ВЕРНУТЬСЯ

 Күн - үміткер,
Бірақ тағы
жеңбек түн:
Бәрі заңды тумақ пенен өлмектің.
Күш-қуатың
сарқылып та бітеді,
Қасиетін
түсінгенше Еңбектің!
       Күн - үміткер,
Бірақ тағы
жеңбек түн:
Бәрі заңды тумақ пенен өлмектің.
Күш-қуатың
сарқылып та бітеді,
Қасиетін
түсінгенше Еңбектің!
Қамзолыңның бар
түймесін а
ғыттың,*
Құшақ жайдың:
Кімді күттің?
Не күттің?
Ғұмырың да түгел өтіп кетеді,
Қасиетін
түсінгенше Уақыттың!
Әрі күшке,
Әрі ақылға кім
ие?
Бүгін жігіт -
Ертең шалсың кем
иек.
Бүкіл өмір
қайшылықтан қаланған:
Бірі болса,
Біреуі жоқ
дүние!