ВЕРНУТЬСЯ

Махаббатпен неге ылғи бірге мұң,Тоғысыады жолдар неге, білмедім.Өмір бойы көлеңкедей көлбеңдеп,Кетуге мазамды тек жүр ме едің!? Қандай күйден жарқыраған жанарың,Неге соған келеді ылғи қарағым?Неге сонда кірпігімнен қорған сап,Қиғым келджі балғын сезім сабағын? Бір жұмбақ сыр көкіректерде көктеді,Шарпығандай жастық шақтың от лебі.Неге бірақ сырт айналдық екеуміз,Жүректердің қуанышы көп пе еді...                      ***Үмітімнің аяғын тұсадым ба-Айналдырып шаттықты құса-мұңға.Көңіліме орнатып шөл аптабын,Тек сағыныш қалдырып құшағымда. Тынышымды кетірдім тек отырып,әр сыбдырға құлағым неге түрік.Неге итерем кеудеңнен, түсінбеймін,Жоқтарыма соңынан сене тұрып. Өткінші деп қараймын бәріне де,Мәңгіліктің сезбестен мәні неде.Менің күткен бақытым кетті ме өтіп,Ертеңде әлде одан әріде ме. Сенбісің ол,Білмеймін алыс па әлі,Бәрі бөтен сияқты, таныс бәрі.Көп көлеңке ербеңдеп мазамды алды,Арманмын деп мен күткен ғарыштағы...        ***Үзбе, жаным,Үзбе еш менен күдер,Сен ғанасың іздерім,Шақырарым.Шаттықпенен суар да демеп жіберСолғын тартқан жанымның жапырағын. Күдеріңді үзсең сен, қиын халім,Үйлеспейді ешқандай сән басыма.Қуаныш боп келдағы,Құйыл, жаным,Көңілімнің ортайған арнасына. Айыбы бола ма екен мұның тегі,Сезінемін ып-ыстық тілек табын.Қурап қалған үмітті тірілтедіБілгенім сенде өзімдік жүрек барын.              ***Сүйікті жүзің елестеп,Елеңдеп қалсам әркімге-Бәрі де өзің емес боп,Сағына түстім бәлкім мен. Ұмытқым тағы келіп мен,Өршіді ойда таласым.Күн өткен сайын неліктенЫстық боп тіпті барасың!? Қиял да, ой да, арман да-Өзің боп елес тізбегім,Өзіммен өзім қалғандаӨзімнен сені іздедім. Отырып ылғи бал ашам,Мақсатсыз түзхге құр лағып.Өңімде теріс қарасам,Түсіме ендің ұрланып...                            ***Жүрегімде гүл жапырақ дірілдейді демменен,Ырғағына қалып мен де бірге тербелем.Жақұт құшқан жанарыңның жарқылдаған сәттерінЕлестетіп: «Жаным!» - деймінЖеткізер деп желге мен. Жан дүниеге Күннің аппақ сәулесіндей құйып нұр,Тіл үйірер тәтті шырын көкірегімде ұйып тұр.Кетіп тұрған сияқтанып мені алдымда асығаТабысам деп өзім күткен көптен аңсап биік бір. Кездесер ау бір қуаныш...Кездесер ау бүгін анқ,Шығармын мен қарсы алдынан...Шығармын мен гүлді ап.Елегізген көңілімнің әуеніне елжіреп:«Келші, күткен бақыттарым, келші,» - деймін сыбырлап...                 ***Күндей күліп шықтың сен...Таң боп атып тұрдың сен...Кешір мені-Күттірсем,Қуана алмай, құр күлсем. Дүр сілкініп түлепсің-Шексіздей ғой шаттығың.Мен де сенің тілекшің-Басылмасын аптығың. Сүю деген адамғаСондай ғажап бұйым ба ең!?Қанат бітті маған даСенің дархан күйіңнен. Шын-ақ қазір таптың баСезіміңнің оттығын!?Мұң қақпағын жаптың да,Нұр сәулесін төкті Күн. Ә!? Не дейсің!?Үндеме!Ұқтым бәрін көзіңнен.Жүрек деген түрмедеОянды сыр көз ілген. Менің де шат кезім-Күн,Қуанышпыз, әзілміз.Құдіретті сезімніңТұтқынымыз қазір біз...                     ***Ақ төсекке күндіз-түні арқандалып,Дәрігердің жүзіне жаутаң қағып-Сағат тілін шығарып салдық біраз,Келе алмадың, сен, бүгін қалқам неғып?! Ақ төсектен күндіз-түні ұзай алмай,Кейде шыдай, кей кейде шыдай алмай-Азабымен аурудың алыстым мен,Жөніңді де еш жақтан сұрай алмай. Қар жауды жапақ-жапақ далада аппақ,Ал менің көңілімде қара батпақ.Ой қиял жүре алмады аяқ алып,Кім маған жан сарайды аралатпақ!? Сен келсең ерер едім жетегіне,Аяндап арман таудың етегіне.Осылай қайран күндер қайырылмастанКүттіре...Өкіндіре кетеді де...                ***Сағынып жүрек сыздатсаҚуалап өзге бар күйді-Кездескен шақта жүзді отшаСамала сезім шарпиды. Шапқылап жетсе бір хабарОятып алау жалындыЖүгірер ыстық жылғаларҚуалап тамыр-тамырды. Қуаныш жуған жүректіңДемінен өрген жақұтты ойСағыныш деген ұлы екпінЖаныңды өпсе бақыт қой... Сағыныш, шаттық алмасып,Жаныңның шөлі қанбаса,Көңілді жатса қар басып,Қызықтың бәрі далбаса...                   ***Жүзіңді бір кіреуке мұң шалыптыІштегі көлеңкеден хабар беріп.Көктемнің ерке желі тұрса  мықтыБәрі де кетер еді-ау жанарда еріп. Қуылмай қалды ма екен көңіл кірі,Жүр әлде белгісіз бір күдік мүжіп.Кір болса жуып әкет, өмір нұры,Қуаныш жет есікті бұзып кіріп. Тұр мүмкін алда бізді бір бақ күтіп,Кейбірде пәс көңіл  боп жасығанмен.Мұңайған сәттеріңді қымбат тұтып,Шаттанған сәттеріңе асығам мен...                      ***Жүрегімді ауырттың неге менің,Жарқылдай келгенде әлде елемедім.Қалағаным бір ғана сен едің ғой,Не дейін мен,Не десем сенер едің!? Жанарымнан салқындық таныдың ба,Таба еттің өкпе атты тар ұғымға.Жүрегімді ауырттың неге менің,Жалған ұшқын болды ма жалынымда!? Салмағымен жаныша салғырт ығыпӨткен сәттер соңында қалдым тынып.Кеттің бе әлде ып-ыстық жүрегіңменЖүрмін бе деп самарқау жанға ынтығып. Біле алмадым,Не кеттің көңіліңде,Белгілі қапамның бұд жөні кімге?Сыздайды әйтеуір бір ауыр сезімЖүрегімнің кішкентай бөлігінде.         ***Дала күңгірт,Үй іші одан да өткен,Мен де сондай көңілсіз болам деп пе ем!?Қашан менің жанымда жаз шығады,Қашан келіп жаныма қонар көктем!? Дала күңгірт,Көңіл де күңгірт бүгін,Әлі біткен жоқтай-ау жым-жырт түнім.Қашан маған шаттық нұр әкеледі,Қашан маған келеді бір құтты күн...            ***Күтемін бір күндіКүтемін үмітпен,Көңілге шұғылалы қуаныш іріккен.Ол мүмкін келеді сәулелі таңдармен,Ол мүмкін келеді жаңбырлы бұлтпен. Гүліндей құлпырған райхан бағымның,Күтемін сол күнді,Сол күнді сағындым.Бар мұңнан жандағы арылғым келеді,Жылдармен тотыққан бар мұңнан арылғым...          ***...Самал соқты.Жан сарайды желпіді.Қызыл шапақ нұрға малды пердесін.Бақыт қысқан жүрегімнің ентігіҚағып қалды сал сезімнің делбесін. Сол бір мезет шыландық та шаттыққа,Тәтті тұман ой-сананы торлады.Сен екеуміз жанға сусын таптық та,Қоршап алды ұлы ләззат орманы. Кенелгендей ыстық шалқар пейілге,Салқындықтың сөгілген-ді көбесі.Әлем бізден қалып еді кейінде,Уақыт бізге емес еді төреші. Ғайып болды бәрі...Бәрі кенеттен.Сылып алған шаттығымды не менің?!Қуаныштың түйнектері сен еккенҚайда кетті?!Қайда кетті, білмедім. Ыстық күйлер орынына мұз қатып,Көкіректе толас тапты бар дүбір.Жүрегімді әлсін-әлсін сыздатып,Жан дүнием қуыс болып қалды бір...                         ***«Қайырлы күн!» -дедің сен күліп тұрып,Дедің де кеттің бәрін ұмыттырып.Кеудеңде тдірілдеген ыстық күйдіДемің де жанарың да тұр ұқтырып. Ұшқалақ күйін жүрек кешір деді,Түйіннің бұл мендегі шешілгені.Қырандай қиядағы, асыл құсым,Қинадың үнсіздікпен несін мені...                       ***Жымисаң жанарыңда Күн күледі,Қабаққа таң шапағы іркіледі.Бүгін түн, жасырмастан айтшы, жаным,Жаныңның түкпірінде кім түнеді!? Күлсең сен шашыратып тап шапағын,Таң болып мен де саған қарсы атамын.Ұзақ түн,Жасырмастан айтшы, жаным,Кім сенің қиялыңды шаршатарың!?                  ***Көңілімде дүдәмал бар,Күмән бар,Күңгірт тартты кеудемдегі нұр аңғар.Не өзгерді бұл әлемде мен үшін-Жүрегімнен сұраңдар. Көңілімде шаттығым бар,Бір ән бар,Мойымаймын-Ұрысыңдар, сынаңдар.Не өзгерді бұл әлемде мен үшін-Жүрегімнен сұраңдар. Бір татқызып ащы менен тәттіні,Алабұртып,Басталмастан аптығыМенің мүлде ойыншық қып алды-ауЖүрегімнің мұңы менен шаттығы...                        ***Бір өкініш сыздатып жан жүректі,Ыстық бір сезімімді жаңбыр етті.Осы рет ұмыт қылар бәрін-бәрінАңсадым тап-таза бір таңғы лепті. Бір өкініш жайлап ап тыншытпады,Ой салады, қинайды шымшып тағы.Білемін...Білемін мен бұл-ЖүректеАяулы бір сезімнің тұншыққаны. Дір еткенде жүректің құрыш қылыЖойылған-ды сонымен тыныштығы.Тұтады да қайтса лез сөніп кеттіЖалт еткен сал сезімнің бір ұшқыны. Сол еді ойға қамап, мазалаған,Артық па жалғыздықтың азабы одан!?Қасиетті сезімді тәрік етіп,Қол көтерсе, шынымен, таза ма адам!? Ендеше жүрек қайда талпынады,Нені аңсап,Неге бола шарқ ұрады!?Тарқамайды неліктен бір-ақ жолдаТірліктің бұл көңілдің бар құмары!?                                   ***Қай жақта жоғалттым сөзіңнің сыйқырлы тұманын,Қай тұста қалдырдым көзімнің сәулелі шырағын.Құйылып кетті екен қандай жат арнағаСен келсең бойымды билейтін бір ағын. Сен емес бұл күнде, соларды іздеймін, сағынам,Күндерім қайда деп кенелген шаттыққа, жарыған.Сен келдің тағы да,Айттың сол баяғы сыр толы сөздерді,Мен тұрдым жүрегім салар ма екен деп тағы да ән. Қымбатсың,Ыстық әлі сол бұрынғы қалпында,Деймін мен өзіме: «Қуаншы! Шаттаншы! Жарқылда!»Бірақ та селт етпей сабырмен қарадым мен саған,Тұрғандай: «Жетер!» деп сеспенен біреу дәл артымда.                     ***Діріл қаққан сезімнің жапырағыТереңінде жүректің жатыр, әні.Мүмкін емес сияқты көрінеді-ауБір күні оның тозып, қақырары. Көк жүзінен көз тартса  толысқан Ай,Айдын көлмен қуана тоғысты арай.Көңіл шіркін сүйіне өрекпігенБасылмайтын сияқты-ау соны ұстамай. Таяса да кей шақта өтіне тым,Шарпымайды-ау сезімнің оты бетін.Суынарын көңілдің сезбеп едікСұлулықтан сабынша көпіретін.           ***Сенімен шат,Тек сенімен бірге едім,Қайдасың сен, не ойлайсың, білмедім.Жүректі де жылытатын бүгіндеТек сен ғана шырай берген күндерім...Тек сен ғана шырай берген түндерім... Қуансам да  асып-тасып арнамнан,Мендегі күй адатұғын жалғаннан.Өмір бойы жоқ іздеген көңілдіңҚалағаны сен бе екен деп қарманғам. Шынымен-ақ самал болсаң ығар мұңДеген едім,Қуантпады құмар күн.Кім біледі көзді жұмып бәрінеӨзімді өзім алдаған да шығармын. Иә, өмір, шаттығыңмен бірге әурең,Түнің тыныш болса, өткен күн даумен.Еш алаңсыз...Еш алаңсыз күй кешіп,Алданған да шығар мүмкін бір дәурен...                         ***Бірінің жайын біреуі мүлде кеш ұғыпҚалады екен жүректер кейде кешігіп.«бір күндер қымбат болған бір осы бейненіМүлде ұмыт енді!Көңіліңнен жой!Кес үміт!» Ішімнен атой салады біреу өңшетеп,Жалынып тұрмын басқа ғой, ол емес деп.Ашу мен ақыл белдескен осы сәттердеКетеді өткен аяулы сәттер елестеп. Міне, біз тұрмыз-Өзеннің бойы, жарқабақ.Сүйкімді назбен әзілді бүтін жаңқалап.Сүт көңілдерге бақыттан құйып бал шырын,Қуаныш, ләззат біткенді бүкіл арқалап. Міне, біз жүрміз өзенді үнсіз жағалап,Гүл тұнып тұрар, құлпырып тұрар бар алап.Келеміз бізді опасыз деген көктайғақТалдырмасын деп сезімдерімізді тағалап.Біз күлген шақта бұлақтар сылдыр қағатын,Қырда таң атып,Бүршігін гүлдер жаратын.Шаттықтың жасы жанарды сулап кетсе егерДүниеден бүкіл нұр болып тамшы таматын. Ол кезде солай боп біздің жанымызГүл күреп жүрдік,Күлкімен жүрдік бәріміз.Ұялар деген ойда да болдай бір сәткеКөңілге келіп қара бұлт пенен кәрі күз. Ендігім, міне, қалдырмай соның бірін де,Отырмын тастап жүректі мүлде тілімдеп.Кешегі шаттық өкініш болып жаралап,Гүл атқан көңіл айналып кетті іріңге.Мен үшін барлық қалғандай қызық таусылып,Тек қана сыртқа шығатын көңіл даусы нық.Сондағы мынау құлпырып тұрар дүниеБүгін ол емес-Өзен де баяу, тау сұлық. Дүниеден мынау өзгеше сырлы тарап үн,Биіктен тұңғыш махаббат жаққа қарадым.Ол болса сонау ағыста қалт-құлт сырғанап,Сәт сайын менен алыстай ағып барады...