ВЕРНУТЬСЯ

     I

     Жауыздықтан жаны шошып,

Кімдер сонау күңіренген?

Қосылып жұрт жатыр босып,

Қош айтысып туған елмен.

Бостандықтың бұлбұлдары

Heгe
үрікті ұясынан?

Басты ұяны,
ысқырады

Фашист деген сары бас жылан!

«О, сүйікті Испания!

Қош бол, қош бол, ұлы өлкем!

Туған өлкем гүлжазира,

Біз қайтармыз күні ертең!» -

Деп бостандық бұлбұлдары,

Туған елмен қош айтысып,

Қан боялған қанаттары,

Шар тарапқа жатыр ұшып...

 

     II

     Әне, бір шал, ақсақалым,

Шықты жаяу Мадридтен,

Шұбыртқандай
балапанын

Балаларын соңына ерткен.

Жатыр бықсып Испания

Шаладай боп қалған өрттен...

Қайта айналып ол қария,

Тұрды
қарап қиыр шеттен.

Кеуде толған зар мен ыза,

Ата-бала уһілейді.

- Қанды жастан сел ағыза

Жусақ, - дейді, - Пиренейді.

Жуып-шайып жастың селі,

Туған елді бір тазартса,

Фашистердің өлімтігі

Тастай батып, сеңдей ақса... -

Деп тұрғанда ата-бала,

Бұрқырады бомбы жауып.

Күңгірттеніп кетті айнала,

Шал құлады
есі ауып.

Оқ тиіпті көкіректен,

Балалары құшты
әкесін.

Жиналды жұрт
төңіректен,

Ақсақалым жиды есін.

Көзін ашып қарады шал,

Жиналған жұрт
тұр құшақтап;

Шпиондай жүрді ажал

Анадайдан айналсоқтап.

Мұңдастары,
балалары

Тұрды
жым-жырт, шалды сүйеп.

Жалын шашып көз жанары,

Ақсақалым айтты өсиет:

- Тыңдаңыздар, балаларым,

Өлсе, өлер бір қария...

Өлмес бірақ ұрпақтарым,

Өлмес ұлы
Испания.

Осы жолда қалсын денем,

Апармаңдар зияратқа.

Бөгет болып жатайын мен

Жауыздық пен қиянатқа.

Молам менің тұрсын
жалғыз

Торабында осы жолдың.

Өткен-кеткен етер аңыз,

He себепті жолда өлдім...

Кегі қайнап сонда олар,

Сыбанар да сом білегін,

Бұрап тұрып жұлып алар

Фашизмнің кеңірдегін!

Қабырыма бұлбұл қонар,

Таңда сайрап айтар бір сыр...

Сонда маған тәуап
қылар

Осы жолмен көшкен ғасыр...

Ақтық сөзін қарияның

Жаттап алып жөнелді жел.

Сонда естідім шулағанын

Тау-тас, орман, айдынды көл.

 

     III

     Жол үстінде жалғыз мола

Қала берді қарауытып.

Кете барды бір топ бала

Іштен тынып, қабақ шытып.

Кетіп барад бір топ бала,

Кекті көздер қарайды артқа.

Қала берді жалғыз мола

Белгі болып болашаққа.

Қайғырмаңдар, балапандар,

Қалды екен деп жолда әкем.

Жан табылар пана болар,

Жер көтерер, дүние кең...

Тас жастанып, бұлт
жамылып

Дарияларды кешерсіңдер,

Дүние кезіп, сырлар ұғып,

Жігіт болып өсерсіңдер.

Алты қырдан ассаңдар да,

Ұмытпаңдар
туған елді.

Ұмытпаңдар
қалған жолда

Жалғыз көрді - қарт әкеңді!

Жеңіс туы желпілдеген

Испан болса сенің тегің,

Құдіретіңе
сенемін мен,

Жібермессің ата кегін!

1939.