ВЕРНУТЬСЯ

          Түрлері көп қой жеңістің,
Соғысып жеңу өзгеше.
Аралап талай жер үстін,
Анықтап көрді көз кеше.
Кеп-кеше деу де жөн емес,
Он жеті жылдан арғыны,
Ал, бірақ, содан он елес
Түсімде көрем
әр күні.
- Жеңдік! -
деп, шатты күйлерге
Бөлінген
жанды байқағам.
Жоқ еді-ау онда үйлерде
Дастарқан толы бай тағам.
Майдандық темір кружка                             
(Арқалап келген кеше мен)
Жолықты жуа, бұрышқа,
Кездесті сынық кесемен.
Төрт
жылдай ащы тер сіңген,
Қайнатып суға илеген,
Көйлегі
жыртық көршіммен                            
Көшеде сонда билегем.
Билеп те жүріп жылады-ау
Сүйгенін сорлы жоғалтқан;
Төсімді жасқа
бұлады-ау,
Білсең ғой, кім ол?..Жоқ, айтпан!
Жесірден көрдім қаралы
Тырналған беттің тыртығын,
Солдаттан көрдім жаралы,                                            
Жамаулы кәздің жыртығын.
Ән салды бәрі сол күні
Әлпеті жүдеу, әз үнді,-
Бетінде бейнет солғыны,
Қыздардан көрдім
әжімді.                         
Вагондар үсті жара, тат,
Біріне бірін тіркеген.
Жердің де бетін жарақат
Жапырақ жаңа бүркеген.
Ал, сонау батыс жақ тұтас
Қаралы терек, шыршалар.
Жуылмай қаны жатты тас,
Шемендей болған шер солар.
Осындай ол бір көктемде
Жиналды шабыт таланға.
Шарпылған отпен, оқпен де
Апардық туды алаңға.
Ленинге барып, қасынан
Қыз, жігіт, кемпір, шал етті
Бес тармақ жұлдыз басынан
Аспанға бердік салютті.
Зұлмат боп тақ пен таж алған
Бандитке қатал сот құрдық.
Сергелдең жылда қажалған
«Селмашты» қайта соқтырдық.
Қайталау құрсын апатты,
Енбесін түске ол енді.
Космосқа
мезгіл апартты                          
Ақ ниет, ғылым, өлеңді.
Тыныштық, бақыт, еңбекті,
Теңдікті, жұрттар достығын,
Соғыссыз ылғи жеңбекті
Жырлауға бізді қосты күн.                            
1960