің қара құсына бір қара балта төніп, екеуінің мойынын бір қыл арқан қылғындырмақ. Шынында да, мынау ай астында дәл бұл күндері бұдан жақын, бұдан тағдырлас ешкімі жоқ екен.
Оны бұл, міне, дәл осы жолы сезіп отыр. Оны аяғаны сонша, жаңа ғана Юмаштан естіген хабарын айтуға да жүрегі дауаламады. Онсыз да көкірегі әлем-жәлем болып отырған ханның жанын жарақаттағысы келмеді. Минаевтан не естігенін егжей-тегжейлеп жатпай:
- Балтыр күздегідей тағы бір қақсауық шығып ел арасына іріткі салып жүр дейді ғой.
Хан алара бір қарады да үндеген жоқ. Мүдіріп қалған Тевкелев әңгімесін қайта жалғады:
- Бөкенбайға, Есетке айтып, ел арасына сондай азғырынды әңгімеге ермеңдер деп кісілер жіберу керек шығар.
Хан үн-түнсіз басын изеді. Қамшысына таянып орынынан әзер тұрды. Жерге төселген қалы кілемнің қамшының ұшына жаншылып, жапырылып қалған түгіне қарап, елші Әбілқайыр екеуінің басына төніп тұрған қауіп пен қатердің шын салмағын сезінгендей болды.
Хан атының тыпыр-тыпыр тұяқ дүрісі әлсірей-әлсірей ақыры жым-жырт жоғалды. Теңірекке құлаққа ұрған танадай тылсым тыныштық орнады. Сол тыныш-тық аттай бес күнге созылды. Суық жауыннан соң тұманға ұрынып, онсыз да берекесі кетіп отырған елші қосындағылардың еңсесін одан сайын езе түсті.
Бір күні іңірді жамылып ағалы-інілі Қара батыр, мен Бәйімбет батыр кеп аттарынан түсе қалды. Жақайымның маңдайға ұстар екі биінің түн жамылып жүргендері тегіннен-тегін емес екен. Қарсы топтағы Бәби би, Бәтжан, Жантума би, Еспембет би, Өтеғұл би, Байжан би, Малынбай би, Өтеп батыр, Ақша батыр, Сартай батыр ат жалынан тартып мінер азаматтың бәрін жинап дүрлігіп жатқан көрінеді. Не істемек ойлары барын бүлар білмейтін боп шықты. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ деп, елшіні алдын-ала ескертуге келіпті.
Бұл хабар Бөкенбай мен Есеттің де құлақтарына тиіпті. Ертеңіне айғыр топ адаммен олар да жетті. Бәрі елшіні ортаға алып хан ордаға барды. Әбілқайыр Мойнақ батырды шектілердің ауылына жұмсады. Тұн жамылып кеткен Мойнақ ертеңіне түн жамылып қайтып оралды. Бәби төңірегі: «Байқараның артын құр жібермейміз, не былтыр күзде оны атқан башқұртты таптырып алып қанын төгеміз, не құн төлетеміз» - деп пәтуаласыпты.
Мойнақтың мына хабарын естігесін Әбілқайыр ордасында таң атқанша мәжіліс қызды. Хан елшінің қүн төлеп құтылғанын жөн көріп еді, елші; «Қайдағы бір қарақшы үшін қүн телейтін жәйім жоқ. Қүн төлесем, айыпты өз мойныма алғаным. Мына тағы далада мойыныма айып алсам, әңгіменің арты ұшығып, өз басыма зобалаң тууы мүмкін», - деп келіспей қойды. Бәкенбай мен Есет өз пікірлерін айтпай әліптің артын бақты.
Хан ордадағы мәжіліс бір тоқтамға келіп үлгермей жатып, Бәби мен Жантума бастаған қалың қол елшілік қосының көк желкесіне топталып тұрып алды. Араларынан екі кісіні бөліп елшіге жіберді. Елші олардың талабын тыңдады. Кешегі сол Мойнақтың айтып келгені; «Не былтыр күзде Байқараны атқан башқұртты артымызға өңгеріп берсін, не ата салтымызбен жүз жылқы, бір қалқан, бір жесір, бір сауыт, бір мылтық, бір түйе қүн төлесін. Екінің бірі. Мәмбет мырза осы екі шарттың бірін орындамай тұрып бізден аман-есен құтыламын деп ойламасын».
Тевкелевтің де жауабы тым қысқа болды.
- Былтыр күздегі оқиғаға қазақтардың өздері айыпты. Елшілікке шабуыл жасаған солар. Он жеті жылқы, үш түйемді айдап кеткен солар. Желкемнен келіп оқ атқан солар. Жау тигенде қорғанба деген заң ешбір елде жоқ. Менің адамдарым өз бастарын қорғау үшін оқ атуға мәжбүр болды. Байқара сондай атыс үстінде өлді. Әлгідей қылмысты іске ол өз еркімен келсе, өз обалы өзіне, ал біреу жұмсаған болса, оның құнын сол айдап салып отырған адам төлесін. Мен үшін Байқара тыныш отырған адамдарға түн жамылып кеп тиіскен бұзақы ұры. Қарауымдағы инабатты адамдарды қайдағы бір қиық құлақ бұзақының өтеуіне берер жәйім жоқ. Өзі кеп ұрынып, ажалын тапқан қарақшы үшін қүн төле деулерің зорлық. Ақ патша ешкімнің ондай зорлық-зомбылығына көнбейді.
Екі елші оның бүл сөзіне ләмим үн қатпастан, аттарының басын кері бұрып, анадайда топталып тұрған өз топтарына қарай далақтап шаба жөнелді.
Жал басында анталай қарап тұрған айғыр топ екі елшінің хабарын естіген соң, елшілік орналасқан шұқыр ойды шырқ айнала қоршап жатып алды. Содан он күнге дейін елшіліктен ешкім ешңайда аттап шыға алмады. Аттап шыққан адам болса, Байқараның өтеуіне кетері белгілі болды. Отын таусылды. Су бітті. Елші қасындағылардың жәйі кете бастады. Сонда да тырп етпей жатып алды.
Қазақтар мынау басыр ауылды одан әрі қоршап жата беруге шыдамдары жетпеді. Марттың жиырма бірі күні түн ортасында елшілікті шыр айнала қоршай қонған қарақалпақ тұтқынынан босаған башқұрттарға дүрсе қоя берді. Ойда жоқ шайқас таң атқанша созылды. Таңертең жал басына қаптап шыға келген Бөкенбайдың қолын көріп, қарсы топтың қазақтары өкшелерін көрсетіп тайып түрды. Башқұрттардың қырық алты жылқысын алдарына сап қуып кетіпті. Шайқас болған жерде ауыр жарақатты үш адамы қалып қойыпты. Елшінің жанына бәрінен де көбірек батқаны сол болды.
Мынау қансырап жатқан үш еркек бұның қасында ажал табатын болса, Байқараның дауының үстіне жаңа дау қосылады. Екі арадағы өшпенділік одан бетер өрши түседі. Сондықтан да олар әзір тірі жатқанда Байқараның қүнын төлеп, мына даудан аман құтылуға тура келді. Екі жақ бітімге келіп, елші қарсы жақтың талап еткен күнын үш жүз қырық жеті сом елу алты тиын төлеп, ақшалай қайырды. Қарсы жақ башқұрттардан алып кеткен жылқыларының отыз бесін қайырып, он бірін бермей қалды. Бірақ, құтырғаннан құтылған дегендей, Тевкелев ол он бір жылқыны даулап жатпай, елшілердің жандары алқымға келіп бебеулеп жатқан үш жаралыны арттарына өңгеріп жал асып кеткендеріне қуанды.
Қызылкөз топ жал асып қараларын жоғалтқасын барып үйіне кірді.
- Уһ, қүтылдық па, ақыры, - деді қалы кілемге бөксесін енді баса беріп. Әбілқайырдың қиылған қара мүрты жылт ете қалғандай болды.

 

Үркер (Бірінші бөлім)

Үркер (Екінші бөлім)

Үркер (Төртінші бөлім)

 

Кітапты көшеру