ВЕРНУТЬСЯ

Алағай да былағай,
Айналайын дүние - ай!
Адам неткен қомағай
Тіршіліктің сиына - ай!
Адам неткен нысапсыз
Қызығына тірліктің,?!
Ірі бар ма ұсақсыз?!
Ұсаққа бола дүрліктім.
Дүрліктім де, тапсындым
Шап берердей тәңірге.
Шап бердім де, шарт сындым,
Әлім жетпей өмірге.
Өмір неге тоқтасын,
Әуресіне бола пенденің?!
Пенделіктен тәңір сақтасын,
Жеңілгенім - жеңгенім...
                                            1985.