Бауырым қырғыз!
Күніміз
Бір кезде шықты
ұядан;
ұядан;
Мал қайтарған
үніміз
үніміз
Жарысты жартас
қиядан.
қиядан.
Анамыз қазан
асқанда,
асқанда,
Оттары қатар
маздаған,
маздаған,
Ел көшіп
яки босқанда,
яки босқанда,
Ботамыз бірге боздаған.
Ер құрбан болса,
Үшіне
Бір бердік қаза
асын да;
асын да;
Тарықсақ, лашық ішінде
Бір төктік көздін жасын да.
Қазақ пен қырғыз есінде
Қызыл ту тіккен жақпары,
Тоқтатып дереу көшін
де
де
Бірлесіп тартқан кекпары.
Есінде Ленин декреті
Ленинмен ұлы
жүз көріс;
жүз көріс;
Есінде және екі бетін
Біз кезек сүйген ізгі орыс.
Өзіне бердік ұл-қыздың
Өзенін, өлке топырағын;
Алтындай сары сол күздің
Бұтақта сарғыш жапырағын.
Ән шықты тауға асқақтап,
Сіз жақ пен біздің жақта бір -
Жылаған көзден жас тоқтап,
Әкелді бақыт Октябрь.
Бақытқа бітті заводтар,
Жалғасты үні азанда.
Жарқылдап қатар жаңа оттар,
Қайнады құрыш
қазанда.
қазанда.
Шаттық жоқ бізде белінген
Жазылды бірге жарамыз;
Жалғасты көлім көліңмен,
Егінді қатар орамыз.
Демейміз таумен белінген
Қаламыз, ферма, қорамыз,
Келеді
жылда гүліңнен
жылда гүліңнен
Бал жинап біздің арамыз.
Менің де бүгін тойыңа
Жинаған осы балым бар,
Тұрмаса құнан, тайыма
Қойымдай болар, алыңдар!
Емеспіз бөгде әр елдей,
Ежелден бірге арымыз;
Ашхабад, Киев,
Орелдей
Орелдей
Ошқа да ортақ барымыз.
Нан мен тұз
ортақ біздерге,
ортақ біздерге,
Алтындар жатқан тау ортақ.
Каналдар ортақ түздерде,
Бейбіт күн ортақ Жау ортақ!
Білеміз соғыс біз сырын,
Кеткен жоқ естен қазір де:
Оққа үшқан ұлдар
бір-бірін,
бір-бірін,
Құшақтап
жатыр қабірде!
жатыр қабірде!
Жетті!.. Енді үл-қызды
Өлтіртпейміз дұшпанға!
Жеңістен туған жұлдызды
Орнатамыз аспанға.
Әрбір күн, ай мен әрбір жыл
Қарашық болған көздерге -
Қасиетті Кремль,
Партия ортақ біздерге!
...Бауырым, сенің тойыңа
Жиніаған осы балым бар;
Тұрмаса
құнан, тайыма,
құнан, тайыма,
Қойымдай болар, алыңдар!
1950
- 175 просмотров