ВЕРНУТЬСЯ

Онсыз жастық - өшкен күн ғой жылусыз,
Бұл мін емес, о жарандар, өзге мін:
Тамсанғанды айып көрме, сұлу қыз,
Тәтті болып жаралғасын өздерің.
Қайран дүние - ай , қалай ғана дәт табам,
Гүл райханды иіскемей аңқыған.
Тәнім құрсын сүңгімеген, батпаған
Кәусарына айдын көлдің шалқыған.
Алқорыдай албыратып ажарын,
Шырын сорсам, асай қауып, анарын.
Тарс жауып тас қақпадай жанарын,
Тапамасам, қалай тарқар базарым?!
Қақым бар ғой бақ мәуесін жұлуға, --
Жаратқанның өзі ұсынған ырысын.
Тап - тап беріп тал шыбықтай сұлуға
Талықсытпайтын тақуа дәурен қүрысын.
Онсыз жастық - өшкен күн ғой жылусыз,
Бұл мін емес, о жарандар, өзге мін:
Тамсанғанды айып көрме, сұлу қыз,
Тәтті болып жаралғасын өздерің.
                                                      1959.