ВЕРНУТЬСЯ

Қуалап марғау түнді қырға бұққан,

Тағы да келеді
атып, нұрланып таң.

Тіршілік, сырың
неткен сиқырлы еді,

Тұратын бір қараңғы,
бір жарықтан.

Келеміз таңырқаумен, тамсанумен,

Күлумен,

Күрсінумен,

Ән салумен.

Кең әлем, кез
алдыда құбыласың,

Құлпырып, қызықтырып бар сәніңмен.

Сағаттың
сыртылында - үміт үні,

Жүрекпен бірге
соғар күні-түні.

Өмірдің бір
жазғанын қайта оқимыз,

Қате боп кетпес
үшін бір үтірі.

Күн асты көлеңке
мен шуаққа бай,

Сырғиды бір
орнында тұрақтамай.

Сәулелер
сапырылып алмасқанда,

Санамда қалдырады сызат талай.

Тағы да келе
жатыр таң қылаңдап,

Көрінді
көкжиектен тау бұлаңдап.

Сәлден соң тай
қазанын көтереді,

Тұратын күн -
ошағы мәңгі лаулап.

Дүние, неткен
тылсым сиқырлы едің,

Сүйемін сұлу
таңның сүйкімді өңін.

Пыр етіп
бозторғайдай ұшып кетті,

Кірпікке қонақтаған
ұйқым менің.