ВЕРНУТЬСЯ

          Әйел ол - тіршіліктің бәйтерегі,

Лайықты балғын жырдың қай теңеуі?

Япырмау, Адам ата ұрпақтары

Өмірде сен болмасаң қайтер еді?

Ақпейіл, кендігіңе бас ұрамын,

Өлшеусіз еңбегіңці жасырар кім.

Өр кеуде, бөрік киген жігітті де

Сен алғаш ақ сүтіңмен асырадың.

Соларда бүл шындықты құптайтын бар.

Соларда көңіліңнен шықпайтын бар.

Еркектің жасықтарын әйел дейді-ау,

Әйелдің қасиетін ұқпайтындар.