ВЕРНУТЬСЯ

Жолдас болсаң
арамға,
Бір аяғың аранда!
Беру мақсат - жомартқа,
Алу мақсат -
сараңға!
       Өлерменге -
атарман,
Қағып түсер
қатардан.
Жету мақсат
арманға,
Қайту мақсат
сапардан.
Жолдас болсаң
арамға,
Бір аяғың аранда!
Беру мақсат - жомартқа,
Алу мақсат -
сараңға!
Уақыт, шіркін,
ортайды-ау!
Ұят
біз
ге марқаймау.
Ұл
мақсаты - өсу де,
Қыз мақсаты -
қартаймау!
Түк жетпейді
бірлікке.
Жақсылардан сыр
бүкпе.
Озу мақсат
өнерде,
Қалмау мақсат тірлікте!