Баланың
еркелігін
шытынап,
көтермейміз.
Үш жаста-ақ ел
сенімін
ақтаса екен
дейміз.
Ойлаймыз:
жүгірмесе,
сұрақтар бермесе көп,
көр-жерге
үңілмесе,
жаныма келмесе
деп.
Жүр дейміз
арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан
боп
туғандай
анамыздан.
1960
- 149 просмотров