Келші, құрбым,
Кешкіқұрым
Тау жаққа.
Сырласайық,
Бір жасайық
Аулақта.
Келші, кұрбым,
Көрші, құрбым,
Жанымды.
Көр үйімді,
Көр сыйымды -
Барымды.
Сен сөкпессің,
Бай емеспін,
Кедеймін.
Сырласайық,
Бір жасайық,
Кел деймін.
1946.
- 176 просмотров