ВЕРНУТЬСЯ

             Мынау
неткен күміс түн!

Күміс күлкі!

Ай астында ақ боз үй - күміс тұрқы

Түндігінен шыққанмен күміс түтін,

Есігінде батпандай күміс құлпы.

Күміс әлем!

Аспанда күміс жүген,

Көз суарып көру де дұрыс білем.

Ай астында жондары жылт-жылт етіп,

Табын жортып барады қыр үстімен.

Құлағымды
қытықтып күміс дүбір,

Әлдеқайдан иттер де үрісті бір.

Өңім бе осы?

Мен сүріп жүргендеймін,

Алтын да емес, жез де емес, күміс ғұмыр.

Көкжиектен жарқ етіп күміс қамшың,

Жұлдыздардан
үзілді күміс тамшым.

Осы түннің қойнында адасып жүр,

Бір сезімдер бауырмал,

Туысқаншыл...