Сынайын бір сақаны, Иірейін құрғырға,-Айттырғанға қалқаныТолды ма екен он жылға?Алшы түссең - болғаның,Тәйке түссең - тәуекел.Бүге түссең - құрығаның,Шіге түссең - ұрғаның.Таңмын өзім, ой, алда-ай,Өсіп қапты, апыр-ай,Әй, қыз деген кәпір-ай!Мен баяғы қалпымда.Алсам биыл, күрке аулақ,Жатар ек-ау екеуміз.Бір аяқ қатық тастап ап, Қойға кетсем мен күндіз.Қойды айдасам түс ауа,Ырғала басып, ыңыранып,Қатыным шықса қой сауа, Сусынға қойса қымыран ғып.Күркеге барсам, жайланып:«Әй, қатын, бері кел!»- десем,Бірдеңеге айналып,Ол кешігіп, келмесе.Қайта шығып күркеден, Қатынға барсам тістеніп.Отырған жерде желкеденТеуіп-теуіп қалсам кеп.Ол көзіне жас алып:«Адыра қал,- десе,- адыра қалАл, асықты байқалық,He дер екен біздің бал?Алшы түссе, алақай!«Түс,- дегенде,- түс, құрғыр!»Қырыққа келген «балақай»,Тәйке түсті-ау! Тәуекел!
- 132 просмотра