ВЕРНУТЬСЯ

     Қоқаңдаған әркімнің 
Қорқытпай-ақ құқайы,
Арасында алты ұлдың
Асау өскен Сыпайы.
Жұрт ішінде ырымшыл
Жәдит деген жел тұрып,
Көзін ашқан бірінші
Интеллигент кемпірім.
Сол кемпірдің Өзіндей
Сұлу қызы бар еді.
Сәуле ойнаған көзіңде
Сары алтындай сары еді.
Ерте оянған
санасы
Ел сүйсініп сол
қызға...
Ойлы күйеу баласы
Оқып еді КомВУЗда.
Оған Орал қаласы
Көп үйретті күнінде,
Сондай күйеу баласы
Өлді Брест
түбінде.
Қарақағаз
келтірме
Деп қақсаса кәріміз,
Қаусап тұрған кемпірге
Қарап қалдық
бәріміз.
Жетім менен
жесірді
Жинап содан
жанына,
Ормандай ғып
өсірді
Ортақ қылып
нанына.
Бас имейді ел
текке,
Бәрі соның
еңбегі.
Алғаш рет
мектепке
Апарған да сол
мені.
Түгел еді ұпайым
Сары кемпір
тіріде.
Сабатпайтын
Сыпайы
Сапалақтың біріне.
Күйіп-піскен күндерде
Көтеріліп
ыстығы...
Зырқыратып
"Зингермен"
Отыратын іс
тігіп.
Бәрін кейін ұғындық,
Бастан заман
өткізіп.
Жығылса да ол жығылды
Жақсы күнге жеткізіп.
 Тұяғымды батырып, 
Тарта бердім ілгері.
Тіккен екен
қатырып
Ит жейдемді
"Зингері".