ВЕРНУТЬСЯ

- Төңіректе жұрт аяғы басылды,

Түн пердесін ұстап, жерді жасырды.

Босқа тоңып тұрмын әлі қорада,

Терезеңнен түсуге, еркем, бола ма?

Есер жүрек билеп кетіп ойымды,

Төзімнің де тор қамалы жойылды.

Ақ тамақта саяхаттап, ерінім,

Шәй көрпеңе жылытайын бойымды.

- Босқа тоңба, тентегім, түн ішінде,

Үйіңе қайт, мына сөзге түсін де:

Түнде маған келер жалғыз жолың бар,

Ол жол да тек сіздің үйдің ішінде.

                                                    1959.