ВЕРНУТЬСЯ

Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәpiҒұмырыңыз тiрлiктiң түрлi ақпары.Тәуелсiз ел төрiнде жарқырағанбұл ғасырдың Өзiңiз бiр мақтаны. Төккен шақта әуелi жыр нөпiр ғып,құдiреттi тәңiрiм күрт Өкiм ғып - ­ұлы жолдың басына айналыпты"Алтын шуақ" көмкерген "Бiр шөкiм бұлт". Тексiздiктi - адамға дұшпан атытеже, - дейтiн ұрпаққа нұсқа хаты."Шыңыраудың" тұңғиық тереңдерi,елжiреткен жүректi "Құсқанаты". Қойнауына тарихтың алып кiрiп,Құпия сырларына қанықтырып.Кеткендей сәулесiмен жан сарайды,"Уркер" мен "Елең-алаң" жарық қалып.Тiзгiндеген шақтарда ой - алыпты,Алуан түске сан сурет боялыпты.Замананың сырлары сұхбат болып,Аруымыз ұйқыдан ояныпты. Айналдырған ұлылық қорғанынаТалант деген орман ба, ордалы ма ­-бiрге түлеп заманмен құйылыптықұнар қосып жылдардың қорларына. Бақыт кейде десек те азапты-нұр,Өмip Сiзге сыйлапты ғажап ғұмыр.Қаламменен, Бiлiммен, ПарасатпенКөтердiңіз биiкке қазақты бiр.Сан елге тән қасиет, ғұрыпты ұғып,Кемеңгер кейпiңiздi шын ұқтырыпТанытып талай тұста келесiз СiзБиiктiк, кемелдiлiк, бiлiктiлiк. Жылытса жүректердi жан шуағы,бiлiммен көңiл кipi аршылады.Нұр шашсын деп Әлемге сыйға тартқанСияқтысыз Маңғыстау шамшырағы. Жағаңыз - жайлау, баста - құндыз бөрiк,Тамсанады ұрпақтар - ұл-қыз көрiп.Аспанымның шырайын келтiр мәңгi,Жүр аға мәңгiлiкке жұлдыз болып.