Тағдыр сыйын татып көп,
патша болдым.
бақыт жоқ...
халқым ол да - бақытсыз,
қара көже - қатықсыз,
қайғы ойлаймын жатып кеп.
Бақытты ма бір адам?
байдан тіпті сұраман
-
күні өтеді күлкісіз,
түні өтеді ұйқысыз,
байлықты ойлап жылаған...
- Бақыт бар ма?
Сатып кет!
- Бұйырмасын,
бақыт жоқ...
... Іздей берсем табар ма ем,
бақытты да болар ма ем,
әттең, соған уақыт жоқ...
- 124 просмотра