ВЕРНУТЬСЯ

       Тықылдаған сағат та жоқ, тып-тыныш;
Емін-еркін естіледі тек тыныс.
Сылдырлаған емес пе еді әлгіде
Аяқ жақтан алтын, күміс, тіпті мыс?..
Шөлмек пе әлде біреу гәуһар тас салған?..
Бір топ кілт пе аяқ жаққа тасталған?..-
Әйтеуір, қыз қалғып-мызғып кетерде
Сиқырлы бір сылдырмақтар басталған...
Барлығы да жым-жырт, ғайып болғандай.
Салқын, жайлы сарай еді бұл қандай?..
Өзін бақса, жатқан тыныш жандай-ақ
Өмірінде қатты ұйқысы
бір қанбай...
Көзбен көрсе, бәлкім бәрін түсінер,-
Бәлкім бәрін бір сиқырдың ісі дер?..
Рас солай:
көзін ашса Жадыра,
Өңшең үнсіз, қардан аппақ кісілер...
Ауыз, мұрын,
беттерінің өзі қар.
Мүмкін, қызғылт құлақтары тез ұғар?..
Егер бұлар
елес болса, неліктен
Әр маңдайдың екі жаудыр көзі бар?..
Неге бәрі тесегіне төніп тұр?..
Қайран сана, қалған жайды сен ұқтыр!
Адам деген бекер жата бермек пе,
Удан бетер ащы ұйқыға
сеніп құр?..
-        Ей, кісілер,
аппақ қардай кісілер!
Не жай болды мен кешеулеп түсінер?..
Қайсың барсың, алдамай да шошытпай,
ұмытқанның
бәрін еске түсірер?..
-        Сабыр, қызым!
-        Сабыр, сіңлім!
Жұбатқан
Жандар ауыр жүрегіне жүк артқан.
Түсінікті: шыніымен-ақ шығын бар,-
Қайран сұлу
бір қымбатын жоғалтқан.
Енді ғана еске түсті темір күш,
Ерік берсең, ет-сүйекті кеміргіш.
«Ақсақ қыз» деп қақсайсің-ау енді сен,
Қаққу өсек, иттен соңғы ең үргіш?!
Сұр жыландай
осынау ойдан ызғарлы
Ирелеңдеп ішке қарай
із барды.
Екі алақан екі көзді жасырып,
Аш бүйірден алқынды да, қыз қалды.
Жан емес бұл
астамшылық шақырған,
Не долдана, ежет өксіп, бақырған.
«Ол жомарттық» өнбек дейтін жалғыз-ақ
Түбі тесік көн шелектей пақырдан...
Сол себепті кесірлі де, тасырлы
Бұл
сағаттың бұлтын үнсіз асырды,
Сол себепті екі көздің мұң-зарын
Ел керер деп, екі қолмен жасырды.
Тірлік біткен ерлік емес... Соны ойлан!..
Не тиежақ енді сан жыл, сан айдан?..
...Ұзақты күн жасырынып, жастықка
Көздің
жасы саулап жатты самайдан.
Қолға түскен тұйғынындай тұзақтың.
Үнсіз науқас жылап жатты ұзақ күн:
«Ит қорлық-ай, бар болғаны енді мен -
Ғарыптардың ғарып болған қызы-ақпын!»
«Бұл
далаға талай соқпақ, талай тар
Жол түсер де, жоқ-барымды сол айтар.
Осы тұстан махаббат та кездесіп,                            
Осы тұстан сыбағамды молайтар».
Күні кеше болжап осы болжарын,
Тоқтап еді... Кім түсінер бүл зарын?..
Кеміп қалды көңіл түгіл, көркі де,-
Екеу емес, ендігі аяқ - бір жарым...
Ой, сұмдық-ай!.. Енді ғана санадан
Орын алды белгісіз бір жан-адам;-
Бір жас ұлан'
бүның ғана бағына
Әлде қашан туғаны хақ анадан...
«Көзбен көрген жас жандардың ішінде
Жүрді ме екен сол бейтаныс кісім де?..
Әлде маған әлі күнге кездеспей,
Кескінімді көрді ме екен түсінде?..
Жүр ме екен ол қазір түк те сезінбей,
Кеп-кешегі менің бейқам кезімдей?..
Белгісіз жар не күйде екендей ме әлде
Ұлан сорлы
ұзақ таңға көз ілмей?..
Енді көрсе, бұл сұмдыққа төзер ме,-
Керікқұмар өзгелерден
өзі ер ме?..
Жоқ әлде ол көрген сәтте жалт беріп,
Ақсақ қыздан бір жолата безер ме?..
Сокыр әкем адамзатта жақыным -
Маңдайыңнан сүйгіз, дейтін, жан-күнім.
Денем сонда мүздаушы еді бір сәтке...
Сен де маған сөйтермісің, жарқыным?..
Мені кәріп, сенің денең мұздар ма?..
Меншігіңе менен басқа қыз бар ма?..
Үміткер қып үлгереемші ертерек,
Жақсы еді сол жас жүрегің сыздарға!..
Онда бәлкім күш табар ең бүгіндер
Жаракатты жар алдына жүгін дер...
Онда бәлкім деп салар ең тағдырға:
Жолбарыстың жүрегінің жүгін бер!..
Енді, міне, тұйғынындай тұзақтың,
Бір аяқтан қырсық ілген қыз-ақпын...»
...Осыны ойлап тірі жанға тіс жармай
Жыр Жадыра жылап жатты ұзақ күн.
II
Қайран елдің қадіріне не жетсін?!-
Елмен ғана қайраттысың, өжетсің!..
Жан біткеннің ақ тілеуі жалғыз-ақ:
«Қыз басынан қиын сағат тез өтсін!..»            
   
Ал, мынау бір колхоз ісін басқарған
Үш азамат- анық биік асқардан.
Жаралының жастығына еңкейген
Олар үнсіз...Ішілместен ас қалған.
Шаңыт жолдан, шақырайған аспаннан,
Дария Сырдан, телефоннан, басқаңнан
Бар көмекті бір сағатта жеткеріп...
Қөңіл тыншу кеше кештен басталған...
Көңілділер - үйдегі екеу жалғыз-ақ;
Ел жатса да ол үй шамы жанды ұзақ:
- Қос басында жайнап жүр,- деп,-
Жадыра
«Алдаушылар» амалсыздан жарды жақ...
Достар жаны катқан қайыс, қасан ба,
Шындықты
олар жасыра алмақ қашанға?..
Суық хабар жүрегімді шошытса,
Шошыды-ау деп, жүрегімнен қашам ба?..
Ел күйзелді, ел-жүрт кеше мықты еді,
«Есіттірмек неткен ауыр жүк?!»-деді.
Ертеңгісін екі бірдей ғарыптан
Ақыры жұрт
ақиқатты бүкпеді.
Қос мүгедек жоққа
жорып жалғызды,
Қу жандарын дерт отына жанғызды.
Қу құдайдан
енді екеуі сұранды
Құшақтасып
құлап өлер жар-құзды.
Қу жандарын дерт отына жанғызды,
Жақсы
күнде жалмадық деп жалғызды,
-        Жадыра тірі,
сүйінші бер!-дегенде,
Қуанғаннан соған жүрек жарғызды.
«Емханада енді қалай
азарсың?..-                            
Ол есіктен кіре алмапты ажал сұм...
Ендігі дерт қос мүгедек алдында
Көздің жасын көп алмасын, аз алсын!»
Қыз осыған бекінді де, төсекте,
Өксігенін қоя
қойды кос өкпе.
Арғы есіктен зарлап кірді ата-ана,                      
Жан тірлігі дәтке қуат десек те.
-        Аһ!-деді де,
аузын басты зорлана,
Аяқ  жаққа көзі түскен сорлы ана.                               
Қаранғыны қармай келген Есекең
Күрт кетсе, ендігі олжа сол ғана.
«Жарығым-ау, жолыңа бас тігем» деп,
Сарнағаннан жоқ қой әсте түк өнбек,-
Есен отыр екі қолмен тынымсыз
Бақытының бар тұлғасын
түгендеп:
«Беу, табиғат, мендей көзсіз пақырың
Қалмасын да жарық күннен мақұрым!...»-
Жатқан қыздың беті-қолын сипалап,
Қайран әке күбірлейді ақырын:
- Өз орнында жазық маңдай, қос шырақ,
Қолдарың сау, басың бүтін, жас құрақ...
Сындай
сыртың, шоқтай ішің түп-түгел,
Қай жеріңде дертім удан ащырақ?..
Баз қалпында баяғы әсем тізелер.
(Сау мүшені санап-санап тізе бер...)
Е... бір аяқ, басы кеткен тобықтан...
Сор сол-ақ па?.. «Тобықтаяр, түзелер!..»
Қайғы емес бұл, қаңтарылып тоқталар;
Тайғанақ бұл, талай асыл тап болар.
Жер бедері бұған
бола өзгермес,-
Бұрынғыша
табаныңда тапталар.
Бұған бола жұрт көзі де жұтамас...
Көздің
алдын ұтылмай бас, ұта бас.
Махаббат -ол бүтін аяқ құлы едрес,               
Сен болмасаң, оның оты тұтамас!..
Біреу саған: «бір аяғың,- десе,- кем»,
Сұра
өзінен, кем туғаны несі екен?..-
Осыны айтып, қолды бір-ақ сілтеді
Нар төзімді, ер тұлғалы Есекең.
...Күндер озды... Ескі жара еттенді;
Зар қақсатқан ауру түндер өтті енді.
Беу, Жадыра-ай... «сен жазылдың,
үйге қайт»,-
Деушілерге айта алсаң ғой өкпеңді!..
Айта алмайсың. Төзесің де, тынасың,
Тас қып бітеп көз жасының тумасын...
Қайғыны да біреу байқап қалар деп,                 
Қекірегіңнің көмбесіне тығасың.
Дәл қайталап дариядағы тасқынды.
Тек намысың жұрт
көзінше асқынды.
Құнар-дәмге
құнықтырмай сол намыс,
Сол намысты жаның нәрлі ас қылды.
Бір күні жұрт
күтіп отыр үйің деп,
Қоршады да, қолқа салды... киін деп...
Ішкі серттен хабарсыздар алдында
Қиын екен қыза сөйлеп күйінбек.
Әдеп бұзбақ
жұрттың бетін жасқаса,
Жадыра салқын сауал айтты басқаша:
-        Жең бе, деді ол,- қыз ендігі сапарын
Бір аяқ пен бір таяқтап бастаса?..
-        Жөн бе,- деді
ол,- бақыт содан артпаса,
Жалғыз аяқ табалдырық аттаса?..
Елдің биік емес пе еді намысы
Барғанда да аламанға ат қоса?
Сұлулықтың
бас бәйгесін неліктен
Аяйсыңдар
еш кінәсіз еліктен,
Періштеден?.. Мен осынау дүниеге
Сол үғымнан сорлымын деп келіп пе ем?..
Алматыға ұшырыңдар, ағайын;
Мейріміңнен мен бір шырақ жағайын!..
Сол шырақпен іздейін де,
жоғалтқан
Тобығымды өзім тауып бағайын!..
Келер күннің кемтар
жанға қолпашын
Көрем бе деп, жер басуға қорқасың...
Ұшам бүгін!..»
Азаматтар құптады
«Қызыл туда» қыздың осы қолқасын.
III
Ғарыш - пәрмен! Ол дұрыс та, теріс те.
Жоқ қой онда хор қызы да, пейіш те.
Барып қонды Алматыға аспаннан
Жедел баққа жерден ұшқан періште...
IV
Бейбітшілік кешесінде: бейбіт күн -
Дәтке қуат, дертке шипа!-дей күттің.
Қайта басар қадамыңды өлшетіп,
Кең жатақта кесте төгіп, дойбы ұттың.
Адам демеп, адам дерттен айығар
Әр сағаттың ұмытылмас айы бар.
Жазда сұлу
жан Алматы қалайша
Жүдеп келген жүрек сырын жай ұғар!?
Есіңде ғой түнгі оттары маздаған
Сол көшеде, адам сиреп аздаған,
Жас баладай қаз түрғаның қайтадан,
Алғашқы адым (құлап қала жаздаған).
Таяқсыз-ақ қос табаннан қозғалдың,
Айғайлап та жіберуге аз қалдың.
Сезіміңе серік етіп сонда сен
Түнгі тыныш тамылжыған жазды алдың.
Қадамдарың - қалтырақ та, тәлтірек...
Жан-жағыңнан қолын созды тал, терек...
Ганыс сырлы табиғатқа сүйенбей,
Бет-албатты белден бассақ, тантыр ек...
Әр қимылдың мәнін қайта ұғындың.
Бұрынғыдан
анығырақ бүгінгің;
Жапырақты сипау үшін ұзардың,
Жұпар
гүлді искеу үшін бүгілдің.
Газондардың түнгі шалғын шөбіне
Жұлдыздардың
сирегі не, көбі не,
Сенше ғана жарыққұмар жас сабақ,
Тал-тал күйі талпынады көгіне...
Әр сабақты аяғынан тік ұстап,
Әр сабақта бір-бір арман тыныстап,
Сенше ғана заңын берік сақтайды
Түні бойы тылсым ойда тыныш бақ.                                    
Сабақ сынса салмағынан зерігіп,
Соның сол бір тасырлығын жер ұғып,
Жатқан бойда жаншытады табанға;
Илетеді ет- сүйексіз тері қып.
Сенімсіздік кімді кімге аятқан,-
Тек армансыз күндер жүгін ай артқан...
Қанша дауыл, қанша бүршақ үрса да
Тірлік заңы -тіке тұрмақ аяқтан.
Тірлік нәрі күдіктенбей адымдап
Көрген жолдан, жүрген жолдан алынбақ.
Сүрінсең де көгі көшеден өттін сен,
Екі жақтан еріп жүрді қалың ,бақ.
Астанада терек, қайың сенімен
Апта бойы құрды
солай серуен.
Қайта түлеп қайтар болдың ауылға,
Сырлы түннің сылтып басқан серігі ең.
Қалсын артта көп сүрінген жол қалса...
Жақсылығын аямаған жан қанша?!
Ақауың не, ыстығы мол ықылас
Аяғыңа аяқ болып жалғанса?!
Ақауың не, артта қиын жол қалса,
Жас өмірге жарқын тарау жалғанса?!
Сені сыйлар есуастан өзгелер,
Жаққан отың ең соңғы рет жанғанша!..
Өзің үшін жаралған жан бастан-ақ
Сені сүйер өзгелерден басқарақ.
Жас дәуреннің мәртебесін биіктет,
Жас дәуренге адам кезі ашқарақ...
Алматыда апа, құрбы,
дос үні
Құлағыңа құйды қанша осыны.
Қарызың бұл...
Қарызыңды қайтарсаң,                      
Өмір бойы өзіңдікі өсімі...