Ұясынан ұшқанынша
жан тынбас,
Рахатың
бейнетіңнен артылмас.
Қыр соңымнан қалар
емес туғалы,
Шұбар жылан күміс құйрық, алтын бас.
Қайдан ұқсын
қайран жақын-жұратым,
Тағдырымды жылан
арбап тұратын.
Жүрегімнің құйтақандай
шөлмегін
Түбінде сол сарқып-ішіп,
тынатын...
- 95 просмотров