ВЕРНУТЬСЯ

Қанша күндер,
Қанша жылдар
босқа өткен!
Қанша кештер
сезім билеп,
Ес кеткен!
Кейін білдік,
Кейін ұқтық көп жайды...
Мамық төсек
қауіпті екен бөстектен!
       Қанша күндер,
Қанша жылдар
босқа өткен!
Қанша кештер
сезім билеп,
Ес кеткен!
Кейін білдік,
Кейін ұқтық көп жайды...
Мамық төсек
қауіпті екен бөстектен!
Сенің бейбіт
күндері
ңді кім шапты?
Секеңдеген сері кездер мұң шақты.
Жылы орынды
сүйеді екен бөкселер,
Жамбас шіркін
сүйеді екен ж
ұмсақты!
Көздеп атып құралай мен елікті,
Кесір көңіл аяқ
асты желікті.
Қол шіркіндер
сүйеді екен тізгінді,
Тақым әсте
сүйеді екен көлікті.
Қанша ақылдың
ойбай салған жазығы!
Қарын менен
ойдың бөлек азығы.
Баламыз да
Бабамыздай баяғы
Сүйеді екен
қарта менен қазыны.
Көкірекке
түсірмеппіз көргенді.
Көп-көп алып,
Қөштамаппыз
берге
ңді.
Көмей шіркін
сүйеді екен шәрбатты,
Кеуде шіркін
сүйеді екен орденді!
Көмекейге бетон
бөгет қойдырып,
Қайран елдің бір
демалды ой-қыры.
Қаншама жыл
аштау
ұстап ақылды,
Қарын жағын
жіберіппіз тойдырып!
Көп нәрсені
түсінесің өткесін,
Кеуек басқа көп
жыл жүріп жеткесін.
Не болмады!
Не көрмедік!
Тірлікті,
Дарын емес,
Қарын билеп
кеткесін!
Жалтақтаймыз,
Жасырамыз
несіне!
Жамандықты кейін
алдың есіңе.
Төсегіңді төрт қабаттап жатып ап,
Тойған қарын бой
бермейді иесіне!
Қанша күндер,
Қанша жылдар
босқа өткен!
Қанша кештер
байлық билеп,
Ес кеткен!
Кейін сездік,
Кейін білдік көп
жайды,
Мамық төсек
қауіпті екен бөстектен!