ВЕРНУТЬСЯ

     Өзгерісті байқармыз талай әлі,

Басы болған нәрсенің бар аяғы.

Түнде жауған аппақ қар

Алматыда

Түске дейін түтінмен қараяды.

Сүрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,

Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.

Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,

Ақ жем болды қос қодым судан шықпай.

Болу қиын қалада шын ханшайым,

Қанып ішией газдағы қүмған шайын.

Газ бен бензин иісінен безер болам,

Терезенің пердесін жуған сайын.

Жыртқан сайын календарь парақтарын,

Жұқарғандай
жүйке мен тағат тағы.

Асфальт жапқан аулаға қарап тұрам,

Пәтерімнен бесінші қабаттағы.

Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,

Сұлулықпен
суреттен жолығысып...

Құс секілді құс та жоқ,

жетім торғай

Балкондарда жүреді қонып-ұшып.

Жетім торғай жабығып үшар одан.

Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.

Күннің көзі кірбиіп көрінеді,

Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан...