ВЕРНУТЬСЯ

(эллегиялық баллада)
Ай далада екі үйді айқара түрген есігін,
Кештік-ау сол түн не күйді, ересектер кешігіп.
Той ма әлде аза ма - көрші ауылға кеткен-ді,
Ұзынсары күн батып, қытымыр қара кеш келді.
Төңіректе тірі жан көрінбейді, түн жым-жырт,
Кикжиекте қара дөң сең соққандай тұр мүлгіп.
Қутыңдаған Құтаяқ - о да кеткен жиынға,
Оңаша қалдық ұл мен қыз - іс айналды қиынға.
Батыс жақта қыз үйі - уыздай аппақ үзігі,
Шағас жақта ұл үйі - күмбірлеген уығы.
Қыз қарайды іргеден түнерген тұнжыр түз жаққа.
Мен қараймын іргеден абыржыған қыз жаққа.
Ол да отыр қиналып, мен де отырмын ұялып,
Қаусыра түсті қараңғы қара тоны шұбалып.
Қалыңдай түсті қараңғы, көбейді көңіл алаңы,
Жым-жырт түнде сәл сыбыс селт еткізе қалады.
Ауылдың сырты шілік-ті, шығарды шілік бүлікті,
Сол жақтан сыбдыр көбейіп, күшейте түсті күдікті,
Шіліктен әрі сор еді, аумағы да зор еді,
Жайлайды дейтін сол сорды шимұрын - қан қорегі.
Қашады дейтін жылқыдан, сасады дейтін төбетген,
Босады дейтін шимұрын тарықса аңсар қоректен.
Табылмаса қорегі - ауылды торып кезеді
Табыла қалса қорегі - арқаға салып безеді,
Дейтін сөз түссе ойыңа, аяз шапшыр бойыңа,
Түршігіп денең кетеді, мұз тыққандай қойныңа.
Шілік жақта сыбыс көп, басқа жақта дыбыс жоқ,
Отырмыз бір уыс боп, тығыларға қуыс жоқ.
"Қалайсың?" - дейді қиылып,
"Отырмын", - деймін, - бүйығып".
Барады жүрек жиі ұрып, барады сабыр сүйылып.
"Бері кел", - дейді қысылып,
"Жарайды", - деймін түсініп,
Түндігін үйдің түсіріп, зәремді түн ұшырып,
Есігін зорға тапқаным, ентігіп әзер аттадым,
Босағадан аспадым, төрге қарай баспадым.
Түрінің көріп аппағын, сұсының көріп қашқанын,
Немене болып қалды деп, қаралай әбден сасқаным,
Жалма-жан оған ұмтылдым, "жолама" деп жұлқынды.
Тежеп тентек құлқынды, кеуде тұсым бұлқынды,
Томпайтып алып ұртымды, бере алмай қызға сыртымды,
Томсырайып мен тұрмын, тымсырайып ол тұрды.
Сырттағы сыбдыр көбейді, көз шарасы кеңейді,
"Қорқамын", - дейтін қыз шіркін "қасыма кел" демейді.
Құлақтың түбі күңгірлеп, барады дүние дүбірлеп,
Бірдеңе деймін міңгірлеп, бас шайқады ол дірілдеп.
"Қорықпа" деймін ұмсыпып, "жоқ-жоқ" дейді ол қымсынып,
Екеуміз дір-дір етеміз, кеткендей боп ұшынып.
Молайды сыртгың дүсірі, зәрені әбден ұшырды,
Шыр айналып шимұрын үй торып жүрген сықылды.
Дүңк-дүңк етіп барады, дүсірі құлақ жарады,-
Діңк-діңк етіп сұмпайы келмесе кіріп жарады.
Қыздың қашты тағаты, шама жоқ кірпік қағатын,
Жас шылап көз шарасын, жыламсырап қарасын...
Жүгіріп келіп тағы да, бауырыма сұғынды,
Үрей мен бақыт бір тап боп, сандалтты сана-ұғымды.
Құрып кеткір шимұрын үй торып солай жүрсе екен,
Қалш-қалш еткен қалқатай құшаққа әбден кірсе екен.
Атпай-ақ қойсын таңы да, шықпай-ақ қойсын күні де,
Тұрса болды осылай өң мен түстей дүние.
Жүрек дүрсіл қағып тұр, құлақ бітіп қалыпты,
Әзер-әзер естідік сырттан шыққан дауысты.
Қалып едік жабысып, қойып едік табысып,
Ажыратып жіберді-ау әңгірлей шыққан таныс үн.
Кәукілдеді үлкендер, әупілдеді Құтаяқ, пысқырынды аттар да,
Қалт-құлт еткен тәуекел ала жібін арманның аласұра аттарда,
Төрге қарай ол қашты, мен есікке жармастым,
Сол қапия қара түн өкінішке жалғасты.
Қойсайшы тағдыр бұйрығын, жеңгетай болған шимұрын
Ат дүбірін естіп, зытып берген сор жақка, шолтаңдатып
құйрынып.
Әй, жексұрып шимұрын...
                                                                                                          1998.