ВЕРНУТЬСЯ

Жерінде сонау жатқан Сарыарқаның
Тұр едік
тамашалап дән алқабын.
Сұңқ еткен
әсем дауыс жалт қаратты,
Әніндей сүйгенімнің, жан қалқаның.
Байқасақ аққуы екен бұл
даланың
(Бір кезде қосқан
соған Біржан әнін).
Әнші құс,
перизат құс, муза досы,
Қалықтап,
көктен тастап жүр жапарын.
Жазықта,
жатыр теңіз жер бетінде,
Кім көрген
бұрын оны кел-кетімде.
Сары ала жалдарынан самал сипап.
Толқиды алтын толқын тербетіле.
Қуанып халық
соның айбынына,
Жүздіріп жүр кемесін айдынында.
Өзінде өз аққуы,
өз әншісі,
Құлашын
жарқын жастық жайды мұнда.
Осыны тұрдық
қарап тамашалап,
Аққу да әндеткендей жанаса қап.
Жүрсе де ол аспанда қанат қағып,
Сезгендей өзін бізден аласарақ.
2
Жанында екі қарттың күлімдеген.
Жастар тұр
бұл өңірге бүгін келген.
Жайқалған ақ бидайдың алтын мұрты
Жүргенде қытықтайды бүйіріңнен.
Қазақ шал дейді:-Иван, білесің бе,
Әкеңнің бір айтқаны
жүр есімде:
Бұл жерге, алғаш дәнді сол егіпті.
Ертеде, көшіп келген жылы Есілге.
Кім етіп, одан нені тұлға қылды?...
Білем тек осы арада туғанымды.
Білем мен,- деді
Иван қарт дәнді нұсқап,-
Байлыққа белден батып тұрғанымды!
Осылай қуанады қарттар мұнда,
Баяндап әр төбенің аттарын да.
Туса олар бұл
арада көп жыл бұрын,
Жастардың өсер жері жатты алдында.
Көргендей
тұңғыш рет туған жерді,
Екі қарт тамашалап тұра берді.
Асылып аттанысқа кетті жастар-
Ерліктің, ертеңінің
мұрагері.
3
Сұлу ғой
Арқа жері, Арқа таңы!
Ал неге
«сары» атанды арғы атағы
Неліктен «Сарыарқа» деп Құрманғазы,
Тулаған күймен шерін тарқатады?
Жатты ма сар дала боп сағымдана,
Сарғайып әлденені сағынды ма?
Үйелеп көшкен
елдің түйелері,
Өлді ме өртенғен шөл шағыл-құмда?
Білмесе шежіреші жас қарманған,
Ешкім жоқ оның сырын ашқан маған,
Қазақта
«сары» - алғынның түсі еді ғой,
Мүмкін, сол туған шығар жақсы арманнан.
Ол үміт, бәлі, қашан ақталғаны,
Сондай-ақ «сары» деп ат қойғаны!
Мінеки жатыр шалқып Алтын Арқа -
Алтын дән
қойнауында ақтарғаны!
Жылының жемісіне ғасыр сыйын,
Еңбектің адамы жүр асыл, биік.
Алдында даналық пен ұлы ерліктің
Табиғат
таңданады басын иіп.
1956