ВЕРНУТЬСЯ

(Әлішер
Науаидан)

Айдай аруақ сенімді кетті таптап амал қанша,

Байқұс сенім
жүрегімнен енді пана табар қанша.

Сенген жаным
серттен тайып сергелдеңге салып кетсе,

Аманымда
арылайын қасіретке қамалғанша.

Мың жапаға
татитұғын бір опаны кім жасаған,

Аңдысумен,
арбасумен жан берісіп, жан алғанша.

Махаббаттан
зауал келсе, түстің өлім зынданына,

Мәсихадан медет
күтпе, қайта туып жаралғанша.

Қайыры жоқ қазынаңа
қайыршының тегешін ал,

Қасиетті кесесіне Жәмшидтің көп қадалғанша.

Қам көңілім, опасыздан құтылғанға қуаныш қыл,

Қабағыңнан қар жауғызып, қан жұтқандай қабарғанша.

Ей, ғазиз жан, қаптап жүрген делқұлыныңмен де бірі,

Ақыл іздеп жырларымнан сарсаң қылма санаңды онша.

Біреуге опа қылған пенде бұл жалғанда көрер болсам,

Соған жанды қияр едім, ар-имансыз саналғанша.

Қу жүрегім опасы жоқ қарабет қып бітті әбден,

Әттең, құртып тынар ма едім ұятымнан тоналғанша.

Тәңіріге сен де құлсың, мүсәпірді мүсіркей біл,

Тәқаппар шах, айналаңды ұйпай бермей тажал жанша.

Қайран, Науаи, тәтті әуенге жаратқаның жарытпады-ау,

Күңіренесің, күйзелесің көзің мәңгі жоғалғанша.