ВЕРНУТЬСЯ

           Аспаннан көре алмасам жұлдыздарды,

Тірліктің түсі тартар мүлде ызғарлы.

Жабығып жан-жүрегім жадаурайды,

Көңілім кешкендей боп кіл мұз-қарды.

Болса да жылуы жоқ

Жылтырақ кұр,

Жанарым неге іздейді шырқырап бір?

Білмеймін бұл не жұмбақ? -

Сол жұлдызда

Жүректің ашылмаған құлпы қап тұр.

Құштармын
жұлдыздарға қаршадайдан,

Аумайды аспан маған жан сарайдан.

Жұлдызсыз
түнді көрсем

Жаным - соқыр,

Тұншығып бұршақтайды
тер самайдан.

Жұлдызсыз аспан маған -

Гүлсіз бақтай,

Шоламын түн құрғатпай

Үнсіз жатпай.

Бір жұлдыз
байқап қалсам

Қуанамын

Құдайдан келе жатқан тілсіз
хаттай...