ВЕРНУТЬСЯ

Байтақ елмін басынан сөз аспаған,

Өз өлеңім өзіме - өз астанам!

Илеуіңе қашанғы көне берер,

Қазақ жыры зорлықтан көз ашпаған?!

Ақындарды өткізіп өткелектен,

Кім бар дейсің төбесі көкке жеткен?

Жыр деген бір жүректің періштесі,

Періштені оңған ба өкпелеткен?

Ойларымның бет-жүзін аламайлап,

Құйрығына жіберме шала байлап.

Іргем бүтін тұрғанда ірткі салып,

Үркіткенің орынсыз жарамайды-ақ!

Арманымды, ағайын, түсін менің,

Өңімдегім осы ғой, түсімдегім.

He бір қымбат түспеді мына қолдан,

Жырды ғана аялап түсірмедім.

Жырым менің-мұңдасым, сырласым да,

Көз жасым бар мөп-мөлдір тұнбасында.

Бір басында ол
тұрса таразының,

Ал, тағдырым
тұрады бір басында!..