ВЕРНУТЬСЯ

         Дұшпан күліп, ісім жоқ дос қорынған,

жырда жолым болмаса - өз сорымнан.

Қол соғуды күтпеймін дақпырт десе

елеңдейтін ойы өткел бос тобырдан.

Құбылса да сынаптай атырап мың,

желпініске, жарқылға заты жатпын,

қасиетіңді ұға алмас кейбіреудің

бабын табу - ісі ғой ақымақтың.

Күн орнында, көмгенмен бұлт тасаға,

жете бермес тереңге жұртта шама.

Дабырларға дуылдап қол соғады,

ештеңені байыппен ұқпаса да.

¥қпаса да

жер мен көк жалғасқанда,

биігірек қайсысы - тау ма, аспан ба?

¥қпаса да жеңістің иесі кім -

қорғанған ба, жағаға жармасқан ба?

Көрінгенге жағу ма құрмет деген,

қайырлай ма онысыз жүрдек кемем?

Жерді басып жүргеннің барлығына

түсінікті болуға міндетті емен.

Мені шолжаңдатпады өмір ерек,

түскенім жоқ даңқтың төріне кеп.

Қиылыспас қос сызықтай қашаннан да

дақпырт пенен өнердің жолы бөлек.

1981