ВЕРНУТЬСЯ

      Сәскеде сансыз көкек сұңқылдаған,

Неткен кез дүние балқып күй тыңдаған!

Еркелеп бұйра
бұлақ жатыр аунап

Сүйкімді жас үнімен сыңқылдаған.

Алыста асау өзен күркіреген,

Жер жатыр жалт-жұлт
етіп бір түлеген.

Аспанның өрмегіндей жерге төккен

Бір нәзік жұпар
жаңбыр сіркіреген.

1948.