ВЕРНУТЬСЯ

          -Жалынды
жалау кімдікі?

-Тұрағы
тарғыл тас қия,

Арбаңдаған
Азия -

Жалындай жалау соныкі,

Ендеше, қазақ, сенікі!

-Қызыл шоқ жалау кімдікі?

-Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-

Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,

Қызыл шоқ жалау соныкі,

Ендеше, қазақ, сенікі!

-Қызыл шоқ жалау кімдікі?

-Кім де
кім шикі қан жұтса,

Қан аңсап жүріп шаң жұтса -

Қызыл қан жалау соныкі,

Ендеше, қазақ,
сенікі!

-Қанды жас
жалау кімдікі?

-Кімнің ұлы құл болса,

Тұлымдысы тұл болса -

Қанды жас жалау соныкі,

Ендеше, қазақ,
сенікі!

-Өртенген жалау кімдікі?

-Кім
өртенген гүлдемей,

Кім таланған, кім кедей -

Өртенген жалау соныкі,

Ендеше, қазақ,
сенікі!

-Азаттық жалау
кімдікі?

-Көре алмаса кім теңдік,

Тепкі көрсе кім кемдік -

Азаттық жалау соныкі,

Ендеше, қазақ, сенікі!