ВЕРНУТЬСЯ

       Алтын айна алдында

Қараймын да құлпырам,-

Ғажайып нұр
бар мұнда,

Жүрегіммен ынтығам.

Алтын айна
қолымда,

Отырмын мен күн ұстап,

Ұзақ өмір жолында

Рахат тауып,
тыныстап.

Алтын айна - алтын ай

Алақанда ойнаған.

Айнадағы шұғыладай

Қоншы келіп ой маған.

Қасиетті айнада

Ойнайды өмір шарқ ұрып,

Игі іске - майданға

Ту көтеріп шақырып.

Керуен тартып өткен шақ,

Қызық көрем, жай табам.

Шүғыла шашып болашақ

Қарайды осы айнадан.

Алтын айна бетінен

Көрем еңбек күресін.

Қуанамын - бар екен

Өзімнің де үлесім.

1947.