ВЕРНУТЬСЯ

       Түседі еске жалаң аяқ күндерім,

Ақсүйекті ала қашқан түндерім.

Сол кашқаннан мол қашыпты балалық,

Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім.

Қуар едім осы күні етікшең,

Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең?

Мен мұндамын,
сен қайдасың, білмеймін,

Жеңіл аяқты жетім болып кеттің сен.

Өткен екен талай жылдар, талай күн,

Өмір жолын, өлең жолын санаймын.

Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,

Есік жаққа қайта-қайта караймын.

1945-1950.