Бүлдірген беті бөбектің
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзі сақ-сақ күледі
Сылдырмақтай сылдырлап.
Тоқтап, тыңдап
тұрад та,
Сөйлеп қояд былдырлап.
Секіріп-секіріп түседі
Шұнаңдаған
құлдыр лақ.
Атасы қарқ-қарқ күледі:
«Құр,
құлыным, құр-құрлап».
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты
сыйдырмақ.
Ең болмаса, «байқаусыз»
Басып кетіп, сындырмақ.
- 535 просмотров