ВЕРНУТЬСЯ

Жайсаңдарға
жарлы емес қой біздің қыр,
Жақсылардың
жанарынан сүздім н
ұр.
Әділдік деп
ойлайсың ба,
Алайда
Көк аспанға билік етсе құзғын
бір?!
     Көп кездерде төңкеріс пен аударыс,
Ердің ісі болу
керек қолдар іс.
Арыстанның сыбағасын жеген жан
Кем дегенде
болса деймін жолбарыс!
Кейбір жұрттан жасыратын сыр деме.
Күдіктілер келіп
қонды іргеме.
Дұрыстық деп ойлайсың ба,
Батырым,-
Бір мұхитты иемденсе бір кеме?!
Жайсаңдарға
жарлы емес қой біздің қыр,
Жақсылардың
жанарынан сүздім н
ұр.
Әділдік деп
ойлайсың ба,
Алайда
Көк аспанға билік етсе құзғын
бір?!
Кейбіреулер
Шындық деген
шіркінді
Шымырлатып
жырлаудан сәл іркілді.
Жақсылық па
Жарға жығып,
Басқа емес,
Өңшең тышқан
жәукемдесе бір пілді?!
Дүниенің құпиясын кім білді!
Данышпан деп
танисың ба дүмбілді?!
Не дер едің
Бөлу үшін
халықтан
Қапас торға қамап қойса бұлбұлды?!
Шәрбатыңнан,
Шұбатыңнан құй баса!
Мен айтайын,
Ағай сөзін қимаса.
Қалай дүрыс бола
алады бір адам,
Тірі адамның
ақылына сыймаса!