ВЕРНУТЬСЯ

          Лүпілдей соқты жас жүрек,

еркелеп назбен қарадым.

"Поезда-ақ хатты жазшы?!" - деп,

елжірей қалды жанарың.

Сезімтал жүрек, жас жаным -

бәрі де сен деп талпынды.

Білдірер аяқ басқаның

абыржып тұрған қалпыңды.

Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,

теңіздей жүрек толқыды.

Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,

мұңая қарап ол тұрды.

Сөйткенше қолдар бұлғанды,

молдіреп көздер соңғы рет.

Айтылмай талай сыр қалды,

қимастық сезім толды кеп...

1959