ВЕРНУТЬСЯ

   Дүние - кезек, қайырымы мен қаттысы,

Қайда деп, кім деп жүрегі, жаны пәк кісі.

Жынысқа, жасқа, орынға, текке қарамай,

Көрінбей ұшып жүреді дейді бақ құсы.

Мұратын танып қариядан да, жастан да,

Қанаты талып дариядан да, тастан да,

Жоғары,

Кімді лайық көріп болғанша,

Ұшады дейді мұңайып биік аспанда.

Киелі құстың мекені тауда, зеңгірде,

Тілегі құстың қасиетті де, мөлдір де.

Көңіліне жаққан біреудің барып басына,

Көрінбей ғана қонады дейді ол бірде.

Жақсылықтан да келетін бір мін тапқысы,

Шынымды айтсам, шіреншектердің батты ісі

Самолеттей ғой аэропортына жетпеген,

Адамын таппай, адасып қонған бақ құсы.

Бақ құсы қонса, құяды-ай сонда сый-нөсер,

Өзі де сезбей, сол адам сұлу күй кешер.

Адамын тауып, адаспай қонған бақ құсы

Талантты ақынның өлеңдеріндей үйлесер.

Бақ құсы қонбай, пендеге дәулет құралмас,

Құралған болса,
қия алмас оны бір алмас.

Ардақтай алған жан бірақ нардай көтерер,

Бармақтай бақты кейбіреу ұстап тұра алмас.

Ақылың болса, тілектес әрбір ісіңе ел,

Орынсыз болса, тілегіңді кім түсінер?

Ұшырып алмай, аялап ұстай білсе екен,

Басына бірде бақ құсы қонған кісілер!

Бірге туған үш бала

Құсқа қара топтана ұшқан ана,

Ұша
алмаған ақында күш бола ма?

Терезеден қараймын ойға батып,

Ойнап жүрген бір туған үш балаға.

Қандай жақсы адамның бала шағы,

Сезімдері тап-таза тамаша әлі.

Анасы бір, тілі бір үшеуінің,

Қандай болар, кім білсін, бодашағы?!

 

Кетер болса, жолдарда жиі шалғай,

Жүрер ме екен бір-бірін қиыса алмай.

Қиыса алмай жүргенге не жетеді,

Кең далаға кетпесе сыйыса алмай...

Шіркін, бұлар
өскен соң қатты ойланса,

Алыс кетпес, қазыққа ат байланса.

Алтын бесік толады-ау бөтен күйге,

Әлдеқалай үш бауыр жатқа айналса.

Үш жүрекке жұлдыздан құлап таза ән

Тұрар.

Үшке бөлінбес бірақ та заң!

Асылатын ежелден ас салынып,

Үш аяқты ошаққа бір-ақ қазан.

Өмір түрлі жүктерін артты маған,

Балаларға бұл ойын қатты ұнаған.

Уайыммен қарадым үш балаға,

Бір шананы үш жаққа тартқылаған...