ВЕРНУТЬСЯ

Көптің әні - өз
әнің
Жатады жыр
алмасып.
Барлық жердің
қазағы -
Бір бұтақтың
алмасы.
Бір бұтада
өскесін
Дәміміз бір,
әрине.
Бір самал боп
ескесін,
Әніміз бір,
әрине!
Бір болады
пошымы,
Бір болған соң бұтасы.
Түсіндік пе
осыны,
Кеттік бірден тұтасып.
Көңіліңді нұр
жатқан
Нұрлы көңіл мақұлдар.
Әр жақта ойлап,
Бір жақтан
Шығатұғын
ақылдар.
Ағайынды қуған
кім?
Ажырамас іргеміз.
Қызығында
туғанның
Қай кезде де
біргеміз.
Көкке жетер
төбеміз,
Кемед ойды
қастерлеп.
Бірге ұзатып
келеміз
Балаларды
әскерге.
Азаматқа сөзі
өткен
Ақ бәйбіше
табылып.
Қонақ келсе,
Кезекпен
Қаламыз бір
шабылып.
Ортақ жандай
қазынаң,
Ортақ жандай
табысың,
Бір-біріне
Аузынан
Жырып берер
абысын.
Қалай ғана алалар
Аласы жоқ көңілдер?!
Ортақ  біздің балалар,
Ортақ  біздің келіндер!
Аспан ашық
көгілдір,
Арманы жоқ әз
орта.
Отау - бөлек,
Көңіл - бір,
Өлім - бөлек -
Қаза - ортақ!
Елдің әні өз
әнің,
Жатады жыр
алмасып.
Барлық жердің
қазағы -
Бір ауылдың
алмасы!