Алғашқы көрген
қиындық
Жүрекке тас боп
қатқанда,
Қабағым қарс
түйіліп
Үйіме келе
жатқанда,
Жанардан төгіп
жылуын
Айтқаны маған
анамның:
«Қолыңнан келсе,
құлыным,
Мінезін үйрен
далаңның».
Өнеге алып
әншіден,
Өнерді қудым сан
сала.
Жүйрікті төпеп
қамшымен,
Бәйгеге түстім
қаншама.
Тайғанда аттың
табаны
Естіген сөзім
әкемнен:
«Сүйгендер,
балам, даланы
Қорықпас болар
қатерден».
Еркін боп содан
өстім мен,
Оранып жаным
жалынға.
Жасқанар емен
ешкімнен
Сүйенер Далам
барында -
- 90 просмотров