ВЕРНУТЬСЯ

            Сыр бойы, сырға толы ел екенсің,

Ырыстың, ақ күріштің кені екенсің.

Өзінде өткізген күн есімде жүр,

Өлең-жыр, әдебиет мерекесін.

Қазақтың сын-сықағы басталатын,

«Хош келдің, қызым», - деген Асқар
ақын.

Кеше бар, бұл күнде жоқ неткен өмір,

Бір кезде ол да біздей жас болатын.

Бұл Сырда кімдер болған, кімдер қалған,

Өткеннің елестері білгенге арман.

Бұл Сырда талай жастың жүрек сырын

Тындаған ұмытылмас күндер болған.

Далада туған талай заты алыптар,

(Кең дала, сен соларцдан ат алып қал!)

Бұл күнде келеді өсіп Сыр бойыңца

Кетпенмен атын жазған Жақаевтар.

Сыр бойы, сырға толы ел екенсің,

Ырыстың, ақ күріштің кені екенсің.

Өзінде өткізген күн есімде жүр

Өлең-жыр, әдебиет мерекесін.