ВЕРНУТЬСЯ

       Мен - табиғат бөбегі,

Еркін жанмын, еркемін;

Аузымда жастық өлеңі,

Еркелеп күйім шертемін.

Жарқ-жұрқ
етіп жүруді

Нажағайдан үйренгем.

Шадыман шат боп күлуді

Күн мен айдан үйренгем.

Тәкаппарлық, ерлікті

Асқар таудан үйренгем;

Мен бір жанмын ерікті

Жарысып желмен жүгірген.

Ашу, қайғы дегенді

Қара бұлттан
үйрендім.

Өз еркімше сілтемей,

Қашан ғана имендім?!

1940.