ВЕРНУТЬСЯ

        БІРІНШІ БӨЛІМ
        ТӘУЕКЕЛ
            Сүлеймен:
            Ұрпақ келер, ұрпақ өлер,
            Ал қара жер
            Мәңгі бақи қала берер.
            Экклезиаст, I тарау, 4 тармақ
            Егер біз Азияны тек үстінен жөңкіліп
өте шықпай біржола иемденіп алғымыз келсе, онда бұл жұрттарға бір қатар
рахыммен қарауымызға тура келеді; Олардың бізге адалдығы біздің оларға
ықпалымызды әрі тұрақты, әрі баянды ете түседі... Ол халықтарға өзіміз де
бірдеңе үйретпей, олардан өзіміз де бірдеңе үйренбей осынша үлкен мемлекетке ие
болып тұра қоюымыз тіпті мүмкін емес.
            Квинт Курций Руф. «Александр
Македонский тарихы»
            М., 1963, 331 бет.
            Жуырда ғана осында келген
қырғыз-қайсақтар мен башқұрттар үшінші күні императордың кунст - камерасында
болып, ондағы сирек кездесетін заттарды қызыға көрді.
            «Санкт-Петербург ведомостілері»,
1734, № 27, 118 бет.
            - Астапыралла!
            Қиыр-шиыр қалтарысы көп ұзын шұбақ
қара көлеңке жайдың әлде бір қуысынан пыр етіп жарғанат ұшқандай оқыс шыққан
осы бір әжептарқы дауысқа манадан бері жағаларын ұстап, арқаларын аяз
қарығандай қаралай түршігіп келе жатқан қалың дүрмек ошарыла тоқтады.
            Мұнда келгелі кеңірдегі сорайып
ылғи алға түсіп алатын Нияз сұлтанның көзі алайып кеткен. Оймыш терезенің
түбіне қатарласа жайғасқан қос шыны ыдысқа қарап қатыпты да қалыпты. Мөлт-мөлт
бірдеңеге шүпірлей толған шыны құтылардың біреуінде қылқа мойынынан қырқып
алынған еркектің басы, екіншісінде әйелдің басы қылт-қылт жүзіп жүр.
            Қолына жіңішке таяқ ұстап,
аузы-аузына жұқпай қақсай жөнелген құс мұрын, қызылсары кісінің әр сөзін Мәмбет
мырза сол бойда қағып алып, қазақшалай бастайды.
            -   
Мына сұлу жігіт - Вилим Монс деген кісі. Екатерина патшаханымның
қарауында қызмет істеді. Патшаханымға арыз айтып келгендерден пара алады екен
деп айып тағылып, Петр патшаның пәрменімен жауапқа тартылды. Соттың үкімі
бойынша басы кесіліп,
міне, осы арадан бір-ақ
шықты. Ал мынау - Гамильтон деген сұлу бойжеткен. Бұл әйелдің сұлулығына Петр
ағзамның өзі қатты тәнті болыпты. Бұның басын алдырған - Екатерина патшаханым.
Екеуі де көрерге көз керек көрікті адамдар емес пе!
            Арт жақтағы нарт күрең кісі үйсін
Оразкелді батыр:
            -   
Қызталақ, асқан сұлулық та абырой таптырмайды екен ғой! - деп күңк етті.
            Бөріктері шошайып қаздия-қаздия
қалған қазақтар мен башқұрттар естерін енді жинап ду күліп жіберді. Орындарынан
дүркірей қозғалды. Олар езу жиып үлгермей жатып, Нияз сұлтан тағы да:
            -     Астапыралла! - деп жағасын ұстай алғаны.
Сейтсе, бұл жолы ерең- сұрең сұлтанның маңдайын мұп-мұздай бірдеңе жалап
өткендей болыпты. Жалма-жан жоғары қараса. А О тоба!... Жуандығы білектей сала
құлаш сары ала жылан айыр тілін салақтатып төбесінен төніп тұр.
            Жұрт та жапатармағай жоғарыға
қарады. Айлапат төбеден салбырап-салбырап түсіп келе жатқан сансыз жылан.
Олардың арғы жағынан көздері бақырайып көп балық самсайды.
            Құс тұмсық кісі сұйықтау езу
тартты. Жыландардың да, балықтардың да әлдеқашан жандары жаһанамға кеткенін,
бұларды әуелі дәріге сап кептіріп, әдейі осылай көрмеге іліп қойғанын естігенде
онсыз да айран-асыр қалып тұрған түздіктер одан сайын іштерін тартты. Нияз
сұлтанның көзіне жылт оралып, ерінін бір сылп еткізді.
            Үш қабат заңғар ғимараттың қай
бөлмесіне аттап басса да, көздері атыздай болады. Естімеген елде көп деген осы
екен ғой. Сегіз аяқты қозы, үш басты қозы, екі құйрықты, алты аяқты қозы, екі
басы бар сәби, үш аяғы бар сәби болады деп кім ойлаған! Мына бір әйел мен еркек
әуелден осылай бір-біріне жабысып туыпты. Ал әне бір абжыланның аузындағы
түк-түк нәрсе кәдімгі екі қабат әйелдің құрсағынан жарылып алынған екі апталық
шарана дейді.
            - Жүре берсең, көре бересің деген осы
да! - дейді жұрт таңданудың орнына күрсініп.
            Әйтеуір олар мінген күймелердің
зыр-зыр доңғалақтары еш мігір тауып көрген емес. Мәмбет мырзаның жалп-жалп
аузына да еш тыным жоқ. Қайда барса да қақ ортаға шығып ап, өр қайсысының
жүзіне бір-бір қарап қойып, қақсап тұрғаны. Құдайдың қара Кері құрығандай
қалқыған телегей теңіздің қақ ортасындағы тоқымдай-тоқымдай көп аралды қуалай
алынған, қайда барсаң да - сыз исі, қарағай исі аңқып, қайда барсаң да - жаңқа
шашылып жатқан жаңа шаһарда бұлар бұрыннан да білетін бірдеңе кезіксейші, сірә!
Тұяқ басты қара жерге тақылдатып тас төсеп тастайды дегенді осыннан көріп
келеді. Ымырт үйріле үйдің де іші емес, ай даладағы тас бағанаға ілулі шойын
құтыға зығыр майын құйып, самсатып самала жағып қояды дегенді осыннан көріп
келеді. Міне, мына бір «бажадай аңғал-саңғал қораның қай қуысына бас сұқсаң да
- көк түтін, лапылдап жанып жатқан от, шаң-шұң балға дауысы, жабыр-жұбыр адам
дауысы. Хиуаның базары да тап бұлай қиқуласып жатпас! От боп лаулаған Олде бір
қызыл сұйық әлде бір науамен әлдеқайда жөңкіле ағып барады. Сол бір қызыл
тасқын маңайына жақындатпайды, анадайдан шілденің аптабы ұрғандай бетіңе
ып-ыстық жалын шарпиды. Әлгі бір аспан шәйдай ашықта-ақ күн күркірегендей қып
жер мен көкті қақырата гүрсілдеп, от қақыратын зеңбірек деген пәлесі осында
жасалатын көрінеді...
            Не көріп, не қойғаныңды дұрыс
түсініп үлгермей жатып, зыр-зыр күйме селкіл қағып тағы да бір жаққа ала
жөнелді. Тағы да сол - аңғал-саңғал аран аула. Тағы да сол - құмырсқадай
құжынаған көп халық. Ертелі-кеш қой сауып, қозы айырғанның өзінде құлақтарын
басып безіп кете жаздайтын қыр адамдары мына жұрттың дәл мынадай ың-жыңға
милары ашып кетпей күні бойы қалай шыдап жүретіндеріые қайран қалып, аяқтарын
өзер алып, жан-жақтарына жалтақтаумен-ақ естері кетеді. Үюлі жатқан тау-тау
бөренелер. Зың-зың ағаш кесіп жатқан аралар. Айлапат ауланың төрт жағы бірдей
зәулім үй. Қайсысының қай қабатына көтеріліп, қай бөлмесіне енсең де, көретінің
- шашылып жатқан темір шегелер, дар-дар жыртылған кенеп маталар,
теңкиген-теңкиген ағаш кеспектер. Мүңкіген май исі, бояу исі. Бір құлазыған кең
аулада мауыздай-мауыздай сегіз жүз еркек қаз-қатар тізіліп ұзындығы бір құлаш
темір істікпен кенеп тігіп отыр.
            -Мыналарың не?
            -Суда жүзетін кемелердің желкені.
            Ертеден қара кешке осылай
салпақтайтын да жүретін қазақтар мен башқұрттардың тамсана-тамсана таңдайлары
жауырды, бастарын шайқай-шайқай мойындары ауырды. Сонда да жалығатын түрлері
көрінбейді. Мәмбет мырза ала таңнан жетіп келіп: «Ал, кеттік!» - десе,
етектеріне сұріне-мүріне орындарынан дүр көтеріледі.
            Васильев аралындағы бір қабат
сылама үйдің ауласына қоңыраулатып кіріп, қоңыраулатып шығып, дүрлігетін де
жүретін осы бір шолақ шерудің қақ алдындағы сары ала күймеде түрулі пердеден
төңірегіне тесіле қарап келе жатқан ырғай мойын бала жігіттің жанары қайда
түссе де, көз алдына бір көрініс көлденеңдеп тұра қалады. Онда қыс ортасы еді.
            Жаңа жауған аппақ қарды аямай
шимайлап келе жатқан бұлардың күймелері әшекейлі үш қабат үйдің алдына кеп
тоқтады. Астанаға келгелі сәнді үйлердің талайын көрген серуенші меймандар оған
тап пәлендей таңғала қойған жоқ. Одан гөрі анадай жердегі еңіреп қатып жатқан
сіре мұзға таңырқай қарасады. «Үйдің іргесіне мұз қатырудың да сән болғаны ма?»
- деп таңданысады.
            -   
Міне патша сарайына келдік, - дегенде барып, бәрі: «Рас па?» дегендей
Мәмбет мырзаның бетіне жалт-жалт қарасты.
            Аңтарылысқан бейтаныс топтың
алдынан шыққан өңшең бір сары ала иық сыптығыр адамдар құрақ ұшып жол бастай
жөнелді.
            -     Мынау бірінен-бірін өткізіп жұтынтып
киіндіріп қойған әдемі жігіттер патшайымның балалары ма екен?
            -     Патшайым қанша төлшіл болса да, тап осынша
көп баланы топырлатып бір өзі қайдан тапсын!
            -     Енді қалай деп ең? Жер түбінен келген
ханзаданы патшазадалар шығып қарсы алмай, қайдағы бір қаратаяқтар шығып қарсы
алып тұр ғой дейсің бе?
            Қара таяқтарға мынадай киім қайда!
 
            Сыптығыр сары ала иық еркектер сый
қонақтарға ере жүрмей ыздиып-ыздиып қос қапталда қаз-қатар тізіліп қалып
барады. Өзара күңкілдескен қалың дүрмек жалт-жұлт еткен мәрмәр сатыларды «Иә,
біссіміллә» деп еппен басып, жоғары көтеріле бастады. Айнадай жалтыраған абажа
есіктер олар жақындай бергенде өз-өздерінен айқара ашылып кетеді. Сол-ақ екен
ар жағынан екі жақ босағадан әлекей-шүлекей киінген біреулер жарқ ете қалды.
Маңдай алдарында аршындай басып үш адам кетіп барады. Үшеуінің де үсті-басы
жалт-жұлт еткен оқалы киім. Үшеуі де белбеулеріне салақтатып қолақпандай алтын
кілт тағып алыпты. Бұлар талай абажа есіктен етті. Кенет олардың бәрінен де
үлкен, жалтырата аптап тастаған айлапат есікке жете бере алдыңғы үшеудің екі
шеткісі екі босағаға ығысты да, қақ ортадағысы ата қаздай алшаң басқан қалпы
самаладай жарқыраған кең жайға қойып кетті. Бұлардың аяқтарының дыбысы жерден
емес көктен шыққандай, көз жауын алар зәулім сарайдың төбесі сатыр-сұтыр
жаңғырыға жөнелді. Оң жақ қанатқа иықтарын жалаңаштап өңшең бір аршын төс сұлу
әйелдер тізіле қапты. Сол қанатта бұттары сыптиып, еттерімен ет тар шалбар
киіп, омырауларына жарқ-жұрқ моншақтар тағып алған, шаштары дудыраған, әйел
екендерін де, еркек екендерін де айырып болмас әлдекімдер самсап тұр.
            Бала ханзада қос жанарын өзөзілдей
азғырып, алақтатып алып бара жатқан қос қапталдағы алабажақ қауымға зер
салмауға тырысып, оқтау жұтқандай сіресіп бақты. Алдында келе жатқан кісі
қолындағы аса таяқты жалтыраған емен еденге дүңк еткізе қадап, біреуге ұрсып
тұрғандай ақыра тіл қатты.
            -  
 Қырғыз-қайсақ ордасының ханы
Әбілқайыр Мүхамбет Қазы баһадүрдің елшісі Ералы ханзада!
            Ералы жалма-жан жер тізерлеп,
маңдайын үш рет еденге тигізді. Соңындағы нөкері де оның істегенін істеп, жер
ұшық жасағандай тұқшыңдаса кетті. Сәлден кейін ханзада орынынан көтеріліп,
сонау Уфадан шыққалы Мәмбет мырза құлағына құйып келген жаттанды сөздерді сұре
оқып тұрғандай үйреншікті мақамға салып судырата жөнелді.
            -     Уа, нұрсипатты, асыл текті, патша ханым,
мейірбанды алдияр тақсыр! Әкем Әбілқайыр өзінің тілегі бойынша әм өзіңіздің
алдиярлық шарафатыңыздың арқасында қарауындағы күллі қазақ ордасымен бірге қол
астыңызға біржола мойын
ұсынып, Сіздің ұлы алдиярлық қамқорлығыңызға ие болып отыр. Өзіңіздің
алдыңыздағы үмбеттік парызын адал атқаратындығының белгісі ретінде мені мынау
алдиярлық ақ адал құтхана ордаңызға елшілікке жіберді. Мен әкемнің атынан,
алдияр тақсыр, аяғыңызға жығылып, осыншалық рахымыңызға шын жүректен рахмет
айтып, бізді өзіңіздің алдиярлық шапағатыңыздан қағажу қалдырмай, панаңызға ала
көріңіз деген үмбеттік тілегімізді білдіруге келдім.
            Жүрексіне шыққан бала дауысына жұрт
сілтідей тына қапты. Қос қапталдағы игі жақсылар көзі жаудырап, екі беті балбұл
жанып, түсініксіз тілде тақылдап тұрған қаршадай ханзаданы әрі таңырқап, әрі
мүсіркеп ішіп-жеп барады. Тек дәл төрде бір олақ қыздың жиған жүгіндей оқшау
қауқиып тұрған дөңкиген үйікте ғана сес жоқ, бала ханзада, қапелімде, оның не
екенін аңғара қойған жоқ. Жаңа Мәмбет мырза «осылай қара» дегендей иегін қозғап
ишарат қылғасын, екі көзін содан аудармады. Өзін ақ шытырамен қымтап қойған ба
қалай... Үсті-басынан алтын төгіліп келе жатқандай қырық құбылады. Жарқ-жұрқ
еткен әлде бір алмас ұшқындар жанарыңды тілгілеп тік қаратпайды.
            Азғантай үнсіздіктен кейін жалт-жұлт
етіп төрге таман орналасқан сары ала шоғырдан әлдекім тамағын кенеді.
            Ералының оң жағындағы Мәмбет мырза:
            -     Вице-канцлер граф Андрей Иванович Остерман
мырза, - деп сыбырлады.
            Қызғылт сұр киім киген ақ сұр адам
жүзін бұған бұрып тіл қатты. Мәмбет мырза оның аузынан шыққан әр сөзді сол
бойда-ақ қазақшалап бақты. Ханзада бірақ мынау сырбаз кісінің соншама бипаздап
айтып тұрған созалаң әңгімесіне бәрібір түсінбеді. Бар түсінгені - ақ патшаның
бұларды өз қоластына алатын болғаны.
            Екі қарынан екі кісі демеп қақ
төрдегі кез қарлықтыра жарқырап тұрған қақыра үйікке қарай алып жүрді. Бірінен
бірі өткен алмас моншақтар мың сан құбылып ештеңені дұрыс аңғартпады. Аңғарғаны
- қарсы алдынан қорғалаған айдың бетіне ұқсаған бір көмескі кескін көлбең
еткендей болды. «Қорғалаған айға тура қараушы болма! Онда мыстан кемпір
отырады. Тура қарасаң, кірпігіңді жұлып ап, қари қып тастайды» - деуші еді
үлкендер. Мына бір жұмбақ кескінге де ол дұрыстап қарай алмады. Сонда да
көзінің қиығы бедірейіп тұрған тайпақ маңдайды, оның астынан әнтек әуелеп
қалған қолағаштай қоңқақ мұрынды, үй-ішіндегілердің бәрінің төбесінен асырып,
кеңістіктің бір түкпірінен әлдеқандай оданы бірденеге назары ауғандай, одырая
қараған отты жанарды шалып қалғандай. Өмірінде тек осында келгелі ғана көріп
жүрген көшедегі көп шомбал шойын мүсіндердің біреуін жұлып әкеп, үлде мен
бұлдеге орап, қарсы алдына қақ төрге қонжита салғандай.
            Екі қолынан ұстап келе жатқандар
кенет жеңінен тартты. Ералы жер тізерлеп отыра кетті. Дәл маңдай алдында жаңа
жауған аппақ қардай боп үлпілдей төгіп жатқан әлденеге ерінін апарып еді,
сусыма жібек екен. Барымташының шоқпарындай зілбатпан бірдеңе сол иығын жанап
өткендей болды.
            Ол - Анна патшаның шығыс елдерінен
келген елшілерге орыс падишалары көрсететін ілтифаттың мезіретін жасап, иығынан
қаққаны екенін кейін Мәмбет мырзадан сұрап білді.
            Сол бір қас қағым сәт енді, бала
ханзаданың есінен кетер емес. Одан бері де талай уақыт өтіпті. Бұлар келгендегі
аппақ қар бықсыған тұманға жем болды. Бықсыған тұман сіркіреген ақ жаңбырға,
сіркіреген ақ жаңбыр лайсаң нөсерге айналды. Тоқым-тоқым аралдардың арасындағы
көкше мұз күтір-күтір жарылып қызыл су көтерілді. Қызыл су телегей теңізге
ұласты. Соның қай-қайсысының тұсында да бұлар тыным тапқан жоқ. Күнде осылай
жеңкіліп бара жатқандары. Күнде осылай таңдай қағысып, бас шайқасып айран асыр
болып түнеме үйлеріне қайтып келе жатқандары. Күнде көретіндері жабыр-жұбыр көп
халық. Жапан түзде кез ұшынан бір қарайған ия көрініп, ия көрінбес еді. Ал
мұнда күнде ас беріп, күнде қыз ұзатып жатқандай сапырылысқан бір адам. Тіпті
құдайдың қара жерін былай қойғанда, қалқыған судың беті де қаптаған адам.
Бұларды қалтылдақ қарағай астауға мінгізіп су ортасында самсап тұрған көп
қарауытқанға апарса ығы-жығы кемелер. Қу тақтайдың үстіне патшаның ордасындай
қып зәулім сарай сап тастапты. Соның бәрін астарындағы тылсым тұңғиыққа батырып
жібермей жеті қиян жер түбіне аман алып барып, аман алып қайтатын анау жел
кернеп, асау жылқының танауындай делдиіп-делдиіп тұрған желбірек кенептер
дейді. Өңшең бір ысқырынған едірең мұрт біреулер, өңшең бір белуардан жоғары
тыр жалаңаштанып алған еңгезердей еркектерге аяқтарына қыл қадаған ағаш қалып
байлап беріп, ерсілі-қарсылы жер үйкелетіп, тақтай жуғызып қойыпты. Айғыз-айғыз
ағаш еден қашан айнадай жалтырап шыға келгенше тыным тапқызбайды. Әлгі бір
ысқырынған едірең мұрт еркектер қалталарынан кіршіксіз ақ орамалдарын суырып
алып, тақтайды сипап көреді де, сәл дақ жұқса қайта жуғызады. Оған бола апшып
жатқан ешкім көрінбейді. Отырықшы жатақтың қырман айналған мәңгүрт мәстегіндей
тағы да емпеңдей жөнеледі. Сахарада мынандай тауқыметке кім көнеді. Кезкелген
жалба тымақ атасының сақалын боқтағандай аспанға шапшып намыстанып шыға келеді.
Мұндай-мұндай итің-итің «қатын шаруа» түгілі түйе матап, тай жығатын «еркек
шаруаға» қолғабыс сұрасаң да «пәленшеке» дегенді әбден айызын қандыратындай қып
ынты-шынтыңды салмай, ерініңнің ұшымен салғырт айтып қалсаң, қонышына тығулы
қамшысын қолына алып, алақанына шырт түкіріп, сырт айналып жүре береді. Ал
мыналардың борбайларынан тер сорғалап, борсаң-борсаң жортып, тыным табатын
түрлері жоқ. Сөйте тұра, ағалары қатын алып, соның тойында шашу теріп жүргендей
ыржың-ыржың күліп мөз-мейрам. Сонда да қастарына барып: «Мынау не», - деп
бірдеңе сұрасаң, өңменіңнен өткізе едірейе қарап: «Соны да білмейсің бе,
маубас», - дегендей иықтарын қомдап, бұлданып сөйлейді. Бұл тарапта бұларды
қомсынбайтын тірі пенде болсайшы, сірә! Көшесінде кетіп бара жатсаң, үйлері
екеш үйлеріне дейін: «Алпыншақ-жалпынжақ мыналарың кім өзі?» - деп төбеңнен
төніп, кекірейе қарап тұрғандай. Тіпті делбе ұстаған атшысы мен босаға баққан
сақшысына дейін ит көрген ешкідей едірейе көз тастайды. Құдды бұлар мынау
жалпақ жердің бетін қатар басып жүрген өздеріндей екі аяқты жұмыр басты
пенделер еместей. Не де болса, көздеріне көрінбей, араларына тұрып ап, екі
жақты бір-біріне иліктірмей, кеуделерінен кері итеріп баққан әлде бір арапшы
сиқыр бардай.
            Басқаны былай қойғанда, ең болмаса,
екі жақтың шөбі мен тау-тасының бір-біріне бірдеңесі ұқсасайшы!
            Ызғындай шаһарда көздеріне ыстық
көрінетін тек Мәмбет мырза ғана. Ол да мұнда келгесін сыпайы киініп, сызданып
жүретінді шығарыпты. Жылтырап киініп, жылмиып тұрған кісіге жолап кетсең, бірдеңе
жұқтырып алатындай, қараптан қарап қаймығып бітеді екенсің. Кейде бала ханзада
өзін қашанғы қара жерден әлде бір құдіреттің күшімен біржолата ажырап кеткендей
сөзінді. Маңайында баяғыдан бері көріп келе жатқан үйреншікті нәрселерден
ештеңе көзге түспейді. Мынадай қалқыған қалың судың ортасындағы шаһарда тұрып,
өзіңнің әлі жер басып жүргеніңе сенудің езі оңай емес секілді...
            -         Астапыралла!
            Қалың қиял құшағындағы ханзада селк
ете түсті. Бұрылып қасында отырған Нияз сұлтанға қарады.
            -   
Ералыжан, мына қызықты көрдің бе! - деді Нияз сұлтан көзі күлімдеп,
терезеге тұтылған жібек шілтерді ысырып.
            Ханзада қапелімде ештеңе аңғара
алмады. Байқағаны - ымырт түсіп қалыпты. Қарауытып көрінген үйлердің әйнегінен
шам жылтырай бастапты.
            -         Әне, аспанға қара!
            Келгелі бірінші рет аңғарып тұр.
Шүпірлеген жұлдыздар шығыпты.
            -         Анау Үркер ғой!
            Иә... Үркер... Жарлы үйдің ошағының
басындағы болмашы күлдей сұйқылт бозарытып шашылып жатыр.
            Бала ханзаданың көкірегіне тығылып
отырған әлде бір бозторғай қанатын қомдап талпынып-талпынып қалғандай. Мынау
әлі ызғары кеппеген сылпық көктемде, жан-жағы қалқып жатқан телегей су жат
жерде құлағына бір тамыз айында туырлық арасынан шілделік шырлағандай өте-мөте
сүйкімді, өте-мете таныс дыбыс келді. Ол өз көңілінен бейуақ оянған тылсым
сағыныштың талықсы үні еді. Ол бұны алғаш сонау Найзакескеннен аттанып бара
жатып аңғарған-ды. Айдалада жолдарына аңтарыла қарап қалған айғыр топ адамның
қақ ортасында состиып тұрған әкесі әлі көз алдында. Кейінгі жылдары иығы
жығылып еңкіш тарта бастаған тұла бойында сыр бермеген тек ырғайдай ұзын
мойыны. Жанарын қайда салып, назарын кімге аударып тұрғанын сөздіргісі келмегендей,
томаға көзін енді кіреукеленіп келе жатқан көкжиектің әлдебір тұсына қадап,
қазықтай шаншыла қалыпты. Жат елшінің соңында артына жалтақ-жалтақ қарап бара
жатқан бұған да көзі жөндеп түсіп тұрмағандай. Түні, бойы анасын тас қып
құшақтап, бауырына басын тығып, көрер таңды көзімен атқызып шыққан қаршадай
баланың пәлен күннен бері қаралай қабынып кеудесіне симай келе жатқан жүрегі
өмірінде алғаш рет сонда шаншыды. Әкесін аяп шаншыды. Оның ырғайдай мойыны
қаншалықты қақшия түссе, екі иығын соншалықты зілбатпан ауыр жүк басып тұрғанын
да сонда сөзгендей болды. Содан қашан жал асып, қараңғы ымырттың қойнына
біржола сіңіп жоғалғанша артына жалтақ-жалтақ қараумен болды. Бұларды шығарып
сап шоқ тоғайдың шетінде қалған айғыр топ та міз бақпады. Бұл да артына жалтақ-жалтақ
қарауынан бір танбады. Қашан жанары тұлдыр мұнардан басқа ештеңе ажырата алмай
адасып қалғанда барып, құлағының түбінен осындай бір талықсы үн шыққандай
болған. Жалтақтап жан-жағына қараған. Қою іңірде көзіне не шалынушы еді... Сол
бір бозторғай содан бұлар Уфаға жеткенше көздеріне көрінбей, соңдарынан ерді де
отырды. Уфада патшаға кеткен Мәмбет мырзаны күтіп алты ай қыс сарылып жатқанда
да сол бір жұмбақ құс мұның құлағының түбінен ұя салып алғандай шырлады да
тұрды. Одан тек осы жылдың басында осы орыс астанасына келіп, елшіге
көрсетілетін ырду-дырдуға араласқалы бері құтылғандай болып жүр еді. Енді,
міне, аяқ астынан тағы да шырлап қоя бергені.
            Сөйтсе, бұлар елден кеткелі де жыл
жарым болып қалыпты. Одан бері екі қыс, екі көктем, көріп тұр. Қазір ғой қыр
көкпеңбек... Төл аяқтанды. Уыз сұйылып, сүт ағарды. Мынандай ақ айран ымыртта
қой сауып, қозы айырып азан-қазан боп жатқан шығар.
            Ал мында, әлі салқын... Мұз
қақырап, сең жүргені жақында-ақ... Аспан астында тебінгідей қара жер қалмай
телегей-теңіз болды да кетті. Жұрттың бәрі жан-жақтан жапатармағай шапшып қоя
берген жойқын судың жолына тосқауыл тұрғызып әлекке түсті... «Қызыл шұнақ
қыстың басында келген бұлар әлі жатыр. Қазанның татарымын» - деп құран ақтарып
отыратын шоқша сақал, шегір көз еркектің тап-тұйнақтай қора-қопсысының бұлар
әбден есін кетіріп қобыратып бітті. Байғұс қашан келсең де, қақпасын айқара
ашып қаздиып тұрғаны. «Жарықтық өзі жақсы кісі екен! - десе, Мәмбет мырза:
«Ханзада келе жатқанда қақпа ашудан ерініп, оны не қара басыпты?»- деп күңк ете
қалады. Бәлкім, ол сөзінің де жаны бар шығар. Анада патша сарайына барып
жүргенде Хиуа елшісіне жолығып еді, олардың көріп жатқан күндері күн емес
көрінеді. Ертелі-кеш әскердің шөп көжесінен басқа нәр татырмайды дейді. Бейшара
хиуалық бұларды мұсылманның үйіне түсіргенін, қыстай қазысы бес елі жабағының
етін жеп шыққандарын естігенде: «бұлар бұрын қалмақтарды сүйтіп талтаңдатушы
еді, енді сендерді талтаңдатайын дегендері ғой!» - деп күрсінген-ді.
            Жағдайлары қанша жақсы болғанмен
жат жердің аты жат жер емес пе! Жалықтырайын деді. Бұл күнде ертемен Мәмбет
мырзаны көрген сайын: «Айтатын не жақсылық хабарың бар?» - дегендей бетіне
жалтақ-жалтақ қараумен болады. Әккі неме ар жағын аңғартпай сұйқылттау езу тартады
да қояды. Тек бүгін ғана қасына кеп, иығынан қағып: «Қапа болмаңыз, енді сәл
шыдаңыз!» - деп еді. Енді, міне, Нияз ағасы мынау іріген айрандай ағал-жағал
аспанның әлде бір пұшпағынан Үркерді тауып алып жүрегі жарыла қуанып келеді.
Кім біледі, елге қарай жол түскелі тұрған шығар. Мынау аспанның өзіне көзің
түсе бермейтін ығы-жығы дүниеде бұлар мініп келе жатқан қамашау күркенің
перделеп тастағаны оймақтай әйнегінен жылт етіп Үркер сығалағаны қайдан тегін
бола қойсын! Күнде бұйтсе, білмей жүр ме! Мәмбет мырза әлгінде ғана басқа
күймеге отырып әлдеқайда асығыс аттанған-ды. Күндегісі осы. Таң атқаннан
қастарынан қалмай тапжылмай еріп жүріп, бесін ауды-ақ, тықыршып бітеді. Баласы
жылап қалған әйелдей асығып қоштасып, әлдеқайда зытып береді. Бүгін, бірақ, күндегідей
емес күлімдей қоштасты. Мұндағылар неткен бітеу жұрт еді! Тықақтап сұрап
отырмасаң, ештеңені алдын ала аңғартпайды. Ең болмаса, ертең қайда болатыныңды
да алдын ала айтпайды. Түннен аман өрсең, ертең сиыр сәскеде барып бір-ақ
білесің! Бірақ, қашан көрсең де асығыңды алдап ұтып алғысы келіп жүретін
жылмаңтөс балалардай, сыр бермей, жымпиып жүретін жылмақай неменің бүгін езуіне
ие бола алмай, жымыңдай амандасып, жымыңдай қоштасуында бір гәп бар шығар...
            Бала сұлтан басын терезеден әкетпей,
тесіле түседі. Түнгі аспанның төсінен көзіне оттай ыстық әлде біреу төне қарап
тұрғандай. Қазір құмардан шыққанша қарап қалмаса, көзінен бұл-бұл ұшатындай...
Үркер... Иә, сол... Бозарытып жатыр...
            Иә, бұлар әлі жарықтық қара жердің
үстінде екен... Салқар сахараның әлде бір түкпіріндегі бұлар кеткелі жолдарына
қарап, екі көздері төрт болып отырған қиян қазақ ауылы мен мынау кекірейген
менмен шаһар ұланбайтақ бір қара жердің бетінде екен... Көкіректерін қанша
көкке көтергендерімен мұндағылардың да аяқтары аспаннан түсе қалған ештеңелері
жоқ екен. Олар да өздері секілді қалтаң-құлтаң жұмыр басты пенделер екен...
Бәрінің де мына дүниеге келісі мен кетісі бірдей екен... Бәрінің де төбесінде
бір аспан... Бөрінің де аяғыңың астында бір қара жер... Бәрінін де көктегі
жұлдызға қарап ертеңіне бал ашқан далбаса тіршілік...
            Жастайынан үлкендердің ауызын бағып
өскен сұлтанзада бозғылт аспан пұшпағында шашырап жатқан сол бір күлдей шоғыр
топ жұлдызға қияндағы ауылын көргендей қадала қапты.
            Суыт күймелер ымырттың сұйқылт
мұнарына сүңги түсті.
            Айлапат кең жайдың бұрыш-бұрышына
тығылған селдір мұнар бірте-бірте қоюланып, үй-іші күңгірт тартты.
            Қақ төрде абажадай жайма төсекте
шалқасынан түсіп ойға шомып жатқан императрица шырақшының келгенін күтпей,
қолын созып, бас жағындағы оймыш тағанға орнатылған шырағданды жақты.
            Лап ете түскен жіңішке жалыннан
етжеңді кексе әйелдің көмірдей қара отты көздері оқыс жарқ ете қалды. Шытынған
қабағы мен қорасан талаған бұжыр-бұжыр бетінде, әлдеқандай құпия қуаныштың не
ашудың дабы екені белгісіз, бір шиыршық атқан өжет сұс бар. Орнынан ұшып, тұрып
әйелден гөрі еркекке жарасымды аршынды қадаммен анадай жердегі атам заманғы бір
венециялық шебер қызыл ағаштан нақыштап жасаған дөңгелек столды ойыншықтай
ойната көтеріп әкеп, төсегінің қасына жақындатып қойды. Сосын тамағының асты
албырап ісініп тұрған жуан мойынын ойқастай бұрып есік жаққа қарады. Әлгінде
ғана аяғының ұшымен басып еппен кіріп, еппен шығып кеткен вицеканцлер қатты
серіппей қаусыра жапқан қапсырма есік ырсиып қайта ашылып кетіпті. Барып мықтап
жауып қайтты. Дөңгелек столдың үстіндегі шиыршықтаулы қағазды сосын барып
қолына алды. Орауын жазбай біраз дағдарып отырды.
            Көз алдына кеңесшілері самсап тұра
қалды.
            «Ойлануға тұрарлық нәрсе. Қытай,
Индия, Жоңғария мәселелерін қырғыз-қазақ мәселесінен бөліп қарауға болмайды», -
дейді Остерман бұл жолы көзін алып қашпай, тіктеле қарап.
            «Европа Американы мұхит асып барып
ашып жатса, Россия өз іргесінен ашады», - деп Бестужев-Рюмин сыздияды.
            «Қапы қалмай тұрғанда
қимылдағанымыз дұрыс!» - дейді Бирон кешкісін бұның төсегіне келіп, кеудесінде
айқасып жатқан зіп-зілдей қос білегін былай ығыстырып, тамағынан иіскеп.
            Сондағы қай-қайсысының да иек артатыны -
мынау қолына ұстап отырған шиыршықтап оралған қатты қағаз.
            Амалсыз орауын жазды. Сенаттың
обер-секретарының тап-тұйнақтай әдемі жазуы патшайымның бас қатырып жатуды тап
пәлендей жақсы көре қоймайтын асау ойын үйреншікті даңғыл жолынан ала қашып,
қайдағы бір қоян жымындай шым-шытырық қиыр-шиырларға бастайды. Сәл оқып көреді
де, қайта кідіреді.
            Сонымен әлгі қырғыз-қайсақ
дегендері ешкімге бағынбайтын тәуелсіз, қойдың құмалағындай шашырап жатқан көп
жұрт болды ғой! Өздері шетінен атарман-шабарман жауынгер келеді деседі.
Солардың ханы Әбілқайыр қол астындағы отыз мың халқымен, ру басыларымен 1731
жылы орыс бодандығын қабылдапты. Қазір бір ұлы мен інісін осында жіберіп отыр.
Жарайды, бұнысы түсінікті әңгіме...
            Патшайым тағы да қолындағы қағазға
көз жүгіртеді. Әй, мынау не шатып кетті-ай?! Әлгі қырғыз-қайсағың бір орда
емес, үш орда боп шықты ғой. Ендеше, әлгі Әбілқайыр бұлардың бас билеушісі
дегендері қайда?! Үш ордасы несі.
            Алайып төңірегіне қарайды. Көзіне ешкім
түспеген соң, қайтадан қағазға үңіледі. «Елу мыңдай халқы бар. Үлкен орданың өз
алдына дербес ханы бар. Бұхара, Ташкент, Түркістан және жоңғар қалмақтары
билеушісі Қалдан Шеріннің күнгей шығыс маңын қоныстанады». Сайтан алғыр, мынау
қалай-қалай сандырақтайды-ай...
            Патшайым әлгі айтылып отырған
өлкелердің әйтеуір шығыста, әйтеуір ит арқасы қиянда екенін біледі. Бірақ
қайсысы қайсысының күнгейінде, қайсысы қайсысының шығысында екенін ит біліп пе!
            «Екіншісі - Орта орда. Шәмеке деген ханы
бар... Халқы жиырма мыңның шамасында... Бізге бодан болғылары келмей қарсыласып
бағуда» Қарай көр!
            Патшайымның дөңес маңдайына
білемденіп бір сызық тартылды. Ерінін жымқыра қысып біраз отырды. «Бірақ
Россиянын Әбілқайыр мен Үлкен ордаға жасап жатқан жақсылықтарын көріп, олардың
да көп ұзамай бодандыққа мойын ұсынуы ықтимал. Өйткені, олардың қонысы екі
орданың ортасына орналасқан. Башқұрттар өз жеріміз деп есептейтін Торғай өзенін
бойлап көшіп қонады».
            Осы араның тұсына көлденең белгі
қойылыпты. Остерманның жазуы. «Уфа мен Қазаннан түсіп жатқан хабарларға
қарағанда, Орта орда жиырма мың әскермен башқұрттарды шауыпты. Башқұрттар
қоршауға түсіп, тас-талқан болып жеңіліп, орыстардан қоластарыңызға алыңыздар
деп өтінуге мәжбүр болыпты».
            Міне, гәп қайда жатыр!! Анажолы,
оған да төрт жыл болып барады екен, Таймас Шаимов деген башқұрт тай-тай асыл
тері артып әкеп, бодандық сұрап, Орал тауының арғы жағынан көлкөсір жер алып
кетіп еді, сүйтсе, қайсақтардан құқай көргесін амалсыз келіп жүр екен ғой! Бұл
немелердің жалба тымағының асты толған айла-шарғы болса керек. Оп-оңай сазға
отырғызып кете берулері мүмкін. Осыдан төрт жыл бұрын келген елшілері
Әбілқайырды күллі қырғыз-қайсақ жұртының бас ханы деп еді, енді, міне, ол неме
үш орданың біреуінің ғана билеушісі болып шықты.
            «Ал үшіншісі - Кіші Орда; жоғарыда
айтылғандай, біздің қол астымызға өтті. Өздері теңіз деп атайтын Арал көлі
маңайын, Қарақалпақтар мен Жайық арасын, орта орда мен башқұрттар арасын,
өздерінің ең жақын көршілері болып табылатын Жем мен Жайық бойын жайлайтып
қалмақтар шекарасын қоныстанады, башқұрттардың көп жерін тартып алған»...
            Қанша қайталап оқыса да, әлгі Кіші
Орда дегеннің қай араны мекендейтінін бәрібір ұға қоймады. Шамасы, мына Кирилов
қайсақ даласына Мәмбет Тевкелев емес бұл, Анна Иоановна, барып келді деп ойласа
керек!..
            Қол астындағы қоңырауға қол соза
берді де, тоқталып қалды. Бір күрсініп қойды.
            «Ол ордаларда ханнан гөрі ру
басылары әлдеқайда беделді. Олар өз хандарының қол астындағы жұртының саны
артып, дәулеті өсіп, қатты күшейіп кеткенін қаламайды. Сауат танитын адамдарын
хан сайламайды. Хандар мүрагерлік жолымен сайланады. Ханның балалары сұлтан деп
аталады.
            Әлгі ордалар ауыздары бір болып,
өзара тату-тәтті тұрған көздерінде Арал теңізіне құятын Сырдария (немесе өзен)
бойындағы Түркістан, Сайрам, Ташкент деген атақты провинциялар мен қалаларға,
соларға қарасты жерлерге иелік құрыпты. Ол ұлыстарда, аталған өзен мен басқа да
өзендер бас алатын жерде, алтын кені бар көрінеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын
брдалар өзара алауыздыққа ұшырап, айтылған ұлыстарды жоңғар қалмақтарының
билеушісі таршып алыпты.
            Аты жиі аталатын Әбілқайыр хан
қырғыз-қайсақхандарының ең атақтысы және ақылдысы. Әйелі біреу. Одан бес ұлы
бар. Оның біреуі қазір осында. Ол әлгіндей жабайы десе де қиянат болмайтын арда
халықтың арасында жүріп-ақ, ұлы императрица алдиярдың қарауына өз еркімен өтіп,
тек өзі мен өз төңірегіндегілерді ғана емес, қарақалпақ ханын да қарауындағы
жұртымен бізге бағынуға көндірді. Үлкен орда да соның араласуымеп бодандықсұрап
отыр. Ол өз алдына таяу жерден, Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасынан қала салуды
ұсынады. Өзі аракідіқ сонда келіп тұрып, патшаға қызмет көрсеткісі келеді. Елші
барған кезде бодан болуға көнгілері келмей тулап шыққан жұртын иліктіруде
қандай еңбек еткені Тевкелев журналында екжей-текжейлі жазылған». «Ор өзені»
деген сөздің тұсына белгі соғылыпты: «Бұл өзен ежелден Россияға қарайды:
башқұрттар мен қырғыз-қайсақ коныстарынынаралығында. Жайықтағы казактар
қаласынан 400, Уфадан 300, Сакмардағы жаңа казак қалашығынан 150 шақырым жер».
            Е, бұл неме баяғыдан бері осылай
адам түсінетіндей қып жазбай ма!
            Патшайым қолтығындағы құс жастықты
бір умаштап қойды. Неге екені белгісіз, көз алдына анадағы қабылдауда
қызылды-жасыл киіндірген қуыршаққа ұқсап қаздиып тұра қалған қаршадай бала
келді.
            Жәудірей қараған көздері, қалқиған
құлағы, шіңкілдей шыққанмен, асықпай баппен сөйлеген дауысы... Бәрі есінде
екен. Қимыл-қозғалысы, сөз тастасы тәрбие көргендігін аңғартқандай. Сол балаға
қарап отырып, көшпенділердің де төрт аяқтылардың соңында текке шапқылап
жүрмегендерін, олардың да бірталай иәрседен хабары барын сөзген сияқты еді.
Іргесінен қала салуды өтінгеніне қарағанда мына ханың тап анау айтқандай қара
жаяу көрінбейді ғой! Жарайды, сондағы ойы не екен, көрейік...
            «Әсіресе, ханның мына пиғылдары
айрықша назар аударуға тұрарлық деп білеміз:
            1. Олар жоңғар қалмақтарынан қатты
жәбір көріп отыр; ұлы императрицаның қол астына өткесін, соларға кеткен
ұлыстарын кері қайтарып алмақшы».
            Иә, иә... Патшайым бұғағын бір
сипап қойды.
            «2. Өздері сияқты жабайы Еділ
қалмақтары ханының басындағы дәуренге қарап, өз қолындағы билікті күшейтіп,
қарауындағы халықтың алдында айбынын асырмақшы».
            Қош... Бұнысы да жөн болсын!
            «3. Көрші халықтар мен аралдықтарды
ұлы императрица ағзамның қол астына бағындырып, сол арқылы өзі де үлкен
абыройға жетпекші». Мына жалба тымағыңның дәмесін қарай көр!
            Патшайым бір ырғалып қойды. Қорасан
талаған бұжыр бетіне лып етіп қан көтерілді. Езуіне күлкі жүгірді. Басын
қайта-қайта шайқап қойды. Кирилов патшайымның дәл осы арада осылай бір лып ете
қалар риза көңіліне су сепкісі келгендей, одан әрі былай деп жазыпты: «Мұндай
алаңғасар жұрттың тап оншапәтуалы бодан болып жарыта қоймасы, сірә, белгілі».
Патшайымның қабағы түйіліп кетті. Әлгі бір көңілденіп қалғанын ешкім көріп
қоймады ма екен дегендей жан-жағын тағы да бір сыздана тінтіп шықты. Абажа
жайдың ішінде өзінен басқа тірі пенде жоқ екеніне көзі жеткенде барып, кекжиген
басын төмен иіп, қағазға үңілді.
            «Бірақ, бұларды басыбайлы
бағыныштылар ретінде емес, Россия мүддесі үшін қыруар пайда келтіре алатын
халық ретінде азын-аулақ артықшылықтар мен жеңілдіктер жасап, алдарқатып ұстай
тұруға әбден болады».
            Патшайым иегін қасыды.
Оберсекретарь Кириловтың мынадай қырық бұлақ қым-қуыт пікіріне шамданып,
қолындағы қағазды оқымай-ақ қойғысы келіп, манаурап біраз отырды. Сосын
сояудай-сояудай ұзын кірпіктерінің астынан кілгіре қарап, маржандай тізілген
әдемі әріптерге қайтадан көз жүгіртті.
            «1. Күні бүгінге дейін олар
Россияға бағынышты Қазан, Жайық, Уфа, Сібірдегі шекара тұрғындарына озбырлық
жасаумен келді; кішігірім қол жиып кеп тиісіп, жыл сайын малдарын, жандарын
барымталап әкетіп, арғы жақтарындағы Бұхара мен Хиуаға апарып, құлдыққа сатып
жіберіп тұрды; көпестерге де керуендерін тонап көп жәбір көрсетіп бақты. Әрине,
бұған көзбен көріп, қолмен ұстатқандай даусыз айғақтар табыла қоймайды, бірақ
дәл осылай болып келгеніне еш күманданбаса да болады. Өйткені, Хиуа мен
Бұхарада мыңдаған орыс тұтқындары құлдықта жүр. Оларды бұлар апарып сатпаса,
кім апарды?.. Халқының саны жүз мыңнан асатын қырғыз-қайсақ ордасы қол
астымызға қарайтын болса, Россияның әлгі айтылған ұлыстары қазіргіден әлдеқайда
тыныш дәурен сүрген болар еді».
            Патшайым қауырсын қаламмен әлгі
сөйлемнің тұсын бір түртіп қойды.
            «Қалмақтар, сол сияқты, башқұрттар да
бұрыннан ұлы императрица алдиярдың қол астында болатын. Енді олардың қатарына
үшінші жұрт - қырғыз-қайсақтар келіп қосылды. Үшеуі бір-бірімен қатты қырбайы.
Алдағы уақытта да оларды сол дүрдараз қалыптарында ұстау керек. Егер қалмақтар
мінез шығарып жатса, оларға қазақтарды айдап салуға болады. Алда-жалда
қырғыз-қазақтар да бұлік шығарып жатса, онда оларға қалмақтар мен башқұрттарды
аттандырамыз. Сөйтіп, оларды, орыс әскерін еш мазаламай-ақ, бір-біріне өзара айдап
салып, өз ырқымызда ұстауға әбден болады.»
            Анна патшайым шошаң еткізіп басын
қайта көтеріп алды. Дәл соны күтіп тұрғандай, шырақшы кіріп келіп, барлық
шырағданға от берді. Содан ба, жоқ, мынау қолындағы қағаздың қызығына енді
беріле бастағандықтан ба, самаладай жарқырап қоя берген үй-іші бір түрлі
көңілденіп кеткендей көрінді.
            «Әлгі Ор өзенінің сағасына салынар
қала жайына келсек, Әбілқайыр хан мен башқұрттар ол тек қазақ билерін аманатқа
ұстау үшін ғана емес, Бұхараға, Бадахшанға, Балқы мен Индияға емін-еркін товар
тасып тұратын сауда жолын ашуға да көп пайда тигізер еді деп айтады. Мұндай
дәме бір кезде ұлы Петр император қаржы да, адам да аямай, Астраханнан
қарақұрым шерумен аттандырған Александр Черкасскийдің Хиуадағы қателіктерінің
салдарынан жүзеге аспай қалған-ды. Терістік ендіктің 52 градусында салынатын
әлгі қаланың мұндай мақсатқа өте-мөте қолайлы екені рас. Одан Арал көліне қара
жермен жүрсеңіз де, су жолымен жүрсеңіз де, бар болғаны бес жүз шақырымдай ғана
сапар шегесіз. Бұл Астрахань арқылы жүргеннен әлдеқайда жақын, әлдеқайда
қауіпсіз. Ал Арал көлінен әрі қарай, Бұхара мен Бадахшанға, тіпті Индия
шекарасына дейін кемемен жүзіп баруға болады».
            Патшайым қағаздан басын көтеріп,
төяірегіне қарады. Самала шырағдандар: «Оқып отырғаныңыздың бәрі рас!» -
дегендей жымың-жымың етеді.
 
            «Бадахшан өлкесінің Россияға керек
болатын себебі - онда қыруар байлық бар: алтын, лағыл, меруерт, зүбаржат
дегендеріңіз шаш етектен. Ол аймақты бұрын Самарқанд, кейін Бұхара хандары
иемденіп келген-ді. Осыдан бірнеше жыл бұрын олар Бұхара ханынын қауқарсыздығын
пайдаланып, өз алдарына дербес ұлыс болып бөлініп кетті. Қазір хан дегенді
білмейді, республика іспетті; жұрт сайлаған қырық шақты ру басыларына бағынады.
Елдің айтуынша, өзі билеп тұрған кезде Бұхара ханы Бадахшаннан құйма алтынның
өзінен бес жүз пүт және де кеп асыл тас тарту-таралғы алып тұрыпты. Қазір ру
басылары: жұрт жылына бір-ақ рет бәрі бір мезгілде он күнге тауға барып асыл
тас теретін болсын, сол жолы тапқан олжасын, қанша болса да, бір жылға мәпаха
қылсын деп патуаласыпты. Қалған уақытта - бір-біріне сенбей, біреу-міреу тауға
барып қоймасын деп бәрі жабылып қатты торуылдайтын көрінеді. Соған қарамастан,
жерінде неше алуан миуа мол өсетіндіктен, әрі әлгіндей алтын мен асыл тастары
болғандықтан, оның үстіне зергерлік құрып табыс табатындықтан ол өлкенің халқы
әлі де өте дәулетті тұрады деседі. Олардың көк желкесіндегі жоңғар
қонтайшысының мұндай қазыналы өлкеге өлімін сатары, әрине, түсінікті. Россия
мұндай қыруар байлықты қауыпты көршісіне оп-оңай өңгертіп беріп, тып-тыныш
отыра алмайды. Егер құдай сәтін салса, кездейсоқ қауып-қатерден аман болсақ,
алыстағы Америкадан аса мол дәулет тасып алып отырған гишпандар мен
португальдар секілді біз де орыс әскерінің мазасын алмай, жаттың жарақты қолын
пайдаланып-ақ, әлгіндей ересен байлықты бір өзіміз иемденіп кете аламыз».
            Императрица «осы өңім бе, түсім
бе?» дегендей қолындағы қағазды аударып-төңкеріп бір қарап шықты. Империяның
Бас канцелериясы тіркеп, мөр басқан документ екендігіне әбден көзі жеткен соң
барып қайта үңілді.
            «Егер бұған жолдағы башқұрттар мен
қырғыздардың, тағы басқа бұратана жұрттардың тарапынан келер қауіп-қатерді
айтып күманданатындар табылып жатса, оның орынсыз екеніне бірнете мысал келтіре
аламыз. Біріншіден, егер Иван Васильевич патша Қазан мен Астраханды татарлардан
тартып алмағанда, башқұрттар да бізге өз еркімен мойын ұсынбай, ар жағындағы
түздіктерге ұксап жақын жерден жағаласып өтер жауларымыз боп қалған болар еді.
Құдай сәтін салғанда, қазір түздіктер де ұлы императрица алдиярдың ырқына
жығылып отыр. Екіншіден, башқұрттан бізге бағынышты Уфа ғана. Онда
башқұрттардың жүзден бірі де тұрмайтыны белгілі. Соған қарамастан, олар кешегі
шведтер мен поляктарға ғана емес, түріктер мен қырымдықтарға қарсы соғыста да
бізге адал қызмет етті. Ал олардың баяғыдағы көтерілісінің жәйіне байыппен көз
жүгіртсек, оған көбіне-көп бұрынғы жағдайларынан айырылып, Сергеев пен оның
қарауындағылардың балың аулатпай, жел диірмендерін тартып алып, үстеме салық
салып, көптеген жақсы-жайсаңдарына арақты күштеп ішкізіп, мас қылып, суға
лақтырғандары секілді бейбастықтары себепші болды. Үшіншіден, бір кезде ұлы
Сібір де қазіргі Бұхара ұлыстары секілді басып алуға аса ыңғайсыз бет-бетіне
бытырап жатқан жат өлке еді ғой. Соны алты жүз-сақ адаммен барып жаулап алып,
Қытайға апаратын ұланғайыр жол ашып алмап па едік. Қазір бізге сонау Жапонияға
жетуден де дәмете алатыпдай жағдай туып тұрған жок. па? Осы бір атақты үш ұлыс
Россияға қосылып, олардың халқы орыстармен мидай араласып, өз-өзінен жоғалып
кетпейінше, біз баяғыда Россия талайрет бастан кешкен Бату, Темірлан тағы да
басқа мұсылман билеушілерінің ұлы жосқын жорықтары секілді жойқын шабуылдар
зобалаңынан мәңгі бақи құтыла алмаймыз».
            Анна патшаның бойына бір діріл
жүгіріп, қараптан-қарап жүрегі шаншып өткендей болды. Біріне-бірі қосылып
бұлдырап кеткен әріптерден басын көтеріп, кірпігінің арасына оқыс оралған
түсініксіз кіреукені саусағымен бір сүйкеп өтті. Мына Кирилов тек ландкарталар
сызатын шимайшы ғана емес, арқалы ақын да екен ғой. Ұлы Россияның басына
орнаған орасан бақытты қалай жеріне жеткізіп дәл айтқан. Бату, Темірландардың
да, оларды шығарған көшпенді жұрттардың да бақтарының осы тайғаны тайғаны-ақ
шығар...
            Императрица өн бойын бір жұмбақ
жалынға шарпылтқан әлгі бір тұстың қапталына иректей тіркелген қыстырма жазуға
назар аударды. «Бату мен Темірлан -Алтын Орданың патшалары - ұланғайыр ұлыстары
мен жер қайысқан әскерлері болған. Еділдің төменгі сағасындағы астаналары Ахтубаны
Астраханмен бірге Иван Васильевич патша жаулап алған».
            Дүние кезек деген осы. Мынау пәлен
айдан бері бұның аузынан қандай сөз шығар екен деп, есігін бағып, ерігіп жатқан
мөлиме елшілері сол бір кезде аспан астын тітіреткен тентек орданың тұқым
тебері деп кім айта алар?! Кешегі жер көкіректердің кеудесі бүгінде қалай-қалай
өр боп кеткен, кешегі өр көкіректердің кеудесі бүгінде қалай-қалай жер боп
қалған!
            Патша одан арғы жазуға масаттана
кез тастады.
            «Мүншалық ұлы шаруаға қаншалықты
сенімді екендеріне әлі көзіміз анық жете қалмаған сырмінез емес әрпіл-тәрпіл
жұртты пайдаланғаннан пәлендей пәтуа шыға қояр ма екен деп күмән айтушылар
табылып жатса, оған да ежелгі тарихтан талай-талай мысал келтіре аламыз.
Басқасын былай қойғанда, қол астындағы отандас европалық әскердің емес, азиялық
бұратана әскердің күшімен-ақ талай елді тізесіне басып, өз державасын ұланғайыр
ұлғайтқан ұлы Александрдың ерліктерін-ақ алайықшы. Сондай жаттың қолымен от
көсеп, жаттың дәулетін жамбасқа басатын қарқаралы дәурен Россияның да басына
туып тұрса, одан қайтып бас тартпақшымыз? Алыс аймақтарға қол созған дәмемізден
еш пайда түспеген күннің өзінде еш зиян да шекпейміз ғой. Сонымен, әлгі сөз
болып отырған жаңа қалалардың қаншалықты пайдалы екеніне күмәнданудың еш жөні
жоқ.
            Бұл айтқандарымыз көп кісіге құрғақ
қиял боп керінуі де ғажап емес. Бір кезде Американы іздегендерді де талай
билеуші тәлкек қылған. Бірақ, артынан не бары бір жылға жетер-жетпес уақыт
ішінде Американың көп жерін, әрі жақсы жерлерін, әлгі бақ қуған даңғой
гишпандар иемденіп қойғанын естігенде, алдымен солар бармақтарын тістеген-ді.
Жоғарыда айтылған өлкелерге жоңғар қалмақтары билеушісі көптен көз сүзіп
келеді. Олар қазірдің өзінде талай Шаһарды бауырына басып алды. Осы бетімен
аталмыш аймақты да иемденіп кетіп жүрсе, ондай көршінің Россияның да көсегесін
көгерте қоюы неғайбыл. Оның үстіне, Бадахшаның байлығынан парсылар да хабардар.
Олар бір кезде қырғыздардың қиқуынан тауқымет тартқан біздерге ұқсап
түрікмендердің тиіп қашты барымталарына әбден зығырдандары қайнап отыр. Сөйткен
парсылар ар жағындағы түріктермен кикілжіңдерін аяқтап, не көңілдеріне басқа
бір өзөзіл ой қашып, аттың басын әлгі айтылған өлкелерге қарай бұрар болса,
ондай қоңсылықтың да бізге опа таптырып жарытпасы белгілі».
            Бұл сөздерді оқығанда
императрицаның әлгіндегі көңілі су сепкендей басылды. Жалма-жан қауырсын
қаламға жармасып, жаңағы тұсқа белгі соқты. Биронның: «Қапы қалмай тұрғанда
қимылдап қалу керек» - деп неге қипақтай беретіні енді түсінікті болды.
            Императрица обер-секретарь Иван
Кириловтың кесте қайығандай әдемі жазуына үңіліп біраз отырды. Сосын құс мамық
төсекке сұлап түсіп, төбеге қарап ұзақ ойланды. Биронның, Остерманның,
Минихтың, Бестужев-Рюминнің ауыздары жалпылдап талай айтқан үйреншікті
сөздерінің есіне біреуі түссе, біреуі түспейді. Кирилов мына қағазына Түркия
мен Персияны бекер қыстырып отырған жоқ. Россияның күнгейінен көптен бері
күңірсіген күйік исі шығады да тұрады. Ол өрт Россия Азия құрлығының түскейіне
түгел жетіп алғанша басылмақшы емес. Ұлы Иван патша Қазан мен Астраханьды алып,
Еділді басынан аяғына дейін басыбайлы орыс өзені етіп беріп кетті. Ұлы Петр
орыс желкенін Каспий теңізіне шығарып, Таяу Шығыстың да тап онша тақым
создырардай алыста емес екенін аңғартты. Ол Россияның бір аяғын Каспий
теңізінің батыс жағалауына нық бастырғанмен, екінші аяғын шығыс жағалауына нық
бастыра алмай арманда дүние салды. Славян әлемінің екі ұлы өзені Днепр мен Еділ
құятын Қара теңіз бен Каспий теңізі Балтық пен Камчатка аралығын алып болуға
айналған Россия империясының тегеурінді тақымына бұлтыңдап бір жола түспей келе
жатқан екі көк тайынша іспетті. Ол екеуін орыс тақымына бұйыртпай мөңкітіп келе
жатқан екі сәйгел - Түркия мен Персия. Екеуі де дағара сәлделі мұсылман мемлекеттері.
Екеуінің де орыс патшалығы дегенде атарға оқтары жоқ. Бірақ, бір тәуірі, екеуі
өзара ит пен мысықтай. Біреуінің жағасына жармассаң, екіншісі қол ұшын
бермейді, қайта: «қап, бәлем, өзіңе де керегі осы еді» деп масаттанады. Соны
пайдаланың Петр патша 1722 жылы Персияға қарсы соғыс ашты. Грузия патшасы VI
Вахтанг пен армян котоликосы1 Есай Ғасан-Джалаянның жәрдемімен азғантай
мерзімде қыруар табысқа жетті. Мұсылман падишаларын ит етінен жек көретін
Кавказ христиандары орыс әскерінің жолында қоғадай жапырылады да отырады. 1723
жылы 12 сентябрьде осы Петербургте жасалған келісім шарт бойынша Каспий
теңізінің батыс және түстік жағалауындағы Дербент, Баку қалалары мен Ғилан,
Мазандеран, Астрабад аймақтары Россияның қанжығасына өңгөрілді. Бұны, әрине, Персиямен
қанша дұшпан болғанмен, Түркия да жақсы көре қоймады. Оған Азиядағы Түркияның
ғана емес, Европадағы Англия, Франция, Австрия, Венециялардың да іштері қыз-қыз
қайнады. Әсіресе, Англия онсыз да от басқандай болып отырған түрік сұлтанының
бір күні оң құлағынан, бір күні сол құлағынан сыбырлап, қолтығына шоқ қыстырып
бақты. Мұндайда Франция қайдан қарап қала алсын?! Бірақ Портадағы2 орыс елшісі
Николай Иванович Неплюев француз елшісі де Бонанға екі мың сом ақша мен бір мың
үш жүз Бұлғын терісін қолтығына қыстырып, көмейін бітеген-ді. Петр патша
Дербенттен кері қайтқанда Порта сарайы «уһ» деп демдерін бір алған-ды. Бұл
тыныштық та ұзаққа созылмады. Түріктің әккі сұлтаны парсы шахына наразы
Грузияға қол ұшын берген боп басып кірді. Вахтанг патша кешегі кергігенін
ұмытып енді сұлтанға құрақ ұшты. Ал сұлтанға керегі де осы еді. Күніне қырық
аунақшып отырған грузин патшасын бір жола өз ыңғайына қаратып алып, бергі
жағындағы Дағыстаннан орыс әскерін қуып шықпақ. Сөйтіп, Кавказдағы мұсылман
халықтарынан біржола қол үзіп қалмасқа қам жасамақ. Ол енді Қырым, Кубань,
Каспий маңы мұсылмандарын да желіктіре бастады. Жер түбіндегі Хиуамен одақ
жасады. Баяғыдан бері бірінің қолы бірінің жағасында келе жатқан Түркия мен
Персия енді жағаласса да кек желкелерінен мысықтабандап үнсіз жылжып келіп
қалған мына айбынды елге жалтақ-жалтақ қарап қойып жағаласары сөзсіз. Екеуі де
сәл қолдары босаса, ең алдымен, орыс жақ шекараларын бекітіп алуға жан салып
бағады. Иә, қазір Түркиямен де, Персиямен де жағдай онша мөзді емес. Ол екеуін
күллі Европа Россияға қарсы айдап сап желіктіріп бағады. Ал ол екеуі, сәл
мүмкіндіктері болса, Каспийден арғы далалардағы ойдым-ойдым мұсылман
хандықтарымен жең ұшынан жалғасып алуға тырысатындары күмансыз. Ендеше, ол
екеуі өзара қызыл шеке боп жатқанда, алдарын орап, әлгі хандықтарға Россияның
бұрын жетіп алғаны дұрыс. Европаның ақ қаптал саясатшылары айтып жүргендей,
Петр патшаның батыстағы көршілерімен ақ алмастың жүзімен сөйлессе, шығыстағы
көршілерінің жүрегіне жол табар қайдағы бір «кілт» іздеп баққаны рас еді. Сол
кілт Россияның қолына енді түсіп тұр. Ол -мынау бодандық сұрап отырған қазақ
хандығы. Тевкелевтің төбесін көкке тигізіп, екі езуін екі құлағына жеткізіп
жүрген де сол. Кйриловты осынша сайратып отырған да сол.
            
            1 Котоликос - армян шіркеуінің дін басы.
            2 Туркияның өкіметін сол тұстағы
европалықтар осылай атаған.
            
            Не де болса, мынау ұсыныстарға қол
қоймас бұрын кеңесшілерімен тағы бір ақылдасып алғанды жен көрді.
            Ертеңіне, 1734 жылы 1 май күні,
шетіне «Жоғарыда келтірілген ұсыныстар біздің аса мәртебелі алдиярлық
тарапымыздан мақұлдау тауып, ол бойынша мынандай шараларды жүзеге асыруға
пәрмен етеміз:
            1) Ор өзенінің сағасына қала
салынып, оған бұдан былай дербес ат қойылсын;
            2) Бұл қала үшін жасалатын
жеңілдіктер мен артықшылықтар белгіленіп, біздің бекітуімізге үсынылсын;
            3) Бұл қаланы салып, онда қызмет
атқару үшін қанша кісі керек болса, сонша тептерлер1 мен бобылдар2 бөлінсін;
            4) қаланы тәртіпті ұстау үшін
бастапқы кезеңде мына гарнизондардан: Уфадан жарты полқ Қазаннан бір немесе екі
полк сонда көшірілсін;
            5) Уфа полкінен армия полкіне
ауыстырылғандар осы экспедицияға қайтарылып берілсін, ал олардың орнына
гарнизонды толықтыратын рекрут1 пайдаланылсын;
            6) Уфадағы дворян роталарының
жартысы мен казактар, сондай-ақ Уфа және Мензелиндегі әскер қатарына енді
шақырылатындар сонда алынсын; ол Жайық пен Сақмар казактары қанша керек болса,
сонша жіберілсін;
            7) башқұрт тархандары мен мешерлері
де қанша қажет болса, сонша жіберілсін;
            8) жаңа қалаға қажетті зеңбіректер,
мортирлар мен фальконеттер тиісті аммуницияларымен, жабдықтарымен және
мамандарымен Екатеринбургте дайындалсын, ал оқ дәрі мен қорғасын керегінше Уфа
мен Қазаннан қамтамасыз етілсін;
            9) Уфадан бұрынғы жалақының үстінен
жиналатын алым-салық ешқайда жіберілмей, осы экспедицияның мұқтажына жұмсалсын;
            10) қырғыз-қайсақтардың биі
Бөкенбайдың барымташы башқұрттар алып кеткен адамдары тегістей еліне
босатылсын; сондай-ақ Рогорвикке2 жер аударылған қарақалпақ өліп қалмаса,
баласымен бірге Жайыққа қайтарылсын;
            11) жоғарыда айтылған шараларды
жүзеге асыру обер-секретарь Иван Кириловқа жүктелсін, оған жәрдемшілікке
Алексей Тевкелев мырза тағайындалсын; керекті адамдары осыннан және Москвадан
тауып беріліп, қолдарына біздің нұсқауымыз бен пәрменіміз табыс етіліп, екеуі
әлгі сапарларына тезірек жөнелтілсін; Бұның нәтижесі бізге хабарланатын болсын.
Анна», - деген бұрыштама соғылған қағаз императрицаның қолына жеткенше қанша
қолдан өтсе, сонша қолға қайтып оралды.
            
            1 Тептерлер- Еділ бойынан қоныс
аударған, патшаға алым-салық төлейтіндердің дөптеріне тіркелген татарларды
башқұрттар осылай кемсіткен.
            2 Бобылдар - мұгедектігіне не
кәрілігіне байланысты салықтан босатылған кіріптар қызметшілер.
            
           
            Алдияр тақсыр бұрыштама салған
қағазбен танысқандардың қай-қайсысының да көздері күлімдеп қоя берді. Әсіресе,
Иван Кириловтың қуанышы қойнына симады.
            Сенаттың обер-секретарының қоңырқай
баспанасының асты-үстіне шығып әбігерге түскеніне жарты айдай болып қалды.
Өздерімен бірге ала кететін нәрселердің бәрі буылып-түйілді. Басы артық
ұсақ-түйектің қажетке асатыны базарға апарылды, көршілерге таратылды, қажетке
аспайтыны қоқыс төгетін шүқырлардан барып бір-ақ шықты.
            1 Рекрут - жазаға тартылып не
жалданып өскер қатарына жаңа шақырылған адамдар.
            2 Рогорвик- Эстониядағы гавань. Ол
тұста мемлекет алдында аса кінәлі адамдар сол гаванның құрылысын салуға
каторгаға айдалған.
            
            Әлі күнге жиылып болмаған
обер-секретарьдың кабинеті. Бұрын столдың үстінде, шкафтардың, терезенің алдында,
орындықтың үстінде шашылып жататын көп кітап, көп қағаз, шиыршықтап оралған
ландкарталар, енді жерде тырдай жалаңаш тақтай еденде ию-қию жайрап жатыр.
            Қашан көрсең - асығып-үсігіп әлде
бір жаққа кетіп бара жатып, қашан көрсең - асығып-үсігіп әлде бір жақтан қайтып
келе жатып мұрынынан шаншылатын да жүретін обер-секретарь қызметінен оралысымен
кеңсе киімін шешіп тастап, үстіне әншейінде қойма жұмыскерлері киетін арзан
матадан тігілген желең шапанды іле салып, білегін сыбанып іске кірседі. Бірақ,
бәрібір шағын кабинеттің ішіндегі қараптан-қарап басыңды айналдыратын
бейберекет қоқыр-соқырдың мұрты да шағылмайды.
            Өйткені, қашан бас сұқсаң да,
обер-секретарь қақ ортадағы қақпағын шалқайта ашып тастаған темір сандықтың
қасында жағын таянып, қабағын шарта түйіп, қалың ойға малтығып тұрғаны.
            Пәлен жылдан бері көзінен бір сәт
таса қылмай, іздеген уақытында я оң шынтағының, я сол шынтағының астынан сопаң
етіп шыға келіп, әрдайым я кеңседегі, я үйдегі жұмыс столының үстінде арнаулы
құтыларда самсап сап түзеп тұратын қайшы, қағаз қиятын пышақ, мық шеге,
ине-жіп, сызғыш, циркуль, желім, өшіргіін, сия сауыт, қалам сауыт, папье-маше,
дәптерлер, альбомдар, газет жыртындылары, сарғайып кеткен хаттар -бәрі-бәрі
енді, міне, көзіне оттай басылады. Ешқайсысын мұнда тастағысы жоқ. Олар қалып
қойса, барған жерінде де дәл осылай самсап қарсы алдында тұрмаса, Бұның ертең
жұмысы жүрмейтіндей, үйірінен айрылған жылқыдай қаралай қоңылтақсып бітетіндей
көрінеді. Осы бір ауызға алуға да татымайтын арзымсыз ұсақ-түйектен ажырап
кетсе, бұны өзгелер түгілі өзі де тани алмай қалатын секілді. Не десең, о де,
аяқ астынан айы оңынан туып, тасы өрге домалап шыға келген мына жолы болғыш
мырзаны күні кешегі қағаз басты хатшы Кириловпен байланыстырып тұрған жалғыз
жұрнақ - осы бір қоқыр-соқыр. Қазір, құдайға шүкір, онда бір кісідей дәреже де,
билік те, тіпті дәулет те табылады. Айтқанын екі етпей құрақ ұшып жүрген
бағыныштылар да жеткілікті. Тәңірі жарылқап, өкшесінде нәлі жоқ жайдақ етікпен
еңіреп қатқан көкше мұзды басқандай, қашан тайып кетер екем деп қаралай жүрегің
суылдап бітетін қолда ешқандай күш жоқ лауазымсыз, шен-шекпенсіз бұгежек күннен
де қүтылды. Енді бірер жылдан кейін ұлы империяның сонау Еділден арғы ен
шалғайында өзінен басқа «әй» дер әже, «қой» дер қожа болмай, шаршысына толып
шалқып отырмақшы. Соны ойлағанда күнде-күнде көре-көре, қол ұшында тұра-тұра өз
денесінің бір мүшесіндей болып кеткен мына бір нәрселердің қадір-қасиеті
бұрынғыдан бетер арта түседі. Қайсысын алып кетерін, қайсысын тастап кетерін
біле алмай ерте күнді кеш қылып дәндәнай боп тұрғаны.
            Қарап тұрса, бұл үшін мына дүниеде
олардан қымбат, олардан қастерлі бірдеңе болуы мүмкін емес. Әу баста-ақ
қайыршыдан сәл тақыл, аштан елмес, көштен қалмас күйі бар қағаз көшірушінің
үйінде жарыққа келген бұның бүкіл тағдыры дәл мынау қарсы алдында шашылып
жатқан болмашы дүниесымақтарға байланысты еді. Әуелде де оны қатарға қосқан осы
қалам, сия еді. Әйтпесе, қаланың бір шетінде алапестердің моласындай ағал-сағал
боп ала бөтен жұтырайып жататын етікші, арбакеш, отыншы, кір жуушы - қайдағы
бір қағылған-соғылған ұсақ кәсіпкерлер тұратын бықынажай махаллада туып ескен
Бұл секілді тілік өкше тіміскіге күндердің күнінде дәл мынандай бақ-дәреже
бұйырар ма еді, жоқ па еді?!
            Есіне осы ой түскенде көкірек
тұсының көбесі сөгіліп, өз-өзінен жидіп ала жөнеледі. Көсіп қуып тамақ асырап,
бұйырмыс тап қылған ұрғашыға көңіл қосып, тұрмыс құра салған, ғашықтық, тағы
сондай елжіретпе, елітпе сөзімдер жайын тек кітаптардан ғана оқып білген қара
шекпен кеңсе қызметкері өн бойын осындай бір осал сөзім тосыннан билеп алғанда
қапелімде аяқ астынан ауырып қалғаннан саумын ба деп, қараптан-қарап қобалжып
бітер-ді. Енді, міне, бұндай нөзік сөзімдерге де бірте-бірте бойы үйренер түрі
бар.
            Иә, расында да, бұл қайырды осы ортан қолына
өле-өлгенше өшпейтіндей құс бітірген қауырсын қаламнан көріп келеді.
            Көзін қағаз тесіп, қолын қалам
жауыратқан әкесі марқұм: «Ең болмаса, балам өмір бойы төрт қабырғаның ортасында
қамалып қалмай, ел қатарлы жел сүйіп, жер көріп, ауа жұтып өтер ме екен», - деп
бұны он үш жасында Москвадағы тұңғыш навигация мектебіне1 әкеп тапсырған-ды.
Бірақ, теңізшілікті мұның маңдайына жазбапты. Мектепті ойдағыдай бітіргенмен,
денсаулығы жарамай түкпірдегі Елецке қағаз көшіруші болып кетті. Петр ағзамның
кезіндегі талай кеңселердің астын-үстіне шығарған көп тазалаудың бірінің
тұсында, стольник2 Холопов жер-жерден жиып әкелген қағаз-қаламға ебі бар он екі
жасөспірімнің бірі болып, ол қайтадан астанадан бір-ақ шықты. Қағаз
көшірушілерді мекеме-мекемеге бөлгенде, оның көбі құпия қылмыстар тексеретін
кеңсеге түсті. Өз айтқаны болмаса, өзгенің сөзіне көп құрақ ұша қоймайтын қиқар
мекеме бұған бірден стол қимай, әуелі біраз уақыт көше кездірді. Қазірдің
өзінде есіне түскенде қараптан-қарап төбе-құйқасы шымырлайтын сол өзірейіл
қызметтен құтылғаны да осы қауырсын қаламның арқасы еді. Әйтпесе, кім біліпті,
әлге дейін жағасын түріп, мыжырық қалпағын көзіне түсіріп киіп,
қалтарыс-қалтарысқа тығылып ап, өткен-кеткеннің тықырын аңдыған көп жансыздың
бірі болып сирағы шығып сидаңдаумен жүрер ме еді, қайтер еді... Қайыптан-тайып
бір бастық бұның жазған жасырын ақпарын оқыпты. Мазмұнына қалай қарағанын өзі
білсін, жазуы қатты ұнапты. Атамзаманғы түнеріңкі сұр үйдің бір абажадай бөлмесінде
күнде ертемен зіл-батпан темір есіктегі сығырайған жалғыз терезеден қашан
атымды атап айқайлар екен деп тықыршып тапсырма тосып, оны алғасын бәйбішесі
өлген үйдің асханасынан бет-бетіне безе женелетін аш тарақандай жан-жаққа
тырым-тырағай зыта жөнелетін көп тыңшының арасында кезек күтіп отыратыны әлі
көз алдында. Сонда тіпті бір-бірінің бет-аузына дұрыстап қарамайды да екен.
Жағасын түріп, желкесін күдірейтіп теріс қараған күйлері бастыққа өтеді. Сол
бедірейген қалыптары бастықтан шығады. Сол, жақ ашпағандарымен қалтарыс
көшелермен жұмсаған жаққа жөнеп береді... Сол күні бұған кезек ең соңынан
келді. Қатыны өліп, оң жақта жатқандай тұнжырап отыратын бұқа мойын бұқпантай
бастық қарағай тосқауылдың аржағындағы бұрсеңдеп тұрған бұған құдды ол тапсырма
ала келмей, қарыз сұрай келгендей, алақандай көзінің қан талап тұрған бар
тамырын бадырайтып алая қарады.
            
            1 Навигация-су қатынасы.
            2 С то л ь н и к - патша сарайы
дастарханына баскөздік ететін ұлыққа берілетін құрметті лауазым.
            
           
            -Кирилов, тергеушіге бар.
            -Неге?
            Қанша тосса да, жауап болмады.
Кирилов абайсызда нәжіс басып кеткен баладай жан-жағына жалтақтай қарап
тергеуші отырған бөлмеге жасқана аттады. Мұздай суық абажа бөлмеде арқасына тон
жамылып қорбиып отырған тергеуші жөн де сұрасқан жоқ, анадай жердегі жалаңаш
қарағай столды иегімен нұсқады. Сүйтіп бұл қылмыскерлер мен куәлардың жауабын
жазып отыратын хатшы болып орналасты. Соның өзіне кезінде төбесі көкке
жеткендей қуанып еді.
            Күнде зіркілдеген жекіру, ақыру.
Күнде сарт-сұрт кісі сабау. Күнде жан-жағы қызыл қан. Сол қан қасаптың
ортасында бұл тұқшыңдап қағаздан бас көтермейді. Қара мұздай қапаста ыстық
сорпа ішкендей тұмсықтарының ұшы шып-шып терлеп, ылғи білегін түріп жаланып
жүретін қикөз жендеттердің тепкісінен шығып, қиралаңдап белін көтере алмай
отырған бейшаралардың езулерінен қара қан сорғалап отырып айтатын сөздерін
қағыс жібермей қағазға түсіріп, қарағай столда қақ төрде қақырайып жауап
тыңдайтын қаққан қазықтай қақшиып отырып-ақ, кейде кейбір қылмыскерлердің
тергеуіне келіп, анадайда қақырайып отыратын талай ақ жаға шонжардың назарына
ілігіпті. Оны тіпті өзі де сөзбепті. Бірде Бұл жазып шыққан әйгілі іспен
танысқан патша сарайындағы мәртебелі тақсырлардың бірі:
            - Жазуы қандай әдемі. Мына жігіт
бізге керек екен? - деп жата қалып жабысыпты.
            Сол-ақ екен бұл сенат құрылғанда,
содан барып бір-ақ шықсын. Әуелі қағаз көшірді. Сүйтіп жүріп секретарьлыққа
қолы жетті. Ол кездегі сенат қазіргідей қаңырап бос тұрмайтын. Ертелі-кеш есігі
жабылмайтын. Оған тек қызмет бабымен кіріп-шығатын ресми ұлықтар ғана емес,
ұлан-байтақ Россияның о шеті мен бұ шетінен дау қуған, қиял қуған сан-сияпат
адамдар сабылып келер де жатар-ды. Оның бәрін құшақ жая қарсы алып, көлитіп
мәслихат құрып отыруға мәртебелі тақсырлардың уақыты да жетпейді, құлқы да
соқпайды. Көпшілігі осы Иван Кирилов секілді шығарып салма сөзге жетіліп алған
аққаптал кеңсе қызметкерлерінің алдын көріп қайтқандарына мөз болады.
            Бірде тапа тал түсте бұл отырған
бөлмеге қайдағы бір сусар, бұлғын, сілеусін, қарсақ, барыс - әйтеуір бұның
көргені бар, көрмегені бар - неше қилы түз тағылары қаптай жөнелгені. Сөйтсе
есіктен екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей біреу қорбаңдап кіріп келеді.
Әлгі бір аяқ астынан шұбыра жөнелген жер қайысқан көп аң да соның қауқиған
тонына жапатармағай жабысып алыпты. Қапырық бөлменің ішін тайганың қышқылтым
шайыр исі кернеп қоя берді. Басқан жерін ойып жіберердей боп, сырлы еденді зар
қақтыра келген бейтаныс мейман амандық жоқ, саулық жоқ бірден беліндегі қайыс
белбеуін жұлқылай бастады. Әлгінде Кириловтың көзін атыздай қылған көп аңның
терісін тұтас қалпында бір-біріне қалай болса солай құрай салған құрақ тонын
иығынан бір жұлқып сыпырып алып, ортасынан бір бүктеп столдың қарсы алдындағы
орындыққа қобыратып тастай салды. Сосың үстіне шалжиып өзі отырды. «Мынауың кім
еді?» - дегендей бұның бет-аузына алая қарады. Солай біраз шаншылып отырды да,
астындағы орындықтың арқалығына асулы ені жарты қарыс қайыс белбеуіне қол
созды. Оған байлаулы аң терісінен жасалған жан торсықты салдыр-гүлдір
шайқап-шайқап қойды. Қарағай орындықты қақыратып жіберердей керіле шалқайып,
қолындағы торсықты бұған ұсынды. Торсықтың әшекейі Сібірдегі көп бұратаналардың
біреуінің қолынан шыққанын аңғартып тұр. Бұл жымиып:
            - Рахмет, - деп басын шайқады.
            Құдды бір пешке таптанып отырғандай
күреңіте қызарып албырап алған алпамса кісі тұздай көкпеңбек көздерін тағы да
бір шаншылта қадап өтті. Сосын «ендеше, шаруаң білсін» дегендей, тойған
торайдың бүйіріндей томпиып тұрған жанторсықтың селтиген жаңғыз пұшпағын
едірейген жирен мұртының астына апарды. Жұдырықтай жұтқыншағын бұлт-бұлт
ойнатып, бірдеңені қылқ-қылқ жұта бастады. Ашырқанған мезірет жасап танауын
тыржитты. Жанторсық байланған белбеуін орнына қойды да, оң тізесін зіп-зілдей
жұдырығымен бір нұқып алып сөз бастады. Ол сонау жер түбіндегі Якутскіден
келіпті. Казак атаманы Афанасий Шестаков көрінеді. «Үкімет басындағы Сенатқа
айтып кетер бір-ақ ауыз сөзім бар», - дейді. Сондағы айтиағы мынау төбесінен
ыс-ыс сабаны салбыраған күйе шатырлы Россиядан бір қадам былай аттап шықтың-ақ
- тұнып тұрған байлық. Мұншама ағыл-тегіл дәулетті тайга мен түздің көк инені
құйрығынан түрте алмайтын қайдағы бір салдыр-салақ жалаң бұттары бостан-босқа
рәсуа қылып отыр. Мына мұхит пен ана мұхиттың арасындағы ұлан байтақ өлкенің
асты мен үстіндегі көлкөсір қазынаны қажетке жарата алатындай орыстан басқа
ұсынақты жұрттың ңарасы бұл төңіректе өзір көрініп тұрған жоқ. Соншама көлкөсір
жер біздің түреніміз бен қайламыз тимесе, осы жабайы қалпында жата берер түрі
бар. Қашан балағын түрініп, балтасын асынып орыс шаруасы келер екен деп
солдаттыққа кеткен байын күтіп тыпыршыған ту қатындай қаралай жонынан жыртылып
айырылып жатқан анау ақ селеулі даланың, одан арғы сыңсыған ну ормандағы әлі
күнге адам түгілі ит иіскемеген, құрт-құмырсқаға жем болған есіл мәпаханың
обалын ойлайтын уақыт келді емес пе? Мұнда бықсыған қалың тұманның ортасында
патшаханымның тажын тастатып, іш көйлекшең қалпында көретін бір-екі келімсектің
не деп шүлдірлегенін естиміз деп құлақтарыңыз салбырап қалғып-мүлгіп отыра
бергенше, қайда жол түсер екен деп табаны қышып, балтырын қасып үйіне сия алмай
отырған байғұс мұжықтарға: «Барыңдар ана шығыс өлкелерге, батыңдар ана
байлыққа!» - деп айтпайсыңдар ма, түге?..
            Афанасий Шестаков айтарын айтты да,
аспандағы құдайды ма, жердегі патшаны ма, жоқ мынау қарсы алдында мұның махорка
ыстап тастаған сағал-сағал сары тістерінің арасынан тағы қандай сөз шығар екен
деп телмеңдеп отырған Иван Кириловты ма, кімді екені белгісіз, әйтеуір біреуді
жер жастандыра боқтады да, тарғыл тонын қолтығына қыстырып тайып тұрды. Бірақ,
қағаз қажаған қара шекпен хатшының көкірегін қыж-қыж қайнатып, көкейіндегі әлде
бір қызыл құртты түртіп оятқан тайганың тоқтық пен шайыр аңқыған өзөзіл иісі
бөлменің ішінде аңқып қала барды. Сосын-ақ бұл келген-кеткендердің қай тараптан
келгенін, жерлерінің табиғаты қандай екенін, көршілерінің қандай елкелер
екенін, олар жайында не білетінін ала бөтен көп қаузайтынды шығарды. Әсіресе,
астанаға әлі беймәлімдеу шет аймақтардан біреу-міреу келе қалса, құдайы әбден
береді. Әскери жорықтарға қатысқан не сыртқы істер коллегиясының тапсырмасымен
бір жаққа барып қайтқан біреу-міреуді естісе, соңынан қалмай жүріп жат өлкеде
не көріп, не қойғанын тәптіштеп сұрап алады. Естігендерін ұмытып кетпей
тұрғанда дереу қағазға түсіріп отырады. Карта жинауға құмарлығы да сонда оянды.
Енді ол мәжілістестерінің айтқанына ғана қанағаттанып қоймай:
            - Барып қайтқан жағыңыздың
жен-жобасын долбарлап қағазға сызып бермес пе екенсіз? - деп қолқалайтынды
шығарды.
            Сенаттың басқа қызметкерлеріне
істері түсе қалса, қалталарын томпита келетін кәнігі келімсектер бұған
жолығатын шаруалары шыққанда қолтықтарына ораулы шимай-шимай қағаз қыстыра
келуді әдетке айналдырды.
            Кириловтың столының тартпалары мен
шкафтарында ондай ораулы қағаздар күннен-күнге көбейе берді.
            Соның қызығын бұл ақыры көріп
тынды. Ол кезде терістік майданының жағдайымен басы қатып жүрген Петр патша
анда-санда астанаға бір соғып кеткен тұстарында сенатқа қалай да бір кіріп
шығатын. Әлге дейін есінде... 1724 жылы декабрь айында Сенат мәжілісі үстінде
Сібір жайында әңгіме туып қалды. Бір қапталда аяғын айқастырып тастап терезедегі
әлекей-шүлекей қырауға қарап өзімен өзі боп отырған патша:
            - Сібір аймағының картасы бар ма?
Әкеліңдерші.., -деп дүңк еткені.
            Стол басында отырғандар көздерінің
астымен бір-біріне қарасты. Ондай картаның жоқ екенін бөрі де біледі, бірақ:
«Жоқ», - деп айтуға ешқайсысының батылы бармай отыр. Соны іші сезіп қойған
патша әдейі оларды қинай түскісі келгендей қайтадан терезе жаққа қарап,
қайтадан өзімен-өзі болып кетті.
            Мәжіліс тым-тырыс. Бәрі де
көздерінің қиығымен патшаны аңдулы. Міне, оның жылмиып жатқан қара мұртының
шалғысына күлкі ілінді. Сол жымиған қалпы қазір бұларға бұрылып қарайды. Патша
алдияр беттеріне қарап отырғанда, бастарын көтермей жанарларымен жер шұқып
кетуге олардың қақылары қайсы?! Амалсыз көздерін тіктеп, патша жаққа жүздерін
бұруға мәжбүр болады.
            Сол-ақ екен патша ағзамның жылмиып
жатқан құндыз мұрты лезде барлық жылтынан айрылып, кірпідей тікірейіп
түрегеледі. Жымсия күліп тұрған нұрлы жанары кенет әлем тапырықтанып әпірейіп
алады. Сосын шекелей қарап тұрған асқақ басын аспандата шалқалап:
            - Бүйтіп Сенат болғандарына! - деп
бір сыбайды. Сол жолы патша ағзам аузын енді аша бергенде
            Кирилов орнынан көтерілді:
            Алдияр тақсыр, ондай картаны Сібір
мен Камчатка түбегінің қолда бар схемаларынан құрастырып сызып шығуға болады!
 
            Жұрт сілтідей тынып қалды. Мұндайды
ешкім күтпеген. Тұтанғалы тұрған ашудың жолын бөгеген бұл қайсысы еді дегендей
патша орнынан атып тұрып шаншыла қарады. Көмейіне іркілген зәрлі сөзді қайда
жіберерін білмегендей бірер жұтынып қойды. Сосын құп-қу жүзіне қан теуіп, көзі
самаладай жарқырап:
            -   
Ендеше сол картаны бір тәуліктің ішінде өз қолыңнан жасап шықпасаң, қара
жердің бетін басып болдым дей бер, көгершінім, - деді.
            Қаздаңдай басып есіктен шыға
жөнелді.
            Залдағылар орнынан көтеріліп,
состиып тұрған бұл жаққа көздерін бір-бір тастап есікке беттеді.
            Ертеңіне алдында жатқан жаңа
сызылған картаны көргенде патша столды жұдырығымен бір қойып:
            - Кирилов, өзің есектен де өткен
ерегеспе неме екенсің? - деп шаңқ ете қалсын.
            Төбе дір етіп, шамдалдар шайқалып
кеткендей. Бұның қолына ұстап тұрған көрсеткіш шыбығы сылдыр етіп жерге түсті.
            Патша алдындағы жаюлы жатқан көлдей
қағазға үңіліп тұрып, сылқ-сылқ күлсін.
            Жұрттың көзі одан сайын адырайып
барады. Кирилов дәл екі шыңшыт тұсынан шып ете қалған мұп-мұздай екі тамшының
кенет пышақтың жүзіндей өткір бірдеңеге айналып дәл алқымдыққа барып инедей
қадалып тұрып алғанын сезіп тұр. Тырп етсе ұлпа тамағына кірш етіп кіріп
кетердей.
            Патша тағы да жүзін суытты.
            - Брюс!
            Бір бұрышта иығы салбырап кеткен
орыс аңсүйектерін үнсіз қызықтап тұрған шотланд Брюс ұйқыдан шошып оянғандай
селк ете түсті.
            - Бері кел!
            Брюс жасқаншақтап патшаға
жақындады.
            - Бұріспей тезірек жүріңіз...
            Бейшара Яков Виллимович иегі
қалт-қалт етіп аяғын жылдамдата басты.
            - Сені де тау-кен істері
коллегиясының президенті дейді-ау. Қайдағы бір қағаз көшірушінің жасағанын әлі
жасай алмай келе жатсыңдар. Кирилов сендердің Россияның ғылымын құлпыртуға анау
керек мынау
керек деп жазған неше бір
шимайларыңды талай көшіріп шықты. Оның жасағанын енді сендер көшіресіңдер.
Бәлкім, қолдарыңнан карта жасау келмегенмен, жасалған картаны көшіріп көбейтіп
беру келетін шығар.
            Брюс:
            -Құп болады, алдияр тақсыр, - деді
дауысы қалтырап.
            -Кирилов! - деп ақырды патша.
            Кирилов одан сайын сіресе түсті.
Алқымына тіреліп тұрып алған өзөзіл ине одан сайын мұп-мұздай боп, көкірегін
аяз жалағандай қарып барады.
            Сен бүгіннен бастап Сенаттың
обер-секретарысың.
 
            Жым-жырт жұрт аяқ астынан жел
көтерілгендегі шалғын басындай оқыс толқынып, біреулердің тіпті «Уһ» деген
дыбыстары да шығып кетті.
            Патша алдындағы қағазды шиыршықтап
орады. Қарсы алдында қаздиып тұрған Брюстың оң қолтығына әкеп өзі қыстырды.
Оқшау қалып қойған Кириловтың қасына кеп арқасынан қақты. Мұртын бір жыбыр
еткізіп есікке бұрылды.
            Қалған шонжарлар да патшаның
істегенін істеп, Бұның қасына келіп, сәл аялдап, бастарын изеп, сырттағы
күймелеріне зытып берді.
            Абажадай сенат залында жалғыз қалды.
Не болып, не қойғанына түсінбегендей. Сілейіп әлі тұр. Әлгінде ғана патша шығып
кеткен жаққа бұрылып қарай беріп еді, алқымына әлдене шым етіп қадала кеткендей
болды. Жон арқасы мұздап қоя берді. Мана патша келеді деп асығып-үсігіп
жүргенде қағаз тігетін инені ұмытып кетіп орнына салмай, абайсызда жағасына
қадалып қалып жүргеннен сау ма! Жалмажан қолын мойнына апарса... Омырауы
малмандай су. Екі шықшыттан қүйылған ащы тер жүтқыншақтан төмен саулап,
көкірегін шылқытып тастапты. Қалтасынан орамал алып, бұрыштағы айнаға бұрылды.
Сөйтсе... Көзінің алды сора-сора. Өзі де білмепті. Манадан бері үнеіз жылап
тұрыпты.
            Кирилов сүлдері құрып қапталындағы
орындыққа сұлқ отыра кетті. Басын көкірегіне алып, екі иығы бүлк-бүлк етіп,
қапелімде жұбана алмай, ұзақ солқылдады.
            Бұл оның өмірінде бірінші рет
жүрегі жарыла қуанғаны еді.
            Содан былай сенаттың аты аталған
жерде жұрттың есіне ең алдымен Кирилов түсетін болды. Обер-секретарьдың
кабинетіне тағы да бір айлапат стол қойылды. Кирилов қолы қалт еткенде соған
барып карта сызады. Бірте-бірте баяғыдан бері шынтағын жауыртқан байырғы жазу
столын атымен ұмытуға айналды. Ертелі-кеш күйбеңдеп абажадай сызу столының
қасынан шықпайды. Ертелі-кеш қолынан сызғыш пен өшіргіш түспейді. Бір жаққа жолаушылап
барып қайтқандар ең алдымен соған кеп бір соқпаса, бастары ауырады. Бір жаққа
жолға шыққалы жүргендер де шырқ айналып соны табады. Бірде оған тұла бойында
сүйек пен еттен ештеңе жоқ, түп-тұтас сом болаттан қүйылғандай мып-мығым
біреудің кіріп келгені. Теңізші. Бірінші дәрежелі капитан. Қызыл шырайлы
дөңгелек жүз. Еркектерден гөрі әйелдерге келісіңкірейтін қою керме қас. Жұмсақ
жұмыр иек. Тек орақтай мұрын мен бармақтың басындай теңге мұрт қана айбын
шақырғандай. Кирилов тани кетті - Витус Беринг. Россияға қызметке жалданып
келген дат теңізшісі. Жиырма жыл жан аямай еңбек етіп, ағыл-тегіл тер төгіп,
жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенде екінші дәрежелі капитан деңгейінен аса
алмай қойғасын қолды бір-ақ сілтеп отставкаға шықты деген. Бірақ, еліне кетпей,
Выборгке барып үй-жай алып орналасты деген. Қызметте жүргенде берілмеген
бірінші дәрежелі капитан лауазымы отставкаға шыққасын берілген. Өзін жұрт
басынан сөз асырмайтын шамшыл, кіді, намысқой кісі атайтын. Ендеше сондай
тәкаббар неме басқа ұлық жетпегендей бұған қалай бас сұғып жүр...
            Мейман Кириловтың ойын аяқтатпай,
жөнін өзі айтты.
            -Камчаткаға экспедиция аттандырғалы
жатыр деп естідім. Рас па?
            -Рас.
            -Ендеше, соған сұрансам, мені
жіберер ме екен. Ол
жақта аң терісі әрі арзан,
әрі өте кеп деп еді. Осындаокеліп қымбатына сатып, ырзық айырмасам,
ыңырша-гымыз айналуға қалды. Ақыл сұрай келдім.
            Қыршаңқы теңізшінің айтып тұрғаны
қалжың шығар лейін десе, көзінде жылт еткен жымысқы ұшқын жоқ, қадалып қайсар
қарайды.
            Жүріс-тұрысы, тұлға-тұрпаты, айтса
айтпаса да, тапжылмас табандылықты аңғартқандай. Өзге әріптес-теріндей
асып-төгіліп көп те сөйлемейді екен. Аузын әр ашқаны мен аяғын әр басқаыы
есепте сияқты. Сол мінезінен де өрге баспай жүрген түрі бар. Біздің қайран
Россияда мық шегедей қадалтып айтқан мығым пікірге қашан дес беріліп көріп еді.
Бәрін алдын-ала төптіштеп, жүз қайтара кесіп-пішкен жүйелі ұсыныс, жосықты
жобаның кімге қажеті бар! Ондайды оп-оңай мақұлдай салғаннан қай шонжар, қандай
ұлық абырой табады. Қарауындағылардың қатырдым деп әкелгенінен қате таппаса, ол
қақырадай боп несіне бастықпын деп отырады. Оның ақ қағаздың бетінде сенің
қаламыңнан гөрі айылын жимай батыл жортатын сойылдай сойқан қаламына да бірдеңе
қалдыр. Сонда ғана ол ертең: «Егер мен мынадай кілтипанын таппағанда, Бұл
мұндай мықты боп шықпайтын еді!» - деп осындай іргелі іске өзінің де қосқан
үлесін оңды-солды айтып мақтану үшін де әлгі жобаны бекітуге қос қолын бірдей
көтереді. Бұл айлаға Петр өлгелі күллі Россия басщасынан кещесіне дейін түгел
жетіліп болуға айналды. Қайран император былшылдап бара жатса төбесімен көк
тіреген талай шонжарды төтесінен бір қайырып тоқтатып тастап, есіктегі қағаз
көшірушінің жүйелі сөзіне құлақ асқанын басқа көрмесе де, Кирилов көрді ғой.
Қазіргі шонжарлар сөзіңнің жүйесінен гөрі көйлегіңнің түймесіне көбірек мән
береді. Үй сыртындағылардың сөзін тінткілеген мен үй ішіндегілердің көзін
тінткілегенді ел басқару деп ұғады. Кемеңгер отырар жерде кемпарық отырса,
сөйтпегенде қайтеді. Мынау қиқар теңізші де мына қалпымен есік жағалап ештеңе
өндіре қоймас. Әлгі ниеті рас болса, бұған біраз нәрсені «әліппеден» қайта
бастау керек сияқты...
              Капитан Витус Беринг әлгіндей ақылға уақытылы
құлақ асып Камчатка сапарына уақытылы аттанып кеткен-ді.
            Дегеніне жетіп, екі езуі екі
құлағында тұрған мөз-мәйрам теңізшіні көргенде Кирилов сұйқылт жымсиды. Әдеп
пен тәртіпті, үнсіз бағыну мен ұқыптылықты сауыт қып киініп, лауазымды ордаға
тымпиып кіріп, тымпиып шығып жүрген қойдан қоңыр кеңсе қызметкерінің
көкірегінде әлде бір бұралқы күшік шәуілдеп үріп қоя бергені! «Талай сабаздың
көз көрмеген қиян түкпірлерге жасалатын талай сапарына өзім себепші болдым. Ал
менің өзім осындай жорықтарға қашан аттанам? Әлде осылай, әкем марқұм айтқандай,
мынау төрт қабырғадан бір қадым аттап шыға алмай, шар тарапты қиялмен шарлап,
шақша басым шарадай болып, стол айнала сенделумен бар дәуренімнің еткені ме?!»
            Жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын,
басқа жұрт, басқа кісілердің не істеп, не қойып жатқанында кеп шаруасы бола
бермейтін Кирилов дәл мынандай бұралқы күшік өзінің де көкірегінен күрке салып
ала қояды ғой деп ойламаушы еді. Қапелімде шошып қалды. Оның ішінде тағдырдан
бір кісідей-ақ егейлік көрген әлгі теңізшіге іштарлық ойлағанына қатты ұялды.
Содан ба екен, қит етсе, оның атын аузынан тастамайтын болып алды. Тіпті жуырда
патшаға берген жаңа экспедицияның жоспар-жобасында да Берингтің Камчатка
сапарын таусыла мақтады. Кирилов кісі қызғанышты тек осылай ғана жеңуге тиісті
деп ойлайтын. Әйтпесе, жаныңа бір қадалып алған жады тікен қашан қаныңды бұзып,
қолыңа қанжар ұстатып, қалтарыс тостырғанша, тыныш таптырар ма! Адам мен аңның
жалғыз айырмасы да сол кісінің ен бойын өртеп бара жатқан қызғанышты аяусыз
баса біліп, әділетке жүгіне алатындығында емес пе?! Қызғаныштың дегеніне көнген
қай мықтың да ақыры қабаған төбеттің кебін киіп, азуынан айырылып тынатын.
Қызғанышты жеңіп, өзіңді өзің қайрап өрге бастасаң, кім біліпті, күндердің
күнінде сенің де айдарыңнан жел есер? Жел еспеген күнде де, ешкімге қиянатың
тимей, бетіңе шіркеу түспей өтесің ғой!
            Енді, міне, шынында да, Бұның
айдарынан жел ескелі тұр!
            Кирилов сандыққа үңіліп, екі қалың
фолиант1 алып шықты. Әуелі үстіңгісін ақтарып көрді. Бұл - мұның он жыл уақыт
жіберіп, көз майын аямай сарқып, қалтасын әбден қаққан, зарығып көрген ең
қадірлі еңбегі. Оның жолында істемегені жоқ. География мен тарихты зерттеді,
математиканы үйренді, әскери коллегия мен адмиралтействодан шықпай геодезия мен
картография негіздерімен танысты. Артынан жан-жаққа жол шығып бара жатқандарды
шақырып алып, оларға жербедерін қалай белгілейтінін, картаны қалай сызып, қалай
оқитынын үйретті. Оның арманы - жүз жиырма картадан тұратын үш томдық «Россия
атласын» бастырып шығару. Міне, соның жиырма алты картадан тұратын алғашқы томы
өлдім-талдым деп биыл өзер жарық көріп отыр. Сенат соқыр тиын көмек көрсетпеді.
Бәрі - өзінің жиған-тергені.
            
            1Үлкен форматты көнелікті қалың
кітап.
            
            Қолындағы кітаптың алғашқы бетіне
үңілді. «Күллі Россия империясының барлық патшалықтары, губерниялары,
провинциялары, уездері мен шекаралары, қалалары мен олардың төңірегі,
монастырьлары, слабодкалары, селолары, деревнялары, заводтары, жел диірмендері,
өзендері, теңіздері, көлдері, белгілі таулары, ормандары, батпақтары, даңғыл
жолдары орыс геодезиястерінің қал-қадарлары жеткенше жасаған ландкарталары
бойынша тыңғылықты зерттеліп, қандай бойлық пен ендікте жатқандықтары
анықталып, мейлінше дәл көрсетіліп, жер атаулары латынша және орысша жазылған
бұл атласы Иван Кириловтың еңбегі мен ыждаһатының жемісі болып табылады!»
Соншалықты шұбалаңқы болғанмен, өте-мөте дәл айтылған емес пе! Расында да, Бұл
атласта орыс жерінің қазіргі бедерінде кісінің меңіндей белгі болса да қағыс
қалдырмай түгел керсетуге тырысты.
            Биылғы жыл - жолының оңғарылған
жылы. Әлгі атластың бояуы әлі кеппей жатып, сыртына орысша және латынша «Үкімет
басындағы Сенаттың обер-секретары Иван Кирилов 1734 жылы Сенат-Петербургте
хал-қадар әлінше еңбектеніп құрастырып шығарған Россия империясының бас
картасы» деп жазылған тағы бір туындысы басылып шықты.
            Екеуінің де ә дегеннен желі оңынан
туа кетті. Петербург пен Москва оқымыстылары екеуін де пышақ үстінен таратып
алды. Шетел ғалымдары да Россиядағы таныстарына хат жазып: «Кириловтың кейінгі
екі кітабының басы артық бір-бір данасы табылмас па екен», - деп қиылатын
көрінеді.
            Сол екі кітабының бір-бір данасын
сыртын алтынмен аптап әшекейлеген қымбат сандықшаға салдырып, қалай апарып
берудің ретін келтіре алмай қиналып жүргенде бұны Остерман өзіне шақырсын.
Барса әлгі екі кітапты патша іздетіп жатыр екен. Сол арада Кирилов ақылына
қатты риза болды. Күллі Россия империясы атласының алғашқы бетіне суретшінің
соңынан қалмай жалынып-жалпайып жүріп тұспал сурет салдырған-ды. Онда Россия
басына алтын таж киіп, шашын бос жіберген ақ көйлекті әйел кейпінде
бейнеленген-ді. Әйелдің көз алдында - жазира алқап, теңіздер, таулар, ормандар,
қалалар мен селолар; аяғының астында - глобус, карта, географиялық зерттеулерге
қажет құрал-саймандар.
            Императрица екі том шытырман
шимайдың басқасын үқпаса да, тап осы түспал суретті үққан түрі бар. Артынша-ақ
Остерман қайта шақыртты:
            - Анадағы сыйлығыңа аса мәртебелі
таж иесі қатты риза болды. Сен жайында көп сұрады.
            Сол екі ортада Тевкелев елшілігінің
қортындыларына байланысты жобаны жазып шығу бұған тапсырылды.
            Енді, міне, соның арқасында күні
кеше бұл алдияр тақсырдың қабылдауында болды.
            Кирилов жиналыс-жиындарда ғана
болмаса, патшамен ешқашан бетпе-бет кездесіп көрмеп еді.
            Императрица апартаментіне
шақырыпты. Қылдырықтай жіңішке имек аяқтары бұратылып үзіліп кетейін деп тұрған
нәп-нөзік диванда алшиып бір алпамса әйел отыр. Белінен төмен қарай түбіті
бұрқыраған жүн орамалмен шырқ айналдыра орап алыпты. Бұл отырысы алтын тажды
падишадан гөрі таң атпай жатып тілазар малайларға үй жинатып, онысы ойынан
шықпай, әбден қалжырап, жұмсақ орындыққа сұре жығылған беймаза бәйбішеге
келіңкірейді.
            Остерман үрдіс бойынша табалдырықтан аттамай
жатып бойын тіктеп, келістерінің мән жайын баяндағалы жатыр еді, императрица
ауыз аштырып үлгертпеді.
            - Ә, Андрей Иванович, төрлет,
көгершінім, - деді немере бағып қалған мейірбан әйелдердің мәймөңке үнімен.
            Остерман алдияр тақсырдан дәл
мұндай кішіпейілділік күтпесе керек қапелімде қайтерін білмей қипақтап қалды.
            - Алдияр тақсыр, Бұл кісі...
            - Білем, көгершінім... Иван
Кирилович, қысылма, төрге оз!
            Патша қарсы алдына оқшау қойылған екі креслоны
нұсқады. Кирилов буындары дір-дір етіп аяғын өзер басады. Мұнан да рәсім
бойынша қабылдағаны жақсы еді! Сарт-сұрт кіріп, таң-тақ шаруаңды баяндап, сып
беріп шыға жөнелер ең... мынандай жайғасып отырып сейлесер жайбарақат мәжілісті
кім күткен! Абайламай ши шығарып алып жүрмесе, жарар еді...
            Сақинасы ұстап отырғандай басын
таңып алған императрица бұларды одан сайын таңғалдыра түскісі келгендей:
            - Кешелі бері тісім сыртқырап мазам
кетіп жүргені, - деді жағын басып.
            Мына қалпы ешқашан ешкімге ештеңе
деп зекіп тіл қатып көрмегендей. Даусынан жұмсақ мейірім мен қажығандық қана
сөзіледі. Шексіз биліқ өктемдіқ жұртты қаралай пұшайман қылып қоятын айла-шарғы
дегендерің ешқашан түсіне де кіріп шықпағандай,
            Кирилов аң-таң. Патшаға керегі сол.
Тақ мініп, таж киген кісінің қай-қайсының да әдеті осы. Оны басқа білмесе де,
Кирилов жақсы біледі. Бірақ, таж иесі ағзам өзіне тап бүйтіп елпілдей қояды деп
кім ойлаған!..
            Императрица оның ойын сезіп қалғандай,
байсалды дауысқа көшіп:
            -   
Иван Кирилович, жобаңызды мұқият оқып шықтым, - деді көмірдей қара отты
көздерін бұның жүзіне ұзақ тоқтатып.
            Мынау бөксесін түбіт орамалға орап
ап, тісі ауырып, қабағын кіржитіп отырған қажыңқы бойкүйез әйелдің
тұлға-тұрапатында кісіні қаралай айбындыратын бір жұмбақ құдірет барын Кирилов
сонда барып байқады. Салтанат залында бар асылды үсті-басына үйіп-төгіп
жарқ-жұрқ кіріп келгенде жұрттың көзі ең алдымен императрицаның қолапайсыз
үлкен мүрнына түсетін. Шексіз билік иесі монархтарға тән астам мінезбен
айналасына көзі түспей шекелей қарайтын. Сонда қолақпандай үлкен мұрын көкке
шапіиыған шу асаудың алдыңғы тұяғындай шодырайып аспанға ілініп тұра қалушы
еді. Соның өзі-ақ мәрмәр залдың, хрусталь шамдардың, асыл таж, алтын тақтың,
жақүт пен меруертке малынып келіп отырған зиялы қауымның барлық сән-салтанатын
асқақтатып жіберетін.
            - Сен жобаңа дұрыс жазыпсың. Жаңа
бодандарымызға жабірден тәрк етіп мәнсіздендіріп жібергендей көрінетін. Ал
енді, міне қасында отырып
қарағанда тап ондай ерсі
ештеңе байқалмайды екен. Рас, қорасан талап тастаған күлгін қызыл құж-құж бетті
әдемі деп айта алмайсыз. Мынадай қылдырық аяқ қыл белдікті қымбат диванның
мынандай батпан денені сынып кетпей қалай көтеріп отырғанына да қайран қалмауың
мүмкін емес. Алайда, осыншалық сұрықсыздықтың бәрін бір басына соншама
үйіп-төгіп берсе де, тап мына әйел тап анау айтқандай адам шошыр қүбыжыққа
айнала қоймапты. Ол әлде, қанша дегенмен, таж иесі патшалығынан ба екен?..
Келбетіне ұзақ үңіліп қараған кісі оның бойынан соншалықты өте таныс бір
нышандарды қалай да байқар еді. Бірақ, оның не нышан екенін, қапелімде, тап
басып айтып бере алмас еді. Кирилов та сондай дүдамал халде отыр.
            - Ұсыныстарыңның көпшілігі көңілге
қонады. Қонатыны сонша, тіпті, шіркін, осының бәрі қашан жүзеге асар екен деп
асығасың.
            Императрица көзінің қиығымен сынай
қарады. Бұл орнынан тұрғалы жатыр еді, «отыра бер» деп ишарат жасады.
            Дәл айттыңыз, алдияр тақсыр! - деді
бұл қайта отырып жатып.
 
            - Экспедияцияға жүктелетін
міндеттер мен оларды қалай жүзеге асыру керектігі жайындағы нұсқауларымыз жақын
арада дайын болады. Солай емес пе?
            Остерман орнынан көтерілді.
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            - Отыра бер.
            Остерман орнына қайта жайғасты.
            Қанша баптан тұратын болды.
            Қырық бір бап. Императрица жымсиып
қойды.
            Иван Кирилович, ол жобамен таныс па
едіңіз?
            Әлбетте, алдияр тақсыр.
            Қалай дейсіз?
            Өте орынды нұсқаулар деп білем.
            Ендеше, дұрыс екен.
 
            Екі жақ бірдей деңгейдегі
орындықтарда отыреа да, біреу шыңның басынан, екіншісі етегінен тіл қатқан адамдардай
шүйіркелесіп кете алмай, қойылған сауалдарға жауап қатысып қана отыр.
            -     Ол жақтың жәйін біз сізден жақсы
білмейміз, Иван Кирилович, - деді императрица сәл үнсіздіктен кейін. - Барғасын
бәрін көріп алып, ретіне қарап іс қыласыз ғой. Бірақ негізгі мақсатты ұмытып
кетуге болмайды. Ең алдымен, бізге әлі дұрыстап көндігіп болмаған башқұрттар
мен қырғыздардың құлқын қалт жібермей қадағалап баққанымыз жөн. Олар
бір-бірімен ауыз жаласып кетіп жүрмесін. Әлгі Әбілқайыр ханның бізге әлі күнге
ыңғай танытпай отырған Хиуаға қарсы қандай әрекетін де қостай бергеніміз дұрыс.
Бірақ, оқ берсек те, қару берсек те, әскер беруге болмайды. Және бір ескеретін
жағдай - аманат ұстаудың жәй-жапсары. Солай ғой, Андрей Иванович?
            Остерман басын изеді. Екеуінің
алдын ала ақылдасып қойғаны сөзіліп қалды. Императрицаның аузынан шыққан әр
сөздің ар жағында қанша кісі, қанша ақылвды тұрғанын кім білсін? Айтып отырған
ойларының ұлы аңғары әнеукүнгі өзі жазған жобаға соғады. Кейбіреуі былтырдан
бері Бестужев-Рюминнің құлағына құйып баққан өз ақылы. Солардың көпшілігін
бұған Тевкелев айтқан. Оған бұны жапан түздегі жалбағай тымақтар құлақ қағыс
қылыпты. Соның бәрі жолда Остерманның, Биронның көкірегіне бір-бір түнеп шығып,
енді, міне, патшаның ауызымен өзіне қайта айтылып отыр. Таж иесі оның бірін де
сөзбейді, түнде түсінде құлағына қызыр сыбырлап кеткендей еш қысылмастан
өзеурей сөйлеп, өжектей дәлелдейді. «Билік шіркіннің бір құдіреті осы-ау!
Талайды, астындағы атынан аударып түсіріп, өзің мініп кетсең, басқаға
жараспағанмен, саған жарасады. Талайдың көкірегіндегі ойын қазып алып,
ауызындағы сөзін қағып алып, өзіне айтқызбай, өзің айтсаң, басқаға
жараспағанмен, саған жарасады. Оған бола шалабын шайқайтын ешкім табылмайды.
Қайта ертең жұрт ортасына барғанда, әлгі пікірдің өуелде өз көкірегінен
шыққанын ұмытып, «кеше патша ағзамның қабылдауында болғанда ей деді, бұй деді»
деп жар шашып бағады. Дуалы ауызға дауа жоқ деген осы...»
            Тосыннан тап болған қиқар ойдың
ырқына беріліп бара жатқан Кирилов тізгінін тез тартып ала қойды.
Императрицаның сөзіне қатал ұстаздың алдындағы ұялшақ шәкірттей тырп етпей
сыздия қарап тыңдап отыр:
            - Аманат мәселесінде башқұрттар
ауызымызды аз күйдірген жоқ. Елге симай жүрген қайдағы бір қиық құлақтарын
аманат қып әкеп тастап, артынан обал-сауабына біз қалып, талай тауқыметті
тартқанбыз. Жер жұтып кетсе де, ешкім іздемейтін қайдағы бір обыр ауыз
масылдарға тегін киім, тегін тамақ, тегін төсек болғанымыз бар. Бұл жолы да
соның кебін киіп жүрмейік. Қырғыздардың халыққа қадірі еткен, айтса сөзінің,
елсе өзінің іздеуі бар аяулы адамдарын ғана аманатқа ұстайық. Ол үшін аманатқа
ұсталатын адамдардан ел ішіндегі таласты өз әдет-ғұрыптары бойынша
тергеп-тексеретін сот құралық. Кез келген жанжалына араласып, жамантты боп жатамыз
ба? Өз дауларын өздеріне шештірелік. Сонда олар бізге қайдағы
қағылған-соғылғандарын емес, ақыл иесі азаматтарын ғана аманатқа беретін
болады. Біздің бұратаналарға бұйырар әр шапанымыз, әр сыйымыз, әр лауазымымыз
оларды тырп өткізбей қылғындырып ұстап отырар бір-бір қыл тұзағымызға айналуға
тиісті. Солай емес пе, Андрей Иванович?
            Бұл жолы вице-канцлер зерделі
шәкірттің дұрыс жауабына риза болған кеңпейіл ұстаздай рахаттана бас изеді.
            -     Сен жобаңа дұрыс жазыпсың. Жаңа бодандарымызға
жасалар ашу-айбарымыз өзіміздің не көзімізден, не сөзімізден сөзілмесін. Біздің
қаһарымыз оларға қалмақтың қамшысы боп, казактардың балтасы боп,
башқұрттардың найзасы боп
тисін. Ал азғантай жақсылығымыз, рахымымыз болса, оны өзгеге жем қылмай өз қолымыздан
беріп, өз аузымыздан айтайық. Қит етсе жекіп сөйлеп, желкелеп сабап алатын олар
біздің орыс мұжықтары емес. Біздің мұжықтардың көнбіс жағы неғұрлым көп
төмпештесең, солғұрлым емешегін үзе түседі, ал қиқар жағы шу асаудай
тулап-тулап ел көрмеген, жер көрмеген қиян өлкелерге безіп кетеді. Сол жақтан
жаңа аймақтарды жаулап алып, біздің жерімізді
көбейтеді. Мына
бұратаналардың бетіне алая қарасаң, сырт айналып, Қытайға не күнгейден күнде
азғырып отырған мұсылман патшаларына беріле салуы ғажап емес. Өйтіп, қолға өзі
түсіп отырған батпан құйрықты
өзіміз итке лақтырған
болмайық. Мүмкіндігінше, алдап-сулап бағайық. Бастан секіріп бара жатса,
итір-қылжыңға салып жүрмей, ендігәрі беттен алмайтындай қылып, бел омыртқаларын
үзіп біржолата жер тістетіп тасталық.
            Бұл жолы Остерман мен Кирилов
жарыса бас изесті. Императрица өз сөзіне езі қатты риза боп кетсе керек кілт
кідіріп:
            Ал енді сен сөйле, Иван Кирилович,
- деді.
            Алдияр тақсыр, айтқаныңыздың бәрін
бұлжытпай орындауға барлық күш-жігерімді аямаймын. Көрсеткен сеніміңіз үшін
өле-өлгенше өзіңіздің алдыңызда шексіз қарыздар боп әтемін, - деді Кирилов
орнынан атып тұрып.
            Түрегеліп тұрып сөйлегенде дауысы
манадан бергідей күмілжі шықпай, саңқ ете қалғандай болды. Бұл жолы императрица
«отыр» деген ишара жасамады. Остерман да орнынан көтерілді.
 
            -         Қандай қолқаң бар?
            -         Алдияр тақсыр, біз бара жатқан өлке
бұрын-соңды зерттелмеген өлке. Біздің экспедициямызға зерттеуші мамандар
өте-мөте қажет. Сондықтан бізге Москвадағы славян-латын академиясының ең үздік
шәкірттерін және ағылшын капитаны, астроном әрі математик Эльтон,
ботаник профессор Гейнцельман
секілді таңдаулы оқымыстыларды бөлуге пәрмен етуіңізді сұраймын.
            Императрица сәл ойланып қалды.
            -        Ақылдасып көрерміз. Тағы қандай
бұйымдарыңыз бар?
            -        Алдияр тақсыр, тілмаш Алексей Иванович
Тевкелевтің империя алдындағы еңбегі лайықты бағаланатынына сенім білдіруге
рұқсат етіңіз.
            Императрица бір жымиып қойды. Сонда
барып аңғарды: императрицаның жымиғаны Петр патшаның жымиғанына ұқсайды екен.
Бірақ, оның күлкісін жылтыраған мұрты жұмсартып жіберуші еді. Ал мына патшайым
жымиғанда жайбарақат кезіндегідей емес, бет-ауызы тым ызғарланып кететін
сияқты. Келбетінде де немере ағасына үқсастық байқалады. Оны сұлу да, сүсты
көрсететін кесек кескін мына кісіні тым сиықсыздандырып жібереді екен.
            - Иә, Тевкелев тапсырманы ойдағыдай
орындады. Біз оған полковник атағын беретін болған жоқ па едік Андрей Иванович.
Айына мың сом арнайы жалақы белгілейміз. Бірақ, көмекшіңізден алдын ала сүйінші
сұрап жүрмеңіз! Империя тағы
алдындағы еңбек ешқашан ескерусіз қалмайды. Солай емес пе!
            - Әлбетте, алдияр тақсыр.
            Императрицаның әлгі сөзінің қандай
түспал екендігін қоштасып жатып вице-канцлер аңғартқандай болды.
            -   
Ал, көріскенше күн жақсы, Ваше превосходительство!
            Остерман барлық дауыссыз дыбыстарға
салмақты сала сөйледі.
            - Сау, тұрыңыз, Ваше сиятельство!
            Мынау не деп кетті? Ваше
превосходительство! Қайдағы превосходительство!.. Бірақ, мұның ауызынан
артық-ауыс сөз өлсе шығар ма! Шамасы, патша ағзамның... Сонда, қалай, бұны
бірден статссоветник дәрежесіне көтергендері ме!.. Солай болуы мүмкін бе өзі!..
Статссоветник...
            Кеңсе төңірегіндегі қитұрқының
жәй-жапсарын жатқызып өргізетін Кирилов Петр патша рәсімге енгізген екі жүз
алпыс екі қызметті он төрт түрлі сатыға бөліп, әбден жіліктеп жіктеген дәрежелер
кестесінде «превосходительство» деген титул үшінші және төртінші сатыдағы
шендерге, атап айтқанда генерал-майор, генерал-лейтенант, екілетті
статссоветниктер мен құпия советниктерге телінетінін есіне алды. Ендеше,
сенаттың обер-секретары үшін нағыз ылдидан шауып төске озған деген осы болды!
            Үйге жеткенше аяғын қайдан басқанын
өзі де білмейді. Әйтеуір есікті құлаштай серпіп ашып қалғанда дәліздегі
шарайнадан күндегі түнжыраңқы обер-секретарьды емес, жасы биыл аттай қырық
беске шығып тұрғанына қарамастан оңашада қызбен жолығып, жолы болып қайтқан
бозбала жігіттей екі бетіне нұр теуіп бал-бұл жанып тұрған бейтаныс еркекті
көрді. «Сәламатсыз ба, Ваше превосходительство!», - деді оған өзірге кемді күн
обер-секретарь бола тұратын Иван Кирилов мейірлене қарап.
            Билік маңында бүйтіп бір-ақ ырғып
биікке шығып жататындардың болмай тұрмайтынынан Кириловтың да хабары жоқ
емес-ті. Бірақ қай заманда да талғампаздығымен көзге түсе қоймаған көңілшек
бақыт құсының тап бұл жолы бүйтіп кісісін тауып қонғаны, шынында да, таңғалмай
болмайтын жәйіт еді.
            Өкімет бар жерде есек гулемей жүре
ме! Ертең императрицаның пәрмені шыққанда Петербургтың не деп сыпсыңдасатынын
бір тәңірдің өзі білсін... Не де болса, Кирилов дегеніне жетті!! Оның арманы - әншейін
жоғары лауазым, қолайлы қызмет, ертеңнен бастап теленгелі тұрған айына үш мың
сом жалақы да емес! Оның арманы көңілі сүйген игі істерге ынта-жігерін аямай
жұмсауға мүмкіндік алу еді. Оның арманы -Россияның мүддесі жолында бойындағы
бар қасиетін сарқа жұмсау еді. Сол керегіне қолы бір жетсе, енді жеткелі тұр.
            Кирилов мұны ойлағанда қалаған
жігітіне тұрмысқа шыққалы жатқан қалыңдықтай беті лып-лып дуылдап, көзінің алды
дөңгеленіп жүре берді. Қиян өлке... Қиямет шаруалар... Бәрі де ұлы Россияға,
орыс халқына керек істер...
            Кирилов былайғы жұртқа әншейін жабы
көңіл қарапайым жан көрінгенмен сондай баққұмар-тын. Оған бүгін бар да, ертең
жоқ падишалардың тажымен бірге жарқырап, бірге сөнетін бақ емес, мәңгі құлпыра
берер Россияның атымен бірге аталар баянды бақ, баянды даңқ керек!
            Міне, тап сол даңқтың төбесі енді
көрініп тұр! Ол - ертеңгі сахараға бет түзейтін мынау ұлы сапары...
            Бұл мына сапарына өзінің ең жақсы
көретін адамдарын ертіп бармақ! Ең жақсы көретін заттарын ала бармақ! Ең
аңсарлы жопарларын да сонда жүзеге асырмақ!
            Міне, біраздан бері жазып жүрген
«Күллі орыс мемлекетінің гүл жайнаған келбеті» атты еңбегінің қол жазбасы.
Мұнда Россияның он екі губерниясының жәй-жапсары екжей-текжейлі баяндалмақ.
Мұнда Россияға жаңадан қосылып жатқан өлкелер мен халықтар туралы, олардың
салт-санасы жайында да айтылмақ. Ертең өзі бара жатқан башқұрттар мен
қырғыз-қайсақтар елі туралы да тараулар қосылмақ. Бұл қолжазба қашан соңғы
нүктесі қойылғанша, бұның қолтығында жүреді. Бір минут көз алдынан қалтарыс
тастамайды. Ал мынау Петр ағзамның кабинет секретары Алексей Васильевич
Макаровтың тапсырмасы бойынша «Терістік соғысы тарихын» жазуға жиналған
деректер. Қап, кеше алдияр тақсыр: «Тағы не қолқаң бар?» дегенде есінен сарт
шығып кеткенін қарашы! Сенат архивындағы кеп құнды кітапты тұсында тарихи еңбек
жазамын деп бұрынғы вице-канцлер Павел Петрович Шафиров үйіне алдырып алып еді.
Құдай онысын құп көрмеді. Петр ағзамның қаһарына ұшырады. Ондайлардың артында
қалған дүние-мүлікіне тек таж иесі мен бас прокурордың пәрменімен ғана
жақындауға болады. Патша алдиярдан рүхсат сұрауға енді кеш. Обер-прокурор
Анисим Масловтың бұндай шаруаға тәуекелі тұра ма, жоқ па - кім біліпті!
            Иван Кирилов кабинеттің бір
бұрышында белек сандықта жатқан қоқыр-соқырларға көз тастады. Ол - ертең өзі
аштыратын башқұрт, қырғыз-қайсақ, қарақалпақ мектептерінің керек-жарағы.
Бұратана халықтарды оқытпай болмайды. Олар оқып, сауат ашып алса, өзімізге сор
деген қисынсымақ бос былшыл!
            Оқымаған қас наданға сөз дарымайды.
Ол да бір, мінілмеген шу асау да бір. Асауды ылғи арқандап ұстау керек.
Үзілмейтін арқан бар ма! Ақыры бір тарпып тайып тұрады. Ал бас үйреткен ат та
бір, есіктегі ит те бір! Атты бастықтыратын темір ауыздық емес, қан сорпасын
шығарып кеп, кермеге байлаған соң ауызына үстатар тәтті жем. Бұратана жұрттар
үшін ондай дәмін бір алып алса, тұртінтіп маңыңнан шығармайтындай өзөзіл жем -
оқу білім. Орыс емес жұрттардың баласын «өздерінің табиғи тілі» мен біздің
тілімізде бірдей оқытқан дұрыс. Біздің оқу-біліміміздің дәмін сонда түсінеді.
Бұл жағынан өздерінің қалтасы қаншалықты қағыңқы, ал біздің қаншалықты бай
екенімізге сонда ғана көздері жетеді. Тек зеңбірекке сеніп қоюға болмайды.
Зеңбірек біржола бездіріп те жібере алады. Ал ақ қағаздың бетіндегі ақылды сөз
әдемі әйелдің шырайындай ғой! Ол ант атқан айналсоқтатып шығармайды, ғой! Арбап
алады!!! Ғылымы, мәдениеті, оқу-білімі жоқ халық та бір, өзінің енесі жоқ жетім
қозы да бір. Кімнен ауызданса, соған ереді.
            Тек мына сапарға аман-есен аттанып
кетсе екен. Алдымен қолға алатын шаруасының бірі осы бұратаналар мектебі болар
еді.
            Тәтті қиялдың құшағына біржола
енген Кирилов алдындағы қақпағы ашулы жатқан сандықты шамалыда байқай қояр түрі
жоқ.
            Бөлменің іші сол баяғы қобыраған
қалпы.
            Содан бір қарбалас басталды да
кетті.
            Қазақ елішілігі тоқтаған үйдің тар
ауласы абыр-сабыр. Бәйбек төлеңгіт пен Құттымбет би елге қайтпақ. Ханға барып
мындағы хабарды айтпақ. Оның: «Тағы не боп қалды?» деп қаралай күпті болып
отырған жүрегін орнына түсірмек. Императрицаның хаты мен сәлем-саухатын
жеткізбек. Патша ханның орыс мемлекеті алдындағы еңбегі үшін рахмет айтып ұлы
жүз билері Төле, Қодар, Сатай, Ханкелді, Бөлек батырларға бодан сұраған
өтініштерін қабыл алғанын хабарлауды сұрайды. Қазақтың екі биіне Уфаға дейін үш
башқұрт биі жолсерік болып барады. Сапарға аттанатын бес би ғана емес,
елшіліктегі барлық қазақ, башқұрт кешеден бері базарға барып, дүкен аралап
мәре-сәре. Бұрын-соңды мұндай майтымақтарды көп көре қоймаған орыстың, шет
елдің саудагерлерін айран-асыр қалдырып, балық бөлісіп жатқандай қауқылдаса
сөйлеседі.
            -         Қалай, мынау біздің қатынға сияр ма
екен?
            - Оны менен неге сұрайсың? Сенің
қатыныңның сауырын сипап керді ғой дейсің бе?
            - Мына біреуі немене? Әйелдікі ме,
еркектікі ме?
            - Алды тіліқ түймелі болса -
еркектікі, бітеу болса - әйелдікі.
            - Қатып кеткен жоқ па? Мұндағыдай
сақтиян етікті Хиуа мен Бұхарадан таба алмайсың!
            - Әттеген-ай, бұрын баратын жастан
асып кеткеніңді
қарашы! Әйтпегенде мынандай
көк етікпен барша балдызыңды оң жақта отырғандарында-ақ тоқал қылып қайтар
едің?
            - Бұлардың насыбайы қандай болады
екен?
            - Насыбай десең, анау қайыған інгендей
қайқаңдап тұрған сары қатыннан ал! Шалқаңнан түсіреді!
            - Рас айтасың ба-ай! Жерлерінде
жапақ өспейді, изен өспейді. Бұлар күлді қайдан алып жүр екен?!
            -     Көп былшылдамай көзіңе қара! Ышқыр бауың
салбырап кетіпті. Әрлі-берлі өткендердің біреуі аяғымен басып қалса, айдай
жұрттың алдында масқара боп жүрерсің? Жан-жағың тола әйел...
            -         Ештеңе етпес, көп болса, көрімдік
берер...
            -         Мынау қауға сақалдың иегінде қанша бит
жүр екен?
            - Немене, тұқымға алып кетейін деп
пе ең?
            - Әй, анау арбаға мініп бара жатқан
Мәмбет мырза ғой. Ойбай, қалмайық! Адасып кетерміз.
            -         Ол емес. Мәмбет мырза әне
башқұрттармен сөйлесіп тұр. Мұнда Мәмбеттен де басқа сары иық толып жатыр.
            -         Маған анау алақандай көк ала
қағазыңның біреуін қарызға бере тұрмайсың ба? Мұндай боларын білгенде, былтыр
Уфаның базарына он жылқы емес, бір үйірді түгел айдап әкелдірмес пе ем.
            Осы бір қауқылдасқан айқай-үйқай
кешеден бері жатқан үйлерін де бастарына көтерді.
            -         Мына төлеңгітке сенім жоқ. Құтеке,
менің түйіншегімді қатынасқан адамнан біздің ауылға өзің жеткізіп бере көр.
            -         Бүгін жамбасыңа басып жат. Қатының
ертең исіңді алып, мауқын бассын!
            - Қойсайшы. Сен оны қағытам деп,
бізді жылатарсың.
            Елге сәлемдемелерін жабық
күймелердің арттарыпа салып жатып та, ауыздарына тыным жоқ.
            - Әй, орақ мұрын төлеңгіт.
Құтекемнің иі жұмсақ. Ертең Опаға барғанда біздің дүниемізді бір түгендеп шыға
көр. Әйтпесе, мына естектер ертең «жезнәкайлап»алдарынан шығатын балдыздарына
базарлыққа беріп
кетіп жүрер.
            - Жоға, тәйірі. Башқұрт пен қазақ
жылқы ұрламаса, мүлік ұрламайды.
            Қауқылдасып жүріп арбалар да
тиелді. Енді жұрт қалжыңды қойып, аттанғалы турғандарды бір-бірлеп оңаша
шығарып ап, ауылдарына, үйлеріне, қатын-балаларына айтып жіберер аманаттарын
сыбырласып жатыр.
            Өзге жұрттан оқшауырақ тұрған Ноғай
жолындағы Тілеу-Құбақан болысының биі Тоқшара Түйтеев Құттымбет бидің қасына
барды. Башқұрттардың ішінде осында келгелі қабағын ашпай томырық жүргені осы.
Жағдай сұрағандарға: «Ас жақпай жүр», - деп сырғақтайды. Не де болса, ішінде
бір бітеу жарасы бар. Мана базарға барғанда да жұртқа ұқсап темір-терсек
шүберек жатқан жаймаларға жуымай, үріккен аттай состиып анадайда жалғыз тұрды.
Еліне айтар несі бар екен? Башқұрттарды көрмей тұрғандай, қазақ биін жағалағаны
қалай?
            Онда Құттымбет батырдың шаруасы
болмады. Анадайдан емексіп келе жатқан башқұрт биіне құлағын тоса берді.
            -     Құтеке, ертең Уфаға барғанда ұлығының
кеңсесіне соқпай сірә кетпейсіздер. Сонда аула сыпырып жүретін бір башқұрт шалы
бар. Мына кітапты сол кісіге бере кетпейсіз бе? Анада осылай шығарымда
Қылмақ-Абыз: «Қазанға соқсаң, «Мұхтасар» ала кел деп еді. Қайтарда
Қазанға кідіретін,
кідірмейтінімізді, кідірсек те, қанша кідіретінімізді кім біліп жатыр?!
Осындағы бір татардан бұйымшылап алдым. Әлгі шалға айтарсыз: Қалмақ-Абызға жуық
арада қатынасатын бір адамнан
беріп жіберер.
            Башқұрт биі қолқасын айтуын
айтқанмен, әлденеден қаймығып, қипаңдап тұр. Құттымбет:
            - Жарайды. Киелі кітап қалған
темір-терсектен ауыр болар деймісің! Ала кетейін. Оған бола қам жеме, - деді.
            -     Мың да бір рахмет. Жаратқан жортқанда
жолыңды қылсын.
            Жүретіндер қалып бара жатқандардың
жаппай қолдарын алып күймелеріне отырды.
            Әлгінде ғана ауыздары жалпылдап
ажың-күжің әңгімелесіп жатқан қазақтар мен башқұрттар күлкілерінен тыйылып
состия-состия қалыпты. «Шіркін-ай, біз қашан өйістіп елдерімізге қайтар
екенбіз?» деп тұрғандары түнжыраңқы көздерінен сөзіліп тұр.
            Сарыла күткен күн де келді-ау
ақыры. 1734 жылы 10 июнь күні статс-советник Кирилов таңғы шайын ішіп
болар-болмаста есік қағылды.
            - Ваше превосходительство, сізге
таж иесі ағзамнан шақыртушы келіп тұр.
            Кирилов орнынан атып тұрды.
            Бұл жолы императрица оны ақ
мәрмәрмен алтындатқан әлекей- күлейкейден көзің түнатын әшекейлі залда
қабылдады. Бір жақ қапталда рәсім бойынша киінген Бирон, Остерман,
Бестужев-Рюмин, ғылым академиясының президенті Корф сыздия-сыздия қалыпты.
            Императрица бүгін аса айбынды, аса
байсалды. Дүңкілдей шығатын дөкірлеу дауысын жұмсартқысы келді ме екен, әуелі
сәл күлімсіреп басын изеді. Сосын Остерманға:
            -   
Баста, - деп бұйырды.
            - Мұндайда мұнтаздай киініп, ширақ
сөйлеп, ширақ қимылдап шиыршық атып шыға келетін Остерман айналасы төрт-бес
адамның емес, қалың жиынның алдында тұрғандай жіңішке дауысын әнтек көтере
созып, әр әрпін шегедей қадап, тақ-тақ тіл қатты. Ол әуелі таж иесі ағзамның
осыдан бір күн бұрын бекіткен Ор өзенінің сағасына салынбақ жаңа қаланы
Оренбург атамақ хақындағы пәрменін оқып шықты. Қолындағы жалтылдақ қапсырманы
сарт еткізіп жауып, қаздиып тұра қалды.
            Императрица тамағын кенеді.
            - Сен салатын қаланы бұлай
атағанымызға қарсы емес шығарсың?
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Императрица Остерманға тағы да бас
изеді. Вице-канцлер бұл жолы Оренбург қаласына жасалатын жеңілдіктер мен
артықшылықтар тізбесін оқып шығып, тағы да жарға кеп тірелген тағалы аттай кілт
етіп тұра қалды.
            - Жобамен алдын-ала танысып па
едің? Алатын-қосатының бар ма? Түгел мақұлдайсың ба?
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Императрица тағы да бас изеді.
Остерман алдындағы дөңгелек столдан жалтырата әшекейленген қатырма қағазды
алды. Әбілқайыр ханға жіберілмек грамота екен. Вице-канцлер бажайлап оқып шықты
да, тағы да сіресіп тұра қалды.
            - Бұның да жобасымен алдын-ала
таныстырылып па еді? Ертең барғасын әр әрпі мен әр сөзін тыңғылықты түсіндіріп
бере аласың ғой?
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Остерман тап әлгіндей екінші қатырма
қағазды қолына алды. Бұл - Сәмеке ханның Россияға бодан болу хақында қайталап
берген өтінішіне жауап грамота.
            - Бұнымен де таныссыз ғой!
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Ендігі оқылған - Ұлы жүз қазақтары,
батырлары мен билерінің, атап айтқанда Қодар би, Төле би, Ханкелді батыр, Сатай
батыр, Бөлек батырлардың бодандық сұраған хатына жауап.
            - Бұны да мақұлдайсың ғой!
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Ең соңында патша ағзамның Оренбург
экспедициясының құрамы жайындағы пәрмені жарияланды. Онда аты аталған адамдарды
Кирилов бұрыннан білетін. Көпшілігін бұл сапарға өзі ұсынған. Сонымен
экспедицияның құрамына Тевкелев екеуінен басқа Арал теңізінде пристань тұрғызып,
кеме қатынасын жолға қою үшін бір теңіз поручигі, бір мичман, бір штурман, екі
кондуктор, бір боцман, бір хатшы-боцман, алты матрос, бір қайық шебері, оның
көмекшісі, екі қайық жамаушы, екі десятник және төрт балташы, жаңа қала мен
ондағы әскери бекініс құрылысы үшін инженер чиніндегі бір капитан, бір поручиқ
екі кондуктор, қала шаруашылығын жолға қою үшін бір майор, он прапорщиқ екі
унтер-офицер, он үш капрал, геодезиялық зерттеулер жүргізу үшін екі поручиқ
төрт подпоручик және екі прапорщиқ кеңсе қызметі ушін бір бухгалтер, бір іс
басқарушы, оның көмекшісі және қағаз көшіруші, артиллерия қызметі үшін екі
бомбардир және төрт канонир еніпті. Кирилов оларды өзі іріктеп алып, жолға
шығуға сақадай сай өзірлеп қойған. Мұның үстіне Москвадан Бұларға бір кен зерттеуші,
бір аптекарь, бір ботаник, бір тарихшы, бір суретші, бір штыкюнкерь, бір
прапорщиқ бір комиссар, он жеті унтер-офицер, бір кеңсе қызметкері, оған
көмекші, төрт қағаз көшіруші, көмекшісімен бір хирург, оқымысты священник және
славян-латын академиясының бір топ студенттері қосылмақшы. Россияда бүгінге
дейін мұндай үлкен экспедиция ұйымдастырылып көрген жоқ! Ол аз десең, Пензаның
жаяу әскер полкі, Уфа гарнизоны, Вологда полкі, Уфа дворяндары мен казактарының
тең жартысы, Уфадан, Мензелинскіден, Бирскіден әскерге шақырылатын жастар да
бұның отрядына кірмек. Жайықтан арғы ұшан далаға бұрын-соңды мүншама көп орыс
қарулы қолы аяқ басып көрген емес! Мұншама күш бұған - кешегі қарапайым қағаз
көшіруші Кирил Кириловтың баласы, Иванға сеніп тапсырылып отыр.
           
Кириловтың толқып кеткені сонша, екі тізесі дір-дір ете қалды.
Императрица сауалының тек соңғы жағын ғана құлағы шалды.
            -... риза шығарсың!
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            - Башқұрттар мен қырғыздар даласына
қыз ұзату тойына бара жатқан жоқсыңдар. Талай қауіп-қатер кездесуі де мүмкін.
Ондайда орыс мундиріне дақ түсірмей, бастарыңды пидаға шалуға пейілсіңдер ғой?
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            - Ендеше, Россия, орыс халқы,
Россия тажы мен тағы Отан алдында еңбегі адал ұлдарының қызметі мен ерлігін
қаншалықты қастерлей білетінін бір сәт естен шығармассыңдар!
            - Әлбетте, алдияр тақсыр!
            Кириловтың көзіне дым жүгіріп
тамағы құрғақсып барады. Дәл мынау сәт орыс мемлекетінің талайдан бергі бір
арманының жүзеге асырғалы тұрған айтулы сәт екенін мына алтын жаға шонжарлар
ұға ма екен? Ұқса, Бестужев-Рюмин ғана ұғатын шығар. Ал, анау қасындағы үш
немістің не ойлап тұрғанын кім біліпті? Өздері жаратқан аттай боп қаншардай
қатып сіресе-сіресе қалыпты. Үйреншікті жағымпаздықтары ма, жоқ мына сапарының
қаншалықты тарихи маңызы барын олар да сөзе ме?! Сөзсе, басқа басқа, алмына бұл
баяғыдан бері сан-сапат оқып, әр үтір, әр нүктесіне дейін жаттап алған, қажет
десе, әу баста өз көкірегінен шығып, одан бері қолдан қолға өтіп, мынандай
таптаурын күйге түскен, айтпаса да түсінікті қағаздарды бірінен соң бірін
ежіктей оқып беріп, сағыздай созғылап, қайталап пысықтатып қайтеді? Одан да
«жолың болсын» деп арқасынан қағып шығарып салмай ма! Мына күннің не күн екенін
басқаларды былай қойып, тап осы императрицаның өзі түсіне ме екен! Біле білсе,
таққа отырғанынан бергі бес жылдың ішіндегі ең бір айтулы күні осы ғой. Петр
Алексеевичтің өзі өле-өлгенше армандап өткен ісі емес пе еді бұл! Жарты
ғаламдай жалпақ Азия қолға өзі келіп түскелі тұрған жоқ па! Бұндай дәуренді
саған дейінгі ауызымен құс тістеген талай падиша көре алмай кеткенді. Күн
күйдірген күнес Азия саған дейін ешбір Европалық билеушіге сауыны болған мама
сиырдай сауырын төсеп тұрып алмаған-ды. Үғамысың бұны, таж иесі, тақ иесі
ұрғашы! Бөксеңді Европаға басып, етегіңді Азияға шашып шалжиып отырған сенде де
арман бар ма екен, сірә! Анау күні қолыңа Остерман апарып ұстатқан еңбегімде
мен сені солай дәріптегем. Сонымды түсініп істе мейлі, түсінбей істе мейлі,
мына керсеткен сенімің үшін алдыңда мәңгі қарыздармын. Әттең мынау жаттан
үйренген жаттанды салтанатың көзімнің де, сөзімнің де лық-лық ақтарылғалы
тұрған талай сел нөсерін бегеп тұр. Шіркін-ай, дәл мынандай күні дәл мынандай
жерден қалайша шарапқа жұмсалатын шауып кел малайдай сіресіп кіріп, сіресіп
шығып кете алам! Ең болмаса, «рахмет» деген жаңғыз ауыз сөзімді айтуға жағдай
туар ма екен, жоқ па екен...
 
            Императрица тамағын кенеді. Тағы да
бірдеңе айтпақ қой. Иә, сәт...
            - Жарайды, жолың болсын,
көгершінім!
            Толқып тұрғанын сөздіргісі келмей
қатқылдау тіл қатып еді, дауысы тарғылданып шықты.
            Кириловтың қуанғаннан жүрегі
жарылып кете жаздады. Екпеттей құлап, императрицаның жер сызған шұбалаң
көйлегінің етегіне ернін басты. Ауызы айта алмағанды денесі білдіріп, екі иығы
селкілдеп ала жөнелді.
            Арада бес күн өтті.
            Неваның кемерінен асып төгіліп
жатқан көлкөсір айдынына желкендері жалтылдап бес кеме шықты.
            Жағада құжынаған көп күйме, қол
бұлғап жатқан, көздерін сүртіп жатқан ығы-жығы жұрт. Аспан ашық. Делдие
керілген көп желкендер жағалаудағылардың көздерін қызықтырғылары келгендей ұзақ
бұлаңытып тұрып алды.
            Таң атар-атпастан су шашып тастаған
тас көшелер, сызғышпен сызғандай тіп-тік тартылған каналдар, ойдым-ойдым
парктер мен скверлер, әлі де болса, көкке самғап кете алмай, жер бауырлап
жатқан жатаған қаланың бірен-саран еңселі сарайлары мен шпильдері көп жұртқа ит
арқасы қиян боп естілетін алыс өлкеге аттанып бара жатқандардың көздеріне
шоқтай басылып екі жақ жағалаудан жарыса созылып қалмай ілесіп келеді.
            Бас-аяғы отыз бір жылдың ішінде миы
шыққан жұтпа батпақтан мынандай ұлы шаһарға айналған астананың жәй-жапсарына
әбден қанық Кирилов не көрінсе де, көзін ала алмай, еміреніп тұр. Кісі ішінде
жүргенде байқамайды, әйтпесе Петербург, шынында да, қанатын кеңге жайып,
қарыштап өскелі тұр екен. Әттең, Петр ағзамның езі тірі болғанда ғой! Онда
астана тек бұл ма, ендігі кісі тани алмастай боп құлпырып кетпес пе еді...
            Кирилов қайда қараса да, император
ағзамның әлі күнге жүзеге аспай тәрк боп жатқан армандарын көргендей. Анау -
кез ұшындағы Котлин аралы. Баяғыда Полтавадан жеңіспен оралған соң, Петр патша
астананың орталығын сол аралға орнатпақ боған. Аралдың бетіне қолдың саласындай
қып шаршылап каналдар тартып, солардың бойына дворяндарға, көпестерге, ірі-ірі
кәсіп иелеріне бәсекемен үй салдырмақ-тұғын. Тіпті, 1712 жылы мыңға жуық шонжар
әулетті аралға көшіру туралы указ да шығарған. Ол әулеттердің тізімін Сенат
бекіткен. Бірақ, оған ұзаққа созылып кеткен терістік майданы мүмкіндік бермеді.
Оның үстіне жау өтіндегі арал қорғаныс жағынан да қолайлы болмай шықты. Енді,
міне, ол бүгінде Кронштад - Жаңа қаланың жау бетіндегі бір қалқаны.
            Астана императордың соңғы көргенінен көп
өзгөріп жарымапты. Үйлерінің көбі - сол баяғы бір қабат сылама. Оларды сыртынан
қыш кірпіштен қаланған боп көрінетіндей қылып, қызылмен бояп қойыпты. Тұсында
әуел бастағы қарағай лашықтардың орнына осындай тәпене сыламалар салына
бастағанына Петр патша қандай қуанып еді! Содан олардың орнына қыш кірпіш үйлер
алмастырғанша қандай асығып еді! Күллі Россияда тек осы Петербургте ғана қыштан
үй салып, көшелерге шамдал орнатып, парктер мен скверлер жасауға рұқсат еткен-ді.
Жаңа астанаға байланысты шаруа шықса, марқұм императордың көзі шоқтай жайнап
кетуші еді. 1716 жылы француз архитекторы Леблон жасаған бас жобаны көруге
Сенатқа келгені әлі есінде. Көлкөсір столдың о шетінен бұ шетіне шыққанша
жайғасқан сәнді макет көздің жауын алады. Император қулана жымиып әр нәрсені
бір сұрап қояды. Ақкөңіл француз одан сайын буырқанып шабыттана сөйлейді. Орыс
астанасы әлденеше ғасырлардың стилі ию-қию араласып бытысып жатқан Римге де,
Парижге де, Венаға да үқсамауға тиісті. Дәл мына макеттегідей сиырдың тіліндей
созылыңқы элипс жасап, бір-ақ түнде орнап қалған жұмбақ қаладай бір қалып, бір
нақышпен жинақы салынбағы керек. Адмиралтеиство аралындағы құрылыстар шаншылған
найзадай тік тартылған түзу көшелердің бойына орналасады да, Васильев аралында
ондай көшелердің орнына сәнді каналдар қазылады.
            - Мм, - дейді патша.
            - Ол үшін қазіргі үйлердің бәрін
құлатамыз, қазіргі каналдардың бәрін қайта көміп, басқа каналдар қаздырамыз.
            - Мм!
            Патшаның едірең мұрты жымпиып
қапты. Архитектор одан сайын иығын қомдап қоқилана түседі. Кенет патша
ерең-серең қолын сермей созып, Леблонның иығына сарт еткізді.
            - Несін айтасың, әдемі-ақ! Жаңа
Венеция!
            Онсыз да жағасы жайлау тұрған
архитектордың екі езуі екі құлағына жетті.
            - Бірақ...
            Леблонның ұзын кірпіктері тікірейе
түсті.
            -   
Біздің климат Венециядағыдай қысы-жазы қайықпен қатынасып тұрғанды
көтермейді. Оның үстіне, достым...
            Патша қалтасын қағып-қағып қойды.
            Сөйтіп, сәнді Венеция көзден
бір-бір ұшты. Бірақ, Кирилов күннен күнге көркейе түскен жаңа астанадан сондағы
көз алдарында бір сағаттай тұрып жоқ болған әдемі елестің әлде бір нышандарын
танып қалатын сияқты еді. Міне, соған көзі енді жетіп келеді. Анау оқтай түзу
Нева проспектісі қандай әдемі! Оның екі қапталынан үш-төрт қатар жасап тіккен
ағаштар қандай әдемі. Олардың арасындағы оқ жыландай сумаңдай ағылған тас
соқпақтар неткен ғажап! Патша соның бәрін соңына түсіп жүріп өзі істетіп еді
ғой. Егер әрқайсысы бес фунттан кем емес үш тас сала келмесе арбалар мен
шаналарды, сондай жиырма-отыз тас сала келмесе, кемелер мен қайықтарды
Петербургтың қарасын да көрсетпей, қаңтартып қоятын. Астананың көшелеріне тасты
солай төсеткен! Ал, анау Адмиралтейство аралының қақ ортасындағы жан-жағының
бәрі каналмен қоршалып, пейіштей құлпырып тұрған көлкөсір көк арал - Жазғы бақ.
Қазіргі Петербургтің шаршы төрі сол. Ондағы әр ағашта, әр мүсін мен әр
орындықта ұлы патшаның күс-күс қолының табы жатыр. Дүниенің төрт тарапынан
әкелінген әр алуан ағаштар мен гүлдер, шаршылап, дөңгелентіп қырқылған сәнді
бұталар, кесте төккендей нақыштап еккен көркем гүлзарлар, шағаладай аппақ
колонналар мен статуялар, ойдым-ойдым алаңқайлар мен ұзыншұбақ серуен жолдары,
көкке шапшыған фонтандар мен жер бауырлап жатқан үйме-жүйме гроттар, мәрмәр
беседкалар мен шамдал бағандар, бірте-бірте бір тұтас жасыл шаршыға айналып,
көзден бір-бір ұшып бұлдырай бастады. Ал сонау жан-жағын желкен қамап тұрған
Адмиралтейство. Адмиралтейство мен Жазғы бақтың арасында бірінен бірі өтіп
қаздай тізіліп Петр тұсында салынған бекзадалар сарайлары бұлар жағадан
алыстаған сайын шіл боғындай шашырап құрдым ақ ноқаттарға айнала түсті.
Каналдардың жиегі бөренелермен көмкеріліпті. Ол бөренелерді балдыр көміп
кегөріп кетіпті. Қарсы жағалауда қабағын ашпай түйіліп Петропавловск қорғаны
тұр. Қорған ішіндегі Петр мен Павел соборының мыс жалатқан жылтырақ шпильдері
сонадайдан көзіңе шаншылып қаратпайды-ақ.
            Васильев аралы әлі бос жатыр. Бұрын
жер түбінен мен мұндалап тұратын Меншиков сарайының қасынан бірен-саран
қара-құраң көрінеді. Сенатқа, Синодқа және коллегияларға арналып салынып жатқан
атақты он екі коллегия үйі енді-енді бітіп келеді. Одан аулағырақта жаңа
салынып жатқан Келім-кетім сарайының қаңқасы қарауытады. Кунсткамераның жаңа
үйінің маңы ығы-жығы адам. Аралдың шет жағындағы алаңқайда бірен-саран шалқасқа
шабдар сиыр жайылып жүр. Қозықұйрық терген сары үрпек балалар кейлектерінің
батпақ жұғып сатпақтанып қалған етегін кіндіктерінен асыра көтеріп анадайда
айдын бетінде сән түзеп қаздай қалқып бара жатқан бес кемеге ауыздарын ашып
аңқиып тұр.
            Каналдардың өзенге шығар
тұстарындағы көпірлердің көбін тот шала бастапты. Император тірі кезінде бұл
көпірлерді өзі кеп тексеретін. Бір жолы қасына астананың бас полицмейстрі
генерал-адьютант Девиерді ерте шығыпты. Арғы түбі Португалдық теңізші келімсек
Антон Девиер иненің көзінен өтетін жылмаң төстің нағыз өзі еді. Бекзада
дәулетті біреуді көре қалса, желімдей жабысып, ауызы жалпылдап сөйлеп беретін.
Патша ағзамға тап келгесін не жорық! Құлағын сарсытып-ақ бақса керек. Кенет
Мойкадан өте бергенде, император көпірдің бір ақауын көріпті.
            - Мынау не!
            Әлгінде ғана ауызы-ауызына жұқпай
келе жатқан полицмейстердің көмейіне құм құйыла қалғаны.
            - Көкешім, - депті патша, - ана
көпірдің үстіне барып тұр да, белбеуіңді ағыт!
            Айдай жұрттың алдында
полицмейстрдің шонданайын күнге қаратып қойып шиедей қылып берген император
қолындағы қан-қан қамшыны атшыға ұстатып, солығын өзер басып:
            - Көкешім, көпірлерді өзің келіп
тексеріп тұру керектігін, ең болмаса, мына құйрығыңның жарасы жазылғанша естен
шығара қоймассың, - депті.
            Сосын күймесіне отырып, шалбарын
тартып кие алмай, әбігерге түсіп жатқан генерал-полицмейстрге:
            - Болсаңшы, бауырым, жүрмейміз бе
енді?! - деп айқайлапты.
            Бұл әңгімені астанаға жайған Антон
Девиердің өзі-тұғын. Мұртын сылап қойып, мақтанып айтатын. Император ағзамның
алдында бөксеңді жалаңаштап тұрып, өз қолынан таяқ жеу үшін де біраз дәрежеге
жету керек қой! Баққұмар қелімсек соны неге түсінбесін! Өзінің тегін кісі емес
екенін сөздіру үшін әдейі айтатын.
            Астанада қирап тұрған көпірлерге
бола басы ауыра қоймайтын салбөксе ұлықтар әлі де баршылық. Бірақ, оларды
осылай оқтын-оқтын шонданайларын сипаттырып төртіпке шақырып қоятын ақыл
кез-келген билеушіден табыла бере ме! «Қайран, император!» - деп күбірледі
Кирилов. Ол тірі болғанда, мына сапарға бұларды өзі аттандырып салмас па еді!
            Кириловтың кеңсірігі ашып, көзінің
алды жыбырлап қоя берді. Күнде-күнде көріп жүрген етене шаһар бірте-бірте
бедерінен айрылып, көз ұшындағы көп қарауытқан не екендерін ажыратып болмас
әлде бір бұлдыр елеске айнала бастады.
            Қаладан ұзаңқыраған сайын Нева айдындана
түсті. Көк жүзіне түбіттей түтіліп шүйке-шүйке ақ бұлттар көтерілді. Жағалаудың
екі бетіндегі ну ағаштар сиреп, көк ормандар сонау көк жиекке шегініп, қашықтап
кетіпті. Оның есесіне жайған керегедей боп сіресе ұстасқан нар қамыстар
көбейіпті. Айнала ашыла түскен. Көздің де томағасы алынғандай, ту-ту алысқа
құныға шаншылады. Шіркін, кең дүние-ай! Әлі орынында екен ғой! Оны ешкім әлі
тар аулаға тығып, қарағай қамашауға қамап қоя алмаған екен ғой!
            Манадан бері Кириловтың қасында міз
бақпай төңірекке қадала қарап келе жатқан Ералының жүрегі бұлқып-бұлқып
қалғандай болды. Мынандай телегей су, жардай тігіліп, жиі өскен нар қамыс есіне
тағы да салқам сахарасын әкелді.
            Жылда осы уақытта төл аяқтанатын.
Жылда осы уақытта құм арасының қапырығы күшейіп, кене сасып кететін. Жылда осы
уақытта жабағы жүн қырқылатын. Тай-тай жүн теңдеген керуендерді Бұхара мен
Хиуаға аттандырып салып, қалған ел үйлерін жығып, жылы ықтасын, жұмсақ тебінді
тастап, қатқыл өріс, салқын белдерге бет түзейтін. Сонау Хиуадан сәл-ақ бері
Адам ата1 бойындағы ұлан құмды қыстап шыққан хан ауылы жайлауға кәшкенде Сырдың
тап Аралға құяр сағасы маңынан өткелдеуші еді. Қазір де сол үйіреншікті
сүрлеуімен Сары Арқаның самиян жазираларына қарап бағыт алып бара жатқан шығар.
Сырдың бойы да тап мынау терістік дариясының бойындай боп, бабына келіп
балбырап жатқан шығар. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ арсы-күрсі дарияның
жағасына жете бере көштер шөгерілер-ді. Теңдер түсіріліп, талдан тізіп жасаған
жадағай салға тау-тау боп үйілер-ді. Балақтарын тізеден асырып шиыршықтап түріп
алған жағаның қара сирақ жатақтары қолдарына сырғауыл таяқ ұстап, бала-шаға мен
дүние-мүлік тиелген қалтылдақ салындыны арғы жағаға қарай ақырын жылжыта
жөнелер-ді. Қызыл құмды тізеден кешіп, төрт қолтығын түгел ақ көбік көмген атан
нарлар ақ айран дарияға түсуден тайқасоқтап бақырып-шақырып бағар-ды. Ақыр
соңында басқакөзге төпеп берген қамшы мен сойылдан амалдары құрып жөңкіле аққан
жойқын суға жөнеп берер-ді. Бір-біріне бұйдаларынан тізіп тастаған жарықтық
жануарлар төрт аяқтарын бір жақ қапталдарына жан тәсілім сермелеп, бір бұйірлеп
малтып бағар-ды. Күнгей жағаның маса-сонасынан өзер құтылған бейшара көшті
төріскей жағаның маса-сонасы ызыңдап әндетіп жалана тосып тұрар-ды. Әншейінде
көзі-басың күп боп ісіп, тозақ көрінетін сол бір күндердің өзі осындайда жадыңа
түскенде жаныңды жадыратар бал дәурен екен ғой! Енді, міне, сол үйреншікті
өміріне қайтып оралатын күндеріне де көп қалған жоқ. Шіркін, көктемде көшкеннен
артық не рахат бар дейсің! Көш жөнекей тай жуасытып, қүнан шаптырып жарысқаннан
артық не рахат бар дейсің? Ауыл Сары Арқаға жеткенше талай жерге қонып, талай
еру болатын еді-ау! Сонда жұрт бірер күн түнемеге қалқа тігіп, түтін түтеткенше
жас өспірімдер мен балалар маңай-маңайдан шағыл тастамай кезіп, жуа теріп,
кесік қазып кететін. Қойыны-қонышыңды топырақ-топырақ жуа, көсікке толтырып
әкеп, ащы айранға турап салып, ағаш зереңнің шетінен еріне сораптап, түрулі
іргеден сағым шалған жасыл белдерге қарап қиялға батып отырсаң ғой, шіркін...
           
            1 Амудария мен Сырдария
аралығындағы өзен.
            
            - Ханзада!
            Бұ кім тағы! Тай жарыстырғылары
келіп жүрген көп шалдуардың бірі ме?
            - Ханзада!
            Ересек кісінің дауысы. Ералы селк
ете түсті. Қайда тұрғанын ұмытып кетіпті. Төңірек нағып ағарып кеткен!! Анау
көз ұшындағы көлге жүгірген шөл үйірлердің соңында түмшыланып тұрып алып, көпке
дейін сейілмей қоятын ақ тозаңдай ақ саумал тұман қайдан шыққан? Ақ саумал тұманды
аямай жыртып, қақ ортасынан сорайып шыға келген әне біреу немене? Мына бір
жатаған қайықтарға жапатармағай мініп алып, жабыла ескек ескен көп кісі қайдан
тап болған! Бұлардың алдын орап, қапталдасып не істегелі жүр?
            - Ханзада...
            Ералы аңтарылып сол жақ иығындағы Мәмбет
мырзаға бұрылды.
            - Анау алдымыздағы Шлиссельбург
қамалы.
            Ханзада ештеңеге түсінбей есеңгірей
қарады.
            - Бұл бұрын Орешек деген орыс
қорғаны болатын. Біраз жыл шведтердің қол астына өтіп, осында отыз жыл бұрын
Петр патша қайтарып алды.
            Қамалға жақындай бере ақ
саумалданып жатқан Нева екі тармаққа бөлінді. Әр қайсысына он екі ескекші екі
бөлініп жайғасқан көп қайық бұларды қос қапталдарынан қоршап ап оң жақ салаға
бұрды. Қамал бүкіл бір аралды тұтас алып тұр екен. Дөл судың кемерінен
басталған құс боп ұшып өтпесең, ат шаптырып ала алмастай қып, аспандатып ерген
зәулім қызыл қорғанның өн бойына кеңірдектерін созып зеңбіректер самсайды.
Соқайып-соқайып керінген үшкіл мұнаралардың басын жалтыратып қаңылтырмен қаптап
қойғандай жарқ-жұрқ етеді. Анау қыш қабырғалардың қалыңдығы құлаштан асады
дейді. Мұны алғанда орыстың әскері әуелі жағалай қоршап ап үш күн бойы
зеңбірекпен атқылапты. Оған да болмаған соң, құмырсқадай құжынаған кеп қайықпен
түбіне дейін барып, арқан сатылармен жоғары өрмелеп, өлгендері өліп,
өлмегендері қансоқта боп жүріп, ақыры жаудан босатыпты.
            Енді, міне, сол тас қорған айдалада
жаңғыз жайылған қызыл нардай маңқиып бір қапталдарында қалып барады. Кеше
кештегі қоштасар қабылдауда патшаханым: «Ханның өтінішін орындап, екі өзеннің
айырық сағасынан еш жау ала алмастай тас қамал салып береміз», - деген. Сонда
ол қамалдары да осы қорғандай болады-ау. Оның да анадай боп қаздай тізіліп, шар
тарапқа шаншыла қадалып, зеңбіректері самсап тұрады-ау. Ханзада бір сәт қамал
басында көкірегін самалға тосып желпініп тұрған жез қалпақты әкесін кергендей.
Шіркін, ондай дәурен орнай қалса, мұның әкесінің мұртын балта шабар ма!
Мынандай тас қорғанның қасында атқа мініп, найзаларын шошаңдатып келген
жоңғарлар түйеге үрген күшіктей күлкілі боп қалатын шығар. Шіркін-ай, тезірек
орнаса екен сондай дөурен. Әкесі мұны көргенде жүрегі жарылып кете жаздайтын
шығар. Оған мынандай тас қамалдың жай-жапсарын айтып бергенде төбесі көкке бір
жетіп қалмас дейсің бе!..
            Бала ханзаданың ойын түсініп қалып,
«Әлбетте!» - деп мақұлдап қоя бергендей, қамалдың барлық зеңбірегі күркіреп ала
жөнелгені. Бір емес, қатарынан он рет күркірегені. Зәулім қамалдың үсті көк
түтіннен көрінбей кетті. Ханзаданың көз алдынан бір сәт жылт ете қалған жаңағы
бір рахат көріністе жым-жылас жоғалды. Әлгінде ғана бұған мейірлене қарап
тұрған жез қалпақты әкесі де, мынау оқыс гүрсілден дір ете қалып, ғайып
құшағына қайта кіріп бара жатып ұлына: «Мынауың тағы не пәле?»,- деп алая
қарағандай.
            Әлгі бір тықақтаған ересек дауыс
тағы естілді:
            - Ханзада, қамал сіздің мына
келісіңізді қошаметтеп, зеңбірек атып жатыр...
            Дауысынан таныды - Мәмбет.
«Қошаметі мынау болса...» Ойын аяқтатпай көп зеңбірек тағы да жарыса күркірей
жөнелді.
            Жүрегі дір ете қалған бала ханзада
сосын қайтып жан-жағына қарай алмады. Өз-өзінен лоқсып, басы айналып бара
жатты. Кеше қабылдаудан қайтып келе жатқанда Мәмбет мырза сапарға аттанатындардың
жартысы Мөскеуге дейін осылай су жолымен барады да, жартысы күймелерге,
арбаларға тиеліп құрғақпен кетеді деген. Қазақ елшілігі сол қара жермен баратын
керуенге ілессе керек еді. Мына қамалдан өткесін көп ұзамай жағалаудан Бұларды
күтіп тұрған күймелер көрінуге тиісті. Соларға тезірек жетсе екен.
            Әлгі бір қоңырсыған күйік иіс
қолқасын қауып, көзін ашытып барады. Ханзада мына арадан қүтылғанша асықты. Екі
көзін тарс жүмып алды. Құлағына бір емескі үн келеді. Баяғы шілделік... Жоқ,
боз торғай... Қайта шырлап қоя берді.
            Содан олар жүректері сол алып ұшқан
қалііы Мәскеуге жетті. Ол арадан бесеу емес, он бір кемеге тиеліп
ырғалып-жырғалып аттанды. Ханзада мен елшілік бұл жолы да қара жермен жүретін
болды. Қоңыр күздің басында салдырта желген көп күйме алтын крестері жарқырап,
күміс айшықтары жылтырап көз жауын алып тұрған көп мүнаралы үлкен шаһардан
өтті. Хиссаларда көп айтылатын Қазанның Қара қаласы осы көрінеді. Жердің тоңы
өбден еңіреп қатып, әуелі жапалақтап түскен мамық ұшқындар бірте-бірте пәлен
күн қатарынан сыбап жауған қарға айнала бастаған қызылшұнақ қыс түсе көздерін
талдырған көк жиектен дөңбек төбелердің баурайында жайылған жылқыдай бытырай
түтіндеп жатқан Уфа да көрінді.
            Ханзаданың құлақ шекесіне қонып ап,
талмай сайрап келе жатқан жұмбақ құс одан сайын қылғына шықылықтай жөнеледі.
            Шашырай біткен дөңбек төбелерді
қуалай салынған ұзын шұбақ қаланы қыстай айқара басып жатып алған омбы қар
еріді.
            Қаланы екі жақтан көмкере ағатын
екі езенді құрсап жатқан сіре мүз піскен қауындай сатыр-сүтыр айырылып,
жөңкіліп сең жүрді.
            Дарияның сатыр-күтірі арылып,
айдыны әбден түнған кезде шалқи аққан Ақ Еділдің шығыс бет жағалауына әуелі
қаптап ақ найзалар шаншылды. Сосын сол қаптаған қара құрым найзаларға қарай
қаладан дабыл қағып шығып, лек-лек әскер шұбырды. Тығырық бөрікті, делдиме
шалбарлы казактар қылыштарын жарқылдатып екі қапталға барып сап түзеді. Қақ
маңдайға жаяу әскер мен артңллерия жайғасты. Ал артқы жаққа, өзен бойына штабтың
шатыры мен офицерлер тұратын киіз үйлер тігілетін болды. Аш ішектей шүбатылған
ұзын керуен лагерь орналасатын жерді терт жағынан түгелдей қоршап сыздиып
тұрған сәнді саптың алдына терт қадымдай жерге кеп шегөрілді. Саптағы әекерден
алдын-ала бөлініп қойған адамдар ілгері шығып, шөгерулі жатқан түйелердің бел
арқандарын шешті. Тай-тай.теңдер қос қапталға сырғып-сырғып түсе қалды. -
Арқалары босаған атандар мен нарлар былқ етпей терсіңді бүйірлерін күнге
қақтап, ауыздарын рахаттана қайшылап, бырт-бырт күйсеп жатыр. Солдаттар әр
қайсысы өз бәлімдеріне алдын-ала бөлініп берілген шепке апарып қаз-қатар тізіп
шатырлар мен киіз үйлер тіге бастады. Айналасы он бес-жиырма минуттың ішінде
әлгінде ғана қоқырсып жатқан көп жүк сымдай тартылып көше-көше қылып жарыстыра
тігілген сәнді лагерьге айналды.
            Өзеннің арғы жағасында кәрі-жасы
қалмай анталап тұрған Уфа тұрғындары ауыздарын ашып қатыпты да қалыпты. Дала
бетте сонадай-сонадайдан шоқ-шоқ салт атты түздіктер көрінеді. Олар да
тымақтары шошайып, осы жаққа қарап аңқиып тұр.
            Қосын тігіп жатқандар оларды одан
сайын таң қалдыра түскілері келгендей ширақ басып, шапшаң қимылдайды. Кенет
біреудің шаңылдай шыққан ащы айқайы естілді.
            - Көліктер жайылысқа жіберілсін!
            Сол-ақ екен манадан бері көндері
жылтырап көлбей шөгіп жатқан көп түйе атып-атып түрегелді. Белдеріне салақтатып
қылыіп байлап, қолдарына ұшын білектеріне орап қамшы ұстап ат мініп, аршындай
қимылдаған бір топ казак түйелерді шұбыртып өріске айдап шықты. Лагерьдің екінші
жағында өрелеулі аттар өзен бойына қарай шапшып жайылып барады. Ық жақ бетке
қаз-қатар тізіліп қазандар асылды. Қасапшы солдаттар анадай жерге, аулаққа
апарып тайынша жығып жатса, екінші бір тобы қабан үйтіп жатыр. Біреулері торкөз
ауларын сүйретіп өзенге балық сүзуге тартты. Балақты түріп тастап, қармақ салып
отырғандар қаншама!
            Айдалада ширатыла шыққан түтіндер
жақтан жас еттің, пияздың, бұрыштың - дәмдеп-дөмдеп пісіріліп жатқан тәтті
таңсық тамақтың исі аңқып қоя берді.
            Қызық құмар жұрт еріндерін бір-бір
сылп еткізіп үйді-үйіне тарай бастады.
            Мынандай жер-аяғы кең бостанға
шыққандарына қыстай тар шарбаққа қамалып қысылып-қымтырылып біткен әскер де
мәре-сәре. Экспедиция қарамағына берілген бөлімдер алты ай қыс жан-жақтан
үсті-үстіне шүбырып келді де жатты. Үйреншікті гарнизондарынан бауырларын
біржолата көтеріп шыққан әскер бөтен қаладан баспана таба алмай, аттарына берер
жем таба алмай, қару-жарағын қояр қойма таба алмай, апанынан су шыққан арлан
берідей, онда шапқылап, мында шапқылап, көресіні әбден көріп шықты.
            Қыс бойы Кирилов та бір тыным
таппады. Қасына воевода Кошеловты, полковник Тевкелевті, хатшысы Петр Дьяковты
ертіп алып қиян түкпірдегі қоңырқай қаланың көшесіыен көше тастамай, сенделеді
де жүреді. Ауладан аула қоймай, түгел аралап шықты. Ең болмаса он аттың басы
сиятын қора-қопсының, он солдаттың басы сиятын баспананың бәрі есепке алынды.
Кирилов тіпті қаланы қойып, маңайдағы деревняларды кезіп кетті. Қазан, Ноғай,
Сібір, Орыс жолдарындағы барша түп1, барша болыстың билерін шақыртып сөйлесті.
Сөйтсе, төрт жолдың бойын жайлайтын башқұрттың қырық төрт болыс елінде ешкімге
ешқандай алым-салық төлемейтін бір мың төрт жүз отыз бір түтін тархан шаңырағы,
біреуі түлкі, біреуі қүндыз, біреуі сусар, біреуі бал жиып салық төлейтін сегіз
мың үш жүз тоқсан бес түтін қара сүйек шаңырақ бар екен. Кирилов солардың
бәріне түтін басы екі шана шөп, екі қой немесе бір тайынша әкеп беруге бұйырды.
Ондай салықтан тек ертең экспедицияға керек көліқ арқан, киіз тауып беретіндер
ғана босатылды. Аспандатып шөп тиеген нар шаналар Уфаға қыс бойы шұбырды да
жатты.
            1Башқұрттардың рулық қурылысында
тайпалардан тарайтын тармақтарды осылай атаған.
            
            Енді, міне, сүйткен тауқымет те
артта қалды. Вологда полкінен басқа келетін өскер тегіс келіп болды. Кирилов
мынау онсыз да титықтап бітуге айналған Уфаны одан әрі қинай бергісі келмей
жолға шығуға бел буды. Манадан бері өзеннің арғы жағына топырлай жиылып, лагерь
боп жайғасып жатқан қалың әскерге қызықтап қарап тұрған қала халқы: «Осынша көп
обыр ауыздан құтылғанымыз өтірік пе, шын ба!» - деп, іштерінен тәуба айтып
тұрған шығар.
            Осынша әскерді қыс бойы асыраумен
қоса, жарты жылға жетер жол азық пен көлік өзірлеп беру де оңайға түскен жоқ. Елсіз-сусызға
кететіндерге қыстай үй сайын қара нан кептіріліп, олар ағаш қабығынан жасалған
жеңіл қорапшаларға салынды. Қос қабаттап тігілген кенеп қапшықтарға арпа, сұлы,
жарма қапталды. Ішіне алты шелек су сиятын емен кеспектерге арақ пен спирт
толтырылды. Ал түз, бұрыш, темекі дегендеріңіздің қисабы жоқ.
            Құла түзге кетіп бара жатқан
қарақұрым қосынға керек емес нәрсе болсайшы! Жүк артқан түйелер мен мініс
аттарды жол-жөнекей суару үшін жеңіл ағаш астаулар жасалды. Киіз үйлер мен
жолым үйлерді жабатын қанша ере киіз жиналды! Күрек, мосы, шелек, арқан, жіп,
балта, балғалардың санына жетіп болмайды. Орта жолда керегі болады деп,
ұстахана өзірлеп, оған қажет көмірге дейін алдын-ала дайындалып қойылды.
            Барған жақтарында ру басыларын алдап-сулау
үшін алынған шапан тігетін жылтырақ маталар, оларды әдіптеуге керек алтын, зер,
күміс оқалар, күмістеген сүйек шақшалар, көйлектік пүліштер мен жібектер, шаршы
орамалдар, тарақтар, қол айналар, инелер, іш киімдік шыт-шыбырлар, күміс
сақиналар мен айшықтар секілді ұсақ-түйектердің өзі бірнеше тай.
            Оның үстіне жаңа қаланы салуға,
ойда жоқта түздіктер шабуыл жасай қалса, қорғануға қамдалған қару-жарақ тағы
бар!
            Ертең осынша артынып-тартынған
қарақұрым керуен қаптай өріп тұрегелгенде бұл маңайдағы түз елінің де зәреқұты
қалмайтын шығар. Тек ертең таң атсын де! Тек тәңірім, сәтін салсын де!
            Бұл қосында: «Иә, сөт!», «Иә, сәт!»
- деп, жүрегі алқымына тығылып, алабұртып жүрген жаңғыз Кирилов қана емес-ті.
            Қазақ елшілігі жайғасқан үш киіз үй
ол түні көрер таңды көздерінен атқызды. Түйелердің бырт-бырт күйсегені, өзен
бойындағы өрелі аттардың шүрқыраса кісінескендері су бойындағы ию-қию көп дыбыс
құлақтарын қытықтап үйықтатар емес. Көрмегелі үш жылға айналып бара жатқан
самиян сахараларына топ етіп төбеден түсе қалғандай... Ай да сол күні әбден
шаршысына толып туар ма! Төңірек тапа тал түстей жарқырап, кең дала әбден дені
жайыла керіліп талмаурады да жатты.
            Ертеңіне күн кетеріле дабыл
қағылды. Шатыр-шатырдан атып-атып түрегелген сансыз әскер өзен бойына жуынуға
жүгірді.
            Сәске шамасында жауынгерлер шаршы
жасап сапқа тұрды. Қақ ортаға зер шашағын жарқылдатып жорық альтары әкелінді.
Құдай жолы құлшылық басталды. Мойынына алтын кресть асынған оқалы киімді маңғаз
священник өне бойы күнге шағылысып, нұрға малынып, ауырлай басып сапты аралап
келеді. Әр солдат пен әр казактың алдына барып, бата беріп, үсті-бастарына
қолындағы күміс шарадан киелі су тамызады. Солдаттар мен казактар еріндері
күбірлеп, жаппай шоқынып жатыр.
            Священник төрт қанат сапты түгел
аралап шыққасын күндей күркіреп орыс гимні күңіреніп қоя берді.
            Тек сапта тұрғандардың ғана емес,
таң атпай жатып анадай-анадай жерге жиыла қалған қызық құмар халықтың да тұла бойын
дүр тұршіктірген салтанатты әуез басыла бере, гүрс-гүрс зеңбірек атылды.
Зеңбіректің үні енді өше бергенде сатыр-сүтыр дабыл қағылды. Сымдай тартылып
сыздия қалған қалың әскерге қозғалыс кірді. Әскери бөлімдер лек-лек болып
Кириловтың алдынан қошамет көрсетіп шерулеп өтті. Сосын әр қайсысы өз
шатырларының қасына барып тұрды.
            Дабылдар тағы да дүрсілдеп ала
жөнелді.
            - Жүк тиелсін!
            Киіз үйлер мен шатырлар әп-сәтте
жығылды. Қаз-қатар сап түзеп шегерілген ауытты, жазылы түйелерге тай-тай жүк
теңделе бастады. Айналасы жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта барлық түйе,
барлық арба жүктеліп бітті. Сол кезде: «Жиналыңдар!» деген дабыл берілді.
Адамдар мен түйелер міз бақпай сші түзеп тізіліп тұр.
            Кирилов күмістелген ер-тоқым
салынған шаңқан боз атқа мініп, әуелі казактарға, сосын жаяу әскер мен
артиллерияға барып, сапарларына сәт тіледі. Жауынгерлер әр сөзді мық шегедей
қадалта айтып, сақ-сақ жауап берді.
            - Марш!
            Кернейлер мен дауылпаздар жорық
маршын ойнай жөнелді. Жұрттың бойын бір алабұртқан қуаныш биледі. Лек-лек
саптар қимылдай бастады. Алға атты авангард - жәукем қол шықты. Үш казак
жүздігі аттарын билете басып ілгері озды. Олар жарты шақырымдай жорге үзаған
соң барып, төрт рота жаяу әскер мен тоғыз ісцбірек қозғалды. Кириловтың күймесі
мен ханзаданың куймесі соларға ілесетін болды. Олардан кейін офицерлердің
жүктері тиелген арбалар мен санитар арбалар жүреді. Негізгі әскери күшке сосын
барып жол тиеді. Олардың жартысы түйелі керуеннің алдына түседі де, жартысы
соңынан ереді. Әр он түйені бұйдаларынан оір-біріне тіркеп бір кісі ұстайды.
Сондай он кісі жетектеген жүз түйе бір бөлік құрайды. Әлгіндей жиырма бөлік -
артынып-тартынған екі мың түйе маң-маң басып жолға түсті. Арнайы сақшы саптар
ерткен жаңа қаланы салатын қару-жарақ тиелген ауыр арбалар солардан кейін
жүрмекші.
            Шерудің екі қапталында жарты-жарты
шақырымдай жерден қос қабат түзеп қос қанаттың жәукем қолы шұбырады.
            Осынша ұлан-асыр қолдың соңынан
жарты шақырымдай жерден алты казак жүздігі мен тоғыз зеңбірек арьергард - артқы
жәукем қол болып ілеседі.
            Бәрі де алдын-ала тәптіштеліп
қойылғандай дәл шықты.
            Кернейшілер мен дауылпаздардың
қолдарында тыным жоқ. Солдаттар мен казактардың ауыздарында тыпым жоқ.
Күркіретіп ән салып келеді.
            Көптен бергі арманды сапар басталды
да кетті. Көз ү іпында көк жиекте шоғыр-шоғыр салт атты башқұрттар күнгейге
қарай бет түзеген ұлы шеруге қапталдаса шауып барады.
            Аспан астына теп-тегіс көк пүліш
төсеп тастағандай айнала жап-жасыл. Батыста - тасыған қазандай кемерінен
асып-төгіліп Ақ Еділ жатыр. Шығыста - көз ұшында шоқ-шоқ тоғайлар қылаңытады.
Арттарында - дөңбек жалдардың басында бұлардың жолдарына көзін сатып Уфа қарап
тұр.
            Май тоңғысыз сәуірдің күні жарқырап-ақ
баққан. Мынау салтанатты шерудің ажарына ажар қосқысы келгендей қылыштардың
қынабы мен мылтықтардың сүңгісіне шағылысып ойнап, бірте-бірте биіктеп барады.
            Қызыққұмар топтың көбі артта қалды.
Тек қос қапталдағы салт атты башқұрттар ғана тарқайтын емес. Екі бүйірдегі атты
казактарға жақындап-жақындап келеді де, дүркіреп кейін серпіледі. Сосын
бірін-бірі қуып ұшан далаға қарай шапқылап ала жөнеледі. Көк жиектегі ну
жыныстарға барып сіңіп біржола жоғалады да, сөлден кейін қайта көрінеді.
            -Бұлар неге мөз-майрам! - деп
сұрайды былайырақ шыққасын ақ боз атын адьютантына беріп, күймеге келіп отырған
Кирилов қасына жайғасқан Петр Дьяковқа бұрылып.
            -Көктем шықты-ақ, бұлар көбелек
қуып ойнаған балалардай асыр салып кететін көрінеді, - дейді Дьяков көк жиекте
ойқастай шапқылап жүрген башқұрттардан көзін айырмай. - Әнеу күні Алексей
Иванович, Сергей Костюков үшеуіміз киіз жинап барғанда ауыл сайын
«Қарғатой» жасайтын едік деп
қапылып жатқан-ды.
            Кирилов таңырқап қасын керді.
            -Қарғатой?
            -Иә... Олар жыл сайын ұзақ қарға
ұшып келгенде: «Енді кеп ұзамай көктем туады», - деп қуанып той жасайды екен.
Қарғатой дегендері сол. Ауылдан жарты шақырымдай ұзап барып жерден қазып ошақ
жасайды.
Қазан асады. Қарға тойға
еркектер қатыспайды. Қатын-қалаш пен бала-шаға ертеден қара кешке өздерімен
өздері мәре-сәре болады.
            -Сонда не ермек қылады?
            - Бала күрестіреді, жұмбақ
айтысады, тіпті бала таппаған жас келіншектер мен жасөспірім қыздар балақтарын
түріп алып жаяу жарысады. Әйтеуір іштері пыспайтын болса керек.
            Кирилов хатшысына қызыға қарады.
Келгеніне бес-алты ай болмай жатып мұндағы ел жайында не сұрасаң да, тап осылай
ағыл-тегіл ақтарыла сейлегеніне риза болып отыр. Әуелде де көп қағаз
көшірушінің ішінде осы бір дөңгелек жүзді, кесек пішімді жігітке көңілі бітуші
еді. Домаланған етжеңді жігіт дене бітіміне қарамастан қашан да құрақ ұшып,
ұршықтай үйіріліп тұратын. Айтқаныңды екі етпейтін. Дер кезінде сақадай сай қып
өзірлеп қоятын. Анада экспедицияға іс қағаздарына баскез болатын кісі
қарағанда, есіне алдымен осы түскен-ді. Оған: «Таныстарыңның арасында зерек жас
жігіттер болса, маған жолықтыр... Біздің экспедицияға білімді адамдар өте керек»,
- деп тапсырған-ды. Сонда Москвада бұған бір тісі ақсиып күліп тұрған ақсары
жігітті ертіп әкелгені.
            -Жігітім, атың-жөнің кім?
            -Михайло Ломоносов.
            -Қайда қызмет істеп жүрсің?
            -Оқимын.
            -Оқушысың ба? Қайда оқисың?
            -Славян-латын академиясында.
            Кирилов біраз сыр тартып көріп еді,
кезі күлімдеген кең маңдай ақ жарқын бозбаланың талай нәрседен талабы да,
хабары да зор екенін аңғарды. Бірақ, славян-латын академиясының басшыларының:
«Ең таңдаулы шәкіртіміз. Шетелге оқуға жібермек ойымыз бар?», - деп қадалып
отырып алғаны. Петр Дьяков оны Архангельск жақтан таниды екен. Дьяковтың әкесі
Вологдадан Сухон және Терістік Двина өзендерімен Архангельск портына шетелге
сататын астық таситын саудагер-ді. Петр соған еріп жүріп, неміс және голланд
тілдерін үйреніпті. Москваға оқу іздеп келіп жүріп, шыны заводының директоры
Эльмсенмен танысыпты. Соның қарауында істеп жүргенде Кириловтың көзіне ілігіп,
сауда таможнясына тілмаш боп орналасқан-ды. Енді, міне, жиырма екі жасында
Оренбург экспедициясының әрі хатшысы, әрі кеңсе басқарушысы, әрі бухгалтері.
            Ақ жарқын жігіт өзі секілді ақ
көңіл жастарға үйір. Ломоносовты да сол жарқылдап жүретін мінезіне бола ұнатса
керек. Мұнда келгелі бір аяқ-қолы серейген арық жігітті қасынан тастамайды.
Экспедиция кеңсесіне тағы бір іс жүргізуші керек дегенде Мәмбет Тевкелев сол
сыдиған ұзын тұра немені тауып әкелген-ді. Баяғыда қазақтар арасына барғанда
қасында болыпты. Ол да сойдақ тістерін соқитып ауызын ашып жүретін ақ пейіл
жігіт секілді. Петр Дьяков екеуі оңай тіл табысты. Жұптарын жазбайды. Сергей
Костюковты көргенде қазақ елшілігіндегілер де мөз болып қалысты: «Мынау баяғы
Сартайлақ қой», - деп қаумаласа кетті. Костюков тайлақ десе тайлақ. Қашан
көрсең, мойыны сорайып, аяғын аннан бір, мұннан бір басып көстеңдеп келе
жатқаны. Сүйтіп жүріп, осы өңірде туып өскен неменің білмейтіні жоқ көрінеді.
Әлгінің бәрін Петр Дьяков содан естіп алып жүр. Бұл экспедицияға мынау түз
жұртының әдет-ғұрпын, мінез-құлқын қалт жібермей бақылап, қағазға түсіріп
отыратын көзқарақты кісілер өте керек. Елінің мінезін білмей тұрып, жеріне де
дендеп кіре алмайсың. Күні кеше сонау Петербургте жүргенде башқұрттар жайында
қанша зерттеу, қанша ақпар оқыды. Бірақ, соның көбі бұл халықты жақын танып,
жақсылап біліп алмай тұрып, сырт долбармен жаза салынган мәліметтер екен.
Олардың кеп мінезіне осында келгесін қанығып отыр.
            Ойға шомып кеткен Кирилов кенет:
            - Жарма! Жарма беріңдер! - деген
оқыс айқайдан селк ете түсті.
            Оң жақ қапталдағы ортасында басына
айшық шаншылған көк қарағай мешіті бар кішкентай ауылда бір топ бозбала жігіт:
            - Жарма! Жарма беріңдер! - деп
үйден үй тастамай шапқылап жүр.
            Петр Дьяков жымиып бір күліп қойды.
            - Мына жігіттердің атқа мініп,
үй-үйден жарма жиып жүргеніне қарағанда, бұл араның жері әбден дегдіп, соқа
салатындай болғаны ғой. Әне, көрдіңіз бе, соқаларын тіпті қыр басына шығарып та
қойыпты. Ертең-бүрсікүні жер жыртуға кіріседі екен. Ондайда бұлар сабантой
жасайды екен дейді. Жас жігіттер ауыл аралап жүріп, былтырдан қалған өлі
астықтың соңынан - жарма жиып алады. Сосын олжаларын ауылдан алысырақтағы жер
ошаққа асып қойған ортақ қазанға апарып сала береді.
Жарма әбден жиылып болғасын
бүкіл бір рулы елге жететіндей ботқа пісіріледі. Ботқа пісіп жатқанда
ауыл-аймақтың еркек кіндігі түгел жиылып бір-бірімен белдесіп, бала жарыстырып,
ат шаптырып тамашалайды.
Мұндай тойға бір ауыл ғана
емес, қоңсы отырған бірнеше ауыл жиылып, көкпар тартысады. Көкпарға бұрын
сойылмен ұрып жығып алған бөріні тартады екен, қазір қой не ешкі тартатын
көрінеді. Әне, анау иығына күйенте асып өзен бойынан су алып келе жатқан
келіншектің жолын кескестеп жүргізбей тұрған көп жігітті байқадыңыз ба? Олар
одан орамал сұрап тұр. Орамал бермесе, қамшының астына алудан да тайынбайды.
Әне, аңғарып отырсыз ба, келіншек амалсыз қалтасына қолын салды... Әне, анау
ағараңдаған - орамал. Оны елден ала бөтен еңмеңдеп жүрген әне бір шабдар аттыға
берді. Әне, шабдар ат айдалаға ала қашты. Қалғандары дүркіреп қуып берді. Бұны
орамал алып қашу дейді. Бүкіл ауыл солардың жарысқанына қарап мөз болып жатыр.
Жаңағы орамал берген келіншектің өзі күйентесін иығына қайта салумен шаруасы
жоқ, тісі жарқырап күліп тұр. Өздері, не де болса, бір көңілді халық!
            Иә, Петрь Дьяков айтса, айтқандай,
бүгін таң атпастан аттарына мініп алып, атанақтап шапқылаумен жүр.
            Кирилов бұларды тап осындай
жарқылдақ қабақ ақ жарқын жұрт шығар деп ойламап еді. Әлде әлгі сызқабақ шалдың
әсері ме екен...
            Кириловтың миығына күлкі жүгірді.
Көз алдына күнде көріп жүрген бір үйреншікті көрініс келе қалды.
            Екі босағасы мен маңдайшасын
оймыштап тастаған зіп-зілдей қарағай қақпа айқара ашылады да, ішінен бірінен
бірі аумайтын бір өң үш ат жеккен күймелі шана атып шығады. Жай қимылдап, нығыз
басатын сыз қабақ шал танауларынан бу атқылап тасырлап шауып өткен үш жылқыға,
олардың соңындағы шанаға, шанадағы бурадай-бурадай киім киіп
күдірейіп-күдірейіп отырған кісілерге көз қиығын да салмастан созалаңдап барып
қақпаны қайта жабады.
            Кирилов осында келгелі
кірген-шыққан сайын әлгі шалға қалай да бір қарамай өтпейді. Бұрын ол
воеводаның қорасын сыпыратын еді. Кирилов өз алдына жай алып, сонда көшкенде,
оны да бірге ала кетті. Сырықтай ұзын сыриған шалдың тұла бойында доғалданып,
жұмырланып жаратылған ештеңе жоқ. Қалақтай жағына қылыш жанығандай. Суалған екі
үртқа тақала беріп қайта тікірейіп кететін қияқ мұрты, қашан көрсең де, тышқан
тықырын аңдып қалған аш мысықтың құлағындай едірейеді де тұрады. Сүйір иегіне
сүмие біткен сүңгі сақалы да төбелесқұмар әтештің құйрық жүніндей селтие
қалған. Ешқашан кісіге тіке қарамайтын екі шегір көздің ортасында орақтай итиіп
оратыла біткен құс тұмсық едірең мұрттың астындағы қаймыжық еріннен әрі асып
түсуге әлденеден қаймыққандай, шаншыла үңіліп, шапши тоқтапты. Жарғақ бетіне
ылғи қан теуіп қызаратын да жүретін осы шал, сыртынан қарағанда, нағыз
шатынаған шатаққұмар адамның сойы. Бірақ, міне алты айдан бері күнде көріп жүр
- шатақтаспақ түгілі біреуге жақ ашып сөйлесіп жатқанын көзі шалған емес.
Ертелі-кеш екі қолы ербеңдеп бірдеңе істейді де жатады. Қашан көрсең - өзінен
де ұзын сырғауыл сап сыпырғыны ңүлаштай сермеп аула тазалап жатады. Қашан
көрсең - емен күбілерді шанаға тиеп алып өзен жаққа су алуға кетіп бара жатады.
Қашан көрсең - қара балтасын қарағай бөренеге қадай шаншып отын жарып жатады.
               Сырғауылдай сыриған сыз қабақ шалға шаруа
жеткілікті. Қоңыраулатып кіріп қоңыраулатып шығып жататын күймелердің бәрі
асығыс. Бәрінің шаруасы әрі маңызды, әрі тығыз. Ал шанадағы үстіндегі бурадай
тоны аз болғандай, сыртынан иығына тағы бір тон жамылып, тізесін жөне бір
тонмен айқара қымтап алған суыт жолаушылар шетінен кердең, шетінен шамшыл.
Біреулері - сонау Екатеринбургтен. Кен ісін басқаратындар. Біреулері - Қазан
мен Вологда, Мензелинск мен Самара горнизондарының өкілдері. Біреулері - Жайық
казактары атаманы мен нөкері. Бәрі де қоңырауларының сыңғырын жер түбінен
естіп, дер кезінде алдарынан қақпаңды шалқайта ашып тастап шаншылып тұрмасаң, қырау
қатқан қыртыс қабақтарын одан сайын түйіп алып, зәрлене қарайды. Бірақ, оларына
бола асып-сасып жатқан сыз қабақ шал жоқ. Әлде бір сиқыршы айтпай біліп
тұрғандай, қарағай қақпа арындап келе жатқан аттардың алдарынан қараптан-қарап
өзі-ақ қақ жарылып жүре береді.
            Кирилов Еділ бойы мен
Орал тауындағы орыс ұлықтары аз болғандай, жан-жақтан башқұрт ру басыларын
жинай бастады. Біреулері желі азынаған құба даладан сеңсең киіп, біреулері
сыңсыған орман арасынан сусар мен бұлғынға оранып келетін маңғаз билердің бабын
табу орыс ұлықтарының бабын табудан оңай көріне қоймады. Бірақ, сыриған сыз
қабақ шал олардан да тап айылын жиып, қысылып-қымтырылып жатқаны шамалы. Сол
кеңірейген қалпы аттарынан түсіріп алып, сол кеңірейген қалпы тақымнан босаған
құр жануарларды ат қораға қарай сүйреп ала жөнеледі.
            Сыз қабақ шал асығып
аптықпаса да, бәріне үлгереді. Сыз қабақ шал қабағын бір ашпай тұнжырап жүрсе
де бәрін дәл өз ойындағыдай қып тындырып қояды.
            Кириловтың Уфаға
келгендегі түздіктер жайындағы түсінігіне де ең алдымен өзгөріс енгізген сол
қора тазалаушы шал еді. Оның орыс жиһанкөздерінің жазғандарын оқығаны бойынша,
бұлар қаракетпен шұғылданғаннан гөрі қымыз ішіп қызара бөртіп бос жүргенді
ұнататын салбөксе жұрт болса керек еді. Мына шалға қарағанда, олардан асқан
тындырымды қызметші табуың қиын сияқты. Бұрын олар ә десең, мә деп жағаласа
кетер шадыр халық деп еститін-ді. Әлгі шалға қарасаң, ең бір сөзі сатулы
сабырлы халық осылар ма деп қаласың.
            Кирилов қызметшісінің
мінезіне қарап, енді башқұрт біткеннің бәрі сондай сыз қабақ суық жұрт деп
ойлай бастаған-ды. Ол пікірін шалқақтап кіріп, шалқақтап шыққан башқұрт
билерімен жолығысы одан сайын орнықтыра түскен-ді. Бірақ кейінгі кезде түйе
жинай барған отряд та, киіз жинай барған отряд та, киіз үй мен арқан жіп жинай
барған отряд та көңілдері бітіп, «өздері бір елегезек жұрт» деп келеді. Ал
Сергей Костюковқа айтқызсаңыз, тіптен ауызының суы құриды. Одан естіп алып,
міне, Петр Иванович Дьяков та ауызын ашып, көзін жүмып отыр.
            -
Ваше превосходительство...
            Кирилов қасындағы Дьяковқа қарады.
Дьяков екі беті балБұл жанып алабұртып отыр. Қанша дегенмен жиырма екідегі жас
жігіт емес пе! Жолдың екі бетінен көргендеріне қаралай елегізіп келеді.
            Шынында да, төңірегің еліктірсе,
еліктіргендей екен! Сылаң Еділ қырық аунақшып бұраңдай ағады. Арғы жаға
жарқабақ биік кемер. Оның үстіне сыңсыған қарағай, не сыңсыған ақ қайың. Ал
бергі бет жайдақ жайпауыт. Оқтын-оқтын шалқып жатқан Ақ Еділ мынау ұланғайыр
даланы біржолата кел-көсір кеміп кететіндей әсер қалдырады. Шығыс жақ
көкжиектің қарауытқан шоқ тоғайлары азайып, жылмиған жазық басталғалы тұр. Кей
тұста жыпырлап ақ көбелек қонып отырғандай жауқазын өскен алаңқайлар ұшырасады.
Кей белден қаптай өріп қалың жылқы шыға келеді. Манағы көз ұшындағы көп салт
аттының да қала қоятын түрі байқалмайды. Әлі де қапталдасыд келеді. Сонадай
жерден сорайып бір оқшау
сырық көрінді. Сырықтың басына жалбыратып әлем-жәлем қызыл ала шүберектер
байлап қойыпты. Сырықтың қасында қаңтарулы аттар тұр.         Қара-құраң         жеткілікті. Жан-жақтан қылтиып-қылтиып
шығып жатқан көп салт аттылар. Бәрі де солай қарай бет түзеген.
            - Анау сабантой өтетін жер. Оқшау
сырғауыл жан-жақтан келетіндерге алыстан көрінсін деп әдейі қағылған. Ар жағы
тегістік екен. Бәйге шаптыратын
шығар, - дейді Петр Дьяков.
            Әлем-жәлем сырғауылдың қасында
байлаулы тұрған аттарына барып, жапатармағай ерге қонған бір топ кісі топырлай
шауып кеп, шығыс жақ қапталдағы шолғыніпыларға бірдеңе деп қамшыларын
селтеңдетіп жүр. Шошаңдаған қамшылары біресе қалың шерудің ортасындағы көп
күймені, біресе айдаладағы жаңғыз сырғауыл жақты нұсқайды. Қоярда қоймай жүріп
бірер шошақ тымақ үш казакқа еріп бұларға беттеді.
            -   
Ваше превосходительство, - деді казак жасауылы танаурай сөйлеп. - Мынау
шөшмектердің1 бүгін бір үлкен мейрамы екен. Сабан той дей ме, қабан той дей ме!
Сайтан алғырларға дұрыс түсінбедім. Сіздерді соған шақыра келдік деп жолымызды
кескестеп жүргізбей қойғаны, «Дастархандарыңа осынша мол қол барып қонжиғанда,
өздерің иманды ауыздарың сылп етпей, құр қалып қойып жүрмейсіңдер ме!» - десек:
«Ендеше ұлықтарыңа апар, тойымызға қүтты болсын айтып, шашу берсін. Әйтпесе,
алдарыңнан ала арқан кереміз. Оны аттасаңдар жолдарың болмайды!» - деп,
тақымдарына басып алған арқандарын көрсетіп
жалаң-жалаң етеді.
            «Мына қауға сақалыңның айтып
тұрғандарының бәрі рас», - дегендей қасындағы екі көсе башқұрт жымың-жымың
күліп қояды.
            - Тойларың қүтты болсын, биыл
қамбаларың астыққа толсын! - деді Кирилов екі жігіттің көзіне кезек-кезек
үңіліп.
            Олар әуелі бір-біріне жалтақ-жалтақ
қарап алып, сосын бұған: «Сөзіңізге құлдық», - дегендей қамшылары салаңдаған оң
қолдарын көкіректеріне апарып иіліп тағзым етті.
            1 Патша ұлықтары барша бұратана
жұрттарды осылай кемсітіп атаған.
           
            - Жасауыл, бұларды арттағы обозға
апарып, тойларына шашуға бірер жәшік крендель бергіз, - деді Кирилов.
            Жасауыл мен қасындағылар артқы
жаққа қарай жортып ала жөнелді. Петр Дьяков екі езуі екі құлағына жетіп, ыржиып
күліп қойды.
            Шынында, соның айтқаны дұрыс
секілді. Мыналарың бала секілді аңқылдаған ақ көкірек жұрт болмасын! Әйтпесе,
есі дұрыс кісі мынадай жер қайысқан қалың қолды тойға шақыра ма?
            Бұларға керегі де сол - ақ
көңілдігі мен қонақжайлығы. Қонақжай болса, араларына тез сіңіседі, ақ көңіл
болса - айтқандарына оңай көндіреді. Ал қалғаны жүре келе өзі-ақ түзеліп
кетеді. Ұлы Россияға тек мынандай бай өлке ғана емес, тіл алғыш арзан қызметші
де аса қажет. Орыс тәрбиесін көрсе, өздерінен оп-оңды қызметшілер шығатын
түрлері бар сияқты. Әлгі сыз қабақ шал соның бір куәсі емес пе! Тек сыр
алдырмай тұрғанда мына ұлан байтақ өлкенің өне бойына түгел жайылып қоныстанып
алу керек. Сонда өзінің өнері мен кәсібі жоқ әуейі халық бұлардың істегенін
істеп, айтқандарына оп-оңай-ақ көндігіп кетеді.
            Біраз күннен бері тыным көрмей
жүрген Кирилов әлгі бір тәтті қиялдың құшағына еніп, көзі ілініп бара жатыр
еді, құлағына жабыр-жұбыр дыбыстар келді. Қараса - шығыс жақ қанатқа тағы да
бір елу-алпыс салт атты башқұрт келіп, қамшыларын сермелесіп бірдеңе деп
өжеңдесіп жатыр. Бұлар енді дәндеген күшіктей қапталдаса шапқылап шашу тілейді
де тұрады ғой. Мыналар да сабантойға шақырып жүрген көп саппастың сойы сияқты.
Келсің жол үстіндегі жолаушыдан бірдеңе сұрап тілемсектеніп тұрудың инабатты
халыққа жараспайтын ұнамсыз қасиет екенін айтып, ендігәрі жолдарын бөгемеуді
талап етіп, ит терілерін бастарына қаптап жіберсін.
            Кирилов күймесінің қапталында салт
атпен келе жатқан адьютант шолғыншыларға жалау былғалап: «Башқұрттарды бері
жіберіңдер!» - деп белгі берді.
            Қарақұрым салт аттыдан бұл жолы да
екі кісі бөлініп әлгі жасауылға ерді. Бұл жолғы башқұрттар манағыдай жас өспірім
жігіттер емес екен. Екі қаба саңалды дөңгелек жүз еркек анадай жерге кеп оң
қолдарымен кеуделерін басып сәлемдесті. Сосын манағы жігіттердей арсалаңдап
күлмей, қастарындағы жасауылға салқын бұрылып:
            «Мына ұлыққа біздің айтқанымызды
айт», - дегендей ым жасады. Қызыл танау жасауыл манағыдай аптыға сөйлемей
орнықты тіл қатты.
            - Ваше превосходительство, бұлар
оңған шаруамен келіп тұрған жоқ. Бізге осы арадан кері қайтыңыздар дейді.
Сіздердің ойларыңызды біліп қойдық, қақ ортамыздан ойып тағы бір қала салып,
өзімізді өз жерімізге зар қылмақ екенсіздер дейді. Айтқанды тыңдап кері
қайтыңыздар, әйтпесе жаңа қалаңыздың бәрібір күл-талқанын шығарамыз дейді. Егер
осы айтқанымызды орындасаңыздар, біз бұрынғы ақ патшаға адал қалпымызда қала береміз
дейді.
            Жасауыл сөзін бітірер-бітірместе
екі ңаба сақал башқұрт: «Айтқанының бәрі рас», - дегендей бастарын изеп,
үн-түнсіз жауап тосты.
            Кирилов мұндайды күтпеп еді. Жалт
етіп хатшысына қарады. Петр Дьяков: «Айтып тұрғандарың рас па?» - дегендей
башқұрттарға қарады. Башқұрттар міз бағар емес.
            - Біз ұлы императрица ағзамның
жұмсауымен келеміз. Башқұрт жұртын да сол императрица ағзамның боданы деп
білеміз. Ал бодан жұрттың өз билеушісінің пәрменін екі етуге қақысы жоқ. Сондықтан
сіздердің талаптарыңызды орынсыз деп табамыз. Мұндай оспадар ңылықтарыңыз үшін
сіздерді жазалауға болар еді. Бірақ, бір жолға кешірім жасаймын. Ендігәрі
мұндай мінездеріңізді көрсем, аямаймын. Сіздерді осында жұмсап отырғандарға бұл
айтқандарымды бұлжытпай жеткізуге пәрмен етемін.
            Кирилов ызаға булығып түтіге
сөйледі. Екі башқұрт сол міз бақпаған қалыптары аттарының басын кері бұрды.
            «Міне, саған сабантой керек болса!»
- деп ойлады Кирилов екі шабарманның соңынан тесіле қарап қалған Дьяковқа
кіжіне көз тастап.
            Содан әлгі арадан көп ұзамай жатып,
жолдың екі бетіндегі манадан бері ерсілі-қарсылы далаңбай шабыс пышақ кескендей
тыйылды. Әр жер-әр жердегі әлем-жәлем сырғауылдардың түбіндегі асулы қазандар
да адыра қалыпты. Салт атты башқұрттар қос қапталдағы жал-жалдың басына шығып,
мықындарын таянып қаз-қатар тізіліп тұрып алған. Содан қашан бесін ауғанша екі
жақ қапталдан бұларға түйіле қарап, шаншыла төніп тұрған суық қабақтар жиілей
түспесе, азаймады. Бесін ауғасын барып жал-жалдың басындағы башқұрттар
аттарының басын кері бұрып, ту сырттарындағы ұшан далаға қарай үнсіз аяңдасып
бара жатты.
            Таңертеңгі қағанақтары қарқ,
сағанақтары сарқ бейқам шеру енді қос бүйірлерінен әлде бір суық жебелер сұғына
төніп тұрғандай екі жақ қапталдарына жалтақ-жалтақ қарауды көбейтті.
            Кириловтың жырта қарыс кең
маңдайының қақ ортасынан білемденіп бір сызат жүгірді. Таң атқалы жайма шуақ
нұр шашырап келе жатқан отты жанары оқыс мұздап тұнжырап сала берді. Ту сыртынан
аяз қармап алғандай қараптан қарап тітіркеніп қойды.
            Әлгінде ғана сүқты көздерімен ата
қарап ұзатып салған сүсты шоғыр араларына төрт-бес қыр түскесін аттарына қамшы
басып, соңдарынан үн-түнсіз еріп келе жатқандай. Шерудегілер арттарына бұрылып,
қайта-қайта қарап қойысады. Кейінгі жақта ызаға булығып долырған көздің
астындағы көк білем ісіктей көлкілдеп көгілдір белдер тұр. Жанарың түскен сайын
бедірейе түседі. Қапталдағы қалақ жауырын қайқы дөңдердің басында қарауытқан
қалың бұталардың тасасында да бұқпақтап біреулер жатқандай. Алдарында
алыстан-алыстан бой көрсетіп, бағыт сілтеп келе жатқан айқай биіктер де
қалтарыстарына қаһарлы тосқауыл тығып тұрғандай. Көзің неге түссе де, көңіліңе
сөзік қашырады.
            Жан-жақтарына жалтақтасқан ұлы шеру
суыт ілгері тартып келеді. Манағы айбыны кетіп, шөбі қалың от жерден мың-сан
тұяқ жарыса таптап, жайпап берген соң амалсыз ірметіле көтерілген сұйқылт
тозаңға көміліп, жермен жексен аласара түскендей. Атты казактардың күміс
қындары да көктегі күнмен жағаласа жарқылдайтын жылтынан айрылып, жуасып, құр
салақтап келеді. Зеңбіректер құладүзге дендеп кірген соң, қазақ ауылдарының
арасында адасып қалған қаңғыма саудагердің қоқыр-соқыр тиелген шиқылдақ
арбасындай зырылынан жаңылып қиқалақтай бастады.
            Бірінші күні ұзыншұбақ шеру мынау
жылмық жон жымысқы бұйраттардың арасынан ұзаңқырап шығып, манағы суық көздерден
әбден қара үзіп кеткілері келгендей, қашан күн ұясына қонғанша аял жасамады.
Түнемелікте кешегідей сәнді қос тігілмеді. Күні бойы сарсыл аяңмен болдыртып
келе жатқан түйелер мен аттардың белдері босап, самсаған сақшылардың алдында
өріске жіберілді. Арбалар мен зеңбіректердің маңына қалай болса солай киімшең
қисая кеткен жүріссоқты жұрт дем алып қарқ болмады. Таң атқанша аспанға қарап жұлдыз
санап жатқандай көздері ілінбеді. Сәл сыбыс шықты-ақ, шошаң еткізіп бастарын
көтеріп алады. Ештеңе байқалмаған соң қайта жатып, көкке қарап қайта
бақырайысады.
            Ертеңіне де жан-жақтан қаптағайлап
келе жатқан қалың жау көрінбеді. Кешегідей сары ымыртқа дейін салпақтамай,
жарық барында еру жасалды. Бұрнағы күні Уфа түбіндегі тәртіппен қос тігіліп,
көліктер өріске айдалды. Түні бойы жұрт құлағы елеңдеп шыққанмен, төңірек тыныш
болды. Ертеңіне жұрт та, ат-түйе көліктер де аяқтарына сергек мінді. Енді
жұрттың дендері жайылайын деді. Жер түбінен түнерген шоқ-шоқ тоғайлар азайып,
далиған жазықтар көбейді. Уфадан шыққалы тілдерін жұтып қойғандай үн-түнсіз
келе жатқан едірең мұрт казактар мен солдаттар күркіреп ән бастады. Ол күні
шеру айдаладағы айналасы ат шаптырым саумал көлдің басына тоқтап, көліктерін
суарып, балық сүзіп мәре-сәре болысты.
            Ұшан далаға ұзап шыққан сайын
көңілдің алаңы басылайын деді. Жұрт бұрынғыдай үркесоқтамай, көк жиекке
көздерін ұзағырақ қадайды. Тіпті барар жерлеріне қанша қалғанын есептей
бастаған сабаздар да бар! Төңіректен ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа тірі жан
көрінбейді. Сонда да қос пен көліктерге күзет мықты. Әсіресе өріске айдалатын
жылқыларды атты казактар таң атқанша тікелерінен тік тұрып торып шығады. Ай
астында қылаңытқан сәл нәрсені қарауылға алып, жақындай түссе, жайратып
тастайын деп, жаланып тұрғандары. Бірақ, әлгі қарайғандар таң атқанша сол
жатқан жерлерінде бүк түсіп жатып алады. Жарық түскесін барып қараса, не дөңбек
тас, не бұта болып шығады. Түні бойы көзі әпірейіп шыққан казак қарғыс атқыр
қара тасты, не бұтаны ата-бабасынан батпандата бір боқтап, жылқыларды қосқа
айдайды.
            Таң атқанша көк жасыл алқапқа
тортасынан айырған сары майдай сар шұғыла төгіп, аспан астын жылт-жылт сиқыр сұлулыққа
бөктіріп шығатын айлы түндер таусылды. Енді күннің кезінің қалай қарасы
жоғалды, солай жер бетіне омырауы уда-дуда қара бурадай қою қараңғы бауырлай
шөгіп, теңірек тас табыттай тып-типыл тар қамашауға айналады. Өрістегі
бақташылар алдарындағы малдың о шеті мен бұ шетін анық байқай алмай, таң
атқанша бір-біріне алыстан тіл қатысып, бақырып-шақырып жатқандары. Солары
әбден ағаттық екен...
            Бір күні таң атқаннан бері қыр
арқасын ер, мойындарын қамыт қажаған байғұс мақұлықтар қырдың жаңа ұйып келе
жатқан уыз ірімшіктей кілкілдеп тұрған қалың ажырығына ауыздарын көсей салып,
енді-енді бүйірлері бұлтия бергенде қою қараңғының арасынан әлдене жарқ-жұрқ
ете қалғаны. Жүздеген сиқыр шоқ бір жарқ етті де, шашырай жоғалды. Құлақтарын
кесіп алса, білмейтіндей боп, құныға жайылып жатқан қалың жылқы аяқ астынан
қара жер қарс айырылғандай қақырай бөлініп, әлгі жарқ-жүрқ ете қалған жаққа
қарама-қарсы түсты бетке ұстап жөңкіліп берсін! Қапелімде, желімдей ұйысқан
қараңғының арасына әлде бір жұмбақ тау орнап, енді сол ойда жоқта опыр-топыр
құлап түскендей айнала аламан-асыр...
            Казактар мылтықтарын жұлып ап,
басқа-көзге қарамай тарсылдатып ата женелген! Шошынған үйір одан сайын
ұлқан-талқан. Әлгінде ғана жандарына майдай жағып бара жатқан қалың ажырықты
да, тылсым тыныштықты да, нәрі бойындағы кек қылтанақтың құлағыңа күйдей
жұғымды күрт-күрт күйреген дыбысын да біржола ұмытқандай. Шүрқырап, кісінеп,
еліріп алған. Жайбарақат қосқа қарай жапырыла ұмтылып, өңмеңдей төніп келеді.
            Түн ортасында тап мынадай алапат
қайдан тап болғанына түсіне алмай, төсектерінен атып-атып тұрған қалың топ,
көйлек-дамбалшаң ерсілі-қарсылы соқтығысып жүр. Қою қараңғыны дал-дүл жыртып
келе жатқан кеп тұяқ жолында не тұрса да, қарар емес. Сатыр-сұтыр. Шатыр-шұтыр...
Құлап жатыр... Қирап жатыр. Ойбайлап бақырып жатқандар қаншама! Зіркілдеп
әлдекімдерді боқтап жатқандар қаншама!
            Еліріп алған хайуандардың олардағы
шаруасы қанша! Бірін-бірі қағып, ілгері еңмеңдей түседі. Талай шаңырақ шатынап
сынды. Талай арба төңкеріліп қалды. Талай шатыр тұяққа ілігіп сүйретіліп
барады. Мұндайда онсыз да жандары мұрындарының ұшына кеп, естері қалмай
тасырлай жөнелген есер тобыр, одан сайын құйрықтарын теуіп, жан-жақтарының
шәт-шәлекейін шығарды емес пе! Кейбір алаңғасарлар, қапелімде не болып, не
қойғанын түсініп алмай, «әйтеуір, мылтықтан қорықпайтын не бар дейсін» деген
бос далбасамен тарс-тұрс атып жатыр, атып жатыр. Бірақ, бір еліріп алса,
шамалыда сабасына түсе қоятын жылқы хайуан ба? Жолындағының бәрін кимелеп, өлімін
сатып, өңмеңдей түседі. Қостың тас-талқанын шығарып, айдалаға безіп берсін! Сол
қалыптары біраз жерге барды. Алдарыпан тағы да бірдеңелер жарқ ете қалды. Талай
жануар қапелімде жалт бұрыла алмай, омақаса құлап, қалың тұяқтың астына түсті.
Еліріп алған есер нөпір енді кері салды. Жайрап жатқан қосты: «Жаңағы жаңағы
ма, енді көріп ал!» дегендей қайтадан баса көктеп жапырып өтті. Ол түнгі мына
сойқанға төрт аяқты жылқы түгілі, екі аяқты жұмыр бастылар түсіне алмады.
            Таңертең тұрып қараса - жан-жақтары
жайрап жатыр. Төңкерілген арбалар, қирап қалған кереге, уық. Төрт аяғы көктен
келіп теңкие құлаған жылқылар. Іштерінде тапалып қалғандары да, оқ тиіп
өлгендері де жеткілікті. Адамдардан да шығын жоқ емес. Талай кісі майып боп,
бебеулеп жатыр.
            Төңірек түгел шұрқ-шұрқ тұяқ ізі. Кімнен
келген, қайдан келген кесепат екені белгісіз. Жылқыларды санатқанда,
өлі-тірісін қосқанда түгел боп шықты. Сонда өз-өздерінен осынша шала бүлініп,
бұл жануарларға не көрінген?!
            Орыстардың бас ұлығы қасында
Тевкелевті, Дьяковты, жол көрсетуші башқұрттарды ертіп, сол маңайды қарап
шықты. Кеше алғаш жылқы үріккен жерден кенелікті зираттың ізі кезікті. Қостың
күн батыс бетінен де өн бойларын қына басып кеткен құлпы тастардың жұрнағы
ұшырасты. Ақсақалдар: «Көне моладан түнде от шығатыны бар. Жылқылар содан
үріккен болмасын», - десті. Кирилов: «Башқұрттардың мына айтып тұрғандары рас
па?» - дегендей, қазақтарға қарап еді, басы Нияз сұлтан мен бұларды қарсы алуға
Уфаға келген Мырзатай болып: «Солай болса, солай шығар», - дегендей иықтарын
қиқаңдатысты.
            Ойда жоқ жерде ойсырай шығынға
ұшыраған үлкен шеру жаралыларын арбаға тиеп, қираған дүниелерін жолда қалдырып,
ілгері қозғалды. Бас ұлық асты-үстіне шығып, жайрап жатқан жұртына қарап басын
қайта-қайта шайқайды. Қабағы салбырап түсіп кеткен. Ол күні тағы да күн
байығанша аял жасатпады. Алдын-ала жолаушы жіберіп, молалықтан ада таза жер
қаратты! Жұртты бірден жатқызбай, кезек-кезек көз шырымын алдырып, күзетті
күшейтті. Бірақ, ол түні ойда жоқ ештеңе бола қойған жоқ.
            Сүйтіп тағы да түнемеліктің сәні
кетті. Қостың жан-жағына ұңғысына доп салып зеңбірек иірілді. Содан
сескенетіндей енді қайтып ұйқы бұзар тасыр-күсір жолыға қоймады. Бірақ, бір
түні тағы да... Аспан асты баяғыдай аламан-асыр тулап ала жөнелгені. Шошып
оянған жұрт құлақ тіксе - тасыр-күсір тұяқ дүбірі, пысқырынған жылқы дыбысы.
Тағы да беттерін түп-тура қосқа бағыттап, салып ұрып келеді. Аспанға мылтық
атқызып, абай-қоқай жасап көріп еді, оған тоқтайтын емес. Енді сәл кідірсе, мына
қос баяғының кебін киіп, тағы да тапалып қалмақ.
            Кирилов:
            - Ат! - деп ақырды зеңбіректерге.
            Төрт-бес зеңбірек түн қараңғыны
қақырата сөгіп гүрс-гүрс ете қалды. Қапелімде тым-тырыс бітіп қалып, қайта
ашылған жұрт құлағы азан-қазан кісінеген, шыңғырған жылқы даусын естіді.
Әлгінде ғана таудан аққан сел тасқындай лақылдап келіп қалған тосын дүсір кері
лықсып, бірте-бірте алыстай берді. Бет алды құладүзге безе жөнелген қалың
жылқыны казактар жабыла шапқылап, таң алдында зорға қайтарып әкелді. Таңертең -
түндегі доп түскен жерде талай жылқы жайрап қалыпты. «Қап, зеңбіректерді құр
дәрімен оқтап атқызсамшы!» - деп өкінді Кирилов.
            Содан өріске кеткен жылқының саны
кеміген үстіне кеми берді. Талайлар көлік жетпей жаяу салпақтады. Арбалардың
жүктері ауырлап, жүрістері мандымай қойды. Күзетті қанша күшейткенмен жылқы
азайған үстіне азая түсті.
            Мынандай мазасыз сүргін талайды
қажытты. Әсіресе, ханзаданың қабағы қату. Уфаға жеткелі шытыңқы қабақ
ханзаданың маңдайы бүйтіп жиырылып көрмеп еді. Жағасы жайлау жайбарақат
жүрген-ді. Былтыр Уфаға жете бергенде жолдарын тосып тұрған айғыр топ адамды
көргенде көзі шарасынан шығып кете жаздаған. Бәрі -түлкі тымақ. Бәрі - қынаға
боялған бурадай тон. Бөрінің қолында - бұзау тіс дойыр. Бәрінің көзі - жүздеген
шана жарыса шапқылап келе жатқан Қазан жолында. Зулап келе жатқан шаналар
тұстарына келіп кілт тоқтай қалғанда жаңа ғана жер ойып жіберердей мығым тұрған
қазақтар солқ ете түсті. Жасқаншақтай басып шанаға қарай жүрді. Қарсы
алдарындағы нарттай қызыл тон киген нардай қара бұзау тіс дойырын бекемдей
ұстап, сол қолын күн қағып тұрғандай қарға қарығып жасаурап кеткен көзіне
апарып, күймелі шанаға үңіле қарайды.
            - Нағашы!
            Нардай қара қапелімде әлгі дауыстың
қайдан шыңқанын білмей қорбаңдап қалды.
            Ханзада күйменің есігін серпіп ашып
секіріп түсті. Дала ызғып тұр екен. Сирағын шағып бара жатқан мұздай суықтан
тез құтылғысы келгендей күртік қарды шиқылдата басып емпеңдеп жүгіріп келе
жатқан Мырзатайдың құшағына күмп берді. Тері исі, тер исі томар бояудың исі,
дала исі. Басына шауып көз алды тұманданып бара жатты. Қалған айғыр топ адаммен
амандасуға мұрша бермей, орыс сақшылар екеуін жетектеп күймеге әкеп қайта
тықты.
            Жылы жерге келгесін нағашысы қиығы
қызарып кеткен ала көзін төңкере қарап тұла бойын бір тінтіп шықты. Көзінде бір
жымысқы күлкі тұр.  Масаттанғаны.
Дымданып бара жатқан тұмсығын бартиып-бартиып ісіп тұрған күректей қолымен бір
сүйкеп, тері шалбардың тізесіне сұртті.
           
- Ал, бала, қалай барып қайттың? Ақ патшаның қызы жоқ па екен? Күшік
күйеу қып қолына ұстап қалды ма деп зәреміз зәр түбіне кетті ғой. Үш жыл бойы
суға батқандай зымқайым жоғалған соң қайтып қобалжымассың. Ту, бұған да жететін
күн бар екен-ау!
            Осының өзі өңім бе, түсім бе
дегендей бет-аузына тағы біраз тесіліп отырды да, қайта сөйлеп кетеді.
            -     Немене, тұмсығыңның астына күйе жұқтырып
алғансың ба? Мына неменің мұрты шығатын түрі бар ғой! Нағашыларыңа
тартқансың-ау. Төрелердің иегі көпке дейін шелдеген терідей жалтырайтын да
жататын.
            Қолын жүгіртіп бұғана сүйегін ұстап
көрді.
            -Арықтапсың... Қарындарың ашқан жоқ
па?
            -Жоқ.
            -Үсті-басыңнан бір бетен иіс шығады
ғой. Доңыздың етін жегенсің-ау, сірә.
            -Құдай сақтасын.
            Сенбегендей. Кең танауы жыбыр-жыбыр
етеді. Кезіндегі қуақы ұшқын одан сайын маздай түсті.
            -Рас. Рас. Бақалшының ләпкесінің
исі шығады. Әлде жұпар сабынның исі ме? Киіміңнен шығар. Киімнің түгел
өзгөріпті ғой.
            Ханзада нағашысының бұл қылығына
рахаттана күліп алды.
            -Қалай, базарлық көп пе? Ханзада
басын изеді.
            -Маған не әкелдің?
            -Барғасын көрсетем ғой.
            -     Байқа, әке-шешеңе не әкелсең, соны әкелдің
екен деп дәметпеймін. Бірақ, осыдан Нұралыға әкелгеніңнен арзан түсті бар
ғой... Онда өз обалың өзіңе. Біз де базар шығармыз. Сонда нағашыңның қалтаңды
тақ толтырып беретін өрік мейіз, алуасынан қағыласың. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға
жүргелі отырмын. Қайын жұртыңа соғып, күйеулерің орыс патшасының қызын
алатын болыпты деп,
қалыңдығыңды торықтырып қайтам.
            Ханзада оған сылқ-сылқ күліп мөз
болған. Содан бері Ханзаданың езуі бір жиылған емес-ті. Бұларды ұзын жолдың
үстінен қарсы алған айғыр топ адамның ішінде немере ағасы Қылыш-Мұхамбет сұлтан
мен Мұқамбет қажы да бар екен. Олар бір топ билерді ертіп, патша сарайына
елшілікке кетті де, бұлар осы ұлы шеруге ілесіп елге беттеп келеді.
            Нағашысымен жолыққасын өздері жоқ
үш жыл ішінде елде не болып, не қойғанын түк қалдырмай түгел сұрап біліп алды.
            Мырзатайдың әңгімесін естіген сайын
Нияз сұлтанның жүзіне шырай жүгіріп, күлімдей түседі. - Е, бәсе, солай болса
керек еді! - деп қомпияды. Нияз сұлтан мөз болса, мөз болғандай екен! Баяғыда
Бұлар Найзакескеннен аттанып кеткесін, Сәмеке де Уфаға ат шаптырып, елші
жіберіпті. Орыс ұлықтары Мәмбет мырза қазақ даласында жүрген кезде жасаған
қысастығы үшін Сәмеке елшілігін астанаға жібермей, ауылдарына кері қайтарыпты.
Сосын-ақ Әбілқайырдың иығы асып шыға келіпті. Басқаны былай қойғанда,
қонтайшының өзі күнара ат шаптырып, елші салып, татулық сұрапты. Хан
тумаластарының жоңғар қолында тұтқында қалған әйелдерін тартутаралғылармен
артынтып-тартынтып әкеліп салыпты. Қалдан Шерін қол астындағы Ұлы жүзді
Әбілқайырдың інісі Жолбарыс пен үйсін Төле биге тапсырып, қытайлармен соғысуға
еліне кетіпті. Қазір қазақ пен жоңғардың арасында ешқан-дай қақтығыс жоқ дейді.
Соны пайдаланып, Жәдік тұқымының кейбір сұғанақ сұлтандары сұқақтап Тұркістанға
қайта-қайта барғыштап жүр дейді.
            Мырзатай Ералыға қарап:
            - Сенің қайын атаң да бір
зобалаңнан қалыпты. Хиуаның инактары1. Жолбарысты тақтан түсіреміз деп біраз
қомпаңдасқан екен, ауыздарына алалық түсіп, оларынан ештеңе шықпапты, - деп
қойды.
            Уфадан шыққалы бері ұзақ жолда
айтылмаған хабар қалмады.
            Әр әңгіме айтылған сайын бала
ханзаданың көңілінде пәлен жылдан бері бұғып жатқан сағыныш одан сайын ұлғайып,
көкірегіне симай барады. Әр дөңге көтерілген сайын ауыл көрініп қалатындай бір
қопаңдап қояды. Ештеңе көрінбеген соң, лып ете қалған көздегі шыра қайта сөніп,
тұнжырап сала береді. Оның үстіне, мына бір жылқы дүрбелеңі... Жалпақ сахараның
шетіне ілігіп, әке-шешемді, ағайын-бауырларымды енді көрем бе деп отырғанда
тағы қандай пәлеге тап болам деген уайым еніп, түн баласы көз ілмей шығады.
Күндіз де қарқ болып жатқаны шамалы. Мына шеруде не көп, жалдамалы қалмақ пен
татар көп. Жол көрсетуші башқұрт көп. Қауқылдақ Мырзатай жол-жөнекей соларды шақырып
ап, хабар сұрамаса, басы ауырады. Олар күніне бір сұмдықты ойлап табады да
отырады.
            - Әй, сендердің мына жылқыларыңа не
көрініп жүр? - дейді Мырзатай.
            - Обырдан келген кер болмасын.
            - Ол не пәле тағы?
            Мырзатайдың мына сауалын естиді де,
әңгімешіл башқұрттар өздері-ақ айтқылары келіп, тілдері қышып тұрған хабарларын
көмейлеріне іркіп, қарызға беруге ақшасын қимай тұрған аяншақ саудагердей,
кезін сығырайтып, бет-аузыңа ойқастай қарап, біраз кергіп алады. Бірақ, қанша
дегенмен, мынау кәукілдек қазақтың қасында отырған бала ханзададан айбынып,
сөзін бастайды. Сол-ақ екен, қайдағы сұмдықты қайдан тауып алатындары белгісіз,
бірінен соң бірін көздерінен тізіп, шұбырта жөнеліседі: «Егер өлген адам «иә,
құдай» деп жайына жүрген кәдімгі жұмыр басты пенде болса, оның жаны денесі
суымай жатып, кеудесінен ұшып кетеді. Ал тірі кезінде-ақ ібілістің айтқанына
бріп, соның иегінің астында жүрген тозақы біреу болса, оның жаны обырға
айналады. Башқұрттар ондай адамды сиқыршы дейді... Сиқыршыны тірі кезінде-ақ
білуге болады. Олар ара-тұра шикі ет жеп, аузын қызылдап алмаса, қарап жүріп
қауқарынан айырылып, қаурап қалады. Сондай шикі ет жеп отырған кісіні үстінен
шығып, қолын кекке көтертіп қойсаң, қолтығының астында шұқырайған тесік тұрса -
сиқыршы болғаны. Баяғыда бір жігіт көруге көз керек сұлу қызға үйленіпті.
Келіншегі алғашқы түні: «Саған қояр жаңғыз-ақ тілегім бар. Орындайсың ба?»
-депті. «Орындаймын!» - депті. Сұлу сонда: «Егерментірі жүрсін десең,
қолтығымның астына көзінді салушы болма», - депті. Жігіт содан келіншегі
киініп-шешініп жатқанда тұла бойына көзім түсіп кетпесін деп теріс қарап тұрады
екен. Бір күні аңға кетіп, ауылдан ұзап шығар-шықпаста аты ақсап, кері
қайтыпты. Есіктен мойнын сұқса, іште қақ төрде басы айнадай жалтырған тақыр бас
біреу қос бұрымы салбыраған қолаң шашты қолына алып қарап отыр дейді. Жігіт
төрге бір-ақ ытқыпты. Барып әлгі сұмырай неменің қолын артына қайырып, қолтығын
ашып қараса, жұдырық сиятындай боп үңірейіп бір тесік тұр. Жігіт қолды салып
жіберіп, жүрегін суырып алады. Құбыжық сол арада мерт болады. Сейтсе, баяғыдан
бергі сұлу құштым деп жүргені - сиқыршы екен.
            
            1 Орта Азия хандары сарайларындағы
ен; ықпалды шонжарлар осылай аталған.
            
            Ондай сиқыршылар өлгеңде кеудесінен
обыр шығып жер-көкті кезіп кетпесін деп өкшесіне тебен ине шаншиды. Ал егер
молада жатқанда әлгі инесі түсіп қалып, обыр жер бетіне қайта шығып,
өткен-кеткен жолаушыны арбамасын деп, қабірді қазып, мүрденің көкірегіне темір
қазық қағады. Әнеу күні қостың қасынан табылған көне зиратты ақтарып, темір
қазық қаққанда мынадай пәледен бір жола құтылатын едік». «Сонда обыр көзге
көріне ме?»
            «Көрінгенде қандай... Күндіз тек
құр кеудесі бар, кіндіктен төменгі жағы түгел жоқ, омалып отырған тобан аяқ шал
көрсең, сол - обыр... Кешке ол жарғанатқа айналады. Қараңғы түнде от болып
ұшып, сенделіп жүреді. Жолындағы жан иесінің денесіне қоныц, қанын сорып,
жанға-малға індет таратады».
            «Ендеше, мына жылқыны оттатпай жүрген
сол ғой. Қосқа келуге мылтық пен зеңбіректен, оқ дәрінің иісінен сескеніп,
өрістегі жылқыға тиіп жүр екен-ау,..».
            «Мүмкін ши мұрын шығар. Ши мұрындар
да атқа мініп, асыр салып жарысқанды жақсы көреді дейтін емес пе еді? Мынау
көптен бері ел қонбай, керуен өтпей, құлазып жатқан құба түздегі құр тақым
жүрген құбыжықтар ойда жоқта орасан көп жылқы үстіне келгесін құмарымыздан бір
шығып қалайық деп желпініп жүрген болмасын. Ши мұрын да адам сияқты дейтін
кәриялар. Қақ маңдайында жалғыз көзі болатын көрінеді. Оны ұстап алып бал
аштырсаң, өзің түгілі кейінгі жеті тұқымыңның не көріп, не кешетінін түгел
айтып береді екен».
            Кеңірдектері сорайған сөзуар
башқұрттар бірінің ауызындағы сөзді бірі қағып алып әкетеді.
            «Биыл сондай құбыжықтардың өріп
кеткен жылы дейді ғой. Орманға барсаң - толып жүрген шөрәлі, тауға барсаң - тас
сайын, үңгір сайын бір пері. Ойда жоқта оңаша шыққан кісінің бәрі із-түзсіз
жоғалып кетіп жатқан көрінеді. Кейбір ауылдар былтыр қыста ел аралап, киіз, арқан
жинауға кеткен еркек кіндіктен түгел айрылып, шуылдап қатын-бала ғана
қалыпты»...
            «Болса, болар. Биыл қыс бойы
күні-түні ызыңдап боран ұлыды да тұрды ғой. Перілер ұйлыққанда солай болады
дейтін. Қыс бойы құтырынып шыққан перілер жазда қайдан жайбарақат жатсын!».
            «Бәсе, биыл суға жақын отырған
жұртта үрей жоқ көрінеді. Күн шықпаса болды, бір қара бұлт үйіріліп келіп, су
ішінен бір-бір аждаһаны желкесінен бұре көтеріп суырып алып, әлде бір жаққа
алып кетеді дейді».
            Қазақтардың көздері адырая түседі.
«Аждаһа ұшушы ма еді?»
            «Пәлі... Кәдімгі жылан бар емес пе.
Сол жүз жылдан кейін аждаһаға айналып, қайда Бұлақ, қайда құдық, қайда өзен,
қайда көз бар, соны барып сағаламай ма? Мың жылдан кейін жүһа болып, суға
барған адамды, әсіресе, сұлу қыздар мен келіншектерді жұтып күн көрмей ме?
Бірақ құдіреті күшті құдай ажадаһаны жүһаның жасына жеткізбей, бұлт боп келіп,
көтеріп әкетіп, Қап тауына асырып тастайды. Әйтпесе, Орал тауды паналаған
башқұрт қауымы әлдеқашан тып-типыл болатын еді».
            «Апырай, ә! Пәлен күн жол жүріп
келе жатқанда бір жылан кезікпеп еді. Бәсе, бәрі аждаһаға айналып кеткен
екен-ау!».
            «Әй, кім білген... Мынадай жер
қайысқан қалың қолдан жылан екеш жылан да сескеніп, безіп кетпеді дейсің
бе?...»
            «Қайдам... Тап мұндай шаруадан адам
сескенгенмен, сайтан сескене қоймас. Қайта ібілістің құтыратын кезі осындай
опыр-топырдың тұсы ғой!
            «Әрине... Жер түбіне сапарға шығып
келе жатып, жол-жөнекей қанша әулие, қанша аруақтың тұсынан, ең болмаса, қол
жайып, бата да қылмай, сілейіп-сілейіп өте шыңтық».
            «Сен де айтады екенсің. Ақ патшаның
ұлығы айдаладағы мұсылманның әулиесінің басына түнеп, ақсары бас жығып, жер
тізерлеп құран оқып, құдайы айтып отырса, жаныңа жағар ма еді!!».
            «Оны айтасың, биыл Уфаның маңындағы
ауылдарға орналасқан әскер отын таба алмай мола кезіп, қанша сайғақты отқа
жақты. Қанша мешіттің іргесін ық іздеген солдаттар нәжістеп кетті».
            «Аруақтар да қарап жатпаса керек.
Қыста Шыршалы деген ауылдан соғым жинай барған жүз елу солдаттың елуі тірі
қайтпай қалды ғой. Жылы үйге кіріп, жылы-жұмсаққа белшеден бөккен немелер
моншаға түсеміз деп ылаң салыпты. Жұрт жапатармағай монша қыздырыпты. Пәлен күн
қарлы боранда салпақтап келген немелер шырша исі аңқыған моншада әр қайсысы бір
тамақ асым шабынып шықпай қойыпты. Алғашқы кезекте түскендерінің бәрі аман
қалыпты да, ал түн ортасы ауып кеткен соң, ең соңғы кезекте түскендердің біреуі
тірі шықпапты. Бәрі де буға пісіп қалыпты. Сөйтсе олар - үй иелері: «Түн ортасы
ауғасын моншаға түспеңдер. Моншаның көзге көрінбейтін киесі болады. Түн ортасы
ауғанда, елдің ең соңынан солар жуынады. Олармен жарысып, суға түскен адам
ақыры бір жаманатқа ұшырайды», деп қанша қақсаса да, тілдерін алмапты.
            Қырықты тауындағы қырғын да сондай
әбестіктің салдарынан болған деседі ғой! Көлік жинап келе жатқан жиырма атты
тау арасында бөкселері тырдай жалаңаш, қар қауып өліп жатыр дейді. Артқы
тесіктерінен бір-бір жапырақ ақ шүберек қызыл шүберек жалбырап шығып тұр дейді.
Сөйтсе, ұзатылатын қыздар тау иесінің көңілін аулап, тал-талға теңге байлап,
шүберек байлап, елмен, жермен, құрбы-құрдасымен қызойнақ жасайтын оңаша
алаңқайды әлгі ноқайлар жұрт түзге отыратын жер екен деп қалса керек. Киелі
ағаштан бір-бір шүберекті жұлып ап, қаз-қатар отырып, іштерін босатысқан. Арты
жаңағыдай боп тынған!».
            Башқұрттар бастарын шайқасады. Бала
ханзадаға бұл әңгімелер әуелі бір қызғылықты ертегілердей естілуші еді.
Келе-келе көңіліне үрей ұялап, кейде тіпті түсіне кіретінді шығарды. Жастыққа
басы тисе болды, қайдағы бір ауызы үңірейген үңгірлерге тап болады. Үңгірдің
аузында екі анары салбыраған тырдай жалаңаш ақ сары қыздар күнге қыздырынып
отырады. Көздері көкпеңбек. Денесі уыздай аппақ. Жанарына бір қарадың-ақ,
көзіңді енді қайтып ажырата алмайсың. Жады немелер жымың-жымың күліп, қараңғы
үңгірдің түп жағын нұсқап, ымдап шақырады. Бұл, қапелімде, айтқандарына кеніп,
енді ұмтыла бергенде, тастан ырғып түскен сұлу қыздың аяғының екеу емесіне көзі
түседі. Жалғыз аяқ. Жалғыз балтыр. Маңдайындағы көзі де жалғыз. Бұл жалма-жан
жалт бұрылып қаша жөнеледі. Жалғыз аяқ қыз аттатпайды. Қуып жетіп, ту сыртына
жабысып мініп алады. Жан ұшырып қашып келе жатады. «Құтқарыңдар!» - деп айқай
салып келе жатады. Сүйтіп жатып оянып кетеді. Ақ тер. Көк тер. Басы төсектен
салбырап түсіп кеткен. Құс жастық екі жауырынның арасында қалған. Жүрегі
тарсылдап, кәлимасын қырық қайталап, таң алдында қайтадан кезін іліндіреді.
            Не де болса, ұйқысының ұйқы
болмай-ақ қойғаны! Біресе бір кекілі жалбыраған балаға еріп бүлдірген теруге
бара жатады. «Бүлдірген, ана сордын ар жағында - дейді бала. «Апырай, сортаң
жерде де бүлдірген әсетін болғаны-ау»! - деп ойлайды бұл. «Қорықпа, мына сорды
кесіп өтсең тез жетеміз», - дейді бала. Бұл жасқаншақтап сорды басады.
Былқылдақ. Бір аттайды, екі аттайды. Әлгі былқылдақ сор бірте-бірте жұтып
барады. Міне - тобықтан асты... Міне, тізеден асты... Міне - кіндіктен де асып
барады... Табаныпан бір мұздай суық қарып бара жатады. «Әй, сен мені қайда
әкелдің?» Қасында бала жоқ. Анадай жерде қашып барады. Сорға бататын түрі жоқ.
Қояндай орғып-орғып қояды. Сейтсе, іздері бұдан қашып бара жатқан емес, бұған
қарай жүгіріп келе жатқан кісінің ізіндей боп, теріс түсіп қалып жатыр. Бұл жан
ұшыра бұлқынады. Оянып кетеді. Көрпесі тізесіне дейін түріліп қалған. Кейде
ұйықтап жатқанда екі бұты талыстай әдемі әйел шашы дудырап көкірегіне қарғып
мініп, қос бұрым құсатып екі иығынан асырып, артына түсіріп қойған салаңдаған
үлкен емшектерін кезек-кезек ауызына тыққыштап емізіп отырады. Әр үрпісі
Мырзатай нағашысының бас бармағындай. Ұйқылы ояу санасы бұның албасты екенін
біліп жатады. Албасты баяғыда балаларынан айрылып қалған әйел көрінеді. Содан
бері түн баласы ұйықтап жатқанда адамдардың арасынан өз перзенттерін іздейтін көрінеді.
Пәлен жылдан бері бауырына ерін тимей көкірегі сыздап, келген мұңдар неме
талайларды осылай тұншықтырып өлтіріпті. Бұл да солардың кебін киіп жүрмесе...
            Жалма-жан бұлқына бастайды. Екі
қолымен кеудесіне мініп отырған еңгезердей әйелді жүлқылай бастайды. Жандәрмен
оянып кетеді. Көрпесі тұмсығына кептеліп, тынысы бітіп қалыпты. Ал, бұдан кейін
ұйықтап көр...
            Онсыз да жүдеу көңілді одан сайын
жүдете түскісі келгендей жол ұзара түседі. Шілде шыжғыра түседі. Биік-биіктің
басын сағым шалып аспанмен тайталасып тұрып алады. Ойпаң-ойпаңды ойда жоқ бір
кек шалқарлар толтырып, дүние сапырылысып қоя береді. Төңіректің балауса исі
азайып, жүріссоқты аттар мен түйелердің қолаңса исі күшейе түседі.
 
            Қиялшыл бала ауылын ойлай-ойлай
шаршады. Үш жыл жүрген сапарын ойлай-ойлай шаршады. Ұйқылы-ояу келе жатып, не
өңі, не түсі екені белгісіз әлемтапырық елестерге беріледі. Сығырайтып ашып
алған көзіне өңшең бір телегей теңіз мол су ілігеді... Әлденелер жапатармағай
жүзіп барады... Әлденелер қапталдаса жүзіп келеді. Аннан-мұннан таздың
басындағы тақиядай жапырайып жатаған аралдар көзге шалынады... Аралдарда ақ
шаңқан мүнаралар... Қып-қызыл қорғандар... Бұлары немене Петерборға қайтып
оралғаннан сау ма... Әлде мынау әлгі көп мүнаралы көк мұнар Қазан ба... Дүниені
қалайша бүйтіп қалқыған су алып кеткен... Әлде қара жерді қайтадан топан басып,
Еділдің суы Жайықтың суымен араласып, орыстың жез мұнаралы шіркеулері мынау
жапан түзге жапатармағай қалқып жүзіп келген бе... Дала болғасын ауыл ұшыраспас
па еді... Жайылып жатқан қой, жусап жатқан жылқы ұшыраспас па еді.. - Бірі
жоқ... Айдалада маңқиып-маңқиып жеке жайыльга тұратын түйелер де кезікпейді...
Әйтеуір, әлде бір жаққа сабылып келе жатыр. Жүзіп келе ме, жүріп келе ме... Оны
да білмейді... Қалада келе ме, сахарада келе ме... Оны да білмейді... Отыр ма,
тұр ма, жатыр ма... Ол да беймәлім... Әйтеуір, беталды құла дүзде лағып келеді,
лағып келеді... Дүние беймезгілде қапысын тауып тап болған қара сойыл
барымташының алдына түскен малдай бытысып кеткен... Анау арт жақтарындағы
дөңкиген не... Баяғы Петербордан шыға беріп көретін тас қамал ғой... Қазір
дүркіретіп зеңбірек ататын шығар... Жоқ. Әлде мынандай қалқыған топанда оқ
дәріге су тиеді ме екен... Шынында да, әлгі тас қорған тарсыл-гүрсілсіз жайбарақат
жүзіп келеді... Зеңбіректердің үңғысы үңірейіп тұратын кетіктерінен бірдеңелер
сораяды. Түйелердің мойыны... Мына жарықтықтар оған қайдан тап болды екен...
Дүниені қаран су алып кеткесін сонда барып паналағаны ма... Міне, қызық... Иә,
мына тас қорған, шынында да, түйе қора жасауға таптырмайды екен... Оған мың
түйе де, мың-мың түйе де оңай сиып кететін шығар. Жарықтық жылқылар қайда жүр.
Әне, олар қалқып келе жатқан көп нәрсенің арасында құлақтары селтиіп-селтиіп
жүзіп келеді... Қойлар ше... Олар көрінбейді. От жерге біреу айдап апарып
тастамаса, өз қамын өзі жей алмайтын бейқам немелер ең болмаса аяқтарын
сермелеп тыпырлауды да білмей әлдеқашан құрдымға батып кеткен шығар... Әне бір
салындылар шөп пе, жоқ өлген қойлардың қаңқасы ма... Не де болса, үндері
шықпайды... Момындардың көретін күні қашан да осы. Анау жылқылар, анау
түйелер... Сан жағынан олар қойдан көп емес. Бірақ, еттері тірі болғансын,
жағаласып-жармасып, өліспей беріспей келеді. Ертең мынау топтан су тартылғанда
аман қалғандардың арасында олардың да тұқымдары болады... Ал қой... Қойды
қой... Қой сияқты қоңырларға мұндай аласапыраннан аман қалу қайда... Мұндай
сұрапыдың тұсында тек айлалылар мен еті пысықтар, көкіректерінде қыжыл барлар
мен талақтарының биті барлар ғана аман қалады... Көрерсің, осыдан ешкі екеш
ешкі мен түлкі екеш түлкіге дейін аман қалады. Түйе екеш түйеге дейін тас
қорғаннан мойынын созып тұрғанда әлгі кебенек келгірлер патшаның ақ шаңқан
сарайында сақалдары шошаңдап сатыдан сатыға орғып-қарғып мөз-мейрам боп жүрген
шығар... Баяғы қақ төрдегі қақыра тақта тұмсығын желге төсеп түлкі отыр ма
екен, жоқ басын бағып бүк түсіп борсық жатыр ма екен... Не де болса, пысықтар
өлмейді... Заман қашан да пысықтардікі... Баяғыда Мырзатай нағашысы солай
дейтін... Апырай, сонда Бұл енді ел қарасын көре алмайтын болғаны ма... Әкесі
мен анасына маңдайын иіскетіп, тай мініп, көсік қазып, жуа тере алмайтын
болғаны ма... Қара жерді қаран су алып кетсе, қайдағы құмақ, қайдағы көсік...
Қара жерді қаран су алып, дүние асты-үстіне шығып аламан-асыр болып кетпесе,
бұрын мынау көне молалар шошайып тұрар айғыр жолдардың басында қайдағы тас
қорған тұрар ма еді!.. Қара жерді қаран су алып, дүниедегі нәрселердің бәрі
үйреншікті орындарынан жаңылысып, бірімен бірі ию-қию араласып кетпесе, түйенің
қомында туып, аттың жалында өскен бұл мынандай тас ңамауда не бітіріп
отырады... Неге анау кең даланы кезіп кетпейді... Құрық пен сойылдан басқа қару
қажет емес қазақ сахарасына мына бір келінің аузындай үңірейген-үңірейген шойын
түтіктер не бітірем деп келе жатыр... Қазақтар бұнымен не істейді? Айран
ұйытады ма? Құрт қайнатады ма? Әлде саудагерден сатып алған қайдағы бір
дәрі-дәрмек сары жапырақтарын салып, насыбай түйе ме? Не істейді бұлармен...
Мынау жеті бабасы көрмеген асай-мүсайлардың бөрі өзіне еріп келеді... Тышқандай
балаға бұл не қылған құрмет, бұл не қылған қошамет. Әлде қара жолдың астында
үйлығысқан көп қорқау қаннан қаперсіз қотанға өзі бастап барсын деп шетке
шыққан қотыр тоқтының соңына еріп келе ме... Бұл не... Маңырайын десе дауысы
шықпайды. Мыналар бұның тамағын қырнап тастағаннан сау ма? Жоқ, қан жоқ...
Қолына жылымшы ештеңе жұқпайды... Міне, қызық... Тамағы аман... Жұтқыншағы
аман... Кеңсірігі аман... Өңеіпі аман... Бірақ, дауысы жоқ... Дауысы қайда
кеткен?.. Сонда мына жүтқыншақ, мына кеңірдеқ мына өңепі не бітіреді? Алдына
келген қоюды қарбытып, сұйықты қылғытуға ма? Жоқ, бұған дауыс керек... Неге
екені белгісіз - даусының қандай екенін ұмытып та қалыпты... Айқайлап ән
салғысы келеді. Тамағын бұл кенейді, әнді басқа біреулер салады. Күркіреген бөтен
ән. Таудан дүркіреп көшкін құлап келе жатқандай. Көшкін не қар, не тас емес,
өңшең адам. Өздері шетінен кеңірдектерін жыртып ән салып келеді. Құлақ
шекелеріне дейін қызарып кетқен. Ештеңеге қарайтын түрлері жоқ. Анау күнгі қара
нөпір жылқыдай баса көктеп келеді. Ештеңеден тайқитын, тайсалатын түрлері жоқ.
Өздері де, үндері де жойқын. Көзін ашып қарағысы келеді. Бәрібір ештеңе көре
алмайды. Манағы көл-көсір сед боп қалқып жатқан су да керінбейді. Соның
бетіндегі сенделе жүзіп бара жатқан көп салынды да көрінбейді. Тек үн...
Күркіреген бөтен үн... Толастар емес... Құлағын тұндырып барады... «Жә,
тоқтатыңдар, түге!» Тамағын кенеуін бұл кенейді, бірақ басқа біреулер
айқайлайды. Жаңағы күркіреген қалың үн жым-жылас. Жым-жырт тыныштыққа елітіп
жатыр. Дел-сал ұйықтап кете ме қайтеді... Әйтеуір көз алдында бір көгілдір
шарана ғана көлкіп тұрып алып, басқа ештеңені байқатпайды. Солай ұзақ жатады...
Тағы бір уақытта тасыр-түсыр дыбыс шығады. Бірақ тұяқ дүсірі емес. Әлде тұяқ
дүсірі ме... Иә, тұяқ дүсірі... Оның үстіне құмға аунатып жүгөрі қуырғандай
тысыр-тысыр тағы бір дыбыс шығады. Бұл не болды екен, түге?.. Бір уақытта ол да
басылады. Бір уақытта біреу кеп мұның иығынан қағады, маңдайына алақанын
ұстайды. Сосын аузына әкеп бірдеңе тосады... Ащы, удай ащы... Кекіреге көп
жайылған түйенің сүті... Жоқ, одан да ащы бірдеңе... Айыра алмайды. Қайта-қайта
аузына ұстайды. «Іш, іш» деп қолқалайды. Жоқ, «ем, ем» дей ме? Емі несі? Мына
бір ағараңдағаны не пәле тағы? Баяғы албасты кеудесіне тағы да мініп алған ба?
Екі емшегі бұрынғыдан да ұзара, үлкейе түскен бе? Бұрын екі иығынан асырып
тастап, екі жауырынын ұрғылатып салақтатып жүретін еді. Енді екеуін мойнына
бір-бір орап алып барып, ту сыртына жіберетін болыпты ғой. Екеуінің ұшында екі
қара құрт жорғалап келе жатқандай. Енді сәл кідірсе, ерінін шағып алатындай...
Бұл жалма-жан қолын сермелеп, көзін ашып алады... Қыстыкүнгі күртік қардай
аіщақ бірдеңелер маңдай тұсынан күрт алыстай береді де, орнына қайдан сап ете
қалғаны белгісіз, Мырзатай нағашысы шыға келеді.
            - Көзіңді аштың ба, жаным...
            Бұл не дегенін өзі білмейді...
Езуін бір жиырады да, қайтадан бір буалдыр елеске кіріп жоғалады.
            Сөйтіп неше күн жүргені белгісіз...
Бірде көзін ашып алса, анадай жерде бір адамдарды қаз-қатар тізіп, қолдарын
көкке көтергізіп, арқанға керіп тастапты. Кіндіктен жоғары жақтары тырдай
жалаңаш. Қолдарын керген арқанның екі ұшын екі жақта екі атты ұстап келеді.
Қолдарын көкке көтерген еркектердің қолтықтарында бірдеңе қарауытады.
Мыналардың обырлар болғаны ма? Ана қарауытқандары әлгі көп айта беретін
тесіктер ме екен? Жоқ қылшық сияқты. Тіпті күнде көп жүрген еркектердің қолаңса
исі түмсығына келгендей... Ендеше, бұлардың бүйтіп қолдарын кекке көтергізіп
қойғандары несі? Бұлардың кім болғаны...
            - Мыналар кім?
            -     Иә, жаратқан алла! Ақсары бас садаға!
Есіңді жинадың ба! Бұлар ма? Бұлар әлгі естектердің айтып жүрген обырлары
ғой...
            Обырлар дейді... Сонда анау
қолтықтарындағы қарауытқан... расында да тесіктер болғаны ма? Соған қазір
қолдарын салып жіберіп, тыпыршып тұрған жүректерін тайдай тулатып суырып алып,
анау ала шаңыт ақ бұрқылдақ жолға лақтырып тастап, мынау көп доңғалақпен
үстерінен көсілте таптап өте ме...
            Көз алды тағы да қарауытып қоя
берді. Маңайындағы тасыр-түсыр сықыр-сықыр, сыбыр-сыбыр үн де өшкен. Тылсым
қараңғы. Тылсым тыныштық. Тек тұла бойының күйіп-жанып бара жатқанын біледі.
Тек тілінің таңдайына жабысып шөлдеп жатқанын біледі. Қаталап барады-ау,
қаталап барады... Су іздесе, төңірегі құлазыған шөл. Көкжиектегі көгерткен
бірдеңеге қарай жүріп келеді... Қанша жүрсе де, жеткізбейді. Тілі добалдай боп
ісініп барады. Аузына сыяр емес... Су... су... қанша қақылдаса да, дыбысы
шықпайды. Бұның дауысын кім тартып алған... Әнеки, су, су... Тамағын бұл кенегенмен,
айтуын басқа біреу айтады. «Әй, су әкеліңдер, су сұрайды». Біреулер бірдеңені
әкеп аузына тосады. Добалдай қалың бірдеме... Баяғы албасты әйелдің ит басындай
салаңдаған емшегі емес пе. Одан енді сүт емес, су шығатын болғаны ма!.. Жоқ,
мынауы су да емес, сусылдаған құм ғой... Түз салып керегеге іліп қоятын дорба
секілді бірдеңенің пүшпағынан сусылдап құм төгіліп жатыр. Бұл қолымен қағып
жіберді. Әлдене даңғырлап әлдеқайда ұшып кеткен. Бұл тағы да көкжиекте кілкіп
тұрған сұйқылт мұнарға қарай емпеңдеп салып береді. Кенет бірдеңеге сүрініп
кетеді. Бақса, аяғының астында орыстардың ішіне су толтырып, белдіктеріне асып
алатын қалайы құтысы жатыр. Сыртын кенегшен қаптап қойыпты. Қоңырайып көрінеді.
Ішінде су болса керек. Тығынын ағытып, ауызына ұстайды. Тағы да су емес, құм
саулайды. Тағы да қолымен бір-ақ серпіп, әлдеқайда атып жібереді. Бұл жолы
даңғырлай жөнелмей біраздан соң барып дүк ете қалады. Су... су... Қызыл өңеші
үріп ысқа ұстап қойған қозының қарынындай қаудырап кеуіп қапты. Сәл жұтынса,
шытырлап сынып кететіндей. Су... су. Шынында да, мынау кең дүниенің бетінде бір
үрттам су қалмағаны ма... Айдалада жападан жалғыз тұр. Алақтап жан-жағына
қарайды. Сол баяғы құлазыған құла түз. Аспан да айтақырдай бедірейіп жалтырап
жатыр. Екеуі де күдер үздіргендей. Кенет отыра қалып, жоқ жата қалып, жер
тырналай бастады. Шанақтың түбін қазсаң, ылғал топырақ шығады. Соны тамағыңның
астына бассаң, таңдайыңның кеберсігені басылады дейтін кәриялар. Сахарада өскен
баланың есі кірер-кірместе еститіні малдың жөйі, шөптің жәйі, жолдың жәйі,
өрістің жәйі... Маңайында, ең болмаса, жаңа тезек жоқ. Жаңа тезек түгілі
қураған қу тезек жоқ. Бұл маңайда бағзы заманнан бері ел болмаған. Ендеше,
жантақ табылғай да... Әне, бірдеңе көгөрітеді... Жер бауырлап қасына барды...
Жантақ... Тікені қолына кіріп барады... Шып-шып шыққан ез қанын ерініне апарып
еді, сор татиды. Жантақ түбін жалма-жан қаза бастады. Әлгінде ғана құмдауыт
топырақ сияқты еді. Енді қараса - өңшең бір көне-құсқы шүберек. Шүбатылып шығып
жатыр, шығып жатыр... Шамалыда, таусыла қояр түрі жоқ. Өңшең шүберекке өніп
жүрген Бұл қандай жантақ... Жер тырналағанын қоя қойып әлгі кегертіп тұрғанға
қараса... Жантақ емес... Мойыны ұшып кеткен көк шыны қүты... Жаңағы қолын
қанатқан тікен емес, піөлмек екен... Қап... Күдерін үзіп, жер бауырлап жатып,
солқылдап келіп жылады... Сосын екі шекесі Бүлкілдеп, басы қаңғып бара
жатқасын, шалқасынан аударылып түсіп аспанға қарады. Сол-ақ екен әлдеқайдан
бірдеңе гүрс-гүрс ете қалды. Найзағай ойнап тұр ғой... Аспан шәйдай ашық...
Қайдағы найзағай! Сытыр-сытыр... Жауын... Бірақ маңдайына тиіп жатқан бір тамшы
жоқ. Сол баяғы бедірейген аспан... Сол баяғы құлазыған құла түз... Бірдеңе тағы
да жер-көкті шатыната күрс-күрс ете қалды... Мынау, шынында да, күннің күркірі.
Бірдеңе, шынында да, жарқ-жүрқ ете қалды... Мынау, шынында да, найзағай.
Найзағай ойнағанда шайтан қашып, жан иесінің тұрағын келіп паналайды демеуші ме
еді?! Мұнда ешқандай тұрақ жоқ... Өзін келіп паналамаса. Келсе келсін... Шайтан
болса, шайтан болсын... Әйтеуір бір серік табылса екен. Шайтан болса да, судан
шыққан шайтан болса екен... Ең болмаса, тұла бойында ылғал қалған шығар... Тағы
да қара жер қақ айрыла гүрс ете қалды. Бұл жолы ол жерден басын жұлып алды.
Сөйтсе... Анадай жерде... Тап мұның желке тұсынан көкжиектен аспанмен тайталасқан
қазанның күйесіндей қап-қара түйдек шаң көтерілді. Биіктеген сайын ұлғайып,
биіктеген сайын қарауытып барады. Күн батыс бетті қара күйе қаптап келеді.
Барған сайын далиып кең аспанға тұтаса жайылып барады. Бедірейіп жатқан шәйдай
таза қаныпезер аспанның өзіне зар болатындайсың. Әлгі алапат қара дақ өсіп
келеді, өсіп келеді... Енді байқады, сол қара даққа әлдене шұбатылып ілесіп
келеді. Әуелі жылқының ерініне қадалып салақтаған сүліктей бірдеңе еді. Барған
сайын ұлғайып барады. Қара дақ та қара бүркіт сияқты... Басы, қанаты
көрінбейді. Оның орнында шудадай ұйысқан қара тұман, қара бұлт... Ал, қос
шеңгелі ап-айқын сойдиып-сойдиып көрінеді. Сол тегеурінді, тырнақтарға әлде бір
қүбыжық ілініп қалыпты. Екі шара табақтай екі кезі шекесінен шығып барады. Қазір-ақ
үясынан атып піығып, домалап жерге түсіп қалардай. Жандәрмен оларға қарайды.
Көк желкесінен бұрілген әлгі қүбыжықтың созалаңдаған денесі ең соңында балықтың
құйрығындай екі айыр құйрығы көрінеді. Үсті-басы балықтың үсті-басындай. Жоқ,
жоқ, жыланның үсті-басындай... Жылт-жылт етеді. Ирелең-ирелең. Бүре ұстаған қос
шеңгелмен жағаласып келеді. Жиырыла қалып, айыр құйрықпен салып-салып жібереді.
Қос шеңгел бәрі-бір айырлар емес. Денесін қайтадан төмен салбыратып жіберіп,
әрлі-берлі ырғалтып көреді. Қос шеңгел бәрібір жіберер емес. Айыр құйрықты
қадалта қадап, жабысып ап, қара жерді қорс-қорс тырмалай береді. Отырықшылардың
соқа салып жыртқан аңыздығындай қарс айырылып із қалып барады. Қос шеңгел
бәрібір айрылар емес. Әлгі құбыжық біресе ыңыранады, біресе ысылдайды. Біресе
құйрығын шиыршықтай орап қос бұйірін кезек-кезек ұрады. Қос шеңгел бәрібір
айрылар емес. Жер сызған айыр құйрық бұған да жақындап қалды. Енді болмаса анау
қақырата қорс жыртып бара жатқан қара топырақпен араластырып бұны да қарнап
кетуі мүмкін. Әне - тіптен тақап келіп қалды. Әне - кенет құйрығын жиралаңдатып
көкке көтерді. Жиралаңдаған денесінен әлденелер жылт-жылт саулап жатыр. Шамасы,
әлгі жылтылдақ қабыршықтары шығар. Күміс-моншақтай құйылып келеді, құйылып
келеді. Міне, зуылдап бұның да төбесінен өтті. Ол жалма-жан көзін тарс жұмып
алды. Бетіне әлденелер сау-сау тегілді. Бір-екеуі ерініне тиіп еді. Тамшы...
Бал татыған мөлдір су. Құбыжықтың тұла бойынан тамшы саулап барады. Жұрттың
аспаннан бір әлемет қара бұлт кеп, көлден суырып көтеріп әкететін аждаһа
дегендерінің осы болғаны ма? Ендеше, бұл маңайда түщы кел болғаны ғой!.. Әлгі
бір-екі тамшыдан тұла бойына жан кіргендей рахаттанып жатыр. Сығырайтып көзін
ашты. Қара бұлт жөңки көшіп барады. Әлгі қүбыжық бұлқынып түсіп қалудан күдерін
біржолата үзіп, енді қара бұлттың ішіне ирелеңдеп сіңе түсті. Ол араласқан
жерге әлдеқайдан күн нұры түсіп, жалт-жұлт ете қалды. Әуелі көгерді, сосын
қызарды, сосын сарғайды... Қара бұлттың бауырында кемпірқосақ ойнайды...
Құбыжық кемпірқосаққа айналыпты...
            Ол таңданып көзін бақырайтып ашып
алды. Қапталдағы күймеге жегулі ақ боз аттың құйрығында да қырық құлпырып
кемпірқосақ ойнап барады. Дірілдеп тұрған жалында да жалт-жұлт қызылды-жасыл
жолақтар билеп тұр. Жаңағы қара бұлт ту-ту алысқа көкжиекке ығысып кетіпті.
Аспанның қақ жартысына жаңа тоқылған басқұрдай жалт-жұлт етіп, алып кемпірқосақ
асылыпты. Ауада мөлт-мөлт ылғал бар.
            Ханзада басын көтеріп, күйменің
ашық пердесінен қолын сыртқа созды. Жанға жайлы майса самал ерке күшіктің тұмсығындай
мұп-мұздай болып, оның пәлен күннен бері оттай лаулап жатқан ұлпа алақанын
жалап-жалап қойды.
            -Иә, алла, ақсары бас садаға.
Басыңды көтергенің рас па, айналайын.
            Мырзатай нағашысы қалбалаңдап
бет-аузына үңілді.
            -Не боп қалды, нағашы?
            -Не болмады, шырағым...
            Мұндайда бұтқа толып қомпиып
сөйлейтін нағашысы мына жолы жасып сөйледі.
            Бұл ауырғалы бір аптадан асыпты.
Бір апта бойы маңдайына қол апартпай лапылдапты да жатыпты. Пәлен күн түзге
түнеп келе жатқанда бірдеңе иектеп кетпеді ме деп Мырзатай тызалақтапты.
            Осы керуенмен бірге келе жатқан
Бұхар молдасы Мансурахунға жүгіріп барыпты. Білетін әулие-әмбесінің бәріне
жалбарыныпты. Әлде солардың шарапаты ма... Әлде, бір апта бойы орыс балгер
қасынан шықпап еді. Өзі бір ұшып-қонған шошаңбай пәле екен. Мынаның қолынан лақ
бағу келмесе, ауру емдеу келе қоймас деп жолатқысы келмеп еді... Мың болғыр,
әй-шәйіңе, қолынан қаққаныңа қарамайды, аяқ-қолыңа оратылып жүгіреді. Әлде
соның шарапаты тиді ме... Әйтеуір, арты қайыр... Мырзатайға айтқызсаң, әлгі
башқұрттардың қорқынышты әңгімелерінен жүрегі шошынған, не мыналардың көздері
тиген... Бесіктен белі шықпай жатып ақ патшамен табақтас болып келе жатқан
кдршадай балаға кім таңғалмады дейсің... Таңғалу, гаңырқау да - дұшпандыңтың
бір белгісі... Анда-санда бір соғатын бөтендердің сәл нәрсеге, бастарын шайқап,
таңдай қаға қалатындары тегін ғой дейсің бе! Ең болмаса тіліміз өтіп, көзіміз
тиіп, бірдеңесі бұлініп, құрығанда бота-тайлағына қоскіндік келсін деп әдейі
істейді. Дегенмен, мына балгер білгір екен... Қазақ емшілерден ешқандай
айырмасы жоқ. Ем-дом дегенің қайда да бір екен ғой. Кітап ашу керек болып еді,
сандығынан суырып ап, кітап ашты... Ішірткі беру керек болып еді, қағазға орап
ішірткі берді. Шөп қайнат десең, шөп қайнатты. Бұл білетін емнен, әйтеуір,
мойынына бой тұмар таққан жоқ, су бүркіп түшкірген жоқ, от жаққызып мұқал ошақ
аттатқан жоқ... Бірақ қардай әппақ шүберекті суға малып, маңдайын жапты. Қардай
әппақ мақтаны суға батырып, ерініне су тамызды... Асты-үстіне түсті... Бұл да
әбден ит зықысын шығарыпты. Ішірткі бергенде талай рет қолын серпіп жуытпапты.
Кішкентай темір қүтысынан су жұтқызбақ болғанда, жұлып алып лақтырып жіберіпті.
Қағазға тұрген ақ үнтақ берген екен, аузына топырақ құйып жібергендей түкіріп
әлекке салыпты. Әншейінде ес-түсін білмей сұлың жатқан адам әлгіндей ем-домның
тұсында кісі қайран қалар әлемет қайрат тауып қарсыласып бағыпты. Бұл, әсіресе,
сол қарсыласқанынан қатты сескеніпті... Әдетте бірдеңенің салқыны тиген адам
маңайына жан жолатпай арпалысып кетуші еді. Шамасы, бұрын дәрі-дәрмек ішпеген
адам да тосын емге тап сол құсап бой бермей, сермеленіп қалатын секілді.
            Ал, мына жауын тек бүгін жауып
тұрған жоқ көрінеді. Үш күн бойы төпеп берген сол нөсердің де көрсетпегені жоқ
дейді. Мына шерудің оған дейін де талай рет ит зықысы шығыпты. Өрістегі жылқы
ешқашан түгел қайтпай қойған соң, бір күні күзетке Мәмбет мырзаның өзі барыпты.
Казактарды қаққан қазықтай тапжылтпай сақ ұстапты. Түн ортасы ауған тұста
әлдеқайдан әлдене жарқ ете қалыпты. Алдын ала өзірлеп қойған мергендер
жапатармағай оқ жаудырыпты. Баж ете қалған бір-екі адамның даусы шығыпты.
Мәмбет мырза бет алды дүрліккен жылқыны казактарға тастап, қасындағы бір рота
солдатпен қою қараңғыға бөліне сүңгіп бара жатқан аз дүсірдің соңынан салыпты.
Аямай атыпты. Талайлар оққа ұшыпты. Талайлар аттан домалап түсіп қалыпты.
Мәмбет мырза солардың бес-алтауын алдына салып айдап әкеліп, ертеңіне көш
жөнелерде керуендегі қазақ елшілігінен басқа мұсылмандардың бәрін тізіп қойып,
жер-жебірлеріне жетіпті.
            Сөйтсе, арттарынан араға бірер қыр
тастап, соңдарынан қалмай еріп келе жатқан башқұрттар қараңғы түсе тасадан шыға
кеп, жайылып жатқан жылқыға тап береді екен. Қойындарынан шақпақ тас суырып,
бір-біріне үйкелеп от шығарып, үріккен жылқының бір бөлігін алдына салып айдап
әкетеді екен. Барымташылардың бәріне аян бұл қулықты жол көрсетуші башқұрттар,
қанша дегенмен, қандастарын аяп айтпапты. Қазақтар: «Бәлесінен аулақ!» деп
айтпапты. Соған өлердей ыза болған Мәмбет мырза:
            «Әлгі көкіп жүрген ши мұрындарың
мен обырларың - міне, мыналар. Кәне қолтықтарынан үңірейіп тұрған тесік
табыңдар да, қолқаларын суырып ап, алақандарыңа төгіп, алдыма әкеліңдер», -
депті.
            Әншейінде жымсия күліп жайбарақат
жүретін етшең сары кісі қатты қайнап кеткен самауырдай екі иінінен өзер дем
алып зіркілдеп ала жөнеліпті. Қара жерді теуіп-теуіп қалғанда тығыншықтай
кісінің дөңгелене бөлініп шығып тұрған майлы бөксесі өн бойынан су өтіп суықта
қалып дірдектеп тоңған көбенің құйрығындай дір-дір етеді дейді.
            Қапелімде ашуы басылмай керуендегі
башқұрт пен қазақтан ешкімді тастамай алты тұтқынның қаруларын көкке бір-бір
көтерткізіп, қолаңса сасып тұрған қолтықтарына тұмсықтарын бір-бір сүңгітіп
шығартқызыпты.
            «Қалай екен, тесіктері үңірейіп тұр
ма екен? Бәлкім, қазір көздеріңе түспей тұрған шығар. Біраз жүрген соң барып
пайда болар!» - деп шаңқ-шаңқ етеді дейді.
            Содан тұтқындардың қолдарын
төбелеріне кетерткізіп, бір арқанмен шандып буып, екі жақтарынан екі атты
кісіге жетектетіп, соңдарынан терт аттыға кезек-кезек қамшылатқызып қуғызып, үш
күн бойы енеден туғандай тыр жалаңаш жаяу айдатыпты. Көш жөнекей ерген
шыбын-шіркей солардың лыпасыз тәндеріне емін-еркін жабылып, мөз-мәйрем боп
қалыпты.
            Ханзаданың әнеу күнгі есін бір жиып
алғандағы көргені сол екен.
            Айлалары білініп қалған башқұрттар
енді ашық қимылға көшсін. Соңғы жақтағы жәукем қолға түсіп біраз шығындар
етіпті. Қос қапталдағы жәукем қолдар да шығынсыз емес көрінеді. Жер қараның
өзінде тұтқиылда тасадан тап беріп, көзді ашып-жұмғанша ұйпа-тұйпаларын шығарып
тайып тұратын башқұрт-тарға үш күн қатарынан жаңбыр жауып, тіптен құдай береді.
Жәукем қолды қойып қақ ортадағы негізгі қолға тиісетінді шығарды. Осы жуықта
оқ-дәрі тиелген арбаларға тамызық лақтырып қырып кете жаздапты. Құдай
сақтағанда, су киіз жанбай қойып аман қалыпты. Арбалардың біразы ыңырсыған
жаралылар. Талай жаралы солдат пен жаралы казакты башқұрттар алдарына өңгөріп
әкетсе керек. Талай ауыл құл-құтанға жарып қалатын болды.
            Кешеден бері бас ұлық ең жақын
кәмекшілерін алды-арттарындағы, қос қапталдарындағы жәукем қолдарға жіберіпті.
Зеңбіректерді де соларға таратып беріпті. Бүгін башқұрттар қос қапталға қалың
қолмен тиісіп, жапырып кетпек болған екен, бас ұлық тоқтай қалып үрыс ашыпты.
Барлық зеңбіректен оқ жаудырып, башқұрт аламанын қанқасап қырып салыпты. Манағы
күркір аспандағы найзағайдікі емес, жердегі ұрыстікі көрінеді.
            Ханзада сыртқа көз тастады. Аспан
шәйдай ашылып келеді. Манағы бір қара бұлттар көк жиекке сырғи-сырғи әбден көз
таса болыпты. Қыр шөбінің жаңбырдан кейінгі айырықша жүпар исі аңқып қоя берді.
Бірақ құбылаға қарай салдыртып келе жатқан ұзын шұбақ керуен бүгін күндегісінен
де тұнжыраңқы. Жұрттың басы кеудесіне түсіп кеткен. Ауыздар үннен қалып,
тұяқтар мен доңғалақтар ғана есі кете езілген саздақ топырақты аямай жаншып,
зіркіл қағып келеді.
            Содан бұлар өліп-талып осы бір аша
түбекке де жеткен. Терістік жақтағы анау ашушаң кісінің қабағындай алыстан
түксиіп тұрған қара биіктің басына шыға келген шерудің кезіне ең алдымен құбыла
бетте кекжиекті тұтаса көмкеріп жатқан тағы бір айғыр қара жал түсті. Екі қара
жалдың арасы телегей етңіз. Шалқып жатыр. Су екені де, сағым екені де белгісіз.
Сынапта мөлтілдеп көлкіп жатқан шалқар айдынның қақ ортасында дөңкиіп әлдене
қарауытады. Көлді кешіп барып тұнықтан су ішіп сазға бауырын төсеп салқындап
жатқан жылқы тәрізді. Бөгелектеп, бас шұлғып жатқан-дай, бұлдырап көзге анық
шалынбайды.
            Кирилов пен Тевкелев шеруді тоқтатып, биік
төбенің басына шығып, әлгі алқапқа қарай қолдарын үсті-үстіне сермейді.
Қастарына келген ханзадаға, Нияз сұлтанға, Мырзатайға Мәмбет мырза әлгі
қарауытқанның күн батыс шетін көрсетті.
            - Орынбор әне! - деді.
            Ханзаданың құп-қу жүзіне қан лып
етті. Анада орыс астанасынан шыға бергендегі қалқыған судың қақ ортасында
тұрған оңаша қорған көзіне елестеді. Сол тас қорғанның басында төңірегіне
манаурай көз тастап, ата қаздай алшайып, жағасы жайлау жайбарақат тұрған өз
әкесі келді көз алдына. Жақындауға үңірейген зеңбіректер мен орыс мылтықтың
күнге шағылысып жарқ-жұрқ еткен істігінен қорқып, жал-жалдың тасасымен жымып
бара жатқан қыл жалаулы жау келді көз алдына. Тас қорған түгілі анау шалқар көлден
аттап басу қайда оларға! Ондай ақымақ табылып жатса, қызыл қорғанның
қабырғасынан көк ала түтін бұрқ етіп, қызыл жалын арасынан атанақтап қара
доптар атып шыққанда аттары ерлерін бауырларына алып тайып тұрар да, қызылкөз
дұшпан қу тезектей шашылып жатар анау шалқар көлдің жағасында...
            Сүлесоқ тұрған баланың кешегі
науқастан әлі құлантаза айыға қоймаған зіп-зілдей басында әлдене зың ете қалды.
Көптен бері үні өшуге айналған баяғы бір жұмбақ шымшық құлағының түбінен қайта
шықылықтап қоя бергені.
            Әттең бірақ сол бір жанына майдай
жағып бара жатқан әдемі елес тез тарқады. Ең алдымен мынау кең алқапты кемерлеп
кілкіп жатқан шалқар көл тез тартылды. Сөйтсе, ол су емес, сағым екен.
Ұзыншүбақ шерудің алды ойға құлап үлгермей жатып әлгінде ғана қалқып жатқан
телегей теңіздің құрдымға сіңгендей ғайып болғаны. Орнында қақалып қалың өскен
қара жусан. Әлі күнге балауса қалпы. Басындағы балапанның түгіндей майса көгі
әлі қурамапты да, қатаймапты. Соны сағым шалғанда мынау кең қолат айдын көлге айналып
шыға келеді екен. Қара қолаттың қақ ортасында мынандай шүйгін шөпке әбден
тойып, анау сылқылдай ағып жатқан дариядан әбден қанып, енді біраз тыраңдап,
тұла бойының құрыстырысын жазғысы кеп аунап жатқан ту биедей жалтырап жатқан
жалпақ жон дөңбек жал сұлапты. Оны екі жағынан иерелеңдей орағытып екі өзен
тоғысыпты. Терістігіндегі - Жайық. Күнгейіндегі - Ор. Арты терістіктегі
қайқаңдаған қара биіктің басына енді көтерілген керуеннің алды сол екі өзеннің
айқасар сағасына кеп тоқтады.
            Жас келіншектің омырауындай үлбіреп
тұрған көк шүйгінді есірік күйеудің орынсыз қамшысындай осқылап айқыш-ұйқыш
зеңбірек ізі, арба ізі айғыздай жөнелді. Әлгінде ғана түгі жылтырап, сауырын
самалға, бауырын күн нұрына аялатып рахаттанып жатқан көк ала ту биедей оқшау
жалдың әп-сәтте-ақ ұйпа-тұйпасы шықты. Мың жылдан бері де құлақ шошынардай
өрескел дыбыс естімей тыныштықта маужырап жатқан жым-жырт алқаптың денесін дүр
тұршіктіргендей шақыр-шұқыр үн көбейді. Мың-мың қасапшы қаз-қатар тұра қалып
пышақ жанығандай ертелі-кеш шақыр-щүқыр. Анда-санда жер ошақ қазылғаннан басқа
көбесіне зақым тимей ту жатқан қүйқалы топыраққа ертелі-кеш мың-мың темір
күрек, қайла, сүймен кірш-кірш қадалып, қайзалап бағады. Опыр-топыр топырақ
омырылып, тырс-тырс шөп үзіледі. Құдайдың бары мен жоғының арасындағы баянсыз
шаң-тозаңынан топырақты түзіп, оны балуанның жотасындай тұтас жатқан қара жерге
айналдырып тұрған сиқыр күш - мың-сан нөзік тамыр мынау ойда жоқта төбелерінен
түсіп төмпештей жөнелген мігірсіз соққыдан бырт-бырт күйреп жатыр. Көк ала ту
биедей көлбеп жатқан бұла жал кезді ашып-жұмғанша-ақ терісі сыдырылып, көбесі
сөгіліп жайрап қалды. Енді оны бұтын бұт, қолын қол ұшалап-мүшелеу дегенің сөз
боп па! Пәлен мың пышаққа тап болған қара жер қасқыр тартқан жылқының
қаңқасындай ырсиып, қансырап жатыр. Мал қасапты талай кергенмен, жер қасапты
кім көрген! Шерудегі қазақтар әуелі бұған жағасын ұстады. Бірақ, дүниеде
қазақтай үрегей, қазақтай үйірсек халық бар дейсің бе?! Ол неден шошынбай, неге
бас ұрмай жүр еді?! Келе-келе әлгіге де үйреністі. Үйреніспей де қайтсын...
Күнде-күнде көретіндері осы. Сыбанған білек. Қарш-қарш тіс қайраған ашқарақ
темір. Жайраған жануардың қан-жынындай қорс боп шашылып жатқан қызыл топырақ.
Жер астынан мың-мың Мәді қатар шығып келе жатқандай үсті-басы шаң-шаң адамдар.
            Ағыл-тегіл тер. Айғыз-айғыз
бет-ауыз. Күс-күс қолдар. Ертеден - қара кешке көкке топырақ атқылаған мігірсіз
жұмыс. Аспандағы күннің көзі де топыраққа көміліп қалғандай. Анадағы балбырап
балауса тұрған алқаптың бар шөбі шаң-тозаңның астында. Екі беттегі екі дарияның
да лайы көбейген. Жел осы беттен тұрғанда кең жазира сахараға алапат шаң
борайды. Көктегі Бұлт та осы тұстан өткенде бір көрсе басар күлге аунатып
тұрғызып жіберген арзымсыз ұрғашының етегіндей сатпақтанып қалады. Бұл маңайда жорғалаған
кесіртке екеш кесірткенің денесінде бес елі тозаң тұрады. Сонда да таусылып
бітпейтін құдіреті күшті құдайдың топырағы да көп екен!!! Сол тауыстырып бітуі
мүмкін емес топырақты тауыспай тынбайтындай ертеден қара кешке екі бүктетіліп
құнжаңдайтын да жататын құдіреті күшті құдайдың солдаты да мықты екен! Қайтып
жалықпайды, қайтып іштері пыспайды десеңші!
            Күнде шығыс беттегі қатпар шоқының
басына барып, ертеден қара кешке дейін шоқиып-шоқиып жайғасып ап, жер қазып
жатқандарды қызықтайтын қазақ елшілігіндегілердің қарап отырып-ақ іштері пысып
кетеді. Қарап отырып-ақ белдері ұйып, қарап отырып-ақ бойлары дел-сал тартады.
Ал әлгі қара жердің бір қабат астына тірілей кіріп ап, мықшыңдап жатқан
сабаздар бір шарудан кейін бір шаруа ойлап табады. Әуелі біреуі қолына қорағаш
ұстап, екіншісі бақшырайған дөңгелек шынымен сығалап жер таңдады. Одан әлгі
маңдаған жерлерін шырқ айналдыра өлшеп шықты. Өлшеп шыққан жерлеріне әр жер -
әр жерден қаз-қатар қазық қақты. Сосын сол қазықтарына арқан керді. Сонда
айналасы ат шаптырым шаршы алаң боп шықты.
            Сол шаршы алаңға бір күні таңертең
бәрі кеңірдектерін соза ендетіп келіп, шыр айнала сапқа тұрды. Қолдарында
бір-бір күрек. Жүздері жалт-жұлт етеді. Малынтып оқалы шекпен жамылған орыс
пірадары күңірентіп дұға оқыды. Сосын қасындағы қаба сақал серігінің қолындағы
күміс тостағаннан үш саусағының ұшымен іліп алып, сапта тұрған сарбаздар мен
болашақ қорғанның шекарасын ұшықтап шықты.
            Жұрт араларына қос құлаштай жер
тастап, қолдарына күрек пен шоқыр ұстап қаз-қатар тұра қалды. Анадай жердегі
шошақ төбенің басындағы едірең мұрт үш дауылпазшы қолдарындағы таяқшаларын
сермелей жөнеліп еді, көп күрек пен көп шоқыр көк масаты тың топыраққа
кірш-кірш қадала кетті. Шаң-шүң адам дыбысы. Тақ-түң темір дыбысы. Үш күннен
асар-аспаста-ақ кеше ғана жіп керулі тұрған шаршы алаң шыр айнала ор қазылып
қоршалды. Ордың тереңдігі екі кісі бойы да, ені бір кісі бойындай. Әлгі ордың
ішкі бетінен түйелі адамның бойы жетер-жетпестей қып жал топырақ үйілді. Оның
ішкі жағын да, сыртқы жағын да шаршылап шым ойып өкеп жағалай бастырып шықты.
            -Ай, мыналары несі-ай! - деп
сұрайды Мырзатай жанына жуып кеткен не татар, не башқұрттан.
            -Қорған ғой! Бұлар жаудан осылай
қорғанады ғой.
            - Астапыралла!.. Адам мен адам,
қылыш пен қылыш, найза мен найза сайысса керек еді. Адамға жал-жал топырақты,
атқа қазулы орды қарсы салып, өздері сонда тоғыз құмалақ ойнап отыра ма? Бізде,
қапелімде, жан қысылғанда болмаса, мұндай айлаға жүгірмейді ғой. Ондай да құдайдың
тау-тасын сағалайды емес пе! Ал мынау жау келмей тұрып, алдын ала жағалай
қымтанып,
тірідей жерге кіріп алып
отырады деген не сұмдық!
            Оның бұл сөзіне әлгі башқұрт пен
татар түгілі Ералы жиенінің өзінің қосыла қояр түрі көрінбейді. «Ай,
нағашыеке-ай, таңғалмасқа таңғаласың-ау!» - дегендей үн-түнсіз басын шайқады.
            Мырзатай таңдайын қағып отырғанда
талай шаруа бітіп болды. Солдаттар мен казактар жер қазып жатқанда башқұрттар
болашақ қорғанның ішіне кіріп, арбаларындағы азық-түліқ бөрене,
құрал-саймандарды түсірді. Түйелерге артылған жүк түсіріліп, штаб офицерлері
мен аға офицелерге киіз үйлермен жолым үйлер тігілді. Ұзындығын он екі құлаш,
биіктігін үш құлаш қып азық-түлік салынған қаптар бөлек жиналды. Астынан ылғал
тартпас үшін бөренеден терт таған жүк аяқ жасалды. Жауын, шаң өтпесін деп әуелі
кенеп жабумен, сосын өре киіздермен, оның үстінен тоқыма шетен тесеніштермен
бастырып жабылды.
            Жүктерден босаған арбалар мен
түйелер аз кем тыныс алып, жаңа құрылысқа керек заттарды әкелуге Уфаға қайта
шұбырды.
            Адамдарда күні-түні мігір жоқ.
Шағын-шағын топтарға бөлінген. Әркім өзінің қай топта екенін біледі. Әр топ
өзінің не істейтінін біледі. Біреулер саз топырақ қазып, қырман айналдырып,
балшық басады. Екіншілері оны шаршы-шаршы ағаш қалыптарға салып нығыздайды.
Үшіншілері қораптан шыққан шаршы-шаршы шым тастарды кептіріп, үйік-үйік қып
қалап жинайды. Кейбіреулері қорғанның ішінен мұз салып қоятын, оқ-дәрі
сақтайтын ұра ойып, болашақ казарманың табанын орнықтыратын жер қазып жатыр.
Аспаз еркектер анадай жердегі биіктің жел жақ мүйісінен наубайхана мен асхана
тұрғызып әлек. Әп-сәтте ұстахана да бітіп, іске кірісіп кетті.
            Күні кеше бұрқырап шаңы ұшып
жатқан, одан екі бетін бірдей шым шаршылармен тегістеп қалап бастырып шыққан
жал қорғанның төрт мүйісінен төрт қыш мұнара салынып, төрт тарапқа өңешін
создырып төрт зеңбірек орнатылды. Енді сол шаршы қоршаудың ішінен тас қорған
салынып болып, өскер мен зеңбіректер шатырларын сүйретіп сонда көшіп қонды.
            Көктегі күнге айбат шеккен өткір
күректердің шаруасы тек бұнымен біте қояр түрі жоқ. Әлгі шағын шаршы қорғанның
сыртынан одан да үлкен шаршы алаң өлшеп, оған да шыр айнала ор қазылып, оның да
ішкі бетіне жағалай айғыр жал топырақ үйіліп, тоғыз жеріне қыш тастан тоғыз
мұнара тұрғызылып, тоғыз зеңбірек орнатылды. Енді сол жал-жал топырақтың үстіне
тастан шыр айнала қорған салынбақ. Сонда мынау бір ін, бір іннің ішінде бес ін
деген балалардың жұмбағындағы айтылатындай қым-қуыт орлар мен қым-қуыт тас кедергілерге
қандай жүрек жүтқан жауыңның да жолай қоймағы қиындап кеткен түрі бар. Әлгінде
ғана айнала сұқтанып тұрған сүғанақ көздерден қаймыққандай теріс айналып, жонын
төсеп жасқаншақтап тұрған жал топырақтар, ауыздары үңірейіп тоғыз зеңбірек
орнатылған соң, айналаға өзі үрей шашып қоя бергендей.
            Мырзатай енді: «Шаппаған, шабамын
деп айтпаған жаудан қорғанып, жаңбыр жаумай су болып отырған күніңді ұрайын», -
деп боқтайтынынан тыйылып келеді.
            - Мына пәлесінің басқасын былай
қойғанда анау үлек түйенің мойынындай сорайып-сорайып тұрып алған қызыңды
ұрайындарынан-ақ атымыз үркіп жақындай алмаймыз ғой, - деп қояды.
            Әбден айнадай қып тазалап, күнге
шағылысып жалт-жұлт еткен мыс зеңбіректер оның сөзіне жымың-жымың күліп тұрғандай.
            Осындай қыруар жұмыс бар болғаны
бір айдың ішінде жасалды. Жұртты тағы да шаршы алаңға шырқ айналдыра сапқа
тізді. Ортаға тағы да жарқ-жүрқ орыс пірәдары шығып, жаңа біткен жал қорғандар
мен мұнараларға, жұрттың үсті-басына күміс тостағаннан үш саусағының басымен
іліп алып су бүрікті. Жалт-жұлт етіи қаз-қатар тізіліп тұрған отыз бір зеңбірек
үш рет гүрт-гүрс ете қалды. Үш рет аспанға доп атылды. Ғасырлар бойы қатты
айқай да естімей, жым-жырт тыныштыққа бөгіп тұрған дел-сал алқап дүр түршігіп,
туғалы мұндайды көрмеген бір талай қазақ сол күні күңірсіген оқ-дәрі исін
иіскеді. Қос өзеннің бойындағы құс біткен қиқулап аспанға кәтерілді. Құрақ
арасында балдыр тамсап жүрген балық біткен желбезектері дір-дір ете қалып,
тереңге сүңгіді. Шөп екеш шөптің арасы да бүлк-бүлк. Даланың түлкісі, қарсағы,
борсығы, тышқаны, жыланы, кесірткесіне дейін жан дәрмен әлдеқайда безіп берді.
Маңайдағы қара дөңдердің үсті де бастарымен қайғы боп маңып бара жатқан
үйір-үйір киіқ қарақұйрық, құлан. Тым-тырс жатқан дүние дүр қозғалып әлдеқайда
қопарыла көше жөнелетіндей. Екі езеннің суы да бұрынғысынан бетер жөңкіле
аққандай. Мынадай төтен жаңалықтан бәрі үркіп, бәрі безіп барады.
            Үрікпей, безінбей тұрғандар кеше
ғана күрек қажап тастаған қолдарына мылтық ұстап сап түзеп самсап тұрған мынау
жирен мұрттар. Кеше мынау жағалай ор қазылып, қоршау салынбай тұрғанда ай
астында құлазып бос жатқан құла түзден қаптап жау өріп келе жатқандай көп
жалтақтаушы еді, енді өз үйлерінің ауласында жүргендей талтаң-талтаң етеді. Дауыстары
да шаңқ-шаңқ етіп айбарлы шығады. Жер түбінен артынып-тартынып алып келген
қоқыр-соқырларын өздері қазған індігештеріне тыққыштап, әлгі індігештерін
көше-көшеге беліп, сызық сызып, әркім өз індігешінің маңына сынық шөп түсірмей
сыпырып әуре боп жатыр. Қолдары қимылдаса болды, әкелері базардан келгендей
улап-шулап көңілденіп кететін жұрт екен.
            Олар шаруаларын бітіріп жайлана
түскен сайын пәлен күннен бері бостан босқа сарылып жатқан қазақ елшілігі
үзеңгіге аяғымыз қашан тиер екен деп қипақтап бітті. Бұлар аз болғандай бас
ұлық Әбілқайыр ханға хабаршы шаптырып, мынау жаңа қонысқа жасалатын тойға
арнайы қонақтар жіберуін өтінді.
            Бұны естігенде Ералы төбесі көкке
жетіп қуанған-ды. Ағайын- тумаларымды көрем ғой деп, солармен бірге, амандық
болса, елге қайтам ғой деп қуанған-ды. Жаяу кет десе, кетуге-ақ пейіл...
Балағын түріп ап қазір-ақ жүгіре жөнелер еді. Бірақ, не керек...
            Күні кеше кешқұрым бас ұлық өзіне
шақыртып алып «Келесі көктемде жаңа қала әбден салынып бітеді. Сонда тойға
өкеңді шақырамыз. Сені де еліңе сонда жібереміз. Оған дейін осында боласың», -
деді. Әншейінде ол бұған жүзін жылытып мәймөңкелей сөйлеуші еді. Бұл жолы
көмейіне зіл жиып нығыз сөйледі. Бет-аузы баяғы Уфадан шыққан күнгідей емес.
Мыж-тыж.
            Көзі ұясынан шыға жаздап аларып кеткен.
Екі ұртына қылыштың ізіндей екі айғыз әжім түсіпті. Дөңес маңдайын да шынымен
қаптап қойғандай. Сұп-суық. Бұны бірден торықтырайын деп, әдейі осылай
ызғарлана тіл қатып тұрған болар. Жаңа қоныстың тойына Нұралы келеді деген.
Соның алдында бұл мінез шығарып жүрмесін дейтін секілді.
            Той дастарханында бас ұлық бұның
бір жағынан өзі отырып, екінші жағынан Мәмбет мырзаны отырғызып, сағынып көрген
ағасына жақындатпады. Баяғыдан көп есейіп, ересектеніп кеткен Нұралы інісіне
анда-санда бір көз тастап қойып маңғаз отыр. Сөзі де нығыз. Жүріс-тұрысы да
нығыз. Кескін-келбетіне кесектіқ тұлға-тұрпатында бөлекше бір қайрат пен айбар
бар. Ел үсті шаруаға да ысылып қалғаны байқалады. Қасындағы орыс ұлықтарымен терезесін
тең ұстап, иығын керіп, алпамса көкірегін аша түседі. Бұл дегенде шығарға жаны
басқа Мырзатай нағашысы тым алыста қалыпты. Оны соңғы екі-үш күнде көріп те
жарымады. Оның орнына Уфадан бірге ілесіп келе жатқан Мансұр деген Бұхар
молласы көбірек жағалап кетіпті. Бұған дейін маңына жолап көрмеген бір көк
құтандай серейген қалтылдақ бас ақ сұр адам қолына қағаз ұстап, қалам ұстап,
«әкеңе суретіңді салып беріп жіберем» деп қайта-қайта келгіштеп кетті. Шымшық
торғайдай ұшып-қонған тағы бір бетен біреу ауызын ашқыздырып, тілін шығартқызып
кәріп, кеудесіне құлағын тақап көп тыңдады. Бұндай әбігердің басталғанына бүгін
үшінші күн... Осыдан үш күн бұрын ұйқысынан енді ояна бергенде қайдағы бір бұл
көрмеген асыл маталарды құшақтап екі-үш кісі жетіп келді. Содан бұның бойын
елшесін, белін өлшесін, кеудесін өлшесін... Әйтеуір бұның бойында олардың қолы
тимеген жер қалмады. Кеше қайта-қайта шақырып алып, әлі ақ жібі алынбаған су
жаңа киімдерді кигізіп, шар айнаның алдына алып барып, шырқ айналдыр қарап
тыным тапқызбады. Мана таңертең құбыла беттегі айғыр жалдан бір топ салт атты
көтерілгенде алдарынан ұзатылатын қыздай қып үлде мен бұлдеге орап бұны алып
шыққан-ды. Алыстан жол соқты, жел қақты болып түтігіп келе жатқан қыр қазақтары
сағағынан үзілгелі тұрған қызғалдақтай қызылды-жасылды боп құлпырып тұрған
талдырмаш бала жігітке таңырқай қарасқан. Қазақ қай кезде шүберекке жарып
көрген! Оның үстіне жоңғарлар үйреншікті базарларынан алысыраққа қуып тастағалы
иіндерін жаңарта алмай жүрген. Ауылдастарының шыдамсыздау жағы қолды созып
жіберіп, бұның үсті-басын сипап көрген. Енді, міне, өзінен-өзі қысылып, үлбіреп
екі ұлықтың ортасында отыр. Бұдан басқа қазақтар қоламтадан шыққан боршадай
қап-қара. Ал бұл болса, піспеген собалақтай боп-боз. Қазекең қашан да жүзі
бозаң адамды дімкәс кісі деп ұққан. Жаңа оңаша жолығып қалғанда бәрі «Денің сау
ма? Өңің боп-боз ғой!» - десіп жатты. Өңіңе қарағанда бастарын шайқап, киімін
көргенде көздері қызыл шоқтай жайнап қоя берген. Қазір де бұның үсті-басына,
отырыс-тұрысына көзінің астымен қарап отырғандар аз емес. Бала ханзада соны
байқағанда бір масаттанып қалғанымен, қазір солардың бәрі аттарына мініп ап,
ауылдарына тайып тұрғанда, мынау кіл бетен адамның арасында бір өзі қалып
қоятынын ойлағанда, алқымына әлдене лық тіреліп тұрып алады.
 
            Кешеден бері солдаттар қолдарынан
ара мен балта түспей тақтайдан тұрғызған ұланасыр дастарханның басындағылардың
бар назары осы жақта. Салтанатты киінген бас ұлық үсті-басы жалт-жұлт етіп
орнынан көтерілді. Әр сөзді шегедей қадалтып орнықты сөйлейді. Сөзі біте
бергенде жұрт алдарынан қоян қашқандай атып-атып тұрегеліп, қолдарын кекке
сермелеп, айқай салып қоя берді.
            -Мыналарға не көрінген?
            -Патша ағзамның ғұмыр жасы ұзақ
болсын! - деп жатыр.
            Мәмбет мырза бұның сауалына асыға
жауап берді де, жұртқа қосылып өзі де айқайлай жөнелді.
            Күркіреген қаһарлы үн теңіздің
толқынындай өрекпи көтеріліп, барған сайын ұлғайып, мың-сан жерден сермелеп
тулақ қаққандай құлақ жаңғырықтыра қалтырап тұрып алды. Шамалыда басыла қоятын
түрі жоқ. Олар тоқтайды екен деген күдерлерін үзсе керек қамалдағы отыз бір
зеңбірек түгел күркіреп қоя берді. Бір емес, екі емес, әлденеше рет
гүрс-гүрс... Әр гүрсілдеген сайын аспанға мыңдаған қызылды-жасылды шоқтар ұшып
шығып ұзақ қалықтап тұрып алады. Мынандай қаһарлы күркірден жылт-жылт жымыңдап
тұрған жұлдыздар да безіп жоғалған. Жаңа толған жарық ай да дүниені тітіренткен
әлгі бір гүрсіл тағы шықса, шырт етіп сынып түсетіндей дір-дір етеді. Бірақ,
оған қарайтын зеңбіректер бар ма, үсті-үстіне күркілдейді. Соңғы бір гүрсіл
басыла бергенде әлдене сатыр-сүтыр ете қалғаны. Қамалдан тысқары алысырақтан
шыққан сияқты. Қырпық жалдың басында ескілікті қорым бар еді. Соның ортасында
жабайы тастан қалай болса, солай салған шомбал күмбез тұрған-ды. Соның бір жағы
опырайып құлап түссе керек. Тасыр-тұсыр тас домалады да, басыла қалды.
Солдаттар мен казактар ду күліп жіберді. Қолдарындағы мөлт-мөлт сұйық толы
ыдыстарын ауыздарына апарды. Қырдан келген қазақтарда өң жоқ. Мана бұның жүзіне
тесіле қараған күрең беттер қазір ақ шүберектей боп-боз боп қуарып көрінеді.
Еріндері мігірсіз қыбырлайды. Шамасы, үсті-үстіне кәлима қайырып тұрса керек.
            Нарттай қызарып бусанып алған бас
ұлық тағы да орнынан көтерілді. Бұл жолы да манағыдай дауысын нығарлай созып
сейледі. Не айтып тұрғанына бұл түгел түсінбеді. Әйтеуір сөз арасында
«Әбілқайыр хан» дегенін құлағы шалып қалады.
            - Хан иенің құрметіне марапат айтып
тұр! - деді Мәмбет мырза ханзаданың құлағына сыбырлап.
            Жұрт тағы да күркірей женелді.
Зеңбіректер тағы да гүрсілдеп қоя берді. Аспанды тағы да ақ, қызыл, жасыл, сары
оттар жапты. Жұлдыздар тағы да жып беріп жоғалып, жылт етіп қайта керінді. Ай
тағы шарт сынып кетпей өзер қалды.
            Енді Мәмбет мырза сөз алды. Бір жолы
Нұралы ханзаданың, екінші жолы Ералы ханзаданың құрметіне қошамет айтты. Екі
дүркінінде де жұрт орындарынан дүркірей көтерілді. Екі дүркінінде де жұрт
жапатармағай жабырласып, кеңірдектерін жырта айқай салды. Екі дүркінінде де
зеңбіректер жер қақтыра зірк-зірк етті. Екі дүркінінде де ай мен жұлдызды
бұркеп, аспанға қызылды-жасыл оттар шашырады.
            Ашық аспан астындағы сол думан түн
ортасында зорға тарады, Түн ортасында кернейшілер сап түзеп тұрып алып, манадан
бергі тасыр-күсірдің есесін қайтарғысы келгендей, құлақ құрышын қандыра
құйқылжыта күй шалып жұртты ұйқыға шақырды.
            Ертеңіне қазақ елшілігіндегілер
елдеріне қайтты. Ералы ханзада бас ұлық пен Мәмбет мырзаның қақ ортасында
қалтиып тұрып сүлқ қол былғап шығарып салды. Мырзатай нағашысының құлағына ғана
сыбырлап: «Анда-санда адам жіберіп хабар алып тұрыңдар!» - деді. Ералының
қасында исі қазақтан табын Қотыр батыр қалды. Алпамса денелі бұжыр бет батыр:
«Келесі көктемде ханзада біз екеуміз де елге қайтамыз», - деп қояды. Бала ханзада
«иә» дегендей иегі кемсеңдеп бас изегендей болған.
            Одан бері де, міне, он айдың жүзі
ауып барады. Ел тарапынан ешқандай хабар жоқ. Хабар болатын реті де жоқ. Былтыр
елшілік елдеріне бара, суық күз түсе, ауылдар Бұл маңайдан алыстап көшіп, сонау
күнгейдегі құм шағылдардың арасына сіңіп кетті. Ол жақтан жас төл аяқтанбай
шыға алмайды. Жабағы жүнді қырқып барып көш бетін терістікке бұрады. Көштің
алды Сары Арқаның дөңдеріне жетсе, енді-енді жетеді. Сол күн жақындаған сайын
бала ханзаданың шыдамы таусыла түсті. Таң атса болды, ат сұрап мініп, маңайдағы
биік-биіктің басын кезіп кетеді. Көз ұшынан бейсауат жүргінші көрінбес пе екен
деп, қарайған іздейді. Ең болмаса, көзіне қашқан аң ілікпейді. Аң екеш аң да
бұл арадан безіп кеткен. Безбей де қайтсын! Мынау екі өзеннің тоғысына былтыр
күзде пайда болған қара шоғыр соңдарына көк түтін салып шығынтып болды. Жолап
кетсе, шыбындай қырып салады. Қан қасап қып әлгі бір індігештеріне тасып алады.
Былтырдан бері қоректерін осы аңмен айырып келеді. Енді, міне, зәрезап болып,
олар да жолайтын емес. Аң болмағанда күнде жер астынан ініне су кеткен
тышқандардай шұбырып шыға келетін тосын тобыр мына көктем, мына жазға жете алар
ма еді, жоқ па еді... Бас ұлықтың былтырғы: «Көктем шыққанға дейін қаланы салып
бітеміз» дегені әншейін бос әңгіме боп қалды. Былтырғы күзден бері көзге
түсетініндей ештеңе бой көтере қойған жоқ. Оған мүрша да болмады.
            Нұралылар аманатқа қалып бара
жатқан бауырымен қоштасып, елдеріне қайтқасын бірер күннен соң аттарын ақ сабын
қып терлеткен жиырма шақты атты келді. Келді де жерге кіріп кеткендей із-түзсіз
ғайып болды. Не деп келгендерін кім біліпті... Әйтеуір Петербордан шыққандағы
жазық маңдай жадыраң жүз Кирилов адам танығысыз өзгөріп кетті. Қабағы тарс
жабулы. Ала көзі шатынап алған. Жанына жолап кеткенге бір ақырып қалады. Жұртқа
жер қаздыруды, балшық илетуді тыйып, қайтадан қару-жарақ тазалатты. Ер-тұрман
жөндетті. Арбалардың доңғалақтарын майлатты. Ертеңнен қара кешке дейін түнерді
де жүрді. Оны көріп Мәмбет мырза да ширығып алды. Бас ұлық солдаттар мен
казактарға жекіріи жатса, Бұл башқұрттар мен татарлардын екі аяқтарын бір
етікке тықты. Олар сүйтіп бір жүрді. Бір күні таңертең жұртты әдеттегідей сапқа
тұрғызды. Саптағы адамдардан кісі тастамай қастарына барып үсті-бастарын, қару-жарақтарын
қарап шықты. Сәл міндерін көрсе, жер-жебірлеріне жетіп, табанда қайта түзетті.
Сол күні жұртты түске дейін қазықтай қағылтып тұрғызды да қойды. Кешқұрым
оларды екіге бөлді. Түн қараңғысын жамылып біреуін өз соңына ертіп бір бағытқа,
екіншісін Мәмбет мырзаның соңына ертіп екінші бағытқа жолға салды.
            Ертеңіне таңертең қорс боп қазылған
аша түбекте бар болғаны екі мыңдай ғана әскер қалыпты. Оларға бастық боп қалған
арық қоңқақ мұрын Чемодуров саптың алдында екі қолын артына ұстап, қойқаңдап
көп жүрді. Сосын басын көтеріп ап, анадай жерде жиюлы тұрған күрек-қайлаларды
көрсетіп:
            - Жұмысқа кірісіңдер, - деп шаңқ
етті. Бұрынғы-бұрынғы ма, жағалай жылмық жон қара жалдар қоршап тұрған аша
түбек тіпті құлазып қоя берді. Анау жалдардың ар жағында кімдер тұрғаны, олар
не істегелі тұрғаны - бәрі жұмбақ. Кешегі ымырт түсе жолға шыққандардың шүбырып
іздері ғана жатыр. Олар да терістік баурайға кетеріле беріп, жым-жылас болған.
Олар қайда кетті, неге кетті? Оны да жөндеп ешкім білмейді. Бас ұлық барда
ыржалақтап қайда жұрт темекі тартып, әңгіме дүкен құрып жатса, сол арадан
шықпайтын Чемодуров енді ине жұтып қойған иттей тызалақтап топқа жуымайды. Шырқ
айналып азық-түлік қоймасының, оқ-дәрі қоймасының қасынан шықпайды. Тәптіштеп
бәрін санап жүр. Күрек пен қайлаға дейін қырық қайтара санап шықты. Оның неге
керек болғаны белгісіз. Әлде іші пысңасын ермек таба алмағаны ма? Олай дейін
десең, бір қолымен белін таянып, екінші қолымен желкесін қасып, әлденеге
айырқанып келіп тұрғаны. Іші пысқан кісі өйтуші ме еді?! Жұмбақ, бәрі жұмбақ...
            Жұрттың да бұрынғыдай емес, жұмысы
әнбейді. Сәл қимылдайды да, қайта отырады. Бастары қосылса - гу-гу әңгіме.
Әңгімеге араласпайтын Ералы ханзада мен Қотыр батыр ғана. Олар жұрттың не айтып
жатқандарына түсінбейдь Жаутаң-жаутаң ауыздарына қарайды. Ал басқалар болса,
бір-біріне ауыздары желімше жабысып қалғандай, бастарын ажыратпай сыпсыңдасады
да жатады. Тымақтары салпылдап келе жатқан екі қазақты сырттарынан «үшінші
пост» деп келеке қылатын көрінеді. Өйткені, оқ-дәрі қоймасы мен азық-түлік
қоймасынан кейінгі көздің қарашығындай сақ күзетіп бағатындары осы екеуі
көрінеді. Әуелі оған бұл екеуі шамданып жүрді. Кейін баяғы бұхарлық Мансұрахун
келіп түсіндіргесін арқаларын кеңге салатын болды.
            - Е, мейлі... Найсаптар біздер үшін ақ
патшаның алдында бастарымен жауап беретін болса, бізге одан артық не керек! -
деп Қотыр батыр кеңк-кеңк күліп қояды. - Егер осыдан тұла бойымнан бір тал
қылшық щығын болатын болса, қатын патшаң біздің қатынның алдында басымен жауап
беретін болады. Бұлардың сәл нәрсеге бастарымен жауап беретіні жақсы екен.
            Бұхар молдасы тарқылдақ батыр күліп
құмарынан шыққанша, ауызын ашып қарап отырады, сосын кітабын ашып, ханзадаға
дәріс үйрете бастайды. Қотыр батыр ондайда насыбай түйеді, қамшы ереді, одан да
іші пыеып кетсе, наубайхана, асхана жағындағы башқұрттар мен татарларға барып
хабар тыңдайды. Қайтып келгесін ханзадаға: «Мыналарыңның шаруалары шартарап
болып жатқан түрлері бар-ау, шамасы. Анадағы талтаңдарынан айрылып қалыпты. Ұры
жырада тай жығып жатқан қорқау қасқырлардай жан-жақтарына көп жалтақтайтынды
шығарыпты», - деп қояды.
            Қостағылар бұлардың салт атқа мініп
жақын маңайға сейілдеп қайтатындарын да жақтыра қоймайтын тұр танытты. Соңдарына
ертіп жіберетін сақшыларының саны көбейе түсті. Бұрынғыдай қажың-күжің хабар
сұрасатын татар, башқұрттарды ертпей, солдаттар мен казактарды ғана ертеді.
Олары сәл ұзап шықтың-ақ, алдарын орағыштап, қамшыларын шелтеңдетіп, қосқа
қарай қайырмалап бағады. Ең болмаса, көз жетер жерге дейін көсіліп жатқан маң
далаға жанарың талғанша телміре қарап, құмардан шығуыңа да мұрша бермей, айнала
қара жалдардан асырмай, мына бір тар қолатқа тордағы торғайдай, тыпырлатып
қамады да қойды.
            Ханзада бұрын өзін қадірменді
мейман сөзінуші еді.
            Шидей мойынын көкке созып онсыз да
шалқақ басын әнтек асқақ ұстаушы еді. Енді сол көкірегі күн санап жығыла түсті.
Аяқ-қолында сылдыраған кісен жоқтығы мен салпаңдатып жұмысқа салмайтыны
болмаса, тұтқыннан несі артық?! Отыр десе отырып, тұр десе тұрады. Тіпті
қалаған кісілерімен де тілдестірмей, құрқұлақ болуға айналды. Жұрттың не деп
жатқанын да білмейді. Қажет десеңіз, өздері бас қосып өткізетін көп
мәслихаттарына да қостырмайды. Бұлардан әлгі шиыршық сәлделі үнді көпесінің
жағдайы жақсы. Ол әйтеуір жұрттың арасында жүреді ғой! Жұрт не айтса да, тісін
ақситып, аузын ашып күліп тұрғаны. Ол екеш ол да орысша біледі. Жылма-жыл
Астраханьға келіп, сауда жасап жүріп үйреніп алыпты. Үйрене алмаған жаңғыз
нәрсесі - суыққа төзімсіз. Қара суық басталғалы үстіне түйенің жабуынан
басқаның бәрін жамылып алды.
            Сонда да безгек соққандай тісі
тісіне тимей сақылдайды да жүреді. Байғұс сонысына қарамай, қақаған қызыл шүнақ
аязда керуен тізіп еліне аттанады. Жолда Бұхараға соғады дейді. Бас ұлық өзін
былтыр күзде:
            «Бұдан былай еліңнің саудагерлерін
Астраханьға емес, Орынборға әкеліп тұр», - деп әдейі алдыртыпты. Сол бұратана
көпестің өзі мына шуылдақ көп тобырға ханзададан гөрі бір табан жақын адамдай.
            Осында кім көп, бұралқы мен бұратана көп
екен!!! Шоқынған татар, шоқынбаған татар, естек шуаш, боғұлдарды былай қойғанда
орыстан арғы іргелі елдердің де талай сығырағы толып жүрсе керек. Бас ұлық
бәрін жерден жеті қоян тапқандай жинай беріпті, жинай беріпті. Әлгі бір
ұшып-қонған шошақай дәрігер де орыс емес бөтен көрінеді. Жақ жүні үріпиіп ол да
бебеу қағып өліп барады. Сүйтіп жүріп тыным таппайды. Күніне бір соғып,
ханзаданың үсті-басын қарап, көзін, тілін, тісін көріп, арқасынан бір қағып
кетеді. Ханзададан басқалар ең азы түшкірсе де: «Доктор Родэ!», «Доктор Родэ!»
- деп өз-әулие тұтып, соңынан қалмай сүмеңдейді де жүреді.
            Ол тек Бұлардың қасына ғана өз
аяғынан келеді. Соны-сынан ба, анадайдан қарасы көрінсе болды, ханзаданың тұла
бойы қаралай шімірігіп жүре береді. Шешіндіріп, о жер-бұ жерін шұқылап түртіп
көретінін жақтырмайды. Қотыр батыр да қаралай тыжырынып бітеді.
            Есіктен арсалаңдай кіріп қолын
үсынған дәрігерге:
            -     Тәйт, нәйсап, қолыңды ала жүгіріп, қажыға
барып келіп отырмаған шығарсың. Кім көрінгеннің қолтығын қасып, шабын сипап
шыққан ол немең қай ауруыма дәрі бопты. Жу, әрі! - деп қара құманды иегімен
меңзеп бір зекіп қояды.
            Дәрігер жалма-жан жүрелеп отырып
қолын жуады. Қалтасынан орамал алып сүртеді.
            Сонда барып Қотыр батырдың қабағы
жылиды.
            -     Ал, мылжың неме, тағы не сұрайсың?
Дәрігердің жанындағы жылмақай башқұрт Юмаш аузы-басы сусылдап сөйлей жөнеледі.
            -     Батыреке, бұл кісі қырғыздардың, тойыс қазақтардың
ем-домы жайында мағлұмат жинап жүр екен. Білгеніңізді айтып беріңіз, сауап
болады?
            -     Сен сумақай да сандалады екенсің. Жүн жақ
көпірге жөнімді айтып қайдан сауап табайын. Одан да қарап отырғанша күн
өткізейік те. Ал не сұрайды екен?
            Юмаш қасындағы он екі жасар имек
мұрын су тұмсық балаға қарайды. Онысы неміс дейді. Су тұмсық жүн жаққа қарайды.
Жүн жақ, қоя болған тайлақтай тамағын қиқылдатып бірдеңе деп былжырақтайды.
Оның былжырағын әлгі қаршадай су тұмсық бала сағыз шайнағандай қайзалап Юмашқа
айтып береді. Отқа түсіп кетер көбелектей елпеңдеп отырған сумақай естек бір
жымиып Қотыр батырға бұрылады.
            - Доктор Родэ мырза қырғыздар,
тойыс қазақтар...
            - Мына доңыздың тойысы несі? Қазақ
саған қашаннан бері тойыс болып еді!
            -Батыреке, ашулана көрмеңіз, ол
әншейін әлгі немене еді, әншейін әдетім ғой!
            -     Өйткен әдетіңнің басына біздің қатын
сарысын... Сумақай Юмаш батырдың ашуын басқысы келіп жырқ-жырқ күліп қояды.
            - Батыреке, бұл кісі айтады, қазақтар көзі
ауырғанда не істейді екен дейді?
            -     Көзге жел тисе, оған не ыстық сары майға,
не түйенің ыстық сүтіне малып, мақта басса немесе жаңа сойылған қойдың бауырын
тартса, бәрі де болмаса, қабырғаны отқа ұстап, ыстықтай көздің қызыл етіне
тигізсе, іріңін сорып, ісігін
қайтарады. Көз қарыққанда, құрым киізді тесіп томаға кигізеді. Ақ түссе -
меруерт моншақты ұнтап түйіп, оны ерітілген балың майына араластырып, май
жасап, оймақтай теріге жағып, ауру көзге байлайды немесе кіндіктен жалғыз туған
кісіге аш қарында үргізеді. Төріскен шықса - ине байлайды не жас нәрестенің
дәретімен жуады.
            Сумақай Юмаш мұқтасардың ежігін
айтып отырғандай бипаздай соза сөйлеп су мұрын балаға жеткізеді. Су мұрын бала
оның айтқанын да екі есе көп қылып жүн жақ дәрігерге түсіндіреді. Ол қолындағы
дөптерге құнжыңдап жаза бастайды. Ол екі ортада Қотыр батыр шақшасынан алақанын
толтыра насыбай төгіп, оны бас бармағымен мытып үйіп, тілдің астына тастап
жіберіп, ірге жаққа тістің арасынан сыздықтата түкіріп, рахатқа батып отырады.
            Әлде бір уақытта сумақай Юмаштың
суылдақ еріні тағы да жалпылдай жөнелді.
            Бұл кісі қы...
            -Тап қызыңды ұрайын сенің. Қырға
қырық келіп, қанша қозының обалына қалсаң да, ңазақ пен қырғызды айыра алмай-ақ
қойдың-ау.
            - Ойбай, батыреке, кінә менен.
Доктор айтады, сендер басы ауырғанда не істейді екен дейді.
            - Е, бас па?
            Батыр ойланып қалады. Талай рет
сойыл тиіп басын жарып алғаннан басқа басы ауырып көрмеген кісі қапелімде не
айтарын білмей аңырып қалады. Сосын қит етсе, басының сақинасы ұстап жатып
алатын бәйбішесі есіне түсіп, қоқиланып сөйлеп кетеді.
            - Е, басың ауырса, бір кесе таза
суды үйдің маңдайшасынан шашып жібер де, содан таматын тамшыны жиып алып,
шашыңды сула. Оған да қоймаса,
қолыңа ұсталмаған жаңа күміс
сақина сал. Тіпті оныңа да қоймаса, еркек ауырса үрғашы мал сойып, әйел ауырса
еркек мал сойып, тері былау жасап, күн шыққанша ұйықтат... Айтпақшы, ол жел тигендегі
ем екен ғой... Иә, иә... Не күн шығып келе жатқанда, не күн батып бара жатқанда
бір тостағанға су толтырда, ішіне үш тал бұрыш пен үш тал қалампыр сал. Науқас
кісіні құбылаға
қаратып отырғыз да, су үрттап
ап, бетіне, екі бұйіріне, арқасына су бүркіп ұшықта. Су біткесін тостағанды
ауру кісінің басынан үш айналдырып аулаққа лақтырып, ауруға тоғыз қабат киім
жапқызып, өзің де аулақ кет...
            Жүн жақ мынаны естігенде көзін
адырайта бір қарап қойып, қағазына үңілді.
            Қотыр батыр ауызындағы көк
қоймалжыңды ытқытып тастап, сақалын сұртіп, қалтасынан істік алып, мұртын
таулайды.
            - Батыреке, ал тіс ауырғанда ше?
            -Тәйір-ай, Бұл неме соны да
білмесе, жұртты қалай емдеп жүр?! Кәдімгі далада дудырап өсіп тұратын тікен-тікен
меңдуананың дөнін алады да, темір табадағы шыжғырылған ыссы майға салады. Соның
буына ауызыңды ашқызып жүрелеп отырғызады. Басыңа шапан жауып бұркендіреді.
Табаның қасына, сенің
алдыңа бір аяқ су қояды.
Аузыңнан аққан сілекей соған құйылады. Сосын азу тісіңді жеп, бебеулетіп жатқан
құртты шақырады. Міне былай!
            Қотыр батыр орнынан көтеріліп, жер
тізерлеп отырды да, дауысын көтере созып, әндете жөнелді.
            Тұйғын, тұйғып, түйе қыл,
            Ағайынды жиылдыр.
            Ақ желегің сала кел.
            Ақ саусағың мала кел!
            Сары бас тұйғын,    ,
            Қара бас тұйғын.
            Ызғыма тұйғын
            Үңгіме тұйғын,
            Суырма тұйғын,
            Сыздама тұйғын,
            Жайлаған жерді жау алды,
            Қыстаған жерді ұры алды,
            Жайлаған жерден қашып кел,
            Тасыған суды басып кел,
            Жетер-жетер, күйт-күйт,
            Басар-басар, күйт-күйт,
            Арқадағы алты құрт,
            Арқаласып келер құрт,
            Желкедегі жеті құрт,
            Желкелесіп келер құрт.
            Ауыздағы алты құрт,
            Азуласып келер құрт
            Басар, басар - кә, кө,
            Басып келер - кә, кә!
            Жетер, жетер - кә, кө,
            Жетіп келер - кә, кә.
            Түйғын, түйғын - кә, кә,
            Түйірлеп келер - кә, кә!
            Қотырдың көзі ежірейіп кеткен.
Қожалақ-қожалақ беттегі екі түйір айқын нысана екі көзі алайып шығып барады. Су
мұрын бала отырған орнынан қазықтай қағылып қатыпты да қалыпты. Шошақай дәрігер
де жым болған. Тек сумақай Юмаштың ғана қара тонының қалта түсы құсқан басқа
жайылып тұрған буаз шыбыштың бұйіріндей бүлк-бүлк етеді. Қотыр батыр оған
ежірейе бір қарап өлеңін тоқтатты.
            - Әй сығырақ, сен неге бүлкілдейсің?
Немене, қайыненең қарсы алдыңнан күнтимесін қайшылап жалаңбұт отырып қалып па?
            Юмаш беті күреңітіп, шашалып барып
тоқтады.
            -Ойбай, батыреке, өлеңге емес,
өзіме күліп отырмын. Бұның бәрін мыналарға қалай түсіндіріп бере алам деп
отырмын.
            -Е, ол жөніңді өзің біл!
            Қотыр батыр тағы да шақшасына
жүгінді.
            Үш тілмаш бұл жолы әкесінен
қорыққан балалардай бір-біріне сыбырлай тіл қатты.
            Қотыр батыр есіктен атанақтай
кірген үш немені дымдарын ішінде қып пұшайман күйге түсіргеніне жау
қайтарғандай масаттанып отыр.
            Біраздан соң Юмаш батылсыздау тіл
қатты:
            -Пышақтан, қылыштан болған
жарақатқа не істейді?
            -Не істесін, иманжапырақ басады,
сиырдың кепкен жапасын шүберекке орап таңады, күйдіріп киіз басады.
            Дәрігер қаламын шиқылдатып қағазына
тұртті.
            -Мына кісі айтады, жылан шаққан, ит
қапқан адамдарға не істейді екен дейді?
            -Жылан шаққан кісіге терлік жабады,
ит қапқан адамды әйелдің бұтының арасынан өткізеді.
            Үш сығырақтың езуінде тағы да
жымысқы күлкі жылт ете қалды.
            Юмаш сығырақ бұгежектеп тағы да тіл
қатты:
            - Мына кісі айтады, сіздің халықта
қояншық ауруы бар адамдар ұшыраса ма екен? - дейді.
            Қотыр батыр «мыналар тағы да
тәлкекке басты ма» дегендей ызғарлана қарады.
            Юмаш қамшы жеп қалған таздай
мүләйімсіп кез тастады.
            -Ел болғасын есірігі болмас па?
Қазақта да талай қояншық бар. Қояншығы бар адамға қоян ұстатып, қойынына
салады.
            Юмаш батырдың жауабын ерінінің
ұшымен неміс балаға жеткізді. Неміс бала да қипақтай-қипақтай дәрігерге
түсіндірді.
            Шошақай дәрігердің сұрауының
таусыла қояр түрі жоқ. Қаламын аузына тығып бір сорып алады да, бір сауалды
тағы да жалп еткізеді.
            - Мына сауалына Юмаштың көзі
әпірейіп кетті.
            - Батыреке, мына доктор айтады, сіз
әйелдердің ауруы жайлы не біледі екен дейді?
            -Немене?
            - Әлгі әйелдердің ауруы жайында...
            - Немене, мен қатынның ауруын біліп
қатын ба екем? Қалай ауыратындарын сыр қылып айтатындай мен олардың абысыны ма
екенмін. Бәсе, манадан бері жөн сөйлеп отыр ма десем тәлкек қылып отыр
екенсіңдер ғой.
            Қотырдың оң қолы қамшы тығулы
қонышына бара бергенде сумақай Юмаш табалдырықтың ар жағына іітып шықты. Қалған
екеуі де дүркірей көтеріліп есікке беттеді.
            Үшеуі шығып кеткесін бұл әңгімені
манадан бері үнсіз тыңдап отырған Ералы ханзада ішін басып күлсін кеп... Қотыр
батыр оған шамданарын да, қосыла күлерін де біле алмай, біраз аңырып отырды.
Сосын қолындағы қамшысын қонышына қайта салды.
            - Не де болса, ханзаданың көңілін
бір көтердім-ау! - деп бір мырс етіп, шақшасын суырды.
            Содан қайтып дәрігер қанша келсе
де, көр-жерді сұрап бұлардың бастарын қатырмайтын болды.
               Шынында да бұлар қызық екен! Мынау ызғындай
жұрттың ішінде қолына мылтық үстамай, қалам үстаған бірен-саран кісі кездессе,
қай-қайсысын да ғұлама деп дабырайтады. Ғұлама дегеннің қарқарадай сәлдесі
болар еді, жалтыраған иір мойын құманы болар еді. Ертелі-кеш ел сыртына барып
шабынып дәрет алар еді. Сосын жарықтық әр қайсысы атан түйеге жүк болғандай
қалың кітапты жайып салып, ішінен күбірлеп, бір-бірлеп парақтап ашып оқып
отырар еді. Ол өзі ешкімнен ештеңе сұрамас еді? Қайта жұрт одан сұрар еді.
Ғұлама кісі сақалын салалап қойып, бипаздап жауап қатар еді, Сауалына жауап
алған адам маңдайы жерге жеткенше иіліп, ұйып тыңдар еді. Бұлардың ғалымы
қызық! Өзі ештеңе білмейді. Бәрін жұрттан сұрайды. Былтыр бас ұлыққа еріп
келген екі көзіне қоқан арбаның екі дөңгелегіндей әйнек байлаған бір ұзынтұра
күні бойы індігештің ауызын бағып, тышқанның суретін, қоңыздың суретін,
кесірткенің суретін салып, «мынаны қазақтар не дейді?», «башқұрттар не дейді?»
деп көрінгеннің шалғайына жабысып әбден мазалап бітіп еді. Сау болғыр, бас
ұлықпен бірге кетіп құлақты тынышытты. Әйтпесе, жылда бұлар қоңыз қоздатып,
бақа боталатып отырғандай, «Бұлардың еркегі қайсы, - ұрғашысы ңайсы?» деп әбден
миды ашытар еді. Оны да бұлар: «өсімдіктер мен жан-жануарлар жайында білмейтіні
жоқ үлкен ғұлама» деп дабырайтқан. Ата сақалы аузына шыққанша түйені қалай
қайытатынынан хабарсыз жүрген ол не қылған данышпан екенін ит білсін!
            Сол қауға бастарың үш ұйықтаса
түсіне де кірмейтінін талай нәрсені тақымын таралғы, алақанын сойыл қажап
тастаған барымташы басымен өзі білетініне Қотыр батыр бір күдірейіп қояды.
            Онсыз да мақтаншақ кісіні одан
сайын масаттандыра түскісі келгендей енді бұлар жатқан үйді әлгі бір шимайшы
неме көп айналсоқтайтынды шығарыпты. Сереңдеген неме баяғы Мәмбет мырзаға еріп
қырға келетін Сартайлақты қасынан бір тастамайды. Екеуі бірінің аяғы біріне
шатысып қалардай болып, бір жертеледен екінші жертөлеге кіріп сүмеңдеп
жүргендері. Екеуі де ұзын сирақ, екеуі де шимайшы, екеуі де әр нәрсені бір
сұрап жұрттың құлағын жауыр қылатын әдеті. Екеуін құдай тауып қосқан. Бұлардың
бір жақсысы қастарына әлгі сумақай башқұртты ертпейді. Не де болса, өздері
былжырақтап бірдеңе түсіндірген болады. Сартайлаққа еріп келгіштеп жүріп, әлгі
шет жерлік шимайшы да бұларға үйір болып алды. Ағылшын дейтін жұрттың адамы
дейді. Арғы түбі саудагер керінеді. Мына жаңа өлкемен қалай сауда жасап, қандай
бұйым әкеліп, қандай бұйым әкетудің жай-жапсарын білейін деп келіпті. Оның
үстіне сурет салады.
            Келген сайын амандық жоқ, саулық
жоқ:
            - Солай тұра қалыңызшы, салып ала
қояйын, - деп жабыса кетеді.
            Ханзаданың суретін саламын деп
талай қағазды шимайлады. Қотыр батырдың суретін салам деп талай қағазды
шимайлады. Онысымен қоймай, қолындағы парағын:
            - Ұқсай ма, ұқсамай ма? - деп
тұмсықтарының астына әкеп қайта-қайта тыққыштайды.
            Ұқсаса, ұқсайтын шығар. Әйтеуір,
ханзаданың мойнының қылқиып кеткені рас.
            Әлгі шимайшының салмайтыны жоқ.
Қотырдың саптама етігін, дойыр қамшысын, жалбағайын салғанда мәймите қояды.
Ханзаданың үсті-басындағы киімінен де ештеңе тастаған жоқ. Әр қайсысының әр
параққа бөлек-бөлек суретін салып, астына бұдан атын сұрап алып жазып қояды.
            -Бұл не керек? - деп сұрайды Қотыр
батыр.
            Ғылымға керек. Мұндай нәрсе ғылым
үшін өте-мөте маңызды, - деп шүлдірлейді Сартайлақ.
            - Сонда сенің ғылымың менің ауы
салбыраған іш киімімнен гөрі маңыздырақ ештеңе таба алмағаны ма? - деп мөз
болады Қотыр батыр.
            Онысына әлгі екі серең аяқ
шамданудың орнына қосыла күледі.
            Не де болса, олар келгенде
маңайларына татарлар мен башқұрттарды жуытпай, құр құлақ отырған Ералы ханзада
мен Қотыр батырдың құдайлары бір беріп қалады. Жан-жақтарында не болып, не
қойып жатқанын да солардан естіді. Сөйтсе, бас ұлық пен Мәмбет мырзаның былтыр
күзде іздерінше суыт аттанып кеткені тегіннен-тегін емес екен. Баяғыда бұларды
Уфадан шыққаннан бастап өкшелейтін башқұрттар әбден желігіп алса керек. Содан
қазір бас ұлық пен Мәмбет мырза қастарына қалың қол ертіп, екеуі екі жақта
ереуілші башқұрттармен алысып жүрсе керек. Қазір бүкіл Башқұртстан түтанып тұр
дейді. Мұндағы жұрттың аш-жалаңаш отыруының себебі де сол көрінеді. Былтыр күзде
Мәмбет мырза бұларға алты жүз шана қыс киім жіберсе, Ай өзенінің жағасында
башқұрттың Құлеке батыры тонап алыпты. Жақында үт айында Саянтөс дейтін
қыстақтың халқы осындағы орыс өскеріне азық-түлік жинап жүрген Мәмбет мырзаның
қасындағы қолға тиіпті. Тілмаш бір түннің ішінде бүкіл қыстақты өртеп
жіберіпті. Ертеңіне тағы да сондай екі қыстақ өртеліпті.
            Олардың әңгімесін тыңдап отырсаң,
жағаңды ұстайсың. Былтыр желтоқсанда осындағы бастық түден тұрткендей
сақылдаған сары аязда бес жүз кісіні сапқа тізіп терістікке қарап аттандырған.
Бірақ, олар ертеңіне бес адамның өлігін, жүз елу адамның сүлдесін арқалап
қайтып оралған. Қақшаңдаған қу шүнақ аяз қойсың ба? Бірер қырдан аспай жатып,
баудай түсіпті. Бірақ ол сорлылардың қайтып келіп те тапқан абыройлары шамалы.
Чемодуров мырза ауызынан ақ көбік атып айқайды салсын кеп! Араға екі күн түспей
жатып айғыр топ адам тағы да сақылдаған сары аязда жолға шыққан. Басқа сол
жолға шыққан жеті жүз жетпіс үш адамның бес жүзі жолда үсіп өліпті, сексені
аяқ-қолдан айырылыпты. Сөйтсе, олар Жайықтың арғы бетіндегі бір орыс шаһарына
киім-кешеқ азық-түлік әкелуге жұмсалыпты. Енді, міне, бар қорлары таусылып
келеді. Жан-жақтан қайыр жоқ. Башқұрттар мұндайларды биылғы қыста аштан
қатырамыз, сосын бұл араға өздері де жоламайды деп жүрсе керек.
            Ханзада мен Қотыр батыр іргелерінде
осындай сұүмдықтар болып жатқанынан да бейхабар екен. Төсектері салулы, оттары
жағулы, тамақтары пісірулі - қайдан білсін!
            Қыс, айтса айтқандай, қатты түсті.
Сыртқа аттап шығуың мүмкін емес. Алақандай терезеден тыста құтырынып тұрған
қарлы құйынға телміре қарап қадалып отырғаның.
            Мұндай қыста, мұндай аштықта жұмыс
қайдан өнсін! Былтырғы қазылған ордың көп жерін күртік көміп тастады. Маңайдан
қорек таба алмаған аш қасқырлар сол күртік ңардың үстімен қорғанға кіріп жылы
түтін шығып жатқан мүржалардың ығына тығылып, түні бойы ұлып шығатынды
көбейтті. Ондайда сақшылардың оғынан тоңқалаң асқан бөрілер таң атқанша
орындарында жоқ болып шығады. Қайда құритындарын әлі күнге дейін ешкім анық
айтып бере алмайды...
            Ол қыста қу құлңынның істетпегені
бар ма! Желтоқсан туа-ақ жазда қаптап-қаптап, қаттап-ңаттап жиып қойған айғыр
жал азыңтың түбі көрінді. Жұрт боғұлдар мен мешерлердің бастарына жастанып
жататын теңдеріне телмірді. Оның да қарасын құртқасын, азын-аулақ көлікке көз
аларту көбейді. Талай адам ойыңтан балық ұстаймыз деп мұздын астына кетті.
Талайлар қопа кезіп, қабан аулаймыз деп жүріп, жүтпаға түсіп жоқ болды.
Талайлар қансонарда қоянның жымын қуалап жүріп, қорқауларға жем болды.
Азын-аулақ тірі қалғандардың өздері көктемге күп боп ісіп зорға жетті.
            Ералы ханзада енді жер-көкке сия
алмады. Таң атса болды, ұятты қойып, Чемодуров мырзаға барып ат сұрайды. Онсыз
да басы қатып жүрген неме қабағын тарс жауып біраз түксиіп отырады. Сосын күңк
етіп көмекшісін шақырады. Өкшесі мыжырылған қисың табан етігінің қонышын жүре
түзеп көмекшісі көрінеді. Оған бастық иегімен меңзеп ханзаданы көрсетеді. Қисық
табан етік сүйретіле басып сыртқа бастайды. Сыртқа шыққасын сыз топырақты
өкшесімен қайзалап жаншып біраз тұрады. Онысы - ойланғаны. Сосын қайтадан
орнынан сырп-сырп көтеріліп ат қораға беттейді. Ат қораға жете беріп қақпаны
бір теуіп қалады. Әлгінде ғана бастықтың алдында мүләйімсіп тұрған қисық өкше
ат қораның қақпасының алдында сыз балшыққа қарш қадалып қаздия қалады. Қақпадан
танауы кержиген шалғы мұрт казак басын қылтитады. Көмекші манағы бастығына
ұқсап, ханзаданы иегімен нұсқап, желең шинелінің жағасын бір тартып қойып,
жертөлесіне тайып тұрады. Енді кертік танау казак кергиді. Ханзада мен Қотыр
батырға алара қарап, теріс айналып, ауланың түкпір жағына қарай зекіре тіл
қатады. Сосын ол да желең шинелінің жағасын бір тартып қойып, дік-дік басып
әлде бір жаққа тайып тұрады. Көп үзатпай ер-тоқым салынған екі ат жетектеп, бес
атты казак көрінеді. Жетеуі ерге қонып, қорғаннан шығып, күн шығыс жақтағы қара
жалдарға қарай шоқыта жөнеледі.
            Көз ұшында - көк нілге бөгіп
бұлдырап жатқан көк белестер. Көшіп келе жатқан ел, жол шығып келе жатқан
жолаушы түгілі, босып келе жатқан аң да көрінбейді. Маңайдағы індердің суыры
мен борсығына дейін құрып кеткен. Аш қорғанның қайласы мен күрегі қыстың көзі
қыраудың өзінде тоңды ойып, төбелерінен түсіп, кекелеріне көрістірген. Мынандай
құлазыған кеңістікте қыбырлаған тірі жан түгілі шаң көрудің өзі мұң.
            Ханзада қанша қадалып қарағанмен,
кеше де солай, бүгін де солай. Бедірейген белестер бүлк етпестен бұк түсіп
жатып алған.
            Ханзада сонда да күдерін үзбейді.
Қара жалдың басына шығып қылқандай мойыны үзіліп кеткенше, кеңірдегін созып,
көкжиекке қарап телміреді де тұрады.
            Мамыр өте бере ту-ту алыстан көз
ұшынан бозарытқан бірдеңе кәрінді. Сағыныштың мелдір шығы көлкештеген жаутаң
жанардың алдынан өзөзілдей азғырған әлде бір әдемі елестер бұлдырап қоя береді.
            Мамыр өтіп, маусым да орталап
келеді.
            Қасқыр талаған жылқының қаңқасындай
терістіктен . түскейге құлай салған мыж-мыж Мүғаджардың шығыс бұйірін о жер, бұ
жерден тесіп аққан жыланшық өзендерден бастап сонау ен Ырғыз, ту Торғайға
дейінгі ұланғайыр өлкенің биыл қүйқалы жылы. Алабөтен ақпандата кірген ызғарлы
қыс күнгей мен күн шығыстың сумаңдаған қызыл желіне көпке дейін бой бере
қоймай, киіздей тұтасып тегіс түскен қар кешеге дейін көбесі сөгілмей бұтін
жатты.
           
            Мұғаджардың жыра-жықпалының көлеңке
беті мен Қарақұмның қара томарлы қалың түлейлерінің сәуле жете алмастай терең
түкпірлерінде сараң қатын сақтаған қозы қарынының құрышындағы сарқынды майдай
сарғайып кеткен сұр қарлар әлі ұшырасады. Ондай қалың қар қойсын ба, сәуірдің
аяғында жер мен көк айырып болмастай боп ңалқыды да кетті. Алатағанақ
жазықтарда оқшау біткен кемер таулар шалқар айдынындағы шашыранды аралдардай
қылтиып-қылтиып ұзақ уақыт еу ортасында тұрды.
            Телегей теңіздің тартылғаны жуырда
ғана. Салқын топырақ біразға дейін бойы жылымай, күйті келмеген қақсал інгендей
бедірейіп жатты да қойды. Бірақ, салқар аспанның шаршы төріндегі алтын баулы
қазығының сар жібек бұйдасын шұбалта созып желіп жеткен Сарыатанның ыстық қоламтадай
пәрменді бауыры нені шыдатпақ! Алғашқы күндерде-ақ ылғал бауырайлардан бықсыған
бу ұшып, аптаның аяғында кезеріп жатқан көн топырақ түбіттеніп, келесі аптаның
басында жер-жаһан қызға қарайтын жасқа жеткен жас өспірім бозбаладай бой
сәндеп, мұрт сылайды. Дүр көтерілген жаңа тіршілік қауырт, қарқынды өрбиді.
Жүлгелер мен өзектердегі күнге қураған қақпа шекпенді қайыршыдай бұғежектеп
тұрған тал мен шілік үлде мен бұлдеге оранып таранып шыға келеді. Тыр жалаңаш
тыртиып жатқан таңқы етек құмақтар көк масатыға бөленіп көкіректеріне гүл
қадапты. Әншейінде жоғалған түйедей айдалада жападан-жалғыз маңқиып-маңқиып
тұратын аңғал-саңғал жақпар биіктердің өздері қартайғанда қатыны өліп, тоқал
іздеп, амалсыз сақал-мұртын күзеп, жасанып шыққан мөужір еркектердей жасыл мен
қызылды аралас жамылып, әсіре әлеміштеніп алыпты.
            Жер бетінің қай пүшпағында көк
орай. Өз-өзінен жасанып-сыланған осынша әдемі дүние көпке дейін құлазып бос
тұрды. Әуелі қиқулап ұшып құс келеді. Елсіз айдындар азан-қазан боп, бауырын төсей
қонған майса мамықты емірене құшып бақты. Көде түптері, тал бұтақтарына ұя
орнап, жұмыртқа төгілді. Жарық дүниені қаздардың қаңқылы, аққулардың сұңқылы,
үйректердің сусылы, бұлдырықтардың былдырықтары билеп алды.
            Күн жылығасын қара жердің қойынынан
тек көк қана өрбіп қоймай, құрт-құмырсқа, жөндік атаулы да жапатармағай өріп
кетті. Індерінің аузында селтиіп-селтиіп шықылықтап отырған саршүнақтарды,
балпақтарды, борсықтарды көріп, арасалаңдап аш қасқырлар жортты. Ұялардағы уыз
жұмыртқаға айыр тілдерін жалаңдатып жыландар сумаңдады. Жапан дүзде де еңсесін
жазбайтын бұқпантай тасбақалар бармақтай басын сүңқаң еткізіп бір шығарып,
сумаң еткізіп қайта тартып ала қойып, бір жүріп, бір тоқтап, олдеқайда
тарбаңдап барады. Тышқан құлақ, ши тірсек кірпілер сидаңдап шауып келе жатады
да, әлденеден секем алып, тікенінің бәрін тікірейтіп бұрісіп жата қалады.
            Сонда да мынау ұлан-асыр өлке
әлдекімдерді күткендей. Сәңкиген кемер биіктер, деңкиген қара жалдар, шалқиған
кәусар көлдер бәр-бәрі сонау күнгей жаққа көздерін сататындай. Сонау алыс-алыс
қара бұйраттардың ар жағынан олардың аңсай күткен біреулері келе жатқандай.
Олар аяқ баспай тұрып, мына дүниенің ажары түгенделіп, базары қызбайтындай.
            Мамыр өтіп, маусым түсе, даланың
ажары әбден шаршысына толады. Жетілмеген желеқ піспеген шеп қалмайды.
Алқаптарға алқызыл қызғалдақтар қаптап, шеңгелдерге дейін гүл атады. Алыстан
үлбіреп тұрған ақшылтым, көкшілтім, қызғылт, сарғылт үйме төмпектерге емпеңдеп
жетіп барсаң, кәдімгі қарағанның, төріскеннің, құсқанбастың, түйесіңірдің
тікен-тікен бұталары болып шығады. Ауаның нілі көбейіп, көкжиекке қаспақтанып
мұнар тұнады. Тіс сағынып балбырап тұрған түзге алдымен тақымы ұзын тағылар
жетеді. Қалың өскен көк шалғынды көрпедей бұркеніп, бүлкілдетіп киіктер мен
қарақұйрықтар жосып келе жатады. Бірақ, мынау көлкесір дүниенің бәрібір ортасы
толмайды. Мынау ұлан-асыр думандата женелгелі тұрған елкенің бәрібір алаңы
басылмайды.
            Соны сөзгендей күндердің күндері
түскейдегі айқай жалдардың бастарына қылт-қылт қарайғандар көтеріледі.
Көтеріледі де айқай қыранның басында аз-кем ат үсті мәжіліс құрып, бір қатары
сонау тұтасып жатқан ту Ырғыздың түбектеріне тартса, екінші біреулері
Мүғаджардың сілемдеріне бет түзейді.
            Найзаларын салақтатып, айбалталарын
жалақтатып, жау түсірердей боп келе жатқан бұл шоғыр - көш басы, шолғыншы топ.
Мал екеш малдың жайын да бес қаруың беліңде жүріп бекем қамдамаса болмайды.
            Қауқылдасқан қалың дүрмектің көбі
қыл иек шал-шабыр. Ат үстар жастардан басқасы кілең көре қалғандар мен біле
қалғандар. Ауыз жаппай жалпылдап сөйлеп келеді. Биылғыдай өртеніп тұрған отқа
тіл-көз тимесе екен деп, «тіфә-тіфә» түкірініп қойысады. Көш басын қайда
тіреген дұрыс деп таласады. Қауқылдаса-қауқылдаса теңірек түгел көрінетіндей
айқай биіктің басына шығады. Найзаларын шошаңдата отырып, қай көшті қайда
шөгеретіндеріне пәтуаласады. Атқосшы жастарды арттағы көшке жұмсап, өздері
ілгері тартады.
            Ауыл қондыруға лайық ажарлы
тұстарға келгенде біреу-міреуі аттан түсе қалып, қанжығасынан қазық алып қағып,
басына белбеуін не қамшысын іліп таяқ шаншып, тіпті болмаса, белуардан келетін
ен шалғынның басын түйіп: «Біздің ауыл осы араға кідірсін» деген белгі жасайды.
Сосын аттарына қонып, басқа ауылдар түсетін орын іздейді.
            Жер құйқасы қалыңдаған сайын қарқ-қарқ
күлкі күшейіп, аттың жүрісі өнеді.
            Көш басы шоғырдан кейін түскейдің
жолынан шұбырып мал көрінеді. Мал шетінде тұғыр мінген малшы-жалшы мен тай
мінген бала-шаға. Олар малды көш жөні мен отынан, суынан қалдырмай жайбарақат
жайып жеткізу үшін ерте кеткен. Бірнеше отардың арасында қазан-ошақ, төсек-орын
артқан бірер түйе. Күн шамал, ылғал болса, қауқитып күрке тігеді. Күн ашық
болса, түнектегі мал шетіне құрт-құмырсқа, жылан-шаян жорғаламасын деп шырқ айналдыра
қыл арқан тастайды да, соның ортасына киімшең- киімшең қисая-қисая кетіседі.
Іштеріндегі ең ересегі түнде мал өрсе, біліп жату үшін қолына қошқар байлап
жатады.
            Олардың жол азығы да осы отардың
өзінде. Қарындары ашса - қой сауып, жұмырларындағы ащы айранға сүт қосып,
қойыртпақ ішеді. Кештеу туған саулықтардың желінін қақтап уыз қатырады. Іштері
пысса - қошқар сүзістіреді. Ауыздарын жаппай ертегі айтысады, жұмбақ айтысады.
Дауыстары ашықтары шырқатып ән бастайды.
            Қойым жайып келемін бозғанаққа,
өзім тойып келемін қағанаққа, Ауылыңның тұсынан ән шырқасам, баяғы айтқан уәдең
бар ма, жоқ па?!
            Мұндай ұзақ көші-қонда, әсіресе,
қойшылардың құдайы береді.
            Жарық ерін, жалақ ауыз қойшы тек
қойыртпақтың ләмі мен қойдың жәйін ғана біліп қоймай, күні бойы талай-талай
қиялға батады. Төңірегіндегі қыбыр-жыбыр тіршілікке зер салады. Қазаққа
табиғаттың талай сырын қойшының таяғы мен қой торының аяғы ашып берген.
            Жарық ерін, жалақ ауыз қойшы тек
қой ғана бақпайды, ой да бағады. Қойың от жерге тап болып, бір жүлғаны бір май
болып, тыныш жайылып жатса, шалқаңнан түсіп, ойға батпағанда, не істейсің!
Қазақтың талай дастанын, ертегісін, жұмбағын, әндері мен жаңылтпаштарын осы
қойшыекеңдер туғызған.
            Далиған даланың қақ төрінде таяқ
құшақтап талтайып тұрған қойшының көңілі кезеген, көзі көреген, жүрегі сөзеген.
Өйтетін де реті бар. Жұрт қыста сары қидың табына таптанып, жазда салқын
көлеңкеде шалжиып рахаттанып жатқанда, аяз бен аптапқа қақталып, табиғаттан
тәлкек көретін кім? Қойшы. Әншейінде жұрт алдында сыланып-сипанып сырбаз
сөйлейтін бай мен бардың тышқақ қозысының құйрығына шыбын қонса, қамшысын ала
жүгіріп, ауызынан ақ ит кіріп, қара ит іиығып, ашуын қайтаратыны кім? Қойшы.
Адамнан келер тауқыметтің де ауырын тартатын қойшы. Пәтуасыз дүниенің
асты-үстінің сырына ондай жетік адам жоқ.
            Сөйткен неме қысы-жазы мал шетінде
жападан-жалғыз жарылып кете жаздап тұрады. Көзі көлденең қарайғанды шалыс
жібермейді. Алыстан шаң көрінсе, жау екенін, мал екенін алдымен аңғарып,
алдымен хабар беретін де сол. Алыс-жақынның хабарына алдымен құлақтары түрік
жүретін де сол. Өйткені, өткен-кеткен айдалада тұрған қойшыға соқпай кетпейді.
Мал іздеп жүрсе, жоғының хабарын содан сұрайды, дау іздеп жүрсе, жан-жақтың
хабарын содан сұрайды. Хабар сұрап тұрып, біраз хабар шашып кеткенін өзі де
аңдамайды.
            Сейткен неменің әңгімесін асықпай
тыңдайтын қараға қарқ боп қалатын кезі - елдің осындай жазғытұрым қыстаудан
көктеуге, көктеуден жайлауға, күзге салым жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға
көшетін түсы. Ондайда ауылдағы тайға тақым сала алатын бала біткен: «Көшпен
бірге ірметіліп жүретін қыз емеспіз ғой» деп малшылармен бірге мал айдасады.
Қойшы-жалшы әңгіме-дүкенге сонда бір жарып қалады. Қазақтың талай баласы жер
сырын, ауа райын, мал жайып, оттың ретін, жолдың қамын осындай көші-қон
тұстарында қойшылардан білген. Ата-аналары айта бермейтін талай қитұрқыны да
солардан естіген. Былапыт сөз, қиямпүрыс қалжың, мал мен жанның
еркек-ұрғашысының білмей болмайтын жағдаяттары дәнеңеден хабары жоқ балғын
саналарға осындай сапарларда мәлім болған. Мұндай көштер тек жаңа аяқтанған жас
төлдің ғана тақымын созып, борбайын ширатып қоймай, талай жас ұрпақтың да көзін
ашып, көңілін тереңдеткен.
            Қой айдағандар көш басшылардан
нысана қылған ойға құлап, қос тіге бере, биік жалдың басына ұбырып-шұбырған
тізбек-тізбек көш те көтеріледі-ау ақыры! Түйдек-түйдек тізбектердің алдында
қалы кілем, оймыш текемет қоршаған сары атанға жайғасқан бәйбіше бастаған үлкен
үйдің көші жүреді, отаулардың көштері рет-ретімен соған ілеседі. Әр кешті
жүрісі жайлы атан бастаса, шаңырақ артқан қара нар тамамдайды. Түйе
қапталындағы көбежелерден, терек бұтағындағы ұядан мойын созған қызыл шақа
балапандардай иектері ңызарып, сәбилер қылтияды. Көштің екі жақ қапталы
шоғыр-шоғыр желең аттылар. Шолпылары сылдыраған қыз-келіншектер.
            Ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе
жатқан сарсыл көш қонатын жерлерін, қүйқалы шалғын мен айдын көлдерді кергенде
қайта сергіп қоя береді. Жабыр-жұбыр үн мен ду-ду күлкі қайта естіледі.
            Елсіз өңір ен қызыққа енді батады.
Анадайдан: «Кімнің ауылы?» дегенде, «Пәленшенің ауылы» боп мен мұндалап көрініп
тұратындай көтеріңкі орындарға, пытыханасы көп қалыңнан қашық, шуаш сіңді
суаттардан аулақ, жал бұйраттар мен қыраңдардың самал соғар қыр арқасына, сай
қуалап аққан өзен, бұлақтардың тұнық басына таман, әрине, ақ үйлі бай ауыл
қонады. Ондай салтанатты ауылдардың үстін шаңдатпас үшін қолат-қолаттың
қалтарысына шаруа бабымен отыратын қара үзікті малшы-жалшы ауылдар қонады.
Тіршіліктің қызылды-жасылды ажарлы жағы жарқылдап жал басына шығады да,
көң-тезек, ыс-шуашпен байланысты күйелеш жағы жарбиып тасаға тығылады.
            Қыс қысылып, енді, міне жаз жазыла
бастаған көшпелі дәурен бәрібір көңілді, бәрібір шат-шадыман.
            Алқара көк дөңбек жоталарды
сауырлай тоқтаған көштердің түйелері арқалары босап, жайылысқа шыққан
тұстарында шымқай ашық ауаға шым-шытырық кесте төгіп керегелер жайылды,
аспандап шаңырақтар көтерілді, шүпірлеп уықтар шаншылды. Сол бір шым-шытырық
қызыл күрең көп сызықтың өз әшекейі аздай әлекей-күлекей баулар байланып,
қызылды-жасыл басқұрлар тартылды, қос қадталға кереге сыртынан шымырулы ши
ұсталып, оның үстін уыздай аппақ үзік, туырлық қымтады. Әлгінде ғана жым-жылас
бос жатқан түлдыр кеңістікке әлде бір алып самұрық құс қонып, судыратып ақ
жұмыртқа тегіп кеткендей. Ширатылып түтін ұшып, кәук-кәук ит үрді. Өрістен түйе
боздап, көлдеуде жылқы кісінеді.
            Жаз шаршысына толып, ен жайлауға ел
көшіп қонғанша қалдырылған талай шаруаға қол енді босайды. Қоңсы қонған ауылдар
бір-біріне барып қонысқүтты айтысады. Қыста аяқтанған балалардың тұсауы енді
кесіліп, көктеуде туған балалардың шілдеханасы енді жасалады. Былтыр жазда
өлгеннің де, күзде елгеннің де, тіпті қыс басында өлгеннің де асы ертең тап осы
сар жұрт сары жайлауда беріледі. Ұзатылған қыздың айттырулы жеріне де, үйенетін
жігіттің қайынына да хабаршы енді жөнеледі. Шешілмей келе жатқан шерменде
даулардың кесегі айтылатын келелі жиындар да енді өтеді. Бәрін де шілде түскенше
бір жақты қылмай болмайды. Одан кейін сонау сона тоңатын қоңыр күзге дейін күн
ысып кетеді де, қонақтың да, қонақ иесінің де шырқы бұзылады. Бұған дейін қозы
әлі піспей келді, ісек әлі іспей келді. Ағарғанның да уызы тарқамай, қымыз бен
шүбаттың уыты жетілмеді. Жылқының иықта жалы, жіліншікте майы тұтаспады.
Палуанның қайраты енді тасып, жүйріктің арыны енді өршиді. Шырыны кетпеген
шепке жайылған малдың шырышы көп жас еті бәске жеуге болбыр, жүрекке тимейді.
            Бәрінің де дер кезі енді келеді.
Оған дейін күн-түн демей әлгі айтқан келелі шаруалардың керегін қамдай берген
дұрыс.
            Жаңа тігілген үйлер, ту сырттарынан
қарағанда, іргелерін белдеуге дейін сәңките түріп, көл кешкелі тұрған қоқи
қаздай қызыл сирақтанып алған.
            Жан-жақтан шалғын исі, көк жуаның
иісі, су бойындағы жалбыз исі аңқиды.
            Үйге сиып отыра алмайсың. Жүгіріп
сыртқа шыққың келеді де тұрады. Сыртқа шықсаң - қалың біткен бидайық пен еркек
желді күнгі көл бетіндей өз-өзінен бұлықсып бұлқынып жатқаны. Қақалып тығыз
өскен майқара жусан, мортық, ажырық, ебелек қырықтыңтан қаймыққан семіз көбенің
жөн арқасындай қараптан-қарап дір-дір етеді. Көз ұшындағы айтақырлар мен көлдеу
тұрандар көктемдегі қар суынан әлге дейін шалқып жатыр. Жел жоқтың өзінде түнба
айдын бойжеткен киіп шыққан көк шәйі көйлектің қатармалы етегіндей білем-білем
әжімденіп апты. Жан-жағынан анталай тап берген көп жылқыдан үріккен қаз, үйрек
көл айнала шүйіп, қайтадан қонар оңаша іздейді. Көктеуде отырғанда-ақ
жал-құйрығы күзелген тойнақы құлын-тайлар бүйірлері жылтыңдап, айдынды
кешіп-кешіп барып, кенет аяқтарының астынан шоршып түскен ақ шабақтан шалғы
тиген майса құрқтай жапырыла жалт беріп, жағаға қарай шалп-шалп безіп береді.
            Тау сілемдері - бидайдай бытырап,
қадала жайылып жатқан отар-отар қой. Шыбынсыз жазда құлақтарын кесіп алсаң да,
білместей болып, кенедей жабысып жатқан бауырсақ құлақ мақұлықтарға «шәйіт»
деуден де қол босап, ерігіп қалған қойшылар бәрі үлкен төбенің басына жиылып,
бір-бірінен қойыртпақ ішіп, жұмыр татыспақ жасап, отыра қалып тоғыз құмалақ
таратып, тұра қалып, қазан доп лақтырып, жата қалып белдесіп мәре-сәре.
            Жайбарақат жайылып жатқан жабағы
жүндері жолда қырқылған сақа қойлар. Ал биылғы қозы қолат-қолаттың тасасындағы
қойшы ауылдардың желкелеріне иірілулі. Күп басы, су аяғы тоғыттардың маңында да
солар. Не төрт аяғы бірдей маталып қырқылып жатыр, не кесер бастарына дейін
суға батырылып, тоғытылып жатыр. Қырқылғандарын әнеу күнгі көш басшы болған қыл
иектер аралап көріп, қол-аяғы серейген ұзындарын, құйрықтары төңкерілген
үлкендерін, сүйек бітімі, ет алымы дұрыстарын, маңдай тұсы дөң келгендерін,
жүні ақ, бозғылттарын, ай мүйізді ор қасқаларын қошқар қылмаққа бөліп ап,
қалған еркек қозыларды мықындарын таянып, алақандарына түкіріп, жаланып тұрған
тартқыштардың алдарына көлденең тосады.
            Екі беттеріне шып-шып қан теуіп,
мұрттары жылтыраған мосқал еркектер бейшара тоқтыларды тырп еткізбей
тақымдарына қысып, жеңдерін шынтақтарынан асыра түріп алған қайыс қара
білектерін жас телдің ұлпа таңына сүңгітіп, әлде бір нәрсені сипалап тауып ап,
умаштап тұрады да, оқыс жұлқып қап, құйрығынан бір қағып тұрғызып жібереді.
Әлгінде ғана қарматпаймын деп қолды-аяққа тұрмай тызақтап баққан пысықай
мақұлық қапелімде не болғанын түсіне алмай, бөксесі көтертпей, сонда да жан
дәрмен қиралаңдап безіп бара жатады. Оған қырықтық басындағы ұйып қалған
белдерін жазып, шақыр-шұқыр қырықтық қайрап тұрған еркектер тістерін ақситып
қарқ-қарқ күледі.
            Жаңа қоныста дәулетінің бас-аяғын
бір шолып шығайын деп шаруа аралап жүрген бар мен байдың соңындағы көп
қошаметші енді көл маңында үйір-үйір үйездеп жатқан жылқыға беттейді. Ол жақта
шіңкілдей кісінеген тайдың үні мен сықылықтай күлген баланың үнінен құлақ
тұнады.
            Тан атты-ақ бала біткен қолдарына
жүген ұстап, жылқыға қарай жүгіреді. Қарына құрық ілген жылқышыларға,
«ағатайлап» жата қалып жабысады. Қазір жұрттың күні түсіп азды-кем дәурендеп
тұрған боқтампаз немелер реті келгенде қолқашы балалардың үйіндегі жеңгелері
мен олардың болашақ енелерін сырттан бір сыбап тастап, бір-бір тай ұстап
береді. Құйрығын теуіп құтырына шапқылап жүрген бір-бір тай. Майса құмаққа
топтоп домалап түсіп, май құйрықты бір сипап қойып, қашып бара жатқан тайдың
соңынан тызақтап жаяу қуып бара жатқан бір-бір бала. Құнан шыққанша, дөнен
шыққанша жүген, ноқта кермей келген шу асауларға тақымы тегеурінді бозбалалар
қонжиыпты. Қайраты тасқан жануарлардың аспандаған арынын тез қайтармаққа қайда
құм, қайда су болса, соған салып, шағылға малтықтырып, шалқарды кешкізіп, әбден
діңкелетіп бағады.
            Жылқыны көре келген үлкендер
тақымға алғаш түсіп, мөңкіп жүрген қыл құйрықтардың құлқын бақылап, қайсысынан
жорға, қайсысынан жортақ, қайсысынан тұлпар, қайсысынан тұғыр шығатынын
топшылайды. Сақалдар тынымсыз шошаңдап, мұрттар мігірсіз ширатылады. Шарт-шүрт
қол алысылып, бәс тігіседі.
            Ауылдардың да маңы абыр-сабыр.
Анадай жердегі тепсеңге тартылған желі жақтан саумал аңқиды. Бастарын ақ
орамалмен тарс таңып алып, қолдарына көнек ұстап, сыңар тізерлеп, бір-бір
биенің желініне жабысып алған мосқал сауыншы еркектердің бежерімді тұтымынан
үрпі ауырып кеткенде басын құрық, аяғын шідер тартып, дымы құрып, өзер тұрған
жануар тісін ақситып, көзін алартады. Ешкемердей емінсек екі аяқтылар соның
өзіне шаңқ-шаңқ ақырып қояды.
            Үйлердің алдындағы жаңа қазылған жер
ошақтың қызыл топырағын күл-күйе көлкештеп үлгере қоймапты. Тай қазандарда
бырқ-бырқ құрт қайнап, орта қазандарда буы бұрқырап ірімшік пісіп жатыр.
Арасына абайсыз түсіп кеткен сұрдің соңы жалқы жілік сарсуға араласып, әдемі
хош иіс шығарады. Соның бәрін місе тұтпай, табақ қаптың түбінен қақпыш бірдеңе
тауып әкеп, күлге көміп, етегіне бір сүртіп алып, жұрт көзін ала беріп, жасырып
қайзалап отырған жерік өйелдің былайғы дүниемен шаруасы жоқ, бар есілдерті
етегіндегі жаңғыз тал боршада.
            Ақ үйлердің ой жақ бетіне,
қашқақтатып тіккен ас үйлердің маңы шыптадан көтеріп самсатып қойған кіл өре.
Өрелердің үсті жайылған қойдай бытырай шашылып жатқан ақ ірімшік, сары ірімшік,
көкше құрт, тұздақ құрт, ежегей, сарсу, балқаймақ. Көлеңкеде күрс-күрс мес
шайқалады. Үй ішінде пыс-пыс саба пісіледі. Ас үй маңынан күңірсіген тоқтық исі
аңқиды.
            Соның бәрінен аулақ самиян биікке
тігілген ақ үйлердің маңы да жабыр-жұбыр дауыс. Шүңкіл-шүңкіл қатындар
сөйлеседі. Сылқ-сылқ қыздар күледі. Күнгей бетке шыпта төселіп, жүн сабалады.
Көлеңке бетке қазық қағылып, өрмек құрылады. Әйелдер үршық, қыздар көрпе
құрайды. Осыдан биылғы жабағы жүн қолмен иіріліп бітіп домалақ-домалақ жіп
болғанша, сосын сол домалақ-домалақ жіп келептеліп боялып шыққанша, боялған жіп
өрмек боп құрылғанша, ол өрмек тоқылып бітіп, алаша кілем боп төселіп, бау,
басқұр, төсекқап, аяқ қап, қоржын боп кереге басына, уық қарына ілінгенше
шуылдаған пақырларға тыным жоқ.
            Жер түбінен борбай созды боп көшіп
келген ауыл ірге басып отырмай жатып, бітіп болмас қыбыр-жыбырға кірісті де
кетті. Әсіресе, балаларда тыным жоқ. Үйдің маңын шаңдатпаңдар дейтін
үлкендерден қашып анадай-анадайдағы көгалдарға барып шілдік атады, қашпа топ
ойнайды. Тақыр мен тастақ ұшырасса, деңгелетіп шеңбер сызып, асық атады.
Бұта-бұтаның түбін тінтіп, ұя тауып, құсқа тұзақ құрады. Түн баласы ақ көш, ақ
сүйек... У да ду.
            Осындай ырду-дырдуға онша еліге
қоймай қамырыңқы жүрген жаңғыз Бопай ханым ғана. Етжеңді әйел биыл таралып,
нұрлы көзінің маңайына әжім жүгірейін депті. Көз тастасында да,
қимыл-қозғалысында да әлде бір салғырттық бар. Ашық іргенің алдына бетіне жүқа
шымылдық жауып көлденең қойылған сүйек бас бесіктің ішіндегі сәби әлденеше
қыңқылдап, ешкім құлақ аса қоймағасын, шірене тебініп жылағанда барып орнынан
тұрды.
            Есіктен алау-далау кіріп келіп, төр
жақтағы қалы қалта толы көп асықтың шетінен етегі толғанша көсіп алып, сыртқа
қарай қайта жүгірген торсық шеке, томаға көз Қожахметке де ләм-мим үндеген жоқ.
            Сыртта қуыршақ ойнап отырған жеті
жасар Зылиха әлдеқайда асығып-үсігіп бара жатқан ағасынан қалмаймын деп,
дедектеп орнынан тұра беріп еді, Қожахмет:
            - Қыз ертпеймін! Өлсең өле қал! -
деп тұмсықты бір сорқ еткізді де, өкшесі жалтырап желкедегі үлкен ауылдың
балалары жиылып ап асық ойнап жатқан ақ тақырға қарай зымғап берді.
            Зылиха біраз жер тепкілеп көріп
еді, онысына қинала қойған ешкім болмаған соң, атып тұрып, о да жүгірді.
Айқайды салып барады. Қайырыла қояр Қожахмет жоқ. Қасындағы Тұяқ біраз жерге
дейін жалтақтап барды да, соңдарынан тұлымшағы желпілдеп томпаңдап келе жатқан
қыз баланы аяп, амалсыз кідірді. Көк шалғынға малтығып, өкпесі өше бастаған
Зылиханың қасына қайтып оралып, аптығын басқызып, қолынан ұстап, жетедей
жөнелді.
            Улап-шулап аламан-асырды салып
жатқан көп балаға барып қосылған Қожахмет артына бұрылып, Тұяққа «болсаңшы
енді» дегендей қол Бұлғалай беріп еді қасындағы байпаңдап басып болмай келе
жатқан борпаяқ қарындасын көріп, «қап, бәлем, сені ме?» дегендей жұдырығын
көрсетті.
            Ашық іргеден бәрін көріп отырған
Бопай тентек Қожахмет жаққа ашу аралас жымиып:
            - Қап, сенің өзіңді ме! - деп
жұдырығын түйіп қойды. Бірақ оны кім көріп жатыр?! Көтермекіл ойнап кеней
айтып, ұтқаны ұтылғанына арқалатып мәре-сәре болып жатқан көп шуылдақ қай
іргеден қай шешенің қарап отырғанын не қылсын! Әне жалба-жұлба алпамса біреу
қонжиып Қожахметтің арқасына мінді де алды. Ханзадамыз Сары Арқадан тері-терсек
артып шаһарына қайтқан Хиуа саудагерінің көк есегіндей тірсегі майысып бұкеңдеп
барады.
            - Қап, бәлем, өзіңе сол керек!
            Жазалы болып қалған ағасын көріп,
Зылиха Тұяқ ұстап келе жатқан қолын жұлып ап, алақанын шапалақтап құдайы берді
де қалды. Оған Тұяқ ілігіп бірдеңе деп жатыр. Ерке қыз есіріп алған. Басын
шайқақтатып, алақанын шапалақтап, секіре басады. Ызақор ағасынан төмпеш керіп
қалмаса жарар еді. Абырой болғанда, қасында, әйтеуір араша түсер Тұяқ бар.
            Тұяқ өзі бір мың болғыр, жүрегі
жүп-жұқа бала. Оңқай асықтай орала кетеді. Әнеу күнгі бұлар осында қонғанның
ертеңіне-ақ кіндік әкеме сәлем беремін деп жаңғыз тайын тепеңдетіп жетіп
келген. Осыдан енді ала жаздай осы ауылда болады. Қиян пұшпақтағы қиғаш
бұлақтың басында жападан жалғыз сенделуіне алты ай қыс та әбден жеткілікті. Жер
аяғы кең жазда дырдуманға араласып көңіл көтерсін!
            Ханның Тұяққа деген ниеті о бастан
белекті. Оның үстіне баяғы Дөурен биік оқиғасынан кейін қаршадай балаға қызыр
көргендей табынады. Бір мүшелге енді шығып тұрған балғын көкірек сәбиді құдай
әуелден артық парық жаратқан. Басы ханның өзі боп бұл тұқым иіліп-бұгілген
сайын ол шалықтап шалыс баспай, татаусыз тал жібектей есіледі де тұрады.
            Осы үйдің бала-шағалары езіне әбден
бауыр басып апты. Қожахмет ол келгенде тіптен құдайы береді. Бүгін таңертең
Айшуаққа тай жуасытқызып баулығалы жылқыға жүргелі жатыр еді, Қожахмет қояр да
қоймай алып қалды. Бесіктегі Әділге дейін ол кіріп келгенде ыржың-ыржың
ербеңдеп қоя береді.
            Әне қасына Тұяқ барғасын Қожахмет
арқаланып қасындағыларға бірдеңе деп өжеңдей жөнелді. Осы баласының өзі
алдындағы екі ағасынан гөрі әупірімдеу ме қалай! Олар судай сіңіп, тастай батып
жүре беретін жерге бұл қапелімде иліге үйренісе қоймайтын сияқты.
            Соны ойлағанда Бопайдың көкірегі
бір шаншып өтеді. Есіне анадағы кектеуден кешердегі жиын түседі. Биыл бұлар
көктеуді Дөдік құмда өткізген. Жабағы жүн қырқылып, тай-құнан күзеліп,
сандарына таңба басылып, қысырақтардың алдына үйір түсіп, қозыны енесінен
айырып, жайлауға көшуге не керектің бөрі істеліп болғасын, ел жақсылары бір
жерге жиылып көші-қон жайын әңгіме ететін. Ертең жайлауға барғанда кімге қайдан
қоныс тиіп, кім кіммен қозы сыбай болатынын ақылдасатын.
            Бұрын үш жүз Қаратауда тоқайласып
тұратын тұста құрылтай атқарған бұл шаруа қазір іргелі ауылдардағы ноқта басы
тойлардың еншісіне тиді. Мұндай жиынның көші-қонды ақылдасумен қоса ауыз
түгендесуге де тигізер септігі мол-тұғын. Оның тұсында кімнің ауызы кімге
қисаятыны, қай бидің қай сұлтанға тізе қосқалы жүргені айтпай-ақ белгілі
болар-ды. Ала қыстай әр қайсысы әр шүқырға тығылып, оңаша түтін түтетіп келген
қазақ ауылдары мен әр қайсысы әр құмақты паналаған қазақ руларының көмейі мен
көкірегінде не өзгөріс бары сондай жиындарда аңғарылатын. Уыз қымызды үрттап
қойып сөйлеген билердің ауыз ләмінен биылғы жер ыңғайын білмегенмен, ел сыңайын
оп-оңай-ақ тани қоятынсың.
            Сондықтанда ма, биылғы ноқта басына
Әбілқайыр ала бөтен шашылды. Былтыр орыс ұлығы тойына шақырғанда Нұралыдан жеті
нарға баса артып беріп жіберген таңсық тағамдарды соғым басы тойдан соң көп
шаштырмай тартыңқы ұстатып еді. Сонда бір ойлағаны бар екен. Құдайға шүкір,
биылғы қыста Бұхар мен Хиуаның Бұларға дегенде қолы ашық болды. Адам ата
бойынан екі тарапқа да әлденеше рет қалашы барып қайтты. Базардың қоюы мен
қаймағын түптей кетерткізгендерін былай қойғанда, жол-жөнекей салынған хан
сыбағаның өзі шаш етектен. Күн шығыстан қызыл шағылға малтығып, түнделетіп
қонтайшының хабаршысы да талай соқты. Ол да құр қол сомпиып жетіп келмей,
қытайдың жерік асы мен бұлды дүниесін, Тәшкеннің өріқ мейізі мен өзге де
базарлығын жүктеген бірер түйе жетелей келетін.
 
            Обалы не керек Мәмбет мырза сөзінде
тұрды ғой. Бұл әулеттің еңсесін Жәдік тұқымынан бір еліге болса да, биіктетіп
берді ғой. Уфаға жетпей жатып, артынан: «Жаздық, жаңылдық... Енді ол тентектік
болмайды. Бізден де елші ерте кетіңіз. Патшаханымға тағы да яғына бас ұрып,
бодан сұраған мына хатымызды ала барыңыз», - деп қос етек боп далақтап шауып
жеткен Сәмеке адамдарынан қасына сыңар кісі жолатпай, тек қағаздарын ғана алып,
бәрін тырқыратып кері қуыпты. Абайсызда Әбілқайырдың иығын тағы оздырып алғанын
кеш аңғарып, ақылы кеш кірген Сәмекенің ақ жолтай елшілері желтоқсанның
суығында иманды ауыздары сылп етпей үсіп-шашырап елдеріне оралды. Бәрінен де
жандарына шоқыншық неменің: «Бұл хаттың хабарын әлбетте Әбілқайыр адамдарынан
естіп білерсіз», - деген сазарыңқы жауабы қатты батты. Онысы аз болғандай,
олардан ай кейін ат сабылтып барған Ұлы жүз елшілерін қол қусырып қабыл алып, Петерборға
ерте кеткені екі жыл бойы іргеден ши жүгіртіп илікпей қойған қиқар ханға
еруліге қарулы деген осы болды деп істелген әдейі астамдық еді. Оны басқа
білмесе де, қас-қабақтың астарына қанық Сәмеке әбден түсінді. Оны басқа сөзбесе
де Әбілқайыр сөзді. Біреуі төрінде теріс қарап жатып қуарды, біреуі төрінде
шалқалай керіліп отырып қуанды. «Иә, шоқ, иә, шоқ!» - деді. «Қап, сауап
болғанын қарашы», - деді.
            Күйеуінің қабағын алты қырдың
астында жатып танитын сүңғыла ханым ақ тамағын сүйкімді бозбалаға алғаш
аймалатқан балғын бойжеткендей лып-лып балқып қоя берді. Терезелерінің теңеліп
қана қоймай, төбелерінің төтен биіктей бастағанын алғаш рет сонда аңғарды. «Иә,
сәт! Иә, аруақ, бергеніңе шүкір!» - деді. «Төуба, тәуба, тап осы бетіңнен
танба!» - деді.
            Тағдырдың жылы шырайын бір байқаса,
«тағы да бере түс» деп талтайып жатып алар Әбілқайыр ма! Тіл алғыш жігіттерінің
терлігін құрғатпай тентіретіп, түн баласы солардың ауызына қарап құлағын тосады
да отырады. Тәшкенде тақ мініп отырған бауырына астыртын адам жіберіп,
жоңғардың сонау арғы қалыңында не болып, не қойып жатқанынан сыр тарқызады.
            Бопай ханым жан-жаққа жіберген
жансыздары айтып келген хабар Әбілқайырдың енді-енді жазылып келе жатқан
қабағын аша түспесе, баса түспегенін байқап жүр. Күйеуінің көп жылдардан бері
бұрынғы қызыл шырайынан айырылып, желдеген шанаштай ала тағанақ ақсұрланып бара
жатқан жүзіне қайтадан қан ойнайтынды шығарды. Сызы мол ала көзі шырадай
маздап, айырықша қунақ жүр. Әсіресе, торғауыт тараптың хабарын қүныға тыңдайды.
Оның да реті бар-тын. Баяғыда Мәмбет мырза қазақ арасына келгенде көресіні ол
осы торғауыттардан көрген. Сәмеке мен Батыр солардың қолымен от көсеп, жел қуық
жұртты бұған қарсы ереуілдетпек боп, қанша жерден қақпан құрғанын ойлағанда әлге
дейін зығырданы қайнап қоя береді. Сәмеке мен Батыр мықты болса, сол
торғауыттармен енді тізе қосысып көрсінші... Міне, Аюке хан өлгелі он жылдай
болып барады. Торғауыт арасына хандарының ңазасы тұсында түскен ала бұлік өрши
түспесе, басыла қояр түрі байқалмайды. Марқұм Аюке баяғыда парсы жорығынан
Еділді бойлап астанасына қайтып бара жатңан Петр ағзамды Қара жар деген
қалашықта кемесінен түсіріп алып, жабағы жығып жал тосып, қолына қымыз ұстатып,
қойнына қыз салып қонақ еткен. Әйелі Сыбан Раптаның қызы, Дармабала соны
айтқанда әлге дейін аузының суы тамып-тамып кетеді дейді. Қалмақ ханы сонда
патша қасына үш ұлын бірдей ертіп барып, ішіндегі үлкені Шерін Дөндікті орныма
мүрагер қой деп өтініпті. Сөйткен еңбегі рәсуа боп, көзі жұмылмай жатып,
астындағы тағы ағайынның таласына түсіпті. Аюкенің немересі Дөндік Омбыны хан
сайлаймыз деп ел шіреніпті. Сол кездегі Еділ бойын билейтін орыс ұлығының ауызы
марқұмның інісі Назардың баласы Доржыға қисайыпты. Шырқ үйіріліп келгенде шөп
бәрібір сол Шерін Дөндікке түсіпті.
            Ол бұған жақсы болды. Басына күн
туып отырған қазақ жұртына оның ішінде Кіші жүзге әңгір таяқ ойнатып, шығыстағы
үлкен ұяласы, жоңғар қонтайшысының сойылын соғып кете ме деп қорқып еді. Құдай
тізгініне қуат бермеген Бұлғақ мойын неме өз басымен өзі қайғы болғаны. «Маған
бұйырмаған көтен боғымен піссін», - деп Дөндік Омбы Еділден арғы ен даланы
еркін жайлап, теріс айналып ол кетсін. «Ұлығының айтқанын тыңдамады, тақты
маған қимады», - деп ер-тоқымын бауырына алып Назардың Доржысы бұл жүрсін. Оған
тентек баласы Лобжы қосылды. Өгей баладан ши шықса, тізгінді өз қолыма алып
алам», - деп байынан қызығы қанбай, қызылы сембей жастай қалған Дармабала
сұқсыр Сарытау маңында әлеңкідей жаланып тағы тұр. Дөнданай күн кешкен торғауыт
ханы айнала қамап алған арландардан ықтап қазақтарға «не көмектерің бар?»
дегендей көзін күнде сатады. Оған қол ұшын бергеніңе орыс патшасының оң
қарамаса, теріс қарамайтынын баяғыда Мәмбет мырзаның тұсында аңғарған. Бірақ,
ол найза желектетіп жауға аттанардай заман ба еді! Ералыжандар Уфадан
Петерборға қарай аттаныпты деген хабар шығысымен-ақ бұл торғауыт жаққа құлағын
түріп қойды. Доржы мен Лобжының мұрынынан бұрынғысынша ақсары бас құрт ыршиды
дейді. Шерін Дөндік сол баяғы алақ-жүлақ қалпы дейді.
            Көптен бері қару үстамай
ақсаусақтанып алған Әбілқайыр алақанына сонда бір түкірді. Оған керегі де Осы
еді. Жайыққа дейінгі ен жазыққа жарбиып қонып алып, қазақтың жылқысының тақымын
жаздырмай отырған Доржы мен Лобжыдан баяғы Мәмбеттің тұсындағы өшті қайтаратын
рет бұдан былай келе ме, жоқ па! Аржағындағы ханымен сиыспай, орыспен ала көз
боп, сүтке тиген күшіктей жиіркенішті жүрген екі немені Жем мен Темір бойынан
дүркірете қуып, Жайықтың маса-сонасы көп мазасыз сағасына апарып бір тықты.
Темір, Қобда арасындағы Самал дөндерге Есет пен Бөкенбай ауылдарын қазық қылып
қағып, Жем бойына Бопайдың тентек төркіндерін тезектей төгіп кетті. Оған Уфа
мен Петербор риза болмаса, ренжіп жатпаған сияқты.
            Жемнен бергі қатқыл мен
Асмантай-Матайдың бытқылына қойы мен түйесінің ауызы енді жетіп, тас кенедей
қадалып ап отырған шақар Адай ауылдарының айтуынша, үш жыл бойы оқтын-оқтын
Күйкен беттен сеңсең бөріктерін селкілдетіп түрікмендерді айдап сап, өздері
омалған баладай тырп етпей отырған торғауыттар биыл тағы қимылдай бастаған
сияқты. Шамасы, арыдағы Дөндік Омбы мен берідегі Доржының арасына ат жүгіре
бастаса керек. Екеуі бірігіп қалтылдақ қайық мінгендей қалт-құлт жүрген Шерін
Дөндікті теңкеріп тастамақ болар. Әбілқайырдың ендігі қиялы ертең Сары Арқаға
барғасын Орта жүз руларының сыңайын байқап ап, ерсе, бірігіп қол жиып барып,
Жайықты қосып, Еділден де ат жалдап бір өтіп көрмек. Сонда Шерін Дөндік Еділін
бермегенімен Жайыққа дейінгі жайбарақат Жайдақты әке-кекелеп өзі-ақ ұсынар еді.
Дөндік Омбы мен Доржыны Еділден түріп қуып тастаса, ар жағында не істейтіндерін
өздері білсін! Бұған десе, сосын әлгі шерменде Шерін Дөндіктерін үйтіп жесін!
Мұндай қауырт қимылды орыс ұлықтарының алдынан өтпей, қалмақ ханының қолқасын
абайламай құлақ асып қойған аңғалдық деп ақталатындай асыға істеп алғандары
жөн. Соның өзімен-ақ ұзын аққан Жайықтың арнасынан су ішіп, адырына мал жаяр
еді.
            Ана жолы Петербордан елшілік
хабарын өкелген Құттымбет пен қасындағы башқұрттарды қанша тінткілеп сұраса да,
патша сарайы бұның торғауытқа баса көктегеніне тап пәлендей апши қоймаған
секілді. Былтыр күзде Ор сағасына барып қайтқан Нұралыға орыс ұлығы бұл
турасында бірдеңе айтып жүре ме деп қыпылықтап еді, ол сау болғыр да ештеңе
демепті. Ол тап биыл жазда да не дей қояр дейсің! Ар жағындағы башқұрттармен ақ
түйе бас боп жатыр деседі. Бер жағындағы торғауытқа топалаң тисе де, қайырыла
қояр мұршаны қайдан табады?!.
            Торғауытқа түсер тор, құрылар
тұзақтың маңына Жәдік тұқымын өлсе де жолатпайды. Орта жүздің Жәнібегі мен
шақшақ Бөкенбай сияқты батырларының ғана ауызын алып көреді. Олар ыңғай беріп
жатса, бәлкім, нем кетеді деп Батыр мен Барақтан сыр тартар. Ереміз десе
ертеді. Одан бұл ұтпаса ұтылмайды. Сол арқылы оларға жалпақ жұрттың алдында
озып тұрған орасан бағын мойындатқызып алады. Баяғы башқұрт шапқыншылығынан
кейін Сәмеке тесектен бас көтермейді деп еді, ыңырсып жүріп, ақыры дүниеден
кетіп тынды. Қазір Орта жүзде хан жоқ. Бас таққа жерік көңілі, кім біліпті, осы
жолы мүддесіне жетер. Орыстың ұлығы бастапқы қарқынымен келгенде, бұл шаруаны
да ендігі бір жақты қып қояр ма еді, қайтер еді... Ар жағынан башқұрт құтырып,
қиыны келген істі қиындатьга тұрғаны ғой. Осындай қысталаң кезде ұтылап
қимылдап, торғауыттың жарты жерін тартып алып, қара қазақтың алдындағы абыройын
тағы бір мықтаса, әлгі дәмесіне де бүгін болмаса, ертең жетіп қалар...
            Осыны ойлаған Әбілқайыр алыс
жақынмен арада ат құрғаттырмады. Сонысы өзір зая кетіп керген жоқ. Баяғыда
Сәмекенің башқұрт шаппақ ниетін біліп қойып, Таймасқа астыртын ат жүгіртіп еді,
бір ұпайын үш ұпай қып қайтарды. Жәдік балалары мен башқұрт арасын жауықтырды.
Патша алдында абырой алды. Сәмекенің өз ордасындағы беделіне нұсқан келді.
Басқаны қойып, Барақ пен Батырдың өздері ол жанжалдан ешқандай араласы жоқ
адамдар боп көрініп теріс айналып кетті. Өш алмаққа келген башқұрттардың
жол-жөнекей шақшақ Бөкенбайдың жазықсыз ауылын жапыра шапқаны нағыз жығылғанға
жұдырық болды. Уфа ұлығы араласып, башқұрттардың шақшақтан тұтқын қып кеткен
үйлерін түп-түгел еліне қайтарғаны Орта жүздегі Әбілқайыр беделін асыра түсті.
Оның үстіне орыстың іргеге келіп Ор бойына қала тігіп жатқаны, Әбілқайыр,
Нұралы, Ералы есімін патшаның атымен бірге атап, зеңбірек атып, аспан
жаңғырықтыра айқайлағандары олардың да құлағына жетпей жатыр дейсің бе?!
            Патшаның бексауытты қолы қолтығында
тұрғанда мұның қас-қабағына қарайламай болмай қалғанын талай жау түсінген
секілді. Басқа басқа, қонтайшының өзі талай рет елшісін емпеңдетіп есігінен
сығалаттырмады ма!..
            Естіп жатыр, оның да тап пәлендей
айдарынан жел есіп тұрмаған сықылды. Сыбан Раптан өлгесін таққа отырған Қалдан
Шерін өз ордасын бөрі тигендей бөрліктіріп алыпты. «Әкемді у беріп
өлтірдіңдер», - деп Аюкенің елшілер мен өгей шешесі Сетержепке қиғыруды
салыпты. Төрт елшіні дарға асып, өгей шешесін үш қызымен қоса астарына қазық
қағып өлтіріпті. Сетержептен туған Шона Доба Еділ бойындағы торғауыттарға
зытыпты. Бір кезде қазақ даласын қанқасап қылған көкжалың қазір Еділ бойының ен
тоғайында қасқырдай сүмең қағып жүрсе керек. Баяғыда Мәмбет мырза осында келетін
тұста жоңғар мен қытайдың елшісі жарысып ақ патшаға барыпты. Екеуі де: «Одақ
бола көр!» деп қол жайыпты. Орыс екеуіне де ыңғай танытпай отырса керек. Былтыр
Петербор барғандар айтып келді, шүршіттер торғауыттағы Шона Добаны Қалдан
Шерінге айдап салып жүрген көрінеді. Ендеше, құба қалмақ пен қара қалмақтың
арасына қара мысық жүгірді дей беріңіз, тап қазір екеуі де бірін-бірі аяқтан
шалмаса, қол ұшын бере алмайды. Оның үстіне қытайдың дүмпуі тіпті күшейіп
кетіпті. Қалдан Шеріннің келмей жатып Ұлы жүз бен Ташкенттің тізгінін Жолбарыс
пен үйсін Төле биге ұстата салып, бұл жақтағы әскерді сыпырып-сиырып еліне
әкетуі тегін емес екен. Шерін Дондобаға отыз мың қол бастатып Халқаға
аттандырған жорығынан нәтиже шықпапты. Жер қайысқан ауыр қол жат жерде жайрап
қапты.
            Азын-аулақ аман қайтқандары ызалы
қонтайшының ай пплтасынан мерт тауыпты. Мұндай жағдайда Қалдан іпсріи
қазақтармен қайтып үстассын! Оған бұлардың жау жағадан алғанда бөрі етектен
дегендей жармаспай тура тұрғандары керек. Сонда кімнің көңілін ауламақ?
Жолбарыс, сірә өз қолында. Сәмеке ақ жамылып ақыретте жатыр. Орта жүзде хан
жоқ. Тақ түл. Оның үстіне орыстың алды Ор бойында. Ендеше солардың одақтасы
Әбілқайырдың көңілін ауламағанда кімнің коцілін аулайды?! Ертең қазақтарға бас
хан осы болып кететін шығар депте дәметпейді дейсіңбе! Жуырда келіп іиггкен
сығырағы Бұның құлағына алдағы жазда тумаластарының тұтқындағы әйелдері, құлдар
мен күндері дүние-малымен түгел қайтып келетінін сыбырлап кетті. Сөз арасында
Ташкендегі Жолбарыстың жағдайын айтып жалпаңдайды. Төле екеуі шаһар маңының
өзбегі мен тәжігіне қамшыларын қаттырақ сілтеп жатқан секілді. Базарға да
барған қазақтардың басқанынан жер ойылатындай дейді. Түйе екеш түйесіне дейін
егін көрсе, тап-тап беріп, шұқшыңдаған дихандарға күн бермей тұрса керек.
Салықтың салмағы да жыл санап артып, хандық, билік те батпандап бара жатқан
тәрізді. Саудагер, диханның, қожа, молданың арасында күңкіл көп көрінеді.
Бірақ, қонтайшы оларға дес бермей қыңқ дегізбей отырған жәйі бар.
            Мұны естігенде Әбілқайыр мен Бопай
бір қозғалақтап қалды. «Әй, соларды өшіктіріп қайтеді? Базарға сәскеде келіп,
бесінде қайтатын айдаланың айдамал қазағының көңілін аулағанша, күні-түні қол
астындағы қастық ойласа қанжары, достық ойласа құшағы жақын жұрттың көңілін
ауламай ма? Жас кезіндегі ауызынан қолы бұрын қимылдайтын асығыс мінезі әлі
қалмай жүргені-ау. Үш жүздің тентегі мен телісіне тиырым тапқан үйсін Төле
төренің еркелігіне тосқауыл бола алмағаны ғой!».
            Ымыртта келіп сәріде аттанатын
қонтайшы хабаршысынан бауырына бәсіктік жайын мықтап айтып бағады. Арсы-күрсі
неме құлағына ілсе жарар еді...
            Ілмес дейсің бе! Қанша тентек
дегенмен, Бұл дегенде қайырылады. Қаңтарылады. Ол Тәшкенде отырмаса, тап
іргесіндегі Ордабасына барып жиын құра алар ма? Тұсынан асып, ту Аңырақайға
жетіп, ойран сала алар ма?! Қонтайшының басқа бір қарғылы төбеті отырса, Мәмбет
мырза Орта жүз сұлтандарын иліктіре алмай, қанжығасы қоңылтақсып қайтқанда
уайымдап жата алмай, Құттымбетті жұмсап қолқа салғанда Ұлы жүздің төрт құбыла төрт
биінің қолдарын қойдыртып, мөрлерін басқызып, хат алып, Аралбай мен Оразкелдіні
жер түбіндегі Уфаға шапқылатар ма? Қанша дегенмен, кешегі қиын күндерде, қос
өкпеден бірдей қысқан Жәдік тұқымы мен Торғауыт зобалаңының уытын қайтарған,
бүгін кеп еңсесі биіктегенде, айбынын айдындай түскен Тәшкендегі бауыр
Жолбарыстың, Хиуадағы құда Жолбарыстың, арал хандығындағы күйеу Мұсаның, інісі
Барақтың жетегіне көп желіге қоймаған наймандағы құда Күшіктің қарындастығы
болды ғой.
            Кіндік байланыс кейде қанат, кейде
кісен деген осы да! Батырдан басқасы кісендік жасамады. Батыр да енді көріп
алсын! Баяғы Дәурен биік басындағы бетіне түскен шіркей шамалыда кете қояр
дейсің бе! Оған да жұрт бұдан былай абайлап-абайлап ерер...
            Осының бәрі патшаның қабағы жылып,
елшілігін хан көтеріп қарсы алғандығының арқасы. Петербор барып қайтқандарды
қайда ас, қайда жиын, қайда айт болса, сонда жұмсап, орыстың астанасында не
көріп, не қойғандарын жырлатып қойды. Орыс бергеннің үстіне өзі де қосып,
жемсауларын да біраз майлады. Қыста сонау Жаңадария, Қуаңдария, Адам ата
бойларын қыстаған жалпақ елден талай естиді; жұрт арасында иіні жылтыраған
біреу керінсе: «Немене, Петербор барып келіп пе ең?» дейтін мәтел тарапты.
            Құдайға шүкір, түтіні тік ұшып, иті
оңға жүгіре бастаған сияқты. Енді тек мына жаз жақсылығымен шығып, орыс ұлығы
сөзінде тұрып, жаңа шаһарына шақырып, жарқыратып той жасаса, Әбілқайырдың
қуғаны жетіп, ңашқаны құтылды, айтқаны келіп, атқаны тиді дей беріңіз.
            Құдайға шүкір, қазір өзі құлақдар
жерде, ақ патшаны білмейді, қалған билеушілердің тап бұлай талабы жанып
тұрғандары шамалы. Ине жұтқан тазыдай Ханбалық пен Петербордің арасында кезек
қыңсылап қонтайшының жүрісі анау. Екі бұйірден күнде түртіп, екі тақымнан күнде
шымшып кетіп отырған көп күндестен қорлық көріп торғауыт ханының отырысы мынау!
            Ағалары келіп, алдары босағанмен,
тақтан күдерлерін тірідей үзіп шашалып ішіп, қақалып жұтып Жәдік тұқымының
отырысы анау...
            «Тәубә, тәубә!».
            Жатса да, тұрса да, Әбілқайырдың
ішінен, Бопайдың сыртына шығарып сан қайталап айта беретіндері осы.
            Мұндайда ел ауызына құлақ, ел
қабағына көз тұрмей болмайды. Әбілқайырдың биылғы ноқта басы тойға әлдеқашан
өлген әкесіне енді ас беріп отырғандай құрыш қалдырмай құйып, пұшпақ қалдырмай
төгіп ағыл-тегіл ақтарылғандығы да осыдан.
            Биылғы ноқта басы тойға дарияның
арғы бетіне еткен елдің ат сабылтпағаны жоқ. Кермедегі көліктерінің таңбасын
түгендетіп еді, исі Жанарыстың келмегені жоқ деуге болады. Жеті ру түгел... Бай
ұлы түгел... Әлімнен Шектінің бірер атасының ғана таңбасы көзге түспейді.
Шөмекейдід де бірер биі өтірік-шынды сылтауы мен «тойы қүтты болсынын» аралас
айтыпты. Бекарыстан қыпшақтың әліп, керейдің ашамай, арғынның көз, найманның
шөміш таңбалары да ұшырасады. Бірақ олар қадау-қадау. Арғы қалыңнан емес, бергі
шет-шепір көңілдес, қоңсылас ауылдардан.
            Көрмедегі аттардың санындағы
айқыш-ұйқыш таңбалар Әбілқайырдың басындағы айқыш-ұйқыш хәлді де танытқандай.
Бір кезде теріс аунап бұлтарып кеткен ауылдар қайта үйіріліп келе бастаған.
Бірақ тегіс оралып болмаған. Әсіресе, күні кешеге дейін жорықтас, жиындас
жүрген Бекарыс таңбаларының сұйықтығы жанға батады-ақ. Ол ну жынысты қара орман
қып қайта үйірілту үшін әлі де көп қам, көп қаракет керек. Олар жоқ жерде
қазақтың қай жиынының сәні, қай жорығының сәті түсіп еді. Олар араласпаған іс
жартыкеш, олар қатыспаған мәжіліс бос дәлдүріш әңгіме. Қазақтың іргесін
мықтағысы келген кісі әуелі осы қалыңның ыңғайын табу керек. Жәдік тұқымының ақылы
жетпей тұрып айдынды, қайраты жетпей тұрып айбынды көрініп, ортадан ойып орын
ала беретіндігі де сондықтан, Бекарыс балаларының көптігінен. Оның үстіне қазақ
деген қауым боп қайта біріккенде, алғашқы шаңырақты солар әкеп тіккен, алғашқы
қазанды солар әкеп көтерген. Еділ асып қайтып табысқан Жанарыс пен Алатау
жамбастаған Ақарысты бірін аға, бірін іні қып, тізерлесе қалғанда бәрібір
төрден өзі шыға келетіндігі де сондықтан. Ол қалыңды соңына түгел ерткен Өз
Тәукеден басқа адам сірә жоқ. Енді бұл ең болмаса, сол ұзын етек, шұбал жең,
мол шапанның бір шалғайын қымтанып бармаса, ертең орыс ұлығының алдында
жүдеубас көрінері сөзсіз. Сары Арқаның биылғы салқынында осыған күш салмай
болмайды. Ондай қалыңды маңына топтау үшін тіптен үлкен дәреже, тіптен үлкен бақ
керек.
            Кім біліпті, ақ патшаның мына оң
ыңғайы сондай дәреженің шеті, сондай бақтың алды шығар.
            Ендеше, жаңа қаладағы биылғы
жиынның қамын қазірден бастап ойластырғаны жөн.
            Биылғы ноқта тойының арғы астары да
осындайдан өрбиді.
            Той үстінде Әбілқайыр әдепкі
байсалды қалпын жоғалтпай, әркімнің әрбір сөзін қалт жібермей тыңдап, әрбір
қимылын қалт жібермей аңғарып, мақұлдар жерін қаза жібермей мақұлдап, даулы
жеріне шүйліге кетпей, аса кең, аса ілтифатты отырды. Қашан да күйеуінің
оңқай-солақайын тапжылтпай танитын Бопай меймандарының қай-қайсысы да ризалар
ықлас, құлық таба білді. Ол күнгі жиылғандарды бұлар сынаса, олардың бұларды да
сынай келері сірә белгілі. Басы сәл озған адам бір мойын омыртқасын кеміпін, бір
енін ішінде үстамаса, қаумалаған қарындасты қарап тұрып жерінтіп алары оп-оңай.
Тым елпеңдеп кетсе, бірдеңесін алдап алғалы тұрғандай тіксінтіп алатыны тағы
бар. Ортадан шығар - су төкпес жорға мінез кез келген уақытта табыла бермейді.
Тізгін иесі еркектікі бір жен. Кейде әйел мен баланың шәлударлығы алтын басты
азаматтың асқар таудай абыройын төгіп жатқанын қайтерсің! Бақ қонған кісінің
өзі болғаннан гөрі серігі болу көп қиын.
            Соның бәрін баяғыдан бері түптеп
біліп болған Бопай ханым ол күнгі дастарханның басында мама қаздай байпаңдап-ақ
бақты.
            Меймандардың бұлардың қонақасына
әрі ырза боп, әрі таңырқап отырғаны ә дегеннен белгілі болды. Ырза болатын да,
таңырқайтын да жөні бар. Дастархан үстіндегі дәмнің дала қазақтары үшін кебі
таңсық, көбі жат. Оның үстіне қайсысының қайдан келгенін естігенде көздері
тіптен атыздай болады. Жұрт арасындағы: «Әбілқайырдың иығы аса бастады» -
хабардың растығына иланып ұйып отыр. Әйтпесе мынау шар тараптың таңсық тағамы
мына дастарханның басында тап осылай ию-қию тоқайласар ма еді? Бұның бәрін
үндемесе хан құм арасында керуен тонап жимаған болар. Шартараптың бұған құлай
бастаған бөлекше ықлас, бөлекше ілтифатының белгісі шығар.
            Бұл жиында Бөкенбай, Есет, Телебай,
Алтай, Керелбай, Серке, Арал, Әжібай сынды шүйделілер жоқ. Олар мұндай
опыр-топырмен бірге қайдан жүрсін! Ішек қырындысын ашысар сұбхатқа оңаша
келеді. Көппен бірге отырып көсіле ақылдасатын бұл не құрылтай, не тұрымтай
емес. Мұндайға маңайындағы ру басыларын жіберіп, өздері өзір әліптің артын баға
тұрмақшы.
            Ноқта басында сөз алып мәслихат
қыздыратындай бұл үйге батымды адам табылмай, дастархан үстіндегі әңгіменің
көбі таңсық тағамдар төңірегінде өрбіді. Бірақ, Әбілқайырға керегі сол еді.
«Таңсық тағам айтылса, таңсық базардың да айтылмай қалмайтынын іші сезіп отыр.
Ал, таңсық базар тап бүгінгі мәжілісте айтылсам екен деп, көптен бері көмекейін
қышытып келе жатқан құзырлы әңгіме еді. «Иө, шоқ», - деп іштей қопаңдаған
Әбілқайыр лақ ете қалмай, сабыр сақтай тұрғанды дұрыс көрді.
            Бопай да ақ-қарасы аймаласа
жайнаған әдемі көзін ибамен жүгіртіп, алаулап қан тебінген жұмыр мойынын
кербездене қиғаш бұрып: «Ауыздары қыза түссін. Тыңдап алайық, хан ием», - деген
емеурін танытады.
            Хан: «Жә, оған бола қысылма!
Үндегелі отырған өзім де жоқ», - дегендей жұрттың кеу-кеуіне құлықтана құлақ
тосып, Бүлк-бүлк күліп қояды.
            Дегенмен, мінез шіркін қандай кер
зынданға тықсаң да, қарғып шықпай тұра алмайтын жаннан безді қиқар кісідей ғой.
Ноқта тойы хабарының исі шығысымен ентелеп ертелетіп жеткендердің бірі Сырлыбай
еді, нарттай жүзі албырай қызарып алдымен сөйлеген де сол болды.
            -Осының көбі - орыстың тағамы.
Жарықтық өзі қатындарының ұстаған асы тәтті болатын ырысты халық білем, - деп
күлгені.
            - Ендеше, Итжемес құрлы шамаң бар,
Ел ішінен бір орыстан түскен күң тап та, некесін қиғыз. Қайбір қалың малым
шығын болады деп қорқасың.
            Сырлыбай абайсызда ұлпа тақымнан
шаққан сары шаяндай тілі ащы немеге ажырая қарай беріп еді, Айбастың ұлы
Арыстанбай екен.
            - Тіліңе шоқ түскір сен екенсің
ғой! - деп алдындағы үйме бауырсаққа күректей алақанын көсей ұмтылды.
            Үй ішіндегілер ду күліп жіберді.
            - Расында да обыр Итжемес осы күні
берген қымызыңды ішінде қылшық жоқ па екен деп үрлеп ішетін болыпты деседі ғой.
            - Қатынының ширақ екені рас.
            - Апырай, шынында да, Арыстанбайдың
ақылының жаңғыз Сырекем үшін емес, бөріміз үшін де жаны бар екен-ау.
            - Ендеше қатын мұдарларың бітетін
болды. Орыс іргеңе көшіп келді ғой.
            Бұны айтқан жашіас Баймұрат. Шеке
тамыры әдеттегісіндей білемденіп тұр. Жирен мұрты да тікірейіп апты. Тек
шүңірек көздің түбінде ғана өзөзіл ұшқын жылтырайды. Әлгі айтқанының өзіл
екенін, кекесін екенін ажыратып болар емес.
            Не де болса, уытын қайтарайын
дегендей төр жақта кекірейіп отырған сыз қабақ Бәйімбет сыңар езуін Бүлк
еткізіп:
            - Ендеше сен жаритын болдың.
Орыстан тақым сыбағаны алдымен алатын сен едің ғой, - деді.
            Жұрт оқыс мырс ете қалып, ошарыла
тоқтады. Көк желкесіне дейін күреңітіп кеткен Баймұраттың әлгі сөз жанды жеріне
шық ете қалғанын бірден сезіп, бірдей сезіп тоқтасты. Баяғыда Мәмбет мырза
келгендегі қылығын бетіне басқан мына қалжыңды дәукес батырдың басынан асыра
қоюы екіталай. Сый төрде тағы бір сойқан шығып кете ме деп қипақтасты.
Әбілқайыр мен Бопайдың іштері де бір-бір бүлк ете түскен. Дегенмен, Баймұрат
Бұл жолы шыдағысы келген құлық танытып бірден шаңқ етпеді. «Елдігің қайда,
мынаған табалатып қоясыңдар ма түге! Неге тойтармайсыңдар?» - дегендей
отырғандарға алақтай көз тастады.
            Соны сөзген Бопай ханым:
            - Жә, жақсы жігіттің тақымы қашан
да салымды емес пе?! Сендер өйтіп менің інімнің несібесіне іштарлық етпеңдер, -
деді жұмсақ үнмен наздана жымиып.
            Бөйімбет те орайы келгенде ушықты
қалжыңның кәрінен жасқанып:
            - Апырай, қарына тартпағанның қары
сынсын деген осы екен-ау. Бопай Баймұратқа бізден гөрі бір табан жақын екенін
сөздіріп тастады-ау. Бәсе, со жолы ол неге бәрімізден ала бөтен қитықтанды
десеқ хан балдыздық базынамды көтерер ме екен деп жасап жүрген қыры екен
ғой, - деп жеңілген боп
кеңк-кеңк күлді.
            - Солайы солай. Апамыздың бауыры
жұқа болғанда, жездеміздің сауыры неге қалың болмайды?! Ойынымды кетере алмас
десін бе, Баймұрат та жөнін біліп еркелеп жүрген шығар, - деді байұлы
ауылдарының адамдары жамыраса сөзге араласып.
            Күреңітіп отырған Баймұрат      шаруасы түгенделгендей ұйып қалған
аяғының белтірлігін ағытқан боп шалқалақтап бір күліп қойды.
            Енді жұрт өзілге шаптырмай байсалды
әңгімеге көшті.
            - Хан ием, сонда мынау жаңа
шаһарларында оскерден басқа не болады екен?
            Манадан бері сараң сөйлеп, сұйық
күліп, қалыс отырған Әбілқайыр жұрттың жабыр-жұбырын басқысы келгендей
күлімсіреп сәл үнсіз отырып барып тамағын кенеді.
            Қамшы тастасып, емпеңдескен дәукес
билердің әдетіне басып, ет тураған табақшыдай сарысы мен қарасы аралас түссін
деп сөз сылап, сумаңдап кетпей, әңгіменің байыбын ғана қамтып, қара жоңқалай
сөйлейді.
            - Неге тек қана әскер болсын? Жұрт
аңтарыла тоқтады.
            - Ол қаланы әскер ұстау үшін салып
жатқан жоқ. Әскерді қаланы ұстап тұру үшін алып келді.
            «Мынау қай жаңылтпашы?» - дегендей
жұрт бір-біріне қарасты.
            - Жаңа шаһар, ең алдымен қырдың
елімен сауда-саттық жасайтын базар ашу үшін орнап жатыр.
            Сөзін тағы үзіп, маңайындағыларға
көз қиығын салып еді, «құлағымыз сенде» дегендей телміре қалысыпты.
            - Ол базарға тек орыстың саудагөрі емес,
орыстан да арғы көп жұрттардың саудагерлері келетін көрінеді. Кейбіреулері осы
күннің өзінде сонда жүр дейді ғой.
            - Сонда олар туды-бітті көрмеген
мына бізге не зәру, не қымбат екенін қайдан біледі?
            - Оны білмесе, саудагер бола ма? -
деп көп ішінен біреу асыға тіл қатты.
            Хан: «Иә, рас», - дегендей басын
изеп:
            -Біздің керегімізді тасып әкеп
жүрген Үндінің, Қытайдың, мына тұрған Тәшкен, Бұхар, Хиуаның саудагерлері де
енді сонда жосылатын болады.
            - Қап, мынасы сауап болған екен.
Ала шапандылардың өзімізді бір, түйемізді екі мазақ қылатынынан қүтылдық
десейші...
            Мұндай қыстырма қалжыңға хан
ашпыған жоқ. Үнсіз езу тартты.
            - Мұнысы жақсы екен. Олар мына
біздің көршілеріміздей емес үлкен ел. Бірде бату, бірде тату боп қырық құбылып
отырмайды ғой.
            - Қол астына алғасын, мұқтажың мен
мүддеңе өзі қам жемес пе?
            - Сонда әлгі әскері не бітіреді?
            - Базар күзетеді дейсің бе?
            Хан Бұл жолы қабағын шытынды.
            - Ол бізге жүмсалатын әскер емес.
Бізге қарсыларға жұмсалатын әскер.
            - Сонда бұдан былай торғауыт пен
жоңғар қоқаңдағандарын қоятын болғандары ма?
            - Қойдырамыз дейді ғой.
            - Жұрт сенер-сенбесін білмегендей
бір-біріне қарасты.
            - Шынында да, Мәмбет мырза келіп
кеткелі не торғауыт, не жоңғар тышқақ лағыңа тиді ме?
            - Рас-ау! Өзіміз тиіспесеқ олар
тиіскен жоқ.
            - Өзің тиіскенде қуа келіп, қиқу
салмағаны іргеңе тақап тұрған іріден сескенгені.
            Жұрт бұған ойланайын деді.
            - Сонда орыстың мұндай кеңдік
жасайтынындай не көздегені бар?
            Әбілқайыр бұл жолы жұрттың бетіне
жағалай бір-бір үңіліп шықты. Ар жағында қитұрқысы жоқ аңғал сұрақ, бірақ адал
сұрақ.
            Ешқайсысының жүзінен әжуа, көзінен
кекесін көрмеді.
            - Отыңа, суыңа тимейді. Малыңның
шетінен керегінше ақшасын беріп сатып алады. Хиуа мен Бұхараға қиятын
жүн-жұрқаң мен тері-терсегіңді орысқа да қиятын шығарсың?
            - Әлбетте.
            - Ендеше, қотаныңа салар салмағы
өзір сол ғана. Одан басқа орыс қызығатындай нәрсе өзіңде де жоқ қой.
            Жұрт үнсіз.
            - Қош, - деді біреуі әңгіме бұнымен
тынып қалмасын дегендей.
            - Жеріңнен қорғасын, темір табылып
жатса, оны тасып ап, оқ, мылтық, ыдыс-сайман қып өзіңе қайтарады.
            - Е, бұнысы дұрыс. Өз қолыңнан
келмейтіңді өзге істеп берсе, несі жаман!
            - Содан басқа салар салмағы жоқ па?
            - Неге болмасын, бар! Жұрт ошарылып
қалды.
            - Бұдан былай орыстың шек-шебіне
тиіспейміз. Оларла тиіспейді.
            - Жарайды.
            - Бұдан былай орыстың боданындағы
елдерге тиіспейміз. Олар да тиіспейді.
            - Мақұл.
            - Жеріміз арқылы өтетін
керуендеріне тиіспейміз. Қайта баратын жеріне жол бастап апарып тастаймыз. Ол
үшін тиесілі ақысын аламыз.
            Тап бұл қисынға ешқайсысы түсіне
қоймады. Жаттан қарымта қайырады, есесін алады деген миға сіңсе сіңер, ал
қызмет етіп, ақы алады деген сіңе қоймас. Бірақ әлгіден бері үйреніп қалған
ауыздың бірі:
            - Жарайды, - дей салды.
            - Қолымыздағы орыстың тұтқындарын,
жетім-жесірлерін еліне қайтарамыз.
            Бір қатары желкелерін қасиын деді.
Тегін малшы мен тегін отыншыны қимай отырғандары.
            - Қолдарындағы біздің тұтқындарды
олар да қайтарады.
            - Е, онысы дұрыс екен. Жұрт гу ете
түсті.
            - Шарты осымен бітті ме?
            - Жоқ.
            Хан иығындағы сусып бара жатқан
желең шапанын бір тартъш қойды.
            - Екі халықтың арасындағы бұл
пәтуаның кепілі ретінде өр тайпадан бір-бір аманат сұрайды.
            Жұрт сілтідей тыпа қалды.
            - Сұрағанда да, өздеріңдей ел
жақсыларының баласын сұрайды.
            Жұрт көзі шарасынан шығып барады.
Жұртпен бірге Бопай да аңырайып қалыпты. Бұл - оның да естімеген әңгімесі еді.
            - Сонда қалай, бауырымыздағы
баламызды қалай қиып ұстата саламыз?
            - Ел мен ел арасы түгілі, ру мен ру
арасындағы дауды тыю үшін де талай перзент бітуажа богх кетпеуші ме еді...
            Жұрт бәрібір селк етпеді.
            - Сонда ол баламыз өмір бақи
солардың қолында кете ме?
            - Неге, аманат мерзімі біткесін
елге оралады. Орнына басқа бала аманатқа барады.
            - Бұндай шарты қаншаға дейін
созылады.
            - Қашан бір-бірімізге сенісіп
кеткенше.
            - Е, е, е...
            Көбі: «Гәпке енді түсіндік», -
дегендей бастарын изеп қойды.
            - Сонда ол балаларымыз орыс боп
кетпес пе екен?
            - Жоқ, тәйірі. Қазақ салтымен
ұсталып, қазақ салтымен күтіледі. Мәселен, біздің Ералыжанның мұсылманша оқуын
үздірген жоқ. Қазір жаңа шаһарда Бұхара ахуны Мансұр Абдрахман ұғлының алдын
көріп
дәріс алып жатыр.
            - Ханзаданың жөні бөлек қой. Ол
аманат емес, елші ғой.
            - Жоқ, - деді Әбілқайыр жұлып
алғандай. - Ералы Петерборда елші еді, енді мынау жаңа шаһарда аманат.
            Жұрт басын түгел көтеріп алды.
Бопай селк ете түсті.
            - Аманат деген тұтқын емес. Елші де бір, о
да бір. Орыс мемлекетінің сыйлы мейманы. Күтімі, амандығы, тәрбиесі ақ патшаның
мойнында. Аманаттың амандығына бастарымен жауап беру - олардың қатты ұстанар
қағидасы.
            Үй ішіндегілер ханның мынау ширығыңқы
дауысынан сескенгендей жасқана сауал қойды.
            - Сонда Ералыжан елге қашан
оралады?
            Бұл арада Бопай құлағын тұре түсті.
Мына сырды ханымның да білмейтініне жұрт іштерінен аң-таң болды.
            - Қашан орнына жаңа аманат барғанда...
            - Ол қашан белгілі болады?
            - Алдымыздағы жиында.
            Жұрт одан арғы сауал тергеу
сияқтанып кетерін сезіп, аяқтарын тарта қойысты.
            - Е, солай де! - деп тағы да
шыдамсыз Сырлыбай сөз бастап келе жатыр еді, тағы да Арыстанбай жолын
кескестеді.
            - Біздің езіміз сенен артық
болмағанда, баламыз балаңнан артық болар деймісің, хан ием. Көрерміз. Берерміз.
            Басқа ешкім ештеңе деген жоқ.
Меймандар бата жасасып сыртқа шыға бастады. Жұрт кермедегі аттарына аяңдады.
Хан олармен үй сыртында қол алысып қоштасып жатып, Арыстанбайға:
            - Сен тағы бір айналып соқсаң
қайтеді? - деді.
            - Жарайды, хан ием.
            Бопай үн-түнсіз бытырай шашылып
бара жатқан жұртқа қарап құр сүлдері сұлқ тұрып қалған.
            Қашан қонақтар қара үзіп кеткен соң
барып, қасына келіп:
            - Үйге кірмейміз бе? Не ғып тұрсың?
- деген Әбілқайырға аң-таң әпірейе қарады.
            Содан Бопай сең соққан балықтай
есеңгіреді де жүрді. Шаруаға қарасуға да құлқы болмады. Көштің қамын
төлеңгіттер мен қызметшілер өздері толғап, өздері шешті. Нияз сұлтан баскөздік
етті.
 
            Ханым соқпа тиген адамдай селсоқ.
Бірақ жатып қалмады. Таңертең ербиіп орнынан тұрады, күн бойы қалқиып тұрып жүреді,
кешке қарай ештеңе істемесе де, қалжырап тесегіне қисаяды. Өз халіне өзі де
түсінбейді. Бұл не уайым ба, қасірет пе, өкініш пе, өкпе ме, ыза ма... Ол
арасын кім білген. Әйтеуір, қуаныш емес. Әнеу күнге дейінгі сүйек-сүйегінің
бәрі қауырсыннан бетер жеңілейіп, өз-өзінен қалықтап ұшып кетердей боп,
елпілдеп жүретін қунақ, сергек күйіне үқсамайды.
            Бопайдың мынау шерменде кейпін
Әбілқайыр да көріп, біліп жүрсе керек. «Бірақ, осы сенікі не күйзеліс?» - деп
іш ашысып сыр сұрау дағдысында жоқ. Өзі де іш ашпайды. Ішіндегісін біліп
қойсаң: «Қайдан білдің?» деп тағы сұрамайды.
            Содан болар, ертең көшеміз деп түйе
тіздеп отырған күні бесін ауа сау етіп түсе қалған үш мейманды ол мейманханаға
бастамай, Бопайдың отауына бастады. Онысы - әйеліне «бүгінгі мәжілісте сен де
боласың» дегені.
            Әдепкі сыпайылықты бұзбай жылы
жарқын отырғанмен, іштей түйықталып алған Бопай көпке дейін мынау бейсаубат
меймандардың тұр-түсіне де, жүріс-жөндеріне де назар аудармапты. Берілер
қонақасы беріліп, көрсетілер құрмет көрсетіліп жатыр. Жолаушылар да алдарындағы
дастарқан жиылып, үй-ішінің саябырсығанын тосқандай, жол-жөнекей жүріп өткен
жерлерінің биылғы от алысын ғана сөз қылып, одан арғыға баспай, жайбарақат
отыр.
            Қолға су қүйылып, тоқ басытқы қымыз
ішілгесін де меймандар әңгіменің тетесіне көшпей, кібіртіктей берді.
            Хан олардың лебізін тосып, езі сөз
бастамады. Үнсіздік созылыңқырап бара жатқанын байқап:
            - Ал, меймандар жүріс жөнін айта
отыралық, - деді.
            Бопай сонда барып бойын жиып алды.
Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын сезіп, «шыға тұрайын ба» дегендей күйеуі
жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе» дегендей үнсіз тұқыртуды ұқты.
            Ханым манадан бері ас-су беріп
отырған үш мейманының жүзіне енді дұрыстап қарады. Үшеуі де бейтаныс. Екі
жағындағы үздік-создық сөйлеп отырған мосқал еркек пен түбіт иек боз бала жігіт
қазақ. Киім киісі, сөз саптасы арғын ішінен екендіктерін сөздіргендей. Ал,
ортасындағы қайта-қайта «аллалап», көмірдей қара сақалын байыппен сипап отырған
шоқты көз қыр мұрын жігіт «өйтеуір, мұсылманмын, бірақ қазақ емеспін» деп
тұрғандай. Қиғаш қасы, тайпиып кетпей, тік құлағын кең маңдайы, аққүба жүзі,
сопақша беті мен сүйір иегі, шалғысы қайқимай қаймыжық жұқа еріндерін көмкере құлаған
құндыз мұрты, үркек аттың құлағындай сәл нәрседен ойнақшып тұрған қусырылыңқы
жүқа танауы бұл тарапқа беймәлімдеу алыс өлкелердің бірінен келе жатқанын
аңғартқандай. Бұл табалдырықтан аттағалы бата тұсындағы «аллауакпарынан» басқа
сес шығарған емес.
            Соны кірмей жатып сөзген Әбілқайыр
сыр мінез емес жылқының сыртында тұрғандай ширығып сақ отыр.
            Сөйлеп отырған биқасап шапанның
үстінен ақ шәйі сәлдені бұқаршылап қырық қиғаштап жатпай, қыр салтыпен,
шыршықтап орай салған қоңқақ мұрын бітіккөз күйек сақал еркек.
            Меймандарының жүзіне үңіліп отырған
Бопай көп сөзді қаза жіберіпті. Ендігі әңгіменің біріне түсінсе, біріне түсіне
алмай, құм кешкен жорғадай біраз малтығып барып, гәпке кейіндеп қаныға бастады.
Ортадағы тосын қонақты адыстан келе жатыр деп отырған тұспалы дұрыс боп шықты.
«Стамбул», «ер түрік», «паша», «ғазауат» деген сөздеріне қарағанда сонау жер
түбіндегі түрік елінен келе жатқан пірәдар секілді. «Қырым», «Қап тауы»,
«ноғай», «шеркеш», «қабарда», «Сұлақ бойы» дегендеріне қарағанда біраз жерді
шарлап шыңқан түрі бар. «Түрікмен», «Хиуа», «Бұхар», «Ғазна» деп іргелеткенінен
бұл маңайға келгеніне де біраз болғанын аңғарды. «Исі мұсылман», «көпір»,
«ғазауат» дегеніне қарағанда тегін жүрген жоқ. «Қазақ жұртынан да жиырма мыңдай
кісі дәметеді». Мынау әскер сұрап отыр ғой
            - Ар жақтан Еділ бойы, Орал тауы
мұсылмандары, бұл жақтан Тұранды жайлаған көп ел, Қап тауы мен Қырымдағы
пайғамбар үмбеті, күнгейдегі тұркі мен қызылбас тізе қосысса, Ресейге бұл
жақтан аяғын тартуға тура келеді. Түрік патшасы бұл жайында бізден оылайғы
Қытай, үндімен де, өзінен арғы ағылшьда,
олиманмен де іш байласыпты.
Ендігі бар гәп - осы жақтың мұсылмандарында. Пайғамбарымның жасыл туының
астында жиналып: «Дін үшін, тіл үшін, жер үшін
қан төгеміз, өліспей
беріспейміз!» - деп шықса, қол үшін берер ағайын табылады деп отыр. Башқұрттың
қимылына да Бұлардың араласы бар білем. Енді солай
қарай асам дейді.
            Хан құптаған да, сақтанған да нышан
танытпай салғырт сөйледі.
            - Анада осы Орта жүзге Қылмақ Абыз адам
жіберіп, көмек сұрапты деген қаңқу шығып еді. Ол не хабар?
            - Ондай әңгіме рас. Ертең жайлауға
шыққанда ат құрғатпай іргемізді башқұрт тоздырар түрі бар.
            - Олар ездері бірдеңе бітіре алып
жатыр ма екен?
            - Не де болса, бері беттеген қалың
әскерді кідіртті. Башқұрттың жылқысына, ағаш үйіне, арқан-жібіне, жылы тоны мен
ас-жеміне арқа сүйеп келген іштің әскері тау-тауда, сай-сайда аштан, аяздан,
айбалта, найзадан
қырылып жатса керек.
           
- Сонда орыстар оларға еш қайран қыла алмағаны ма?
            - Олар аянып жатыр дейсің бе?
Башқұрттың талай қыстағының күлін көкке ұшырыпты. Қатын-балаларын тірідей
үйітіпті. Соны істеп жүргендердің арасында баяғы Мәмбет мырза да бар дейді.
            Үй-іші жар басына кеп тірелгендей
аңтарыла тоқтады. Сәлделі қазақ:
            - Оңай болса, Ордың бойына жер
қайысқан әскермен келген бас ұлық былтыр күзде кеткеннен башқұрт арасынан
қайтып орала алмай жатар ма еді!
            - Ор бойындағылардан не
естігендерің бар?
            - Олардың да жағдайларының жарқырап
тұрғаны шамалы білем. Жаңа шаһардан Уфаға жеткенше жайрап жатқан орыстың өлігі
деседі ғой. Қыс қатты болып, тамақтары таусылып, босып кеткенінің бәрі орта
жолда үсіп қырылса керек. Шаһарда қалғандары аудағы балықты сүзіп, індегі
борсықты қазып талшық
айырыпты. Аржақтағы әскермен
арпалысқан башқұрт бұл жақтағы шағын қол өздері-ақ аштан қатады деп көп
қарайлай қоймаған, әйтпесе, әлдеқашан індігештерінен шығармай тапап тастамас па
еді.
            Мына әңгімеден Әбілқайыр тіксініп,
Бопай шошынып отыр. Бірақ екеуі де сабыр сақтады. Тап сол арада сылаң сақал
бейтаныстың тостағандай үлкен көзі манағыдан да бетер шоқтана түскендей
көрінді.
            - Соған қарағанда, орысыңның да
жаны мұрынының ұшында білем. Өздері аржағындағы төріскей, күнгей, күнбатыс
көршілерінің бәрімен араз екен ғой. Борбайын созып, кең көсіліп отырған жайдақ
жағы осы біз бет
білем. Енді, міне, бұл жақтан
башқұрт тулап...
            Әбілқайыр тамағы құрғақсып жөткірініп
қойып еді, сумақай сәлделі «әңгімені жақтырмай қалды ма» дегендей сөзін
бітірмей көзін қыдыртып кетті.
            - Жәнібеқ Бөкенбай сонда не сәлем
айтады? Ханның сауалы қатқыл шықты.
            - Не сәлем айтсын. Мына мейманды
апарып сөйлеткіз. Өз құлағынан тыңдап алсын. Жайлауға жеткенше ойлана келер.
Біз де ойлана барайық деді.
            Әбілқайыр ілгері қарай бір изеліп:
            - Жөн, - деді. - Сонда қалай,
орыстың биыл бізге қарайласардай жағдайы жоқ болғаны ма?
            Сөзшең мейман иығын қиқаңдатты.
            - Жә, оны көзбе көз, ауыз ба ауыз
сәйлеспесек... Бұл арада неғыл дейміз. Менің айтарым, ертең көш-жөнекей Ордағы
шаһарға елшілер жібермекпін. Бір жағынан баламның аман-саулығын біледі. Екінші
жағынан, орыс өкіметінің ауыз ләмін аңдиды. Үшіншіден, орыс ұлығынан жағдайды
түсіндір деп елші шақыртпақпын. Оған да мұршасы жетпей жүрсе, онда...
            Хан тоқтап барып қайта сөйледі.
            - Әлгі айтылған әңгіменің рас
болғаны.
            - Батырларға айта барар басқа сәлеміңіз
жоқ па?
            - Тіршілік болса, көп ұзамай
көрісерміз. Ор бойына менің адамдарыма қосып, олардың да кісі жібергені жөн
секілді.
            Бопай мына әңгімелердің тұсында
ұйқыдан шошып оянған адамдай анадан бергі бой күйездігінен құлан таза арылды.
Енді күйеуінің әр сөзін, әр қимылын қөңілден таса қалдырмай, байыппен тыңдай
бастады.
            Бейуақ келген қонақтар ертеңіне
таңсәріден асығыс шайланып, қымызданып шұғыл аттанды. Әбілқайыр кермеге дейін
бірге барып шығарып салды. Бірақ олар табалдырықтан бері аттап кіргеннен әрі
аттап шығып кеткенге дейін бір қалпынан ауытқымай, елпілдемей де, кергімей де,
ұстамды отырды. Ханның кешегі айтқан хабарларын қалай қабылдағанын анық аңғара
алмаған үш мейман көздерінің астымен бір-біріне қайта-қайта қарағыштап, аң-таң
аттанысты.
            Бопай Әбілқайырдың осы бір сабырына
қашан да қайран. Кермеден үйге жеткенше көңілінде әнеу күнгі іюқта басы тойда
қордаланған томырық өкпенің тоңы жібіп, оның орнын ылғи пышақтың жүзіндей сын
үстінде жүретін күйеуіне деген аяныш иемдене бастады.
            Әбілқайыр сол күні көшті еру қылды.
Тіздеулі түйелер тұрғызылып, алысқа айдалмай, ауыл маңына тұсап жіберілісті.
Мырзатайды шақырып ап, Бөкенбайға жұмсады.
            - Таймасқа ма, Алдарға ма -
біреуіне өз атынан кісі жіберіп жайлауға жеткенше хабар алмас па екен, - деді.
            Байбекті алдына кіргізіп:
            - Сен жүріске қамдан. Көшті күтпе.
Қасыңа қалаған төрт-бес кісіңді ерт ішінде Итжемес те болсын. Ор бойына барып
қайтасың. Қамданып болып кел. Қалғанын сонда түсіндірем, - деді.
            Бопайдың іші сөзеді. Әбілқайыр
қайда кімді неге жұмсап жатқанына ел сұқтанбасын деп, мыналардың сапарын осы
кезге дейін кідіртіп-кідіртіп келіп, енді кешпен әдейі қабаттастырып отыр. Не
де болса, түндегілердің әңгімесі ханның көңіліне күдік кіргізді. Әнеу күні
мұндай ширығыңқы емес, жұмсақ, бипаз еді. Кептен бергі жазық жатқан маңдайына
екі қастың арасынан екі білем ай сызық жүгірткен анадағы ақсақалдардың аманат
жайындағы аңтарылысына қоса жаңағы жолаушылардың жұмбақ келісі мен жұмбақ
кетісі болып тұр.
            Хан іштегі қыжылын сыртқа сөздірмес
үшін түс қайта атқа мініп көштен бұрын жөнелгелі жатқан мал жағына соқты. Бұнда
бұрын ондай әдет жоқ еді. Мұнысымен де елдің көзін алдарқата тұрмақ. Өзін
жайбарақат көрсетпек. Елді жайбарақат ұстамақ. Қашан кешегі сөздердің
анық-қанығы айқындалғанша ел көңілін ұйтқытар қыдырма қаңқуларға бөгесін бола
тұрмақ. Сол арқылы жұрт кезінде шығыңқы жүрген иығын қайта жықпай тік ұстамақ.
Жаңа аяқтанған жас төл елдің алдымен осыдан екі-үш күн бұрын жөнге түскен.
Қырқылған қойлардың өзі де жолда барады дейді. Көш солардың шаңы басыла орнынан
көтеріледі. Ал ұзын аяқ қатқыл тұяқ жылқы айдамалы малдын алдын, артулы жүктің
үстін шаңдатпай төрт-бес күн кейіндеп қозғалады. Қарулы қайратты еркек кіндік
соңда қалады. Соның бәрін өз көзімен елеп-екшеп шыққан хан көшін кетер қоныстан
салтанатпен көтеріп, жетер қонысқа салтанатпен шөгермек.
            Көш жөнекей хан жақсы-жайсаңымен
ілгері кетті де, ханымына көңіліндегі түйткілін қапысыз ойлап-толғауына
мүмкіндік пен уақытты молыңан берді.
            Бопай тынықпақ боп түйеге мінсе де,
сергімек бп жорғаға мінсе де, күздікүнгі сімсік тұмандай тұмшалап алған жібіскі
ойлардан бәрібір құтыла алмады. Әсіресе, анадағы көшердің алдында келіп кеткен
күйек сақалдының әңгімесі көңіліне қатты орнап қалыпты. Патшадан қағаз кеп,
одақты мықтадым деп, қара жердің өзінде қайықтың үстінде тікесінен тік
тұрғандай тізеңді қалтыратқан көп күдік, көп кұманнан аршылам деп жүрген
Әбілқайыр мойынына тағы бір жүк түскелі тұр. Кепіегі көмір сақал, қүндыз
мұрттың жүрісі тегін емес. Енді сорлының басын қазақтың өз дауы аз болғандай
жасыл тулы мұсылман дүниесінің ұлы талқысына салар болса, талай көкіректе кемді
күн қалғып кеткен ңызыл құрт қайта тіріледі. Тірілгенде де дүрілдеп тіріледі.
Оны құртар қимайы орыстың тегеуріні бола ма деп еді. Оны да жан-жақтан жарыса
тиген шапалақ шайқалақтатып тастаған түрі бар ғой. Күні кешеге дейін арбасының
алдына түсіп жүгіріп келген башқұрт тархандарының мынадай мінез шығарғанына, ана
жақта өз хандарымен өздері арпалысып, торғауытқа топалаң тиіп жатқанына
қарағанда, орыс патшасынан да қауқар қаша бастаған сияқты? Өлген еркек патшаның
тұсында елді бетіне қаратпастай мыңты болып алыпты десетін еді. Қатын бастаған
көш оңған ба... Қайтадан босаңсытып алғаны ғой, сірә...
            «Апырмай, сонда, ең болмаса,
башқұртқа әлі жетпегені ме?.. Әлде бұл көлденеңнің ұйтқыма әңгімесі ме... Әлгі
Ор бойындағы шаһардың хәлі мүшкіл деді-ау... Балық сүзіп, тышқан аулағандардың
ортасында Ералыжанның күні не болып жатыр екен».
            Бопай ханымның көкірегіне әлдебір
шаншу қадалып тұрып алды. Былтырғы Нұралылардың дырду әңгімесіне семіріп,
қыстай баласын сағынғанмен, ол тап бұндай қиындық көріп жүр ғой деген күдік
ойына кіріп-шықса, не дейсің! Былтырғылардың әңгімесіне қарағанда, орыс
қосынында ит басына іркіт төгіліп ағыл-тегіл болып жатқан секілді еді. Олар
бүйтіп жалап-жұқтап қалады деген кімнің қаперінде бар? Башқұрттардың бас
жасаулығын да естіген. Бірақ, олардың қылығын қиқар інінің мықты ағаға жасаған
еркелігіндей шалдуар бірдеңе санаған. Ол бүйтіп шайқалтып тастады дегенге әлі
сенбей келеді. Егер ішінде өз баласы болмаса, түндегілердің башқұрт жайлы
айтқанын өр бұта асқан с.айын екі есе ұлғайып отыратын көшпенділердің көкіме
лақабы санап, құлағына да ілмес еді. Ералыжан... Аманатқа қалғанын айтпадың
деп, талағы тарс айрылып жүрсе, ол мынандай қарыны тойып ішер астың өзіне
зарығып мүсәпір болып отыр екен ғой!..
            Ханымның көңілі босап, тостағандай
үлкен көзі тас қайнардың бастауындай шып-шып толып шыға келеді.
            Тағы да күйеуі есіне түседі.
Күйеуінің баяғыда Найзакескеннен қайтқан сәті есіне түседі. Ауылға жеткенше ат
үстінде нық отырып, үй сыртында да атынан нық түсіп, табалдырықтан нық аттаған
Әбілқайыр төрге жете беріп, артына бұрылмастан соңындағыларға «бара тұрыңдаршы»
дегендей белгі берді. Бопайдан басқа жұрт лүркіреп қайта шығып кеткен. Олардың
сырттағы тыңыры алысқа ұзаңқырап кеткен соң барып, хан құс төсекке дүре
құлаған. Жұмық кірпіктерін ашпай, тісі ақсиып, шалқалай құлаған. Жалма-жан
қасына жүгіріп жеткен Бопайдың тізесіне сүлқ тастай салған қолы да қан-сөлсіз,
былқ-сылқ... Шеке тамырлары адырайып шығып кеткен... Беті құп-қу шүберектей...
Кезерген еріні мен ентігіңкі демі ғана кеудесінде жан барынан хабар сөздіргендей.
Бұндай хәлді ол тек сонын алдында ғана, үйіне антқа ұсталатын Тұяқ кіріп
келгенде бастан кешкен-ді. Енді, міне, бауырынан шыққан баласы да сондай
дүдамал сапарға аттанғанда қайта шамырығып қоя берген жүйкенің шыдамы осыған
ғана, өз төріне жетіп жығылғанға ғана жетті. Сырттай қарасаң, кессе қан
шықпайтындай ұстамды Әбілқайырдың іштей қайтып мүжіліп күйзелетінін білетін
өзір тек бір ғана Бопай.
            Ол мұндайда балгер де шақыртпайды.
Ұшықтамайды да. Осылай жанынан бір елі шықпай, алақаны мен қос шекесін дамылсыз
уқалай береді. Үй маңынан ешкімді жүргізбейді. Ауыл сыртынан ешқайда дыбыс
шығартпайды. Бала-шағаға дейін аулаққа қуып салады.
            Солай екі-үш күн жатқасын барып
Әбілқайыр есін түгендейді. Орнынан тұрып, бас көтеріп отырады. Пәлен күннен
бері тыйырым болып қалған жұртқа бас сүқтырады. Сосын атына мініп, шаруасына
кіріседі.
            Соның бәрінде де, күйеуінің неден
күйзеліп, неден күйрегенін Бопай өзі болжап, өзі білетін. Ералыжан кеткен
жолдың да қаншалықты өткелек екенін Әбілқайырдың сол жығылысынан сөзген. Екеуін
бірдей аяп үн-түнсіз жас төккен. Содан жарты жылдай сүлесоқ жүрген Әбілқайыр
Мәмбет мырзаның Сәмекенің елшісін орта жолдан кері қайтарған хабарын естігенде
барып шираған. Артынан көп ұзатпай қол жиып торғауыт аттанған. Содан бері оның
не сөзінен, не қабағынан жадаулық сезілмеген-ді. Орта жүзден келген меймандарды
шығарып салып, керме басынан қайтып келе жатқанда Әбілқайырдың екі аяғы бір-екі
рет бір-біріне шалысып кеткендей болған. Төрге жетіп тағы да құлап түсе ме деп қорқып
еді, абырой болғанда, құдай сақтады... Соған қарағанда, түнделетіп келіп-кеткен
хабаршылардың сараң сөздерінің ар жағында таудай зіл жатыр. Әбілқайырдың тағы
да басы талқыға, ары таразыға түсіп жүрмесе, жарар еді...
            Қалай екенін өзі де білмейді.
Әбілқайырдың уайымы шыққанда Бопай балаларын да ұмытып кетеді.
            Ол бұның тағдырын әуелде де осылай
ойда жоқтан ойсырата килігіп еді. Соны ойлағанда әлге дейін екі беті ду
қызарады. Ол қашан... сонау... арттарында қалып қойған Қызылқұмның да ар
жағында жатқан айдаладағы елсіз тау Бөкенінің жыра-жықпыл кеп сайының бірінің
ауызында болған оқиға-тұғын.
            Бопайдың бала кезде құрыспасы
бар-тын. Бірде алты жасында ма, жеті жасында ма түйенің бақалшағын бөпе қып,
шүберекке орап, қуыршақ ойнап отырып, оң жақ аяғының сіңірі тартылып,
бебеулетіп алып бара жатқасын, үйге симай, сыртқа атып шығып, белдеудегі
әкесінің атына қарғып мініп, құла дүзге шаба жөнеліпті. «Ойбай, мынаған не
болды? Бірдеңе қаққаннан сау ма?» -деп соңынан қуғандарға жеткізбей, құйғыта
беріпті. Қашан ат өзі тоқтағанша тізгінді тежемепті. Сөйтсе, ұлы шағылдың
арасында жер бауырлап, құм топырақты қарш-қарш асап, жылап жатқан ағасы
Бөгілінің үстінен шығыпты. Жарадар Бөгілі мынау жер астынан жік шыққандай тосын
көрініске сенбей, өзін бірдеңе иектеп кетті ме деп қорқып, екі көзін тарс жұмып
ап, бетін басып, қарындасын қасына жолатпапты.
            Атынан түспей тұрған бала қыз күні
бойы жер бауырлап жылжып, қос тізесін әрі жер сыдырып, әрі ыетық құм күлбіретіп
көресісін көріп жатқан бауырына:
            - Көке, атқа мінгес! Бірақ
орыныңнан тұрмай, ердің артына қолыңды созып, асылып мін, - депті.
            «Мына келіп тұрған не қызыр, не
сайтан шығар. Не де болса, айтқанын тыңдайын. Онсыз да, бәрібір, айдалада ит
жемеспен өлетін болдым ғой», - деп, қыз баланың дауыс ыңғайына қарап жобалап,
дәу де болса, ерінің арты осы түс шығар деп қолын құлаштай қармап, орнынан
ышқына көтерілгенде әлдене сарт ете қалыпты да, көз алды қара тұманданып
қайтадан құлап түсіпті. Сәлден кейін есін жинаса, қасында сол баяғы қарындасы
жер тізерлеп отыр дейді. Қасындағы шылбырын салбыратып тұрған көшелі қара кер -
әкесі Сүйіндіктің ауыл арасына мінетін аты. Таңғалған Бөгілі орнынан атып
тұрса, қос тізесінің қан қақсағаны болмаса, басқа еш жері ауырмайды дейді. Түн
ортасында соңынан әлдекімдердің дүрсілдете жетіп келіп, тымағын көзіне кигізіп,
дәу күрзімен жауырын тұсынан бір соғып, астындағы атын аударып өкеткенде, неге
екені белгісіз, соққы тиген жерден көп төмен бел омыртқасы күтір етіп омырылып
кеткендей болған. Содан мана сәскеде есін жинаған. Сөйтсе, шынында да, жауырын
тұсында бір ауыр зіл бар да, ал бел омыртқасы қан қақсап шыдатпай барады. Құм
қызып келе жатқанын керіп: «Ең болмаса кеше езім бұрылған үлкен жолға жақындап
жығылайын. Өткен-кеткен біреу-міреудің кезіне түсермін», - деп жер бауырлап
тырмыса жорғаласа да, онша көп ұзай қоймапты. Түнде бұны аударып әкеткендердің
опыр-топыр іздері анадай жерде сайрап жатыр...
            Аң-таң Бөгілі ердің артына жайдақ
мініп, қарындасын алдына алып ауылға оралыпты.
            Содан Бопай «аруағы бар, арқасы
құрысып қалады» атағы шықты. Шынында да, кей күндері қарап отырып елегізеді.
Елегізсе болды, не арқасы құрысады, не қолы ұйыйды, не жіліншігі қақсайды. Сол
күні біреу не мертіккен, не сынған боп шығады. Қашан соның қасына барып,
жарақатын сипағанша, көңілі орынына түспейді. Әсіресе, сүйек жақын, ет жақын
адамдарына зақым келгенде от басқандай жер-көкке сиып отыра алмайды. Қашан
ондай адам хабаршы жібергенше, не өзі іздеп келгенше, басының сақинасы ұстап,
тіпті астан-судан қалады.
            Қыр қазағы мұндай «аруақты»
адамдарды әрі сыйлайды, әрі сескенеді. Бойжетсе де, жан-жақтан ешкім құда түсе
қоймады. Үш бірдей ұлдың ортасындағы бай жердің бағылан қызы шартараптан кеп
жататын жүріс соқты меймандардың аузынан «мертік» пен «сынықтан» басқа сөз
шығара алмай «пұшайман» болады. «Бізді пәленше мертігіп сол жіберді» - деп
дабырлап жеткендерден басқа аттарын ақ тер, көк тер қылмай-ақ сипай қамшылап,
қара құрым айғыр топ боп бабымен келіп, бабымен құда түсер біреу-міреулер қашан
табылар екен деп көп күтті. Ең соңында, «әй, ондай сөзді естуден қалған
шығармын» деп күдерін де үзе бастап еді. «Құдалық» деген сөзді, шынында да,
естімей кетті. Тіпті мынау төрелер ауылына сол бір үрдісті сөзді ешкімге
үздіктіре айтқызбай өз аяғынан келді.
            Иә, ол бір ұзын хикая...
Кейбіреулер бұның иығын оздырам деп дабырайтып айтар, дақпырт. Кейбіреулер
бұның шамына тием деп шымшылай айтар шындық. Ол есіне түскенде бұл, расында да,
жалданбай жабыланып, айдынданбай аласарып қалады...
            Иә, со бір жылы сегіз ауыл ғана
адайда жолы үлкен есептелетін. Қосай балалары сырға да, қырға да жақындамай,
қыс жайлаған Қызыл құмынан шыға алмай, қүба шөлдің Бұхар асар пұшпағындағы
үріккен жылқыдай үйіріле топылған Бекентауда қалып қойды. Оның срының не
екенінен әлі бейхабар. Шамасы, сол жылы да ел ойраттың ойда жоқ көп
килікпесінің біріне ұшырап, жаз жайлауға көше алмай қалған секілді. Әйтеуір,
сол жолы да әкесі мен Бөгілі ағасының ауылда жоғы есінде. Әйтеуір, сол жолы да
тызақтап үйге симай жүргені есінде. Інісі Құрманқұлды қайта-қайта сыртқа
жүгіртіп. «Қарашы, ағаң аңнан қайтып келе жатқан жоқ па?» - деп отырғызбағаны
есінде.
            Содан бір уақытта Құрманқұлдың:
            - Бопай апа, ағам келе жатыр?- деп
айқайлағаны.
            Дауысы тарғылданып әжептарқы шықты.
Бұл да орнынан атып тұрып сыртқа жүгірді. Көз ұшындағы Бөкентау кешқұрым көк
нілге малынып, тау емес жай әншейін көк жиектің мүнарындай аласарып, жұмсарып,
жүқарып кетіпті. Ал одан бергі жайылып жүрген мал мен жанның бәрі батар күннің
жарығында алаулай қызарып, ұлғайып ұзарып алған. Тау беттен ауылдыңтап іргесіне
жетер-жетпес боп екі серейген сырық көлеңке құлапты. Біреуінің қылқандай ұшында
құлағын қайшылап бос ат келеді. Екінші көлеңке - інісі. Алдына салақтатып
бірдеңе өңгөріп алыпты. Арқарға да, бөкенге де келмейді. Адам секілді. Иә,
адам... Жетегіндегі бос ат соныкі болар. Бұл кім болғаны? Тау арасынан арқар
аулай кеткен бауыры абайсызда адам атып алып жүрмегей. Неше күнгі тұла бойында
сіресіп тұрып алған зіл соған көрінбегей... Қараптан-қарап елегізген жүрегінің
алаңы соған көрінбегей...
            Бопай тұла бойының оқыс жеңілейіп
бара жатқанын аңғарды. Сонда мынау кім болғаны? Пәлен күннен бері бұның қақ
сүйегінің бәрін қақсататындай қай сүйектесі мынадай күйге жетті екен?
            Ол аңтарылып тұрғанда Мырзатай да
жетті. Құрманқұл жүгіріп барып атының басын ұстады. Ағалы-інілі екеуі біреуді
былқ-сылқ көтеріп ішке алып өтті. Бауырларының соңын ала үйге кірген Бопай оң
жақтағы төрге таман сый төсекке шалқалай құлаған жас жігітті көрді. Өңі
сілтіден шыққан сүйектей боп-боз. Екі шекесінің білемденіп көк тамыры шығып
тұр. Жерден қазып алғандай шүйдесі, мойыны топырақ-топырақ. Қиылып әдемі шыққан
қүндыз мұртқа да шаң отырыпты.
            - Бұл кім?
            - Кім екенін білмедім... Арқарлы
сайға барсам, су бойының қалың жалбызын дар-дар жыртып бір құла ат жүр. Үстінде
ері, басында жүгені. Жөткірініп сыбыс қылдым. Жауап қатқан ешкім жоқ. «Бұл не
ғажап»? - деп біраз аңырдым. Құла ат құлағын қайшылап, жүлге бойынан атып
шықты. Бірақ қашпады. Едірейіп тұрды да қойды. Құла ат айналсоқтап кетпей
жүрген жердегі жақпар тастың көлеңке түбіне барсам, шалқасынан түсіп біреу
жатыр. Аттан құлаған дейін десем, тұла бойында жарақаты жоқ. Ұйықтап жатқан
адам секілді. Сай бойының сызынан аулақ бөктерге біткен бөлек-жақпар
тастың келеңкесіне сұлапты.
Әрі-бері жеткірініп көрдім сес жоқ. «Әй, кімсің? Басыңды көтер. Жөніңді айт!» -
деп бірнеше рет дауыс қылдым. Қыбырсыз. Мынау не жылан, не бұйі шағып алған
адам емес пе?» - деп жақынырақ бардым. Ісінген, қара талақтанып кеткен ештеңесі
жоқ сияқты. Ұйықтамас бұрын сай бойынан жалбыз жұлып алып астына тәсепті.
Жалбызға
құрт-құмырсқа үйір емесін
біліп төсеген. Қипақтап біраз тұрдым. Әлгі адамда қыбыр жоқ. «Ау, саған не болған?»
- деп бетіне үңілдім. Самсаған қалың кірпіктерін өзер қимылдатып, көзін аша
алмай ыңырсыды. Мына күйінде далаға тастап қайдан кете алайын! Артында жақпар
тастың қасына жақындатып қойып, былқ-сылқ денені ердің алдына өңгөріп,
тізгінімді қолыма ала беріп ем, манадан бері құлағын қайшылап, тісін ақситып
үнсіз тұрған құла ат күмбірлей кісінеп, суды кешіп етіп, қасыма жақындады. Өз
тізгінімді тастай беріп, қармап қалып ем, жүгеніне қолым тиді. Содан оны да
жетектеп алып, ауылға тарттым. Менің бар білетінім осы.
            Мырзатайдың мына сөзі оң жаққа кеп
сұлаған бейтаныс мейманның беймәлім сырын одан сайын жұмбақтандыра түсті.
Ауылдағы қатын-қалаш пен азғантай еркек кіндік оның жүзіне өрі үңіліп, бері
үңіліп, бәрі де бастарын шайқасып, танымайтын болып шықты.
            Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз
жатыр. Еріні езеріп кеткен. Жұрт жалма-жан тамырын ұстап көріп, кеудесінде жаны
бар екен десті. Енді бәрі Бопайға бұрылып: «Сен болмасаң, біздің қолымыздан не
келуші еді. Еңкейсеңші. Қарасаңшы» - дескендей аңтарыла қарасты, Бопайдың бойын
бірнеше күннен бері буып келген зіл жым-жылас. «Апырау, мынау бұның сүйегін жер
түбінен сырқыратардай кім болды? Көзімнің алды шайдай ашылды ғой. Не де болса,
дерті кеуде тұсында. Бір иығы бір иығынан аласа ма қалай? Сол жақ иығын
көтеріңкі ұстап жүрген-ау шамасы. Қазір де басын солай қисайтып, тіреуіш қылып
жатыр».
            Бопай жер төсектің қасына тізерлей
отыра кетіп, бейтаныс мейманның көкірегін ашты. Үстіндегі сауытын сыпыртып,
кеудесін түгел жалаңаштатты. Апай төс қайратты адамның кеудесі. Қолдарының
бұлшық еті де білеу-білеу. Садақты көп тартса керек сол жақ бұғананың басына
қос елі мүйізгек біткен бе қалай. Екі жақтың да еті қалпақтай. Кенет кезі оң
жақ қолтықтан түймедей көз тыртықты көрді. Шорланып біткен. Бірақ, ескіріп
үлгермеген, жаңа жарақат. Үстіне тартқан сорма мақтаның орны былайғы денесінен
бөлініп, әнтек ағарып қапты. Оң жақ иығына қол апарып еді. Ол да қалпақтай боп
дүрдиіп тұрғанмен, сол жақ иықтан гөрі болбырлау, секілді... Қардың бұлшық еті
де түтіліп кеткен бе, білем-білем түйіншектері бір-бірімен тұтаспай, ыдыраңқы
тұрғандай. Қос қолын созып жіберіп, екі жақтың саусақтарына үңілді. Сол қолдың
саусақтары баданадай да, оң қолдікі - таралыңқы... «Мынаның оң қолын семік шала
бастаған болмасын...».
            Бопай алдында ұзыннан
сұлап жатқан бейтаныс еркектің бет-аузына үңілді. Қыр мұрынының жұқа танауы
қусырыңқы. Қасы қалың, бірақ жіңішке. Сопақтау жүзінің шықшыт сүйегі шығыңқы.
Бірақ қазірдің өзінде тістесіп қасарысып жатыр. Кең маңдайындағы сызық
біткеннің бәрі қастың арасына жүгіріпті. Аузын ашып көріп еді, үстіңгі тістері
маржандай - әрі ірі, әрі сұлу. Ал астыңғы тістері жалпиып жаттағанданып кеткен.
            Намысқой, ызақор, бірақ ашуын
ішке жиятын бітеу кісінің сойы.
            Киімінде, қару-жарағында,
қалталарында не бой түмар, не тобық, не көз тас - ештеңе жоқ. Елсіз тауға аң
аулай кеткен адам да жай киім кимей, бес қаруымен, жорық киімімен жүрсе
керек-ті. Жорық киімінде, сырт шекпеннің екі иық тұсында, екі қалта боп, оның
бірінде «жанымды сақта, қапиядан аман қыл», екіншісінде - «арымды сақта,
масқарадан аман қыл» деген екі дұғалық, екі бой тұмар жатуға тиісті еді. Мұнда
соның бірі де жоқ. Бұлай теңдік тимеген, қатарға кіре алмаған төмен нәсіл
жарлы-жақыбай жүрсе, бір жөн. Ер тұрманы, қару-жарағы «қатардамын»,
«дәулеттімін» деп тұрғандай. Сонда кім болғаны! Шөлдің кіндігіндей, ұры-қарының
жолындағы елсіз таудан аң аулағанына қарағанда жүрегінің түгі барлардың
сойынан. Жол торыған арам олжаның құлы деуге бет-пішіні, сүйек бітімі,
үсті-басы, ізет-зияның үясындай. Соған қарағанда өзіне-өзі сенген астам
біреу... Елсіз түздегі жатысының езінде тектіліктің исі аңқып тұр. Ендеше
мұндай текті жігіттің үйдегі анасы мен жарына, қатын-баласына қайтып бұлай
қадірсіз болғаны? Олар нағып мұндай арысты көлденеңнің сұқты көзі мен қапияның
қате-қиянатына оп-оңай қия алады? Ең болмаса, тұла бойының бір жеріне нысана
байлап, бой тұмар тікпегені ме? Бет-әлпеті: «Жиырманың үстіне әлдеқашан шығып
кеттім», - деп тұрғандай. Ендеше, әлге дейін үйленбей жүр дейсің бе?! Үйленбеген
күннің өзінде анасы, апа-қарындасы бар емес пе? Апырай, жазғандар мұны нағып
тап бүйтіп қаңғып жүрген иесіз түйедей түп-түлдыр қып нысанасыз-қарақшысыз
жіберді екен! Не де болса, шаңырағында бұтіндік жоқ. Әлде анасынан ерте
айырылып көз түрткі жетім өскен сорлы ма екен?
            Содан ызақор, содан
намысшыл, содан бітеу боп өскен шығар... Мырзатайдың айтысы: көптен өз қамын
өзі ойлап қалған салтаңбас адамның сиқы. Сөйте тұра үсті-басының бабын
үркітпей, дөрекіленбей, сыпайы сұлу қалпын сақтай білгеніне қарағанда тоңмойын
томырықтардың санатынан емес, сөзімтал, елгезеқ бірақ сонысын сыртқа жая
қоймайтын ұстамды адамдардың сойынан. Демеқ мұның тұйықтығы қатыгездіктен емес,
намысқойлықтан, аршылдықтан. Ендеше, бұны ат үстінен алып жыққан да мынау аш қолтықтан
тиген жалғыз оқтың өлі күнге құлан таза айығып кете қоймаған зардабы емес,
жүректі көптен мүжіп, көптен үңгіп келе жатқан бір терең дерт, тылсым шер. Сол
мынандай жота-жота бұлшық еттің өзіне де пысқырмай, жіңішкеден жол тауып,
сымдай нөзік жүйке шіркінді ширықтыра-ширықтыра осындай күйге жеткізген.
            Бопайдың бойындағы
батпан зілдің орнын бір елгезек аяныш жайлап, алдындағы ес-түссіз жігіттің
үстіне еміне тене түсті. Мұндай дертті былау жазбайды, сылау жазады, қитұрқы
дәрмек емес, алды-артыңа қаратпас оқыс ықпал, оқыс дәрмен жазады. Мына
бейбақтың кекірегін көптен ыстап тастаған күйкі көңілді сәуірдің самалындай
ескі-құсқының бәрін үріп-қағып, түре қуып шығар бір өткір де өкпек серпіліс
керек. Сүйектегі ақауды ұрымтал қимыл, еттегі жарақатты сіңімді сылау,
көңілдегі жадаулықты жанға медет жылы сөз, жылы мейірім айықтырады. Ал мына
бейтаныс жігіттің дерті жылы сөзге илана қоймас, жылы мейірге уана қоймас, сұр
дерт, сананы мықтап улаған сарсаң хәл. Жүректің тінін жүн қып түтіп, жүнжітіп келе
жатқан жұлын құрт. Жүректі жүрекке жалғап, арам шалмаған албырт қанның
қайратымен тұншықтырып қана өлтіре алардай қатерлі мерез.
            Бопай қаңғалақтап
қалды. Ал-сал. Дәрменсіз. Ақылды көздерден ажар тайып, ажырая қарайды. Жұрт
оның мына түрін көріп шошып кетті. «Көлденең көзден аруақ шамырқанып, қолына
дауа қонбай отыр ма?» - деп аяқтарының ұшынан басып үн-түнсіз есікке жылысты.
            Бопай оның бір де
бірін сөзген жоқ. Есілдерті алдында ұзыннан сұлап жатқан науқаста. Жақын арада
ес жия қояр сыңай байқатпайды. Бұған не істеуге болады? Оның бар құдіреті
қолында еді. Сүйектері үн боп қап бебеулеп жатқандардың өздері: «Айналайын
сенің қолың тигенде-ақ, көзіміз шәйдай ашылып, жанымыз жәй тауып жүре береді»,
- дейтін. Мынау сынбаған да, мертікпеген де. Жағдайының нашарлап бара жатқанын
байқап, атынан өзі түскен. Жататын жерін де өзі таңдаған. Сыздан, судан, уы бар
жәндіктен қашқан. Қашан кірпігін қаға алмастай дәрменсіз халге жеткенше
ақыл-естен айрылмаған. Соған қарағанда, мұның мертігі ішінде - сүйектің мертігі
емес, жанның мертігі. Жүрегінің басын жалап, іші бауырын жидіткен сілті құса.
Оны қайтып қуып шыға алады? Оны сүйекті қозғап, етті сипап, жүйкені тітркентіп
аластай алмайды. Ал дертті жүректі дірілдете алар ділгер құдірет бұнда жоқ.
Мынау жұрт тәнін сипаудан басқаны білмейтін бес саусақтың сорынан уақытысында
өз теңімен ойнап та күле алмапты. Бозбалалармен қалай жүздесіп, қалай
пейілдесудің жөнін де білмейді. Бұның жүздесіп, бұның тілдесіп келген еркек
кіндігінің бәрі - өңшең бір тірі мүсалдат, мүсәпір... Қаралай қайыр-садақа
тиетін пақырана. Оларға жүрегің қан жылап аяғанмен, есіңнен танып емірене
алмайсың... Ал мына жігіттің дертін ақ пейіл ананың мейірімі, есіл дерті өзі
боп, ышқына сүйетін ыстық жардың риясыз пейілі немесе арысым деп асты-үстіне
түсе алатындай шаршы жұрттың шапағаты, қошаметі, қадір тұтып қастерлегені ғана
айықтыра алады... Сондай мейірім, сондай ықыластың ыстық табына балқып,
аршылмай, аласталмай тұрып, бұл жазылған күнде де не жаны жарым ділқұса, не
көкірегіне бұлқынған жүрек орнына қағынды қара талақ жапсырып алған суық
жартастай мелшиген қатыбас, не көмейіне күн еңкейтсең де, арғы ішіне иненің
жасуындай сәуле жүгірмес тас керең меңіреу біреу боп шығады. Ананың қапасынан
қатыгез, қас надан, топас, зұлым боп туатын ешкім жоқ. Бәрінің алдын суытып,
ішін мұздататын, қолын арамға, пейілін төріске бастайтын ағайын леп аталар,
жұрт деп аталар, кейде тіпті халық деп аталар кенеусіз қара тобырдың керең
көңілі, кенде ықласы, кейде тіпті көпе-көрінеу қорлық-зорлығы, қағажуы. Анадан
мейір, ағайыннан ықлас, қатардан қадір, халықтан мерей, көрген қай азаматтың
өнегесізін, өнерсізін, пасықтығын-жасықтығын көріп пе? Бәрін де болдыртып,
солдыртып жүрген өзінің қиямпүрыстығы емес, өзгенің қиясы мен қысасы. Мынадай
тұр десең тұр, тұлға десең тұлға, кісілік десең кісілігі бар азамат бұл
қазақтың арасында қай бір айдарынан жел есіп жүреді ғой дейсің? Әлгі бір тоң
боп қатқан тұңғиық дерт те сол көптің қақ-сұғынан шығар...
            Бопай құр сүлдер
жігіттің оң жақ қолын бауырына басып, саусақтарының ұшынан сонау иығына дейін
бипаздап сипай бастады. Қытығы оянар қолтығына, жарақаты шымырығар тыртығына
жоламады. Көрініп тұрған кеселі жоқ сау денесіне саусағының ұшын ғана тигізіп
тінте жорғалатып өтті. Оң қолға семік әлі түгел дендей қоймаған. Қарының
қолтыққа таман ішкі бетіне өлі ет бітіпті. Оқ тиген кезде шошынған бездің зоры.
Сол енді бірте-бірте өрши түсер сыңай танытады. Өйтсе, әрі кетсе, алты ай-жеті
айда сыңар қол мүгедек боп қалады. Ол - тап мынадай аршыл, намысқой, сезімтал,
адамдарды төбелерінен тау қопарылғандай ойсыратып кетер орасан соққы. Әлге
дейін үйлене қоймаған жігіт болса, күні-түні қасынан шықпай, көңілін аулап,
жанын жібітер жар мен жан серік те табылар дейсің бе! Онсыз бұл бәрібір жаңағы
айтқан жалбыр қабақ жадау, көңіл көп қатыбастың бірі болады да қояды. Ондай
келеңсіз ғүмыр, кейіс тіршіліктен не пәтуа, не қайыр! Азаптың арты - ашу.
Ашудың арты - қара жүрек қайырымсыздық. Қайырымсыздықтың, рақымсыздықтың арты -
зұлымдық. Зұлымдық - тек азаматтың ғана емес, ақыр түбі бүкіл жалпақ елдің
басын жалмайтын алапат қатер. Ұлпа көкірек балаға алды жұмсақ ана, ұлпа көкірек
атаға - бауыры ыстық жар керек болатыны да жарықтың жаратылыстың әу бастан-ақ
осы қатыгездік пен осы зұлымдықтың жолына тосқауыл табуға тырысқандығы еді.
Сүйекке барар нәрді жұлын арқылы, етке барар нәрлі тамыр арқылы дарытатын
құдіреті күшті табиғат жүрекке барар нәрді ауа да емес, су да емес, топырақ та
емес, тас та емес, сүт пен ет те емес, тәңірінің өзіндей қолына ұстап, көзіңмен
керуге көнбейтін сып-сылдыр, жып-жылас тылсым күш көңіл арқылы дарытыпты. Қанша
дегенмен, заты әйел ғой, бір еркектің көңілін аулап көруіне болар еді, бірақ
мынау туды-бітті көрмеген бейтаныс еркектің: «Әу бастан өзімдік боп жаратылған
жансыбағам сен екенсің», - деп ынт-жынтымен құлай жығыла қоятынына кім кепіл?!
            Бірақ, осы пәлен күн
қатарынан тұла бойын айқара басып алған албасты зілден қалай тез арылды?
Мынандай арты не боп кетері белгісіз құр сүлдердің қасында отырып, қамырықты
көңілі мүнша нағып тез аршылды?! Нені тауып арылды? Нені тауып айықты? Сүйек
туыс жан болса: «Ай далада қалмай, өз қолыма түстің бе, қарлығаштың қанаты боп,
ауызыңа қасық қара су тамызсам да, қарындастығымды істеймін ғой», - деп дәтке
қуат етер ең, ал мынау бейтаныс мүсінге неге мұнша елпілдейді, неге мүнша
үздігеді?.. Құдай-ау, бұл пе болғаны сонда!.. Әлде тағдырдың қарасын қашан
керер екем деп тамсантып қойған аңсарын үйіріп әкеп үстінен түсіргені ме?..
Бейтаныс аңшы мына бетте Амударияның, ана бетте Сырдарияның қалың жынысын
көрмегендей, айдаладағы алақандай тауға қалай ғана аң қарай келді екен?.. Осы
ауылдың іргесіндегі аран аңғарда ессіз-түссіз жатқанында неге үстінен жортқан
аң, ұшқан құс, қаңғырма жолаушылардың бірі тап болмай, Мырзатай тап болады?..
Неге, неге...
            Соны ойласа жүрегі лып-лып
лүпілдеп қоя береді... Тұла бойындағы әлде бір жұмбақ тамырлары дір-дір
сілкініп, бөтен денеде байпаңдай жорғалап келе жатқан сүйріктей саусақтарын
тітіркендіріп жібергендей. Алақаны албырай қызарып, саусағының ұшы жылып қоя
береді. Мұның бойындағы оқыс ысыған асау қан сол бір дір-дір тамырларды бойлап
барып манадан бері сілкісең де тырп етпестей боп сүлқ жатқан суық денеге, бөтен
тәнге дарып жатқандай.
            Науқас мейманның
маңдай тұсы сол баяғы кегіс қалпы. Оң иығының еті де бозарыңқы. Тек саусақтарының
ұшы ғана жұмсарып, тырнағының астына қан жүгіргендей... Иә, сәт...
            Бопай ессіз-түссіз
жігітке мейірлене қарап, кеудесін тақай еңкейіп, ыстық демім жетіп жатсын
дегендей үңіле теніп, семік саусақтарды сипалай берді...
            Сөйтсе, кеш болыпты,
түн орнапты, таң атыпты. Оны қасына келіп, «оразаңды ашшы» деп қиылып тұрған
жеңгесінен білді. Көзгелдек толы тұщы қымызды ауызына апара берді де, науқас
жігітке көзі түсіп, қасық сұрап алып, тамызып көріп еді, жұтпады. мақтаға шылап
ерініне сүйкеді. Кезерген ерін қимылдамады. Тек сыбырлай ыңырсыған әлсіз дыбыс
берді. Қыз көзі шарадай жанып, қуанып кетті. Жан оралып келеді... «Бар, бар,
аулақ кет!» - дегендей көзгелдекті жеңгесіне асығыс ұстата берді.
            Әрнеменің басын бір
шалған шартарап ойдың үстінде тағы бір жарық күн таусылып, қараңғы түн орнап
келеді. Бегілінің отауы бұларға тағы да оңаша қап, жұрт:
            «Науқастың қалы қалай
екен? Бопайдың не өтініш, не тапсырмасы бар екен?» - деп сырттан тың тыңдап
кетеді. Қыз ой үстінде. «Ең болмаса, таныс біреуі болсам етті... Сонда менің
мынау ыстық алақаныма жанашыр сөзім қосылып, бұның құрғақ жылдың күзіндей жүдеу
көңіліне жұбаныш табар ем... Жұмсартар бүркісін табар ем...»
            Мейман сол баяғы сүлқ
қалпы. Манағыдан соң қайтып ыңырсыған да жоқ. Жаңғыз-ақ дәтке қуаттырнағының
астына жүгірген ақшылт шырай тарқамапты.
            Бопай мынау бөтен
денеге үйренісіп алыпты. Тек оң қолын ғана сипалай бермей, кесел шалмаған сол
қолын, желкесін, алқымдығын, қос шекелігін ауық-ауық ысқылап қояды. «Кешеден
бері бұл неғып ойыма түспеген... Сау дене кеселді денеден гөрі сөзімталырақ
қой... Бәлкім, тезірек жанданар, тезірек әлденер...»
            Түн ортасынан ауып
кеткен. Уқалай-уқалай қары талып қалыпты. Сонда да қимылсыз жатқан бөтен тәнге
жылу бармай қалса, әлгі бір әлсіз үміттің өзі өшіп кететіндей бетін апарып,
иегімен сипалап отырып қалғып кетіпті... Түс көріпті... Түсінде тап осы
Бегілінің отауының табалдырығының ішінде мал сойып отыр... Мал дегені, терісін
сыпырарда байқады, арлан қасқыр... Жон арқасы көк шуланданып тұр... Өзінен қан
шықпайды, ағылтегіл сүт ақтарылып жатыр... Селк етіп қолын тартып ала қойды.
            Бопай басын оқыс
көтеріп алды. Ұйықтап кетіпті. Әлде бір әлсіз дауыс ызыңдайды. Үй сыртынан
шығатын тәрізді... Бұл өзі қайда отыр?.. Мынау не дыбыс?.. Екі күн қатарынан
ұйқысыз түн есеңгіретіп тастаған ба?
            «Су... су... су....»
            Түн ортасында үй
айналып су сұрап жүрген Бұл кім болды?
            «Су... су...»
            Мына дауыс қасынан шығады
ғой.
            Атып тұрып қазан-аяқ
жаққа жүгірді. Қараңғыда сылдырлатып жүріп тостаған тауып су құйып әкелді.
Науқас жігіттің басын жастығымен көтеріп: «Иә, біссіміллә!» - деп аузына тосты.
            Науқас қылқ-қылқ жұта
бастады. Сосын басы қайта зіл тартып шалқалай берді. Тағы да үнсіз қалды.
«Апырай, мынаның жаны бар ма? Әлгісі атау кересін ішкені болмасын...»
            Шошып кетіп, тамырын
ұстап көрді. Қылп етпейді. Дауысы шығып кете жаздады. Сол екі ортада ортан
қолының ұшы бүлк ете қалды. Лүп-лүп... лүп-лүп... Жүрегі соғып жатыр. Бәлкім,
үн қатар...
            - «Қалайсың?
            Еш дыбыс жоқ. Науқас
жігіттің сол баяғысынша сұлқ қалпы. Енді Бопай таңның атқанын күтті.
            Ертеңіне оң жақтағы
жігіттің денесіне қызу жүгірді. Екі беті албырап кірпігін өзер-өзер қақты. Жұрт
бұны естіп оқтын-оқтын кіріп шығатынды көбейтті. Кешқұрым ол қаттырақ ыңыранып
алып, ыңқылдай бастады. Үй-ішіндегі жабыр-жұбыр үн құлағына барғандай маңдайын
жиырды.
            Бопай қолымен меңзеп
жұртқа: «Шыға тұрыңдар!» - деді.
            Үміт пен үрей
арпалысқа түсер тағы бір түн келеді. Үшінші түн. Ауыл үстін бір құрым үзіктей
жабағы бұлт жауып алды. Үй-іші кешегіден де қараңғы. Сыртта да шілделік
шырылынан басқа дыбыс жоқ.
            Бопай бүгін құлағын
түріп алған. Алдындағы құр сүлдердің кешегідей бір тіл қатқанын күтетіндей. Тіл
қатса, бұл да жауап берер еді. Қолындағы мына дірілді бәлкім сол сөзі айқынырақ
жеткізер. Көңілдің көңілге жолы сан қилы ғой. Соның ең төтесі сөз деседі.
            Бопай әлсін-әлсін
құлақ тосады. Науқас кешегідей емес көп ыңыранады, көп ыңқылдайды. Тұла бойы
албырап қыза бастады. Көкірекке қайтып оралған шыбын жан дерт тұманын қуып шыға
алмай алысып жатқандай.
            Кенет біреу тісін
қайрады. «Қап... Қап, әттең!» Ап-анық айтылды. Жігіт сандырақтай бастады. Бұны
алып ұрып жыққан өкініш болды. Ненің өкініші екен?
            Бопай мынау сімсік
ойынан тез тыйылып, мақтаға шылап ерініне су апарды. Кезерген ерінін қайзалап тағы да тамсанды. Бұл
тостаған толы суды ауызына тосты. Бірер қылқ еткізді де, әрі қарай жұтпады.
Тостағанды орнына қойды. Ерінін қайзалақтап бірдеңе іздейді. Қазан-аяқ жақтағы
сығырайма шамның жарығы жартымсыз. Ауру жатқан тұс қара көлеңке. Сонда да оның
жүзі бозараңдап көзге түседі. Науқас жігіт емізік іздеген баладай ерінін
қайзалайды. Бопай қолындағы мақтасын тостағанға малып, кезерген ерінін жұмсақ
сипап өтеді. Сол жанына жағатындай. Соны іздеп жатқандай. Оң жақ қарын
ауырсынып, басын сол жақ иығына қарай қисайта берді. Бұл жалма-жан семік шала
бастаған қолға қайта жабысып, саусағынан бастап ысқылай бастады. Сөйтсе, жаны
жай тапқандай, басын қимылдатпай, ңайтадан сүлқ түсіп жатып қалды. Таң алдында
қалжырап ұйықтап кетіпті. Бірақ тағы да тап оң құлағының түбінен күбірлейді.
«Қайда жоғалдың!.. Кетпеші!.. Тоқташы!..» дейді. Бұл селк етіп оянып,
алақанындағы құр сүлдер қолды қайтадан ысқылай жөнелді. Жігіт біраз сандырақтап
жатады да, қайтадан ұйықтап кетеді. «Өкпеле ме... Табамын!» дейді. Үздіге
сөйлейді. Еркек адамның еркек адамға тіл қатқанындай емес. Әлде мынау жақында
жарынан айрылған бейбақ па екен? Соның құсасынан осындай күйге түсті ме екен...
            Бопайдың ет жүрегі езіле түсті. Таң
алдындағы бозамық сәуледе көгөріп көрінген жігіт жүзіне үрейлене үңіліп, кірпік
қимылдатқанын аңдиды. Науқас жігіттің сол селсоқ қалпы. Күдер үзген адамның
бейтарап күйі. Аянышты жүрек қайтадан шымырлайды.
            Осы бір әрі-сәрімен таң да атты. Ол
күні жігіт ұзақ ұйқыға берілгендей тыныш жатты. Көкірегі де көтеріліп-басылып
анадағы шығасылы жанның орныға түскенін байқатқандай.
            Бопай сол күнгі кешке көңілінен
күдік орылып тыңайып жетті. Не де болса, мынау бейтаныс мейман бұның өз қолынан
ес жиып тұрар түрі бар. Не жағдай, не құса екенін, бәлкім, сосын өзі айтар.
Әйтпесе, мұның қиялы шідерлі аттай маңайдың бөрін кезіп шыққанмен, шығанға
бастап әкетер сара жол таба алмады. Жігіт құсасының жәй-күйін анықтап біле
алмады. Бар аңғарғаны - әйтеуір әйелдің араласы бар хәл...
            Бесін ауа жігіт көзін ашты. Адасқан
жанары әуелі шаңыраққа түсті. Сосын қапталындағы бұны шарпып өтті. Қайтадан
шаңыраққа қарады. Өз көргеніне өзі сенбесе керек қайтадан дел-сал ұйықтап
кетті.
            Кыз жүрегі қайтадан лүпілдей
бастады. Кешегі бір түсініксіз үміттің орнына қайтадан бір түсініксіз күдік
килікті. Әлденеден қысылатын, қымсынатын сияқты. Әлде мынау қарсы алдында
көлденеңнен сұлап жатқан бөгде еркектен қаймыға ма екен. Оны өзі де білмейді.
Әлде анау алғашқы күнгі арсыз қиялынан қысыла ма? Ертең науқасынан айығып
тұрғасын, емшісінің бұл екенін біліп жүрсе, не дейді? Оның мынау асты-үстіне
түскен айырықша қамқорлығын неге жориды? Өтпей отырған бейбақтың елермендігі
демес пе екен...
            Бұл арада біреу төбесінен мұздай су
тамызып жібергендей дір ете қалады. Әлгі сауалына жауап та іздемейді. Аңтарыла
отырып қалады. Өн бойының бәрі құлазып тек құр сүлдері ғана қалқиып отыр. Бұдан
гөрі мадан бергі тұла бойын тұтастыра сірескен ауыр зіл жүрегін тызылдатып
шымшылаған күпті көңілдің өзі дұрыс еді. Алдыңда не тұрғанын білмеудің өзі
шүкірлік окен ғой! Ал, қазір бұл мына жігіттің ертең өзінің мына отырысын
жақсылыққа жорып риза боп кетерін, әншейін осіре көңілдің әумесер дәмесіне
жорып табалап кетеріне қайдан көзі жетіп отыр?! О тоба бұл неме таң атқанша
осылайша үнсіз жатса екен, есін жинаса да, ертең жарық барында, жұрт алдында
жинаса екен... Ал қазір есі кірсе, ол не дейді? Бұл не дейді? Манағы сөйлесем,
жүрегіне іпипа болар ем деген ойы қандай күпірлік...
            Біреу бірдеңе дейтіндей... Бұның
жаңағы ойын сезіп қалғандай. Құлағын тігіп еді, әлдебір әлсіз дауыс:
            -   
Қайдасың?.. Су әкел, су... - дейді. Жалма-жан су ұсынды. Бірер қылқытты.
Сосын тағы да бірдеңе деп тіл қатқандай болды.
            - Кетпеші... Осылай отыра берші...
Алақаның қандай жұмсақ еді.
            Мынауы не - шыны ма, жоқ
сандырақтап жатқаны ма...
            Дауысының қырылы азайып, айқындалып
қалыпты.
            - Неге сипамайсың... Сипашы...
Маңдайымды сипашы...
            Бопай селк етіп қолын тартып алды.
Шоқ ұстап алған кісііне, екі қолын бауырына жиып шоқиып отырып қалды.
            Науқас жігіт қозғалақтайын деді.
            - Қайдасың... Қолыңды неге тартып
әкеттің? Шекем солқылдап барады. Сипашы.
            Бопай қолын қайтадан ауру жігіттің
маңдайына жүгіртті. Жігіт қайтадан тынышталды. Рахаттанғандай: «Ым, - м - ...»
деп ыңыранып қойды. «Солай... міне, осылай... Баяғыдан бері осылай етсең
болмады ма...» Бопай қолын кідірте жаздап маңдайын уқалай берді. Жігіт бұған
тіл қатып жатқан жоқ. Сандырақтап жатыр. Ең қимас біреуімен сағынысып табысып,
жүрегінің шерін соған тарқатып жатыр... Сол шерден арылмай қалпына келе
алмайды... Сандырақтаса, сандырақтасын... Жүрегінің басында кілкіп тұрған ірің
шерден арылсын...
            Бопай тәтті қиял арбауында жатқан
ауру жігіттің екі шықшытын жұмсақ алақанымен сипап өтіп, алқымына қол апарды.
            Көрпенің астында былқ-сылқ жатқан
ып-ыстық қол шап беріп қолын қармап, саусағының ұшын оттай күйіп тұрған ерініне
апарып ұзақ басты. «Жаным, сәулешім...», - дейді. Бопайдың көзінің жасы аға
берді. Мынау сырбаз жігітті осынша үздіктірген аяулы жанның өзі емесін білсе
де, оның мынау риясыз пейіліне бөгесін болғысы келмеді.
            Бопай ауру жігіттің ашқарақ
құшағының ырқына қалай көніп бара жатқанын өзі де байқаған жоқ. Ағыл-тегіл
жылаған күйі өрт боп лаулаған омырауға көміле берді... Мынау ыстық құшақ, әлгі
бір үзілген сөз - бәрі де бұған емес... Бәрі де бұл дүниеде жоқ-бары белгісіз
бөтен біреудің сыбағасы... Оған ортақтасқанына қынжылмайды да, қысылмайды да...
Не де болса, мына пақыр аяғына мініп кетсін... Не де болса тәтті қиялының
көгілдір пердесін жыртпай, ыңғайына жығыла бергені дұрыс... Бұған мынадай
алапат құштарлық, еркекке тән өңмеңдеген өрескел тегеурін біткені әлі көрер
жарығының таусылмағаны, о дүниелік емес, бұл дүниелік болғаны...
            Ләмим тіл қатпай, науқас жігіттің
ырқына үнсіз көнді. Бөтен біреу екенімді біліп қалмасын деді. Осынау ұрлық
ықласына да жарадар көңілге жасаған сауабындай көріп, пейілдене еріді... Мұндай
жомарттық тек әйелдердің ғана қолынан келетінін біліп, мына дүниеге әйел боп жаратылғанына
мың-мың шүкіршілік айтып, өзінің осы осалдығы үшін ешқашан ешкімнен қорынбаспын
да, өкінбеспін де деп ойлады... Мұндай сәтте кісіні бөлекше бір тәуекел билеп
алатынына ол кейін түсінді.
            Кейін сол бір қас қағым сәт талай
рет жанын қыл бұрау салғандай қинап, талай рет қасірет жасына тұншықтырған-ды.
            Арада талай жыл өтті. Сол бір
бейтаныс мейманның сырын ешкім білмеді. «Жазғанның жарығы таусылмаған екен.
Үстінен Мырзатайдың түсуін қарашы», - деген жұрт ауруынан айығып, атына мініп
ауылдан ұзап бара жатқан сұрша жігіттің соңынан.
            Бопай жиырманың үстіне шықты.
Сылқылған бойжеткеннің жасынан өтіп, кәрі қыз атанар меже де таяп қалды.
«Мынадай қасиет мына пақырға қонғанша ана аға-інілерінің біріне бітпей ме
екен!», - десті жанашыр жақын туыс. «Адай Сүйіндіктің қызының сынық пен
мертікке ақ сайтаны бар. Қолын тигізбей бір қарағанының өзінде шамалы мертік
орнына түсіп шыға келеді», - деп шуласты атырап. «Бейшара киесі ұстағанда
жер-көкке сиып отыра алмайды. Жазғанның бағына жақсы біреу жолығып, пұшпағы
қанаса, мұндай шамырықпа өз-өзінен қалады. Қасиет пен қатындық бір қанаға
симайды ғой», - деп пыш-пыштады сақа әйелдер.
            Ондай қаңқулар құлағына туралап
жетпесе де, Бопай естіп-біліп жүрді. Бірақ ол енді ешқайдан құдалық күтпеді.
Баяғы бір сұрша жігіт қайта айналып соғатындай көрінді де тұрды. Сол бір түні
не болғанын сырқат жігіт өзі де білмеді. Оның түсінде құшқаны бөтен жан...
Шерін тарқатып, жүрегін жеңілдеткені де бетен жан. Оны бір қиял, түс қана деп
білді. Ауруынан айығуына ол түсінің ешқандай қатынас жоқ деп санады. Адай
батыры Сүйіндіктің сынықшы қызының қолына түссең, қай сырқатыңнан да құлан таза
сауығасың екен деп кетті. Бірақ, балгер қыздың үш күн бойы күні-түні қасында
отырғанын естіп, анадағы түнде не деп сандырақтағанымды естіп қойды-ау,
көңілімнің қандай қызыл құртқа шапқанын біліп қойды-ау деп қысылды. Басын
көтергесін кетуге асықты. Бірақ, сол асыққаны бекер болды. Бұл оның көңілін
емдеймін деп жүріп, оң қарын жайлап келе жатқан қатерлі семікке мән бермепті.
Көңілі орнына түскен жас жігіттің сол бір шабытты шағында асықпай қолдағы
семіктің де бетін қайтарып алуы керек еді. Ол жарақат оған бәрібір қайыр боп
дарымайды. Бойына сіңген сайын қиындай түседі. Ондай күнде ылғи қасында бұл
секілді біреу болу керек. Әйтпесе, жүйкесінің тағы бір шамырыққан күні ол
қағындыдай асқынып шыға келеді. Сосын дес бермей кетеді. Әлгі бір ұятты түннің
қырсығынан оған мына қауыпты айтып та үлгере алмады. Сонысы тағы ұстаған күні
ол бұны тағы есіне алады. Әлде тағдыр солай болсын деп сол күн осының бәрінің
басын ашып беруіне жігерін жеткізбей қойған шығар.
            Бопай сондағыдай темір сауыт боп
тұтасып қалар күн тағы қашан келер екен деп тосты. Ол - тосқаны да болды.
Бірнеше күн алаңдап өткен-кеткеннің жолына қараумен болды. Күткен адамы келе
қоймады. Бірде түнде әлдекім іргені түрткілеп ішке кіре алмай жүргендей болған
соң шырт ұйқысынан оянып кетті. Шапанын жамылып сыртқа шықты. Ауыл сыртындағы
қалың шіліктің арасына барып ұзақ отырды. Айлы түнде көкжиекте қатқан қаспақтай
бозараңытып жатқан қатпар таудан бүлкілдеп келе жатқан құла атты көріне
қоймады. Ертеңіне атқа мінді. Аласа болса да, тік жар боп біткеи
қылдырық-қылдырық аңғары көп бытқыл таудың біраз шатқалын аралады. Бейсаубат
ешкім көзге түспеді. Бытқыл таудың бойындағы бар ащы ағар, тұщы ағарлардың
бәрін аралап шықты. Ешқайсысының бойынан су ішіп тұрған құла ат кезікпеді.
Сенделе-сенделе ұлы түзден барып бірақ шығыпты. Алдында сапырған теңіздей
бұйраланып құмдария жатыр. Шегі мен шеті көрінбейді. Қызылқұмның бұл тұсында
өркештеніп шығып тұрар нар шағылдар, деңбек жалдар жоқ. Осындай бірінен бірі
еңсе асырып жарымайтын шиыршық-шиыршық құм бұйраттар. Көкжиекке дейін көсіліп
жатқан ұлан-асыр құм-жазира түгел көрінеді. Бірақ сол құлазып тұрған ұланасыр
өлкеде ербең еткен қара жоқ. Не сақалын тарап желкілдеп тұрған шөп жоқ. Не
сойдиып-сойдиып шығып тұрған сексеуіл, жүзген жоқ. Олар жоқ болған соң
теңкиіп-теңкиіп көлденең сұлап жатқан томар да жоқ. Тап мұндай қара жасырар
ңалтарыстан да ада түлдыр жерде аң не бітіріп жүрсін! Аңы жоқ жерде аңшы не
бітіріп жүреді. Бұныкі тек бір есек дәме дағы!..
            Онсыз да зілдей бойы одан сайын
батпандап астындағы атын тілерсегіне дейін құмға малтықтырып кері қайтты. Сонда
пәлен күннен бергі сай сүйегі сырқырап қамырығып жүргені кімге көрінді? Апырау,
ана жолғы шамырыққаны нағып соған көрінді екен?! Өйтетіндей ол кім болыпты
сонша!..
            Басы омырауына түсіп кеткен салт
атты қыз қабағы салбырап ауылына оралды. Жақындай беріп үйінің белдеуінде
тұрған бейтаныс аттарды көрді. Ер-тұрмандарына қарағанда бай ауылдан, бар
ауылдан шыққан түрлері бар? Тағы кім мертікті екен? Тағы кім аяғы салаңдап,
қолы былғақтап бұны тосып мұңдар боп отыр екен.
            Есіктен кіріп келгенде төрде
отырған бес-алты бейтныс еркек орындарынан ұшып-ұшып тұрды. «Киелі қыз» дегенге
аруағынан қорқып кеткен шығар.
            Шалбарланып, бұрымына бұрым қап
салып, басына түлкі тымақ киіп, қолына дойыр қамшы ұстаған сымбатты қыз
тостағандай ала көзін төңкере қарап кіріп келгенде шынында да сұсты еді. Қазір
ол айбары қыз күніндегі еркелігімен бірге кетті ғой!...
            Бұл қазан-аяқ жақтағы әкесі мен
шешесінің арасына тізе бүге бере әлгі қаздиып-қаздиып тұрған алты еркек
құлақтарына дейін қызарып отыра-отыра кетісті.
            Қоңқақ мұрын ат жақты жүн қабақ
түрікмендер тақілеттес Сүйіндік батыр оқыс мырс етіп қызына бұрылды.
            - Бұл меймандар мына Адам ата
бойына кеп қонып жатқан төрелер ауылынанбыз дейді. Бұйымы сенде көрінеді.
Өздері айтсын!
            Алты еркектің ортасынан біреу:
            -         Шырағым бізді Әбілқайыр сұлтан жіберіп
еді.
            - Сықат кім?
            - Сұлтанның өзі.
            - Оны қарайтындай менен басқа
балгер табылмағаны ма?
            - Қайдан білейік, бикеш. Әйтеуір
сізге барыңдар деді. Қыз иығын тартты. Пәлен күннен бері жауырыны құрысардай
сұлтан қай бір бұның екі туып бір қалғаны еді.
            -Сырқаты не екен? Сынық па, мертік
пе?
            - Ол арасын бара көрерсіз.
            Бұлары қолқадан гөрі бұйрық
сияқтанып кетті.
            Қыз белін шешпеген күйі жолға қамданды.
Қасына тетелес тентек інісі Мырзатайды ерте кететін болды. Әйтпесе мынау
сойдауылдай алты еркекке жаңғыз өзі еріп жүре беруге қымсынды.
            Төрелер ауылы былтырғы қыстаған
көңдерінен бір көштей аулақ жайдақ құмақта күн суытқанша малдың бауырын ескі
жұртқа қапалатпайық деп шегіне қонған екен. Төре ауылы болғанмен қазақтың
былайғы бай ауылдарынан асып бара жатқан айдыны байқалмайтын орташа ауыл. Әуелі
он-он үйден бөліне қонған отыз шаңырақ кеңге таман еміне жайғасыпты. Одан
әріректе андыздап алты-жетіден бөліне қонған жалпы қарасы алпыстай бар үлкен
ауыл қылаңытады. Екі ауылдың ортасындағы құрағы сарғайғанмен жантағы көкпеңбек
тығырық тепсеңде ақ жұмыртқадай алты үй тұр. Сұлтандар мекені сонда екен. Ауыл
сыртына жақындай бере бұның серіктері аттан түсті. Інісі мен Бопай да
тізгіндерін тартты. Жол серіктерінің бір-екеуі кеп қолтықтарынан сүйеп, аттарын
алып қалысты. Олардан он шақты қадым шыға бергенде ортадағы ақ үйдің сыртында
тұрған бес-алты адамның екі-үшеуі бөлініп алдарынан шықты.
            - Шаршамай жеттіңіз бе, бикеш?
            Бопай тымағын бұлғаңдатып күле езу
тартты да, тіл қатқан жоқ.
            Үй сыртына келгенде тосып тұрғандар
да екі-үш басып бұларға жақындады.
            Орталарындағы ирелеңгеден біреу:
            - Ә, Бопай деген қарындасымыз осы
ма? - деді. Бопай қолын кеудесіне апарып, басын иіп тағзым етті.
            Жүре ғой, шырақ...
 
            Сонда ғана аруағы астам төре
шаңырағынан аттағалы тұрғанын сезіп тізесі қалтырағандай болды.
            Бір еркек үйдін есігін арқасына
салып жол нұсқап тосып тұр екен.
            Бопай бойын жинап, сыпайы еңкейіп:
            - Біссмілә, - деп табалдырықтан
аттады.
            Сегіз қанат орданың ішінде
қызылды-жасылды жиһаз жоқ. Қақ төрге ортасына қалқанды іліп бас қаруды
қаз-қатар қойыпты. Керегенің басында барыстың, жолбарыстың, арлан бөрінің
терілері салбырайды. Содан басқа жиһаз, әшекей көзге түспеді. Оң жақтағы
қоқырайған-қоқырайған екі-үш құлжаның мүйізіне күмістелген бұқары мылтық,
қоқаны мылтық, орыс мылтық күлдірмамай ілініпті. Сұлтанның үйінен гөрі аңшының
баспанасына келіңкірейді. Төр мен қазан аяқтың аралығына қойылған талтайыңқы
сүйек төсекте ағараңдап біреу жатыр. Төсектің бас тұсына қалы кілем төсеп, құс
мамықта, отырғаны да, жатқаны да белгісіз, жамбастай сұлап бір сар өңді ақ
самай мама қатын жайғасыпты. Аяқ жағында бөлек кілемде шөкелеп сүйек басы
жіңішке қара торы жас әйел отыр.
            - Ә, шырағым, жеттің бе! - деді
мама қатын көмейіне қоңырау байлағандай күмбірлей сөйлеп.
            Бопай үндеген жоқ. Соңына еріп келе
жатқан иреңдеген мосқал еркек:
            -Кешікпей жеткені жақсы болды, -
деді, сосын аяқ жақтағы қара торы әйелге бұрылды. -Бар, Ділмұхамбет жылап
қалды...
            Жас әйел лып көтеріліп шығып кетті.
Бопай соның орнына тізе бүкті.
            Әлгі самбырлаған имек қара енді
мама қатынға бұрылды.
            - Көзін ашпады ма?
            - Көзін ашпақ түгілі кірпігін де
қақпайды. Баяғысындай қатты жығылды, - деді.
            - Апырай, сол бір оқтың қағындысы
бар білем. Керейіт Әжі де, Мүқамбетжан қожа да: «құдай сақтағанда, ұшына
тимепті. Жазылады. Бір жылға дейін найза шанышпай, садақ атпай жүрсе, қалпына
келеді» деп еді. Қалпына келгендей де болып еді. Одан бергі жорықтарға барғанмен,
қолына қару ұстамай ләшкердің ұрысына бас-көз болып жақсы жүр еді. Бүгін
таңертең
ертелетіп садыр Жомарттың
ауылынан қалай оралды, солай мынау төсегіне жетті де жығылды. Содан үнсіз.
Басын жастыққа салып жатып, бар айтқаны: «Қалжырап қалыппын. Осы ұйқымнан дұрыс
оянбасам, Бөкен тауындағы Сүйіндіктің балгер қызын алдырыңдар» - деді. Сосын
оянғанын күтпестен-ақ, шырағым, өзіңе ат ұшырттық.
            Ирек қара қапылып сөйлесе, жалқын
сары мама қатын әр сөзін батпақтан сүйреп шығаратындай нығыздана, нығырлана
сөйледі.
            - Тайланның айтуынша, ол ауылда да,
жолда да, көңілге дік алатындай ештеңе іше қоймапты. Өте көңілді жүріп, көңілді
жетіп еді дейді.
            Ирек қара артына бұрылып еді. Тау
тайлақтай өңкиген біреу мойынын созды.
            - Иә, солай. Қанша күннен бері
сұлтанның қабақ шытқан жерін байқамадым.
            Үй-ішіне астау басына үймелеген нар
түйедей қаңқиған-саңқиған еркектер толып кетіпті. Бәрі бұған ентелей, едірейе
қарайды. «Не дер екен, не істер екен?» - деп тықыршып тұрғандары беп-белгілі.
            Бопай қасына тым тақау тұрған имек
қараға:
            - Біреу-міреу түндікті
түсіріңкіремес пе екен? - деді. Имек қара артына бұрыла бергенде, есік жақтағы
біреу:
            - Бұлардың жарықты жақтырмай
тұмшалана келетін әдеті ғой, - деп бір күңк етіп сыртқа шықты. Түндік еңкейді.
Ық бетте ғана пышақтың жүзіндей сығырайған саңылау қалды.
            Бопай тағы да тамағын кенеді.
            - Жалпы үй ішінде, үй маңында ешкім
болмағаны дұрыс. Ит үргізбей, жылқы кісінетпей, бала-шағаны да көп дуылдатпай,
екі-үш күн тыныштық, саябыр тауып бере алсақ, сырқат кісіге тіптен жақсы болар
еді. Көмек
керегіп жатса өзім айтарымын.
Анда-санда хабар алып тұрарсыздар. Бірақ, ішке кірмей, үй сыртынан тамақ
кенесеңдер жеткілікті. Керек болса, өзім жауап қатам. Жауап қатпасам, көмек
керек болмағаны.
            Жұрт тілін жұтып қойғандай
үн-түнсіз тараса берді.
            - Шырағым, әуелі құдайға, сосын бір
өзіңе сендік, - деді имек қара бәрі бір самбырлай сөйлеп шығып бара жатып.
            - Қарағым, ас-суды қайтеміз, - деді мама
қатын орнынан ыңырана көтеріліп.
            - Жаңағы мен келгенде осында
отырған құрбым бір соғып кетер.
            -Жарайды, - деді мама қатын
боздаған інгендей күмбірлей тіл қатып.
            Бұл сыртқа құлақ тігіп біраз
отырды. Жұрт аяғы басылған соң барып үстіне адам жатпағандай, әншейін сәнге жүк
жинап қойғандай айыр құлақ төсекке жалт бұрылып еді, көзі шарасынан шығып кете
жаздады. Тілі де байланып қалған. Қапелімде жұтына алмады, сыртқа шыға алмай тұрған
өз деміне өзі тұншығып қалғандай. Көзінен ыстық бұршақтар секіріп-секіріп
кетті.
            Төсекте шалқалай жатқан - баяғы
бейтаныс аңшы жігіт.
            Содан, міне, бұл осы ауылда тұрып
қалды. Содан бері Сүйіндік ауылы Бөкентауды берілер мен арқарларға тастап, осы
ауылмен ірге ажыратпай бірге көшіп, бірге қонатын болды. Соған арланатын асау
төркіндері: «Қара орман қара жұртынан қол үзіп, рулы елімен ұзатылған қыздың
шаңырақ артқан түйесіне мініп кеткен төре тұқымының төбеті саритын жерден
алыстап көше алмайтын жаман адайлар» - дейтін болды. Жұрт содан бері Сүйіндік
балаларын былайғы «тентек адайдан»бөлектеп «жаман адай» атандырды.
            Содан бері Мырзатай апасы мен
жездесінің изеген иегінің астында, сілтеген қолының ұшында.
            Содан екі жыл өткізіп Нұралыға
жерік болды. Сосын-ақ бұның толғатқандағы жамбас сүйегінің кеміріліп кете
жаздайтынынан басқа тұла бойында ештеңе сырқырап, ештеңе құрыстамайтын болды.
Содан бері анда-санда Әбілқайырдың талмасы ұстағанда саусағын сипап, шекесін ысқылайтыны
болмаса, қолын сырқат кісінің тәніне тигізіп көрген жоқ.
            Содан бері қанша жыл өтсе де, хан
ие екеуі бір-бірінің өткен-кеткенін де, не істегелі жүргенін де тінткілеп
көрген емес. Сұраспай білісіп, үндеспей ұғысатынды үрдіс түтты. Хан иені
қайдам, бұл күйеуін сол үшін де ардақтайды. Ол үшін жанын қиып беруге бар. Хан
да мұның назары сынатындай, бәсі түсетіндей рай танытқан емес. Бұдан бұрын төре
тұқымынан алған әйелі бала үстінен өлгесін екі-үш жылдай түл жүріпті. Сосын бұл
тап бопты. Одан бері талай бағы озып, басына талай күн түскенде қазақ
арасындағы ызғындай төренің талайымен көңіл тату болам деп талай рет кіндік
матасқанмен, өзінің басын матаған емес. Баласына төреден талай қыз айттырды,
төреге талай қыз ұзатты. Бірақ, төреден әйел үстіне әйел алған жоқ. Астам
тұқымның қызы бұның бағын, абыройын тапап кетер деп сескенгендей. Жаудан түскен
тұлымдыны да соңындағы батырларына бөліп беретін. Тек соңғы жолы, Доржы мен
Лобжы ұлысын шапқанда ғана өйтпейді. Баяғыда Мәмбет мырза келгенде мал берем,
қыз берем деп жолдан тайғызбақ болған жады қылықтарына қитықтанды ма, қолынан
тізіп берер жылқыларын өрісінен қуып, есігінен аттандырып берер қызын ат
үстінде іргеден суырып әкетті. Бұны нәпсіқұмарлықтың емес, намысқойлықтың жолы
деп ұқты. Сондағы алынған үш мың қаракөктің екі мың жарымын жұртқа үлестіріп
беріп, жарты мыңын жау жақтағы бұның төркінінің өрісінде ойнақтатып қойды. Ол
да кеше басынбақ болған жаудың сағын сындыратын қыры шығар. Уыз тақымын ердің
қасына қажатып, тайдай тулатып атқа өңгөріп әкелген етегі ашылмаған сұқсыр
қызға аттай он айда арландай ұл таптырды. Қазір екіге шығып, Әділмен бірге
таласып еміп жүрген ерке күшік - сол Шыңғыс. Жаудан түскен жаудыр көз тоқалды
дұшпан қайын жұрттың құлағын қажап жатсын деп басқа ат құрығандай Күңбике деп
ататып еді. Шыңғыс туғалы бұл өзі сорлы бейбақтың онсыз та түсіңкі назарын
тіптен жер қылмаймын деп Күнбике деп айтқызып жүр.
            Ол жолы да бұл: «Хан ием, бұл қай
қылығың?»- деп көрген жоқ. Отауын өзі тігіп, төсегін өзі салып берді. Үйіндегі
дүние жиһаздың салихалы кісілерге лайық сарала, қоңыраласын өз төрінде
қалдырып, қызғалдақтай құлпырған жасқа лайық қызылды-жасылдысын соның төріне
көшірді. Күндесіндей емес, ұзатар қызындай қып күлтелеп ұстап отыр.
            Бұл дүниеде Әбілқайырдың ұпайы
түгенделмей, есесі кетіп жүрген жері, әрине, көп. Ал Бопай ше... Бопай үшін
бәрі олжа. Тіпті баяғыда сырбаз сұлтанды құм арасында сенделтіп қойған семік
қол да олжа... Армандатпасты алдыңа әкелген, қиялдамасты қойыныңа түсірген
сирек сәт, сирек бақ... Өзіне өз көзі, өзіне өз тілі тиіп кетердей, іштен
«тіфәлап» қояды. «Бақсы - құшынаш боп, басы шайқақтап, сарнап кетем бе!» - деп
қорқушы еді. Құдай сабасына түсірді. Сақарып кеткенде етегім ашылып, пұшпағым
қанамай қояр ма екен? - деп сескеніп еді. Мырза құдай, міне бес ұл, бір қыздың
төбесін көрсетті. «Төреден күндес келіп, төбемді тесе ме!» - деп уайым шегіп
еді, хан иеге тәңірім еркектерде ұшыраса бермейтін сирек қанағат беріпті. Әлге
дейін көңілде жаңғыз-ақ күптісі бар. Намысқой еркек шіркін ауызы бір қызғанда:
«Маған келгенде етегің түріңкі екен. Қасыңа менен бұрын кім жантайып еді», -
деп қалса көлденең тосар тойтарысы да бар. Сонау бір сандырақ түнде түсінде
кімге үздігіп, кімге елтіп жүргенін ол айта алмас еді, ал бұның жауаптан
мүдірмеске тәуекелі бекем. Бірақ хан ие ондай күмәнді бұған дейін ауызына
алмағанда бұдан кейін алар дейсің бе! Бұл тек алтын басты асыл тектім құдайдың
бұтін көңілін білместікпен қолдан ойып жыртық өкпе жүрген жоқ па екен деген іш
күдіктен қысылады. Бұған істеген тілсіз жақсылығының бәрін: «Бетіңе салар
салығым болса да, кештім», - деген әдейі пейіл, әдейі жомарттық па деп қалады
кейде... Бірақ, бір құдайдың әділдігіне, өзінің адалдығы мен зайыбының ақылына
сенеді. Сенеді де әлі түгел өшіп болмаған сол бір шаланы ұмыт күндердің
сусылдақ құмына көме түседі.
            Бопайдың ауызына «тәубе» түспей
ұйықтап, «шүкір» түспей оянған күні жоқ. Әлі де сол «тәубәсі» әлі де сол
«шүкірі». Бірақ Ералыжан Петерборға есен барып, есен қайтқалы бері тон ішінен
сауыт кигендей бекем жүрген көңілі соңғы бір мәжілістерден кейін қайтадан
секемшіл боп бара жатқандай...
            Ондайда осы дәуренін ақылдың
таразысына тағы бір тартып көріп, көңілдің арқауын тағы бір ширатып алуға
тырысатын. Қайдағы-жайдағыны еске алып, алыс-жақынды тағы бір шолып шығатыны да
сондықтан.
            Ондайда бұл барша тіршілігінің туын
көтеріп келе жатқан күйеуінің әр сөз, әр қылығын әр қадам, әр құлығын қағыс
жіберіп, қате ұғынған жерім жоқ па деп қиналады. Ол мүкіс жіберіп қояды екен
деп қысылмайды, өзім олқы соғып, ол ойлаған шаруаға ойдай зияным тиіп жүрмес пе
екен деп қорқады.
            Ана жүрек «аманат» жайын естігенде
індегі бөлтіріктерін аяп темір қайзалап арпалысып кететін қақпанға түскен
қаншық қасқырдай бұлқынғанмен, соңғы суық сөзді суыт меймандардың мәжілісі алаң
көңілін тағы да үйреншікті сабырға, ширақтыққа шақырғандай еді.
            Көш жөнекей бабы табылмай аттың ері
мен түйенің қомына тікен шыққандай бөксе басып отыра алмағанының да сыры
сонда-тұғын.
            Қазақтың еркегі малын жанының
жолына, жанын арының жолына, арын елінің жолына қиятын болса, ұрғашысы соның
үстіне ішінен шыққан баласын қосып, бәрін ерінің жолына қияды. Ал бұл жанның
төлі түгілі малдың төлі қарыны ашып зарланса, қосыла көйгейлеп кететін көшпелі
жұрт үшін қандай қиын тәуекел екенін басқа білмесе де, Бопай білетіндей болған.
Қатын-балам деп елін сатқан еркек қандай қарабет болса, тіпті елінің жолында
ерін сатқан әйел сондай қарабет...
            Бопай да осы жолы Әбілқайырдың тағы
да басына Бұлт, қабағына сыз айналардай салқын сес бой көрсеткенде аманат жайын
уайым қылғанына ойсырай қиналды. Құдайдың құлағына шалынып қалдым ба деп
қорықты. Қызылқұмнан Сары Арқаға дейін ұзақ жолда қанша әулие кездессе де,
тұсынан жұртты көлігінен түсірмей, басына барып құран оқытпай, садақа
байлатпай, құдайы айтқызбай өткізбей келеді...
            Сонда да көңіл шіркінде нысап жоқ
екен ғой. Бүгін түнде түсіне Ералы кіріп жүр. Бұлар іште сары табаққа салып ап
сары сазандай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз жеп отырғанда, ол түрулі
іргенің тұсына келіп, көзін сатып, қолын жаяды. Бұлар оны аяп қолдарын қанша
созса да, іргеге жетпейді. Үйдегілердің қайырынан күдер үзген Ералы отыра
қалып, топырақтың астына қолын сүңгітіп, бұлқынтып саршұнақ па, борсық па
бірдеңе суырып алып шығады. Жаңағы олжасын бауыздамай, іремей, тыпырлатып,
тырнағын қадап, жайратып жатады. Әлгі немесінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт
ақтарылып жатады...
            Селк етіп оянып кетсе, басы
мең-зең... Бет-аузы жоса-жоса жас. Ұйықтап жатып жылап жатыпты. Әлденеше рет
кәлимасын қайырып, әлгіндей бір сәлекеттеу түсті жақсылыққа жорып бақты.
Баяғыда Әбілқайыр алғаш бұның төркінінің табалдырығынан аттағанда, бұл өзі де
түсінде босағада жайратып арлан бөрі сойып отырмап па еді... Одан да қан ақпай,
сүт ағып жатпап па еді... Арты жақсылық болып еді ғой соның... Мұның да арты
жақсылық шығар... Ләйім солай болғай...
            Содан қайтып ұйықтаған жоқ. Содан
бері, міне, құр сүлдерін көтеріп әрең жүр. Әділ күшіктің не тауып, нәрем алып
жатқанын өзі білсін. Ал бұның омырауына дейін сарқылған қайнардай бедірейіп
алыпты. Бұрынғыдай сал-сал тебіренбейді, саулап иімейді.
            Қай тарапқа жанары түссе де,
ықыласы құламай, мынау мың-сан көріктің басын қосып, көлкіп тұрған көктемгі
дүниеге де әншейін аз күндік арзымсыз нәсібенің тұсынан өтіп бара жатқан
сүпыдай салғырт көз тастайды.
 
            Бар назары пәлен жыл бойы бір
көрмеген баласын тасасына тығып, тымырайып жатқан теріскейдің сонау қатыгез
адырларында.
            Бар назары сонау күйеуін осында
келгелі бір түнетпей ауылдан-ауылға, рудан-руға қондырып, қолды қып әкеткен күн
шығыс беттегі Ырғыз бен Торғайдың кең түбектері жағында.
            Бар алаңы - сол екі тараптың
қайсысынан қара шоғыр бұрын көрініп, бұрын кеп кермеге ат байлайтынында.
            Екі жақтан келетін хабарды да
елеңдей тосулы: Көктеуден көш көтерілетін күні Орға баратын елшілік атқа
тақымдарын салған. Суыт барып, суыт қайтатын ол топтың ендігі оралатын да кезі
боп қалды. «Жолаушының кешіккенінен дәмет» деуші еді. Бұл жолы Бопай олар
кідірген сайын қолды-аяққа тұра алмай жүр. Ал көрші Орта жүзге кеткен хан иенің
де тап былай көсіле шалқып көп кідіріп жүріп алар жөні жоқ-тұғын. Орыс ұлығынан
кісі шақыртып отыр. Олар мұнда бағыт түзесе, иесіз ордаға кеп не бітіріп
жатады? Соны білетін хан неге асықпайды? Әлде Ор бойының хабары ол жаққа бұрын
жетті ме? Анада шақшақ Жәнібек пен шақшақ Бөкенбай да Орға кісі жібереді деген.
Олары елдеріне қайтып: «Тап онша алып ұшатындай ештеңе жоқ, асықпай-ақ
қойыңыз», - деді ме екен... Не де болса, көп ұзамай Қайыңды Ырғыздың бұл
тұсында жиын көбейеді. Хан ие де ол сый тараптан қонақсыз қайта қоймас. Баяғы
башқұрт шапқыны тұсында әбден жарасып кеткен Жәнібектің бұл ордадан дәм
татпағанына да көп болған. Хан ақылдаса барған боп, шақыра да қайтуы мүмкін.
Бұл жолғы жиынға күллі ұлыс жиылмайды. - Ру түгендесіп, тұқым түгендесіп
жатпайды. Ор бойынан келетін хабаршылардың ауыз-ләмін тыңдап алғасын,
ақылдасуға қанша кісі, қай ру, қай тарап керек болса, соншасы ғана шақырылады.
Бірақ, одан бұл жиынның салтанаты төмендемеу керек. Бәрібір, айдын асырып,
абырой жиып қалатын жер. Әбілқайырдың көш жөнелер алдында өзін, Нияз сұлтанды,
Мырзатайды, Бәйбекті бөлектеп жинап айтқан тапсырмасынан Бопайдың аңғарғаны
осы.
            Хан әсіресе орданы қай жерге
қондыру, қалай орналастыру жәйін көп бажайлады. Баяғы Мәмбет келіп-кететін
жылдардағы ырың-жырың жырғалаңнан есен құтылып, ес жинағалы бері Әбілқайыр сырт
айбат, дұшпан көз салтанатқа да кеп мән беріп жүр. Оның ордасы үш-терт жыл
бұрын тап мұндай ажарлы, тап мұндай салтанатты емес еді. Қазір, міне, Қайыңды
Ырғыздың таудан бөлінер тұсындағы бұйра жынысы, майса көгалы, тұнық тұмасы мен
лайытпай мөлдір ағатын өзен-өзегі көп бірнеше жотасы мен қолатын бір езі
толтырып шаһарша шашырап жатыр.
            Орда сонау ойпаңда жатқан ту
түбектерге күзге салым құлап, шілде өткенше осылай тау бауырлап көшеді. Бұл
арада құм арасындағыдай қапырық жоқ. Ірге тұрсең, желкеңнен соғар самал лебі
бар. Бықынажай ел арасы емес, оңаша. Уфа мен жаңа салынып жатқан орыс шаһарына
бір табан да болса төтелеу. Қазір де, міне, осы маңайдағы ең биіқ ең көрікті
жалдың басына келіп қонды. Қақ ортаға оң қанат төрт үй бір-бір керегенің орынын
ашық тастап, бір-біріне тіркестіріліп майхана қылып тігілген. Майхананы бір
жағынан ханымдардың қонақ қабылдайтын үйлері мен жатын үйлері, екінші жағынан
келген меймандардың хан иемен оңашалап жолығып сұхбат жасайтын сәлемханалары
шырқ айналдыра қоршай орналасқан. Қазақтың өз арасы мен көрші ұлыстар, қалмақ,
башқұрттардың алдын-ала хабар салмай, төбеден түскендей төтен келім-кетіміне арнап
тігілген өзір үйлер майханадан дауыс жетім жерге бөлек жайғасқан. Олар мен екі
ортада бас төлеңгіттер, күзет сардарларының үйлері. Ал патшадан, қонтайшыдан,
торғауыт ханы мен Хиуа, Бұхардан әдейілеп келетін елшілер алдын-ала үй тігіліп,
кілем жайылып, қозыкөш жерден нөкер шығып қошаметпен қарсы алынады. Жәнібек
келсе, жәй ру басыларына, атақты батырларға, ата билерге жасалатын құрыметтен
де өткен сый, тіпті тақсыз сұлтандардың өзінен асырып, хан көтеріп қарсы алу
қатты тапсырылған-ды. Оған тиер орын таза ұсталып, оған тігілер үйлер іріктеліп
өзір тұр. Келеді деген хабар тиісімен-ақ, түске дейін самсатып тігеді де
тастайды. Өз ұлысында шамалы сұлтаныңды менсінбей, ханның өзімен иық таластыра
шығып келе жатқан ел ұлыстарды ерекше елеп, қастерлейтін тұс осы тұс. Орданың
тағы бос тұрған тұсы. Тек марқұм Сәмеке хан келем десе ғана көрсетілетін сый
соған көрсетілу керек. Ол көрген сыйды қазіргі Әбілмәмбет, Барақтар көре
алмайтындай қып торықтырып істеу керек. Мұндай сыйды дәметсе Күшік қана дәмете
алады. Ол да төрелігін бұлдап емес, құдалығын ғана бұлдап дәмете алады.
Жәнібекті бұлай ұлықтауының да мәні болса керек. Шамасы, ол Жәдік тұқымына
қылған қыры. Орта жүздің тізгін ұстарларынан менің төбеме көтеретінім осы!» -
дегені.
            Хан иенің көмей есебін аңғарған
Бопай, осы елге арғыннан түскен бірер келінді тауып ап, күйеулерін ертіп,
төркіндетіп жіберді. Олар Жәнібектің өз тұрмысын көріп, астан, дәмнен, сыйдан
нені жақсы көретінін естіп, біле келмек.
            Ордадан көзге түсетін көрнекті
орындарға Әбілқайырдан қысы-жазы ірге ажыратпай, бірге көшіп, бірге жайлайтын
еншілес сұлтандардың, одан бір табан жыраққа Бопайдың төркіндерінің ауылдары
қонады. Олар да жамыраған төлі мен маңыраған малының, үрген иттерінің дауыстары
жетпейтіндей боп жырақ отырады. Меймандардың аттары байланатын кермелер де көз
көрім жерге алыс тартылған.
            Бұндағы шаруаның бәрі сақадай сай.
Тек Бопайдың алаңдайтыны - екі тараптың екеуінен де ешқандай сыбыс шықпай
тұрғаны.
            Алдымен Ор бойынан хабар жетті.
Елшілік жолда келе жатқан көрінеді. Бәйбек өзі меймандардың қасында қалыпты.
Ордаға: «Хан ие Орта жүзден оралды ма екен? Оралмаса, хабар тигізу керек. Ол
келгенше, мен де асықпай, мыналарға жол-жөнекей ел көрсетейін. Ауыздарын ашса,
анау не, мынау не деп сұрамайтыны жоқ әуейі немелер екен. Сол ындындарын да
біраз қандыра барайын», - деп Итжеместі шаптырыпты.
            Үш баланың әкесі болғанша, инабат
біте қоймаған Итжемес жер түбінен ит қуған ешкідей тілі салақтап жетіп кеп,
төлеңгіттің сәлемін бір сөзін өзгертпей сол қалпында қайталап айтып беріп,
Бопай бәйбіше енді не сұрар екен деп, ауызына қарайды.
            Ханым оның не сөйлеп отырғанын
естімегендей бажбия қапты. Әлі де бірдеңе естігісі келетіндей. Бірақ мынау
салпы ауыз жігіт кемейіне біреу құм құйып кеткендей үндемейді. Басқа шабарман
болса, не көріп, не қойғанын лақылдатып төгіп бағар еді. Ең болмаса, баласын
көптен көрмей зарығып отырған анаға ол жайында бір ауыз сөз айта кетуге ақылы
жетеді ғой. Хан мұны несіне қызығып, осындай барып кел, шауып келге жұмсап жүр?
Әлде айтып бар дегеніңнің бір сөзін алмайтын да, қоспайтын бір ауыздығына бола
ма?!...
            Не де болса, баяғыдай емес. Ылғи ит
жұлған торғайдай боп жүретін үсті-басы түзеліп қапты. Ылғи жалақ-жалақ
айғыз-айғыз боп жүретін бет-аузына шырай жүгіріпті. Өзіне әлгі бір сары қатын
қүт боп жолыққан. Жұрт: «Салпы ауыздың сар қатыны итше күшіктеп, ауылымызды
өңшең бір жарғақ құлақ жалқан сарыға толтырып жіберетін түрі бар. Оған бір
тыйырым табылмаса, көп ұзамай, бір рулы елге айналады», - деп шуласады. Қай
ұрғашының да іші бұлтиғанына қуанбаса, ренжімейтін қыр салтында сары қатынға
тыйырым ңайдан табылсын! Қазір Мәриям тағы да ішін теңдеп алып, ырс-ырс етіп
өзер жүр. Бір кездегі жұлма тұлым жұпыны қыз қазір сауырына бір үйір жылқы
иірсең де сыйып кететіндей жайқалған жалпақ жон сары бәйбіше. Жайнақтаған
көзінің өзі-ақ талайдың көкірегіне құрт боп түсіп, қылжақбастар: «Патшадан елші
шақыртам деп, Әбілқайырдың не тапқанын өзі білсін! шын олжалы осы Итжемес. Екі
жыл бойы хан ордада қаңтарылып елші жатып алмағанда, мұндай салпы ауыз немеге
тап мынандай қатын қайда? Қызылын қызыққан керіп, қолды болып кетпес пе еді!» -
деп пыш-пыштайды деседі. Ондай-оңдайды елеп жатса, Итжеместің аты Итжемес болар
ма еді! Қашан көрсең, қаперінде ештеңе жоқ, ыржия күліп жүргені. Ертелі-кеш
Бәйбек төлеңгіттің қасынан шықпайды. Өйткізіп қойған және басқа ешкім де емес,
хан иенің өзі. Онда тұрған қандай гөп барын бұрын Бопай да сөзбейтін. Енді-енді
аңғарып келеді.
            Әбілқайыр әдетте мұндай суыт
жүрісті сырт шаруаға Құттымбет, Сейтқұл, Қарабас сынды ысылған елшілерін, не
балдызы Мырзатай сынды базаршыларын жүмсайтын. Кейінгі кезде Уфа жақтағы
шаруаға көбіне-көп Бәйбекті қолайлайды да тұрады. Қазан-аяқ төңірегінде
жалап-сұқтап қалған жылмаңтөс жігіт әлгіндей шаруаларды оңқай асықтай үйіріп
әкетті. Ұлық десең ұлықтың, саудагер десең саудагердің тілін оңай тауып жүр.
Бұрынғы елшілер - хан иенің өңшең ілік-шатыс жекжаттары. Қазақ арасында қадірі
мол сыйлы адамдар. Олар қайда да өз бастарына лайық құрмет іздейді. Көрген
қошаметтері көңілдерінен шықпаса, көкіректеріне сыз жиып, ойсырап қайтады. Оны
тағы барған жерлерінің пейілінен көрмей, жұмсаған адамдарының кембағалдығына
жориды. Сондықтан оларды, қанша дегенмен, әдет-ғұрпы жақын мұсылман ордаларына,
қалмақ арасына жүргізіп-тұрғызады да, әлі сыр мінез бола қоймаған бір ені
ішіндегі орыс арасына ондай-ондайды ойына ала бермейтін жаттекі Бәйбек пен
жабытекі Итжеместі жүгіртеді. Ол екеуі тамақтарының тойғандарын біледі,
шаруаларының тынғанын біледі, қалған жағына қапа болып жатпайды. Былайғы
қазақты жұмсасаң, ертең елге оралғасын: «Көрмегенім қала болсын! Тым құрығанда,
асықпай-үсікпей еркін жайылып, түзге де отыра алмайсың! Сиыр құсап кебек жалап
атым, ит құсап шылдыраған шәкір шайма бірдеңені нәрем етіп өзім көресіні әбден
көрдім. Әйтеуір, етімнің тірілігінен өзер аллалап елге жеттім. Менен басқа
жаман-жұманның бірі болғанда орыс кеңсесінің қарағай қақпасының алдында
әлдеқашан арам қатар еді», - деп бұлданып бітеді. Мына орақ мұрын төлеңгітте
оның бірі де жоқ. Ешқашан ештеңеге шағынып керген емес. Қайта бес-алты ай жол
түспесе, күйісі келіспей жүрген малдай ұнжырғасы түсіп кетеді.
            Ал енді: «Атыңды ертте, қалаға
соғып қайтасың» - дегенде, қайынына ұрын барғалы тұрған бала күйеудей екі беті
бал-бұл жанып алабұртып қоя береді.
            Итжемес те нағыз іздегенге сұраған.
Оған да тап пәлендей бап пен сыйдың қажеті шамалы. Ауылда да қайбір жабағының
шекесін, бағыланның басын ұстап қарқ боп жүр! Қайта сол бозасы мен ботқасы мол
қаласының өзі дұрыс...
            Ауылға кеп, ай жатқасын-ақ:
            - Байеке, құмалақ ашпадың ба? Жол
түсіп тұрған жоқ па? Ертелі-кеш айран-шалаптан басқа нәр көрмей, ішім қатып
қап, ауылдың ық жағының шөбін бір езім түбірімен жұлып тықырлап бітуге
айналдым, - деп бас төлеңгітті жағалайды. Ал Бәйбек:
            - Апырай, мына сығыр жыл он екі
айда үйіне ең көп дегенде екі рет түнейді. Соның өзінде сар қатыны бұдан
аумайтын жайдақ ауыз бір томар басты атып салып отырады. Осы екеуінің не сиқыры
бар?! - деп күледі.
            Бұл екеуінің ауылда жүруге жалығып,
жол сағынғандағы әңгімелері.
            Жарайды, хан иенің орыстарға
Бөйбекті жүмсайтындығы тындырымдылығынан болсын. Ал Итжемес ше... Ол сондайлық
қандай ойды орып, қырды қырып жүр. Хан мұндайға одан гөрі жөні дұрысырақ
біреуді баулымай ма екен?
            Оның да себебі бар сияқты. Орыстар
тарапына бара жатқан елшіні «Пәлен шаруамен бара жатыр, түген шаруаны бітіріп
келе жатыр» деп дабырлай алмайсың. Өйткені ол тарапқа тек қолқа саласың. Ол
қолқаңның қалай қабылданары тағы белгісіз. Ондай жерге «Хан иенің пәлендей
шаруасын пәлендей қып бітіріп келе жатырмын», - деп қомпиятын, қоқи елші мен
«Біздің пәленшекең болмағанда бұл шаруаға бұлай бітпек қайда! Қаран су алатын
жерден қайран тапқан сабазым-ақ қой біздің пәленшекең!» - деп оны қолпаштаймын
деп отырып өзін де біраз қырға шығарып тастайтын бөспебай серікті қайтып
жұмсарсың! Мұндай-мұндай алақандай ауызға алты құлып салып ұстар тапсырмаларға
елеусіз елші мен ерқара атқосшы дұрыс. Сонда ғана хабарың шашылмай, етегің
ашылмай бекем отыра аласың. Қазаққа қырық қайнаса сорпасы қосылмайтын қиякелді
Бәйбек қай құрдасына, қай құрбысына барып сыр айтып мақтансын! Бас төлеңгіттің
қандай шаруамен жүргеніне бола басын ауырта қоймайтын Итжеместің балдыр-батпақ
әңгімесін Бұл осқырынба қазақтың өзі-ақ тыңдамайды. Оның үстіне ол неменің
әйелі орыс. Енді Бұл ордаға патшаның ұлығы келмей тұрмайды. «Мұндай тұтқын
әйелді неге ұстап отырсың?» - деп қиқу көтеріп жатса: «Тақсыр, бұл әйелге
біздің ешқандай қатынасымыз жоқ. Оның күйеуі - міне, мына кісі!» - деп
Итжеместі көрсетпей ме! Сонда Итжемес күнде алдарына барып жүрген ескі
көзтаныстары болып шықпай ма!
            Осындай іш есеп бір кезде аяқ
жастанып жүрген Итжеместі де кісі қатарына қосты.
            Енді міне, Бопайдың алдына тізерлей
жүгініп сампылдап отыр.
            - Сонымен неше орыс келе жатыр
дейсің?
            - 
Біз барғанда бүкіл шаһар қуанып, түгел еріп кете жаздап еді, бастықтары
тек тоғызын ғана жіберді. Оның бесеуі - әскер.
            - 
Іштерінде Мәмбет мырза жоқ па? Баяғы біз танитындардан біреу-міреу бар
ма?
            -  
Бар. Сартайлақ бар. Пәлен қайда, түген қайда деп білгендерін сұрап
жатыр. Сосын баяғы боқтампаз Балпақ бар. Ол неменің де біраз нәрсе есінде екен.
Әсіресе қазақша боқтықтарды ұмытпапты. «Мынаның ар жағында неше отар қой
маңырап жатыр?» деп кіндігімді тұрткілеп, әбден ит зықымды шығарды.
            Бопай күле түсіп:
            - Сосынғылары кімдер? - деп сұрады.
            - Сосын тағы үш орысы бар: біреуі
ағылшын, біреуі неміс, біреуі татар.
            - Немене дейсің? Бәрі қанша адам өзі?
            - Тоғыз деп тұрмын ғой.
            - Жә, жарайды. Бастықтары кім?
            - Бастығы бір тентек балаға ұқсап
қолды-аяққа тұрмай жүрген ербеңбай біреу.
            - Оның бастық екенін қайдан білдің?
            -  
Ханым, білмейтіндей несі бар? Қазақтармен сөйлесетін ең шені кішкентай
төменгі ұлық болады. Бұлардың арасындағы біздермен тілдесетіні Құлбай деген
татар. Баяғы Мәмбет мырзаның көмекшілерінің бірі деседі. Ол біздің қазақша
әңгімелерімізді орысшалайды. Оның орысшасын бір Диютырық дей ме, Диюжырық дей
ме, әйтеуір өзі қаршадай болғанмен аты дардай он төрт жасар неміс баласы
шүлдірлеп немісшелеп береді. Оның немісшесіне әлгі елтең-селтең ағылшын
түсінеді. Соған бола осынша арамтер болғандарына қарағанда нағыз дәкейі сол
шығар.
            Бұл - Итжеместің аңғарғаны. Ал,
бірақ Бопай жөнді ештеңеге қаныға алмай отыр.
            - Жарайды. Ералыжанды көрдің бе?
            - Көрдім. Соқталдай жігіт болыпты.
            - Жағдайы қандай екен?
            - Жаман емес секілді. «Сен тамақсау
едің ғой, қарның ашып қалмасын», - деп ауызыма ботқа мен нанды тыққыштап бақты.
            Ханым көзіне жас алды.
            - Не деді?
            - Не десің «Қожайындар-ай, биыл
уызға қарқ болдыңдар-ау» деді.
            - Алла, жарығым-ай! Сен не дедің?
            - Не дейін, «Иә, ханзада, сүт пен
айран көп... Бірақ, мынандай нан мен ботқа таптыра бермейді» дедім.
            Ханым қинала жымсиды.
            Сонымен Итжемес «шаруасын бітіріп»
үйіне кетті. Сол бойда-ақ Торғайға қарай ат ұшты. Бопай ой үстінде. Бастықтары
ағылшын дейді. Бұл білгенде, орыс патшасының жіберер елшісі не өзімен қандас
орыс, не бұлармен кандас башқұрт, татардың бірі болса керек еді. Айдаладағы
ағылшынды жұмсағандары қалай? Түсініксіз жәйт екен. Әлде әлгі Итжемес парқына
бармай айтып отыр ма?..
            Бопай ол дұдамалдың түбіне жетіп
болғанша, хан ат басын ауылға түзепті деген хабар да келді.
            Бөйбек күнде шыққан ауылынан бір
адамды ордаға шаптырып, хабарын айтып жібереді. Олардың әңгімесі де
қиғаш-қиғаш. Біреулері: «Іштеріндегі жөн білетіндері осы екен», - деп Құлбайды
бастық қылып келеді. Біреулері «Мынандай маңқиған марқасқа орыс тұрғанда,
қасындағы анандай селтеңбайларға билік қайда!» - деп баяғы боқтампаз Балпақты
ұлық деп келеді. Не де болса, бәрінің сөзі, шырқ үйіріліп, әлгі бір ағылшынның
жаңғалақ қылықтарының төңірегінен шықпайды. Ол өзі біреудің үсті-басынан
жылтырақ бірдеңе көрсе, бала қыздарға ұқсап: «Мынаны қайдан алдың? Бәсі
қанша?!» - деп жабыса кетеді деседі. Алдыңғы күні қонған бір үйінің ұсынған
қымызының ішінде қылшық жүріпті. Мейманның тіксініп отырғанын байқап қалған
Бәйбек: «Бізде қымыз әрі тез, әрі дәмді ашысын деп, ішіне жылқының қылын қоса
салады», - депті. Аңқау неме тостағанды басына бір-ақ көтеріп: «Шынында да,
дәмді екен!» - деп тамсаныпты. Содан кеше түскен үйінде: «Мынау манағы үйдің
қымызындай тәтті емес. Бұның ішінде қылшық неге жоқ?» - деп дау шығарыпты.
Сүйтіп жүріп өзі анау-мынау ауруды ақ сайтандай қағып түсетін балгер көрінеді.
Өмір бойы екі көзі құтырған иттің көзіндей қызарып жүретін Күдері байды жығып
салып, күлдей аппақ бірдеңе сепкен екен, ертеңіне қолмен жұлып алғандай
жым-жылас жазылып шығыпты.
            Не де болса олардың хабары күн
санап даурыға, дүңкілдей түсті. «Әбілқайырға орыстың патшасымен қоса, оның арғы
жағындағы ағылшын, неміс патшалары да елші жіберіпті», - деген дақпырт жоқ
қараған, қақпан барлаған, бала құттықтаған, ерулік жескен жүрген-тұрғындардың
шалғайына ілесіп, мына бетте Елек, Қобда, ана бетте Есіл, Ертіс арасындағы
талай елдің құлағына шалынып, таңдайларын қақтырыпты. «Бұл сұр сайтанның тасы
өрге домалайын деп тұр екен», - дегізіпті. «Әй, бәсе, жоңғар, Бұхар, Хиуа,
Ташкеннің қыс бойы соған ат сүмеңдетіп шыққаны қайдан тегін болсын. Олар да
осындай боларын біліп отыр екен ғой!» - деп көріпкелдік жасап жатқандар да бар
сияқты.
            Не де болса сол бір дүңк-дүңк
дүдамал хабар келе жатқан елшіліктің де, бұл ауылдағы болғалы тұрған жиынының
да дабырасын біраз ұлғайтып, айбынын біраз асырып барады.
            «Қайдағы қаңғырма біреулер ме, қалай?
Іштерінде дұрыс кісінің сойы көрінбейді екен. Ертең ел алдында: «Елшілері осы
ма?» - деп табаға ұшырап қалмасақ жарар еді», - деп қатты қиналып жүрген Бопай
Әбілқайырдың жайбарақат қабағын көріп біраз тыншыды.
            Хан ие мына даңғой дақпырттың
ауызынан қақпай, онсыз да ел аралап, әбден құмардан шығып келе жатқан бейтаныс
жолаушыларды жолдағы ауылдарға көбірек аялдатып, көбірек қызықтатты.
            Бұл жолы жұрт жатжерлік
жолаушыларға баяғы Мәмбет мырзаның елшілігі тұсындағыдай үрке қарамай, көбірек
жанасып, әр нәрсені бір сұрап, бой үйретіп алыпты,
            Елшілер хан ордаға бір күндік
жердегі кете Тоңаша батырдың аулына жетіп түсетін күні алдынан шығып
сәлемдескелі Нияз сұлтан, Мырзатай, Қожахмет пен Тұяқ атқа мінді.
            Барса - ұзын жалды бір өзі
шүпілдете толтырған кетелер ауылының үсті ығы-жығы. Көрші ауылдар да
тайлы-таяқтары қалмай сонда жүр. Қалың шалғыннан қиқалақтап өзер жүріп келе
жатқан ашық күймені жолдағы елдерден қосылған көп тамашашы қауым қаумалай
қоршап апты. Әйтеуір арасынан Бөйбектің едірейген мұрты мен орақ мұрыны алыстан
мен мұндалайды. Қасында - бес қаруын асынған бес атты казак. Алдарында - жирен
айғырға шалжия жайғасқан жалқын сары біреу. Оның да мұрты серке текешіктің
мүйізіндей селтиіп тұр.
            Делбешінің қасында отырған жалбыр
шаш жігіт анадайдан ырсия күледі.
            Күйме тұсында Нияз, Мырзатай,
Қожахмет, сол маңайдың ақсақал-қарасақалдары самсап тұрған ақ боз үйге жақындап
кеп тоқтады. Әлгі жирен айғыр мініп келе жатқан жалқын сары лып етіп атынан
түсіп, күйменің есігін ашты. Нән етікпен құдды бір жылан өлтіріп жатқандай
жұмсақ топырақты бұрқ-бұрқ тепкілеп, екі екшесін бір-біріне сарт-сұрт тигізіп
біраз жүлқынып алды да, кенет тісі шаншып қоя бергендей, жым-жырт қақшиды да
қалды.
            Күймеден әуелі үстінде тік жаға
қара бешпеті, басында қара тақиясы бар ақсұр адам түсіп, жұртқа күле қарап:
            - Ассалаумағалейкум! - деп қолын
көкірегіне апарды.
            - Әліксәлем!
            Үлкендер сұйықтау үн қатты.
            Жымсия күлген қара тақиялы жолды
босатып, жирен айғыр мінген жирен мұрттың қасына жылысты.
            Енді мойыны қылқиған бір шикі өкпе
бала түсіп, екі беті ду қызарып, басын иді. Олардың қасына, бірдеңеден құр
қалғандай, делбешінің қасындағы жалбыр шаш та жетіп келді.
            Ең соңында барып әлгі ағылшын
түсті.
            Жұрттың айтып жүргені рас екен.
Шынында да, қызық неме көрінеді. Дудыраған ақ селеу шашын жауырынынан төмен
салбырата түсіріп, ұшын бұрым қып өріп қойыпты. Үстіндегі тізесіне жетер-жетпес
шолақ бешпетінің белін қыздардың киіміндей тыңқитып қынап тастапты. Ал, енді
тіз киімі қырғын! Өзін ақ шәйіден тігіпті. Әрі тар. Әрі жұқа. Бұтымен бұт. Ар
жағында не қымтаулы екені бес енеден белгілі боп бадырайып тұр. Жұрт жырқ-жырқ
күле бастады. Алдынан қарасаң Бұлтитып, артынан қарасаң тыртитып, әйтеуір, аты
лыпа, бірдеңе киіп алған әлгі сабаз дәнеңеден хабарсыз. От басқандай ойнақшып
бір орнында тұра алмайды.
            Жөн білетін жолаушы алдымен
ақсақалдарға кеп қол қусырып сәлем берер еді. Ал мынаның жағасы жайлау.
Ыржың-ыржың етеді. Әкелеріне тығылып, жылт-жылт сығалап тұрған қара домалақ
балалардың қасына барып, жер тізерлеп отыра қалып, қалтасынан орамал суырып,
қаспақтанып тұрған тұмсықтарын сұртіп, маңдайларынан сипайды. Таяқтарына
сүйеніп қалт-құлт етіп тұрған қалтақ бас кемпірлердің қолдарына жабысып ерінін
тигізеді. Таңсық меймандарды үкілері бұлғаңдап топқа жақындамай алыстан,
отауларының сыртынан тамашалап тұрған қыз-келіншектерді көзі шалып қап, соларға
қарай жер түбінен жер тізерлей тағзым етіп, өз қолын өзі шөп-шөп сүйіп,
елпектейді де қалады. Жақсылар мен жайсаңдардың алдына сосын барып келді.
Кереметтің көкесі сол арада болды.
            Екі көзі тостағандай боп, бұлтиған
етті еріндері албырай алаулап, маржандай ірі тістерін ақситып, алдарына
жайнақтан жетіп барғанда, үлкендер, қапелімде аңтарылып қалды.
            - Астапыралла, мынау өзі еркек пе,
әйел ме! - деді біреу топ ішінен.
            - Кім болғанда не істейін деп ең?
Аяқтасып бірге ұйықтайын деп жатқан нең бар? - деп екінші біреу күңк етті.
            Мейман оларды одан сайын таңғалдыра
түскісі келгендей, маңдайына қауырсын қыстырған делдиме қалпағын басынан жұлып
ап, жер сыза үш рет ербеңдетіп, мойыны үзілгенше иіліп, қонышын қара санына
жеткізіп, жылтыраған ұзын етік киген ерең-серең аяғын көз ілеспес жылдамдықпен
бір-біріне шалыстыра ілгері-кейінді үш рет итеңдеп, кісі күлерлік қүбыжық
қимылдар жасап, елден ерек қошамет керсетті.
            Жұрт арбалған торғайдай ауыздарын
ашып қалыпты.
            Сілтідей түнған мына жұрттың
естерін жиғысы келгендей жымсия күлген тақиялы ақсұр жігіт ортаға шықты.
            -   
Алдияр тақсыр императрицамыз Анна Иоан қызы ағзамның, күллі Орынбор
уалаятының бек Зур хакимі құрматлу ва ғизатлу статс-советник Иван Кирилл угылы
Кирилов тақсырының бек құрметлу полковник Мәмбет Құтлық Мамаш угылы мырзаның
һәм Орынбур шаһары
башлығы подполковник Яков
Федор угылы Чемодуров мырзаның пәрменимен келип торған бек ғизатлу мейман Джон
Кэстли мырза! Инглиз миллэтинан, Британ мемлакатинан!
            - Сыптима шалбары бар мейман
аяқ-қолын тағы да ербеңдетті.
            - Шуши малай тилмаш, Дитрих Люфтус!
Немис миллэтинан, Русия мемлакатинан!
            - Ырғай мойын бала бас изеді.
            - Контора ишкари Сергей Костюков!
            Манадан бері екі езуі екі құлағында
тұрған ұзынтұра сары жігіт қолымен жүрегін басып, басын иді.
            - Әй, мынау баяғы Сартайлақ емес
пе!
            - Иә, соның өзі ғой. Жұрт бір гу
ете қалысты.
            - Уфа казаги Сидор Чапаев! Жалқын сары мұртын
ширатты.
            - Үшбу ләшкер - конвой!
            Аттарынан түспей тұрған төртеу
бір-бір жөткірініп қойды.
            - Узим Қасымов шаһарынан. Милләтим
- татар. Исмим - Құлбай.
            Жұрт бір-біріне қарады. Жаңағы бір
қылықтарына қарап, қомсынып тұрған мына селтеңбайлары әлгі татар айтқанда
тіптен ірілеп кеткен жоқ па! Асылы кісі қызмет жөні неғұрлым түсініксіз,
неғұрлым ел естімеген таңсық боп келсе, солғүрлым сырт көзге қадірлі де айбынды
көрінеді ғой. Мына жұрттың ойынша мынау ойнақтап тұрған неменің де аяқ-қолы
сонша жеңіл болғанмен, ар жағы тым зілман жатқан сияқты. «Патшақатыннан бастап
талай ұлықтың, Ресейден бастап талай патшалықтың атын ататтырғанына қарағанда
бұл зәнталақ қайдан тегін болсын! Таж иесінің не күйеу баласы, не құда баласы,
әйтеуір келденеңнің көк аттысы емес қой! Жұртқа бақ, дәреже үлестіретін үлкен
ордалардың есіктің алдындағы малайдан басқаның бәрін өз қандас, өз сүйек
шатысынан жинайтыны қашаннан белгілі қағида емес пе!». Көбінің ойы осы.
            Өзі ұлық болғасын, жұрттың не ойлап
тұрғанында шаруасы қанша, кеудесін желге төсеп, өз тілінде: «Ту, қапалап кеттім
ғой!» деді ме, бірдеңе деп былдырақтап, басындағы ербиген дудар шашын жұлып
алғаны. Ар жағында жылмиып тағы бір шаш көрінді. Жұрт жағаларын үстасты.
            - Астапыралла!
            - Мынадайды кім көрген?!
            - Қой, мынаның басынан басқа жері
де алмалы-салмалы шығар!
            - Сиқыршы ма, аруақ па!
            - Мұнадайға тегін кісісін жібере
ме, киелі кісісін жібергендағы!
            - Аруағына сенбесе, бүйтіп ел асып,
жер асып нағып жүрсін!
            - Бәсе, жер құдіретке ұқсап,
талтайып тұрысы бөлек еді-ау.
            - Абайлаңдар, дуалап кетпесін...
            Мейман мына жабыр-жұбырға елең де
еткен жоқ. Шақырайып тұрған күн көзіне тыжырына бір қарап қойды да, қойынынан
жылтырақ бірдеңе суырып алды. Әуелі құлағына апарып тосты. Сосын зың еткізіп,
қақпағын ашып, ішіне қарап жымсиып күлді.
            Жұртта ес жоқ. Ұлық қолындағы жылтырақты
қасында аң-таң ауызын ашып тұрған Қожахметтің құлағына апарып тақай қойды.
            Тентек баланың көзі әпірейіп кетті.
Әлгі пәле: «Кет! Кет!», - деп сыбырлай зекіп тұр. Жаңа өз иесінің жымсиып
күлгеніне қарағанда, оған: «Кел! Кел!» - деген болар. Бұны бөтенсініп тұр.
Сонда бұлардың темір екеш темірінде де ақыл болғаны ма?!
            Әлгі тықылдақты кезек пе кезек
құлағына тосқандардың бәрі қайран. Бір қалтылдаған кәрия: «Мен де көрейінші!» -
деп ұмсына беріп еді, сар ауыз балапандай шықылықтап жатқан пәлекетті ұстай
бергенде, тұла бойы дір ете қап, қолынан түсіп кетті.
            Жұрт ішін тартысты.
            Ұлықтың серіктері қабақтарын
жиырысты. Өзі иіліп жерден көтеріп алды да, құлағына қайта апарып, бірдеңе деп
ырсиып күлді.
            - Өзі бір өмір бақи ашуланбайтын
сабаз шығар. Езуі жиылмайды ғой!
            - Ол күні жұрт қақ төрде семіз
бағыланның ақ уыздай дірілдеп жатқан табақ толы етінен үркесоқтай ауыз тиіп,
көп күліп, кеп сұрап отырған таңсық мейманның дауысын сырттан естігендеріне де
мөз болып, қашан түн ортасы ауып кеткенше Тоңашаның ақ дігердей сегіз қанат
үйін айналсоқтап жүрді де қойды.
            Ертеңіне елшілік қонған ауылдан
түндегі дастархан үстіндегі әңгіме жан-жаққа жаңа лақап боп дүңк-дүңк тарап
жатты.
            - Жаңа қаланы күзге дейін бітіреміз деп отыр!
            - Оның базарына келмейтін ел,
түспейтін дүние жоқ көрінеді!
            - Айдап баратын малдарды осы күннен
семірте беріңдер деді ғой!
            - Жолға түйе мен түйекеш беріп
тұрсаңдар, үн мен шайды тегін береміз депті!
            - Жаңа қалаға патшаның өзі кеп
пәтиха беріп, Әбілқайыр мен ру басы билерге өз қолынан дәм татыратын көрінеді!
            - Бәйгеге қосатын жүйріктерің мен
алқаға түсетін палуандарыңды осы бастан баптай беріңдер депті!
            - Қазақтың да жәй-жапсарына жетіліп
қапты. Бөкенбайдың, Есеттің, Төлебайдың ауылдары қайда деп сұрайды!
            - Ор бойынан бірге келе жатқан
Бәйбекке «Бәке, Бәке!» - деп, кешеден бері қасында жүрген Шағырбайға «Шәке,
Шәке!» - деп елпектеп жатыр.
            Жаңа елшілік жұртты күлдіргенмен,
ешкімді үркітпей-тіксінтпей жайына келеді.
            - Ұлықтарының алды қандай жазық!
Жібекке мұрынын сұртіп мауытыны аяғына шүлғап отырса да, қойшы-қойманшының
езімен терезесі тең кісіше сөйлеседі екен?
            - Біздің төреміз түгілі
төлеңгітіміз төбемізді ойып жібере жаздайды ғой!
            - Төлеңгіт деген не, ханның әлгі
бір делқұлының тымағындай желпілдейтін де жүретін жасауылы бар емес пе! Қалбек
пе еді, Қалбай ма еді, немене еді! Сол батыр түн ортасында ауылыма дүркіретіп
шауып кіріп, жаңа қайып отырған інгеншемнің күйін бұзып кеткені. Шаужайына
жабыссам: «Інгеніңнен түсіп қалғанды қатыныңның құрсағына апарып салып берсін
демесең, жолымнан қалдырма», - деп қамшымен бір тартып тайып тұрды.
            - Мыналардың базарлығы неткен көп!
Жолап кетсең, әтір сабын, айна-тарақ ұстата салады.
            - Бір ұятсыздар бір барғанда бес
барып, әбден қарқ боп қалыпты.
            Жұрттың өзінше жылы шырай көрсетіп,
сый мезірет жасап жатқан түрі бар.
            - Қазақтың игі жақсыларындай түйені
түгімен жұтып қоятын алпауыз емес, қанағаттары бар неме ме екен. Мал жетектесең
ат-тонын ала қашып, қайдағы бір баланың асығы, қойшының сырнайы, қыз-қырқынның
кестесі секілді ұсақ-түйекке
мөз болады.
           
Тоңашаның ауылында Сағалбай деген жігіт жұртты қыран-топан күлкіге
батырыпты. Аттанып бара жатқан қонақтың артынан жүгіріп, бір кішкентай қара
қобдишаны көрсетіп: «Қолымда мынадан басқа ештеңе болмай тұрғаны. Алмасаң,
өкпелеймін!» - деп жата қалып жабысыпты. Сөйтсе, қобдишаны ашып көрген ағылшын
ұлық расында да ауызын ашып, көзін жүмып қайран қалыпты. «Апырай, мынау сенің
қолыңа қайдан түсті! Қайдан алдың?» - деп сұрапты. Әлгі сабаз: «Баяғыда осы
елге Мәмбет мырза келіп жатқанда, менің Батыр сұлтанға еріп түрікпенге барып
қайтқаным бар. Сонда Асмантай-Матайдың құмында ақ патшаның Хиуаға бара жатқан
керуеніне тап болдық. Әркім қолына түскенін ала қашып жатқанын көріп, мен де
бір нән орыстың мойынындағы күйек қаптай қара былғары дорбасына жабыстым. Ішінен
осы шықты. Дорбаны қақыратып сөгіп, былғарысын қатынға етік бас қылып бердім.
Мынау әлі жүр еді. Керегіңе жараса, жақсы болды. Ала қой!» - деп қоңырсытып қоя
беріпті. Ақсақалдар: «Тәйіт, қайдағыны көкіп барасың! Өйтіп тыныш жатқан
жыланның құйрығын баспа! Одан да «Бұхар шығып бара жатқан бір керуеннің түйесін
бағып едім, Соның бастығы жәдігер қылды» - деп айт!» - депті. Сасқалақтап
қалған жігіт: «Айтпақшы, солай екен ғой» - деп өзераллалап құтылыпты. Татар
тілмаш түбі шикі іс екенін байқап қап, ақсақалдар айтқан қисынды орысшалады.
Ұлық жадырап: «Жарайсың!» - деп Сағалбайдың арқасынан қағыпты. Жұрт тілмаштан:
«Соншама қадірлі зат па, Бұл немене?» - деп сұраса, ол: «Қағазға сызу сызуға
керек құрал» - депті. Оны естіген Сағалбай: «Ту, Батыр сұлтан бірдеңе біледі
екен ғой деп жүрсем, түк сөзбейді екен ғой? Бұл орыстардың қазан үстінен ет
алып жейтін шанышқысы деп еді. Ауызына келгенді соға салыпты ғой!» - деп санын
бір соғыпты.
            Не де болса, келе жатқан елшіліктің
ел аузында жыры көп. Әбілқайыр іргеден тың тыңдап, ойға батады. Анада Орта
жүзден әлгі жылтаң көз қаңғырманы ертіп Асан абыз бен Жәнібектің баласы
Жауқайтар келіп кеткен күні бір іске белді бекем буған. Мынандай алыпқашты
көбейіп тұрған кезде жаңа-жаңа беті бері қарап келе жатқан мінезсіз ел тағы да
түндегідей қыдырмалардың сөзіне еріп, «Башқұртты жеңе алмай отырып, аз орысың
бізді жарылқап не қарқ қылар дейсің. Орынборың да бордай тозып құруға айналыпты
ғой!», - деп қайқиып-қайқиып шыға келсе, қайтадан иліктіргенше қай заман?! Соны
ойлаған Әбілқайыр ертесіне-ақ Бөйбекті оңашаға шығарып ап, көп ежіктеген:
            - Орыстың ұлығына бар. «Қазақтардың
арасында түрік патшасының жансызы жүр. «Орыстар Орынборды тастап кетті. Ар
жағындағы башқұрттарға әлдері қелмей жатыр. Сендер де қол қосыңдар. Жиырма мың
жігітті атқа қондырыңдар!», - деп өсек таратып жүр. Қылмақ Абыздың да
уағызшылары күні-түні ат құрғатпай тұр. Хан қалай да елші жіберсін деді. Сол
келіп басу айтпаса, мына халықтың түрі жаман, - деп бар», - деген.
            Қадалып айтқан. Қатты тапсырған.
Бұл - оның әрі шыны, өрі айласы еді. Бүйтіп үстеп айтпаса, қосып, қопсытып
айтпаса, орыс ұлығы: «Өзіміз мұрынымыздан шаншылып жатқанда, елші сұрағаны
неткені?» - деп кергиді ме деп қорыққан. Енді міне, сүйтіп жалынып-жалпайып
алдыртып отырған елшісі ордасына да таяп қалды. Ертең мынау аума-төкпе жұрт:
«Елші, елші!» деп дабырықтырып жүргендері осы ма! Өзіміздің Бәйбек пен
Итжеместің ар жақбер жағы ғой! - деп қомсынса, не болмақ?! Ал, елшілер шетінен
қымыз ішіп, қызара бөртіп жүрген мұндағы елді көріп: «Хан бізді алдапты-ау!
Қаран су алып жатқан ештеңе жоқ екен ғой!» - деп жүрсе, қайтпекші!?
            Көп дүдамалдың қоршауына түскен хан
қашан елшімен өз ауызынан тілдескенше ру басыларына хабар салмай тұра тұрмақ.
Елшіден орыс жағдайына өзі қанығып, оны қазақ ордасындағы жағдайдан хабардар
етпек. Былтыр күзден бері: «Жаз шыға жаңа шаһарға шақыртылам. Ру басынан
бір-бір аманат өзірлеңдер!» - деп күпілдеп жүргенде, жаз шыққасын екі жақ
бір-біріне аяқ серіппей жатып алса, бодандықтың арқауы босап, арты қожырап
кетпегін түсіндірмек. Өзір жол бойындағы аңқау ауылдарға жаңғалақ қылықтарымен
жағып келе жатқан жат жерлік елшіні сүйтіп әбден пісіріп алып барып, жұрт
алдында шығармақ. Оған дейін біраз көңілін аулай тұрмақ. Қашан оның ел алдында
ши шығарып алмайтындай күйге жеткенін кәргенде барып, жан-жақңа хабаршы
шаптырмақ.
            Ертеңінде Тоңашаның ауылына
жасауылын жұмсап: «Меймандарды ордаға алып кел!», - деді.
            Сары бесінде жапатармағай
шапқылаған қара құрым көп аттының ішінде жалғыз күйме жал басына көтерілді.
Ордадан тай шаптырым жерге оқшау тігілген ақ жұмыртқа үйлердің үстін шаң басып
кетті. Ол күні олар сонда еру болды. Хан төлеңгіттері табақ, саба көтеріп
апарып, қонақасы берді. Тамақ үстінде елші:
            - Сіздің салтыңызда, сырттан келген
мейман ханға қайтып қошамет көрсетеді? - дейді.
            Бәйбек ерінбей-жалықпай орнынан
тұрып, сыртқа шығып кетіпті. Сәлден кейін табалдырықтан имене аттап, босағадан
бір елі ілгері озбай, жер тізерлей жығылып, басын жерден үш рет көтеріп,
маңдайын жерге үш рет тигізіпті. Елші:
            - Апырай мынау бір қиын үрдіс екен.
Таң атқанша жаттыға алсам, жарар еді, - деп қынжылыпты.
            Бар әңгімесі, бар қылығы - ақ
көңіл, нанғыш адамның сойы. Хан енді мынау жаңғалақ елшіні көруге асықты.
            Келесі күні айғыр топ адам немісше
сыптай боп киініп алған елшіні орталарына алып ордаға беттеді. Бәйбек пен
Шағырай екі қарынан тас қып құшақтап алған. Ұрлық үстінен ұсталған біреудей
дедектетіп келеді. Майханаға он қадамдай қалғанда: «Сендер тұра тұрыңдар. Мен
барып баян етейін», - деп Бәйбек ілгері озды. Сәлден кейін екі жасауыл шығып,
топ ішінен елші мен екі тілмашты ғана бөліп ап, майханаға қарай бастап жүрді.
            Қақ төрде - сары ала шапанды хан.
Сол қолындағы елші анада көрген Нияз сұлтан. Екеуінің арасында бір кісілік орын
тұр. Оң қолындағы күлімдеген бала жігітті де танып тұр. Былтыр күзде жаңа
шаһарға барып кеткен Нұралы сұлтан. Одан төмен отырған - сағаттың шықылынан
қорқып, құлағын тартып ала қоятын Қожахмет деген бала сұлтан. Екі жақ қапталға
ақсақал-қарасақалдар жайғасыпты. Бәрі де анада осылай қарай шығарында Ералы
сұлтан мен Қотыр батырдан сұрап біліп алғандай. Бәйбектің түндегі
еңкейіп-тоңқайып көрсеткендерінің бәрі есінен шығып кетіпті. «Әйтпесе,
мыналарды бір күлдіріп алуға болар еді. Бұларды бір күлдіріп алсаң, ар жағында
тіл табысып кете қоюың тап онша қиын емес екен. Өздері бір күліп алмай тұрып,
ешкімді елемейді де, сенбейді де екен... Қызық халық... Бірақ, бұл дүниеде
қызық емес халық бар ма! Сондықтан жұртқа неғұрлым күлкілі көрінсең, солғүрлым
сіңімді боласың...»
            Джон Кэстли қалпағын алып,
француздар дағдысымен аяғын айқастыра ойнақтатып, үш рет иіліп-бүгілді.
            Хан орнынан тұрып, қолын алып,
қасындағы бос орынға отырғызды. Жолда қалай жеткендерін, мындағы жағдайларының
қалай болып жатқандығын сұрады.
            - Елші мырза, енді жүріс жәйін айта
отырыңыз, - деді хан мейманының әлгі сауалға жауабын байыппен тыңдап алған соң.
            Джон Кэстли үй-ішіндегілердің бас
киімшең отырғандарын енді байқап, ол да қалпағын киіп алды.
            Қадірлі атасының қасына кеп,
сыпайысып отырған ерке немередей, екі жаққа жалтақ-жалтақ қарап қойып,
әңгімесіне кірісті. Бірақ, аспай-саспай бабымен сөйледі. Әуелі Ералы ханзаданың
құрметті ханға, ауыл-аймағына айтып жіберген дүғай-дүғай сәлемін жеткізді.
            - Рахмет! Сәламат болсын! - деді
хан.
            - Сәламат болсын! - деп
үй-ішіндегілер жамыраса тіл қатып барып, тез тыйылды.
            Елші Ералы ханзадамен көптен бері
жақын танысып, достасып кеткендерін, бір-бірін тіпті бауыр санайтындарын айтты.
Ханнан басқасы қозғалақтап, бір-біріне қарасты. Сосын Кэстли Ор бойындағы
Чемодуровтың атын әдейі ауызға алмай, ту Самарада жатқан Кириловтың
тапсырмаларын баяндай бастады. Ең алдымен, оның былтырғы Нияз сұлтаннан айтып
жіберген уәдесінде тұра алмағанына қатты өкініп, кешірім сұратқанын айтты; жаңа
қаланың күзге дейін бітетінін, соған ханның қалай да шақырылатынын мәлімдеді.
            Хан елшінің бұл хабарына ықластана
бас иіп, оң қолын көкірегіне басты.
            - Биік дәрежелі Иван Кирилов
тақсырға дұғай сәлеміне бек ризашылығымды, менің де, алла жазса, амандасып,
мәслихаттасатыныма кәміл сенетіндігімді мағлұм еткеніңізді айрықша қалар едім.
Екі жақ қапталдағы жылтырасқан көп көз бұл тұстағы екі мәжілістестің
бет-ажарына тесіле қапты.
            - Құрметті хан, маған Кирилов
мырза, сіз және қадірменді ру басылары алдияр тақсыр императрицаның ырқына
көнгісі келмеген қарақшылардың істерінің өрге баспайтынын мұндай бассыздық көп
ұзамай сазайын тартатынын жақсы түсінеді, сондықтан да Қылмақ Абыз
бұлікшілерінің азғырынды әңгімелеріне құлақ аспайды деп қатты сенетінін
хабарлауды бұйырды.
            Хан тағы да көкірегіне қол апарды.
            - Биік дәрежелі Кирилов тақсырдың
өзіміз қақында ондай бөлек сенімде болғанына біздер де зор қуаныштымыз.
            - Әлбетте, әлбетте! - деді қос
қапталдағы ақсақалдар оны қостап.
            Сол ортада қолға су құйылып, табақ
жасалды. Тағам үстінде хан елшіге өз қолынан қымыз ұсынып отырып:
            - Ресей патшалығы басқа
көршілерімен қалай? Башқұрттардың қақтығысынан бөгде қан төгіс жоқ па? - деп
сұрады.
            - Ұлы империяның ішкі, сыртқы
жағдайлары қазір ойдағыдай. Башқұрттармен болып жатқан қақтығыс - соғыс емес,
биылғы қыстың орасан қатты болғанын, жер шалғайлығын пайдаланып қалуға тырысқан
шәлдуарлық. Ал шәлдуар баланы кез келген көргенді әке өйтіп есіртіп жібере
алмайды, құйрығын түріп қойып, біраз шықпыртып алады.
            Жұрт көзіне жымың-жымың қуақы от
жүгіріп, қолдарындағы қымызды құшырлана қылғытып бақты.
            Хан қонағының оң иығынан екі рет
қақты. Онысы - әрі әлгі тауып айтқан сөзіне қатты риза болғаны, әрі бүгінгі
мәжілістерінің осымен аяқталғанын хабарлағаны.
            Жұрт орындарынан дүр көтерілді.
Бәрі де тұстарынан етіп бара жатқан елшіге риза болғандарын сөздіріп, екі
иығынан жапатармағай қағып жатыр. Сыртта да жиырма шақты адам күтіп тұр екен.
Олар да қолдарын ала жүгірді. Өзіне тіккен үйге жеткенше екі иығы ауырып қалды.
Келгесін сырт киімін шешіп қараса - саутамдығы жоқ, айғыз-айғыз май.
            «Анау айтқан ашық ауыздардың сойы
емес. Көңілінде безбені, көмейінде сүзгісі бар нағыз аққаптал қу. Жаңғалақ боп
жүргені қара тобырды қайткенде алдап соғам деген амалы бомасын!»
            Мейманы шығып кеткенде ханның
басына келген ой осы.
            Ертеңіне қолдарына құс қондыртып
Мырзатайды және бір топ саятшыны ертіп, елшіні адай Табылдының ауылына алып
жүрді. Жолда Мұғаджарды басып етіп, бара жатқанда құс салып, қайтарда құлан
атып, сый қонақтың біраз көңілін көтерді. Мыжық таулардың арасынан қазақтар кен
шығады деп жүрген бір-екі жерді көрсетті. Елші атынан түсе қап, былғары
қоржынын тырситып тас жиып алды. Хан қалған қазақтардай емес, ұстамды екен.
Оның ешбір қылығына жұртқа ұқсап жыртаңдап күлмеді.
            Кештетіп ордаға оралған бұларды
қасқа маңдайын күн тесіп күреңіте түскен бір шадыр көз сары кісі мен бір
еңгезердей қара сұр кісі үй сыртынан қарсы алды. Біреуін: «Жаппас руының бас
биі Баймұрат», - деп, екіншісін: «Орта жүздегі Жәнібек батырдың туысқаны Төлек
батыр»,- деп таныстырды.
 
            - Егер патша ұлығы мақұл деп тапса,
жаңа салынып жатқан шаһарға бір мың қой айдатар ем, - деді жаппас биі.
            - Иә, кеше машқар Жәдік те екі
мыңдай еркек қой айдатып жіберер ем деп отырған, - деп хан сөз қыстырды.
            Елші:
            - Барғасын ақылдасып, көп ұзамай
бір хабарын бергізермін, - деп уәде етті.
            Төлек елшіні өз ордасына шақыра
келді. Шақшақ Бөкенбайдың ауылы күбініп күтіп отыр екен.
            Елші тағы да үш-төрт күн сол
маңайдағы екі орданың шақырған ауылдарында қонақтап қайтты.
            Олар бұл топыраққа аяқ басқалы
сегізінші таң атқанда қадірлі мейманды хан өз дастарханынан дәм татуға шақырды.
            Бейтаныс мейманға Бопай ханым қатты
ұнады. Оның мынау желқақты, күнқақты қыр адамдарының арасында аса сирек
ұшырасатын дөңгелек жүзі, балғын қалпын жоғалтпаған қызыл шырайлы өңі,
тостағандай-тостағандай тұнық көздері, пістеленіп кетпеген қыр мұрыны, кесектік
пен нөзіктікті бірдей қабыстырған ерекше кескіні суретші елшінің қырағы жанарын
бірден баурап алды. Әсіресе, өзі сыйлаған Ералы ханзаданың суретіне қарап
отырғанда, көзінен ытқып-ытқып кеткен бадана тамшыларды тіптен ұмыта алмайды.
Соншалықты байсалды, көрікті әйел баладай аңғал көрінді. Елші ханның ортан
қолындағы сүйелді көріп, жата қалып жабысып, әуелі оны шарық жіппен орап үзіп,
өзегін инемен шұқып тазалап, дәрі жағып бергенде, астыңғы ерінін жымқыра
тістеп, қинала бақылап отырған бәйбіше қайта-қайта жүрегін басып, әбден
тықыршып бітті.
            Күйеуінің аман қалғанына қуанғаны
болар:
            - Елші мырза, бізге орыстардың
құйқылжыған көңілді билерінің біреуін орындап бермес пе екен? Баяғыда Мәмбет
мырзаның серіктерінің билегенін көргенім бар, - деді.
            - Мен орыс билерін білмеуші едім.
Немісше билер ем. Оған бірақ әйел адамнан серік керек.
            Мынаны естігенде ханымның екі беті
ду қызарып кетті. Қысылғанынан тілмаштан:
            - Елші мырзаның әйелі, бала-шағасы
бар ма? - деп сұрады.
            Ол:
            - Бойдақпын, - дегенде де, қалжыңдап
тұрған шығар дегендей қымсына күлді.
            - Әлде сіздің елде қалыңмалды өте
көп сұрай ма? Бізде жиырма-отыз жылқының басын құрасаң, қалаған қызыңа қүда
түсе аласың?
            Елші ханымның жаңағы жауапқа неге
аңтарылып қалғанын енді түсініп:
            - Жоқ, бізде қалың мал сұрамайды.
Қалыңдығым да бар. Үйленуге қол тимеді. Осыдан елге барсам, үйленем, - деді.
            «Үйленуге қол тимеді» дегенге
жаңғыз ханым ғана емес, үй толы жұрттың бәрі таңғалды. Сөзуар мейманның тағы
бір қалжыңы шығар дегендей көпке дейін жүзінен көздерін алмады.
            Бұл үнсіздікті оқыс тарс еткен
мылтық дауысы бұзды. Жаңа елші мініп келген ат үй сыртында анадай жерде
шідерлеулі тұр еді. Сол гүрс етіп құлап, құлын дауысы шыға шыңғырып тыпырлап
жатыр.
            Жұрт жапатармағай төрге қарады.
Елшінің арт жағында өңі күлдей боп Қожахмет отыр. Қорыққанынан дауысы шықпай
қалыпты. Не болғанын айта алмай, қолындағы бесатарын ербеңдете береді.
Үй-ішіндегілер шошып кеткен.
            Елші баланың қолындағы мылтықты жұлып
ап, түрулі іргеден ауыл айналып шүйіп жүрген ақсарыны көздемей басып қалып еді,
жалп етіп құлап түсті. Екі көзі төбелеріне шығып кете жаздаған ересектер
жағаларын қстады.
            Дір-дір етіп тісі-тісіне тимей
отырған бала баж ете қалды.
            - Ағатай, ұрыспаңызшы. Ойнайын деп
ұстап ем, білмей қалдым.
            Мейман үндеген жоқ. Жұдырықтай
кішкене мылтықты жамбас тұсында салбырап тұрған үрпершектей былғары қапқа салып
қойды. Сосын тізесінде жатқан былғары қапшықтан жылтылдаған қатты қағаз суырып,
шынашағын қара сия қүйылған ауызы бұрандалы шыны қүтыға қайта-қайта малып,
ештеңе болмағандай қақ төрде тапжылмай отырған Әбілқайырдың жайбараңат жүзіне
жалтақ-жалтақ қарап қойып, суретін сала бастады.
            - Бұның қолынан келмейтін пәле жоқ
шығар, - деп біреу күңк етті.
            Кербез ханым көзіне сонда барып нұр
жүгіртіп: - Рас, - деп ақ қағаздың үстінде ойнақтап жүрген елшінің саусағына
таңырқай қарады.
            Сол күні кештіғүрым жан-жақтағы
ауылдарға хабаршы аттанды. «Екі күннен кейін сәрсенбінің сәтіне хан ордада орыс
елшісінің келген құрметіне той болады!» - деп жар шашты.
            Келесі күні хан ордада сот болатын
боп, елші соны көруге барды. Осыдан екі күн бұрын Қалыбек жасауыл құм
арасындағы шөмекейлердің жылқысына тиіп, қырық тұяқты құлдыратып қуып бара
жатқан жерінен бір жігітті ұстапты. Сұрастыра келгенде - жағалбайлының бір аз
атасының баласы боп шықты. Былтыр осы уақытта ұзатылған апасына көрісуге
Шөмекейге барыпты. Сол елдегі сүғанақ біреулер мініп барған жүйрік атына
қызығып, түнде кермеден ұрлап әкетіпті. «Сонда ішіме қан қатып еді. Өшімді
алайын деп істедім», -дейді. Шөмекейлердің жайлауға көшкелі жылқы алдырып
тұрғаны бір Бұл емес. Бұған дейін желкедегі башқұрттан көріп келген. Енді,
міне, шақшақ Бөкенбайдың ауылына барып келе жатқан Қалыбек тобы мына үрлықтың
үстінен шығып отыр. Бесін ауа көз ұшынан бір жүмарлана жөңкіген оқшау шаң
көрінеді. Қапелімде қүйын шығар деп мән бере қоймайды. Сөйтсе - әлгі шаң
Текшенің тауына жете беріп, қиғаштай орағытып бағытын өзгерткеніне қарап,
көңілдеріне күдік қашады. Ағызып соңынан салып береді.
            Жігіттің өзінен сұрасаң - шақшақ
арасындағы нағашысына сіңбек екен. Бірақ, шақшақта ол айтқан адам болмай шықты.
Енді «Шөмекейдің баяғыдан бергі қолды боп кеткен жылқысын башқұрт асырып
жіберіп жүрген осы емес пе?» - деген сөзік туды.
            Хан бұл дауды елші кетпей тұрып
талқыға салғанды жөн көрді. Ол: «Мында келгелі күнде жиын, күнде той. Анадағы
Ор бойына барғандардың төндіріп айтқан қауып пен қатері қайда! Башқұртпен екі
арада ешкім ат ізін салыспайды екен ғой деп кетпесін» - деген есеп еді.
            Елшінің, бірақ, даудың байыбына
барар құлқы болмады. Екі көзі қазылардың алдына апарып жүрелетіп отырғызып
қойған алпамсадай нарт қызыл жігітте. Жазық маңдай, қыр мұрын, жан-жағына
паңдана қараған байсалды жанар... Ұрлыққа қияр жері жоқ... Қай төрге отырғызсаң
да, сән беріп, қай сұлудың қойнына салсаң да, қуана құшардай. Қойылған
сұрақтарды байыппен тыңдап, байыппен жауап беріп жайбарақат отыр. Күнакар емес
куәгердей. Тіпті өзі жауап беріп отырмағандай, анау сақалдары шошаңдаған
қазылар тобынан жауап алып отырғандай. Абыржу, қысылып-қымтырылу жоқ.
            «Қызық жұрт, - деп ойлайды ішінен
жат жерлік елші. - Ұрысына дейін осынша тәкаппар. Қылмыс емес, ерлік істеп кеп
отырғандай шіренеді. Бұларды айтқанға жүргізіп, айдағанға көндіру деген миға
сіңбейтін іс шығар. Осында келгенше Сергей Костюков құлағына құйып келген сөзі
рас болмасын. шынында да, табиғаттың өзіндей азат, табиғаттың өзіндей асау
қауымның сойы ғой»...
            - Ата-бабадан қалған жосық:
«Ағайынның адал малына не жаны күймей, не ары күймей, не төгілген қанның, не
тәрк болған намыстың қарымтасын қумай, әншейін нәпсі құмарлықпен қол салған
арамзаның жанына да, арына да кешірім жоқ», - дейді!
            Қазының дауысын көтере созып,
айқайлап айтқан мына кесігін естігенде елші өз құлағына сенер-сенбесін білмеді.
«Мынау ашылып-шашылып жүрген аңғал жұрт «ар», «мал», «жан» деген ұғымдардың
арасына баттитып-баттитып қандай айқын шекара қоя білген!
            Енді ол ауызын ашып қазылар жаққа
қарады. Олардың ауызынан әлгіндей қисынды үкім шықпағандай. Оны мынау қазандағы
ас қашан пісер екен деп, сақалдарын көкке көтеріп, телмірісе қалған жеті еркек
айтпағандай. Әлгі үкімді мына жиынға ашық аспанның көзге көрінбес әлде бір
төрінен сұңқылдап құдіреттің өзі кеп айтып кеткендей. Мына тымырайған билер мен
тайлы-таяғы қалмай топырласып отырған қызық құмар ыржақай тобырға қия
қоймайтындай, тым жүйелі пәтуа!
            Елші айран-асыр. Қалтасынан орамал
суырып сұртініп, тілмаштан.
            - Енді не болады екен, біліп берші!
- деп сұрады. Жақын отырған Бәйбек:
            - Не болушы еді, өрем қатады дағы!
Анау гүжбан қолындағы бес өрім қамшымен тартып-тартып жібергенде, астындағы
алпамса қара ат шыбын жанын
қайда қоярын білмей безіп
береді. Мойынына қыл арқан түскен сұмырай ұры тұла бойын тікен тесіп, бұта
тырнап, әбден ит сілікпесі шыққасын, өзінен-өзі-ақ арам қатады.
            Жаны қай арада шықса, сол араға көр
қазып, қара киізге орап, жүзін құбыладан төріске бұрып, тепкілеп-тепкілеп көме
салады. Сосын ол да бір, шешектен өлген адам да бір. Моласы екеш моласына да
ешкім жоламай, безіп кетеді, - деді.
            Еңгезердей төлеңгіт бұны айтқанда
отырған орнынан қопарыла бұрылып, қопаңдай қозғалып қойды. Күректей алақанының
әлдебір қышуы қанбай қаудырлақ жарғақ шалбарының жылтырап қалған тізелігіне
қайта-қайта қатыр-құтыр үйкеп-үйкеп алады.
            Елші енді Бәйбекке қадалды. Оның
қара торы жүзінде отқа таптанып рахатқа батып отырған кісінің бетіндегідей
ерекше бір шырай ойнап, бөлекше бір алабұртқан шабыт шалқиды. Анада хан
қасындағы саятшылардан көрген томағасын енді сыпырған қыран құстардай желпіне,
еліге қарайды. Әлгі бір сөздерінен де қайдағы бір тапсынған таба мен жаланып
тұрған қатыгездік қана байқалды. «Бұл неге осынша желпілдеп отыр? Әлгі қазының
ауызынан шыққан өр сөзі таразыға қырық тартылып шыққандай нығыз да тұжырымды
үкім бір биік парықты меңзегендей еді. Мынаның мына құлшынысы соның өзіне күман
туғызғандай ғой. Шамасы, бұлар не істесе де, көп онша қиналмай істейді-ау
деймін. Анау үры да үрлық істерде онша ойырқана қоймаған сияқты еді. Жаңағы
қазылар да әлгі кесігін айтарда тап онша тебірене толғанбаған болды ғой! Ұрлық
түгілі ерлікке, қатыгездік түгілі әділдікке қанша қиналыс, қанша ар азабы
керек... Ал бұларға бәрі оңай болғаны ма? Қалай өзі...»
            Елшінің мына аңтарылысын әлгі
айтқанына нанбай отырғаны деп жорыса керек Бәйбек:
            - Сенбесеңіз, әне көріңіз! - деп
ортаға қарай қолын шошайтты,
            Күнақардың қасына жалмаңдаған
үш-төрт жігіт жетіп барыпты. Біреуі көзіне қара киізден томаға кигізіп жатыр.
Біреуі мойынына жан-жағына жалбырап түсіп тұратындай қып, алпыншақ-жалпыншақ
құрым байлап әлек. Біреуі онсыз да күн жеп әбден іріп тұрған бөз лыпасын
дар-дар жыртып, белуардан жоғарғы жағын тырдай жалаңаштап тастады.
            Оларға жөн көрсетіп тұрған қайқы
мұрын Қалыбек жасауыл қайқы бас етігін қолп-қолп еткізіп, қойқаң-қойқаң
ойқастай бастады.
            - Әй, маубас! Бұтына қынаға бояған
қызыл жарғақ киіп бұл шірік қайындап бара ма екен! Шешіп таста әрі!
            Шаңқ-шаңқ ақырып та қояды.
            Жұрттың бәрі бір қырғын-қызық
тамаша күтіп тұрғандай. Ауыздарын ашқан да қалған.
            Хан ғана оқтын-оқтын меймандар
жаққа көз тастайды. Біраздан кейін ортада не болып, не қойып жатқанымен шаруасы
жоқтай, назарын елшіден айырмай қойды. Ал елші қара аттың қасындағы
қимыл-қыбырды қалт жібермей ңадағалап бақты. Әне, жүрелеп отырған нарт қызыл
жігітті жүлқылап орнынан тұрғызды. Екі балағына екі жігіт жабысып, жарғақ
шалбарды шешіп ап, қастарында талтайып тұрған Қалыбектің қолтығына қыстырды.
Соған ба, жоқ үрының айдай жұрттың алдында ақ бөзден ауын салақтатып шүбалтып
тіккен тіз киімшең қалғанына ма, біреулер мырс-мырс күліп жіберді.
            Іске енді Қалыбектің өзі кірісіп,
шиыршықтап орап-орап манадан бері салаңдатып білегіне асынып жүрген ала
арқанның бір шетін тұзақтап, асау бұғалықтағандай, қылмыскер жігіттің мойынына
салды, екінші ұшын жалы төгіліп, тілерсегінен түскен жатаған қара атқа шалжия
жайғасып, ортаға шығып, маңқиып тұрған гүжбан қараға апарып ұстатты.
            Ол қолына тиген қыл арқанның ұшын:
«Иә, біссіміллә!» - деп қағып алып, ерінің қасына кіндігімен сүйкей-мүйкей бір
итініп қойып, ышқырлығын түзетті.
            «Мыналар табиғаттың өзіндей асау
ғана емес, табиғаттың өзіндей қатал да жұрт болды ғой», - деп ойлады сый ұлық
орамалын қайта суырып, желкесін сұртіп жатып.
            Құдды бір оның не ойлап отырғанын
сезіп қалғандай, Әбілңайыр хан қазылар жаққа саңқылдай тіл қатты:
            - Ата-бабадан қалған жосықта
мұндайда жат жерлік сый мейман отырса, одан «Датыңыз бар ма!» деп сұрайтын өдет
бар. Алда-жылда күнаһарға ара түсіп жатса, қолынан қақпайтын. Біздің де
ортамызда жолы үлкен мейман отыр. Даты жоқ па екен, сұрасақ қайтеді?
            Екі тілмаш сыбырлай тіл қатысып,
ханның не дегенін аударып берді. Елші үшін Бұл күтпеген жаңалық болды.
Көкірегіне енді орнығып келе жатқан әлгі бір пікірінің күлі көкке үшқалы
тұрғанын байқап, ішінен: «Қызық жұрт! Қызық заң!» - деп күбірледі. Орнынан
тұрып, қара ат жаққа қарап қойды. Мойынына бұғалық түскен мұңдар кім сөйлегелі
жатқанын көруге көзі байлаулы болып, жым-жырт жиынға шекелей құлақ түріп қапты.
            Елші қапелімде аузына сөз түспей,
сәл бөгеліп барып тіл қатты.
            - Аса құрметті хан! Қадірлі
қазылар! Өздерің ұсынған сый мейманның жолымен, күнақардың жанына араша
сұраймын! Бұдан былай мұндай бұзақы әдеттен тыйылмайтын болса, мына отырған
рахымды қауымға өзі
де өкпелей алмас.
            Гуілдесе жөнелген жұртты тыныштандыру
үшін қазы қамшысын жоғары кетерді.
            - Алдияр тақсыр патша ағзамның
ақжолтай елшісінің рахым сұраған даты шын пейілден қабыл алынды. Күнақардың
жанына кешірім!
            Жым-жырт жұрт қайтадан гуілдей
жөнеліп еді, бас қазының қамшысы қайтадан шошаң ете қалды.
            - Бірақ, арына кешірім жоқ! Суық
қол ұры қарабет атанып, осы қадірмен қауымның алдында қырық үйдің
табалдырығынан аттап, қырық қазанның түп күйесін бетіне жағып шықсын!
            Жаңа ғана сілтідей тынып отырған
жұрт гу ете қалды. Елшіліктің ішіндегі біреу тіпті:
            - Шын қызық енді басталды! - деп
салды. Күнақардың қасында тұрған жандайшап жігіттер көзіндегі томағаны алды.
Мойынындағы арқанды алып, тұзақтаулы ұшымен екі қолын артына қайырып байлады.
Жалпылдаған тымағының құлақ бауын байлап, басына теріс кигізді. Далаңдаған тіз
киімінің екі шалғайы сонау ышқырлығына дейін жыртылып алынды. Сосын екі қара
саны жылт-жылт етіп, қамшысын үсті-үстіне үйірген екі атты мосқал еркектің
алдына түсті. Маңайдағы барлық үйге бір-бір кіріп шықты. Мойынынан жоғары
жақтың бәрі қап-қара. Баттасқан майлақы күйе. Тек тістері мен көздері ғана
жылтырайды. Жиналған қарақұрым жұрттың сыртынан садақа боп жеті рет айналды.
Сосын манағы жалы тілерсегіне түскен жабы қараның қасына қайта әкелінді.
Арқасына қайырып байлаған қолын шешіп, енді алдына қаратып, екі білезігіне
тұсау салынды. Әлгі ала арқанның ұшын аузына тықпалап, тісіне тістетті. Екінші
ұшын ат үстіндегі гүжбан қараға ұстатты. Күнақардың ауызындағы жетек арқанды
қашан алдындағы гүжбан қара жерге өзі лақтырып тастағанша тісінен шығаруға
қақысы жоқ. Өйткені - үкім аттағаны. Үкім аттағаны - ата-бабаның аруағын
аттағаны. Ол құран аттағанға бара-бар күпірлік. Күпірлікке кешірім жүрмейді.
Айдаушы арқанды лақтырып тастаған жерде ол тұсау салынған қос қолын төбесіне
қойып беті ауған жаққа қаңғып кетеді. Еліне бара ма, басқа жаққа бара ма - өз
еркі. Оны аяған кісі мойынына салынған құрымын қазының алдына әкеп көрсетіп,
әлгінің айыбын төлеп, қарасынан арылтады.
            Елшіге қасындағылар мына жаңа
жазаның жәй-жапсарын түсіндіріп үлгергенше, гүжбан қара тебініп қап шаба
жөнелді. Жұрт тұсынан өтіп бара жатқан күнакар жігітті қамшымен бір-бір тартып,
қиқулап қуып салды.
            Қара ат топ ортасынан анадай жерге
ұзап шыққасын, гүжбан қараның қолындағы ала арқан оқ жыландай жиралаңдап атылып
кеп кетті. Гүжбан қара атын тайпалта бастырып жиынға беттеді.
            Екпінімен омақаса жығылған алпамса
жігіт жер сүзіп әлі жатыр. Кенет жүрелеп түрегелді. Жалт етіп артына бұрылып
бір қарады. Күнге шағылысып жарқ еткен тістері ғана көрінді. Тәлтіректеп
орынынан тұрды. Қалтақтай басып жүріп кетті. Қос қолын төбесіне қойып, қарсы
алдында көлкесір созылып жатқан құла түзді бетке алып безіп барады. Аттаған
сайын адымы ширай түсті. Кетіп барады, кетіп барады...
            Қылдырықтай боп көзге
шалынар-шалынбас жаңғыз қара жаяу ұзай берді. Алақызып алған жұрттың кеу-кеуі
үдей берді, үдей берді.
            Бүгінгі көрген оқиғасынан қандай
тоқтамға келерін білмеген жат-жерлік мейман басын шайқап орынынан тұрды.
Жан-жағына қаумалай кеткен серіктеріне ләмим үндеген жоқ.
            Хан ордадағы сол гу-гу, сол кеу-кеу
бір аптаға дейін басылмады. Екі күн бойы жан-жақтан шұбарытып көрініп, шұбырып
кіріп жатқан қарақұрым нөпірмен бірге күшейе түсті.
            Шақырылған жұрт түгел келіп
болғанда жан-жақтағы жиынға тігілген ауылдардан бес жүз атты бөлініп бір шықты.
Олар хан ордадан көз көрім кермеге кеп ат байлады. Ол бес жүзден елу адам
бөлініп майханаға беттеді. Майханада елшімен сәлемдесіп, жөн сұрасты. Бірге
отырып мәслихаттасып, бірге отырып қызылдасып, бірге отырып қымыздасты. Қалған
шоғыр ордадағы көп отауға бөлініп қонақасы жеді.
            Түс қыңа иіндері жарқыраған сары
ала топ майханадан шықты. Топтарын жазбаған күйі кермеге барып аттарына мінді.
Манағы бес жүздің қалғандары да аттарына мініп, олардан он ат бойындай оқшау
шоғырланып тұрды. Ер-тұрманы жалт-жұлт еткен сары ала жабулы арғымақты
жетелеген ханзадалар мен сұлтандар тобы майхананың сыртында ханды тосып тұр.
Үстіне жалтылдаған сары ала қамқа шапан, басына алтын зерлі айыр қалпақ киген
хан ақ боз атының үзеңгісіне аяқ сала бергенде, жиналғандардың төре жағы:
«Арқар, Арқар!» - деп, қара жағы: «Алдияр, Алдияр!» - деп қақақулап қоя берді.
            Хан бастаған сұлтандар тобы
жолдарында үркердей боп бөлек тұрған елшілікті қосып алып, жәй басып күн батыс
жақтағы ығы-жығы ел жиналып қалған жағалай жұмыр жон дөңбек жалдар қоршаған
тығырық алқапқа қарай бет түзеді.
            Елу бидің сары ала тобы шоқыта басып
соларға жақындады.
            Қалған игі жақсылардың қалың
дүрмегі орындарынан дүркірей қозғалып оларға ілесті.
            Орда маңынан аттанған салтанатты
лек найзаларын желкілдетіп айқай салып жатқан ала шүбар алқапқа жете бере
ошарыла тоқтады.
            Хан ақ боз атын тебініп ілгері шыңты.
Қолындағы күлтектеген ақ жалаулы найзасын көкке көтерді.
            -Уа, жамағат, тыныштал!
            Қалың жиынның алдында тұс-тұстан
сол қолына қыл жалаулы найза үетап қаз-қатар қаптай тұрып алған қара ат мінген
қатулы жасауылдар сары ала жыландай жуан-жуан дойырлары салаңдаған оң қолдарын
көкке көтеріп:
            - Жамағат, тыныштал!! Алдияр хан
сөйлейді! - деп ақырды.
            Күркірей шыққан қаһарлы бұйрықтан
мынау тығырық көгал алқаптағы қалың жиын ғана емес, сонау көз ұшындағы сәкиген
сеңгір биіктер де селк ете түсіп, бұға-бұға қалысқандай. Аспанда құс атаулы
көрінбейді. Бәрі де жаңағы ңатал айқайдан тырым-тырақай безіп кеткендей.
            - Уа, жамағат, - деді хан. - Бізге
күллі Ресей жамағатындағы барлық милләттардың, сонау соның ішінде біздің қазақ
жұртының да нұр сипатты падишасы алдияр тақсыр Анна Иуан қызы ағзамның
қадірменді
елшісі Жон мырза келіп тұр.
Ол біздің осыдан төрт жыл бұрын бір құдайға сиынып, маңдайымызды киелі кітапқа
тигізіп, шын жүрегімізден берген мүбәрәк антымыздың, онымен қоса «Әмба
жұртымызды ақ туыңның ығына ал!» деген өтінішіміз бен барша
талап-тілектеріміздің шарафатына шек жоқ рахымды падишамыз тарапынан зор
ілтифатпен қабыл алынғанын мағлүм етерге келіп тұр.
            Әуелі хан қасындағы топ:
            - Бәрекелде! - деп айқайлады.
            Оны әлгі дойырлары салаңдаған қалың
жасауыл қағып алып:
            - Бәрекелде! - деп күркіреді.
            Оны естіген ығы-жығы, бұйра жондар
бірінен соң бірі:
            - Бәрекелде! Бәрекелде! - деп жамырай
қақпақылдап тұрып алды.
            Сол дабыр басылғасын барып:
            - Елші мырзаны тыңдайық! - деп
саңқылдады хан. Әлгі ретпен бұл пәрмен де барша жұртқа мәлім болды.
            Елші атын тебініп, хан қасына озып,
бағана майханада мынау сары ала топпен кездескендегі әңгімесін баяндап берді.
Оның тап онша саңқып шықпайтын шәңкілдек дауысын тағы да сол сары ала топ қана
естіді. Ол сөзін бітіре бергенде сол шоғыр:
            - Бәрекелде! - деп айқай салды.
            - Бәрекелде! - деп қалың жасауыл
күркірей қостады.
            - Бәрекелде! Бәрекелде! Бәрекелде!
- деп тағы да әлгі ығы-жығы шұбар төбе, шұбар бұйратты қақақулап тұрып алды.
            Сол екі ортада басы хан болып,
күллі сары ала топ аттарынан түсіп, жүгендерін қарларына іліп, жү-гініп-жүгініп
отыра кетісті. Бауырай-бауырайдағы барлық аттардың белі жеңілдеп, барша кәрі
жас күнгейді бетке алып мүлгіп отыр. Бәрінің жүзі сондай момақан. Бәрінің
ынт-шынты ханның оң қолында күңірене сарнап отырған қақыра сәлделі кісінің
сиқыр үнінде. Құран білетіннің бәрі соған үн қосып күңіреніп бағуда. Осынау
жамыраса күңіреніп отырған көп момын, көп қызырдың дәл осы сәтте сонау көрші
бөктердегі бастарын көтермей қадала жайылып жатқан көп қой, көп отардан қандай айырмасы
бар? Мынау аттарынан түспей тұрған үркердей елшілік адамдары сонау ақтылы
қойдың шетіндегі оларды «әйт!» деп өргізіп, «шәйт» деп қайырып тұрған шәңкілдек
бақташылардан несі өзге?
            Мына қалпында мына түздіктер де
мойындарын жерге салып, сауырларын шыбыртқыға тосып, алдыңа түсіп бөкіп жөнеле
беретіндей-ақ емес пе?! Осынау ығы-жығы адамға толы көгал алқаптан, сонау
мың-мың қой мыңғыра жайылып жатқан көл-көсір ұлан жазирадан, аспан астын шірей
толтырып жатқан боз даладан тек бұйығы тыныштық пен бұғыңқы момындықтан басқа
не көріп тұрсың? Бетін ыққа, жонын желге тосқан бүкшеңбай төзімнен басқа мінез,
«әйт» пен «шәйттің» арасындағы от оттап, су сулаған түқшыңбай тіршіліктен басқа
қимыл-қыбыр, әрекет, қылық көре алдың ба? Тап мынау жаппай жығылып, жаппай
жусап жатқандарды қиялшыл ұлық Иван Кирилов көрер ме еді? Қалай шалқып, қалай
желпінер еді! Шіркін осыны тіпті патшаханымның өзі кеп көрсе ғой! Қайдағы бір
қаңғыбасқа, шала көпес, шала суретші бұратана Джон Кэстлидің өзіне осылай жусап
жатыр! Олар келсе, мына даланың тірі мақұлығы түгілі анау жансыз
тау-жоталарының өзі жермен-жексен боп үгітіліп кетер ме еді, қайтер еді!
Бұлардың таулары неткен жатаған! Көлдері неткен мүләйім! Өзен-бұлақтары неткен
таяқты көп жеп қалған тағы иттің құйрығындай бұлғаң, бұралаң! Осынша ұланғайыр
мол дүниеде ереуілдеп тұрған, көзге ұрып тұрған не бар? Кіл қоңыр, кіл мүләйім,
кіл тапал, кіл жәреуке емес пе?! Биіктен тұрып қарағанда жер бауырлаған
аласалықтан, тіпті жым-жылас жоқтыққа барабар жапырайған жатағандықтан, үп десең
үгіліп, лүп десең бұгіліп тұрған бор кемік пен әлжуаздықтан артық сұлулық жоқ
екен ғой! Тақ мінгеннің аспандап, тақсыр атанғанның батпандап кететіні осыдан
екен ғой! Дүниеде биліктен асқан құдірет, бағыныштылықтан асқан мүсәпірлік жоқ
екен ғой! Мынау кешегі ауыздықтарымен алысқан ардалар мен асаулар емес пе еді?
Бір ғана «бодан» деген сөздің өзі осылай жер құштырып тастамады ма?!»
            Мынандай тосын көрініске
елшіліктегінің бәрі елтіп қалыпты. Бес атты казак бес қаруын сәндеп ұстап,
пәлдене түседі. Құлбай тілмашта да қыбыр жоқ. Бөтегеден биік жусаннан аласа боп
үйренген жырынды қу мұндайда айбынды боп көрініп қайтсын. Ертең бәрі бір Ор
бойындағы шаһардан әрі қарай аяқ басты-ақ қайтадан бүгежектеуге тура келеді.
Мынау арқайын сахарада азды күн шірене тұрайын деп бел омыртқамды жаман үйретіп
қайтем дейтін болар! Билік деген не, бағыну деген не? - әлі түгел түсініп
болмаған Дитрих Люфтус қана мына көріністі қалай ұғып, қалай бағаларын білмей,
жан-жағына жаутаң-жаутаң қарап қояды. Сілтідей ұйып тұрған осынау жым-жырт
дүниеде тек дудар бае Сергей Костюковтың астындағы ат қана белі талып кеткендей
үсті-үстіне тыпыршиды. Әншейінде ақ жарқын неме маңдайына кун өтіп, мазасы
болмай тұрғандай кіржиіп алыпты. Баяғыдан бері мұның құлағына күні-түні құйып,
сәл нәрселерінің өзін өз-әулие көріп, көпірте дәріптеп баққан түздіктеріне бір
түрлі мұңая көз тастайды. Байқатпай күрсініп те қояды. Бірдеңеден түңіліп тұр.
Оның сыры басқаға мәлім болмаса да, Джон Кэстлиге мәлім!
                Көлденең көк атты Джон Кэстли сендей емес,
Сергей Костюков, талай нәрсені байқап үлгерді. Түсініп тұр. Сен құсаған ашық
ауыздар өзі көрмеген нәрсенің бәрін кереметке, ғажапқа, дүниеде теңдесі жоқ
асыл мен ардақтыға жориды. Ал сенің әупірім бастықтарың өзіне үқсамаған, өзі
үқпағандардың бәрін арам, зымиян, не мұрынына иіс бармайтын арда жабайы көреді.
Асаудың бәрін бұғалықтап, арамзаның бәрін желкелеп отырсақ, тыныш болар ек деп
ойлайды. Ондайдан алдымен өз тынышы, өз қадірі кететінін білмейді. Бұндай ел,
бұндай жұртқа тоқымыңды бауырыңа алып шамданудың да, айран-асыр қалып
таңданудың да жөні жоқ. Алдымен көріп, зерттеп біліп ал! Күле қарап, күле
сөйле! Кекірейіп келсе, бұған кім үйірілер еді! Жекіріп сөйлесе, кім сырын ашар
еді! Біздер, адамдар, басқа жан-жануардың бәрінің тілін таба алғанмен өзіміз
секілді басқа жұрт, басқа ұлттардың тілін таба алмай келеміз. Бұлар аңғал болса
болар, бірақ арда емес. Албырт болса болар, бірақ асау емес!
            Кешегі үрыға сот,
бүгінгі жердегі құдірет, көктегі құдіреттің бәріне имандай ұйып жаутаңдай
жалбарынып отырған мынау мінажат, бұрын айтылмаған талай қыры мен сырына көзін
жеткізіп тұр. Бұлар да тәр мен тәріпке бас ұрады екен. Ендеше, бұлар да
өздеріміздей... Соны тек сездіріп алмайық... Ақылдырақ, айлалырақ, күштірек
көрінейік... Өйткені, бұлар өздеріне, өздеріндейлерге мойын ұсынуға көп құлықты
емес екен...
            Осыны тез түсінген
ұлық бұл жұртты тез кендірер түрі бар.
            Джон Кэстлидің бұл
сапардан мықтап ұғып қайтқалы тұрғаны өзір осы ғана.
            Хан қасындағы қақыра
сәлделі хөзірет күңіренгенін сәл тыйып, дауысын кетере созып:
            - Жұртымыздың Ресей
патшалығымен тату-тәтті тұрмақ ниетін құдайым қабыл етсін! Аллауакбар! - деп
бетін сипады,
            Күллі алқап:
            - Аллауакбар! - деп
күңіренді.
            Ол күні жұрт жиынға
тігілген үйлерге тарап, табақ-табақ ет тауысып, саба-саба қымыз сарықты.
            Дыр-думан, бәйге, күрес ертеңіне басталды. Содан тағы
үш күндей хан орданың үсті қүж-қүж қайнап опыр-топыр болды да жатты.
            Төртіннгі күн дегенде тойдың
тарағанын паш еткендей шақшақ Жәнібеқ Бөкенбай, Дербісәлі, атығай Қожаназар,
керей Күлсары, Құттымбет Қоштай баласы, уақ Ақбота, қанжығалы Төлеміс, қыпшақ
Сақа, найман Талбасар, Төле батырлар бастаған Орта жүз тобы бәйгеден озып
келген жүйріктеріне қалы кілем жауып, түйе бастаған тоғызды жетелеп Торғай
бетке, қарақшыдан аты келген Мөңке, Мойнақ, Мәметеқ Айдаралы билер бастаған
шектілер тобы Шалқар бетке, палуандары жығып лақылдап күліскен жағалбайлы
Серке, тама Тыныбеқ Тебел, табын Төлебай, тілеу Қараменделер бастаған жетіру
тобы Елек бетке, тайтұяқ бастаған тоғызды жетелеген Кедей, Жайылған, Бақа,
Киікбай бастаған шөмекейлер тобы Ырғыз бетке жылыстап шыға берді.
            Бұл жиында ағайындық көрсетіп
майлық-саулықта жүрген алаша Байсау, Машқар, Жәдіқ Ысық, Бәйтеректер бастаған
бай ұлы тобы мен Алтай, Жұлдыз, Кенжалы бастаған кете тобы жиынға тіккен
үйлерін ертеңіне көшіріп, өздері елдеріне ұлық басы сұлтандары Нұралы
ханзадамен, ханның күйеулері Дербісәлі, Жәнібек сұлтандармен бірге елшілікті жолға
салып барып аттанатын боп қалып қойды.
            Жиын тарағасын хан орда маңы
қаңырап бос қалғандай еді. Кешегі ну жығылған. Кешегі майса тапталған. Жағалай
қазылған жер ошақтар өлік күткен қабірдей үңірейіп-үңірейіп сөлекет көрінеді.
Енді мынау іргесі тозған жұрттың шаң-тозаңынан үркіп маңайдағы ауылдар соны
қоныстарға көше бастады. Жат жерлік жолаушылар аттанса, біз де түйе тіздейміз
дегендей, орда төңірегі де буынып-түйінуге кірісті.
            Қызылды-жасылды көштерді қызықтап
тұрған сый ұлық таң атар-атпастан өз қасына қарай жорғасын тайпалтып келе
жатқан Нұралы сұлтанды бірден таныды.
            Қоштасуға ханның сәлемханасына
кірді. Әбілқайыр қасына Бопайды, ұлыс-бектері - Жәнібек, Дербісәлі сұлтандарды
алып оңаша отыр екен. Нұралы екеуі кіріп келгенде, оң жағын нұсқап орын ұсынды.
Анадағы ауыл аралатып жүргендегісіндей ақ жарқын да, Қожахмет абайламай жылқы
атып тастайтын күнгідей сабырлы да, кешегі жиын тұсындағысындай айбынды да
емес, бір түрлі бүйығыңқы. Көзінің алдында көп күнгі дүрбелеңнің табындай боп
еміс-еміс көгіс жүгіріпті.
            - Иә, елші мырза, жағдай қалай?
Жүргелі жатырсыз ба?
            Ханның үні қоңырқай, қаяулы.
            - Сәтін салса, сондай ойым бар.
Елші де бәсік тіл қатты.
            - Сонда қайда қайтпақсыз? Ор бойына
ма, Самараға ма?
            - Әуелі Самараға барып, Кирилов
мырзаға жағдайды баяндап, Орынборға сосын оралам.
            Манадан бері бұның әр сөзіне
елегізе құлақ түріп тұрған Бопай ханымның шырадай жанған нұрлы көздері солғын
тартып қоя берді. Ал хан иығын қомдап серпіліп қалды.
            - Ендеше мұндағы жағдайды Кирилов
тақсырға қаз-қалпында жеткізіп беретініңізге сенем. Ел деген кешегі өзіңіз
көргендей. Бүгін жоқтан өзгеге мөз болып, жайраңдап жадырап жүрсе, ертең сәл
нәрседен бұрқан-талқан боп, ашулы арыстандай алас ұрып шыға келеді. Оларды
бұлай қырық құбылтпай, бір арнада ұстайын десең, қолыңда әлі берік тізгін,
шалқайғанда арқаңды тірер мықты таяныш жоқ. Бар үмітім - падишамыздың салдырып
жатқан жаңа шаһары. Сол тез бітсе екен. Содан бір мықты жай салып ап, әр атаның
бір-бір жайсаңын аманат қып, жаныма иіріп қойып, қолыма қияс тартқан
қиқарлардың төбесінде
ойнақтардай қаһарлы қару
ұстасам, бұл тарпаң, жұрт тұяғы ащы, тісі қатты тегеурінді айғырдың алдына
түскен үйірдей жымып берер еді. Қазір оларды өйтіп тырп еткізбей түқырта
арқандап ұстауға қазығың қай бір мықты! Жыл он екі ай құр жүріп, анда-санда бір
құрық көрген жырынды жылқы шамалы да бастыға қояр ма!
            Оның үстіне шаптан түртер
түртіншектер тағы көп. Нобайы мынау иектің астындағы Бұхара мен Хиуадан шығады.
Оларды да тұтымға бір алып алсақ, езгені қақ-сұқтау түгілі өз бастарымен қайғы
боп кетер еді. Егер осыдан тағы да бір жарты айға аялдап, қасыңызға, қанша
қаласаңыз, сонша некер алып, патша мен менің атымнан елші боп, бір-бір аралап
қайтсаңыз, бізден болмағанмен, бізді ығына алған патшадан мықтап айбынып қалар
еді.
            «Мынаның ойы қалай-қалай шалқиды!
Бұны пайдаланып, күнгей көршілерін де бір-бір ықтырып алайын дейді ғой!»
            Джон Кэстли қазір оған уақыты жоқ
екенін, Самарада Кирилов мырза езін кептен тосып отырғанын айтты.
            Әбілқайыр байқалар-байқалмас қып
күрсініп қойды.
            - Ендеше, әлгі түрік патшасы мен
башқұрт тархандарының азғырынды әңгімесі өрши түспесе, өшпейді. Анадағы үры жігітті
көрдіңіз ғой. Олар да соларды арқаланып, айылын жимай кетті. Кешегі жиынның
тұсында шөмекей, шақшақ, жаппас, қыпшақтардың жылқысы тағы да шапқын көріпті.
Бұл
жолы, әрине, анау күнгі жігіт
емес. Бірақ, соның өшін қуып жүргендер. Ол - әрине башқұрттар.
            Хан Бұның жүзіне сынай қарады.
            - Бәлкім, бұл жолы болмаса да,
келешекте әлгінің бір реті түсер, Кирилов мырзамен ақылдасып көрсеңіз қайтеді.
            - Оған күш салып көрейін.
            Ханды мынау солғын жауап онша
қанағаттандыра қоймаған сияқты.
            - Елші мырза, бізге салар қолқаңыз,
көңіліңізге алған құлтаңыз болса, айта кеткеніңізді сұрар едік.
            Елші иығын қиқаңдатты.
            - Мүмкін, сізді анада сотта ұры
жігіттің дауына араластырғаным, башқұрттарға жең ұшынан жалғасып жүрген
қарақшыға араша сұратқаным бекер болған шығар. Оның бұзақылығы шынында да
қазылардың
айтқан қатал үкіміне әбден
ылайық еді.
            Әбілқайыр тағы да кілт кідіріп,
мейманына барлай көз тастады.
           
            Елшіні ханның мына сөзі, шынында да
таңырқатып еді. «Бұны қандай мақсатпен сұрап отыр екен? Әлде ақ патшаға қарсы
шығып жүрген қарақшыға араша сұрап, ашық ауыздық жасадың дегені ме? Бұл,
расында да, ол жағына мән бермепті. Мына аққаптал хан оны әдейі істеген екен
ғой. Енді келіп бетіне салық еткенін көрмейсің бе? Онымен не ұтпақ? Бұның
соңынан сөз ерткеннен оған түсер пайда қайсы? Бұлар, тек тәр мен тәртіпті
сыйлауды ғана емес, оны пайдаланып аяқтан шалуды да әбден жақсы біледі екен
ғой. Мұның аты саяеат қой. Саясатшы тағы, саясатшы жабайы, саясатшы арда!
Саясатшы топас! Құлаққа қандай күлкілі естіледі. Жоқ, жоқ орыс ұлықтары өз
бұратаналары жайында әлі ештеңе біліп үлгере қоймапты.... Кирилов анада бұнымен
сөйлескенде біз: «Ол тағылардың әуелі көзін ашамыз. Оқытамыз. Заңды сыйлауды
үйретеміз»,- деп желпініп отыр еді. Мынау алдындағы сығырая қарап отырған
түздің қу түлкісі ондай-ондай даңкөкірек ұлықтарға өзі саясат үйреткендей
екен... Пәлен күн ашылып-шашылып думандатып, аяғының астында құрдай жорғалап
келіп, енді, міне дәл жүрер алдында, бұл әлі дұрыстап аңғара қоймаған бір қыл
тұзақтың ұшын қылтитып қоқан-лоқы жасағалы отыр...»
            Сүп-сұр сүсты хан жымсиып күлді.
Онсыз да аңтарылып отырған жат жерлік ұлықты одан сайын абдыратып тастады.
            - Менің ойлағаным - алдымен, әрине, өз
басымның тыныштығы. Бұл далада жерден шыққан кісі жоқ. Әр адамның сыртында
қырық қабат қалқа, қырық қабат қалтарыс тұр. Соның бәріне көзің анық жетпей
тұрып, ол
туралы түжырымды тоқтамға
келе алмайсың...
            Хан кідіріп қалды. Елші де одан
көзін айырмай отыр. «Дұрыс айтасың, қадірлі хан! Басқа айтқаныңның қалай екенін
қайдам? Тап осы айтқаның рас. Сондай қалтарыс қалтаның талайы сенің ішіңде,
сенің көкірегіңде жатқан сияқты...»
            - Оның үстіне, әркімнің де
ағайын-жұрты бар. Бізде аталастың жолында ағайынның баталастың жолында қауымның
мүддесін оп-оңай қиып жүре береді. Кеше қолымнан айырып алмағанмен, көңілдеріне
дық жиып
кететін сүйектестеріңнін
ертең маған қай жерден, қайтып қитықтанатынын қайдан білемін? Екіншіден, ақ
патшаның біздің даламызға келген ақ жолтай елшісінің қонақасысы үстіне қан
төккім келмеді. Онсыз да қос үрей  жұрт
орыстар рахымды білмейді екен, сәл жаздың болды, басыңды алам деп тебініп
тұрады екен ғой деп қорқып кетпесін дедім. Ақ патшаның да қолынан мейірім
мен кешірім келетінін
көздерімен көрсін дедім.
            Елшінің үні шықпай қалды. Мынау
үндемес хан қандай көріп кел. Анада орынынан тұрғанда бұның да көңіліне алдымен
оралған осы ой еді ғой.
            - Солай, елші мырза. Менің
жағдайымда өркімнің осылай қас-қабағын аңдып отырудан басқа не келеді? Мынау
бет-бетіне жүрген халықтың бар тізгінін жиып алып, осының ақылына сенуге болады
деген біреуінің қолына үстатпай, Бұл халықты билеу орыс ұлықтарына да оңай
тимейді. Онсыз олар да маған ұқсап әр кімнің қас қабағын бағып, алақтап
отырғаны...
            Хан мына сөзінің тұсында екі көзін
елшінің жанарына мық шегедей қадалтып шаншыла қарап тұрып алды.
            Елші де тайсалмаған қалып танытты.
            - Орыс императрицасы өз тұтымындағы
халықтарды ұстап тұра алар ақыл мен күш таба алатынына сенетін шығарсыз.
            Хан күліп жіберді.
            - Әрине. Оған менің де күмәнім жоқ.
Әсіресе, ақыл жағына кенде емес деп білем. Бірақ, күш... Күш те, әрине, жетеді.
Бірақ орыс әскері әр сайдың басында, әр
бұтаның тасасында, әр қойдың
артында қаңғырып жүрген қаймана қазақтың соңында бір-бір зеңбірегін сүйретіп
тоз-тоз боп тозып кете қояды деп және айта алмаймын.
            Сып-сыпайы бып-биязы айтылған мына
сөзде қанша ажуа, қанша зіл жатыр?!
            - Жарайды, Жон мырза, келгеніңіз
өте дұрыс болды. Мұндағы ұйтқыма жұрттың көңілін біразға дейін орнықтырып
бердіңіз. Бірақ, қаншаға барарын кім
білсін?! Қайталап айтсам,
қазымырлық көрмессіз. Қашан ұлы падишамыз қазақтың бар тізгінін бір тегеурінді
қолға жиып бермей, бұлар бәрібір баян таптырмайды.
            Сондай жағдайда ғана мынау ала
бүлік Хиуа мен Бұхара
бұл тараптан аяғын тарта
жүрер еді.
            - Түсіндім, тақсыр хан. Хан сәл
мүдіріп отырды да:
            - Ендеше, бұл гәпті өзгелердің де
көкірегіне қондыра жүріңіз.
            Хан бұйығы көзін бадырайтып ашып,
елшінің жүзіне телміре қарап отырып, біраздан дейін лезде өзгөріп бір жымиып
қойды.
            - Жон мырза, біздің жұртымыздың ең
пәтуалы байлығы - мақалы мен мәтелі. Соның біреуі «Бір күн дәмдеске, қырық күн
сәлем»,- дейді. Азды-көп дәмдес болдық. Сол есіңізде жүрсін деп, мына бір қыл
құйрықты түсіп беріп тұрмын.
            Нұралы ханның анада құс салуға
барғанда мінген меңсіз күрең арғымағын елшінің алдына тоса берді. Әбілқайыр
аттың жалынан бір шөкім қыл кесіп ап, ауызына бір асатып суырып, сілекейін
алды; басындағы күміс жүгенін алып, орынына күміс шығыршықты ноқта тағып,
шылбырының ұшын елшіге ұстатты.
            - Бізде атты жүгенімен қоса
бермейтін салт бар,- деп күлді.- Ал жүйрігіңіз шабысты болсын.
            Елші қолын көкірегіне апарып тағзым
етті.
            - Кирилов мырзаға бұл жолы
сәлемдеме жібере алмай тұрмын. Құдай сөтін түсіріп жатса, Орынборға
шақыртылғанда қамдастыра барармын. Ал мынау сіздің қалыңдығыңызға сәлемдеме!
            Күйменің артына отыз қарсақ терісі
мен алты түлкі терісі салынды. Екі тілмаштың қолтығына да алты-алты-дан қарсақ
терісі қыстырылды.
            Сосын жолға бата жасалып, жұрт атқа
қонысты. Жүрер жерде Цапаев анадай жерде ырсия күліп тұрған Итжеместі шақырып
алды.
            -  
Мына бір мен секілді жайын ауыз жалба тымақ біздің шаһарға жалпылдап
қайта-қайта неге келе береді десем, күйеу баламыз екен. Қарындасымыздың ана
тілін ұмытып қалғаны болмаса, нағыз орыстың қызы екенін, мына жиеннің бет ауызы
айтып тұр ғой.
            Итжеместің сыртына тығылып тұрған
сары баланың басынан Цапаев бір сипап қойды.
            - Мына Балпақ не деп тұр?
            - Жиенін танып тұр.
            - Не дейді, тәңірім-ау!
            - Қарына тартпағанның қары сынсын
деген осы-ау!
            - Аман болса, мына боқмұрын сарыдан
да түбінде ұлық шығып жүрер.
            Цапаев енді Итжеместің тымағын
қамшысының сабымен көзіне қарай ысырып:
            - Ендігі келгенде біздерге соғып,
жиендерімізге базарлық әкетуді ұмытпа!- деді.
            Әуелі орыстар ду күлді. Құлбай
қазақшалап бергенде, басы ханның өзі боп былайғылар да күліп жіберді.
            - Аман болса, енді Бопай ханым
ішетін аққұйрық шайды Сарқатын да ішеді,- деп сыпсыңдасты бұл әңгімені алыстан
тыңдап тұрған ауыл әйелдері.
            - Жауда  да бір үйің болсын деген осы ғой. Кейінгі
кезде мына Балпақ Итжеместің шатпасынан шықпай жүр. Жолаушылар аттана берді.
            Күйменің соңынан шоқыта ілескен
аттылардың өзі қарақұрым. Шақшақ Сүйіндік, Ақмалай, адай Құрмантай, тілеу Лақа,
Мәмбет, кете Алтай, төлеңгіт Бәйбек елшіге еріп барып, Самарадағы Кирилов
мырзаның алдын көріп қайтпақшы. Төлеңгіт Шағырай, Жәнібектің шабарманы Лепес
Ордың өткеліне дейін бірге барады. Жасауыл Шағырай жолдағы ауылдардан
жолаушыларға жол азық жинап, сол өткелдің аузында күтіп тұрады. Біраз ауылды
бөрі тиген қотандай бөрліктіріп өткен хабары кеше кешке жеткен. Қамшысы шапшаң,
содырлау болғанмен, осындай тапсырмаға одан тындырымды ешкім жоқ. Нияз Сұлтан
мен Нұралы сұлтан ат шаптырым жерге дейін шығарып салады.
            Әбілқайыр мен бір топ би елшілікті
тай шаптырым жерге дейін шығарып салды да, қашан жал асып кеткенше соңдарынан
қарап тұрды.
            Барған сайын ұшқан қаңбақтай құрдымдана
түскен бір шоғыр шаң көкжиекте ұзақ бұлаңытып тұрып-тұрып, бір жола құрдымға
сіңіп жоғалғанда барып, билер ханмен қоштасып, ел-елдеріне тарай бастады.
            Әбілқайыр тағы да бір бейтаныс
жолаушыларды туған құрдасындай құшақтаса қоштасып шығарып салып, тағы да атын
аяңдата бастырып ордаға қайтып келеді. Бұл да - міне, өткен күн. Көкірегі бірақ
анау айтқандай кенеу тауып қарқ бола қоймаған сияқты. Көңілдегі көп үміт, міне,
қанша жыл болды, көкжиектен әрі ұзап шыға алмай, аттанған жолаушылардың ақ
шаңында малтығып жүр. Оның қашан дегеніне жетіп, дені жайылар күні болар екен.
            Жаңа тағы да көзі шалып қалды -
күймедегі сый ұлық та анадағы келгеніндегі күлегештігін ұмытып ой үстінде
кетті. Бұл да, міне, басы кеудесіне кетіп ой үстінде келеді. Бұл думан, бұл
жиыннын да ықпал-әсері сонау жан-жаққа қылт-қылт безіп бара жатқан көп шаңмен
бірге сүйыла, сейіле түсетіндей.
            Хан басын көтеріп жан-жағына
қарады. Қасындағы Мырзатайды шынтағымен қағып былай ығыстырып, ар жағындағы
Айбастың Арыстанбайына иек қағып, қасына шақырды.
            - Қалай, құрдас, кеше осы сіздің
ауылдың шоғыры тым сұйқылттау көрінген сияқты ғой. Жиырма бес алшынның жанға,
малға кенделігі жоқ, ен нуының бірі шөмен еді. Олар нағып тап мұндай жүдеу
келгендеріне түсінбедім. Рас, ұсақ үш шөмекейдің қамшысы түгелге жуық. Бірақ ол
үшеуінің - бәрі қосылып, бір Бозғылдың қарасын толтыра алмай тұр ғой. Сіздің
сол көп ауылдан Келдібайдың екі төлі Киікбай екеуіңнен басқа ешкім көзге
түспеді. Не ойлағандарың бар еді? Жалтырдың төрт бұйда ұстары - Жәдік, Алман,
Шыбынтай, Кенже; қаратамыр Мәмбет, балқы Бәйбек шөмен атамның көшін арқар
үрандының қай ауылының күлінің басына апарып шөгерейін деп жүр? Кейінгі кезде
Батыр сұлтанмен екі орталары тулақ сүйреткендей ақ жол боп қапты десетін еді.
Қайып баласының сарқыты төртқараның Әйтеке балалары мен Қаратоқа Көшербайынан,
қарасақалдың Мырзакелдісінен, кішкене шектінің Қарабас, Қалыбай, Қарабай,
Боранбай, Жаңбыршыларынан артылып, шөмекейдің шүйделілеріне де ауысайын
деген-ау! Әйтпесе, іргедегі Ырғызда тұрып, аттарына жем түсе қояды ғой дейсің
бе?! Кешегі шалқайысқандардың көбі қайтадан шалғайласса да, солар-ақ илікпей
қойды ғой. Не біліп жүргендері бар? Әлде көкіректері көлдеудегі көп жылқының
пысқырғанына күпті ме? Жарайды, олар солай-ақ болсын! Ал әлгі Бәбиге не жоқ?
Бір Байғараның құнын бір алып бітіскен сияқты еді ғой? Құны төленсе, жұққан
қанның аршылатыны қайда? Бір кездегі сойылдастары Сырлыбай мен Баймұраттың
жүрістері кешегі. Кәрі түйенің қарғыс жетпесінің сіңіріндей сол сығырдың-ақ
құрысқан-тырысқаны жазылмай-ақ қойды ғой. Бір жазса, соны сен жазасың! Тілің
ащы болғанмен, алақаның жұмсақ. Әрі ара ағайынсың!
            Өткір тілді Арыстанбай хан иенің
өзіне ұрынып бастап, шағынып аяқтаған мына әңгімесіде талай сөздің ұтыры кеп
ауызы қышыса да, үндемеді.
            Ханның маңдайында көптен бері
ел қонбаған жапан түздегі ескі жымдардай шым-шытырық әжімдер көбейіп, шытынап
тұр екен.
            Шамасы, әлгі жаңа ғана
жан-жаққа сіңіп жоғалған ала шаң мына биылғы қалың өнген қапырық оттың басына
орнар ақ тозаңның алды болмаса, соңы болмас түрі бар.