ВЕРНУТЬСЯ

Бір күндері тірлік біткен сарқылып,Қалар тыныш жүрген күндер шақ ұрып.Көзі біткен жылғалардай кебеді-ауЛүп-лүп соққан тамыр біткен тартылып. Жатса-дағы жер сілкініп, тау құлап,Түк сезбестен, сарсытпастан дау құлақ.Бір күн жерде жатамын-ау қаңқа боп,Иттен қалған сүйектердей саудырап. Жеңіп шығып, жетпей қалып бірде әлімАлысқаным, ұрылғаным, ұрғанымБолмағандай, сезбегендей ешқашанБұл өмірдің ең құйтырқы сырларын.Өшпегендей жан ұйытқан жақсы леп,Еш мойынға оратылмай ақ білек.Тіршіліктің қазанында шыжғырғанБолмағандай ыстық жүрек, пәк тілек. Жылдар мені өз отына шарпылғанКеледі айдап тура жолмен тартылған.Сол бір шаққа жеткізем деп тездетіпАлдап-сулап,Алып кейде алқымнан...                       ***Өлең жазу-өрмек тоқу гүл құрап,Алтын іздеу жерді терең бұрғылап.Көкжиектен көлбең еткен ойларданБұлақ жасау ағып жатқан сылдырап... Өлең жазу –Жүрек жарды сырмененЖиһаз жонып, отау тігу іргеден.Жыр боп ағып керегіңе жарасаКем демесің үлде менен бүлдеден. Өлең жаздым жүрегімді жайып сап,Оқы оның әрбір сөзін байыптап,Кешір бірақ сала алмасам суретінКөңілдегі көп сезімге лайықтап.Кеуде соғып пенделікке бас ұрып,Дауға барып, көрсете алман асылық.Көз алдымда көлбеп-көлбеп ойларымГүл сияқты жаста болды шашылып. Өлең деген күншуақ қой тілдегі,Самал жел ғой желпитұғын іргені!Болды маған көлбең етіп сұлулықІзгі ойдың есіп өтсе бір лебі...