ВЕРНУТЬСЯ

    Төгіл, шуақ!

Даланың көркін құрап,

Желмен ойнап желбіре,

желпін, құрақ!

Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп

Жүгіріңдер, еркін жел,

еркін бұлақ!

Суы - сылқым даланың,

бұлты - сылаң,

Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!

Құстар
әнін тыңдатып

үй тұсынан,

Алма бақтар оянсын ұйқысынан!

Таңның нұры!

Ай жүзін жасырасың.

Төгіл!

Жарық үміттер жасымасын.

Ақ сәуледен тәж киіп басына шың,

Алтын шапақ далаға
шашырасын!

Қуансын деп жарыққа қарап бәрі,

Асығады таң нұрын
таратқалы.

Қандай бақыт - далада бидай толқып,

Тыныштықпен Еліңнің таңы атқаны!

Адамдарды таңдантып, мәңгі ойлантып,

Ұшқан құстай
зулайды, самғайды уақыт.

Мына шексіз ғаламда

Өз далаң
мен

Өз Отаның
болғаны қандай бақыт!

Таң
келеді.

Бойында қанша нұр бар!

Өз Еліңдей ел болмас жер шарында.

Отандастар!

Отанның
жаңа таңын

Ерте оянып, қуанып қарсы алыңдар!